Зайырын тектің жоғалтқан

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 123

Жүйріктен жүйрік туатын,

Аталар жолын қуатын,

Заманы келген қазаққа

Аққу мен сұңқар шығатын.

Ібіліс ісі болатын,

Тажалдар қарсы тұратын

Заманда келді қазаққа,

Білімді ақыл қылатын.

Асылды құрмет қылатын,

Баптауға ерлер шығатын.

Дәстүрі еді ата жол,

Әулиелер ізін қуатын.

Жаттардың салтын алатын,

Азғындық тектен шығатын.

Қияметтің бұл мезгілі,

Жолында ұлттың тұратын.

Тереңнен тартып шығармай,

Уахиын құдай ала алмай

Ел билік пен діншілер,

Күйені жақты аямай!

Әруақты зарын тыңдамай,

Білімді қауым азғаны ай.

Нұрсұлтан өзі бас болып,

Қол қойды заңға қарамай.

Ар-намысты ойламай,

Еркегі ұлттың азғаны ай.

Қатын, қыз жансыз, өлексе,

Алқабы егін жоғалды ай!

Өсиетін ата алмаған,

Киесін дала жалмаған,

Қазақтың номад нәсілі,

Ұлтыңнан бүгін жоғалған.

Ісініп жүр мақтаннан,

Дүние мен байлық жинаған

Ақылды болдың мал тапсаң,

Жоғалып тегің жол тапқан!

Сөзінен ойын ұрлаған,

Иманын билер алмаған.

Зайырын тектің жоғалтып,

Қобызын шайыр майлаған!

***  ***

Иманды армен жиятын,

Дәстүрі қазақ болатын.

Масһабты жол қылатын,

Білімі болды салатын.

Құдайсыз қурай сынатын,

Шариғат болды қуатың.

Жетім емей немене,

Ханафи шопан бағатын.

Имамды жастан қоятын,

Парасын билер алатын

Иманды деме молдасын,

Тірі емес өлік жуатын.

Көрінен болды қашатын,

Әулиесінен қорқатын,

Жынынан туыс бұғатын

Сөздері иттей қабатын,

Біріне-бірі нанатын

Азғындары бүгін қазақтың!

(Қараша 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *