ТҮРКІДЕН ДЕЙДІ ҮЛГІ АЛСАҚ

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №6 40

Болғанменен тілдерінде түгелдік,

Түркі елі азындаған нәсілдік.

Төрт ақылы түгел емес түркінің,

Дәстүрінде аз қалды түрік үлгілік.

Дін тазасын таба алмай түркілер,

Ясауиден тәлім алып өстіңдер.

Сендерді кім азғындатқан орыс па?

Сұрауы бар есті адамға дін білер.

Қазақта бар ескіліктің дәстүрі,

Жастарда бар ата тектің нәсілі.

Үлкендер жүр өзі білмей жол бермей,

Жындылықтан көрсетіп жүр үлгіні.

Отырған көп ақпараттық сағада,

Есек болып тойып алған саламға.

Ата жолы дәстүріне қарсы боп,

Надандар жүр жармасумен жағаға.

(қыркүйек 2014 жыл)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *