VII-Құлшылық ұғымдарының философиясы. Ақыл арқылы ақылды сынау және рухани құндылықтарды меңгеру арқылы өзіңді-өзің тану.

Бөлім: Құлшылық философиясы 1

  (Басы 1-6 тарауларда)

Жаратылыстағы қандайда бір жаратылыс егесінің кеңістіктен белгісі және алатын орны болады. Бұл орынды белгілі бір өрістік жағдайда шектеліп бейнеленуін сол тануға тиісті қандайда бір нәрсенің денесі деп атаймыз.  Сонымен Аллаға тән болған мұндай барлық жаратылыс егесінің де денесі болып олар екінші бір жағдайда өмір сүру үшін өзара бірігумен тұтастық тәнді құрайды. Мұндай күрделі құрылымды тән деп атап, тәннің бөлшектерін, ағзаларын өзара қарым-қатынаста тұтастықта бір мақсатқа, Алланың үкіміне қызметке, құлшылыққа тұруға сәждесін мүлтіксіз атқаруға дінін қоса жаратып, ал дін бұл ағзалардың тұтастығын сақтап қызмет қылуға бағдар беріп тұратын ақылдық қуаттың басқару, реттеуге арналған негізі жүйесі болып саналады. Сонымен біздердің қабылдауымызда білімімізде ең күрделі құрылым адамзаттың тәні екенін де сөзсіз. Адамзат тәнінің барлық мүшелері жеке-жеке алғанда баста өз денесі бар ақпараттық тұрғыда қозғалыс егесі болған періштелер болса, осы періштелер өлім арқылы бір жағдайдан екінші жағдайға өтіп, жерлік түрлі жаратылыс нәрселерімен, күнәлі болмыстарымен де араласып бізге жүрек, бауыр, бүйрек, асқазан, ішек, жүйке жүйелері т.б. ағзаларды қалыптастырумен біртұтас құрылымға тәнге айналып, енді бұл періштелердің тұтастық қызметін, сәждесін қалыптастыру басқару үшін денелері, яғни сыртқы аура қабаттары тұтас жүйеге біріктірілген. Жалпы дене дегеніміз қандайда бір жаратылыс қозғалыс егесінің ішкі ақпараттарының сырттан келетін әсерлердің әрекетімен түрленіп сыртқы қабын, қоршауын кеңістікте өз орнын алуымен белгілі болады. Сонымен қасиеттері өзара ұқсас денелердің кішісі іште, үлкені сыртта, оның сыртында онан да үлкені осылай орыс халқының «матрёшка» ойыншығы іспеттес белгілі бір шекке, өлшемге дейін бірін-бірі баурап тұрудың және мұның бәрі бір жүйемен басқарылып кеңістіктен орын алудың да Алла тағала тарапынан біздің ақылымызға қонбайтын мақсатты ғылымы да бар.

Алдағы уақытта түсінікті болу үшін тән дегеніміз дененің ішіндегі жаратылыс нәрселерінің өзара біріктірілген күрделі құрылымы болып табылады деп түсінген абзал.  Ал дене сол құрылымның тұтастай алғанда кеңістік пен жарық, қуат, өрістік бейнемен көрінісін беріп кеңістіктегі орнымен шектелуі деп ұғынуымыз да керек. Дене заттық шамадан әлде қайда үлкен өлшем болмақ. Сондықтан тән десек, онда дене қарастырылмайды және адамның тәніндегі жеке-жеке мүшелердің бәрі өзінше Адамға тән болып саналады. Құран аяттарындағы Аллаға тән деген ұғымдардың да сипаты осындай болмақ.  Алланың өзі дегеніміз тәндік сипатта, Алланың сипаты әлемді біртұтас дене, баураушы болып көрінісін табады. Сонымен егер дене десек, онда тәндегі барлық оған байланысты тәнге айналмаған да қуаттардың бейнесі мұның ішіне кіріп кететіні және дененің де өзіндік сипатын анықтайтын жүйелік сипаттары мен көрініс бейнесі, түрі, иісі, шамасы  барын ескеру де керек. Сонымен дененің физикалық, химиялық өрістік тұрғыда материалдық тәндік бар қасиеттердің белгілерін де сақтайтын, сонымен бірге ішкі мүлкі тәндегі барлық ағза мүшелердің денесінен тұратын сан алуан шамалардан, бейнелерден жиналып, өзара жүйелермен байланысты тұрып сыртқы денемен жалғанып бейнелеуінен біз сыртқы қабы-аурасы, тән бақшасының негізгі көрінісі- денесі арқылы бұл жаратылыстық нәрсенің барлық ішкі және барлық  қасиетін, қабілетін, тағдырын да біле аламыз.

Денеміз біздің әлемдегі өмір сүру ерекшелігімізді айқындап және сырттан келетін қуаттарды да қабылдап сіңіруге қабілетті болмақ. Ал біздің жалпы  тәніміздің жеке-жеке  ағзалардың жағдайына келсек; біздің көзқарасымыздың, ақылмен пайымдап басқарған ойлау жүйеміздің заттанған тұрғыдағы көрінісі болмақ. Тәніміздің өзгелерден ерекшелігі, қуатталығы, қызметі, қозғалысты өлшемдік сапалары да аурулық немесе саулықтары да біздің ішкі дүниеміздің жарықтық сапасы мен ақылдық қуатымыздың қалыптылығымен немесе теріс ақыл күнәміздің де қандай екендігіне де белгі болып тұрмақ. Біздің тәніміздің қандай болып жаратылуын бұл жаратушы тарапынан келген сый болып, енді оны біз түрлендіріп өзгертуге еш қақымыз да жоқ және өзгертуге болмайды да.  Біз тәнімізден ағзалардың ақылдың орындарын тазарту арқылы жақсы ойлармен, жақсы қатынас істермен белгі бір қуаттарды жүктелу арқылы мұның бейнесінен дененің қайта құралуын, әсемдігін, сұлулығын, қуаттылығын қамтамасыз ете аламыз. Бұл біздің сыртқы өрісіміз аурамыз яғни физикалық, химиялық өрістік сипаттағы денелік қабымыз болып қазақ даналығында «Бақ қарасын (қабыңа, бойыңа, денеңе) қыдыр дарысын (тәніңе ақыл болып)» деп нақыл қалдырған. Олай болса біздің денеміз біздің ойлау жүйеміздің әрекетінен пайда болған ақыл қуатының жемісі, жандық сапасы мен өрістік  бейнесі болып табылады. Сонымен әрбір ағзамыздың да  денесінен белгісі дене ішіндегі құрылым жүйеде пайда болып, жүйелердің барлық бірлігінен денеден өзіндік орнын да алып отырады. Сонымен жеке-жеке денелердің  өзінің әлемдік кеңістікте мекен орны болған сыртқы негізгі денемен бірлікте болуын қамтамасыз ету үшін ақыл қуатын жетілдіру арқылы тәнде қанша ағза қимылымыздың егесі періштесі болса, ақылдың да түрі, саны соншалықты болып, бұлар жеке-жеке әрекеттермен өмір сүрген жағдайда жалпы тәндік тұтастық жүйелік қозғалыстың реттілігі бұзылып, мұнан сыртқы қабымыз бүкіл дененің де жоғалуын, бөлініп бөлшектелуінен тұтастығының жоғалуынан ауыруына ұшырауы да сөзсіз. Бұған жол бермеу үшін де және мұның бәрін жүйелі бір мақсатты талапқа бағынып қызмет етуі мен қозғалысқа айналдыру үшін бізге Алла тағала  дінін түсірген. Сонымен дін арқылы біз ақылдың сапасын меңгеріп, біздің барлық ақылмен қабылданған әрекетімізді белгілі бір мақсатты қозғалысқа тіршілікке айналдыруға бағыттай аламыз.

Діннің білімінің, ілімінің де ақпараттық тұрғыда шартты және шартсыз болып екі түрі болатынын білген жөн. Және дінге қарсылық жаратылыстың да біздің тәніміздің ағзалардың белгілі бір құрылымын түзеп, біздің тәніміз күнәдан жаратылып нәпсілік тұрғыда қуаттардарға да тәуелді болуымен және нәпсіміз үнемі дінге, ақылға қарсы әрекет жасауға қабілетті. Сондықтан дүние істерінің басым бөлігі осындай дінсіздікпен шұғылдану арқылы да атқарылатынын біліп, мұның қуаттық шамасын да тіршілік етуге қажеттілік жағдайын 5-күн жалған яғни дінге қарсылық деп атаймыз. Сонымен шартты дін ақпаратына біздің дін туралы кітаптармен берілген, пайғамбарлар арқылы түсірілген барлық дін қағидаларының білімі, ілімдік қуаты да белгілі бір шектеумен байланысты шартты болып саналады. Ал шартсыз болып; Құдай ісінен өзінен заманға қарай және әрбір жеке-жеке пенделеріне аянмен, түспен, уахимен берілетін ақпараттардың ғылымын айтады. Біздің шартты-шектеулі дініміз ілімнен, білімнен тұрса, ал шартсыз-шектеусіз дініміз таза ақыл уахидан, аяндардан яғни шындықтан тұрады. Және мұндай белгілі бір өлшемі мезгілі де жоқ шартсыз дінде адамзатқа қажетіне қарай тағдырына байланысты жеке-жеке немесе заман оқиғаларына қарай оқылатын шындықта шектеу болмайды да мұндай шындықты жариялайтын Алланың сөзі де шексіз, шартсыз, яғни таусылмайды. Сол сияқты шартты дін ақпаратының ілімге, онан өлшемдері пайда болып білімге айналуына байланысты оған қарсы күнәлардың да өлшемі, шартты белгілі шегі болып мұны шектеп отырмаса, адамзат жер бетінен жүлде жойылып азғындап та кетуге жағдай тумақ.  Біздің құраннан алатын іліміміз шартты болғанмен біз оны құдайдың өзі ғана түсіндіру арқылы құпияларын ашып, оны білімге айналдырып заманға қарай қажетімізге жаратып ақылдық қуатқа айналдырамыз. Соған байланысты да қарсылық діннің таралуына да жол ашамыз. Сол сияқты шартты ақпараттардың бәрі үздіксіз біріне бірі жалғанып Алланың жібі болып, әрбір жер бетінің өмір сүрген тұрғыны келесі келетін ұрпаққа көпір болып отыруы да шартты болмақ. Ал шартсыз діннің кітабы уахимен оқылуы Құдайдың қалауы мен адам баласының тақуалығының, сопылығының жетілуіне де тәуелді. Енді масһаб білімі жол яғни шартсыз, шектеусіз дін деп және оны белгілі кезеңдік ақпараттық жағдайды замандық білімді ғана алуымен ақылдың бұл шектеулі білімге негізделіп, әлемдегі қарсылық күштердің ықпалына ғана түсуге мейлі қандай жетілген дәрежедегі шартты дініміз тоқырауға түсуге ықпал жасайтынын ақылмен болжауға біз қабілетсізбіз. Себебі біздің мұндай шартты түрде шектелуге білімдік ақыл қуатына күш қозғау салатын шартсыз, сырттан әлемдік кеңістіктен қуаттың енбеуінен біздің ақыл жарығымыз замандық ақпараттық жүйеге де сәйкес келмейді. Біздерге мұндай қуаттарды; денеге, құрылымға және оны жүйеге айналдырып түсіну не береді? Барлық жаратылыстағы көрінетін, көрінбейтін қозғалыс қуаттардың, ақпараттардың белгілі өлшемі, шегі және шамасын анықтауға арналған түсінігі де жаратылған. Әрбір адам баласы кіші әлемнің бейнесі және өзін тану арқылы бүкіл әлемнің жағдайымен де таныс болып, байланысқа түсуге қабілетті. Әлемде қаншама қуат көздері болса, сол көздердің бәріне жалғанып шамасына қарай ақыл қуаттық қозғалыс егесіне түрлендіру, жүйелеп оны басқару әдісін меңгеру біздің негізгі құлшылық сәждемізде болмақ. Онда біздің ішкі жүйемізді құрайтын негізгі ақпарат көздері — періштелік қуаттармыздың өлшемінен бастап талдап көрсек.

Жаратылыста біздердің жаннаттағы Адам ата мен Хау анамызға қызметке тұрған барлық періштелердің қозғалыстың саны 38-болып оның 36-сы барлық жаратылыспен, тіршілік егелермен байланысты болса, 2-еуі еркек, әйелдік адамдық болмысымыз болмақ.  Ібіліспен бірігу арқылы 39 періштелік сипат пайда болып, мұның бәрін бір ақылға қызметке тұрғызып бір денені қалыптастыруымыз да керек. Сонымен Алланың берген уәдесі БІР діні арқылы біз 40-белгімен алғашқы жаннаттық денені қалыптастыра аламыз. Бұл Алланың қалғаны болып; Қырықтың бірі қыдыр, Бақ қарасын Қыдыр дарысын, Ғайып Ерен қырық шілтен деп; «Төртеу түгел болса төбеден келеді» деген төртеуді он саулықпен дәрежелеуді, ақылдың жарықтық денелі жүйесін сипаттаймыз. Алланың бастапқы уәдесі қырық шындық болып, намазда қырық парыздың пайда болуы да осы үкімге сәйкесті болып және бұған қарсылық қаралықтың да қырық өтірікпен бейнеленуін де ескерсек, мұндай қарсылықты жеңу арқылы; барлығы 80-санымен және оған бір денелік бейнені қоссаңыз, оң алақан, сол алақандағы ежелгі ғұндар санау жүйесіндегі 18; 81 сандары шығады. Сонымен ақылдың алғашқы толық бейнесі төртеуді түгелдеу арқылы барлық тіршілік қаракет және 18 мың ғаламмен байланыста тұратын денемізді де қалыптастыра аламыз. Баланың ананың жатырында 40 күн тамшы түрінде 40 күнде ұйыған қан түрінде бейнеленіп, 40 күн ет түрінде сосын Алла періштесі арқылы 4 сөз ақылдың қуаттық тағдырын жазумен ғана біздің тәніміз әртүрлі ерекшелікпен бейнеленеді. Жалпы адамзаттың барлық қуаттардың жүйесі 7 санымен белгімен нәтижеленетін де ескерсек, енді осы 40 санымен 7-ні көбейтетін болсақ; 280 саны шығып мұны айға айналдырсақ 9-ай 10-күн шығады екен. Сонымен біздің тағдырымыздың есебі ақылдың алғашқы дәрежелік қуатымен толық бейнеленіп; 40 шындық пен 40 өтіріктің өзара арпалысы, ақ пен қараның әрекеттесуімен «Ала жіптің» жанымыздың сапасының жетілуімен байланысты болмақ. Біздің ана жатырында  4 сөзбен ақылдық қуатпен тағдырымыз жазылып, оған сәйкес өсіп-өнуге тиісті жан берілгеннен кейін алған аманат жанымызды қуаттандырып ақылмен байытып өсіруге міндетті құлшылығымыздың тағдырлық өз ерекшелігі болмақ. Сонымен бірге біздің жындық, шайтандық жаратылыстық сипаттарымызды да ақылмен, білімнің күшімен, ар білімімен тәрбиелеп өсіруге тиістіміз. Шайтандық қуатымыз әйелдік гормондық сипатпен жетіліп жанға қозғалыс, сезімдік қуатпен бірігетін болса, ал жындық әрекетшіл қозғалыстық қуатымыз еркектік гормон тұрғысында өсіп-өніп жетіліп, тағдырымыздағы жындық қуатты жетілдіріп ақылдың қызметімен қайратымызға айналуы керек. Сонымен адам баласының үш негізгі тегінің; жандық, рұқтық, адамдық болмысының 1. Пайда болуға, жаратылуға; 2. Жойылуға, өлімге ұшырауына; 3.Өзгеріске түсуге, түрленуге; 4.Ұлғаюға, жанның дәрежеленуіне;5. Азаюға, тозақтық болуға; 6.  Бір орыннан бір орынға ауысуға ерікті әрекеті болып, қозғалыстық қуаттарының басқарудың  негізі Алладан түсірілген сөздің қуатын меңгеруге қызмет сәжде қылатын ақылдық қуатпен байланысты болмақ. Ал барлық жаратылыс әлемі сөзден пайда болғанын да мойындау ақылдың, иманның шарттылығы деп түсіну керек. Сондықтан да адам баласына тағдырын, ақылдылық қуатын жазып, болашақ тіршілігінде тағдырының есебін шешіп күнәлі рұқтардың да әсерлерін меңгеріп, онан әл -қуаттық пайда тауып өмірдің базарын жүргізуге тиісті екенбіз.

   Мұндай жағдайда тәніміздің тұтастай алғанда бір ақылға бағынып қызмет қылуымен сымбатты, қуатты, серіппелі, әдемі қимылды, тұтастай іс-әрекеттің иесі қылғымыз келсе ғазиз жанымыздағы туғаннан берілген қалыптасқан ойлау бағдарламасын ескі ақылымызды уақыт өткен сайын қайта бағалап, жаңадан жоспарлап жетілдірумен үнемі жаңа қуаттармен толықтырып отыруымыз керек. Егер ақыл үнемі толықтырылып жаңадан жобалар алып отырмаса, онда бұрынғы заман оқиғаларына, іс-әрекетеріне негізделумен өзінің мақсаттылығын да жоғалтуы сөзсіз. Сонымен біздің тіршілікке арналып жер басып жаралуымыздың өзі бұрынғы заманда өткен нәсілдердің қуаттарынан дене негізінен пайда болып, әке-шешеміздің ақылдық қуаттарынан, тектілік қасиет, қабілетінен дендік саулығымыз қалыптасады. Ақылымыздың кепілі денсаулығымыз рухани өрістік ұрықтық қабымыз болып, денсаулығымызды  ұлғайтуға, көбейтуге, өзгеріске түсіруге рухтан азық алып Ақ жаулықтық байлығымызды қалыптастырсақ, діннің және адамдық міндетті құлшылықтарымызды өтеу, сауап, ізгі істермен қасиеттілікті меңгеру арқылы он саулық көктегі қазынамыз байлығымыз да көбейеді. Олай болса; Денсаулықтан; 1. Тән саулық 2.Дін амандық, жан, жын саулығы пайда болады. Тән саулығы; пенденің ішкі қызметтік, құрылымдық жүйелер мен ағза мүшелерінің өзара сәйкестік ақылмен басқарудан пайда болатын қабілеттік, қасиеттік, тектік гормондық қуаттылық, тазалық сипаттарынан тұрады. Дін амандық саулығы; Ақыл-ойдың қабілеті мен мінез саулығынан және имандылық қуатынан, жан тазалығынан тұрады. Ақжаулық байлықтан; Ұлттық сипатта өсіп-өну, көбею қабілетін сақтайтын гендік, шежірелік қасиеттердің; Тіл, діл, үндік таңбалық ерекшелік белгілердің ұрпақтан ұрпаққа алмасу қабілеті Ар, Ұят тазалығының қуаттарынан тұрады. Он саулық байлықтан; Абсолютті жетілген дінсіз таза ақылдан, шартсыз діннен келетін хабарларға, уахи-нұрға, байланысты болмақ. Адамзаттың есту, көру, ойлау, түсіну қабілетін арттыру қасиеттілігі, кісілігі болып саналады. Пайғамбарымыз; «Әрбір істің, құлшылықтың ортасын ұстаныңдар» деп ескерткен екен. Олай болса бұл үш байлықтың негізі, ортасы Ақ жаулық байлығымыз туған жеріміздің рухымен және барлық біздің жаратылып пайда болуымызда ақ жаулықты аналарымыздың да денсаулығына тәуелді болады екен. Тауықтан жұмыртқа, ал жұмыртқаның қасиетінен тауық пайда болса, біздің денсаулығымыз анадан, анамыздың ден саулығы ақ жаулықтық ақыл қуатының тазалығынан пайда болады. Енді бұл ақылдық байлығымызды жүйеге түрлендірсек; Он саулық абсолютті жетілген жүйе басқарушы қасиетін алып; Денсаулық –жетілмеген жүйе болып мұның жетілуі Ақ жаулық-Реттеуші жүйе болу керек. Олай болса басқарушы абсолюттік жүйе, яғни Құдай тарапынан келген барлық шартты, шартсыз ақылдық, діндік хабарларды әйелзаттарының қабылдап орындамауынан денсаулық та жетілмей, онан барлық адамзат түгелдей зардап шегіп жоғалуға да мүмкіндік зор болмақ. Ғиса пайғамбарымыз; «Байлықтарыңды көкте жинаңдар, сонда ол шіріп, құрт түсіп жоғалмайды» деп ескерткен екен. Бұл үш байлық рухани тұрғыда аспанда, жерде және екі аралық кеңістікте сақталатын әрбір ұлттың, халықтың рухани қазынасы болмақ. Біздер осы үш байлықтан аз, көп үлес алып, жер бетіндегі тіршілігімізді жалғастырып жатқанымызбен мұны қайтадан орына қайтаруға тиісті аманат екенін мүлде ұмытып кеткенбіз. Алланың түсірген діні, жазған тағдыры арқылы бұл байлықтарды көбейтіп, ұлғайтуға біздің ата- бабаларымыз, даналарымыз, әулие-әмбилеріміз қаны мен терін төгіп біздерге мирас қылып қалдырғандықтан біздің осындай бақытты заманда ешқандай таршылықсыз өмір сүруімізге, осылай тұра беретіндей, бізге құдай өзі үшін беретіндей міндетсінген тіршілігімізге себеп болып, ал мұндай ұлттық байлығымызды ысырап қылып төгіп шашып тауысуға айналғанда қияметтік мезгілдің басталатынын білмейміз. Әлем елдерінің басым бөлігі бұл байлықты өндіруді мүлде тастап қойғандықтан, ұрпақтардың өмірге келуінен бастап халықтың жаппай семіздікке, жазылмайтын ауруаларға күнәнің құлдығына түсуге өздері себепші екенін ақылмен болжаудан қалған. Мұнан әрі жалғаса берсе, жер бетінің тұрғындарының тағдырлары әлсірей беріп, мұның салдарынан түрлі табиғи апатармен, қайға-қасірет соғыстармен азып-тозып жоғала бермек. Арап елдерінің де жинаған рухани қазынасы да азайып, аманаттар қайтарылмағандықтан құрбандық жанымен қызыл қанмен қайтарып жатқанмен, бұл тек қана бір ғана бірінші байлықтың денсаулық қазынасының орнын толтыра алады да, ал екінші, үшінші байлықты қалыптастыру үшін ақылдың екінші, үшінші дәрежелік қуаттарын меңгеру амалдарын орындау керек болады. Бұл рухани қазына байлықты өсіру қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүр негізімен толық шартты діні қалыптасқанын да біз ақылмен түсінуден қалғанбыз.  Сонымен біз денсаулықты рухани егін тұрғысында, ақ жаулық қуаттарды бәйшешек бақшасы жанға қуаттың негізі қылып өсіріп, он саулықты ар қуатының негізі болып имандылық арқылы жаратушының аманатын орнына қайтара аламыз. Әрбір жеке адамның діні, ақыл-ой қуаты Алла дінінің, таза ақылдың майда уақ бөліктері түп негізгі нұрдың құрамына сәйкес болғандықтан адамның меңгерген діні үшінші байлығы да мәңгілік. Сондықтан; «Малым жанымның, жаным арымның садақасы» деген данагөй аталарымыз. Әрбір жаратылыс нәрсесінің өзіндік орны, денесі болса, онда өлшемі, сапасы, түр, түсі де болуы шартты. Олай болса; Денсаулық байлығы — қызыл , жермен әйелдердің жатырымен, сана қуатымен байланысты қалыптасады. Сандық мәндері, ақылдық қуаттық өлшемдері; 11;17;103. Екінші байлық Ақ жаулық-Ақ түсті болып, имандылық жан қуатымен, ақиреттік өмірдегі өлілердің жағдайына тәуелді сандық мәнді ақылдық қуаттық өлшемдері; 49;111 болып табылады. Он саулық байлығы-сары түсті оттың негізі болып, сандық ақылдық өлшемдері; 38-санмен белгілі болады. Сонымен адам баласы аспан мен жердің арасында орналасуының тіке жүру жауапкершілігін міндетненуінің де өзінің маңызы зор, ақылдық қуатының ерекше қуатты болып жетілуіне себеп болмақ. Әрбір адамның тәрбиесіне байланысты жүзеге асқан іс-әрекеттерінің қорытындысы көлеңке өрістік бейнесі кісіге айналып, не жерге немесе аспанға бағытталады. Ал денесі, бақшасы екі аралықтан орын алады. Сондықтан да 18 мың ғаламның барлық қозғалыс, жаратылыстық ең ұсақ, уақ себебімен де  байланыста болып, Алладан келетін үш текті бағдарламаға сәйкес болу үшін реттік жүйелермен өлшемдерін, сипаттарын да ажырата білген жөн… (Жалғасы бар)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.