Туыспын мен қазақтың бәріменен,
Тіл, ділім жан, рұқ тегі дәрменімен.
Иманның шарты текпен болмақ туыс,
Жалғануға аятпен үкім берген.
Надандық қазақты жүзге бөлген,
Аруағың ортақ қуат мұны білсең.
Туыстығын қазақтың бөлшектеуге,
Тажалдық және шықты ел биліктен.
Заң шықты туысқанды тіркеу деген,
Отыз күн аспау керек бірге жүрсең.
Туысыңды қудалау жоқ деп алдайды,
Кім сонда туыстықтың шартын білген?
Жеті атасын бүгінде кім бар білген,
Жеті атадан тарайды туыс деген.
Қай атаң қай рудаң қызын алды,
Ел билік анықтай ма мұны сенен?
Исламның туыстығын сақтай білген,
Сұрамай ат жөніңді асын берген.
Туыстан көрші жақын деген де бар,
Ауылдастың тайы озсын иман білсең.
Япырмау мұндай озбыр қайдан келген,
Ел билесе шет елге артын берген.
Артыма қол тыққасын керегі не,
Көтеріп мені атқа мінгізгенен?
Құдайдың ісін мазақ қылған ерен,
Парламентте өңкей тажал отыр екен.
Әлде бұл ел басының тапсырғаны,
Өз халқымен өштесіп ел билеген.
Ата заң дәстүр салтты қорғау деген,
Ел басшысы білімі жоқ мұны білген.
Қазақтың арамы жоқ салты бар ма,
Арсыздықтың басында заңы жүрген!
(Қаңтар 2017 жыл)