Тылсыммен сырласу

Бөлім: Өмір баспаладақтары-Қ.М. Тарыбаев 123

Қолға алып домбырамды кейде мен,

Ойға шомып тілдесемін тылсымен.

Сырымды ашып бүгінгі күн халыққа,

Қол созайын арғы жаққа, алысқа.

Сырын ашып екі дүние есігін,

Қиялымның тербетейін бесіген.

Сағынышпен жүрегімді кернеген,

Арғы жақтан шәкіртіммен тілдесем.

Ақ жолымда кездестірді өзіңмен,

Бір алладан сәби сұрап тілеп ең.

Шәкірт болып табалдырық басқанда,

Маңдайдағы ай жұлдызды көріп ем.

Үміт артып бір өзіңе Бағдагүл,

«Мыңнан бір ғой» деп өзіңді таңдадым.

Жетеледім түсініксіз дүние ішінде,

Жеткізем деп тілеуіңе, ақ жолымен сенгізе.

От шашқанда от жанрың кей кезде,

Сүйсінумен қарушы едім өзіңе.

Жүрегім бар қан мен еттен жарлаған,

Амал қанша бүгінгі күн сен аруақ, мен пенде.

Сезінемін белгі берген кезіңде,

Көре алмаймын көрінсеңші көзіме.

Түсінемін сен аруақ, мен пенде,

Ортамызда бөліп тұрған бір перде.

Сырын айтшы арғы жақтың бер жаққа,

Жартушы неге бөлді осы екі тармаққа.

Болама екен аруақтың арманы,

Біле ме екен болашақты алдағы.

Қазақ елі шалыгнды ма назарына Алланың,

Болса егер осы жайды қуанышпен толғағың.

Алғысна бөлендің бе Арыстан бабаның?

Көрдің бе сен сұлу жүзін Айша бибі ананың?

Аруқатар бағына ма, бір орталық бір жерге?

Айырмасы бола ма екен күндіз бенен түндерде?

Жасра ма, қартая ма бола ма екен өзгеріс,

Бола ма екен ол жақта да жыл санайтын күнтізбе?

Өтің бе сен шыр айналып кең дүние жер шарын.

Көрдің бе сен шөл даласын, мұхиты мен мөз тауын?

Мүмкін әлде ай, жұлдызға ұшып барған шығарсың?

Болып аруақ пендені көп сынақтармен сынарсың?

Сырластың ба анышыммен кең отырып оңаша,

Не дейді екекн, біліп тұрып бүлдіргенде балаша?

Білдің бе сен балалығым қиындықпен өткенін,

Аруақтар борлшақта үлкен үміт күткенін.

Саулымды осыменен тоқтатайын Бағдагүл,

Аруағыңмен желеп, жебеп біздерді де қолдап жүр.

Көйлек киген, күлімдеген сен де біздей болғансың,

Кебін киіп, төмпешік боп біз де сендей болармыз.

Ана болу арманың еді бір жүрген кездерде,

Аруағыңды қия алмаймын бөтен жанға ешкімге,

Бүгін таңда жеткізейін уәделі арманға,

Анасы боп былдырлаған мына біздің балаларға.

Өзім жайлы не айтайын көріп жүрсің бәрін де,

Бір сүрініп, бір тұрамын, берілемін сезімге.

Жауабы жоқ, сұрағы көп, сынағы мол өмірде,

Қиналғанда қол жаямын тілеу тілеп тәңірге.

Шынымды айтып, сырымды айтып бүгінгі

күн жырлаймын,

Айналамда жақсы адам көп, сынақтарға сынбаймын.

Ақ туымды берік ұстап, алға қарай ұмтылып,

Жалғандықты, қарлақты жер бетінен сызайын.

(1999 жыл. 1-қазан. Тарыбаев Қыдырәлі)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *