Түтінің түзу ұшсын десең

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №3 59

Қамысты қанша жақсаң шоғы болмас,

Етексіз қатын табанында кие болмас.

Қойны салқын, төсекке қырау тұрып,

Қазығы ондай қатын ыссыз болмас.

Жаулықсыз қатында иман тұрмас,

Шайтаны еріп жүрер артынан лас.

Өзім білем, өзімшіл көреалмас боп

Секемшіл боп атарға оғы болмас.

Арзан күлкі даңғазаға үйір болар,

Сыртқа жақсы мақтанға құмар болар.

Ұятсыз, арсыз қатын надан болып,

Адамдыққа шақырсаң тырнап алар.

***  ***

Аспанда ай бірдей ме жұлдызбенен,

Кенептің нарқы бір ме құндызбенен.

Арсыз бен арлы қыздың бағаларын,

Байқалар сөз парқынан сіз-бізбенен.

Жолдас болмас тұйғын мен ала қарға,

Жар таңдасаң ұяты мен ары барға қара.

Беті сұлу, сырты түзу қыз болғанмен

Ұяла білмегеннің көңілі болады ала-құла.

Қырық үйі, берік болмай ірге тасы,

Ексең егін өнім бермес шығып басы.

Көңілінің күйі, беретін суы болмай,

Қор болар ерінің де азуымен ғазиз басы.

Мұндай қатын күйлейді жын сияқты,

Беті адам арты шаян жәндіктің ұқсасы.

Туғанмен бала емізуге иіп болмас,

Болады балаң тексіз ит сияқты.

Арсыз қатын қысқа болар өмір жасы,

Сырты жылтыр болғанмен жаны кәрі.

Етектен жеті, жаулықтан алсаң бесті,

Он екі жылға жыныстан күйі қашты.

Нәзіктердің ар-ұяты болады жан қуаты,

Киіммен қорғалған бойға алған нұр сипаты.

Ай жұлдыздан, ал әйел жерден қуат алып,

Иманды әйел еркектің ұжмағы, бал шәрбаты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *