XX-Иман және махаббат

Бөлім: Иман және махаббат 67

                      (Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай   ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы) Философия-ойдың қуатын меңгеру ілімі болып, ойсыз ақылдың жарығы болмайды сондықтан да ақыл шам болса, ой соның майы болатынын да білген жөн. Сопылық мақамдағы «май іштім» деген осы ой қуатын алумен, ал тылсымнан аян арқылы арақ ішу ақыл қуатын алумен ерекшеленеді. Қазіргі таңда қазақ елінің философиялық мектебінің өз мақсатын атқара алмағандықтан қазақ елінің болашаққа қарай заманның ырғағына сәйкес өркениетті меңгеруінің тежеліп тұрғанына жоғарғы лауызымды ел билігі мен зиялы қауымның ақылы болғанмен оның шамының майы болмай, сондықтан шамдары иман, ар болып жана алмай, жол көрсететін жарықтары болмай, кез келген елдің әдетін, салтын, білімін ақыл қылып алуға себеп болғаны да сөзсіз. Мұндай жағдайда дін ғылымының алға басып тура жолын табуы да мүлде мүмкін емес. Құранда бұл жағдайды аятта; «Сендерге аяттарымыз оқылатын еді сендер теріс айналатын едіңдер(66) Аяттарымызға тәккаппарсынып, мүлде сандырақтаушы едіңдер (67) Олар сөзді (құран философясын) зерттемей ме? Немесе оларға бұрынғы аталарына келмеген нәрсе келді ме» (23-68) Бұл жағдай құранның философиялық ой қуатын меңгеруге арап тіліндегі тәпсірдің ақыл білімінің үгітінің жетімсіз екенін, ол үшін әрбір ұлттың өзінің ойшылдық сөз байлығы, нақылдары мен философиялық даналықтары арқылы ғана зерттеуді ескертеді. Және тылсымнан аяттардың аян, уахи, бата болып оқылуына да қарсылық білдіретінді «білімге мәз болған тәккаппарлық» деп ескертеді. Сонымен философиясыз біз құранды зерттеп тек қана білімге негізделген ақыл тұрғысында діннің тура жолын табуымыз да мүмкін емес. Сондықтан философиялық ойшылдық 4 түрлі құндылықтардан тұратынын да естен шағармаған жөн. 1. Ертегі, аңыздар. 2. Шығармашылық, поэзия.3. Аян, уахи, бата. 4. Құран насихаты аудармасы және киелі кітаптар. Енді бұларды біз жеке-жеке меңгеріп, ақылын логикалық тұрғыда алғанмен, бәрінің басын қосып ой қуатына айналдыруға, бәрінің негізі болған құранның ішкі 7-үніне жалғануға біздің қандайда бір алған біліміміздің ой үнінің шамасы жетпейтіні де хақ. Біздер аян арқылы да белгілі ғана ойшылдықтың шамасын меңгеріп, бірақ оны жоруда тағы да қателіктерге бой ұрындыруымыз да ғажап емес. Сондықтан бұл қиындықтан құтқаратын бесінші тұрғыдағы білімнің негізі ғылым алу, кітаптарға жалғану болған сан ғылымы болып табылады. Құранның  ой қуатының үні сандармен жасырылғанын және сандардың да өз орнымен, аятпен үйлесімді тұрып аяттың соңында оқылуының өзінде үлкен құпия сыр жатқаны да хақ. Сандардың аяттың соңында және сүренің басында келуінде біздің ішкі сыртқы дүниемізге енетін ой қуатының шамасын белгіліп тұрғаны да хақ. Інжіл,Тәурат, Зәбур және пайғамбар жазбаларында сандар аяттардың алдында келіп ой қуатының ми қабыршақтарына қозғалыс үдеу беріп, жүрек тамырларына әсері, ішкі ағзаларға ақыл сарайларына  да әсері дем қуаты болады. Ал Құран аяттарының соңында берілуінен ой түйіндеуге, ақылға тұжырым беріп, сабырлық сипаттау, аянға жүгінуге жалғануға жіп және дем болады. Сондықтан Абай атамыз Ясауи бабамыздың сәни дәптерінің негізінде осындай сандармен құранға, яғни сәни дәптер арқылы да жалғануға жол салғаны да хақ. Біздер қазір Абай атамыздың ойшылдығын, әрбір сөздерін жеке-жеке өлең насихатымен және құран аяттарымен бір ғана жақты талқылап келеміз. Ал негізінде иман және жан ғылымын, ар білімін толықтай қамту үшін Шәкәрім ата еңбегін, Ясауи баба сәни дәптерін және інжіл мен пайғамбарлар жазбаларын құранмен жалғап отыратын болсақ әрбір қара сөзден бір кітап жазуға тура келеді. Сондықтан да кейбір оқырмандарға ойлардың үзік-үзік, түсініксіз болып көрінгенмен құранның аудармасын насихатын меңгерген және қазақ даналарының еңбегінен хабары бар, сөз байлығы қалыпты оқырмандардың естілігіне сай иман қуаты болып, құранның жеті үніне жалғануға да себепші болары да сөзсіз. Құранның жеті үніне жалғануды пайғамбарлық қасиеттің 16-шы белгісі «Жеті жұлдыздан белгі»-ні  көктен алуды алдыңғы тарауларда талқылап өттік. Енді мұның жұбы болған жер ана рухымен жалғануды 17-ші пайғамбарлық қасиеттілік «Жеті із белгісін алуды» талқылап баяндап көрейік. «Қайрат, ақыл, жүрек үшеуінің өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: Ей ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәре менсіз кәмелетке жетпейтұғұнын. Әуелі өзіңді білуге, ерінбей-жалықпай үйрену керек, ол менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей-жалықпей орнына келтірмек те-менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғұн, күнәкарліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәпсі шайтанның азғыруынан құтқарытын, адасқан жолға бара жатқанды бойды қайта жиғызып алатұғұн мен емес пе? Осы екеуі саған қалай таласады?-депті…»  Сонымен қайрат дегенміз адам баласының кісілігі жаралыстан талап болып жан қуатының негізінен өсіп өнетін нәтижесінде арға, денеге, жарыққа, баураушы өріске, текке айналатын адамдық болмысы  жетілген тазарған жынымыз болмақ. «Ақыл айтыпты. Не дүниеге, не ақиретке не пайдалы болса, не залалы болса, білетұғұн-мен, сенің сөзіңді ұғатұғұн-мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғынып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?-депті.» Сонымен бұл жерден біз ақылдың дайын білім емес, сол білім-ғылымды да пайда зиянын ажырата білетін бір ерекше қуат көзі және оны тәндегі керекті жеріне орналастыратын тасымалдаушы жарық қозғалыс  негізі екенін аңғардық. «Онан соң жүрек айтыпты. Мен-адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғұн-мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғұн-мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болса, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғұн-мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғұн-мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғұн нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?-депті…» Сонымен «Мен сендерге күре тамырларыңнан да жақынмын» деген Раббымыздың ескертуін Абай атамыз; МЕН –ЖҮРЕК,  деп түсіндіреді. Жүрек құдайдың біздердегі тұрған ұшқыны, барлық өмірдің тіршіліктің негізгі көзі, махаббатың өзі-СОЛ болмақ. «Махаббаттан жаратқан адамзатты» деген астарлы сөздің құпиясы да біздердің жүректен бастап жаралып, таза жүрегімізбен түсіну арқылы ғана жасаған құлшылығымыз, таза жүректен шыққан сөзіміз, ісіміз де махаббатпен болмақ. Жүректе махаббат нұры иман болғанда ғана құдай патшалығы адамның өзінде орнайтыны да хақ. Қазіргі таңда көптеген хикметті көріністердің Алла деген жазудың жүрекке жазылатыны да осы «МЕН» сипатының дәлелі де және; «Маған құлшылық жасаңдар» деген сөздің астары да, адамзаттың бар әрекеті, дін ұстанымы да, сәждесі де жүректі таза ұстауға негізделу керекті. «…Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып айтыпты: -Ей, қайрат, сенің айтқандарыңның бәрі де рас. Ол айтқандарыңның басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз еш нәрсенің болмайтұғұны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман,-депті…» Міне жыны тазармаған, діні әлсіз, кейбір пенделердің меңгерген біліміне қарай халыққа пайдалы нәрсені ойлап жүріп, аяқ астынан нілдей бұзылып, артынан адасып, бүлікке шақырған жалған намысқа беріліп, ұлтшыл аталып немесе пенделікпен құдайға да қарсы болып; «шұнақ құдай, не жаздым, бізді неге сорлы қылдың» деген сияқты және білімнің соңына ой жоруға түскен зиялы қауымның да елбиліктің де осындай қайраттылықтары жындылықпен ұласып кетуінде де жүректі тыңдамай, ақылға көнбей кетуінде де осындай сыр бар. «…-Ей, ақыл» Сенің айтқаныңның бәрі рас. Сенсіз ешнерсе табылмайтұғұны да рас. Жаратқан тәңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да-бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның екеуінің де-сүйенгені, сенгені-сен, екеуінің іздегенін тауып беріп жүресің, соның жаман,-депті…» Міне ақыл дегеніміздің өзі білімнен, тәрбиеден пайда болып қалай тәрбие берсең, ақыл сол бағытта қызмет қылып жамандыққа да меңгерген білімді жұмсауға мәжбүр етеді. Қазіргі замандық ел биліктің саясатында жастарды білімді, шет тілдерін көбірек меңгертіп ақылды ел аталмақтың өзінде солардың тәрбиесімен яғни салтын алып ақымақтануға, азғындыққа ұшыратуға соқтыратын жол екені де сөзсіз. «…-Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ менің ісім,-депті. Бірақ сонан билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады. –Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет,-деп ұқтырырып айтушының аты ғылым екен. ..» Сонымен ақыл жүрекке жақсыны да жаманды да айтып тұрушы, барлық әрекеттермен арадағы делдал болып, оның да қыры яғни қабырғаның санымен біздің қабырғамыздың нұрлануына тазалығына тәуелді болмақ. Адам баласында 24 қабырға болса және оның оң солы мен негізінде  6 ақылдың төрт мезгілі болатынын да білген жөн. Барлығы әйел, еркек 48 санмен парасаттылық қуаттың негізі және жер бетіндегі қыбыла өрістерінің санын да берумен Мұхаммед пайғамбарымызға берілген жеке кітабының да белгісі хадистердің шығу тегі екенін де ұмытпаған жөн. Бұл жерде «еріктің» де жүректен пайда болатын қуат болып қайрат–жынның жүректің еркі арқылы басқаруында болса ғана пенденің жындылыққа бой ұрмауына себеп болады екен. Ал мұның бәрінің басқарушысы ғылым болып, ғылымның біз қарастырып отырған жеті із, жеті жұлдызбен аралық жеті қозғалыстық қуат, аруақпен барлығы 21 санды жұлдызбен адамзаттың жүрек, ақыл, қайратының басқарылатынын да ұмытпаған жөн. «…Осы үшеуінің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам-сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы,-депті» Олай болса ғылым дегеніміз кітаптағы білім емес құдайдың сөзін, кітабындағы ақылдарын адамзатқа жеткізіп тұрушы құдайлық басқарушы періштелік сипатын ескертеді. Сонымен біздерге құдайдың таза ақылынан, рухтан хабар беруші пайғамбарлар мен әулие-әмбилердің періштелік кісілігін құдайдың нұры, ғылымы деп атаймыз.Сондықтан аятта; «…Олар жол тауып жүретін белгілер және жұлдыздар жаратты.» (16-16) (1+6=7) деген ашық аятпен біздерге жолды жұлдыздардан келетін ақпараттар мен аян, уахи болып көрсетілетінін білдіреді. Сонымен бірге бұл жағдайды аятта; « Және дін істерінде оларға ашық түсініктер бердік. Дегенмен өздеріне мәлімет келгеннен кейін өзара күншілдік қылып, мүлде талас-тартысқа түсті. Шын мәнінде Раббың қиямет күні араларыңдағы қайшылыққа түскен нәрселері турасында үкім береді.» (45-17) Және қиямет күнгі үкімді «..Өліктермен сөйлестіремін, бар нәрсені алдарыңа жинаймын..» деп (6-111) аятпен де ескерткен. Бұл жағдай қазақ елінде 21 жұлдыз Айша ана туымен аққу, сұңқарлардың құс тілім меңгерумен келтіріп жатқан өлілерден хабарлардың ақиқатын да енді алда 6 жыл ішінде бүкіл әлем де мойындайтыны да хақ. «Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап, Жұрт жүр ғой күйкентай мен қарға сақтап. Қыран шықса қияға, жібереді Олар да екі құсын екі жақтап. Қарқылдап қарға қалмас арт жағынан, Өзі алмайды, қыранға алдырмайды, Күні бойы шабады бос салақтатып. Тиіп –шығып, ызы қып, ұстатпаса, Қуанар иелері сонда ыржақтап. Не таптық мұныменен деген жан жоқ, Түні бойы күпілдер құсын мақтап. Басқа сая, жанға олжа дәнеме жоқ, Қайран ел осынымен жүр далақтап.» (17-ші өлең) Бұл жерде Абай атамыз аңшылық туралы емес, көңіл құсының үш түрі болып, ал көңіл құсы сұңқары барды артынан көңілі қара қарға болғандар мен күйкентайдай болып жетілмей қалғандар бұл істі істетпейтіні, қазақ еліндегі маһабшы, зиялы қауым мен ата жолының қазақ дәстүрімен арасындағы жағдайды да ашық көрсетіп тұрғаны да сөзсіз. Және бұл жағдайдың да туындауына алтыншы жетінші күннің (чакра) ашылмауына; «… Басқа сая, жанға олжа дәнеме жоқ, Қайран ел осынымен жүр далақтап.» Жалаңбастық пен жалаңаш арсыздықтан жанға олжа иманды меңгере алмауынан деп ескертеді. «Қайтсе жеңіл болады жұрт билемек? Жұртты сүйген нәрсені ол да сүймек. Ішің берік боп, нәпсіге тыюласып, Паңсымай, жайдақсымай ірі жүрмек. Сасқаныңды көрсетпе ешкімге бір, Сүйтсе де ірісімен кеңесіп жүр. Кейбірін қауіптендір, мінін тауып, Кейбірін жылы сөзбен көңілдендір. Көрінбе ел көзіне әсте қорқақ, Жанды жан демейтұғұн жан шығып бақ, Анда-санда құтырған жаман емес, Оныңды жиі қылмай бол сақ. Кісімсіп қайда жүрсең олжаға тоқ, Шоқыма халық көзінше қарғаша боқ. Жұрт-жас бала, ешнерсені тартып алма, Білдіртпей ептеп алсаң залалы жоқ. Жат елге жадағайда сөйле шәргез, Тар жерде тайпалудан танба әр кез. Жатты жау деп еліңді үрпитіп ап, Жауға жабдық деп жиып, пайда қыл тез.» (М. Ю. Лермонтовтан 117-ші өлең) Бұл ел билеушінің көңілінің жүрек, ақыл, қайраттылығының сипаты болмақ. Ал енді адам баласының бұл пайғамбарлық « Жеті із белгісін алу» қасиеттілігінің сырын; «Ойға түстім, толғандым, Өз мінімді қолға алдым. Мінезіме көз салдым, Тексеруге ойландым. Өзіме-өзім жақпадым, Енді қайда сыя алдым? Қалап алған көп мінез Қалайша қылып тия алдым…» Қайраттың көрінісі мінез болып, ал мінезді ойшылдықпен ғана таза ой қуатымен өзіңді өзің тексеріп отырумен естілікті меңгерумен ғана тәрбиелеу керектігін ескертеді. «Бойдағы мінді санасам, Тау тасынан аз емес. Жүрегімді байқасам, Инедейін таза емес. Аршып алып тастауға, Аспандағы саз емес. Бәрі болды өзімнен, Тәңірім салған наз емес…» Бойыңдағы мініңді табу арқылы ғана ақылыңды өсіресің, жүрегіңнің таза немесе таза еместігін ақылмен ғана аңғарасың, ақыл тәндік тазалықпен байланысты екенін білдіреді. «Осыншама ақымақ болғаным-Көрінгенге қызықтым. Ғадылетті жүректің Әділетін бұзыппын. Ақыл мен білімінен Әбден күдер үзіппін, Айла мен амалды Меруерттей тізіппін. Жалмауыздай жалаңдап, Ар, ұяттан күсіппін. Қулық пенен сұмдыққа Құладындай ұшыппын; «Сіз білесіз» дегенге Күнге күйіп, пісіппін; Мақтанбасқа, мақтатып, Деп жүріппін «пысықпын».» (2017-ші өлең) Білімпаздық, білгіштік, мақтаншақтық ар, ұяттан жұрдай қылып жүректі бұзып тынатын болса, аятта; «Әй Адам баласы! Аллаға мұқтажсыңдар. Алла тағала Ол, әр нәрседен мұңсыз, өте мақтаулы (15) Қаласа сендерді жоқ етеді де жаңа ел әкеле алады. (16) Я, бұл Аллаға қиын емес.» (13-17) Сонымен ғылым берілмесе қандай елден болсын жақсылықтар алынып, ал махаббаттан қуат ала алмаған жүрек бәрібір ақыл мен қайрат-жынның жетегінде кетеді де, бүкіл елдің азып-тозып жоғалуына да себепші болатыны да сөзсіз. Бұл үш негізді алдыңғы жазбада берілген әдейі санмен белгілеп кеткен көңілдің  халінің 6 сипатымен қоссаңыз, тағы да 9-санды біздің тәубелік құлшылығымыздың негізі пайда болады. Ал енді ғылым болса 10-шы дәрежелі яғни «Он саулық» байлық болып мұның насихатын білу үшін Абай атамыздың иманды болу үшін әуелі Алла тағаланың сипаттарын танып алу керек деген 38-сөзіне қайта оралсақ; «Пенделерде болатын қуат; Құдірет, Ғылым ақылдан бөлек тұрады. Ал Алла тағаладан болатын Құдірет-Ғылым және рахметі болмақ.  (Рахмет деген сипаттың өзінде екі сипаттың да бірленген көрінісі болуын білдереді) Сонымен Ол деп Рахмет сипатын атаймыз.  (Ол Алла деген Алланың рахметі болып саналмақ) Рахмет сипаты сегіз сипаттың ішінде жазылмаса да Алла тағаланың; 1.Рахман, 2.Рахим (жарылқаушы, келтіруші) 3.Ғафур ( кешіруші ) 4.Уаруд(сүйікті, сүюші), 5.Хафиз (қорғаушы), 6.Сәттар (ара түсуші, арашашы), 7.Аззақ (несібе беруші), 8.Нариғ (пайда беруші), 9.Уакил (уәкіл басқарушы), 10.Латиф (жақсылық, мейрім) деген ұлық сипаттарын да негіздеп, бірлеп сипаттауға керек.  (олай болса, бұл 10-сипаттың барлығы тұтастай Рахмет Ол Алла болып,  көктен келетін нұрды-он саулық байлығын белгілеп тұр.) Ал енді бұндай ұғымдарды түсінуге дәлел жоғардағы Алла тағаланың 99 есімдері болмақ.»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *