Уәзінімен  ақын сөзді жазса екен  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 37

Ақындықтың сырлары бар көп ұшты,

Өлең қылған дүние қамы қылықты.

Сезімдерін өлең қылған ақындар,

Ішінде жүр ар, ұяттың ұрысы.

Кей ақындар сөз айтады құдайдай,

Барлығында өзі меңгеріп тұрғандай.

Күшенеді қырып, жойып алмаққа,

Тағдырында жүргенмен өзі көре алмай.

Ақындар бар нәзік жанды қазақта,

Дәстүрімен –салтын алған мазаққа.

Жаулығы жоқ ақын шайтан сезімшіл,

Алты ауызы араз болған жырақта.

Хабар алған иманынан Абайдай,

Өлеңінде ғылымнан сөз ұғардай.

Ақындарды іздеп жүрмін бүгінде,

Сопылықты сақтап жүрген тұмардай!

(Шілде айы 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *