X-Аққу- сұңқарлар және ата жолы дін философиясы мен қазақ дін        дәстүрінің түсініктері.

Бөлім: Аққу, сұңқарлар және Ата жолы 41

(жалғасы басы 1-9 тарауларда)

   Сонымен екі жылдай уақытты араға салып; 2015 жылы қыркүйек айында бұл тақырыпты қайта жалғап отырған жайымыз бар. Ата жол жазбаларының қазақ дәстүрінің ар білімінің сырының аруақтар аманатымен жазыла бастағанына да 13-15 жылдың мезгілі өтті де. Осы уақыттың ішінде алғашқы кезде оқырман табудың өзі қиын болып, ал уақыт өте оқырмандардың саны да мыңдап қосылып жатқаны да хақ. Сонда да болса, бұл білімді түсінуге білімді қауым мен ел билеушілердің бас тартуына не себеп болды деген сауалдардың талайлардың көкейін тесіп жүргені де хақ. Енді мұндай рухани ахуалдың сан алуан түрінің, бір ұлттың неге талай топтарға бөлініп алып өзара қырғиқабақ алауыздықта тұрып жатқанына не себеп болды деген сауалға жауап іздеп көрсек.

     Осыдан екі жыл бұрын әулиелер батасында бұл жазбаларды аққу, сұңқарлар жеті жылдың ішінде түгел түсінетін болады, қолдарынан тастамай оқиды деген хабар келген. Ал оған түсінікті, Ясауи бабамыздың батасында Қазақ ұлтында 10 мың ғана жетелі пенделер бар. Олардың осы ата жол жазбаларын оқып түсінумен көңіл жарығы арқылы, яғни жүректен жүрекке берілумен 100 мыңға жетеді де, осы топтың әрекетімен ғана ата жолы туы көтеріледі дегенді. Бұл батаның астарын қарапайымдап түсіндірсек; Дін насихатының, адамзаттың рухани жетілуінің екі сипаты болады. Біріншісін; ҒЫЛЫМҚАЛ деп атап, пендеден пенде арқылы сабақ алып, көзбен көріп, тілмен оқылатын оқуды және бұл білімді қазір масһаб деп атап біздің сеніміміздің негізі осы біліммен байланысты болады. Ал енді екіншісін; ҒЫЛЫМХАЛ деп атап, бұл құдайдың жолымен байланысты жол-жоба алу деп атаған құранда. Ғылымхалыміз біздердің жандарымыздың ұқсастығымен ата-бабаларымыздың меңгерген ілімдерімен, ақиретпен байланысты болып; «Өліге иман, тіріге берекесін бер» деп өлілер жанын тірілтуге иман сұрайтынымыз, сол арқылы біз де иманды бола алатынымыз да,  құпия құлшылығы және ұлттық ғылымқал кітабымыз, нақылдармен  жасырылғанды. Негізінде ғылымқалыміз; Ясауи баба Сәни дәптермен, Абай-Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп, Жүсіп Баласұғын т.б. даналардың еңбегімен де көрнісін береді. Біздің сеніміміз ұлттық ғылымқалымыз арқылы ғана қалыптасқанда, иманымыз ақиретпен байланысты байып, жетіліп оны « АҚИРЕТТЕН ЖҮРЕКТЕР, КӨЗДЕР АРҚЫЛЫ КЕЛТІРУ» үшін Алла жолында артық хайыр жасап, ізгілікпен ақталу жолын меңгерумен тікелей байланысты болмақ.

    «Имансыз адам тумайды» деген қазақта. Яғни біздің мұсылмандығымыз туғаннан жаратушыдан алған сый иман қуатымен, тағдырымыздағы жазумен байланысты болады. Бірақ заманға қарай білімді түрлі салттарды, әдеттерді меңгерумен иманымыз жоғалып, білім жүзінде ғана сеніміміздің жағдайымен өмір сүретімізді білеміз бе? Ал енді бүгінгі таңда  имандылыққа жалғануға әрине масһабтық дін білімі болған ғылымқалымыздың да тазалығы міндетті керек.  «Құдайсыз нұр тұрмайды» (Без бога свет не стоит) «Патшасыз жер түзу тұра алмайды.» (без царя земля не правиться) деген мақалдардың да астарлы сыры болып; «Сендерді жер бетінің халифасы болуға жараттым» деген үкім бар жаратушыдан. Сонымен иманды үлестіруші, шапағатшы Мұхаммед пайғамбарымыз болып, ал үмметік тұрғыда пайғамбарымыздың шапағатына жалғана алған барлық әулие–әмбилер, елшілер, пайғамбарлар ізбасар жәрдемші, әскері де болып табылады. Тарихымызға терең үңілсек, білімнің барлық мектебі мешіттер мен шіркеулер арқылы ғана таратылып қал ғылымын (әдет-ғұрып), адамзаттың сенімін жасынан бір белгілі бағытқа, әдет-ғұрыпты сақтауға тәрбиелеумен байланысты болғаны да сөзсіз. Ал білімнің сан алуан бағыты мен сапасының да өсіп жетілуімен «Қал» ғылымы тек дін насихаты, құлшылығы түрінде бөлек енші алып шығып, бірте-бірте білімнің қуатының артуымен өзінің ықпалын жоғалтып та алғаны хақ.

   Ислам дінінде «Хал» ғылымның жоғарғы дәрежесін меңгеруге, талай жүздеген әулиелердің шығып, алтын ғасырда да өмір сүруге ықпал еткен Ясауи бабамыздың көрсеткен ілім жолы еді. Жарық нұрының құдайдан келетін жоғарғы имандық дәрежесін меңгерумен және оны көңіл арқылы, жүректен-жүрекке берілуін қамтамасыз етуді, яғни жанымен Алла жолында соғысу дәстүрі тек қазақ халқының еншісіне тигенін біз бүгінде мойындаудан мүлде бас тартқан ел болдық. Ал әрбір иманның жоғарғы қуатына, құдайдың жолына, жарығына жалғана алған Алланың сүйікті құлдарын, жер бетіндегі киелі орындарды, ойпаттарды яғни хаж сүресінде ашық аятпен берілген; «Алланың жібіне жалағануды, төбеден түскен жіпке асылу» деп атағанды. Аятта пайғамбарымызға дінде түсінбеушілік пен адасушылықпен, қарсылықтың пайда болуына қарсы күресу үшін «Хал» ғылымын меңгеруді аятта; «Егер саған олардың жүз бұрулары ауыр келсе, қане! Қолыңнан келсе, жерде бір тесік немесе көкте бір саты ізеп тауып бір мұғжиза (құдай нұрын) келтір! Егер Алла қаласа еді, оларды бір туралыққа жинар еді. Ендеше сен надандардан болма.» (6-35)

   Алланың жібіне жалғануды, жерден тесік, ойпат арқылы көкке саты іздеген қазақтың дін дәстүрі болған, Алланың ардақты қылып, түрлі хикметтердің қуатының көрінетін киелі орындарын ұлықтауды аятта; «Міне осы, кім Алланың ардақтағандарын жоғары бағаласа; сонда оған Раббыларының қасында хайырлы..» (22-30) Алланың бір сипаты құдайдың растығы, бірлігі яғни өзінің ардақты құлдарына, пайғамбарлар мен елшілеріне ұқсастық қасиетті меңгерумен байланысты болмақ. Олай болса Алланың ардақты құлдары тірі және жер бетінің патшалығын атқарушы халифалары болады. Қазіргі исламның ғылымқалы білім бойынша «Өлілер аруағы (кітабы, меңгерген шындығы) жер бетіндегі тірі пендеге ешқандай жәрдем бере алмайды» деп түсіндіреді де мұны «Аллаға серік қосу» яғни ешқандай құранда, жалпы діндерде де көрсетілмеген құлшылық сыйыну түрі деп үгіттейді.

   Бұл сыйынудың түрін меңгеруді пайғамбарымызға да; «Ендеше сен надандардан болма.» деп ескерткенді. Бірақ құранда мына аятқа ақыл салсақ; «Олар Алладан өзге өздеріне пайда, зиян бере алмайтын нәрселерге сыйынады. Міне сол ұзақ адасу.(13) Сөйтіп олар, пайдасынан зияны жақын біреулерге сыйынады. Әрине нендай жаман қожайын! Нендей жаман сыбайлас! (серік (22-14) Адамзаттың жансыз нәрсе болған шайтаннан болған жындары бой серігі, (аура өрісі) болып, солар арқылы білдірген, көрсеткен ақпараттарға мойынсұнып кетуін және «Ақындарға, пайғамбарларға шайтандарды серік қылдым» деген сынақты дін ғалымдары басты назарға алғаны да хақ. Сондықтан да жер бетіндегі өмірінде тәнің жарық денесін, жеті өрісін ар қабымен, сауытымен бекітіп, әулиелікке жетіп, жаннат бақшаларына жалғанып қуат, ақыл, уахи ала білген ардақты құлына айналу, өзінің жер бетінде белгісін тұрақтандыруға мыңның бірінің де қолынан келетін ауыр іс екені де хақ.

    Алла тағала жер бетіндегі барлық пенделеріне өзінің сипаты болған ардақты құлдарының жаннатық жандары арқылы ғана қуатын, несібесін үлестіріп отыратын құранда ашық аяттармен және бұл қуаттардың негізінде 114 сүре болып, оның 8 сүресі ардақты құлдарының есімімен берілгені де ашық дәлел емес пе? Барлық қуаттардың жүйесі құран болып, осы сүрелері арқылы ғана Алла тағала жаратылысты басқарып, қозғалтып өмір беретін болса, онда бізге берілетін иман қуатының жағдайы да негізінде 8 сүремен, сегіз дін насихаты негіздерімен байланысты ғой. Демек біз исламда құран арқылы ғана сыйынатын болсақ, онда құранның әрбір сүресі біздерге пайда келтіріп, ал қарсы болсақ зиян да беретін жоғарғы дәрежелі періштелік қуаттар ғой. Ал олай болса, Нұқ, Әли-Ғымыран, Жүніс, Жүсіп, Ыбырайым, Мұса, Дәуіт, Ғиса..т,б басқа пайғамбарлардың бәрін «Негізінде пайғамбарлардың әкелері (рұқ) — бір, шешелері ғана бөлек» деп неге айтты Мұхаммед пайғамбарымыз.

  Құдайдың растығы, бірлігі яғни Алланың өзі сипаты жаннаттық жандарымен яғни ардақты құлдары арқылы аруақтармен бейнелетінін де естен шығармаған жөн. Себебі барлық пайғамбарлардың да соңғы пайғамбар келгенде ақиреттен жәрдем берілетінін аятта; «Мұхаммед сол уақытта, пайғамбарлардан уәде алған едік. Сенен, Нұх, Ыбырайым, Мұса және Мәрием ұлы Ғисалардан, солардан берік уәде алған едік.(7) Алла шыншылдардың шындығынан сұрау үшін еді. Кәпірлерге қинаушы азап әзірледі.» (33-8)   Олай болса; «…шыншылдардың шындығынан сұрау үшін еді». деген ұғымның әрбір адам баласының шындық ғұмыр кітабы – аруағы болатын, сол аруағы арқылы ғана қуаттық тұрғыда жер бетіндегі тірі аталған пендесіне жәрдем немесе азап берілетінін растап тұрғаны да хақ.

    Жалпы дін ғылымында аруақ ұғымын; тек қана рұқ деп түсінуден үлкен қателік туындаған. Аруақ барлық қуаттардың бірлігі және онда жанның да, адам әрекетінің жындық қуатының да сипаты болатынын білген жөн. Шындық бір қуат — алқызыл түсті, жарқырап жалындаған оттай болып көрінеді және батқан күннің сипатымен белгілі болады. Шындықтың сипатын хыжыр сүресімен 99-аяттық жүйемен сипаттаған. Алладан түсетін өзіндік сипат қуаттарды; «Періштелерді бір шындық түрінде ғана түсіреміз де сол уақытта оларға мұрса берілмейді.» (15-8) деген үкіммен аруақтың жоғарғы дәрежелі періштелер сипатынан болып және Алланың құдіретті қолы болатынын ескерткен.

   Ал енді бұл пәтуамызға дәлелді яғни Алла ақиреттегі пайғамбарларына, сүйікті құлдарына жер бетіндегі адамзатқа жәрдем беріп, шапағат ету қақысы жоқ деген бүгінгі дін ғалымдарының надандығына аятта; «Кім; Алла, дүние, ақиретте пайғамбарға әсте жәрдем етпейді деп ойласа, дереу бір жіппен төбеге асылып, сосын оны кессін де көрсін.» (22-30) Көкке Алланың жібіне, нұрына жалғануды, мойынмен байланысты яғни Мәрием (бой ұсыну) 19-санды сүренің қадір-қасиетімен ғана мүмкін болатынын да білген. Ал оны меңгеру үшін інжілді және Ғиса пайғамбардың меңгерген шындығына-аруағына жалғана білуіміз де керек. Мұндай ұлттың көкке жалғанған уахи кітабын, жаннат жібін кесуді бүкіл зиялы қоғам, ел билеуші, дін ғалымдары болып қазақ дәстүрін, ар білімін, ұлттың шындығы аруағы болған ұят-ұжданынан ажыратып бөлшектеп жатқандарын әрине түсінулері өте қиын.

   Енді мұның себебін ашық түсіндіретін де уақыт келіп; ақиреттік аруақ және жындар әлемінің сырларын да, оны меңгерудегі  үлгі көрсетуге, ғылымхалын меңгеруге тиісті болған ата жолының аққу сұңқарларының барлығы дерлік адасуға не себеп болды? Мұндай зұлымдыққа себеп болған жоғарғы ел басшымыздан бастап барлық білімді қауымның көкке асылған мойындағы жіптерін, «Ер мойнында қыл арқан шірімес» деген астарлы нақылының ғылымын жоғалтуға бірінші себеп; «армагеддондық»-тажалдық, «гендерлік саясат» пен қыз, қатындарымыздың жаппай арсыздыққа түсуінен деп білген жөн. Аятта; «Бір топты басқа топтан үстем деген сылтаумен араларыңдағы анттарыңды бұзып, жібін мықтап иіргеннен кейін тарқатқан қатын құсаған болмаңдар. Шын мәнінде Алла сендерді осымен сынайды. Сондай-ақ дүниеде қайшылыққа түскен нәрселеріңді қиямет күні сендерге ашықтайды.» (16-92) Барлық бәле қатындардың азғындығынан басталып, олардың қанынан, етегінен, қолынан жала алған «етекасты» ел басқарған, ғылым аталған «қатындардың»  кесірінен бүгін қиямет күнінің уәдесі қазақ жерінде ашық түсіп жатқанымен, мұны мойындап қарсы әрекет қылудан бас тартып жүрген, немесе керісінше ата жолының үлгісін зұлымдыққа қарай бағыттап жүрген; «ант атқан» қара жындылардың сипатын баяндап көрейік. (Қыркүйек айы. 2015 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *