Көңілдің сыры  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 43

Шешем менің тән еді,

Әкемнен жан енді,

Көңілім деп маған,

Періштелік мән берді.

Бала едім шаттықты,

Іздеген таза ақтықты.

Шешемнен сезім кеп,

Ұмыттым ісін сақтықты.

Жігіт боп мен өстім,

Әкеден жіп кестім.

Тән шешем қамын жеп,

Белсеніп іске кірістім.

Мақтаным, қызығын,

Дүниенің бар қызылын

Іздедім тоқтамай,

Нәпсінің шат қызуын.

Балалықпен қоштасып,

Жүрдім мен достасып.

Түпсіздің соңында,

Тән шешем жақтасып.

Жалаңаш, жалаңбас,

Тән шешем ар қылмас.

Азығым арам ас болып,

Жан әкеммен болдым қас.

Түзелмес мін емес,

Деді әкем қылма егес.

Үнімді тыңдамай,

Боласың деп құр елес.

Білімге болып мас,

Дәстүрмен болдым қас.

Шайтанмен ұялас,

Жүрекке жинап тас.

Қырыққа жас келді,

Тән шешем жасы еді.

Қызуы басылып,

Жан әкеме дес берді.

Жан әке жылаған,

Мені деп тыңдасаң

Желікпе көңіл деп,

Жан-жаққа қарасаң.

Тәндегі көп кейіс,

Ақылға сын теріс.

Сарайды көктегі,

Таба алсаң сол бейіс.

Оң солың қарсаң,

Кітабы тағдырдан.

Артыңда ата-анаң,

Естілік жалғансаң.

Меңгеріп дін ісін,

Білім ал тынысың.

Ақылды ал ағадан,

Орындап жұмысын.

Бейне бол ұжданды,

Мәңгілік Мен жанды.

Көктегі жұлдыздан,

Келтірсең хабарды.

Рұқынан анаңды,

Жеріңнен нұр барды.

Әулие-әмбилер,

Ғылыммен қолдауы.

Құдайлық жобаны,

Көңілін ашқанды.

Тазасын кім тапса,

Дінімен исламды.

Періште балаңды,

Адамның баласы.

Өсірсең адамзат,

Мәңгілік Ол жанды!

(Шілде айы 2016 жыл)

(жалғасы бар)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *