«Түс түзелемей іс түзелемес»,

Қалғанда мақал данадан.

Туралық жолды нұсқаған,

Ұрпаққа мұра бабадан.

Түс аяны сыр сандық,

Ойланар пенде толғанып.

Шешуі оның кілтінде,

Кеңдігі -ақыл сертінде.

Түс аны-жұмбақ сөз,

Тылсымның үнін жүрек сез.

Көрінбес баба сзін сен,

Ақылға салып ұққың кең.

Түсінде көргенмөлдір су,

Тазалық таңба белгісі.

Шатаспай пенде келесің,

Тылсымнанбаба жетегі.

Лай су болса көргенің,

Шатасып пенде жүргенің.

Аяның болар жетекші,

Тазалық жолын іздегің.

Биікте жүрсең аянда,

Алға ұмтыл пенде оян да.

Қолдауы болар бабаның,

Байыпта жүктің салмағын.

Қолыңнан келер іс босын,

Көңілге сенім, күш толсын.

Ақыл мен арың жарассын,

Сөз бен ісің жалғасын.

Арпалыс көрсең түсіңде,

Шешуін шешкін түсінде.

Ниетті салған ақтыққа,

Жеткізер «ақтық» шаттыққа.

Бабалар салар байлауға,

Надандық басса, ой-сана.

Ит, жылан, мысық қаралық,

Назына баба қалмайық.

Жақсыға түсті жориық,

Жетегін тылсым тұңғиық.

Білмесек білгіш болмайық,

Білгенен ақыл сұрайық.

(Қыдырәлі Тарыбаев Ақпан. 2001 жыл)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *