Киімнің мазмұны арың болар  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 41

Сөзімнің мазмұны — ойдың үні,

Адамдықтың мазмұны — ардың жүзі.

Ел билеудің де бар мазмұны

Ар-ұятты, мәңгілік жан елдігі.

Бүгінгі ел биліктің азғындығы,

Білімді ақыл қылып тағдыр бұзды.

Ғылымның мазмұнын түсіне алмай,

Үш тілменен ұлтының ділін үзді.

Европаның салтымен жақындығы,

Жындылыққа байланып құзғындығы.

Отыз елдің ұқсауға жан жоғалтып,

Ата заңмен қорғалмай елдің мұңы.

Ар, ұят, ынсаппенен ұждандығы,

Өзінде жоқ ел биліктің бұл мазмұны.

Ақ жаулық пен денсаулық екі байлық,

Жете, сана өндіре алмай жаның күйді.

Бас киімнің бар деген дін мазмұны,

Тажалдық сөз айтып жүр билер жынды.

Ар, ұят, ұждан, ынсап діннен шықпай,

Ата-анаң рұқ, жаның қайдан шықты?

Басынан тартып алған кебініңді,

Кебенексіз халықтың жаны өлі.

Жете, сана өсіруге қарсы тұрған,

Ел биліктің бүгінгі арсыздығы.

Дәлелі әр сынымның бұл мазмұны,

Исламда мешіттен үлгі дін мазмұны.

Жайнамазын халықтың боқты басқан,

Киімін аяғынан шешуге кім ерінді?

Халықтан артық болмақ жындылығы,

Дін істері басшысының бұл қылығы.

Тәкаппарлық ел биліктен шығып жатыр,

Осы емес пе ата заңның жоқ мазмұны!

Арсыздығы ел биліктің шектен шықты,

Құдайды мазақ қылып елді бұзды.

Қарғысы халықтың енді қабыл болып,

Лағнеті жаратқанның атар түбі!

(Мәуліт айы 2017 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *