VIII-Перілік жүйемен оның белгілері туралы

Бөлім: Жын-шайтан және перілік 135

  Ата жолында ізденіп жүрген аққулардан; «Біз қанша тырыссақ та періліктен құтыла алмаймыз ба?» деген сауалдар түсіп жатыр. Орынды да себебі қазіргі таңда барлық ақпараттардың өмір тәжірибелерінің үлгілері білімге айналып алғаны хақ. Ал білімді тазарту, қайта жүйелеп отыру салты әлемде мүлде жоғалып, ілімнің білімін де Құдайдың өзі түзетіп отырады деген ұғым дін ғалымдарында да жоқ. Ал қазақ дәстүрінің бұл жағдайы да ескерусіз ұмыт қалғаны сөзсіз. Ата жолында ата дәстүрін толық меңгеру үшін де біздерге жеткен үлгілерді де Құдайдан сұрап, түзеп көптеген амалдарды қайта жаңғыртумен және заманға сай салттарды да қалыптастыру үшін де аруақтармен тілдесуді меңгеру керек.

Құдайдың өзінен жәрдемімен ғана әрбір білімді пендесі өзінің меңгерген білімінің ақ қарасын ажыратуға да мүмкіндік жол ашылады және перілікті де жеңуге мүмкін болады десек жалған емес. Ал аруақтармен тілдесу Құдайдың қалауында тұрған пендесіне ғана мүмкін болып, ол үшін алдымен тақуалықтың маңызы және ата жолында көрсетіп, білдіріп жатқан білімдерінсіз де мүмкін емес. Енді бұл білімді меңгеру жолында өмірлік тәжірибеден ақылдың аңғарымпаздығы арқылы анықталған деректер мен Раббымыздың түсірген, білдірген белгілерін қайта жүйелеп көрсек. Сонымен перілік деген толық жетілмеген адамзаттың періштелігі болып, біліммен негізделгендіктен ібілістің басқаруындағы қуаттық жүйе.

Бұл күлгін түске жататын, қараға тез ықпал ете алатын сезімдік жетілмеген жандық қуатқа хайуандықтан жоғары құстық жүйемен байланысты болмақ. Яғни, перілік арқылы ақпараттардың тасымалдануы пенделерге еріксіз жалғануымен ібілістің қызметіне тұрған әскерлерінен болмақ.

Періліктің сынынан өтпей қасиеттілік тұрғысында меңгеріп қарсылығын жеңіп тазартуды меңгермей адам баласы тура жолға жалғана алмайды. Жоғарыда да баяндалғандай құранда екі кедергіден өту туралы ашық ескерткен. Мұны бірі перілікпен, екіншісі жындылықпен байланысты адам баласының 72 түрлі мінез қылығын қалыптастырады. Абай атамыз бұл қылық мінездерді толық сипаттап берген. Енді олардың мінездік, қылықтық, сөз сөйлеу өнеріне қарап перілерді ажырату оңай болмақ.

Негізгі белгісі; Ар-ұяттылыққа, дәстүрдің ғұрпына, ақжаулық, бөрік текке жалғануға Құдай хабарына қарсылық көрсететін мінезден ашық байқалады. Жалпы бұл әйелдік жіңішке мінезбен, дүние ісінің білімін жетік меңгерумен, даналықпен де байланысты. Сондықтан да әйелзатының екі түрлі даналыққа жету жолы бар. Шариғатты тақуалықты меңгермей білімді, ілімді меңгерумен, ақыл шектеліп қалғанда періге айналмақ. Екінші жолы тақуалықпен білім-ілімді меңгерумен ақылдылық қасиеттілікпен дана болуы. Тектілігі толық мұндай даналық-аналық қасиетті әйел жаман еркектің де басын төрге шығарып ел басқарта алады.

Жалпы даналықтың бірінші түрімен яғни білімділік арқылы әлемді перілер басқарып тұрғанына дәлел ілімсіз, тақуалықсыз діннің маңызы болмай, ар-ұяттылық, ұжданнан сұрау болмай, ел билеуге жол ашық болуынан көрінісін табады. Тылсымдық жағдайда перілер ібілістің әскері. Олар еркекке тікелей еніп басқара алмайды да әйелдер арқылы тамақпен, төсекпен түрлі қарым –қатынаста болумен бой өрісіне жалғанып алып, бойға сіңіп теріге жалғанып, тәнге еніп, жүйке жүйелері арқылы жалғанып алып жанға хабар беріп, мұндай ер азаматтар әйелдер ықпалымен өмір сүруге мәжбүр болмақ. Көн терілікпен тәнді жалаңаш ұстаудан ет пен терінің арасында бос кеңістік майы жоғалып жабысып қалудан перілікпен жалғанып алу болмақ.

Сонымен періліктің ықпалы біліммен ақылдың шектеліп, білімі жетпеген жүректе жоқ қандайда бір өмірлік әрекеттерді болсын білім, ілімді болсын қорқынышпен қабылдауға мәжбүр болмақ. Пілдің тышқаннан қорыққаны сияқты, пері енген еркек қандай қайратты, мықты, жуан білек болса да жаулықтан, тазалықтан, адамдықтан өлердей қорқады. Себебі перінің жануына қалай жол бермек? Мұндай сезімдік мінезді етекбастылық дейді қазақта! Қазақ басшылары орыстан, жаулықтан, діншілердің қылығынан, кедейліктен қара қатын сияқты қорқады, демек; Перілердің қызметін атқарады.

Мұны Раббымыз; «Кітап арқалаған есектер» деп атап, тылсымнан аруақтар; «Білімді білімін санамаса, білім сана ашпаса, Білім қайда ұштасар? Жансыз жансызбын демейді, көкірек керіп әлемге билікпен қарайды. Дін, дін деп дүмшелер жүр жиылып, асқақтар шыңы жоқ, я барар жері жоқ Тауық бидайы таусылғандай қыт-қыт етеді. Жұмыр жер кіндігінде тұрып та, қасындағы құдіретке сенбейтін перілер көбеюде білімді қазақ баласында!» деген бата ескерту түсуде. Ал мұндай қорқынышпен қарсылықтарды жеңу үшінде ата жолына келіп; «Тарыдай болып егіліп, бидай болып шыға алсаң, Иманды сол жолын баба жалғаған» деген сипатта болу керек.

Қазіргі таңда қазақ елінің ісі басында жүргендердің мұндай зұлымдықты аңғаруға да ақылдары жетпей жатқаны да ата жолының маңызын түсіне алмауымыздан, елімізде ғылым мектебінің мүлде жоғалуынан деп білу керек. Ғылымды білімді меңгеруге үш тіл біліп емес; Ғылымның есігін ар-ұят, ұждан, әдеппен ашады. Ал ібіліс өз ұрпақтарына-перілерге бұған тосқауыл қоюмен сөз ұғымдарын бұрмалауға, елдің нанымын ұрлап тартып алуға қызмет қылуға бұйырады да, ғылым дегенді адамдық қасиетті шыңдау емес, қарапайым білімділікті жетілдірумен байланыстырады яғни теріс ойды қалыптастырады.

Қазіргі таңда ата жолы болып басталған болашақта әлемге де қазақ елінің абыройымен рухани құндылығын үлгі қылып, әлем жұртын соңымыздан ертуге жол ашатын құдайдың бұл түсірген нығметін алдымен өзіміз дұрыс меңгеру жолын табу керек. Ол үшін де; Философия-ойшылдық, саналық мектебі мен дін мектебімен үйлесімділік болмай, сөз ұғымдарын сөз түзеу өнерін қалыптастармай ғылымға жол жабық екенін білген жөн. Жаратылыстың қандайда бір саласын түсіну ұғымдылықтан, ақылдан пайда болады. Ал философия білімін яғни сөздің қадірін, жанын, дін-қуат күші амандығын, жынын; ортасынан ақыл нұрын таппай, қазақ рухани ояна алмайды.

Сөздің жаны-ұғынуды, нанымын меңгерудің жолын көрсетумен философтар айналысуы керек. Дін-амандық, тағдырды тазартуды меңгеруді дін үйретуі керек. Ел басымыздан бастап сөздің жанын, ой үнін-философиясын жоюмен айналысамыз. Бұл ібіліске қолайлы ғылымға жолды жабумен перілікпен күресудің ең тиімді жолы болмақ. Енді қазіргі қазақ қоғамындағы періліктің жалпы белгілеріне тоқталсақ; Періліктің еркектерде тақуалық, тазалықпен байланысты 9 белгісі, әйелдерде 7 белгісі болады. Періліктің жалпы 8 жын қуатымен байланысты сипаттары;
1.Жүректің бітелуі.
2.Қаңқылдаған дауыстың шығуы
3.Жындармен арпалыс
4.Тепе-теңсіздік, бойдан қайраттың жоғалуы
5.Оңай олжаға дәметушілік.
6.Есепсіз қисапсыз қанжар көтеру.
7. Сөздің таусылуы (қысқа ұғымдарға ауысушылық)
8.Уәсиланың, пәтуаның таусылуы

Еркектерде перілік белгілер; 
1. Бүйректің таза болмауы 
2. Теріс ойланумен әсерге көп түсуші 
3. Дүрдараздықты көбейтушілік
4.Құлақта қаға берісі болуы (қағыс естушілік) 
5.Билік, ақыл айтуға құштарлық 
6. Анайылық 
7. Сезімге берілушілік
8.Аяқтың таза болмауы (ағармауы)
9. Тоғыз төрені (кісілік қуат) төбеден келтіре алмауы мен тақиялы болмаудан пайда болады. Әрбір жараталыстың жұбы парымен жаратқанына ақыл тоқтасақ онда; Періліктің еркектердегі екінші сипаты;
1.Аурушаңдық
2.Қара қуаттың көбеюі
3.Үлкен дәреттің тығындалуы
4.Жынды сөздің күрмеуі
5.Мойын омыртқаның қатаюы.
6.Белшеден былыққа батуы.
7. Бастың құйқасы қатайып (жалаңбастық, қубастық) шымырлауы.
8.Тершеңдік.
9.Қорқаулық, етектік сана қуаты сөгіліп жоғалуы.

Періліктің әйелдердегі сипаттары
1.Қанатының қара болуы (қан тазалығы, білек, алақан)
2.Тамақ безбен көмекей, кілегей қабатының ластануы.
3.Жүрекке қырсықтықты енгізіп алу.
4.Жер анаға жалғана алмау (бой өрісі, аяқ тазалығы)
5.Жалған көріпкелдікпен айналысу.
6.Сезбестің сезім күйіне келумен (мейірім, ұят, т.б.)
7.Жел арқылы тазара алмау (самалмен байланысты)
Екінші сипаты;
(Жаназасы шығарылмау қаупі бар.)
1.Көксаулық
2.Иіске жақын болу.
3.Көтен ішектің қозғаны
4.Шаштың ұйысуы
5.Көсемдік көсеуді сүйсінеді.
6.Қараңғыны аңсайды жақсы көреді.
7. Белсіздігі 21 жүрек парақшасына сөз көздің батуы
8.Ми қабыршағының қаңқылдауы, қатаюуы
9.Екі қолдың зіңденуі
10.Тістердің шіруі.
11.Белшеден басу жындылығы

Мұндай періліктің белгісі, қазақ қоғамында барлық салада кездеседі де, енді ата жолының маңыздылығы да дін масһабшылары немесе тарихат топтары сияқты белгілі бір құлшылық түрімен адамдықты қалыптастарумен шұғылданып, шынында періліктің қақпанына ғана түсумен ғана аяқталады. Тақуалықты меңгеру, тән, ет малдарын тазарту, рухани тұрғыда шипа алып, жанды бостандыққа шығарумен, яғни Құдайдың өзімен байланысқа түсумен маңдай көздің ашылумен, әрбір пендесі өзіне жол-жобасын алып, адамдықтың жоғарғы дәрежесін меңгеру болмақ.

Енді жоғарыдағы пенделік тұрғыдағы перілік белгілердің пайда болуын дін насихаты тұрғысынан қарастырсақ Мәшһүр Жүсіп атамыздың Ғиса пайғамбардың ібіліспен арадағы болған сөйлесуіне шайтанның 15 көлік жүкті базарға апарып сатумен яғни 15 сандық белгімен байланысты. Бұл құранда пайғамбарымыздың Миғражға көтеріліп алған үш түрлі құлшылықтың үкімін яғни бес парыздық намаз және бақара сүресі 285; 286 аяттарының бірлік жүйеде 15 және 16 санмен байланысты астары барын біле жүріңіз. Сонымен 15 санды перілік пен шайтанның сезім арқылы адамзатты жалғанға байлап жүктелумен 375(15) түрлі қарсылығы бар.

Сонымен Шәкәрім атамыздың елді түзеу үшін ар білімі керек деген өсиеті де осы құлшылықтың маңызын білдіреді. Өкінішке орай, қазіргі әлемнің перілік жүйемен ескіден келе жатқан ойы терістелген жан ғылымынан алшақ кеткен психологиялық тұрғыдағы ғылымның тарауы қазақтың ата жолында үлгісі өркениеті қайта жалғасын тапқанын әзірге мойындайтын білімді, ел билігі, дінші ғалымдар да жоқ. Жоғарыдағы берілген періліктің сипаттары бүгінгі таңдағы кілті болып оның жұбы енді өлең зікірмен жазылып жатқанын да ұмытпаңыз.

Бұл Ясауи бабамыздың ізімен Абай-Шәкәрім, Машһүр Жүсіп сияқты даналардың қалдырған мирастарының жалғасын табуы болмақ. Енді екінші кілті ата жолындағы аққу, сұңқарлардың қылық, мнезінен туындаған 16 сандық жүйемен жеке-жеке тоқталып осы таңға дейінгі жан ғылымынан меңгерген тәжірибемізбен жүйелеп баяндап көрейік. Қазақтың қай салада болсын мейлі дін, мейлі білімді қауымның барлық өмірдің тіршілігінде қызмет қылсын рұқ, жансыз оның қалай өркендеуін, тәлім-тәрбиесін меңгермей адамдығы, тектілігі қалыптаспайды. Яғни жеті аталық аруағына жалғанбай, тағдырын тазартуды білмей бақытты болып өмір сүре алмайды.

Сондықтан қанша жерден ата жолын терістеп немесе өздерінің білімдеріне сай бұрмалап жасанды рухани жаңғыру жобасымен елдің назарын өздеріне ғана аударғанмен де, бәрібір Құдай өзінің мұғжиза, хикметтерімен ата жолының маңызын әлемге де үлгі қылуы хақиқат. Олай болса барлық адамдық тектілік, қасиеттілік, ғылымды болу, философия, психология, өнердің барлық салалары да ата жолы арқылы ғана болашақта өркендеп өрісін жаяды да, оның басында аққу, сұңқарлар, сарбаздары тұруы да сөзсіз. Себебі «Өлі риза болмай тірі байымас» деген және қазақтың үш байлығын меңгеру үлгісі де қазіргі таңда тәжірибеден өтіп жемісін де беріп жатқаны хақ…(жалғасы бар Тамыз айы 2018 жыл)
***** *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *