Тоқал деген киелі сөз

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 0

Тоқал десе кемістік пе неге арланған,

Тоқалдан тумадым деп кім мақтанған?

Надандық сөз астарын ұға алмаған,

Естілер ғана терең сырын аңғара алған.

Тоқалдан талай дана туылған,

Шыңғысхан баба анасы тоқал болған.

Жарықшақтай атаң туып тоқалдан да,

Қанша рулы елге тектілік ізін салған.

Ысмайыл Ыбырайымның бел баласы,

Қалдырған пайғамбарлық сөз данасы.

Анасы Ажар да тоқал болып,

Тәрбиелеп өсіргенді халықтың бұл анасы.

Менің де анам әкеме тоқал болған,

Жариялап мұны жұртқа мақтана алам.

Ал енді «Тоқ» пен «Ал»-ды бөліп қарап,

Зерттеңдер сөзді деген аят үкімін орындасам.

«Тоқ» текті ердің болмақшы ұрық суы,

Тақымы қатынның толатын сумен, әурет ізі.

Тақымы толса сумен, рух егін бітік болып,

Қанында шарабы мол болмақ, қанық күйі.

Тоқ деген сөз қуаты  ер білген ілім, білімнен,

Қырыққа толмай еркек ұрық суы жетілмеген.

Ер жасына жетіп есті ерге тоқал болып,

Жанына ілімді діл қылып жаза білген.

Пайғамбардан қалған бұл құпия сырды,

Тумағанмен аналар құранды ала білді.

Пайғамбардың жұбайларынан жалғанумен,

Арап елі іздесе тегін, иманы тез жетілді.

Даналық жан сыры қазақта дәстүр болған,

Жесірін қанын сақтап басын бос қоймаған.

Текті ерге қызын тоқалдыққа тегін беріп,

Тектілікті сақтау ұлттың міндет болған.

Тоқпақ мықты болса қазық жерге енген,

Киіз қазық аяқ арасы нәзіктің нұры деген.

«Пақ» деген арай жап, әурет сызығы деп,

Сүйір болса, текті қызды бөлек күткен.

Қазақта бүгінгідей арсыздық болмағанды,

Қандайда қаны таза нәзік тоқал бола алғанды.

Бәйбіше еріне жастай қосылғасын,

Ұрпағында қара қуаты мол болады.

Жас  ерде жын-мал қуаты зор болады,

Қырықтан аса тазарып кісілікке айналады.

Мұндай ерден туылған ұрпақ дана болып,

Қаны таза жас қатын ғана туа алады.

Жас  кезде білімді сүйекке өтіп тасқа жазған,

Орта жаста ет тазарып, құмға жазған.

Ал қырықтан асып ақылы етке толып,

Ілім, білім қанға өтіп суға жазған.

Жастықпен ақыл толмай  тоқал алған,

Көбіктен шайтан — жын  мүйіз болған.

Жас қатынның ар-ұяты әлсіз, ділі болмаса,

Аздырып ерді, санасын жауып, әлек салған.

Тоқалдан тумадым деген сөз астарлы,

Жын қуатым мол деп батыр мақтанады.

Қаны таза жас әйел тақуа тоқал болса,

Дана болар билерді де туа алады.

Тоқал ешкі мүйізсіз құнарлы сүтті болар,

Мүйізсіз ешкі ұрынбас момын болар.

«Тоқ»-ты алған тоқал мүмін әйел деген,

Тәуекел қылушы құдайына тақуа деген олар.

(қаңтар 2014 жыл)

***   ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.