Ұшқыштың қоштасуы

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №1 112

Таңдадым арман қылған мамандықты,

Болсам деп елдің қорған азаматы.

Талай жыл қиын-қыстау сынақтармен,

Бола алдым  отаныма мен бір сақшы.

Меңгердім мамандықты ұшқыш атты.

Мінгенім тұлпар тұлпар құс қанатты

Отанның көгін барлап ұшып тұру,

Қызметім шарасы осы сақтық атты.

Түн бүгін неге сонша тұнжыр еді,

Жүрегім әлде нені сездіреді,

Соғасың бүгін неге тыншсыздау?

Әлде жаудың бар ма бір дерегі.

Көмекшім қасымдағы болған  серік,

Талай жыл көке бірге шыққан еріп,

Қанша рет көкті самғап шарлағанбыз

Жаныма бір кемеде берген көрік.

Білемін іштей мазсыз бір сұраудың,

Тұрғанын айта алмай маған сеніп.

Осылай көтеріліп  талай көкке,

Қаупіде болатын рас бір  құлаудың.

Көтердік аспанға самғап ұшақты,

Жер бетін қараңғылық  тұмшалапты.

Қаперсіз халық ұйқы құшағында,

Төменде жыл-жылт еткен от боп жатты.

Япырмау бұған қандай амал бар ма?

Ұшақтың басқарудан қалғанына

Айналып төмен қарай бара жатты,

Төмендеп  ауылға қарай бармағы ма?

Серігім жан жолдасым аман қалшы,

Артымда жар балама сәлем айтшы,

Сен құтыл менің жаны пида болсын,

Құласа да ауылдан жырақ болсын.

Осылай іштей ойлап бердім үкім,

Сен секір, сонан кейін менде жетем.

Секірген жолдасымды көріп кейін,

Құтқару енді ауылды болды шешім.

Қас қағым сәтте алдымнан өтіп жатты

Бал дәурен, есейгендік барлық шағым,

Құдайдың маған берген соңғы сәті,

Дегендей тіршілік ізің, алған тағлым.

Әй адамдар, ойланыңдар арыңа ал да,

Қамсыз басып, асықпай мұрша берген,

Тіршілікте жерді басып тіке жүрген,

Біл құнын адамдықтың жаның барда.

Бұл өмір қысқа осындай шолақ екен,

Жаның сенің құдайлық қонақ екен.

Бар өмірің ажал келсе үкім болып,

Мезет боп тарыдай қауызға да сияды екен.

Қоштастым осылайша бал дәуренмен,

Қош бол деп және кетті жігіт дәурен.

Соңынан келді жарым, бала шаға,

Аманатым сендерге  адамдық үлгі ғана.

Қош бол елім артымда қалған халқым,

Өлсемде арманым жоқ енді менің.

Жерлеңдер туған жерге тамған қаным

Ұлы деп күзеткен көгін туған елдің.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *