Ей балам, саған қарап ойланам,
Сәби кезің, томпаң қағап ойнаған.
«Кім болсың» туындады ой маған.
Бет пішінің атам түстес аумаған,
Бабаң басқан топырақ, өзің бүгін аунаған.
Былдырлаған тілдеріңнен байқалады
Аңғыртық,
Кім боларың болашақта сыр маған.
Әке тұрып ақыл айтсын баласына ұқтырып,
Кезі келер болашақта қабылдайтын
Жүк қыдлып.
Сен тұяқсың, жалғастырар ұрпақты,
Қазақ үшін тегін білмеу жат қылық.
Ата-тегің асыл мұра қазынаң,
Ата-дәстүр аманат жүк Жас ұлан.
Бабалардың өсиеті жақсылыққа жол бастар,
Қалыптасар болар бала жасынан.
Сезіледі бойыңнан сезімталдық қасиет,
Абай атаң айтып кеткен өсиет.
«Бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен
Қашақ бол»,
Жүрегіңе тұмар болсын, Адалдық ақ ниет.
Заманыңның ырғағымен құлаштағың кеңдікке,
Жоғары ұста намыс туың озбырлыққа
көндікпе.
Алалықтан ақ-қараны ажырат,
Қара қылды қақ жару санлады ерлікке.
Арман, мақсат алынбайтын шың емес,
Атақ, мансап ар жүгіңе тең емес.
Арық айтып, сынақтардан семіз шық,
Жота мен тау, Өзен мен көл тең емес.
«Кім боласың»-Кішік пе әлде ұлық па,
Төзімді бол ыстыққа да суыққа.
Адал пенде болу бала міндетің,
Жартушы Алла барын ұмытпа.
(2 мамыр. 2002 жыл. Тарыбаев Қыдырәлі.)