Ұлттың коды-Ар, ұят

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 114

Қазаққа бұл қай заман,

Дүниемен қызық бай заман.

Екі жүзді ел билік,

Ұрпағына ібіліс айналған.

Жүз қадаммен нұрлы отан,

Нұлы жер, нұрдан жол салған.

Сонда халық нұрланбай,

Қияметке соңы айналған.

Ұлттың коды саналған,

Сана деп неге ат алған?

Сананы төмен етектен,

Жер анамен аяқ жалғанған.

Жүректе орын нұрланған,

Сүтімен ана белгі алған.

Қанынан жұбай қуатын,

Еріне шарап бере алған.

Ел басқарып Нұрсұлтан,

Ар ұятын тастатқан.

Ұлттың коды сана деп,

Ісіне дүние байлаған.

Уахи үкім Құдайдан,

Латынға тиым салғаннан.

Тексерер мұны аянмен,

Уәзірі ілімді болмаған.

Қолыңды тарт таңбадан,

Түркілік тайпа Османнан.

Үшкілмен жазу негізі,

Теріге кітап жазылған.

Масқара болма Нұрсұлтан,

Тарихта таңба қалдырған.

Құдайға сыйын, құлақ сал

Хабарын алып аяннан.

Құдайға қарсы іс қылған,

Әлемде ел қалмаған.

Қазаққа тағы қасірет,

Келеді осы жолдаудан.

Қан төгіс әлем майданнан,

Ібіліс оған айдаған.

Ар, ұятты тастатып

Біліммен билік алданған.

Абайын оқып сан болған,

Ой үнін естіп алмаған.

Қазақта сана бола ма

Ақылға тоқып ар қылмасаң?

Жолдаумен жолда қалдырған,

Нәсілін тектің жойғаннан.

Үш байлық кодын еліңнің,

Ел билік тартып алғаннан.

Сананың сырын Нұрсұлтан,

Түсініп оқы Абайдан.

Басыңда бөрік болмаса,

Келе ме нұры Құдайдан?

Қыздарда етек жоғалған,

Ақ босағаң құлаған.

Басында жаулық болмаса,

Жаны жоқ ділі азғаннан.

Мәңгілік ел атаған,

Ғылымы бар ма жазылған.

Үш тілден тәңір шығарып,

Білімді ғылым атаудан.

Ғылымды білсең Абайдан,

Бөлек пен қуат санадан?

Ақыл, қайрат, жүректі

Ар, сана, аруақ басқарған.

Ақылың-қазақ, қайрат-орыстан,

Ағылшыннан жүрек алғаннан.

Артына еріп шайтаны,

Санасыздық ұлтты аздырған.

Бассыз білімді қауымнан,

Ашыған миы жын болған.

Құйқасы қатып аң басты,

Тектілігі ата жоғалған.

Құдайсыз амал қылғаннан,

Аруақтар теріс айналған.

Жолдауға жалған сөздерге

Жауабы келер Құдайдан!

Өлімнің барын ойлансаң,

Ар, ұяттан елің сұралған.

Ақылды пенде өсірсе,

Ойды алар нұрмен Құдайдан!

Қайтпасаң енді бұл райдан,

Үкімі тұр күтіп жазадан.

Екі айтпас аруақ кешірмес,

Үш кезек өтті тағдырдан!

(Мәуліт айы 2017 жыл)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *