Үш істің намазы мұсылмандық қарызың

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №1 60

Намаз, деген, сөзді атаған тек дінің ісі,

Атау сөзді  егеленген тек дінші кісі.

Намаз, деген бұйырғаны жаратқаның,

Заманың талабына қыл деп жұмысты.

Бір патша ел басқарған даналықпен,

Заңдарын дінмен беріп әділдікпен.

Намаздың мәнін терең білдірмек боп,

Дұрыс жауап бергенге, сый бермекпін.

Халайық сендерге, бар қоятын сұрақтарым,

Үш нәрсені күні бұрын, білсе жауаптарын.

Амалын біліп,  үш істің орындаса талаптарын,

Құдайдан алады, деп міндетті сауаптарын.

Бірінші; білсең қай істі қай уақытта,

Екінші; ең керекті кісіні біліп таңда.

Үшіншіден; ең керекті амалды орында

Осы үшті меңгерге қонар бағы сонда.

Бірінші сауалға, халық көп жиналыпты,

Жауабын беріп түрлі пікір сөз айтыпты.

Күн сайын, жұма сайын, ай сайын, деп

Жазып жүрген дұрыс істерді, деп айтыпты.

Бірі айты, мұнан қандай пайда болар,

Қай істі, қандай жағдайда кезі келіп,

Намазын қалай пенде біліп, болжар.

Дұрысы, ойлап істеу, істерді реті келіп.

Бірлері, патша өзі ойлап шешсе қателесер,

Білімділер жиналып, кеңеспен дұрыс шешер.

Ал, кей істер бар жайбарқатты көтере алмас,

Және тез шешімді істер бар, болжай алмас.

Бұндайда бақсы балгер, дінші абыз,

Ақылы керек,  діндегі істері бар парыз.

Сондықтан ең керекті кісі болсын абыз,

Мүміндер  намазынан болған қарыз.

Деді молда, бірі доқтыр, бірі уәзір,

Әлемнің  үлгісін керек, барлық тәуір.

Бұл жауаптарға, халық дауын айтты,

Басқару керек, деді заңмен қатты.

Ал, үшінші сауалға, керекті істің

Дауласты әркім ұсынып маңызды істі.

Молда айты; ең керекті іс, намаз оқу,

Ғалым шықты, маңызды  іс, білім тоқу.

Кейбіреулер өнер, деді өлең айту,

Бірлері айты; күштіліке керек жаттығу.

Дегендер және болды бізге керек,

Өзге елді, байлық жинап, таң қалдыру.

Патшасы, бұл елдің болған дана,

Таппағанын елдің жауап бұл сауалдарға.

Барып сұрап, алмақшы болды тақуадан,

Құлшылықпен жатқан таудың арасында.

Естіген, ол кісінің қабылдап, ақыл берер,

Сәнденбей, шаруаның киімін киіп барып,

Сұрсаң, жол көрсетер, қиынан ақыл тауып,

Осылай, патша жолға шықты, тауға алыс.

Көреді тақуаның жүргенін қазып жерді,

Алыстан байқады, ағашты егіп жүрді.

Жауапсыз сұрағына патша ағзамның,

Жұмысын жалғастырған, қазып жерді.

Патша айты шаршадыңыз енді маған,

Беріңіз, деді маған күректі жерді қазған.

Қолына алып күректі, еңбек қылды

Болдырғанша жер қазды, патша ағзам.

Күн батты әлі жауап болмай сұрағына,

Патша айты; кеш батты, мен қайтамын,

Болмаса да, менің сауалыма жауабың да

Жазсын, деп Құдай бұл ісімді сауабыма.

Сол кезде, тақуа қолымен көрсетеді,

Алыстан келе жатқан бір пендені,

Бүйірін қолмен басып келе жатқан,

Кісіге жәрдем бер,- деп ескертеді.

Патша ағазам, оны көтеріп үңгір кірді,

Жарасын жуып, тазалап, байлап берді.

Сол кезде, есі кіріп,  жаралы ердің,

Кешіріңіз, патша ағзам, дегенін естігенді.

Мен сені танымаймын,- деді патша,

Не үшін, кешірмекпін сені сонша?

Жаралы, бұл жағдайдың айты сырын,

Өлтірмек боп, аңдығанын іздеп қанша.

Тартып алып, бар мүлкін және жерін,

Өлтірткен патша ол кісінің әкесін,

Қаңғытып мұны кедей қылғанан соң,

Жүргенін жол тосып, алмақшы кегін.

Патшаның жасырынып жолға шыққан,

Жасауылдар іздеп арттан келе жатқан

Аңдып жатқан мұны  байқап қалып,

Сақшылары өлтіруге садақпен атқан.

Құл болып, енді сізге мен қарыздармын,

Өлер ем, мені сіз емдеп таңбағанда,

Артымдағы баларыма да табыстармын,

Осыдан жазылып егер жаным қалса.

Патша да дұшпанымен арыздасты,

Кеш, деді күнәмді, қайтармын қарыздарды.

Доқтыр жіберіп, жарадан жазғызымын,

Және өтеуге шығынды сарайға алғызамын.

Ал, енді, деді менің берген үш сауалға

Қандай жауап бермексіз,- деді тақуаға.

Үш істің мезгілімен орындап намазында,

Алғансың,- деді, бұл істердің жауабында.

Егерде, сен менің жанымда қалмағанда,

Қолыңа күрек алып, жерді қазбағанда,

Ерте қайтып, жолға шығып кеткеніңде

Тап болар едің, дұшпанның  оқ ажалына.

Сондықтан, нағыз мезгіл бұл ісіңнің,

Болысқан кезің еді, керекті мезгіліңнің.

Құдайдан себепші боп, мұндай іске,

Мен болдым, ең керекті болған кісің.

Онан кейін, ең керекті  болған уақыт,

Және де ең керекті болған ісің,

Жаралының, дер кезінде қанын тыйып,

Және саған керекті болды осы кісің.

Бұл өмірдегі ең керекті болған уақыт,

Бүгінгі мезгіл болды, болған бақыт.

Құдайым ерік берген бос қып қолды,

Тәубені нәсіп қылып, бақ боп қонды.

Ерікті қылып босатып, бір Құдайым,

Мені іздетіп әкелген тілдестірген,

Ең керекті де дұспаныңа  кездестірген,

Орындатқан намазды  міндеттеген.

Жазылмаса бұл дұспаның, арыздастың,

Кешірімен, тәубеңе келіп, мақұлдастың.

Жазылса егер, ең жақының туысқаның,

Махаббатпен құлшылығың, болған хақың.

Негізгі орындайтын намазың ісің болды,

Адамзатқа бұл намаз  міндет болды

Жақсылықпен жамандықты кетірумен,

Үш істің басын қостың, енді иман толды.

***     ***      ***

«Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті.

Адамзатың бәрін сүй бауырым деп,

Және хақ жолы осы деп әділетті.

Осы үш сүю болады имани гүл,

Иманның асылы үш деп міндет деп біл.

Ойлан дағы, үшеуін таратып бақ,

Басты байла жолына, малың түгіл.

Дін де осы, шын ойласаң, тағат та осы,

Екі дүние бұл шындық-хақтың досы.

Осыларды бұзатын және үш іс бар;

Пайда, мақтан, әуесқой-онан шошы.

Руза, намаз зекет, хаж- таласыз іс,

Жақсы болсаң, жақсы тұт, бәрін тегіс.

Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төрті

Қылғанымен татымды бермес жеміс.

Бас жоғары жаралған, мойын төмен,

Қарашы дене біткен ретіменен.

Істің басы-ретін танымақтық,

Иман білмес тағатты қабыл демен.

Имамдар ғибраттан сөз қозғаған,

Жақсы оймен иманды білді ойлаған.

Иманың тазалығын жақсы ұқтырмай,

Сыртын қанша жуса да іші оңбаған…

Мүмін болсаң, әуелді иманды бол,

Пендеге иман өзі ашады жол,

Шын илан да, таза ойла бір иманды,

Мұнафиқ намаз қылмап па, мағлұм ғой ол.»

Бұл мысалмен, Абай ата мүміндіктің,

Тәубамен жан тазармай, сыры іштің,

99-махаббатың, таспихпен берген сырдың

Иманың намазы, махаббаты үш сүюдің.

Ақылына, Абайдың табыну болған хақың,

Үш сүйюмен, махаббатқа жалғанбақсың.

Үш сауал,- деп бұл насихатын ата жолдың,

Баяндайын және Шәкәрім әулие аманатын;

«Адамшылық іздесің, бұл жолға түс

Алдау қылма біреуге қиянат-күш!

Жетілсең де жемтік жеп ел зарлатпа

Ар-ынсаптың сүйгені-таза жұмыс!»

Пайда, мақтан, әуесқойлық қиянат-күш,

Масһабың Құдай ісінсіз болмас дұрыс!

Құдай ісі, үші істі меңгеру, болған хақың,

Қазағым осы еді ата жолың аманатың!

Абайдан бұл аманат саны қалды,

212 атты құранның аят мәні барды.

Бұл мәнді жүйелеп көр, дәрежемен,

Мүміндік 23 пен 32 саны болды.

Ата жолы, сырын енді білгің келсе,

Абайдан қара сөздің мәнін көр де,

Құраннан аят, хадис санмен белгі,

Насихаты, ата жолдың, діннен үлгі.

Ел басшы, дінде басшы, ғалымдар көп,

Дін ісін, Құдай ісінен айырғаны жоқ.

Дін ісін, шариғатты жол атағанмен

Құдай ісі ата жол дәстүрсіз иманда жоқ.

Ел биліктің мақтаны игі жақсылар бар,

Дәстүр-салтын артында қалдырғандар,

Үш сүйюдің намазын түспен білмей,

Ата жол, хикметін қудалады көзіне ілмей.

Ата жол, мезгіл ісі, Құдай түсірген,

Заманның намазы еді, елің сүйген

Пенделерді арамнан тазарт деген,

Кісіңе жалған, деген кітап білген.

Әлемнің барлық халқы таба алмай,

Замана намаздарын орындай алмай.

Жиналып жыл сайын кеңес құрған,

Дегендей, жол көрсетер кісің бар ма ай?!

Мақтаны бар, ел биліктің бермес пайда,

Шақырғамен әлем жұртын әрбір айда,

Ата жол аманатын күшпен тиып,

Шайтандық заң шығарып қылған айла!

Құдайдың азабы, лағынеті күнде түсіп,

Жесір мен жетім саны жатса да өсіп.

Ел билікпен, жақсыларға болды мақсат,

Естілік намаздары, тек шенмен атақ!

Осындай, қазақ елім заман болды,

Сансыз білім меңгергендер дана болды.

Сананы бастан іздеп, рух деп жанды,

Имамың қырыққа толмаған бала болды.

Жабылып билік, дінші хазірет ақындарың,

Ясауи, Абай-Шәкәрімдей асылдарын,

Надандар ашқызбай қойған ақиқатын,

Әлемнің тура жолы білімін хақиқаттын.

Дінші, ғалым кітап артқан есектерге,

Санасызға санмен айтып түсін дейтін,

Арсыздық салтыңа көтерген етектерді,

Қияметі Құдайдың, 7 жылдық есеп келді!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *