Ұлттық сана-ар, намыс сипаттары.

Бөлім: Ата жолы кітабы №6 103

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin:0cm; mso-para-margin-bottom:.0001pt; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi;}

       Біздің ата-бабадан келе жатқан аманат сөз, тіл және салт-дәстүрлерімізден, ұлттық ерекшелік тәрбие білімімізден ғана саналық яғни намыстылық, отан сүйгіштік, адамгершілік парыздың дұрыс орындау қағидасы, шариғат істеріміздің заманға сай заңдылығы қалыптасады.        Енді ұлттық намысымыздың көрінісінен, басылым беттерінен күнделікті жүздеген мысалдар келтіруге болатын ақпарлардан аз ғана үзінді, мысалдар келтіре кетейік; «Қазіргі қазақ тілінің сөздік қорындағы зат есімдерді жүз пайыз деп алсақ, сонның төрттен бірі-парсы тілінен, елу пайыздан астамы араб тілінен кірген атаулар деуге болады. Мысалы, «хәкім»-парсы сөзі, «ақылды»деген мағынаны берді. Кітап, дәптер, қалам-араб сөзі. Дәл осындай сөздерді бірнеше мыңнан мысалдар келтіруге болады. Бұл нені білдіреді? Бұл бір кездердегі ата-баба жеткен «Араб-ғылымдар елі, парсы-ақындар елі, түрік көсемдер елі.» деген тұжырымдаманың ақиқатын білдіреді… Егер біз өз тарихымызмыз бен түп-тамырымызды білгіміз келсе; «Біз кімбіз? Қайдан шықтық? Қайда барамыз?» деген ұлы сұраққа жауап іздегіміз келсе, «Болашақ»бағдарламасымен білім қуған жастарды араб, парсы, түрік, үнді, қытай елдеріне оқуға көптеп жіберуіміз керек…» (Жарылқап Қалыбай. Жұлдыздар отбасы.№6 Бас редактор.).

        Міне бұл ел басындағы ақыл беруші рухани жетілген зиялы қауым өкілдерінің ұлттық намысы түгіл, сөз ғылымы, ата-баба тарихынан мүлде сауатсыз және серік қосып, Алла үкімін Құран аяттарының насихатын да, пайғамбар өсиеттерін де жалғанға, теріске және ұлттық намысты өзге елдің бодандығына ұсыну амалы деп қана түсінген абзал. Осындай елімізде арамыздан шыққан оқымыстылардың арап, парсы елдерінен келген дін ғалымдарының Отырар кітапханасындағы Адам атадан бері келе жатқан тарихи шежіре мен көптеген құпия ғылымдарды өз мүдделеріне бұрмалау себебінен, Шыңғысқан бабамызға аманат уахимен ескертіліп, әйтеуір көп мұра кітаптарды өзгертуден аман алып қалып, тығып тастағанына және қай жерде сақталып тұрғанына дейін Құран ұстап ант беруге болады. Шежіре бойынша арап түгілі олардың атасы еврей мен құрайыштар да Қазақ қаһан бабамыздың ұрпағы арсат пен парсаттан және ар мен ғұн ұрпағы Жақып пайғамбардан тарайтынын және жаратушымыздың да «Сендерге жан туралы аз мәлімет берілді» деп ескертуінің өзінде жан сыры Адам ата ұрпағынан бері жалғанумен яғни шежіремен байланысты болатынын зат есімдердің атаулардың сыры өзге елдердің ұзын сөзінен жан сырының атауларын алыңдар да; «Інжіл, Тәуратты меңгермесеңдер түк емессіңдер» деген ескертудің өзінде арап елдерінің қалыптасу тарихы, шежіресінің тек  кітап берілген нәсілдердің жалғасы екенін де білдіреді. Және Құран насихатының, жан ғылымының сыры да осы кітап берілген елдер тілінде екенін де көрсетіп, бұндай Алланың ап-ашық үгіттеген аяттарына, үкіміне ашық жала жабудан қандай ғалымдық, діншілдік, қарапайым философиядан да сауаттылық?-дейміз.

       Егер сөз ғылымына жүгінсек «Ғиса пайғамбар Мәриямға жалғанған Алланың сөзі, рұх!» және Мұхаммед пайғамбарымыздың адамзаттың көркем мінезі екенін қарапайым ғана рух пен жаннан хабары бар сауатты, білімді пенде таза ақылға жалғану тек Інжіл құндылықтарын меңгеру елшілік, ізгілік амалдарымен байланысты екенін түсініп және  мұндай Аллаға ашықтай жала жабуға да бармас еді! Егер Мұса пайғамбарымыздың Тәуратты 40 жыл Қазығұртта өмір сүріп алғанын және номадтардың ұрпағы болып, тәураттың да, зәбурдың да, інжілдің де негізгі мұрагері болған ұлттық намысты былай қойғанда, тәуратқа жалғану таудағы ойпат киелі орындар және бұлақтар арқылы уахиға жалғанумен атқарылатынын да білу тиісті болып, сондықтан ата жол негізі неге Алатау етегінде жатқан 5 ата Түктібай, Сарыбай, Сүйінбай, Жамбыл, Қайназар аталармен жалғанумен басталатынын, алғашқы жан жарығын, қолдың ағаруын, ақылды қалыптастыру үшін 5 қуатты меңгеру ғылымын білер еді. Егер арап, парсы тілінде Құранның жарты атауы, ал қалғаны арап тілінде болса онда әлем жұртына басқа тілдің де, психология ғылымының да, Құран тәпсірінің де не керегі бар? Және арап тілді халықтың пайғамбарымыздың өсиеті философия, психология тұжырымынан да Ханафи, Матруби, т.б. философиялық түсініктерін жоғары қойып, тура жол негізі деп және пайғамбар сүннеттерін масһабтарға бөліну арқылы орындаумен құранның намаз, жан сырының білімінен адасып, шатылмас та еді. Ал енді сөз ғылымының ең түп негізі осы елдер болса, неге ақымақтықпен өздерін-өздері қырып, азғындыққа түсіп, өз тіліндегі Құранды да, дінді де түсінбей теріске алып жатыр?

    Сондықтан қазіргі таңдағы ел басшылары мен білімді ағайындарымыз, философ, психолог, теолог ғалымдарымыздың қазақтың қой соңында жүрген баласының да түсінген жан сырын, сөз ғылымын да меңгермей, өздерінің далаға лағып шатасқанымен қоймай, бүкіл білім соңына түскен жастарды және барлық еліміздің тұрғындарын теріс жаққа бұрып, азғындыққа түсуге себепші болып жатқан әрекеттерін олардың шейх, хазіреттері де қайталап жатқанынның ұқсастығын да айқын білуге болады. Сондықтан  «араптарды орташа үммет қылдым» деген аяттардың 43;143 сандық мәнімен көрсеткен құран насихаты түгіл, қарапайым ап-ашық аяттағы үгітін де жалғанға шығарып, серік қосу түгіл Алланың жабық аяттарына да ортақ қосып, соңдарына ерген, сенген халықты өздеріне зұлымдық қылуға мәжбүрлегеннен кімге пайда кімге зиян? Енді осындай ғалымдарымыз бен  және дін ғалымдарының басылым беттерінде қазақ намыстылығын қорлаған, тілін бұрап мазақтап сөз ұғымын, сөз атауларының ғылымдық маңызын қысқартып, рухани байлығымызды, сары майдай сақтап ұрпақтарына жеткізе білген аталар аманаты мен көрсеткен, білдірген уахи батасын қарынға түскен шайтанның серігі құмалақ болған, осындай ел, сөз басқарушы рухани ұстаздыққа жеткен дәрежелі ағайындарымыздың еңбектері мен түрлі пәтуаларынан ондаған кітап жазуға да болады. Осындай ұлттық намысты білімсіз, ой жорумен қорлаған, дәреже құмар, атақ құмар, соңдарынан ерген ақылсыз жастарды азғырған, ел, сөз, дін көш басшыларына пәтуа беріп, қазақ философия сөз құндылықтарының күзетшілері болып табылатын ар-намысымыздың күзетшілерінің бірі Ғарифулла Есім мырзаның «Жұлдыздар отбасы» (Періштелер отбасы) басылым бетіндегі сұхбатынан; «Омар Хаям-дін жолындағы адам. Шарап деп тұспалдауы-өзінің кілті(?). Абай-реалист ақын. Ал Омар Хайям үшін  тақуалық өмір мен мен ғылымнан кейін дүниенің қызығы бар..» Ал енді оқырман түсініп көріңіз. Егер атауды, сөзді өз мағынасында алып зерттесек; « Онда Омар Хаям атамыз «не реалист» (жалғаншыл, қияли), «утопист» яғни ғылымнан, діннен кейін өмір бар деп өтірік айтады екен. Олай болса Құранда да жалғандық бар деген ұғым пайда болады. Себебі; «реалист» сөзі – шыншыл болса онда, Абай атамыз өтірік айтпаған, ондай ақирет тіршілігі де, ондай өмір қызығы да жоқ және дінді Омар Хайям атамыз сияқты «не реальный өмірді жырлап» (қумаған, жынданбаған) соңына түспеген, болашақ туралы қайғырған тақуа да емес деген ұғым пайда болады да, Абай атамызды діннен мүлде қашықтатып өздерінің меңгерген ақылының, ой пікірлерінің ұстанған бағытының дұрыстығының қолдаушысы етіп көрсетуге тырысқан. Жоғарыда иманы жолдас болсын Қ. Шаңғытпаев ағамыздың аудармасынан санмен берілген Құран аяттарын тәпсірлеген Омар Хаяйам атамыздың өлеңдерін, сандық ғылымын сақтап, Абай атамыздың тәпсірімен қатар көрсетіп кеттім. Бұл салыстырулардан Абай атамыз ашық та нақты ғылым сырларын, жан сырын, рухани әлемді әлде қайда терең түсініп, уахи ғылымын толық меңгергендігін, сопылықтың, ғалымдықтың биігіне жеткенін және оны қарапайым халықтың намаз қылып алуына салт-дәстүрімізге, әдет-ғұрыпқа айналдырып оңай сіңіруге, қабылдауға рухани сипаттарды намаздарын орындау әдістерін де яғни тарихат, мағрипат ғылымдарының қарапайым жолдарын да таба білгенін көрсетеді.

      Енді қазағымыздың ар, намыстылығының көрсеткіші 39-сүремен осындай аяттарға теріс пәтуалардың сандық мәнін қойып көрсетсек, онда тіптен өз арамыздан шыққан жоғары дәрежемен марапатталған ғалым ағайындарымызды дінсіз кәпірге айналдырып жіберуіміз де ғажап емес. Тек ашықтай жала жауып халықтың ызасы мен жаратқанның сынағын және біртұтас адамдардың жүректермен, «Біз»-дің  лағнетін шақырған жақында ақпарат орындары арқылы сайқымазақ бір жақты пікір сұхбат болып, көрсетілген бір мысалды талқылап өтпесек болмайды. Бұл екі жаққа да пайда келтіретінін алдағы уақытта еліміздің бірлігі түгіл, ұлттық намысымызды өзге елдің алдында масқаралайтын болғандықтан амал жоқ жазуға тура келді. Қазақстан телеарнасы арқылы «Имандылық айнасы» деген атпен (30 наурыз күні берілген) жүргізушісі Жанжігіт Омархан, дін ісінің сарапшысы Садуақас қажы мешітінің имамы Рашид Алпысбаев және мемлекет заң институтымыздың өкілі «айнасы», хатшысы Нұрдаулет Сүйіндіков мырзалардың берген пәтуасымен 2007 жылы Қарасай аудандық экономикалық сот шешімімен «Ата жолы және Ала аят» атты діни топтарды ұлт қауіпсіздігіне нұқсан және рухани теріс пиғылды ағымдар деген үкіммен сотталғанын және бұл шешімнің өте дұрыс және мемлекетіміздің әлі де берік ұстанымы екенін, масһабтық дініміздің айқын бағытын дәлелдеген пәтуа берілді. Енді еліміздің рухани иман айнасы дегеніміздің өзі деп әділетті заң институтымыз, дініміз және мәдениетіміздің философиялық бағытын айтуға болады. Сондықтан рухани ақылдың жаратылыста қарекетке айналып «Ман» қуаты болып бейнеленуін; жарық, иіс және жылу болып 3 негізбен айқын көрінісін береді. Енді;Заңымыз-жарық рухани жол бағытымызды көрсетсе; Дініміз — жылу болып барлық ұғымдардың, істердің арасын жалғаушы, бірлеуші іргетасы болып, ал мәдениетіміз осы екі негізден пайда болатын иісіміздің яғни қозғалысымыздың, желдің бағытын көрсетіп, аталарымыз «Жел тұрмаса шөптің басы да қозғалмайды» деп ескертіпті. Сонымен бұл мырзалардың тек осы негіздегі мемлекет рухани байлығының жүргізуші ел басшыларының жүрегі, қолы, аяғы сияқты денелерінің тазалығының «Имандылық айнасы» болғандықтан және бірі өзінің әкесінің, атасының аруағымен де құрдас болғандықтан, аруаққа да тіл, сөзіміз тиіп кетпесін деген мақсатпен де иіс, жарық, жылудың атынан пікірлеріне қара халықтың, езілген жанышталған, қудаланып сотталғандардың атынан келтіретін; «Бас  кеспек болса да тіл кеспек жоқ» деген салтымыздан «Датымыз» бар! Жарық мырзаның пәтуасынан; «Бұл ұйымдар бір кірсең жібермейді де миллиондап қаржыңды тауысқанша ақша талап етеді.» «Емдеуде гипноз әдістерін қолданады.» «Денсаулыққа қауіпті.» «Жүйе маркетинг негізде құрылған қаржы пирамидасы.» «Бұл жолдағы негізгі мақсаты Аққу-Бүркіт боласың деп алдап уыстан шығармай, сондықтан кейбір «тұлғалар» емші де болып кеткен.» «66 тұлғаны жауапқа тартып, бірнеше «тұлғалар» аруақ, пайғамбарға айналған істерінен өз еркімен бас тартып «лицензиясын» қайтып берді.» «Неге түн ішінде зират басында айқай-шу шығарып өлген адаммен байланысқа түседі дейсің?» «Ата жолы, Алла аят пайда табу, дәстүрден тыс дүниеге мұқият қарсылық..».

         Еліміздің әділетті тура жолының қадағалушы шам-жарығымыздың берген сұхбатынан қысқаша ғана үзінділер ғана. Енді негізгі айыптау қаржылық «пирамида», «мавродишылар» немесе «казино» сияқты адам баласының ақыл-ойын аңша аулайтын рухани азғындықтың жәрдемшілері санатынан табылады екенбіз. Ал ата жолының басты талабы  аянмен, уахимен, батамен жаратқанның үкімін яғни пенделердің күнәлі болмыстарын өз ақылымен анықтауы мүмкін болмағандықтан, алдасаң да дәрет, тазалық шараларын үйретіп, тілін кәлимаға келтірумен әулие бастарына құрбандығын ататып жеткізу арқылы күнәлі болмысының өлімі мен қайта рухани жаңғыру жолына, өз бетінше ақыл-ойын еркіндікке шығарып парасаттылық, ұлтық салт-дәстүрді меңгерудің негізгі шарты болған інжіл қағидасымен және Ғиса пайғамбарымыздың рухани өлім сатысынан Арыстан бабаға түнеп, Ясауи бабадан тілеп және Айша анамыздан жүректерге, аруағына жалғану арқылы хикметті тылсым құпияларын әрбір пендесіне аян, уахи, бата және түрлі ақылға сыймайтын тылсым хикметтерінің білінуімен, алғашқы иманға тізесін бүктіру, соған байланысты өз таңбасын алу, 9 жылдық сынақтан өту Құдайдан түскен үкім болатын. Енді бізге осы діннің басында тұрған жол басшымыз Ақ ұлдың жүрек ашу хикметі және жеке-жеке құдайдан алған уахи, аян, батамыз және 100-мыңдаған қазақ балаларының Құдайдан Құран арқылы аяттармен көрсетілген уәдесі, аманаты да жеткен жетістіктеріміз, меңгерген қасиеттеріміз, ем-шипа көрсеткен неше мыңдаған сауыққан, жолдары ашылып және бастары қосылған жан ұялар мен осыған байланысты өмірге келген мыңдаған қасиетті сәбилердің, менің жеке өзіме берілген сияқты кітап-ғылымның 100-деген аққу, сұңқарларға да нәсіп болғаны да, осы өзіңіз көріп, оқып отырған ақпараттар мен алдағы әлемге ұялмай ұсына алатын аруақ арқылы берілген құнсыз деректердің бәрі де жалған және біздің сиынған Құдайымыз ештеңе бермей, сонша халықты алдауға түсіріп қойған шарасыз, әділетсіз болғанымен тұрмай «Мавродий» сияқты пендеге айналып шыға келді. Және Раббымыздың Құранда ашық үгіттеген; «Алла жолында мал сарып қылып, бір-біріңе көркем қарыз беріп, жер бетін кезіңдер, тазарып, алатын сыйларың бар.» «Жұмсаған малдарыңды еселеп қайтарамын.» «Сүйген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамасаңдар, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар. Не берсеңдер де Алла (Т) оны толық біледі.» (3-92) дегендей 100-ден аса аят үкімдерін жалғанға шығарып, Алла түк бермейді, сендерді тек біздер заң, шариғат білімі арқылы қорғаушымыз деп өздерін, заң шығару қызметкерлерін, ел басшыларын Тәңірмен теңдес әрі жоғары етіп дәлелдейді.

        Енді атажолының қарапайым қаржылық «маркетингінен» хабар берсек; Әрбір құрбандық пен жолға жиналған қаржының 70 пайызы көлік жалдауға, жанар майға, өзі де тамақтанатын құрбандықтарға және «Жер жыртқан өгіздің аузын бума» деп Тәурат жазбаларында ескерткендей, осы жолға қызмет етушілердің басқа кәсіп іздеп, жан ұялары да аш отырмауы үшін, мемлекетке масыл болмауы да үшін еңбегіне қарай  бөлініп беріліп және олардың да жол қаражатына жұмсалады. Ал 30 пайызы іс басындағылар мен ұйымдастырушылар және түрлі ордалардың арасында аруақ нұсқауымен және зияраттар басын көтеру сияқты іс-шараларға,  ақпараттар таратуға, кітаптар сатып алуға, т.б. жетім, жесір мұқтаждықтарына жұмсалып отырды. Заң орындарының елдің ақшасынан байып жатыр деген қылмысты істің негізі ол тікелей Ақ ұлға жаратқаннан берілген «Мөр» хикметіне берілетін құрбандық және соған байланысты түрлі қалталы және Құдай алдында ақталып, жағдайы түзелгендер, шет елден келген азаматтардың да берген сыйлықтарынан, жалпы халықтың  ерікті түрде бес атаға зияраттаудан түскен садақадан құралған ата жолының бас шырақшысы есебінде және оның да 4-5 жылдан кейін ғана Ақ ұлдың өз қалауы бойынша жұмсауға Құдайдан ұлықсат етілген болатын. Бұл қаражатты да халықтан алдап алды деген пәтуамен, Құдайдың бергенін өздерінің және мемелекетке түскен халықтың зекет-салығын ысырапқа түсіргендей айып тағылғаны хақ. Осымен-ақ әділетті заң шығарушы «жарықтықтарымыз» Құдайдың садақа заңдылығына, Құранның ашық аятына қарсы шығып және садақадан да салық (екі рет салық) талап етіп, қайыршылық пиғылмен мекеме ашуға да мәжбүрлегені сөзсіз.

       Бұл жағдайдың ішкі сырын кейін садақа, зекет ғылымын түсіндірумен тәптіштеп жаза жатармыз. Себебі ол қаражаттың Ақ ұлдың қазасымен бірге тоқтап, сол құрбандық арқылы жүрек ашуға да 100-мыңдаған адамдардың садақа беруге де мұқтаж болып қалғанын, ал жүрек ашылу арқылы нығметке бөленгендердің заң орындарының халықты қанау арқылы тапты деген қаражатын өз еріктерімізбен 100 еседен артық мемлекет қорына құйып бере алатынымызды және бір ғана менің өз басыма осы мөр арқылы берілген нығметтің бүкіл қазақтың дүние қазынасын бір орынға жинағанмен оған айырбасқа сатпайтынымды және жуық арада әлемге де паш етіп Ақ ұлдың аруағының рухын ақталатынына Құран ұстап, Құдайдың көркем есімдерімен ант беремін!

       Қош сонымен заң орындарының екінші бір қитұрқы, халықтың көзін бояу әдістерінің бірі болған, Қарасай ауданында тіркелген экономикалық соттың шешімінің сонау батыс, Маңғыстау төңірегінде де заңды болып, үкімі жүріп, халықты иманға неге ұлықсатсыз, «лицензиясыз» шақырасыңдар деп 150 мың теңге шамасында прокуратура қызметкерлерінің айыппұл салуымен және бұл жағдай Қызылорда облысында 75 мың теңгемен кесілді. Енді бір ақылға сыймайтын жері, Қарасай аудандық сот үкімінің шешімі шықпай тұрып, екі-үш жыл көлемінде барлық облыстарда ата жол ұжымының Қарасай аудандық салық мекемесіне тіркелген осы «Ата жол» «лицензиясы», жалпы ұлықсаты жарамсыз болып, сондықтан барлық облыстарда жүрек ашылу нәтижесіндегі халықты иманға, жақсылыққа шақырып қызмет қылушы ордаларды жеке тіркелмеген жағдайда айыппұл жазаларын қолданылу тәсілдері жүрді. Бұған бір ғана дәлел Қызылорда қаласындағы «Қорқыт ата» ордасы жергілікті сот шешімімен 75 мың айыппұл төлегеніне куәлік бере алмын. Енді бұл жағдай ата жолының біртұтас қызметінің бақылауынан шығып және егер жергілікті салық орындарына тіркелген немесе арнаулы кәсіпкерлік ұжым болып ашып, халықты иманға шақырмақ түгіл, ойыңызға келген қаражатты жинап, елді зираттатып, қалтаңызға бассаңыз онда мемлекет басындағы «Тәңірлеріміз»  бұл жағдайда «маркетинг» болып саналмайды, дін кәсіп болып шыға келетін болып, көптеген тосыннан да өз ішімізден де зиярат басында от жақпақ түгіл, қараңғыға қамап, төбеңнен қасиетті тесіп құятын да жүздеген емшілік, бақсылық, зікірлік, жасанды бата пікірлік топтар да аяқ астынан Ата жолының атын жамылып  шыға келді. Осыған байланысты баста Ақ жол болып аталып, кейіннен емшілер, зияратшы Құдайшыл топтар түгіл майлы сүйекті кеміруге таласқандар да «Ақжол» партиясын құрып алған, Құдайдың жолы сәнге айналғасын Ата жол болып аталғанмен, бәрібір атасымен құрдастар, жалған тәңірге табынушылар да философ ағайындарымыздың «даналықтарының» арқасында күнге табынған Ала аяттың да Ата жолмен бірге бір заңның ішіне сыйғызып жіберді де бүкіл дін түгіл тарихын, дәстүрін де білмейтін және Құдайдың нығметін бір рет ақша төлеумен дүкеннен сатып алатын нәрселік сауда сияқты түсіндірумен, яғни ата жолын, аруақты, батаны сайқымазаққа айналдырып, халыққа жек көрінішті көрсету мақсатында түрлі бейнежазбалар түсірумен, құран оқу білмей қалай зияраттайсың деген сияқты үгіт насихаттың муфтият тарапынан ұйымдастыруымен мәдениет ақпарат орындарының үлкен қолдауына еге болғаны сөзсіз. Нәтижесінде халықтың жалпы түсінігін намаз оқып, мешіт арқылы арап еліне ғана зияраттау арқылы тура жолдың ойдан шығарылған бейнесі қалыптасып және ата жолын мүлде жойып жіберу мақсатында қасқыр мен қойды әлемде алғашқы рет бір қораға қамау әдісін тапқан біздің, болашақтарын тек Құдай аясын дейтін «жарықтықтарымыз» болды.

     Ең бір заңгерлеріміздің «Қазаншының еркі бар қайдан құлақ шығарса» дегендей Қарасай аудандық экономикалық соттың 5-6 адамның ғана қаражат ісін қараған шешімі бүкіл қазақ еліне күші жететін болып, сонымен барлық облыстарда ордаларға шыраққа барғандарды, бата алған да, бата бергендерді де ұлттық қауіпсіздік орындарының қызметкерлері тарапынан аруақ, яғни Құдайдың құдіретті қолы мемлекетіміздің жоғарыдай үш негізден құралған жаңа қазақтарының ұлттық қауіпсіздігіне зиян келтіретінін дәлелдеуге жұмылдырылды. Ата жолының арнаулы қазақтың салтын, ғұрпын, ата жолының маңызын насихаттаған айлық басылым, жорналы да ұлттың рухына қауіпті деп табылып, аруақ батасы, беріліп жатқан нұсқаулары, аяндары қоса сотталып күлтөккенге тасталды. Және барлық облыстарда үнемі қудалау, ұлтқа қауіпті сақалсыз, шапансыз, намаз оқымайтын да, оқитын да «дінсіздерді» әшкерелеу жұмыстары кешенді түрде атқарылды. Мысалға Қызылорда қаласының жоғары орындарында сабақ беретін абыройлы мұғалімінен өзінің байырғы шәкірті енді жаңа тап, жаңа қазақтық ұлт өкілінің қауіпсіздік  қызметшісінің; «енді ордаға бармаймын»  деп хат беріп, қол қоюын талап еткеніне куәлік бере аламын. Сондықтан осындай ата салтын қадірлеген, елге қызмет еткен «Тұлғаларды» жауапқа тартып және өздері берген «ұлықсат намаларын» қайтарып алумен; заңгерлердің көзбояушылығы және сөз жөнінде Тұлғаларды яғни ел ақсақал, абыз, әулиелер, ғалымдар, парасатты ізгілікті адамдарды жауапқа тарттық деп мақтануы да шындық екені және осымен де өздерін «шайтан  жамағатымыз» деп халық алдында ашық куәлік беруді шешіпті. Оған елді аузына осындай сөзді салып беріп отырған басшыларын да жуық арада Құдайдың қаһарына түсіп, түрлі азап, ашуға ұшырайтынан 100-мыңдаған әлі иманын жоймай, Құдайдың ғана пәрменін сабырмен күтіп отырған біздер де куәлік береміз.  Осымен шамымыздың жарығы таусылды, енді бұдан қандай жылу алғаныңызді өлшеп көрейік.

        Мемлекетіміздің ошағы, ризық несібесінің қазаны болған дін басшыларының, ғалымдарының, Нұр мүбәрак жоғарғы дін философия жетістігінің оқу орнының «дін-жылуымыздың» атынан берілген сұхбаттан үзінді; « Ата жолы, Ала аят деген емшілер тобы… Дінде исламмен байланысы жоқ.. Рух деген жан, Аруақ рухтың көпше түрі…Аруаққа аталарымыз сиынған емес!.. Әулиелер кесенелері — мұражайымыз.. Шариғат жол…Шариғатта әулиелерді аралау жоқ.. шырақ деген отқа табыну..ондай ниет қазақта қазір жоқ…» Тек осындай қысқа ғана берілген пәтуаларды ғана көрсетумен әуелі мұндай сөздерді халыққа жария қылып шайтан жамағаттарына болысқаным үшін; «Раббымыздан кешірім сұраймын! Сіздер де кешіріңіздер!»- оқырман қауым, сөзімді, тілімді былғап осындай Құдайға түсірген Құранына ашық қарсылық сөздерді қайта көбейтіп отырғаным үшін де. Негізінен сол жерде естен шығарып ұмыт болып қалу керек еді, бірақ оның әсері милиондаған қазақты қалтыратып, ашу-ызасын келтіргенін былай тұрсын, көктер гүрілдеп, жер теңселіп, үйлеріміз отқа оралып немесе құрғақшылық келіп, егініміз шықпай және жастарымыз тағы да өз-өздеріне қол салатын сынақтарға себепші болып кетпесін дегендей сіздер де бұндай надан, топас дін имамдарымыздың атынан Раббымызға құлшылығыңызды арнасын деп қана жазып отырмын. Осындай дін ғалымдарымыздың жалған тәңірге, ой жоруларына табынған, шариғат ісін жол қылып, Құдай ісін, көрсеткен хикметін, пәрмендерін ұмытқан пәтуаларының дұрыс еместігін дәлелдеу үшін де осыған дейін де 1000 беттей Құранан да дәлелдер келтіріп, 7-8 жылдай алдарына барып, бітімге шақырғанмен ұялған хазіретін, намыстанған дін ғалымын өз басым көрген немесе біреу арқылы естіген де емеспін. Керісінше бас хазіреттің өзі «Сол шіріген сүйектерден не аласыңдар» деген ашық телеарна арқылы берген сұхбатына 4 жылдай болды әлі халықтан кешірім сұрау арқылы тәубаға келу пайғамбарымыздың; «Егер ашық күнә істесең ашық түрде жақсылық амал қыл, ал жасырын жасасаң жасырын қайтар» деген өсиетін де қаперге алатын емес. Және әулие кесенелері онсызда жалаңаш, дәретсіз, т.б. түрлі арсыздық қылықтармен ластануынан, рухани белгілер мен шипа алатын орынның «Ленин көкеміз» сияқты  керісінше кейбір пенделерге қауіпті өлім ошағына айналдыру үшін «Мұражайға», көз нәпсісін қанағаттандыратын орындарға айналдырудан артық Аллаға күдіксіз серік қосып, аяттарына, кітаптарына ортақ қосу зұлымдығы болмайды. Сондықтан оқырман дін ғалымдарының надандықтарын, топастықтарын әшкерелейтін, аталарымыздың дін шекпенін аққа бояп қайтарып беретін алдағы басылымдарда баяндалатын небір қылмыстарын сабырмен күту ғана қалды. Бұл имамамыздың берген жылуы-пәтуасынан болашақта өзі жылынып рахатын көрсін деген тілекпен, Шәкәрім атамыздың; «Рух деген сөзді жан дейді, адасқан дінді пән дейді…»деген ескертуімен, «Рухта дін болмайды» сондықтан дінің тіліңе, діліңе, әйелзатымыздың қандық тазалығына, ана сүтіне байланысты махаббат негізі; жаныңда болып, жаныңды рух сияқты жолдан қосқаның және халық алдында өзіңе де бүкіл дін басшылары атынан куәлік берілді. Сондықтан бәрің сол мезетте кәпір болып исламнан өздеріңді, ауздарыңмен Алланың нұрын өшірумен діннен шыққандарың деп қана тұжырымдаймыз. Бұл пәтуамыздың жалаң бір ғана мысалмен дін қандастарымызды босқа жазғырмас үшін, жоғары дәрежелі дін ғалымдарының діни сауатсыздық және Құран ғылымына ашықтай жала қойған пікірінен мысал бере кетейік; «…Ұлы Жаратушымыз өзін «Біз» деуінің астарында араб тілінің ерекшелігі жатыр. Мысалы, орыс тілінде екінші жақтың жекеше түрінде «ты» делінеді. Алайда кейде адамға деген құрметті, ізгілікті, сыпайылықты білдіру үшін жалғыз адамның өзіне екінші жақтың көпше түрінде қолданылытын «вы» сөзі қолданылады…»нахну», яғни «біз» сөзі екі және үш адамға көпше түрінде қолданылатыны секілді кейде ұлықтау мақсатында бір адамға да қолданылады.» (Имани гүл, 329-бет Қазақстан діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған.)

      Бұл қазақ елінің дін ғалымдарының ата жолының мақсатын Құранға жат деп таныған ғалымдарының пәтуасынан, енді қандай сауатты шешім қабылдап, қазақ дінін өз ұлтына жау қылып көрсете білуімен қарапайым мыңдаған аятты теріс түсіндірумен, мазақтап, жалғанға шығаруынан-ақ ақылы сау оқырман өз басымен ойланып, жүрегімен таразылап, мүмкін «Біз», пайғамбар, әулие «Көздері» арқылы уахи сұрап көрер деп аз ғана дәлел көрсеттік. Енді осы пәтуаларды тақыр бас, жалаң бас, философ, теолог басшыларыңа апарып көрсетуге ғана өтініш айтамыз. Сонымен жарық сөніп, жылуы кетіп иісі қалды. Исіміз енді қандай?  «Аталарымыз аруаққа табынбаған. Ақша үшін атасын сататындар...» деген қысқа ғана пәтуасына аятта; «Мұхаммед онда олардың табынғанына байланысты күдікте болма. Олар ата-бабаларының бұрыннан табынғаны құсап табынады. Әрине біз олардың сыбағаларын кемітпей береміз.» (11-109)Ата-баба аруағына табынып, мал арнап, әулие бастарына  түрлі амалдармен жалбарынуды «серік қосу» деп атау керек те, ал егер бұл амалдар Құран аяттарын оқу арқылы Алланы ұлықтап, еске алумен атқарылатын болса онда бұндай табыну амалы яғни ата-аналарын, әулие-әмбилерін, пайғамбарларын ардақтап, сыйлап пір, үлгі тұтып, ізгілікті құлшылық істерінен өнеге алып, қайталаумен аруағына, құдайлық сипаттарына  Құран оқып, өзіне қажетті тілек тілеуді сыйыну амалы деп, оған нәтижесінде сыбаға аян, уахи арқылы құдайдың не бергенін немесе күнәңді кешіргенін білу ислам дінің негізгі құлшылығы екенін және «Рахманға» сәжде, құлшылық, Алланың өзінен сұрап, жалбарыну деп аталады. Сондықтан мұндай ұғымдардың астарлы сырын білу үшін де аяттың санына қарап санды білмейтін, қанында санауыштары оянбағандықтан, санды түсінбейтін санасыз және жалған сөз, жалған ақша болып, жалған сөзге атасын сатқан, жер емшегі мен шал емшегін мейірі қанып ембегендер, кітап арқалаған «жапарқұл» есектер тобынан болып табылатынын Раббымыз ескерткен. Ал енді Құран ғылымы бойынша ата-анаға шүкірлік ету дегеніміз-табыну яғни ардақтау, қадірлеу болып түсіндіріледі. Және сол ата-анамыздың арасынан шыққан Алланың сүйген құлдарын, әулие-әмбилерді, Алланың достарын, тақуаларды ардақтаңдар деп үкім де берген. Олай болса әулиелерге табынуға болады деп ескертеді.

        Енді адамзаттың дінде, ғылымда озық болған жаратқанның сүйген құлы болған достарына, пайғамбарларына, елшілеріне табынып, ардақтап еліктеп, болмаса да ұқсап бағуға тырыспайтын болса, онда белгісіз, ғайып басы жоқ, аяғы жоқ шексіз ақылға жаратушы бейнесіз, ештемеге ұқсамайтын нұрға қалай табыну яғни ұқсауға тырысып үлгі алу керек?  Бұл пәтуа иесіне; «Көргеніңнен әлі көрмегенің көп айналайын», болашақта басыңа бәле, аманатқа қиянат жасамау үшін, әкеңмен құрдас болмай әуелі ныпсыңды, қауымыңды қалай сыйлау керек екенін, қазақта тірі үлкен кісінің де атын атауға болмайтынын, үлкеннің қасиетіне, көркем есімдерге табына білуді ескертіп, үлкеннің аруағын сыйла да; «Бәке, Сәке» деген сияқты атауларға ныспыңды «Ман», мұсылмандық қадіріңді, тегіңді өзгертіп ал деп, ағалық ақылмен ғана шектелмекпін. Енді бұл ұлттық жаңа бейнелеріміздің халықты ақымақ санайтын бір қылықтары да осынысын абыройларынан айырылмай тұрғанда тиылса екен деген мақсатпен ғана жазып отырмыз. Егер бір-екі рет әулие басын аралап неге Құдай керемет қылып бере салмады деген сұрақтың жауабы 100-мыңдай қазақ азаматтарын ондаған есе қаражат жұмсап, арап елдерінен хаж, қажылық жасатып  ең болмаса пайғамбар уахина жалғанып, кітап алып, осындай еліміздегі қым-қиғаш түрлі оқиғалардың, асылып өлу, бұзақылықтардың неден пайда болып, қандай шығар жолы болатынын, діндердің басын қосатын ортақ шешімін көрсетіп, әлі кезге дейін араларынан пәтуа беретін бірде-бір қажы, сопы-ғалым неге жоқ? Миллиондаған халықтың қаражаты неге өзге елдің жыртығын жамауға жұмсалып, бір тиын да ғылымға, дінге пайда бермей жатыр? Ал бұндай «қажылардың» дінге немесе осындай қоғамдағы талас пікірлерге пәтуа беретін болса, өз ақылының дінді түсіну шамасына қарай өздеріне ұқсас, ниеттес бір пендесін іздеп тауып, дереу көрсетіп «көрдің бе?» дегендей дінді жал-аң бастармен, к..н ашқан қатындар немесе жынды, есі кемістеу біреулерді қалай халықтың арасынан тауып ала қоятын шайтандық әрекеттеріне таң қалмауға шара жоқ. Сонда жаманға қарап жақсысын да солай бағаласақ, онда қандай мемлекет, мәдениет, философия даналығы, діни сауаттылық, әділетті заң мен ұлттың қауіпсіздігі болмақ? Осындай мәдениетіміздегі, діни салтымыздағы, заңымыздағы ел басқарушылардың шайтан жамағаттары болып саналуына басты дәлел де, халықтың пікірі де, бұндай жағдайларға пәтуа беретін ғалымдар, ақындар яғни тұлғалар, ақсақалдар пікірін мүлде ескермейді де санаспайды да. Бұндай ел азаматтарының құраннан дәлел мен ғылымнан нақты мысалмен қарсы пікір айтқанымен, жазғанымен оған қарсы жауап беріп, баспасөз бетінде пікір талас түгіл оңаша отырып сауатсыздықтарына, шарасыздықтарына, надандықтарынан намыстана да білмейді. Демек жүректерінің көздері «Біздері» жабылып, саналары, рухы өлгені деп біліңіз.

          Сол сияқты бұл бейне көріністе келтірілген зиярат басында от жағып тұрған пенделердің үстерінде бір текті ақ  шапандары бар екен де келесі жолы оны алып тастаңыздар, егер адамдық ұяттарыңыз болса? Біздер атажолдықтар ақ шапан кимек түгіл, етегіміз бен төбемізді де дұрыс жаба алмай жатқанымыз хақ. Және Ақ ұлдың алдынан жүрек көзін ашылған 6000-нан астам аққу, сұңқарлар бар. Оның 30 пайызы яғни 1800-дейі ғана аққу, сұңқарлықты дұрыс қабылдап, ал оның да 10 пайызы 180-дейі ғана өз дәрежесіндегі аққу, сұңқар болып есептеледі. Ал ата жолы өмір мектебі 9 жыл әрбір пенде өзін-өзі тәрбиелеу барысында ұзақ жылдар қасиеттерді шыңдап, тәжірибелермен қателіктерін түзеу барысында ғана толық аққу, сұңқар қабілеттеріне жету керек. Бұл жағдайдың өзіне білімді, ғылымды ақылы толысқан ел тұлғаларының жаратқаннан түскен аяттарды, жаңадан берілген үкімдерді зерттеп, дін үкімдерімен, пайғамбар сүнеттерімен, шариғат істерімен және тікелей уахи алумен бағыт бағдарын беріп отырған жағдайда ғана өз нәтижесін беріп, бүкіл халықтың игілігіне айналу тиіс. Ал бұндай жағдайды мемлекетіміз ақылды, білімді өздерін зиялы, зайырлы санаған ел басшыларының, ғалымдарының тарапынан жақсылыққа жанашыр болған бірде-бір қадам жасалды ма? Немесе ғылыми тұрғыда зерттелді ме? Аруақтың тылсымнан шырылдап, халыққа төнген азап, сынақтарға араша болуға тырысқан үні тыңдалды ма? Тыңдалды да, бірақ ар-намыстарыңыздың шамасы жеткіліксіз, ондай ел басшыларының сөз түсіну қабілеттері де жетілмей, құлақтары созылып, нәтижесінде есікке өзі келген бақты тепкен елге айналдық. Сондықтан әлі өзін толық меңгере алмай жүрген бір аққудың жақсылыққа ұмтылған, елді иманға шақырып аруақ батасын жеткізіп жатқан талабының қысқа көрінісінің бүкіл телеарнаны аралап жүргеніне 3-4 жылдай болып қалды. Онан да арамызда орыс, неміс, кәріс, т.б. түрлі ұлттарынан да ашылған және қазақтың салтын ұстанған, бата жеткізу қасиетін, дарындылықтарды меңгерген қазақ түгіл, өзге ұлт өкілдері де жүздеп кездеседі. Солардан; «Діндеріңді неге саттыңдар, неге қазақ дәстүріне және батаға құштар болдыңдар?» деп әдеттенген қитұрқы сұрақтарыңды беріп және оны да халыққа ашық көрсетіңіздер! Онда да ар-ұят, намыстарыңыз, тілге деген жанашырлықтарыңыз ұлттық дәрежеде болса? Және шет елден де талай қазақтың басында үйілген топырақтан басқа не суы, не жолы жоқ, ал жағдайы, табысы бар орындарды жекешелеп, кейбір киелі бұлақтың басына мал қора салып, ит байлап қойған жерлерді өздерінің немесе мемлекетіміздің керемет мұражайлары тұрғанда, неге өзге елдің әулиелеріне табынып, шаршап, садақасын босқа беріп, алданып жатқандарын да сұрап бейнеге түсіріп көріңіздер. Олардың иманы жолдас болсын Ақ ұлымыздың алдына неге ғалымдарына дейін тізе бүккендерін, ал біздің ғалымдар және қарапайым сауатсыз құранды жаттағанан басқа қасиеті жоқ ағайындарымыз Алланың хикметін сезіп білмек түгіл, халықты жын-шайтан деп үркітумен айналысып жүргенде, талай шекараларды кесіп өтіп, әулие бабаларымызға тағзым етіп жүректерін де аштырғандары да бар.  Мекенжайын біздерден, көп халықтың өкілі, әлі иманын бұзбай отырған ата жолдықтардан сұрасаңыздар тауып беруге дайынбыз, тіркеулі де тұр. Бұл да «Ар» және «Ман» ғылымына кіреді. Әулие-әмбилерімізді, асыл дінімізді, ұлттық намысымызды көшеде кездескен, өзін де танымайтын, ділінен, сана-сезімнен жұрдай жалаңаш қатын мен намысын жоғалтқан, Құранның ғылым сыры түгіл  сауатсыз аталған қара шалдарымыздың білген, меңгерген  жан мен рухтың да арасын ажырата білмейтін, ұлттық намысы, «Бізі» жоқ арапшыл ғалымдар мен ақылы толмаған жастарға бағалатқаннан өз абыройларыңның, надандықтарыңның шамасы, білімділіктеріңнің, имандарыңның, ұлттық намыстарыңның Құдайдың хикметімен білдірген бағасы ғана деп түсінеді қара халқымыз.

       Көптеген жылдар бұрын Қызылорда облысына жаңадан тағайындалған әкім дінді арапша және масһабты жетік білгендіктен, бүкіл ақпарат және заң орындарының қатысуымен ата жолын қудалаудың жоғарғы үлгісін көрсетіп, ақырында алдын-ала аруақ батасымен ескертуімен тік ұшақтан 40 метр қашықтықтан құлап, бірталай адамдардың өлімімен аяқталып, басына төнген қауіптен ел басымыз қайта кері алып кетумен құтқарып қалып еді. Сол жағдай сонан кейін мәдени құзырлы орындардың қитұрқы қойылымына айналғанына халық сырттай бағасын беріп жатыр. Сондай діни сауатты әкіміміздің басына қаражат беруден бас тартқан Гүлнәр қыз әулиенің бұлағынан әлемді аралап жазылмаған тері ауруынан жұбайы жазылған, орыстың жоғары шенді әскери қауіпсіздік қызметкері біздің  заңгерлеріміздің  ұлтқа қауіп төндірді деп тыйым салған табынушылық дінімізді, әулиелерімізді қадірлеп, ардақтау үшін зияраттап келіп, әуелі жерге маңдайын тигізіп, қыз әулие топырағына тағзым етіп сүйгеніне де халық куә. Осындай жүздеген хикметті болып жатқан жағдайларды да ұлтымызға, араптық намысымызға төнген қауіп ретінде көрсетіп көріңіздер.  Елімізде дау тудырап жатқан «Оралман» яғни біздердің бұрынғы замандардан келе жатқан қадір, қасиетіміз, әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз «Ман»-ымыздың қайта арамызға оралғанын білдіретін киелі сөзді баспасөз беттерінде; бізді «Ман» деп айтпаңдар деген қарсылықтарға пәтуа беретін сөз өнеріміздің иістері философ ағайындарымыздың, ақын, жазушыларымыздың да ойлары да, сөздері де, пәтуалары да екі ұшты, кейі жаман иісті тіптен «Аталарымыздан бері аяғымыз шуаш сасық» деген сияқты арасында намыссыз пасықтары да бар. Олар; бізді «Ман» демеңдер деп арыз айтып, сонда «Шайтан» деп айтыңдар деген ұғым өзінен-өзі сұранып тұр. Керісінше сол «Ман» жүрегіміздің ұқсастығына, ағайындардың қонақжайлығына риза болып, сол ман-дық, арлық, ұлттық намыстың қандай болатынынан біздерге үлгі көрсетудің орнына, орыс тәрбиесін көрген жергілікті халықтан бетер азып жатқандары қаншама? Керісінше ендігі қазақтың ұлттық намысы доп тебумен, ала өкпе болып жүгірумен, қатындарды төбелестірумен, жұдырықтасумен, т.б.  хайуандық, малдық қуаттар мен қарекеттерді жетілдіру арқылы көбірек алтын алқа алғандарды ғалымнан бетер құрмет тұтып, батыр атап жесір, жетімдеріне қимаған және өз еріктерімен бір-біріне хайыр жасаған қаражаттарын да «қаржылық пирамида-мавродишылар» деп соттап, ал хайуандық мақтанды рухани жетілгендік, елдің рухын көтеру деп миллиондап халықтың берген зекетінен сый ақы беруден артық дінсіздік, құдайға қарсылық, Құранға, пайғамбарына, ұлтының рухани байлығына ашық жала болмайды.  Осындай рухымызды аздыратын жалған намыстылық, зайырлық, парасаттылық, т.б. адамгершілік құндылықтарымыздың өлшемі «Ми», «Мизан»-ымыздың орнын басты. Бұндай ұғымы өзгеріп рухани азғындыққа бастайтын сөздерді, жалған атауларды қуа берсе, талай зиялы қауымымыздың басына болашақ жастарымыздың тілдері тимесін деп тек аз ғана мысалдармен шектелгеніміз де дұрыс болар.

         Сондықтан «Жастарға қаталдық тән, үлкендерге жұмсақтық тән» екенін де естен шығармай, жастарымыздың арымыз бен намысымыздың әлемге ардақтап, ұялмай көрсететін, сөз жалауы Абай-Шәкәрімдей ғұламаларымызды және дініміздің әлем алдында тура жолдың толық нұсқасы екенін, болашақта ұлттық санамыздың қуаты болып, әлем алдында кеудемізді көтеріп, тіліміз бен сөзіміздің де, салт-дәстүріміздің де туын көтеріп, абыройымызды асқақтататын Ясауидей әулиесін түсініп оқитын дәрежеге жеткенінше мұндай жалғандықтан арылып, тәубеге ертерек келген абзал болар; «Ештен, қашанда кеш жақсы, ағайын!».   Біздің мақсатымыз, ой, сөз, тіл бірлігін қалыптастыратын Ясауидей бүкіл діндер және Құран насихатын үш дәптерге сыйғызып, әлем сөз ғылымы мен жан сырының барлық негізін қамтыған еңбегін әлемнің мақтанышына айналдыру. Және ол үшін де Абай-Шәкәрімдей қазақтың  ары мен намысын құран насихаты арқылы қара сөзге өлеңмен шапан жауып, орыс классиктерін де құран аяттарымен сандық ғылымымен сөйлеткенін және інжіл құндылықтары мен христиандардың ғалымдары да түсінбеген інжіл аяттарын да тәпсірлегенін дәлелдеп жарыққа шығар күн де туар. Әлем мақтанышы қазақ аталарымыздың біздерге қалдырған өлмес мұрасы отырар кітапханасының да есігін ашар күн де туар! Сонда осындай ғалым ағаларымыз осындай жазған шатпақтарынан, берген пәтуаларынан өздері қайда барып тығылып, халықтың бетіне қалай қарайды деген бауырластық, жанашырлық ретінде ғана «Оян қазақ! Ата жол келді ауылға!»деп ескерткім келеді.  Сондықтан да ата жолының яғни Ясауи бабамыздың Құран аяттарының құпия жан, рухани негізді  сырларын басынан аяғына дейін қамтып тура жолдың айнымас ізін салып кеткен және бүкіл діндердің бірлігін қамтамасыз ететін сырларын түсіндіру үшін де арап танушы дін ғалымдарымыздың жоғалтқан және құранды теріске алып, ислам дінін бөлшектеген зұлымдық қателіктерін, рухани бар дүниемізді басынан аяғына дейін тек шолып шығу үшін де осындай 7 кітап жазу керек болды. Бұл басылым осы уақытқа дейін білімді қоғам мүшелерінің арасына таратылған 4-кітаптың қосымша түсіндірмесі және жазылғанмен аруақтардан әлі таратуға ұлықсат берілмеген 5-ші кітаптарға аралық (6-ші) жалғану болып, құдай қаласа  7-9-шы кітаптар да ислам ғалымдары түгіл христиан ғұламаларының жоғалтқан және кітаптарын (жүректерін) теріске алған қателіктерін Құран аяттары түзетіп және қорғайтынын және барлық түсірілген кітаптардың негізгі жинағы, ғылым аяттары екенін дәлелдейтініміз сөзсіз. Бұл кітапты барлық кітаптардың жалғауы қылып шығару себебіміздің өзі ел басшыларының халқымызға және әлемге келген сынақтар мен ескертулерден сабақ алмай, Киелі рухқа қарсы шығарған заңдарын түзетіп, шешім шығармай, өзге елдің жетегімен шариғат ісінің мекемесін құрып, халықтың маңдай терімен, қолының кірінен нәпақасын айырған екі жүзден астам қызметкер тағайындағанымен, олардың 4000-дай діни топтарды ешқандай жариялықсыз тіркей салуынан-ақ Құдай ісінен мүлде хабарсыз, Құранды да зерттемегендерін және осыған байланысты елімізге төніп тұрған қайғы-қасірет сынақтарды керісінше жақындата түсуге надандық шешімдері мен пайымдауларынан сынақтарға ғана себеп болулары сөзсіз. Халықтың өз қаражатымен өздерін рухани жазалау әрекеті деп те түсінуіміз хақ.

          Қарапайым бір ғана мысал оңтүстік жерінде болған су апаттары алдын ала белгісі берілгенмен, оны жеңілдету шараларын қарастыру орнына, дінде теріс шешім қабылдап және аруаққа қарсы шығып, ата жолын дүниемен өлшеп соттаған шешімдерін 100-деген есе мемлекет және халықтың қалтасынан төлеуге жәрдемші болуы да, әлі де енді сол зұлымдыққа себепші болғандардың жеке бастарынан жан құрбандығы мен азаптар арқылы төлейтін «уақ»-тың, мезгілдің басталып, мүмкін шамалы да болса жеңілдетуге, орға жығылудан бір пендені болса да сақтандырсақ, онда бұл еңбегіміз бекер болмағаны деген мақсат қана бар. Енді Тәңірлік 5 негізді сана қуатының «Бес ата»; Түктібай, Сарыбай, Сүйінбай, Жамбыл, Қайназар аталар болып бейнеленіп, Ақ ұлымыздың бастап кеткен еңбегінің жемісі Алатау тауынан келетін топан су апатының әзірге қырғыз елімен аралықта жуық арада болатынын және осы ескертулер алдын ала аруақтар арқылы ақпан айының аяғында хабар келіп, егер бұл жағдайды ел басшылары алдын-ала біліп отырса, қаншама тағдырларды сақтандырып, сынақтарын жеңілдетуге болатынын алдын ала жаратқаннан хабар алудан артық тура жолдың болмайтынын, мүмкін құлақтары созылған ел, дін басқарушылары біліп тәубеге келер деген үмітпен ғана көптеген осындай мәліметтердің бірінен ғана хабардар етіп отырған жайымыз бар. Бұл басылым олардың алдына жетуі де жетпеуі де мүмкін. Сондықтан да;«Ханның жақсы болуы уәзірлерінен» деп ескертіпті данагөй аталарымыз. Біздің жағдайымыз әзірге торғайдың шырылындай ғана. Және жаңа аяғын басқан мүшел жасқа енді толған ата жолын білімсіз қатындай, баласын тәрбиелеу үшін шырылдатып ұра беретін, сана-сезімі, діл білімі жетілмегендіктен, аян, уахидан ажырап, жүректері мөрленіп,  өз жанына, рұқына, таза дінсіз ақыл рухына Алланың сыйы заманға қарай түсірген нығметтеріне, аруағына арам, «шерік-шірік» деп қарсы шыққан өз бауырларымыздың мейлі қандайда дәрежесіне, тағына да қарамай әлі әлем алдында масқара болатын хабарлар мен жазылатын ақпараттардың бар екенін орта топтағы көкжиекті көріп өскен, тектілердің сынығынан қалған намысты ақын, жазушы және оқырман қауым біліп жүрсін деген мақсатпен және аруақтың адам баласының жаратқанмен арадағы қайғы-қасіреттен арашасы және бар келетін білім, ғылымның да қасиетті ақ бұлағы, ақ бастау «Ман» қуаттары болып табылатынынан аз ғана белгі бере кетейік. (Ар мен Уақ және Ман қуаттары атты 6-кітаптан үзінді). Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *