VIII-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

Бөлім: Иман және сенімділік туралы түсініктер 69

Жаратушы иеміз; «Сендерге түсінікті болу үшін әрбір жаратылыстың нәрселерін парымен жаратым» деген. Пар, парлық, пар болу деген бірінсіз-бірі пайда бола алмайтын, көбейіп қосыла алмайтын, тіршілік ете алмайтын, белгілі бір талапқа да сәйкес бола алмайтын деп ұғынған жөн. Әйел мен еркектің жыныстық тұрғыда қарама қайшылығы да бір–біріне достығы да қастығы да пар болып жаратылып барлық әлемдегі нәрселер осы екі пар үшін қызметке пайдаға асуға ғана жаратылғаны да хақ. Енді рухани яғни көместік, ғайыптық, метафизикалық, физикалық, химиялық, биоөрістік тұрғыларда еркектің де әйелдің де рухани жаратылысының жұбы, пары болып; оны жандық және жындық қуаттық болмысы деп атаймыз. Сондықтан адамзат деп аталғанмен заттық тұрғысында да екі жыныстық ерекшелікпен, ағзалық қарама–қайшылықпен өзара бірігіп көбейуге бейім болса, рухани тұрғыда да екі сипаты болып; жындылық қуатпен  күш қуатты, өнерді, түрлі қарекеттік істерді меңгерумен байланысты да бейнеленуі болып және бұл көмес болмыстың да өзара қосылумен онан пайда болатын өнімі болуы шарт. Сондықтан да біз екі түрлі сипатта да өмір сүре аламыз, яғни адамдық жандық қуатпен басқарылуымен естілігіміз, ақылдылығымыз, қасиеттілігіміз, даналығымыз тұрғысында адам баласы болып аталамыз. Адам баласы болу үшін де біз жанмен басқарылуға жету үшін міндетті түрде ал жынмен басқарылу кезеңінен өтуіміз керек.  Бірақ әрбір адам өмірге жанды, адам баласы болуға барлық белгіні, құдайлық нығметті де сыйға алып келгенмен мұндай жоғарғы дәрежелі періште болып бірден қалыптаса алмайды және көбіміз бұл дәрежеге жете алмай жындылық тұрғысында ғана өмірден өтіп, бұл кедергіден асу үшін өмірге қайта келеміз. Біздің қандай жағдайда кім болып өмірге келсек те міндетті түрде екі рухани болмыстың қажетін өтеумен оларды бір тұтастыққа айналдырумен ғана Адам болуға құлшылық жасаумен жер бетінің ең қадірлі басқарушы тұрғыны болып саналамыз. Адамзат болып екі жыныстық ерекшелікпен бейнеленгенмен бірінсіз-бірі өмір сүре алмаудың да, көбейудің де, барлық жер бетінің істерін меңгеруде бұл екі рухани болмысымыздыңда өзара бірлігін және әділдік қарым-қатынасын сақтау үшін де ақылдың көмегімен ғана біз жоғалудан аман қаламыз. Жандық жаратылысымызда сезімнің басымдылығымен әйелзаттарында шайтандығы мол болса, ал жындылық сипатында жынның күш, қайрат, әрекеттің, қозғалыстың барлық сипаты болып еркектерде жындық қуаттың басымдылығымен ерекшеленеді де. Ал енді бұл екі қуаттардың жүйесін  өзара алмасуымен көбейтуге, рухани өнім алуға ақыл арқылы меңгеруге жаратушы иемізден екі түрлі қуаттардың жүйесінің ережесін қағидасын кітаптар арқылы түсіндіріп үлгісін көрсетіп, жақсылық пен жамандыққа ұшыраудың мысалдарын насихаттап дінін бекітіп қойған. Бұл ақылмен басқарушы екі қуаттардың жүйесін сенім мен иман деп атаймыз. Біздің ақылымыз, біліміміз, іліміміз, тәрбиеміз, әдет-ғұрып, салт-дәстүріміздің бәрі осы екі жүйені тең ұстануға ғана негізделгенін естен шағармаған жөн. Пайғамбарымыз; «Білім екі түрлі бірі діл білімі, екіншісі тіл білімі» деп осындай діл-иманнан, тіл-сеніммен байланысты болатын ескерткен.

Сонымен бұл екі түрлі құлшылықтың негізінің бейнесінің тұрағы болып әйелзатын алуға болады. Барлық жер бетіндегі ұлттың имандылық, сенімділік дінінің бейнесі біздердің аналарымыз бен қыз, қатындарымыз болып көрінісін табады. Себебі діл әйелдер қанындағы сөз байлығымыздың меңгергеннен жинаған ой қазынасы болса, ал ар, ұят, ақылдылығы, білімділігі мен ішкі иманымен, махаббатымен қылыққа айналған жалпы әдеттері мен арлылығы бұл ұлтымыздың меңгерген діннің жалпы бейнесі құдайға деген сенімділігіміздің көрінісі болмақ. Және жеке ұлттың да,  әлемдер халқының да тек әйелдерден аналардан тарап, ана қанының тазалығы немесе шайтандық үлесіне тәуелді болып, әйел мен баланың ділдік қуатына, иманның күшіне ғана тәуелді болатын, ал ол әлсіз болса қандай білімді болсын мұндай ойсыз ақылдың да дін тәпсіріне ғана ескі ақылға байланған сенім қуатының да керісінше жамандықты дүние қызықтарын  әдетке, дінге айналдыруға қызмет етіп кететіні де сөзсіз. Иманнан хабар алмаған таза ойсыз ақыл мастықты туындатады. Пайғамбарымыздың; «Негізінде әйелдер мен жастар мастыққа тән» деген өсиеті де осындай жағдайға қарап айтылғаны да сөзсіз. Шәкәрім атамыз; «…Сондықтан адам –залым, әлемге жау, Ебін тапса, қоймайды ешкімді сау. Жер білсе адамзаттың бұл қылығын Үстінен бәрін төгіп тастар еді-ау. Олай қылмай, билесе бәрін ақыл, Еш қиянат қылмас зорлық, тақыл. Таза еңбекпен тағдырдан пайдаланса, Адамды сонда адам деген мақұл

Қазақтың даналығында; «Ақыл жастан, асыл тастан шығады» деген мақал бар. Егер ақыл жастардан шығатын болса, онда жастар бәрін басқарып меңгере алады деген ұғымының пайда болуымен әлемдегі түрлі бүлікшілдіктер, арсыздықтар, діндегі экстремистік пиғылдардың да жастардан шығып жатқанын қалай түсінеміз? Міне осы жерде ақыл мен ойдың неге пар болып жаратылып, ал пардың жағдайын орыс мақалында; «Муж и жена одна пара сапога» немесе «Муж и жена  одна сатана» деген астарлы ұғымды оймен тексеріп көрсек, «Әйел мен еркек жұп болып, етіктің бір пары болса, онда екінші пары жын мен шайтанның болуын білдіреді. Сондықтан аталарымыз; «Екі жарты бір бүтін», «Бас екеу болмай, мал төртеу болмас» деп «Мал»-«Ақша»-«Теңге» (бұл жерде де түсіну үшін де әр атау сөздің парлығы болуы шарт) қуатының жынмен, шайтанмен байланысты екенін білген жөн. Олай болса қандайда бір білімді меңгеруден пайда болған ақылда  ой қуатының үні әлсіз болса, онда ақыл өнім беріп, көбейіп өсе алмайды және оны өсіру үшінде тағы екі түрлі парлық жағдайдың керегі де сөзсіз. Ақыл неге жастардан шығады десеңіз, жастық кезде қандайда бір білімнің, тәрбиенің және теріс ақылдардың да тез қабылдануымен байланысты болмақ.  Сондықтан жас кезде барлық ақылдың білімін меңгеруге жастар қабілетті болғанмен, оған ойдың әрекетін қосып тазартып алуға да естілігі жетімсіз және ой қуаты да әлсіз болмақ. Ал асыл тастан шығуының мәнісі сөз сүйектен өтіп, сүйектің жағдайы асылдығы, сөздің көркемдігіне яғни ой қуатының жағдайына байланысты болуы да шарт. Жас кезде сүйекті тас қылып бекіткенмен онан асылды жастар шығара алмайды, бұл жұмыс ойшылдықпен, үлкендікпен, иманның қуаттылығымен пайда болуы да хақ. Бірақ ол үшінде адам баласының талай өлімдердің сатысынан өтуі де шарт. «Мың өліп, мың тірілген қазақпын» деген нақыл да осыны меңзеп тұрғаны да сөзсіз. Қазақта ғана;  «өліге иман берсін тіріге сол иманның берекетін келтірсін» деп тілейміз. Діннің де негізгі мақсаты сенім арқылы иманды меңгеру, өсіру, көбейту аманат болмақ. Сондықтан иманнан артық байлық жоқ адамзатқа. Өлілерсіз иманның келмейтінін Шәкәрім атамыз; «Қырық жылдан өтіп жасым, Ақылым болды сырласым. Отыз жылдық замандасым, Иманым-басшы, жолдасым. Оқи алмай ғылым тілін, Тұман болып жарық күнім, Қасықпен аршыдым жылым, Не көрмеді ғаріп басым. Әлемді оймен кездім, Перевод малтасын ездім. Жарымның сәулесін сездім, Моланың ақтарып тасын. Қабірден шықты көп нұрлар, Нұры өлшеусіз сұлу бір жар: «Деме-деді-ғылымым тар,-Ерінбесең мені аласың..». Қырық жылда ақыл толып, бір ақылмен сырласу арқылы иманның жолдасқа айналуын 30 жыл яғни 70 бұтақты тегін қалыптастырып, ал енді мұндай иманы арқылы ғылымды жарымызға жалғануға,  ата бабаларымыздың асыл сүйегінен моладан шығатын нұрдан алады екенбіз.

Сонымен ойдың да парлығы болып, 3 түрлі сипаты және 7 дәрежесі болып барлығы 21 санымен ойдың жер бетінің барлық тіршілігін басқарушы «Біз» сипатын құранда 21-сүре «Әнбия»-әспеттеу деп, яғни оймен бейнелеу деген қасиеттілікті білдіреді. Бұл сүренің тылсымнан басқарылу мен адамзаттың есебі дәптерінің, берілген кітабының оқылуымен тікелей байланысты насихатталады. Сонымен тылсымның сөзі, тілдесу хикметі оймен яғни таза ақылмен үнсіз, харіпсіз (иман арқылы) деген Абай атамыз. Ал енді жалпы ойдың ешқандайда ұлттық та, елдік те сипаты белгілі шектеуі діндік сипаты да (християндық, тәңірлік, буддалық, исламдық т.б.)  болмайтынын және ұлттық сипатқа иманға айналдыруға оның бақшасын, егінін өсіріп өндіруге адамзат міндетті болып, сондықтан  белгілі бір ақылдық қуатына, үндік жағдайға байланған; сөздің, таңбаның маңыздылығы да зор екені хақ. Неге десеңіз ақыл мен ойдың бірлігінен ғана имандылық қуаттың да өзіндік дәрежесінің құдайдың тарапынан сый болып келетініне байланысты болмақ. Иман құдайдан нұр таза ақыл болып, онда діндік қарсылығы болмағанымен ұлттық, үмметтік ерекшелігі яғни шежіре тарихы болуы шарт. Себебі барлық тілдердің қуаттық жаратылыстық ерекшелігі мен  таңбаларымен байланысты сөздің байлығына жүйеленумен, ақиреттен несібе сый болатын ұлттық имандылық қуаты, ұлттық ділмен сәйкес келгенде нәтижесін бермек. Бағзы замандағы аталардың меңгерген имандылық қуаты да сол заманның біліміне, тарихи оқиғаларына ақ-қарасын ажыратауға жеткілікті болса, ал мың жыл өткеннен кейінгі немесе қазіргі дәуірдегі қазақ ұлтына арап елінен, өлілері арқылы иман қуатына жалғанғанмен, бүгінгі замандық ғылымды, құранды түсінуде толық нәтижесін бере алмайды. Екі ортадағы барлық тарихи оқиғалармен өз ұлтына, руына сай шежірелік бұтақтарымен, тек ағашымен байланысты жалғанумен ғана өз нәтижесін бейнесін береді. Арап елінен барып ағаш тегіне, ойпаттарынан иман қуатын алғанымызбен, ол арап ұлтының тарихи оқиғаларына, ұлттық ұғымдық, таңбалық, үндік ерекшелігіне бейімделгендіктен біздер үшін арап ұлтымен діндегі ортақ құндылықтарды және сенім арқылы ғана меңгеруге ғана пайдалы болмақ. Иман жанға берілетін қуат, таза ақыл болатынын ал сенім дінмен байланысты ортақ сенімділік жындық қуатымызды тазартуға арналған құлшылығымыздың көрінісі екенін ұмытпаған жөн.

Абай атамыз мұндай ұлттық байлықты, рухани сырды қалыптастыру үшін, «Ойымен тілі бөлінбейтін ер керек» деп, яғни құдайдың сүйікті, таңдаулы құлы, сенімді меңгеретін елшісі болуы керектігін ескерткен. Және «Сөз түзелді елім, енді сен де түзел» деген насихатпен қазақ сөз байлығының иманмен тікелей байланысын да ескерткен. Жалпы адамзаттың барлық тіршілігінің маңыздылығы да бақытты бақытсыз болуы да ақылдың дәрежесімен, қуатымен байланысты болып және ақылдың да 4 түрі болатынын,  тәндегі орындарын тән тазалығына тікелей қатысын; «Құлшылықтар философиясында» баяндадық. Енді ақылды бір ақылға -Естілікке айналдыру үшін де ойдың қуатын меңгеру керек және бұндай ойлық қуатты біз сырттан да іштен де ала аламыз. Ақылдың сезімдік және қаракеттік негізгі екі бастауы болып, егер мұны оймен, сөздің қуатымен, біліммен, іс-қаракеттермен көбейте алмағанда онда ойсыз ақылды сезім және түйсік деп қана атаймыз. Жалпы иманның адамзатқа түсірілген барлық діннен де жоғары тұратын құндылығын, жаратылысын талқылап көрсек;

Адам атамызға барлық жаратылыс періштерлерінен берілген артық қасиет таза ақылмен, иман жанымен ойлана білу еді. Яғни иманды, таза ақылды, ойлана білуді Адам атамыз барлық періштелерден де артық сый қылып алғаны да хақ. Сондықтан атамызға барлық сөз атауларын үйретіп, енді оның ішкі сыр қасиеттерін белгілеп, сөзбен ат қойуға бұйырғанда осы иманы арқылы, яғни жаратылыстың барлық сырын, белгілерін алу арқылы барлық нәрселерге  ақылмен қасиеттік атын беріп шыққан еді. Сонымен бұл қасиеттің сөзбен көбейтіліп, бейнеленіп Адам атамызға 24 қабырға (Нұр сүресі) болып бейнеленгені, бұл қабырғаның 11-нен Хау анамыздың тікелей ақылдан жаралғаны да хақ. Сондықтан әйел ердің  оң жақ қабырғасы, кеңесшісі. «Үйдегі қабырғаңмен кеңес» деген сөз осындай жағдайдан пайда болғаны да сөзсіз. Біз иманды  9, 49 сандарымен белгіледік. Әйелзатының 11 санды діл жұлдызшаларыбелгісі болып Адам атамыздағы сол жақ жұбымен 22  ақыл қабырғадан қалдығы;  2 белгі бұл Адам атамызға берілген сезім мен түйсіктің, яғни ақылдың бастапқы екі игілігі деп түсінген жөн.  Жалпы барлық жаратылыстың, қозғалыстың уақытқа айналуы да Адам атамыздың бастапқыда Күн-бас болып жаратылып 24-қабырғасы болып және тұтастыққа қайтадан екіге қарама-қарсылық қозғалысқа бөлуінен жер жағдайында барлық жаратылыс себебінің қол қабыстың 12 санымен жүйеленуінде де осындай жұптық сипаттан бастапқы таза ақылдың екіге бөлінуінен пайда болғаны да хақ. Қазақ даналығында бұл жаратылыстық бастауды; «Адамның басы Алланың добы» деп түсіндірген.  Бірақ кейінгі кезде Нұқ пайғамбармыздан кейін; «сендердің жаратылыстарыңды көркем бейнеледім» деген аят бар құранда. Олай болса, қазіргі жетілген «футбол»доптары да 32-шаршыға бөлінген екен. Оның 12-сі бес(5) бұрышты, ал 20-сы алты(6) бұрышты болып, құранның сандық ғылымымен және бас туралы ғылымын сәжденің маңызын бейнелеп тұр. Адамзаттың сенімі сәждемен байланысты қалыптасатыны да хақ. Сондықтан «Доп ойнаған тозар» деген қазақ нақылында да осындай сыр жатыр. Шәкәрім атамыз; «Аспанда көріп жұлдыз бен ай, Ер жетсем, дедім: соны алам. Ата-ана қалды, аһ дариға-ай, Күн болды Жермен ата –анам.  Жылылық, жарық нұрын беріп, Сездірген атам-Күн шебер. Балына қосып уын беріп, Өсірген анам-қара Жер…»

Негізінде 9-санды белгі иманмен, жанмен байланысты болып әйелдер қауымын «Нәзік жанды» деп атауымыздың өзінде, жанның 9 сипаты болатынын «Тәубе- бас ию» деген сүренің «биссимилла рахман рахим» деп айтылмай басталуында да, бұл онсыз да Алла тағаланың бастан берген рахим мен рахмандық сипатынан болады.  Ал 9 сан ақылмен зейнеттелген жан болса, онда қалған 3 сандық қасиеттің көру, есту, ойлау сезімдерімен байланысты болып, ал әйелдер қауымына сырттан келетін ой қуатты шектеумен киіммен ерекше қорғалып, мұндай  қасиеттің өзінде ішінде болып, ақылды қанынан алып, жүрек арқылы ойлану қабілеті, сезімталдығы яғни ұят, иманмен байланысты сезімнің аңғарымпаздық ақылы еркектерден артық болуында да осындай жаратылыстық сырдан ұғынуға болады.  Жалпы қазіргі жаратылысымызда әйел еркек қабырғасының жалпы саны 48 болып, Адам атамыз бен Хау анамыз да жаннатта 22 қабырғалы болып өмір сүріп, 48-22=26 санды ақыл қабырғаның кейіннен жерлік  жағдайдағы тіршілікте пайда болғаны, ал 26 санды оңынан белгілегенде 62 санды қан тамырларын тазартып, меңгеру бұл санның құранда «Жұма-наным, сенім» болуы да осындай ілімдік сырды меңзеп тұрғаны сөзсіз. Қызды қазақта  «Шырақ» деп атап және мұның жанмен Мұхаммед пайғамбарымыздың бастапқы жаратылыс «Сүйіспеншілік» яғни біздің жаратылысымыздағы рухани тазалық- жұмалығымызды дініміздегі берілген  сенім, наныммен суғарылып иманнан дәні өнетін махаббаттың негізі болғанын да тағы қайталап ескертіп кетейік.

Сонымен ақылдың жаратылысының қысқаша насихатын, адамзатқа бейнеленген таза ақыл-иманның бастан барын және ол жанның ойлау еркі, әрі асқазаны болып, мұны сезімнің аңғарымпаздығы деген ат қойдық. Түсінікті болуы үшін Абай атамыздың ойшылдығына жүгінсек. Атамыз жанның негізгі үш қуатын ескертіп; « Біреуін орысша; «Сила притягательная однородного» дейді. Ол-бір нәрсені естіп, көріп білдің, хош келді, қазір соған ұқсағанды тексересің. Түгел ұқсаған ба? Яки бір ғана жерден ұқсағандығы бар ма? Әрнешік сол іске бір келіскен жері бар нәрселердің бәрін ойлап, білгенін тексеріп, білмегенін сұрап, оқып, бөтеннен хабарланып білмей, тыншытпайды.» Алла тағаланың адамзатқа жанымен берген бұл сыйы деп және бұл қуатта барлық тіршілікке байланысты шежірелік уақиғалардың, танымдық  ақалға тән жаратылыс себептерінің, қол қабыстық қуаттардың да белгісі, ақпараттардың болуымен ғана ол өзіндегімен салыстырып қана келген ақпардың зияндылығын, пайдасын ажыратумен ұнамағанын қабылдамай, ал керегі барын жүрек арқылы тапсырма беріліп ағзада өз үйіне орналастырылып, өзінде жоғын тыншытпай іздетіп және жақсылықты меңгеруге, үйренуге құштар қылып қоюы да осы иманнан жүрекке байланған қуаттан екені де сөзсіз. Егер біз бұл қуатты ата-бабамыздың мирасынан алмасақ, онда өзге ұлттан алған, қазақ ұлтының рухани жетілуін қалыптастыра алмасы сөзсіз. Керісінше қай ұлттан келсе сол ұлттың қылығын іздетіп қоятын да қасиеті болмақ.

Сондықтан да пайғамбарымыз; «Иман екі сипатта, бірі 60 бұтақты, екіншісі 70 бұтақты» деген өсиетінен, біз алпыс бұтақтыны ұлттық дәстүрлік иманымызды меңгермесек, онда онан жоғары тұрған әлемдік тұрғыдағы ойшылдықпен, сананың жоғарғы дәржесімен байланысты 70 бұтақтысын меңгере де алмаймыз да.  Және «Асыл тастан шығады» деген уақыттың тезінен өткен, қарсылығын да пайдалы қуатқа айналдырған замандық кітапқа айналған таза ақылға жалғану да, біздің ата-бабаларымыздың тегімен, асыл сүйегімен байланысты екенін де ұмытпаған жөн.  Бұл қуаттың қырық ошағы үйі әурет жерлерімен байланысты болып «Қызды қырық үйден тиым» деген сөздің де тәндегі бұл ошақтарда теріс жаман ақпараттар пайда болса, бар иманың да жойылып, ақылдың азуымен жамандыққа бой ұруына себеп болатынына дәлел болмақ. Бұл қуаттың тазалығынан біздер мейлі ұл, қыз жынысты болайық, бәрібір ана сүтімен қан, жанындағы білімді алып, біздің имандылығымыз тікелей анамызға және әйелдер қауымына байланысты екені сөзсіз.  62 қан тамыры тектің негізі болып, мұның да негізі жүректегі 200 тамырдан нәр алатынына және жүректің 4 бөліктен тұруынан да біз иманның өте күрделі адамзаттың барлық тіршілігіне әрекетіне байланысты екеніне көз жеткізуге болады. Сонымен пайғамбарымыз, «Иман екі сипатта болады бірі 60 бұтақты, бірі 70 бұтақты» деп ескертуінен жалпы иман қуатының тәндік ағзамызда өсіп, өнетін, көбейетін 130 белгісі тамыры барын да ұмытпаған жөн. Жалпы иманның жүрекке зейнеттелу хикметін; «Қырық қожа қырқадан аспай, Тоғыз төре төбеден келмей, тектілік жетілмес» деген данагөй аталарымыз. Бұл нақылды тарқататын болсақ; Тоғыз төре-Нұр сәуле шапағаттың енуі болып; Еркекке-бақсылық қасиеттің қонуымен, ал әйелге-төбеден келер ақ жаулық нұр қуаты болмақ. Қырық қожаның қырқадан асуы; Бейімделу, ой-сана көркі, белестерден ау, табандылық қасиеттің жетілуі болмақ. Бірақ мұндай қасиеттілікті меңгеруге, яғни иманды жетілдіру үшін енді дін сенімнің яғни дін ниетіміздің тазалығы міндетті болмақ

Енді біз толық сенімді құранда «Жұма» сүресімен байланысты деп және иманның негізгі сүресі «Хұжрат» -Тұрақтылық болып екеуінің екі түрлі қуаттар жүйесі екенін көз жеткіздік.  Ал енді  масһаб білімімен және жалпы исламда да өзге барлық діндерде де сенім мен иманды бір атап, жан мен рұқтың арасын ажыратпай өздерін туар жолдамыз деген имансыздықтан туындаған надандыққа түскенін, осыдан әлемдегі барлық дағдарыстың туындауын біздер неге ұғына алмаймыз? Неліктен және басты себебі бар ма? Әрине бұған басты себептің де Мұхаммед пайғамбарымыздың көрсетіп кеткен исламның ең құдіретті рухани  тазаруға, яғни сол заманда қуатын көрсете білген, иманы бекем болғандықтан дін ниетінің тазалығы болған сенімділік намаздары мен құранның хикметті қасиетіне де байланысты болуы да хақ.  Жаратушы иеміз пайғамбарға түсірген үкімдердің және құранның үгітінің ашылуымен сенімге негізделген намаздардың соңына түсіп, иман туралы білімді меңгере алмай көптеген үмметтердің адасуын ескерткен аятта; «Мұхаммед Құранды, ол арқылы тақуаларды қуантып, қасарысқан елді қорқытуың үшін өз тіліңде оңайластырып түсірдік» (19-98)  Құранның арап тіліндегі үгіті, яғни сөз атауларының мағынасымен байланысты оңай қарапайым болып, өзге тілге аударылған сайын күрделене беретінін біз мойындай алмаймыз да. Пайғамбарымыз,; «Мен аз сөзге көп ұғымды сыйғызуға келдім» деп және; «Жүз жыл сайын сөз атуларының мағынасы өзгереді» деген өсиеттерінің құпиясы да әшкере жариялап тұрғаны хақ. Демек әрбір жүз жылда адамзат ойының дамуы, өзгерісі болып, құран үнінің де жаңадан сөз аттарының пайда болуымен аяттарының мағынасы ашыла беретіні де сөзсіз. Мұндай жағдайда қазіргі кезде құранды арап тілінен тікелей кез келген діншінің аударып оқуы иман қуатының әлсіреуіне, жоғалуына және керісінше құранды теріске алып қарсылықтармен серік қосуға да соқтыратыны да сөзсіз. …(жалғасы бар) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихатын, кітаптарын және құран телогиясы мен Ясауи діни жолымен қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мыны сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *