Уақыт дейді өміріңді ұрлайды,
Секунт, минут, сағаттармен санайды.
Біз де бір бөлшегі әлемнің,
Уақыт болып жаралғанбыз арнайы.
Уақыттан бар қозғалыс тарайды,
Үш қасиет, төрт тек болып тарайды.
Жеті күн, жеті апта, жеті әулие,
Жеті жолмен басқаруға оңайды.
Алты күнмен жаратылыс тарайды,
Адамзатқа алты ақылмен жалғайды.
Рұқ қуатын даналықпен меңгермек,
Ойды мініп жеті әлемді шарлайды.
Уақыт үні жеті үнмен құранды,
Сөзге беріп құдіретін құдайды.
Заман өзі Алланың қол боп,
Дәуірлерден тағдырларды құрайды.
Дәнекерлік адамзаттан тарайды,
Көкпен жердің арасын жалғайды,
Пайғамбарға жеті аятты мирасқа,
Мен сипаттан рахметулла атайды.
Уақытыңды босқа өткізсең сол қайғы,
Үш рәуішті өмірің бар талайлы.
Әруақ болып жазылады уақытың,
Ұжданменен мәңгі өмірге жалғайды.
*** ****
Мені мен менікінің сыры бөлек,
Мәңгі мен өлетінге болар дерек.
Аруақпен, әруақтың ұғымынан,
Дау туған сөз астарын қылмай керек.
Аруақ мәңгілік жан, рұқпен бірлеп,
Мен деген мәңгі өлмес «Өзінен» деп.
Әруақ тәндік уақыт жоғалатын,
Екі өліп, екі туып қайта өнбек!
Мен өлмес, менікіні өлді демек,
Әулиелік жан- Мен ұждан десек.
Ұжданына, табынып сыйнатын,
Мәңілік ел жобасын Қазақ білмек!
Мен-жаратушы, менікін ұқса демек,
Мен сенім, иман бірлік дерек.
Мен құдайдың өзінен сый,
Менікі уақыт болып іс бекітпек.
(Қараша 2016 жыл)