VII-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

Бөлім: Иман және сенімділік туралы түсініктер 99

Қандайда бір халықтың тарихи дін ұстанымымен белгі қалып оны; Әдет-ғұрыптар деп атаймыз және мұндай ғұрыптардың да ата бабаларымыздың жаратылыстың себептерін меңгеруге, түрлі рухани қуат, күштермен байланысты өмірлік тәжірибесінен, Алланың болмысын мойындаудан туындағаны да хақ. Сондықтан пайғамбарымыз; «Сендер ата-бабаларыңның ғұрпын сақтаңдар. Олар кесірткенің ініне кірсе сендер де кіріңдер» деп ескерткенде сахабалар; «Бұрынғы аталарымыз християн, яхуди болса да ма?» деп сауал қойғанда «Ия» деген жауап болған екен. «Әр үммет үшін үшін, олар орындайтын бір ереже жасадық. Бұл іс (шариғат) жайында тартыспасын. Раббың жаққа шақыр. Сен әлбетте тура жол үстіндесің» (22-67) Енді біздер тіліміз араптан мүлде қарама-қарсы бөлек ұлт болғандықтан үмметтік сипатымыз бөлек болып өзіміздің ұлттық ғұрпмызды ана тіліміздің сөз байлығын жетілдіру арқылы біртұтастық үмметтік намаздарына келуіміз керек. Сондықтан да аятта; «Сондай қарсы болғандар: «Оған Раббынан бір мұғжиза неге келмейді?»,-дейді. Шын мәнінде сен бір ескертушісің. Сондай-ақ әр елдің бір жолбасшысы бар.»  Олай болса, пайғамбарымыз әрбір үмметке мұғжиза келтіруші  елшілікті емес, адамзатқа ортақ пайғамбарлықты діннің жаңадан қосылған құлшылықтарын көрсетіп, түсірілген кітаптарының аяттарын оқушы, ескертуші болғанын, ал әрбір үмметтің өзінің жолбасшысы, елшісі болатынын ашық ескерткен. Әрбір халық үмметтік тұрғыда мұндай жаратқанның игілігіне,тура  жолына түсіретін даналықты жасағаннан тілеп алып қадірін білмесе тарих та мұны талақ етеді. Себебі; Адам өзін тану арқылы ғана әлемді таниды. Әлемді терең тану, жаратушы хикметін сезіну арқылы ғана өзінің бойындағы кейбір қасиеттердің, таңба белгілердің болуына байланысты ұқсастықтарына назар аударумен ұғымды болып, ақыл арқылы иманын өсіре алады яғни нұр зейнетін көктен алып, келтіреді.

Ал өзін тану дегеніміз ата-анасын тану, олардың қасиеттерін, мирас аманаттарын меңгеру, ұлтының ерекешелігін тану, ол үшін тарихын, ұлтына келген ғұлама, даналарының еңбегін меңгеруге тырысып табыну арқылы ғана өзінің ішкі рухани дүниесінің сипаттарын түсініп, сол арқылы ғана әлемді де, жаратылыстың құпияларын, адамзаттың жалпы жаратылу себептерін тануға мүмкіндік алады. Осындай танымның негізінде ғана біздің сеніміміз бекіп, жетіліп, түрлі сынақтардан өтумен, рухани қуатқа, күзетшімізге, періштелік  серігімізге айналады. Сондықтан діндегі «Серік қосу» деген ұғымның біздің сенімімізге, жаратушымызды тануға деген қалыптасқан дін ниетіміздің жағдайына байланысты болмақ. Біздің сенімімізден ғана денсаулық атты байлықтың туындайтыны қалыптасатыны да сөзсіз. Мұндай жағдайда қандай да бір дінде серік қосушы болған пенденің денсаулығы қалыптаспай, естілігі жетілмей азапқа душар болуы да керек. Олай болса, қандай жаратылыстың да табиғатта ұқсасы үлгісі болуы да шартты жағдай. Сенім иманды сақтауға, оның өсіп, жетіліп, қуттанып өнім беруіне деген жағдайдың құлшылық амалдардың дұрыс орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Барлық жанды жаралыстың ұрықтан бастап өсіп-өнетініне күмән келтірмесек, онда  бұл жаратылысқа жұмыртқаны немесе кез-келген өсімдіктің ұрығын, дәнін алып салыстыруға болады. Жұмыртқаның сыртқы қабы және оның ақ уызы мен арасындағы жұқа киімімен ортасында сары уызы барын, төрт түрлі белгіден тұратынын да білеміз. Сенім дегеніміз сыртқы қатты қабын-денесін қалыптастырып, ал оның ішкі иманының қуаты жарықпен қосылған нәтижесінен біздің тағдырымызда және түрлі себептердің әрекетін, қарсылығын ұят, имандылық тәрбиесін сақтау арқылы сенімімізді бекітіп барлық ішкі дүниеміздің қасиетінің белгісі, сырттан енетін барлық қара қуаттармен жамандыққа  қарсы тұра алатын Ар сауытын —  рухани киімімізді қалыптастырамыз. Сыртқы ар сауытымыздың бекуімен ғана оның ішкі жұқа киімін «үлдесін» сана деп атап, ақ уызын бір ақылдық қуатты баурап тұратын және ішкі сары уызы болған иманмен де байланыста тұратын үшінші жағдайда қалыптасатын  адамзаттың құдайлық рухани таза ақыл өнімі деп атауға  болады. Сонымен  бұл үшінші нәзік тері сияқты кітаптық материяның қалыптасуы да иманның сары нұрмен яғни  Раббымыздың белгісімен, бір ақылдық қуатпен байланысты болады. Ақылдың негізі 4 ақылдық қуат екенін және мұның қарсылығы да сенімімізге, дінге байланысты болып, оларды білімді жетілдіру арқылы тазартып бір ақылға айналдырумен меңгерсек, ал иманда мұндай діннің әрекеті ішкі қайшылығы болмайды деп түсінген жөн. Сондықтан біздер әуелі сенімді меңгеру арқылы иманды болмаймыз, керісінше имандылық арқылы ғана дұрыс сенімнің бағытын дінімізді таңдап ала аламыз. Қандай құранның аяттары болсын, дін кітаптары болсын әуелі иман келтіріп, яғни иманымызды танып барып, сонан кейін құлшылық істерінің орындалуын екертіп отырады. Сенімнің  құрлысы, сипаты, жарықтық жағдайына келсек;  біздің сыртқы денеміздің бой жарығымыздың тұтастығын қалыптастыруға біздің ғайыпқа, құдайдан келген парыздарды мұқият орындап, барлық адамзатқа келген пайғамбарлар арқылы түсірілген ескертулерді де иманымыздың және ақылымыздың таразысымен өлшеп, орындай білуге де байланысты болмақ.

Сондықтан да біздерге иман қуатының белгілі мерзімге дін уақиғаларына ғана байланысты шамасына байланып, оған ақылымызды негіздеп алсақ онда  әлемдік тұрғыдағы барлық жаратылыстан біртекті хабарға жалғанатын санамыз жетілмей қалмауы да хақ. Ол үшін де,  негізгі келген барлық діндердің құлшылығын имандық қуатын меңгеру үшін де діннен төрт кітап түсіріліп, оның жұбымен жалпы 8 дінді Алла тағаланың сегіз сипатынан ақиқатынан белгіні өзіміздің рухани қабымыз, жаннат үйіміз, денемізге айналдырып,  бірлеуді ислам деп атаймыз. Ислам діні құранда 5 сүремен ғана жүйеленіп, қалған 109 сүренің әлемдік уақиға, діндерден пайда болатын аятта; «…Бүгін кәпірлер діндеріңнен тосудан күдер үзді. Олардан қорықпаңдар, Менен қорқыңдар. Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым. ..» (5-3) Исламның бес парызы деген осындай дін ғалымдарының  құранды сандық тұрғыда зерттеуінен туындап, бірақ кейіннен адасушылыққа бой ұрғанын да құран аяттары ашық дәлелдермен ескертіп тұрғаны сөзсіз. Бес парыздан және негізгі 4 түрлі рәсімдік құлшылығының иман келтіруге, саналықты меңгеруге байланысты исалмдық рәсімдерден тыс тұрғанын және  3 түрлі махаббатпен құлшылық қылуды Абай атамыз да ескертіп кетіпті. «Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және хақ жолы осы деп әділетті. Осы үш сүю болады имани гүл, Иманның асылы үш деп сен анығын біл. Ойлан дағы, үшеуін таратып бақ, Басты байла жолына, малың түгіл.  Дінде осы, шын ойласаң, тағат (ғибадат) та осы, Екі дүние бұл тасдиқ (сенім)-хақтың досы. Осыларды бұзатын және үш іс бар: Пайда, мақтан, әуесқой-онан шошы. Руза, намаз, зекет хаж-талассыз іс, Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс. Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төртті Қылғанмен татымды бермес жеміс.» (212-ші өлең) Дана  бабамыз бізге 7 түрлі діннің әрекетінің алғашқы үшеуін бекітіп жемісін алмай, тек  сенім мен әуесқойлыққа түсіп, мақтан іздеп адасатынымызды ескертіпті. Мұны да ислам ғалымдары «Иман, Ислам, Ихсан» деп атаған. Демек исламдық рәсімдерді меңгеру үшін де иманның міндетті бекітуін, намазын білу де керек. Иманды меңгеру арқылы біз исламдық сенімділік құлшылығын аламыз да сонан біз «ихсанмен» нәтижесін жемісін жейміз. Ал, Ихсан- Патшалық (орынбасарлық, халифалық), өсіп-өркендеу деген ұғымды білдіреді. Олай болса, сенімділікті жетілдірумен ар білімін меңгеру арқылы жоғары саналыққа жету және иманның гүл бақшасын өсіріп өркендеумен ғана діннің хақиқаты айқын болмақ екен. Сонымен Алланы жаннан тәтті сүюдің намазын қазақта, «Малым жанымның, жаным арымның садақасы» деген. Алдыңғы бөлімде Шәкәрім атамыздың ойшылдығынан;  «Әрине, адам оқып, білім үйренуі қажет. Білімсіз-ғылымсыз өнер табылмайды. Сол алған білім-өнерлерін адам еңбекпен жаратылыстың мол байлығын пайдалануға салса, табылмайтын нәрсе жоқ. Сол тапқан байлықты барша адам баласының керегіне, пайдасына жарату керек. Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады. Ал арлы, ақылды адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтанды білмейді және істемейді. Осы үшеуінің басы қосылса, адам жақсы өмір сүріп,  бірімен бірі тату тұруында сөз жоқ…» Олай болса біздер ғылым, білім арқылы ақылды жетілдірумен, мейірімділікті, махаббат пен қайырымдылықты, адалдық, ақ жүректілікті меңгеру арқылы ғана арлы-намысты текті аталып, осы үш түрлі сүюді меңгеруге, 4 түрлі исламның құлышылығын да орындап оның нәтижесі үш байлықты; «Денсаулық, ақ жаулық, он саулықты»  қалыптастыруымыз керек. Мұндай жағдайда САНА атты құдайлық болмысымыз Мендігіміз қалыптасып, төртеуіміз түгел болса, төбеден таза ақылға үздіксіз жалғана аламыз. Ал «МЕН» -жүректе, ішкі сезімде, көктекте  ұждан періштесі болып қалыптасатын Алла  тағалының 8 сипатының бірлігінен;«Өзі» сипаты болмақ. Абай атамыз; «Мен боламын демеңдер, Аяқты алшаң басқанға. Екі көзің аларып, Құр қарайсың аспанға. Бір ғылымнан басқаның, Бәрі де кесел асқанға. Өйткен адам жолығар кешікпей-ақ тосқанға.» (218-ші өлең) Бір ғылым иманның қуатын меңгеруден, сенімді жетілдіріп бекітуден ішкі жарығымыз сана болып бейнелетін бір ғылымнан хабар келтіретін қуатты меңгермей, құр намаз оқып, тақуалық жолына түсіп, алақанды көкке жайып құдайға жалбарына беруден бәрібір кеселге ұшыраудың да хақтығын білген жөн. Ал исламдық бес парыз құлшылығы  деген де негізінде жалғанмен ғана байланысты болып, сондықтан осындай жеті күндік әлемдік жүйені меңгерумен ғана 8-ші ар сауытымызды қалыптастырумен дініміз толық болып, намаздары да орындалуы керек.

Сонымен; 8-ші қабымызды 6-шы және 3-күн, чакраға қуат беруші өрісімізді ардың ақ бұлағы болып, мұның да 7 қабат киімі сауыты барын білген жөн. Ал біздер әйел, еркек өзара ғашық болып қосылуға ерікті болып және ұрпақтың өмірге келуіне жаратылуына себепші болғанмен, олардың мінезін, имандылығын бастан қалыптастырып жаратушы бола алмаймыз, себебі біз ұрықты, жүректі және мұны басқарушы «Мен» сипатын дайын күйінде бұрынғы өткен ата-аналарымыздан, жалпы жер бетінің адамзат өмірінен, ақиреттен ғана аламыз. Бірақ біз мендік иманымыздың негізінде рухани егін өсіріп, болашақтың ұрпақтарын ұрығын жарата аламыз және Алла тағаланың бізге түсірген көркем есімдерден 99 сипатына да ұқсатып, барлық белгісін де қалыптастыра аламыз, сонымен бірге оның жанын да иман арқылы өсіріп көбейте аламыз. Осы тұрғыда біз Алланың жер бетіндегі орынбасары болып аталамыз. Ал масһаб біліміндегілердің тек тәндік болмысты және бес күндік тағдырмен байланысты жалғандық ақпараттарды меңгеруді, тазартуды ғана қарастырып, ал иман арқылы өсіп-өнетін егінді және қылықтардың, ақыл, білімнің бейнесі, күрделі періштелігі, аруақтық өнімді өндіруден, соған байланысты имандық қуаттарды күшейтіп, жетілдіруден мүлде жаңылып, адасып тек сенімді ғана дін негізі құлшылығы қылып алған.

Ислам — діндердің бірлігі болып, сондықтан бұл соңғы нәтижені меңгеруге тура жолын көрсетуге Мұхаммед пайғамбарымыздың елшілік қасиеттің ең жоғарғы дәрежесі болып саналды. Мұхаммед пайғамбарымыз «Әмин»-сенімді аталғанын, бұл қасиеттің елшілікке еркекке ғана тән Ахметтік сипаты екенін де білген жөн. Ал  пайғамбарлық қасиеттің ана тілмен, ділмен байланысты ғана иманды меңгеріп, сеніммен екеуінен сананы өсіріп меңгеру болса және сана арқылы көмеспен Алла  тағаламен байланысқа жібіне жалғанумен, ал елшілік қасиет ар-намыс, сенімділіктің  жоғарғы қасиеті болып Алланың сүйікті құлдарына үнемі беріліп отыратын қиямет- қайымға дейін жалғаса беретін еркектерге ғана тән қасиеттілік болмақ. Неге десеңіз пайғамбарлық иманмен байланысты, оның негізі Адам ата- Хау анамыздан қабырға –таза ақ ақылдан (13+11)  бастау алып, біздер анадан туылып, ақ сүтімен осы қасиеттілікті иманды меңгеру  арқылы діл қылып аламыз. Жанның қасиеті метафизикалық ғайып болғандықтан, біздің заттық тәнімізбен жұқа перделер, жүйке жүйесі арқылы ғана байланыста тұрады. Ал жүйке жүйесі мен перделенген орындағы нейрон жарық түрінде бойымызда тән қабы- дене болып сыртқы ортаға, қарсылыққа айнадай шағылысып, ұрық қабының сипатын көрсетеді. Бәріміз адам болып саналғанмен, Адам атамыздай рухани жағдайда күнәсіз, қарсылықсыз тікелей жаратылған жоқпыз. Бірақ Адамға айналу үшін әуелі өлімнен өтіп, аруаққа айналып, осындай дәреже сатыларынан өтуіміз де жаратылыстың шарты болмақ. Адам ұғымының баламасы да Аруақ болып, метафизикалық бейнеміздің көрінісі екені де хақ.  Абай атамыз; «Адам ұғымы екі нәрседен; бірі-тән, бірі-жан. Осы екеуінің орталарындағы болған нәрселердің қайсысы жәбили яғни туа біткен, қайсысы кәсіби-еңбекпен табылған, оны білмек керек.» (43-сөз) деп ескерткен. Бұл жерде тән дегеніміз-Дене (денсаулық) физикалық болмыс деп түсіну керек. Себебі біздің тәніміз қатты заттық болмысымыз жануарлық болып, барлық қасиетіміз, қуатымыз жарық, иіс, жылу өрісі болып денені құрайды деп түсіну керек.

Сондықтан біздің туа бітті «жабили» қасиетіміздің қатарында «Мен», «Иман» деген қуаттардың болатынын да және біздің ұрықтан пайда болуымызға байланысты сенім қуатын әкеден аламыз да, сенім, ар, саналықтан киіміміз, тұлғамыз, денелік рухани бейнеміз, бірінші байлық денсаулығымыз болып қалыптасса, ал қанымызда ағзаларымызда анадан алған иманымыз, діліміздің ұрығы болуы да хақ. Сондықтан да біздер негізгі тануға, меңгеруге тиісті тегіміз, яғни ақиқаттың белгісі біздің жанымызда, рухымызда жаратылыстан таңбаланып қойылады. Және тәніміз заттық болмысымыз күнәдан қарсылықтардың әсерімен пайда болатын болса, осы тәнімізді еңбекпен жұмсартып, тер төгу арқылы ғана рухани тазарған сайын біз ақиқаттың нәзік жаратылысын сезіне алу қабілетіне ие боламыз да, жаратушы иемізден түрлі хабарлар алуға қабілеттілігіміз де жетіле бермек.

Енді мейлі сенім болсын, иман, сана және ар болсын бәрінің де өсіп-өнуі жетілуі де толық және «Бір» ақылға байланысты болмақ. Сондықтан құранда; «Алладан бұйрықсыз ешкімнің иман келтіруі мүмкін емес. Алла азапты ақылдарын жұмсамайтындарға береді.» (10-100) Және ақылды да жұмсау үшін оны өсіріп, жетілдіре де білу керек. Ол үшінде біздің жаратушыдан алған таза ақылдан сыйымыз, иманның негізі «Мен» деген өлмейтін мәңгілік жанды ақылымыз бар. Осы жанды ақылымыздың жүрекпен байланысты қозғалыс қаракеттердің бастауын «Сәжде» -Тану деп атап, жаратылыстағы барлық  жанды жаратылыстың иелерінің жаратушысын тануға әрекет қылып бой ұсынатынын, бірақ көбі тозақтық болатынын да ескертеді. Сонымен сенім дегеніміз замандық қозғалысқа, білімнің жетістігіне байланысты қуаттанып белгілі бір дінге, нанымға тәуелді болмақ. Ал, иманның негізі  адамзатқа ортақ махаббаттан болғанымен, жер ана рухымен байланысты болғандықтан бұл бақшаның өсіп жетілуі де сол жердегі тұрмыстық әдет-ғұрып, салт–дәстүрмен, ұлттың тілімен ғана суғарғанда жемісін беретіні де хақ. Ал сенім болса дінде  ортақ негізі болып, көктен келетін қуаттарды меңгеруге тәуелді болып, сондықтан исламдық тұрғыда араптың, парсының, түріктің немесе қазақтың да сенімділік ерекешелігі де болмайды.  Бірақ қарама-қарсылық жағдайда өз ұлтының иман бақшасын өсірудің дәстүрлік намаздарының болуымен ғана ерекшеленеді.

Олай болса Тәурат иманды меңгеру арқылы ғылым білім көзіне жалғанып, сананы қалыптастыруға негізделсе, ал Забур кітабы Ар сауытын қалыптастыруға, қарсылықтарды меңгеруге негізделген. Ал, Інжіл кітабы иманның қуатын жетілдірумен, көктен иман келтірумен, дарындылықтарды жетілдіріп даналыққа жетумен негізделген. Сондықтан Мұса пайғамбарымыз тікелей Раббымызбен тілдескен ғылым, кітап алған болса, Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарлар да даналықпен көргенділікті,  жын, шайтандарды  меңгеру, арқылы ар сауытын қалыптастыру, бақсылықпен байланысты. Ал Мұхаммед пайғамбарымыз осының бәрінің басын қосып, діннің сенімін негіздеп құлшылығын жүйелеген. Ал пайғамбарымыздың жасынан жүрегін періштелер арқылы тазартумен иманы толық болып, сондықтан жын болмаған деген үкім аят бар Раббымыздан. Иманның екі дәрежесі болып, бірі көктен Ғиса пайғамбарымыз арқылы келетін болса, екіншісі жерден Мұхаммед пайғамбарымыздың сенімділік үлгісін меңгеру арқылы жерден өндіріп көкке көркем сөзді ағаш қылып жалғаймыз. Сондықтан ақыл,  иман, сенім, сана, ар қуаттарын «Бір» қуатқа жүйелеген Мұхаммед пайғамбарымыз көкке жеті жолға Миғражға дейін көтерілген алғашқы елшіліктің жоғарғы дәрежесін меңгеруші әрі дінді толықтырған соңғы пайғамбар болып енді құраннан артық кітап және сенім тұрғысында дін түспейтіні ескертілген.

Иманды болу дегеніміз-Ақылды, пайымды, ізетті, көркі өзіне сай ізгілі, сабырлы деген мағыналарды береді. Алла тағалаға; Иман келтірдім дегеніміз; «Алла тағаланың осы бізге берген көркем есімдерінің бір сипатына сай боламын» деген уәдеміз, берген сертіміз болмақ. Аятта;  «Бәдәуилер; Иман келтірдік» деді. Мұхаммед оларға; «Сендер иман келтірмедіңдер. Алайда: «Мұсылман болдық» деңдер. Өйткені иман жүректеріңе кірмеді. Егер Аллаға, Пайғамбарға бағынсаңдар, ғамалдарыңнан еш нәрсе кемітпейді. Шүбәсіз Алла, аса жарылқаушы, тым мейірімді» де» (49-14) Мұсылман деген-мүмін жандар, дәстүрін сақтағандар болып ұғымдары тарқатылады. Олай болса, мүмін болу сенімнің беріктігімен, жаратушысын танумен байланысты болып, кез келген әлем халқының, кез келген ұлтының жаратушысын таныған тағдырындағы ізгілік жасауға, махаббатпен көбейіп, өсіп-өніп өркендеуге берілген жобасын, иманын жоғалтпаған пендесі де мұсылман болып табылады.  Құран әлемдегі барлық діндердің қысқартылған астарлы түрде Раббымыздың жараталыс, тозақ, жаннат қағидалары туралы насихаты, дін құлшылығының үгіті болып түсіндіріліп, бірақ иманның негізгі сырын Мұхаммед пайғамбарымызға арнаулы өсиеттер кітабы болып оқылғаны туралы аятта;«Мұхаммед саған осылайшы бір «Рұқ» уахи еттік. Сен, Кітап не? Иман не? Білмейтін едің. Бірақ Құранды нұр қылып, онымен құлдарымыздан кімді қаласақ, тура жолға саламыз. Расында сен тура жолға бастайсың.» (42-52) Сонымен пайғамбарымыздың иман туралы білімі жетілгеннен кейін ғана құранның ғылымын меңгерумен тура жолдың негізгі жол басшысы болып, пайғамбарымыздың шапағатына жалғанып батасын уахиын алып қана біз тура жолымызды тауып және құран ғылымын меңгере алады екенбіз. Сондықтан да пайғамбарымыздың құраннан бөлек алған жеке кітабының негізін аятта;«Мұхаммед оларға айт, «Әй Кітап иелері! Інжіл, Тәуратты және Раббыларың тарапынан сендерге түсіргендерді толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер!» Әрине саған түсірілген құран (хадистер) олардың көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме.» (5-68) Пайғамбарымыздың сүннеті мен және сол кездегі ғана мәлім болған құран аяттарының насихатына жүгінуден масһабтық білімдер қылып жеке дінге айналдырудан  ислам елдерінде азғындық болатынын ашық ескерткен. Олай болса қазақтың Ясауи бабамыздан тараған ілімнен пайда болған иманның насихаттарынының құранға дейінгі  Раббымыздан түсірілген кітаптардан, түп негіздерін салыстыра отыра ғылымын баяндап көрсек. (жалғасы бар) ) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихатын, кітаптарын және құран телогиясы мен Ясауи діни жолымен қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мыны сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *