Тура жол нанымы

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 95

Дәстүрі қазақ тұрағы,

Бар діннің жанған шырағы.

Қырықтан тиым қызына,

Ғылымы жанның суаты.

Жеті жаның болып қожасы,

Меңгерген кітап мирасы.

Араптар емес туатын,

Жаратқан жаның қожасы.

Төбеден тоғыз енеді,

Рұқтардың болған киесі.

Төртеуін түгел меңгермек,

Төрт жының бастың егесі.

Адамзаттың болған төресі,

Билеген елді бір есті.

Әділеттің туын көтеріп,

Таза аруақ еді киесі.

Соңғы деп төре атады,

Шыңғыстай ер дананы.

Теңдесі енді болмас деп,

Төреден рулы ел тарқады.

Төре, деп барлық ұрпағы,

Ғылымын жанның тастады.

Тәңір қылып өзді-өзін,

Дана боп түгел аталды.

Танымын Бір Алланы,

Адамдық болған сапаны

Төре мен қожа тегінен,

Ажырап жаннан қалғаны.

Құдайдай қылып атаны,

Болмаған Адам баласы,

Адасып жан ғылымнан

Қазағым осылай тастады.

Діншілер алған ортаны,

Тарихын ұлттың тастады.

Әулиесін шыққан ортадан,

Алладан басқа атады.

Бес парыз топтан ортаны,

Масһабын жолға санады.

Ханафи енді құдай деп,

Таза ақыл дінсіз айтқаны.

Алланы бөліп тастады,

Әлемнен бөлек нанғаны.

Ішіңде Мен, маған деп,

Құлшылығын дінші ұқпады.

Меніңнен аруақ шықпағы,

Жаныңа иман қоспағы.

Әрекет қылған іспенен,

Жарықтан тағдыр кітабы.

Аруақ деп қазақ атады,

Бар қуаттың болар тұрағы.

Періште мен кісі аруақтан,

Жаны мен дене болады.

Қанаты қолы жазары,

Заманнан кітап алары.

Аяқтан пырақ бөлініп,

Бір қуатпен көкке шығады.

Бір қуат аруақ болары,

Әскері Алла қолдары.

Басқарған қолды Біз болып,

Әулиер досы жандары.

Аспанда шырақ шамдары,

Адасқан пенде құлдарды,

Көрсетер шығар жолын деп,

Жұлдыздан еніп иманы.

Түсінбей толық құранды,

Діндер көп жерде тарады,

Құраннан қасірет ислам боп,

Наданнан зұлым шығарды.

Адамзаттың наданы,

Сөз түбірін қуады.

Қуатын ойдың шектеумен,

Ақылға қақпан құрады.

Заманның өскен қуаты,

Ғылымнан түсіп суаты.

Ойы мен үні бірге өскен,

Табыңдар деген құпяны.

Жетінің болған тұрағы,

Бір санның көп сырлары,

Бір тәңір, бірлік қуатты,

Меңгермек Адам сипаты.

Құранның тарап кітабы,

Насихат үгіт ғибраты.

Ғылыммен жаны жалғанбай,

Көбейді жындық сипаты.

Меңгермей дінші ұжданды,

Бес парыз деген иманды.

Танымын Алла жүрекпен,

Сопылар ісін тастады.

Дәстүрің ұлт нанымы,

Бір Алла сипат танымы.

Тарихат, мағрипат намазы,

Ақиқатқа есік болады.

Алланың жоқ ортағы,

Ғылымсыз айуан болмағы.

Шариғат базар дүниенің,

Ақиретке азық алары.

Шариғат діннің бұлағы,

Тарихат өскен құрағы.

Өзенмен көлге су барып,

Мағрипат ғылым суаты.

Жиналып көлдер құяды,

Теңізге ақиқат тұрағы.

Теңізден тамшы су алған,

Жолында Алла болады.

(Шілде айы 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *