Ұлықпан хакімнің перзентіне айтқан 100 насихаты

Бөлім: Лұқман хақім 100-өсиеті 171

1-ей ұлым, әуелі ұлы құдіретті жаратушыны таны.
2-біреуге насихат айтсаң, алдымен өзің оны атқара біл.
3-сөзді жағдайға қарап сөйле.
4-адамдардың қадірін біл.
5-басқалардың пікірін тыңдай біл.
6-сырыңды құпия ұстай біл.
7-досыңды қиын күндерде сына.
8-қараниет, надан адамдардан алыс жүр.
9-досыңды пайда, зиян алдында сына.
10-дос болуда дана, ақылды адамды талда.
11-жақсы істі бар зейініңмен істе.
12-әйел адамға өте сеніп кетпе!
13-үнемі данышпан адамдармен сұхбаттасып тұр.
14-сөзді негізімен (дәлелімен) сөйле.
15-жастығыңды қадірлей біл.
16-жас кезіңнен бастап екі дүниенің жұмысын тең істе.
17-дос-жарандарыңды қадірле.
18-дос -дұшпаныңның алдында екі беткейлік қылма.
19-ата-анаңды қадірле.
20-ұстазыңды ата-анаңнан да артық сыйла.
21-ақша жұмсауда кірісіңе қара.
22-әрқандай іс істеуде өзіндік қыбланамаң болсын.
23-асыл қасиеттілік алға бастар ұраның болсын.
24-қонақ күтуің қағидалы болсын.
25-біреудің үйіне барғанда көз, тіліңе көңіл бөл.
26-киіміңді, денеңді таза ұста.
27-жамағаттан (қауымнан ) алыстап кетпе.
28-перзентіңе ғылым -білім үйрет.
29-мүмкін болса перзентіңе атқа мінуді, мергендікті үйрет.
30-аяқ киімді оң аяқтан бастап киіп, сол аяқтан шеш.
31-бір адаммен бірігіп жұмыс істесең, сол адамды алдымен түсініп ал.
32-түнде сөйлесең мұлайым, ақырын сөйле.Күндіз сөйлесең маңайыңа қарап сөйле.
33-аз жеу, аз сөйлеуді өзіңе әдет қыл.
34-өзіңе жақпаған істі басқаға зорлап таңба.
35-алдымен ақы -амал ойлап, одан барып жұмыс бастауды үйрен.
36-оқып үйренбей тұрып, ұстаздық істеме.
37-әйел мен балаға сыр айтпа.
38-біреуден жақсылық дәметпе.
39-ақымақ адамдардан жақсылық күтпе.
40-әрқандай істе бейғамдық істеме.
41-бүгінгі істі ертеңге қалдырма.
42-істелмеген жұмысты бітті деп есептеме.
43-өзіңнен үлкен адамға қалжың айтпа.
44-өзіңнен үлкен адамды құрметтей біл.
45-амал бар басқаларға жаман көрінбеуге тырыс.
46-қажеті күшті адамдарды үмітсіздендірме.
47-өтіп кеткен көңілсіз істерді қайта ойлап жүрме.
48-басқалардың жақсылығын өз жақсылығыңмен араластырып алма.
49-қаншалық байлығың барлығын дос-дұшпаныңа білдірме.
50-туыс-туғандардан алыстап кетуден сақтан.
51- жақсы адамды өсек арқылы еске алма.
52-өзімшіл болудан сақтан.
53-халық жүрген жол болса, сен де ілес.
54-қолыңмен ауыз-мұрныңды шұқылама.
55-адамдар алдында тісіңді шұқыма.
56-мұрныңды қатты сіңбірме, дауыстап қақырынып түкірме.
57-есінесең қолыңмен аузыңды жап.
58-басқаларға қарап керілме.
59-саусағыңды мұрныңа тықпа.
60-маңызды сөзге қалжың араластырма.
61-біреуді басқалар алдында ұялтпа.
62-ишарат арқылы басқалардың айыбын ашпа.
63-бір айтқан сөзіңді қайтадан қайталама.
64-басқаларды әдепсіздікпен күлдіруден сақтан.
65-өзіңді және жақын досыңды басқалар алдында мақтаудан сақтан.
66-өзіңді әйелдерге ұқсас жасама.
67-балаларың не айтса, соны істеп берме.
68-тіліңді ая.
69-сөйлеген кезде қолыңды ербеңдетпе.
70-барлық адамды құрметтей біл.
71-білімсіз адаммен сырласпа.
72-өлген адамды жамандаумен еске алма, оның пайдасы жоқ.
73-амалдың барынша басқалармен ұрыспа, кек сақтама.
74-басқалардың күш-құдыретін сынаушы болма.
75-ұлы адамдардың сынын есіңе мықты ұста, күмәнді көзқараста болма.
76-өзіңе тиісті нанды басқалардың дастарқанында жеме.
77-жұмысты жүрді-барды істеуден аулақ бол.
78-мал-дүние үшін өзіңді өте қинап кетпе .
79-кімде-кім өзіңді танымай қалса да, сен оны таны.
80-ашуың келгенде сөзді абайлап сөйле .
81-шапаныңның етегімен мұрныңды сүртпе.
82-күн шыққанға дейін ұйықтама.
83-басқалар алдында жалғыз нәрсе жеме.
84-үлкендердің алдына отырып алма.
85-басқалар сөйлеп жатқанда сөзін бөлме.
86-басыңды салбыратып отырма.
87-көшеде жан-жағыңа жалтақтап жүрме, алдыңа түзу қарап жұр.
88-амал бар жайдақ атқа мінбе.
89-қонақтың алдында басқаларға ренжіп ашуланба.
90-қонақты жұмсама.
91-қайыршы және мас адаммен сөйлеспе.
92-маңайыңдағы жалқау, қолынан іс келмейтін адамдармен бірге отырма.
93-пайдалы деп абыройыңды түсірме.
94-менменшіk, тәккаппар болма.
95-басқалардың саған қошамет көрсетуінен қаш .
96-ұрыс-төбелестен, басқаларға қайшылық тудырудан аулақ бол.
97-пышақсыз, жүзіксіз (ерлерге алтын істету һарам) және ақшасыз жүрме.
98-өзіңді өте төмен санама.
99-өзіңді қарапайым, әдепті ұста.
100-алладан қорық, басқалар үшін жақсылығыңды аяма,біреудің мал дүниесіне көз қызартпа.
Ұлықпан хакім және былай дейді: насихат туралы үш мың нақылымның ішінен үш кәлимә талдап алдым, бұл үшеудің екеуін есіңде мықты сақта, ал біреуін ұмытып кет, есіңде мықты ұстайтын екеуі:1-алланы ұмытпа,2-өлімді ұмытпа, ал ұмытарың басқаларға істеген жақсылығыңды ұмыт!!!

2 thoughts on “Ұлықпан хакімнің перзентіне айтқан 100 насихаты

  1. «Ей, улым Аллаhка серik коспа! ОйткенI ceрiк косукосу ен улкен зулымдылыкзулымдылык» Лукман суресI 13 aят.

    1. Атың ереке болғанмен, Абай атаңды да тани аламай жүріп қалай әлемнің бәрін жаратқан Аланы танып оған қандай қуат. жарықтың серік- ұқсас болатын білесіңдер? Бұл адамзатың әлі ақылы жетпей жатқан метафизиканыңда бір сыры ғой, айтып беріңдерші өтніш, дінші, масһабшылар?!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *