ТОҚАЛТАНУДЫҢ АТА ЖОЛЫНДАҒЫ ҚАҒИДАСЫ

Бөлім: Бүгінгі әдет, салтымыз ертеңгі тарих, Дәстүрлік ғибраттар 135

Тоқал алу үшін бәйбішенің ұлықсаты керек деген шайтанның әрекеті. Әйелдер өз еркімен бәйбішелікке келісетін болса, онда қанында шайтаны тазарған, жеті жанды ұжданы болғаны. Мұндай әйелді қазіргі таңда кездестіру де өте қиын, мүмкін де емес. Сондықтан бұл тұқымды сақтау, текті нығайтудың, қатынының жандық, қан тектік кемісін толтырудың амалын еркектердің өзі қолға алып аруақтың жәрдемімен атқарса ғана нәтижелі болады.

Еріксіз бәйбішеге айналған үлкен қатын бұл өмірде болмаса ақиретте байына риза болады. Ал ұрпақтары мұны кейін барып түбі әкесінің рухани ерлігі деп қабылдайды. Бірақ мұндай ерлікті атқару қазіргі таңдағы еркектердің де қолынан келуі екі талай. Ол үшін де тақуалықпен жол-жобасына жалғанып Құдайдан хабар алатын дәрежеге жету керек. Мұндай халдык жағдай имам, хазірет, ел билеуші, ақын, жазушыларда да жоқ болса, онда Қазақтың номадтық тегін меңгеру аз ғана еркектердің ісі болып қалады тарихта!

Қазіргі заманның қағидасы бөлек. Дүние байлыққа, атақ, мансапқа қызығып тоқал болатындар жеткілікті де. Енді жас иісті дәреже көріп дүниемен сатып алатындар да бар, көбейе де бермек. Бірақ, мұндай тәсілмен он қатын алсаң да бәйбішеден тараған ұрпақты да тегін түзеп, жан беріп қуаттандыру қиын шаруа. Ал Құдайдың еркімен жоба алып тоқал алудың сынағы да үлкен.

Оған шыдас беретін тақуа еркектер аз қазақта. Қазақта ондай ер азаматтар да жоқ емес. Бірақ әйелдер жағы мүлде дайын емес. Аруақтың айдауымен күйеуге тиетін қыз, қатындардың тәрбиесі де ата жолында ғана. Мұндай қыз, қатындар өздерін еркектерден жоғары санайтын, бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпенін тартып алатын, немесе көп жағдайда шариғатыңды тыңдамайтын; көкбет, ұрысқақ, қаншықтанған жыланға айналғандар болып келеді.

Қазақтың мықты тегі де сондайлардың ішінде және текті ұрпақтарды тууға мүмкіндік те зор. Бірақ Құдайдан қорқуды үйретпей, мұндай әйелмен қандай жүректі еркек бірге тұра алмақ? Ал енді бұларға жол көрсетіп, тәрбиесін үйрете алатын, аруақтардың хабарын бұрмаламай жеткізе білетін ата жолында бар болғаны мұны атқара алатын 47 ғана жоба түскендер оның 9 ғана әзірге құс жолымен жалғана алды. (Желтоқсан 2017 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *