X-Перілік жүйемен оның белгілері туралы

Бөлім: Жын-шайтан және перілік 161

       Ата жолындағы болып жатқан рухани жағдайды бүкіл қазақтың рухани өмірінің бейнесі деп алып қарауға болады. Қазіргі ата жолындағы 9 түрлі бұзықтық-кісіліктің; Күлкіге бейімділік, күлкішілдер, Өтірікті қосып айтып әсіреушілер, Дұшпандар, Екі жүзділер, Әккілер, Байлықты дүптеушілер, Сауық–сайраншылар, Жылпостар, Жағымпаздар болып қоғамымыздың барлық саласында ібілістің перілік жүйесінің атқарушысы және жындық 7 топтың сан алуан топтарына бөлініп алып, қазақ еліне келіп түскен қияметтік жағдайды еселеп арттырушылар екені де хақ.

    Сондықтанда бұл еліміздің негізгі рухани бейнесі болғандықтан ел биліктің саясаты да осы топтықтардың мүддесін қорғап арттыруға ғана қызмет қылып жатқандары сөзсіз. Бұлардың арасында әккілер тобында қызмет қылушылар негізінде ел билеуші, ақпараттық жүйелердің басында отырғандар болмақ. Ал ата жолы ішінде тегінде қасиетті болып, оны өзінің менмендігін арттырумен қалайда өз атағын тарихта қалдыруға күресіп жатқан белгілі топтар құрып, соны басқарып жүрген негізінде аққу аталған қатындар басымдылық танытады.

 Енді мұндай жағдаймен күресудің және өзара қуат алмасып жақсы қасиеттерді жұғыстыру үшін де алдымен тазалық, тақуалықты меңгеру ең басты амал болып саналады. Сонан кейін ғана қасиеттілікті жалғастыру кезеңі басталмақ. Аллаға тәуекелшіл болудың шарты; Жамандық болса өзімнен, жақсылық болса Құдайдан деп шүкірлік қылуды жетік меңгеру керек. Мұндай тәуекелшілдікті меңгеру ата жолында 9 жылға жалғасып 9 жұлдызбен жалғану жүреді. Өкінішке орай 9 жұлдызы түгел сынақтан өткендер аз ғана.

   Екінші кезеңде Құдай әміріне аян, уахиларына, батамен берілген деректерге бой ұсынып, қалайда амалдарын бұзбай, үзіп алмай жалғастырған жағдайда турашылдық мінездің қасиеттіліктің бекуі болмақ. Бұл кезеңді қасиеттілікті меңгеру арқылы ғана енді жетеліктің толысуы болмақ. Мұндай жетелілер тегінде болса олар аспандағы біздермен негізгі 7 жұлдызбен байланыста тұрады. Бұл қасиеттіліктің дәрежесінде әйелзаты етекті, жеңді, ақ жаулықты болып, қол-аяқ арасынан жала жаппаушылар болуы керек. Жетелі еркек ешқашанда етек, жеңсіз, жаулықсыз әйелдің қолынан тамақ ішіп, төсекке жатуы да мүмкін емес.

  Ал енді бұл кезеңді меңгерудің сынағы да еркекте  бөріктілік, тақуалық, әйелде ата дәстүріне сай амалын алумен ғана нәтижесін береді. Болмаса жеті жұлдызға жалғанып маңдай көздің ашылуына да жол жабық болмақ. Сонымен бірге әрбір кезеңнің де қарсылығы ата жолы ішінде қоғамдағы өзара қарым-қатынаста тіршілік ету барысында кездесіп оларға қалайда ымырашылдық танытумен де байланысты. Мысалы күлкішілдікке бейімділік, өтірікті қосып айтуға келісім берудің өзі тәуекелді жоятын қарсылық күштің негізі болмақ. Жалпы ата дәстүріне сай емес нәрселердің бәрінен мейлі шағармашылық, кино туындалары, салтық әдеттердің жалғандығы болып, қасиетті пенденің тәуекелін, турашылдығын жоюға мүмікдігі де зор болмақ.

  Мұндай жағдайда жетеліктің толықтығы да, жеті жұлдызбен байланысы да қалыптаса алмайды. Төртінші кезеңдік аяқта белгі болу тектілікпен аяқтың ағаруымен жер анаға рұқымен кездесіп жалғанумен байланысты болып, оны меңгерушілердің 5 жұлдызға жалғанған, бес белестен өтуші 41 санымен байланысты нәтижеленеді. Бұл ақ бақсылықты меңгерумен Мұса пайғамбарға жалғанумен, ізбасарлары болып жүрек көзініңде ашылуымен байланысты болмақ. Енді бұл қасиеттілікті меңгерушілерге аяққа міндетті түрде белгі таңба түседі. Кейде сызық, мөр сияқты сан алуан түрлі болып келеді.

 Сонынмен аяқта белгі бар қасиеттілер арқылы ғана ата жолындағы; дұшпандар, екі жүзділер, әккілер, байлықты дүптеушілермен  соғысуға қатарға тұратын ақ бақсылықты меңгерушілер мен жетелі, маңдай көзі ашылған, табанымен жерге жалғанып құраннан дерек алуға қабылетті аққу, сұңқарларды қайта даярлауға, тазартуға мүмкіндік болмақ. Осы топтағыларды көбейту арқылы ғана келесі кезең рұқы күштілердің қасиеттілік сатысына жалғана аламыз.

   Рұқы күштіліктің ерекшелігі әлемдегі барлық пайғамбарларға жалғанумен, аян, уахи алумен және жеті пайғамбарларға түскен сүннеттерді толық меңгеру жолында болмақ. Бұлар ақ пен қараны ажыратушы, құран үнін жазбай танушы, жалғандықты жек көріп, қарсы тұрып әділдікті қалыптастырушылар болып саналады. Мұндай тектіліктің жүйесі тек қана ақ бақсылықты меңгерумен және оған көмекке тұра алатын аққулардың құран үнінен толық дерек алуға қабылеттілігімен, маңдай көздің тазарып, толық ашылып құс жолына жалғанумен байланысты болмақ. Яғни мағрипаттық дәрежені толық меңгерушілер болып саналуы керек.

  Келесі кезеңге өту үшін қасиеттілікке жалғануға ібілістің тарапынан да, періліктің де дәрежесі артып, сауық–сайраншылар, жылпостар, жағымпаздар араға кіріп қалайда ақиқаттың сатысына толық жалғануға кедергі қоюға тырыспақ. Бұл кезең қазіргі таңда ата жолы шығармашылығымен, тылсымнан шындықты келтіруге тұрғандармен байланысты. Саналықтың жоғарғы дәрежесіне жалғанумен жағалы әулие-әмбилердің қарамағында пірлігінде жүріп ой қуатын — таза ақылды толық меңгеру жолындағылар болмақ. Және екі аралықтан (сираттан) өтумен байланысты жұлдыздардың сәждесімен байланысты Жүсіптің жолы деп атаған құранда.

 Осы кезеңге жалғанған және өзара топқа бірге алғандар  түс жоруды да жетік меңгеріп, Алла тағала тарапынан, көктен күрделі ақпараттарды, құпия білімдерді жанға жазушылар болады. Яғни ғылым берілген даналыққа жалғанғандар болып саналуы керек. Осындай қасиеттілік кезеңді меңгеріп қана, соңғы жетінші кезеңді ата-баба мирастарын мойынға алумен, Аманатты арқалауға тұра аламыз. Бұл топтағылар Арыстан баба ізбасарлары және өлім періштесінің құзырында тұрған бақылаушылар болып табылады. Осы топтағыларға Алла тағаланың жазалаушылық үкімін атқарушылар болмақ.  Ақ ұлдық қасиеттің толық бейнесі осы жағдаймен байланысты болғаны да сөзсіз.

  Сонымен бұл жеті кезеңдік қасиеттіліктің Ясауи бабамыздан қалған мұра шариғат, тарихат, мағрипатты меңгеріп ақиқатқа жетудің амалдары ата жолында, біздердің бастан өткерген тәжірибемізде белгілері толық айқындалды. Енді бұл қасиеттілікті толықтыру, жетілдіру үшін де бірлікпен қайта меңгеруге біліммен бекітуге тұратын кезеңнің яғни есеюдің маңызы да қазақ елінің рухани оянып, әлемнің көшін бастауына да маңызы зор. Сондықтанда періліктің сан алуан түрлері де жетілумен  сауық–сайраншылар, жылпостар, жағымпаздар арқылы сүріндіруге күресулері хақ.

   Негізінде сауық-сайраншылар тек қана тойшылдық, әншілдік, демалу, көңіл көтеру ғана емес оның астарында талай жалғандыққа бейімдейтін кино, өнер саласындағы шығармашылықтарымен періліктің де сипаттары арта бермек. Қазіргі таңда ел басымыздың жолдауымен зират орындарын жалпы қазақ елін шетелдік қонақтардың саяхатына бейімдеп жатқаны да осы жағдайды қазақ тектілігінің жетілуіне қарсы алдын ала дайындық болып, оныі перілік жүйемен кешенді түрде атқарылып жатқан сөзсіз. Ата жолының зияраттау амалы да әлде қашан сауық-сайранға айналып алғаны да жасырын емес. Тақуалықсыз, бой өрісін қалыптастырамай кез келген пендені зираттарға апарып, ойпаттарды арамдауға ат салысып жатқан да ата жолдық ақу, сұңқарлар басым көпшілік екені де жасырын емес.

   Ал жылпостар мен жағымпаздық негізінде білімді қауымның тарапынан ұлтшыл, аруақшыл, тәңіршіл болып, бірақ қалайда ата дәстүрінің қадірін түсіруге қызмет қылып жатқандар болмақ. Еліміздің барлық саласындағы жоғарғы ақпараттық орындарда бөріксіз еркектердің, жаулықсыз етексіз қатындардың елге  ақыл айтуға, жол көресетуге тұрып алғаны да ашық дәлел екені жалған емес. Бұлар негізінде қандайда бір ата дәстүрінің амалдарына қарсы емес, бірақ өздері оны амал қылмайды және шындықты, Құдайдың хабарларын естісе де естімегендей болып, құдайшылдықтың, ақиқаттың жауына айналып алғандары да  сөзсіз.

 Ел билеуші көш басшыларының, билердің екі жүзділік саясатпен ата заңымызды қалыптастыра алмауынан, енді оның көлеңкесі қоғамдық өмірдің барлық саласына, ақпараттық жүйемен, дін салтымен, шығармашылық топтарымен әсер беріп тұрғаны хақ. Сондықтанда пайғамбарымыздың миғарждан алып келген Бақара сүресенің соңғы екі аятын (285-15; 286-16) санды екі белгінің алғашқы 15 санды шайтандықтың әрекетін халықтың санасын аздыруға тікелей әсер беретін әлемнің бар елінің арсыздық салтын қолдап, оны тұрмыстық әдебімізге айналдырғандықтан 16 сандық қазақ дәстүріне ғана тән құлшылықтың түрін орындауға кедергі перілікті көбейтуге ғана бағытталғаны растық.

  Жоғарыда 9+7+5 =21 жұлдызбен жалғанудың сырын баяндадық. Бұл құрандағы 21 сүремен де байланысты және тура жолға жалғану шариғат, тарихат, мағрипат тұрғысындағы ғылым деректермен тура жолға жалғану, көктегі жеті жолмен байланысты тұрудың сырын білдірді. Енді періліктің түрлі сипаттары мен тәндегі дерттік белгілерін жоғарғы тарауларда көрсетіп кеттік. Олардың бәріне жеке-жеке тоқталғанмен оның пайдасы аз, себебі қазақ ұлтының тұрғындарының барлық руларында да сопылықтың жоғарғы дәрежесіне жеткен әулие-әмбилері, батырлары, бақсылары, даналары болып, біздер солардың рұқын қайталаушы және жандық тұрғыда әлемнің барлық даналығымен діндерімен байланыста өмір сүретін бірден-бір ел болып табыламыз.

  Сондықтан қандай да бір қазақтың ұрпағында жан қанымен берілетін жасырын тұрған тектіліктің қасиеттік ерекшелігі болып жеті түрлі арыстық қуаттың әйтеуір бірінің мирасқорлары да болуы әбден мүмкін. Мұндай жағдайда Абай атамыздың; «Ендігі қазақ ұрпақтары әлемге қуат қоспақ түгіл, бір-біріне де қуат қоса алмайды» деген ескертуіне сәйкес біздер өзара тектілік, қасиеттілік қуаттарын алмасуды меңгеру жолында болуымыз керек. Әр нәрсенің мейлі замандық қозғалыс өзгерістер болсын оның жұбы болып парын табу арқылы ғана белгілі бір түсінігі бейнесі қалыптасады. «Сендердің түсінулерің үшін барлық жаратылыс нәрселерін парымен жараттық» деген Алла тағаламыз.

    Енді қазақ елінің егемендікке Құдайдың қалауымен жетіп әлемнің өнер-білімі мен шаруашылық жетістіктерін меңгерудің нәтижесінде қысқа уақытта олардың жүздеген жылдар бойы жеткен дүние істерінде жеткен жетістіктеріне теңелдік десек жалған емес. Сонымен бірге рухани тұрғыда мұндай дәреженің жұбы болуы да шарт және ол қазақтың өзіндік жолы әлемге үлгісі рухани мықты мемлекетінің отандық сипатын қалыптастырып біліммен ілімнің ортасына ғылымды, ақылды қалыптастыруы керек еді. Керісінше әлемнің барлық арсыздық салтын қоса алып, ал рухани жүйеміз қуатымыз жүздеген жылдарға, ғасырларға кейін шегініп, бұл замандық қозғалысқа сәйкес келмей ақыл қуатын өндіруге жарамсыз болғандықтан жалпы қауыммен қабылданбай топтық түрде қалып қойды.

   Мұндай жағдайда жаппай білімге мас болу, жындылықтың барлық сипатын еріксіз қабылдап хайуандық дәрежеге дейін түсіп, әйезаттарының жәндіктік кейіпке бейімделуі арта бермек. Дінді терістеумен, адамдық құндылықтарды ескіліктің әдеті деп түсіну де ақылдың азып ғылымның жоғалуынан пайда болады. Қазіргі таңдағы масһаб, тарихаттық топтардың қай үлгісін алсаңыз да, оған келген пенделердің әлемге қуат қосып, иман қуатын көбейтіп елді өзіне тартпақ түгіл, бір-біріне де өзара қуат қосып, құранның құдіретін аша алмайды. Рухани білімді жетілдіру дегенмен де бұрынғы ескі ізді қайталап жаңа заман талабына қарай білімді өндіруге қабілетсіз. Ал жанды көбейту, жетілдіру, қасиетпен ділді дамыту деген туралы сөз қозғауға да болмайды. Яғни ақылдың талабы да өз мақсатында жетіле алмай қиялдық ертегіге бейімдеу ғана.

   Сондықтан да ел билеуші білімді қауымдықтардың құдайшылдық, құдай ісі туралы мүлде ақылдары жетпей, түсіп жатқан хабарларға, белгілерді анықтап тану қабылеті жоғалғандықтан қарсылық танытып өз тағдырларын да көруден қалғанды. Әрине мұндай жағдайда қияметтік сағаттың соғыумен Құдайдың жазасы жыл сайын артып азаппен, ажалмен, түрлі апаттармен ескертіліп жатқанмен оны мөрленіп қалған жүректер қалай түсінсін? Ата жолы болып басталған қозғалыстың да көпшілік аққу, сұңқар аталғандардың төменгі бұқара топтың өкілдері болып көшеден, базардан келгендер, білім, ілімге іздемпаздығы, ынтасы аздар немесе тегінде ғылым дәні жоғалғандар болып, бұл істі атқаруға қабелетсіз болып, керісінше жамандығымен ғана елді үркітіп жирендіріп алды.

    Бірақ аз ғана топпен ата жолының негізгі жетістігін сақтап, білімін де қалыптастырып, түрлі қасиеттіліктің үлгісін де көрсетуге, үйретуге біздерге Құдайдың өзінің берген сыйы бар десек жалған болмас. Бұндай әлемге де ұялмай көрсете алатын тәжірибе қазіргі таңда ата жолында бар, енді сол тәжірибеміздегі кемшіліктер мен жетістігін, тектілік ерекшеліктерін, ғылымдық сырларын баяндап көрейік. (Тамыз 2018 жыл)

****   *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *