Қазіргі таңда «Мәңгілік ел», «Ұлт жобасы», «Жүз қадам», «Нұрлы жол», «Тероризмен күрес» т,б дін муфтиятымыздың таза құдайлық ақылға жалғанған тура жолы, үш тілді меңгеріп мемлекетіміздің барлық тұрғынын ғылымды меңгертіп, бір есті, ойшыл данышпандар еліне айналдыру сияқты қазақ ұлты түгіл барлық ел тұрғындарының денсаулығы мықты, өмір жасы ұзақ, текті ұрпақты тәрбилеп бақытты өмір сүруіне, сөз жүзінде ел билеу саясатында барлық іс шаралар қамтылған. Мұндай шараларды нұр отан партиясының арқасында жүзеге асырып жатқанымызды да мақтан қылудан шаршамайтын болдық.
Бірақ халқымыздың әлеуметік рухани жағдайы мүлде керісінше екенін аңғаратын ел билеуші, зиялы атты қауымның өте азы ғана сөз қылып жүргенімен, мұнан шығатын жолдың, адамдықтық қасиеттің қандай болуы керек деген үлгіні көрсететін үлкендердің жоқ екені де хақ. Ел басшымыздың әулиелігі де тек мал табарлық дәрежемен ғана шектеліп қалғаны да хақ. Сондықтан ақылды болудың, әулиеліктің, тақуалықтың еш маңызы жоқ, тек мал, дүние ісін мықты меңгерумен, әлемнен кезіп жүріп білім жинаумен атақты, шенді жұртты құтқарушы ақыл иесі болып, қазақтың дәстүрі дегенің ғылымын, зайырын меңгермек түгіл, сырт келбетінде ойын-сауыққа ғана жарамды болып қалғаны да жалған емес. Олай болса, бүгінгі таңдағы болып жатқан апратардың, әлеуметік қайшылықтардың, түрлі дертердің ушығып, елді толғантып жатқан жағдайлардың себібін өткен күндерден іздегенміз де дұрыс болар. Және де ұмыт қалған дәстүріміздің ішкі сырларынан қайта үңіліп көрсек.
Рұхқа немесе ақылға табыну жаратушыдан адамзатқа берілген
асыл қасиет! Ғиса пайғамбар шайтан емес!
Я Раббым, біздерді егемендік алғалы бері өз рахымыңа бөлеп, өзімізді өзіміз кім екендігімізді ажыратып білуге мүмкіндік бердің. Сол еркіндіктің арқасында шет елдік әдепті сағынғанымыз сонша, жартымыз европашыл, қалғанымыз арапшыл елге айнала білдік. Өзің аянмен көрсеткен белгі, дәлелдеріңді әулие-әмбилердің, сахабалардың белгілеп кеткен бағыттан айрылып, енді асыл сөз Құранға, пайғамбарларыңа тіліміз тие бастады.
Әрине оның жауабы міндетті түрде болатындықтан біздерді діни сауатсыз атаған қара халықтың сұрауымен мешіт, имамдары ғалымдарының атынан, өйткені олар тоңмойынданып бәрібір кешірім сұрамас деп бір өзіңе жалбарынып Бір өзіңнен кешірім сұраймыз. Елімізді от апаты, су апаты, жол апаттарынан, зілзаладан сақтай көр! Я Раббым! Себебі жақында «Ислам өркениеті» деген қазақ дін танымының жоғарғы көрсеткіші №14(158; 2009 жыл) 11-20 мамыр басылымында «Рухқа табыну-шайтани іс» деген атпен, адасқан немесе солай тапсырма беріп адастырған пендеңнің мақаласы шықты. Құранның атын жіктеп белгілесек «Рұқ» және «ан» (құр+ан) деген ақпараттық белгісі шығады екен, демек Құранның бестен үш бөлігі біздердей күнәкар пенделеріңе түсірген Алланың Мәриемге жалғап Ғиса пайғамбарымыздың көрсеткен ісін «Рұхын», кемел адамның өзіңнің ақылыңнан жаратылу үлгісін мойындап табынуды «шайтани іс» деп, әлемде бұрын мұсылман түгіл, кәпір деп атаған наданның да ойына келмейтін қиянатты жасапты.
Әрине ондай сөздерден көктер гүрілдеп шытынайтынын сонымен бірге жер бетіне ескерту жаза, әр түрлі жазылмайтын дерттерді жіберетінін Құраннан оқып білгендіктен, жалынамыз, жалбарынамыз, сондай кәпірлік сөздерге бола біздердей сауатсыздарды қоса жазалай көрме! Сауатымыз бар, тек соны дүние мастарға, дүниеге, өзге тілге шоқынғандарға болашақта дәлелдеуге біздерге нәсіп ет! Я Раббым, намаздарды толық орындауға жоба қылып түсірген дәстүрлі дініңе қосымша түсіп жатқан айқын белгілеріңе, үкіметтен ұлықсат қағаз ойлап тауып, әбден жүрегі онсыз да шайлыққан қазақты соттап, қудалап жатқан құзырлы орындарда отырған өзің несібесін артық қылып берген пенделеріңнің де бала шағасын жан түршігерлік азаптан, қасіретіңнен аулақ қыл!
Әр ұлтың тілдік ғұрыптық ерекшелігіне орай түсірген ережелерді жасынға шығарып, мазаққа айналдырып, асыл дініңді қысқартып, үкіметтен дін бөлек деп, шындығында үкіметтің кейбір шеттің мүдесін, бөшектеу саясатын қолдаған екі жүзді пенделердің шылауында кеткен имамдарымыз бен хазіреттерімізде де сынағыңның жеңілін бере көр! Олар діннің шекарасын анықтай алмай, тілдеріне шоқ түсіп, дін апиынын ішіп шындығында уланған. Ең болмаса ондай пенделеріңе түс көруге мүмкіндік бере көр!
«Адамды адастырмайтын бір-ақ жол бар, ол-шариғат жолы. Егер Қасиетті Құранның аяттарынан нәр алып, оның көрсеткен жолымен жүрсең, сен ешқандай жаңағыдай «көлденең көк аттылардың» арбауына түспес едің,» (Басылым бетінен). Пайғамбарымызға да ескерткен жаратушымыздың «Шариғатты жол қылып алмаңдар.» деген үкіміне қарсы шыққан осындай пенделеріңнің елді аздыратын амалының, екі жүзділігінің жазасын міндетті түрде бере көр! Я Раббым тағы үкіметке былтырғы жылы хат жазып; «Еврейлер белгісі Астанада неге тұр?» деген діндер тұтастығын Құран мен Тәураттың бірігуін көрсеткен дін ғалымдарының арандату әрекеттерін де кешіре көр!
Үкіметтің кейде саңырау болып, «үндемеген үйдей бәледен құтылады» деген саясатының шарапаты да тиді. Алынған жоқ, жауап та жоқ. Оған да шүкір! Әйтпесе болашақ ұрпақтар алдында ұятқа қалар едік. Я, Раббым біздердің сөз астарын ұғудан қалған дін имамдарымыздың асыл аяттарды мазақтап жатқан надандық әрекеттерімізді туысқан діндерге, әлем алдында жария ете көрме, өйткені сен қашанда рахымдысың! Адасқан көптің жетегінде кеткен ғылымсыз «фудаменталист» діндарларымызды халық атынан өтінеміз, жалбарынамыз өздері болмаса бәле жаланы бала шағасынан аулақ қыл!
«Наданның кешірсе де көп қатесін, ғалымның кешірмейді халық бір қатесін.» дегендей өзің түсірген көрсеткен құпия ғылымдарды жариялап көптің тезіне болашақта өзіміз саламыз. Тек Раббым жаңылыстырмай ұлықсатыңды бере көр! Я Раббым «Иман келтіргендерді қудалама!» деген аятқа да қарсы шығып «Ясауи» деген топты «зікір гипноз» деп ел асырып қуып, өзіміз мешіттерде өлеңдермен сарынға салып, қабырғалардың сылақтары түскенше ораза кезінде айқайлайтын болдық. Дінді ойын-сауыққа айналдырудан ислам елдерінде бірінші болып шіркеуден де озатын жағдайымыз бар. Сондықтанда байқамай сарынға басып айқайлап жүрген жастарымызды рухани, мәңгүтке айналатын ауруыңнан, кәпір жының мінуінен сақтай көр! Дінінен адасқан елдерге Құрбан айының алғашқы 10 кеші мен ай бойы тақ пен жұпқа байланысты түсетін азап қамшы ескертудің біздің елімізге халқымызға жеңілдігінен бере көр!
Я Раббымыз Алла, бір өзіңе жалынамыз, жалбарынамыз, «Рұхыңа», ақылыңа табынамыз, себебі аятта; «(Мұхаммет) онда олардың табынғандарына байланысты күдікте болма. Олар (қазақтар) ата-бабаларының табынғандары құсап табынады. Әрине біз олардың сыбағаларын кемітпей береміз.» (11-109) деп ескерткеніңдей, біздерге нәсіп еткен сый, сыбағаңды үкіметіміздегі, дініміздегі кейбір екі жүзділердің заңымен қудалағанына қарамастан ата –бабаларымыздың басына барып Құран оқып табынып, шайтанға айналған бауырларымыздан өзіңе ғана сыйынуға жәрдем бере көр! Сол екі жүзділердіңдің де бала шағасын азабыңнан аулақ қыла көр!
Түбіміз бір қазақпыз. Дінсіз (жеті інсіз) тіршілік болмайтынын түсіндіре көр! Бәріміздің інен шығып қайта жерден ін қазып кіретінімізді, мемлекет діннен бөлек деген кемістердің, жындылардың есін жиғыза көр! Діннің мемлект саясатының киімі болып ел тыныштығының қалқаны, халықтың ден саулығы екенін, дінсіз ешқандай ұрықтың өспейтінін түсіндіре көр! Құранды өлеңге айналдырып жаттап алған дін бұзарларға және хазіреті, имамдарымызға әзірше жоғарғы аяттың үкімін ғана жаттап алуға нәсіп ете көр!
Я Раббым «Мешіттерде Алламен қосып тәңір шақырма, қорланған түрде отырып қаласың» деген аятқа да қарсы шығып, 17 жыл болды мешітерімізде тәңірді қоса шақырғанымызға. Сондықтан имамдарға, ғалымдар арасынан барлық таңбалардың саналатын, өлшенетін тербелістік, қуаттық ішкі мәні бар екенін білдіре көр! 17 жылда намаздан кейін тасбих тартып аруаққа табынып құран бағыштап мүмінге ұқсай бастағанымызға ғана шамалы уақыт болды, ондай амалымызды ұзағынан беріп, әрі қарай енді намазды орындауды нәсіп ете көр! Араптардай күнде зират үстінде намаз оқымағасын, миымыз ашып мәңгүтке айналудан сақта!
Онсыз да тіліміз сақау, Құранды өлеңге айналдырып жыршылардай жарысып жатырмыз. Я жаратушы иеміз! Өзің белгілеп берген уақыттың да ғылымын жоғалтып алдық. Көкек деп ат қойып сәуір айы бойы пайғамбарымызды әр пенде құлшылықпен жеке-жеке кездесуге шақыратын мәуліт амалдарымызды да араптарға ұрлатып алдық. Енді пайғамбарымызды 32 жылда бір-ақ рет онда да өлең айтып шақыратын болдық. Жуық арада сол діншілдеріміз шайтанға балаған киелі «Рұхыңның» Ғиса пайғамбарымыздың туған күнімен бірге көршілілермен мәулітті аяз атаны шақырып тойлайтын шығармыз.
Әзірге ислам әлемінде, жер тіршілігінде болмаған жаңалық. Сондықтанда сүйікті пайғамбарымыздың көктен түспегенін, қарапайым адам болып жерде туылып, өмір кешкенін, сақтың ұрпағының жалғасы болып бар оқиғалар жер есебімен есептелетінін біздердің имамдарымызға түсіндіре көр! Себебі біздерде хазіретіміз, ілімді имамдарымыз бар тақуалық қағиданы уақ-пен «мезетпен» бірге жоғалтып алдық. Қырықтың қырқасына шықпай ақылы толмаған жастарымызды қажы атап жүрміз. Сақалымыз бар, мақалымыз жоқ. Ақсақалымыз бар пәтуамыз жоқ. Хазіретіміз бар тақуалық амалымыз жоқ. Ондайды білген Шәкәрім атамызды, Абайды түсіндіретін философтарымызды көршілер кезінде атып тастады. Енді барымызға береке беріп, тіл ғалымдарымен, философ ағайындарымыздың тілдерінің, ойларының мүкісіне шипа бере көр!
Өйткені өзің Мұсаның тілінің тұтықпасына да шипа бердің! Мешіттерде доп теуіп әурет қабымыз (аура, ісра) азғындыққа ұшырап тақуалықты мүлдем келмеске жіберіп жатырмыз. Сондықтанда; Я Раббым! Маған көрсеткендей Құранның тек осы уақытқа дейін дұрыс үш-ақ аудармасы болып, ислам түрік тарихында үшінші «Халифа Алтай» аудамасымен бекіп, қалған екісі болашақтың ісі екенін тек өзіңнің ұлықсатыңмен сандар есебімен, көрсетуіңмен ғана аударылатынын қияметке дейін барлығы бес-ақ аударма болатынын хазіреттерімізге ескерте көр!
Я Раббым жеке өз басыма Құранды білген соңғы қазақ Шәкәрім атамыз екендігін дәлелдеуге, насихатты (ғылымды) шектеулі түсінікке, түсінікті қарапайым ертекке айналдырған өздерінің мәңгүтке айналғанын білмей, елді де батпаққа батырып жатқан діншілер мен тілшілердің зұлымдықтарынан қорғап, баспасөз бетінен еңбектерімнің жарық көруіне аруақтардың қолдауын бере көр!
Я жаратушы иеміз! Өйткені сен шексіз жарылқаушысың, біздердің тілек мұқтаждықтарымызды қабыл етіп, жоғарғыдай залымдардың зұлымдығынан дініміздің апиынға, у-ға айналуынан, сондай адасқан мұсылман елдеріңе салған сынақтарыңнан, тобырлардың зиянкестік әрекеттерінен, біз сияқты артын тексермей сене беретін қарапайым халқымызды, жастарымызды сақтап қорғауға жәрдем ет! Өйткені сенің барлық нәрсеге күшің жетеді! Ақылымызды «Рұхымызды» әрі қарай аздыра көрме! Жоғарғыдай дін бастарында және билікте отырған жаратқанның әр пендесіне ерекше сыйы «Алланың жібі» ақылға табынбай, кітаптан оқып алған, шетен үйренген ақылдары азғандардың өтірік жаласы мен халықты бөлген әрекеттерінен қорға!
Бізге түсірген орындаушы «Бір» сипатыңнан ғана жәрдем тілейміз! Өйткені біз иманды өзі келеді деп, араптар сияқты салмақты жерге салып отырушылықпен күтпей, еңбектеніп іздеп, иманды үйге шақыратын ел едік. Сол қалпымызбен қайта қауышуға нәсіп ете көр! Бар игілік өзіңнің құдірет қолыңда. Біздерді надандардың құлдығынан құтылуға жәрдем береді деп бір өзіңе иман келтіреміз. Ерекше дәлелдермен қазақ жеріне түсіріп, батаменен беріп жатқан ақылыңа мойын ұсынып табынамыз! Көп тілегі көл деген ағайын Әумин деп тілеңіздер! (2009. Мамыр айы)
Оқырман назарына! Бұл мақала газет беттеріне және көптеген құзырлы орындағы Құраннан құзырсыз ел басқарып бірақ дін ісіне араласып жүрген басшыларға да кезінде мүмкіндігінше таратылды. Негізгі мақсат дін ісінде алауыздықты туғзу емес «Әр нәрсенің нәтижеленетін уақыты бар.» -деп жаратушы тарапынан ескерткендей ақиқаттың да өзін айқындайтын мезгілі яғни қиямет мезгілі адам баласының кезекті жаратушысының алдында есеп беретін уақыты келді. Қазақ халқы аруақтан бата алып есеп беріп жатқанына он жылдан асты. «Жел тұрмаса шөптің басы да қимылдамайды,»- деп бабаларымыз аманат еткендей, жаратушы тарапынан белгі болмай ағаш жапырағы да жерге түспейді.
Бұл дінді білемін деген пенденің бірінші білуге тиісті қағидасы. Қазақтың әдет-ғұрпымен, салт-дәстүрін және қазақ жерінде болып жатқан өзгерістерді жазған «Ақиқат бастауы» атты кітапты мемлекет қауіпсіздік мекемесі таратуға тыйым салып, аруаққа табынып Аллаға сыйынған дәстүрлі дінді қудалау салдары басты себеп болды деуге болады. Қызылорда обылысы бойынша 2008 жылы мешіт дін танушыларының «Ата жолы» атты елді иманға шақырғандарға қарсы көгілдір экранда, баспасөз беттерінде ашықтан ашық тиым салып, қудаланып кейбір ордаларды сотқа дейін апарып айып пұл салынды. Осындай жағдайда батамен аруақтардың сабырға шақырып, жаратушы тарапынан ескертуі белгісі болатынын хабар келді.
Көпшіліктің ескертуіне қарамай бұндай істің үкімет тарапынан тоқтатылмаған соң екі ай ішінде обылыс әкімі мінген тік құшақ құлап бес адам қаза болды. 2009 жылы «Ата жолын» қазақ дәстүрлі дінін Қарасай аудандық соты сәуір айында күнге табынған «Фархат ата» деген топпен қосып баспасөзімен бірге тиым салған үкім шықты. Артынша Алматы обылысына қарасты қару жарақ қоймасы өртеніп, кейіннен Қазығұрт тауында тік ұшақ оқиғасы дәл сыр бойындағыдай қайталанды. Ғиса пайғамбарымызды және киелі рухымызды шайтани іс деп дін басылымдары ашықтан айыптағаннан кейін бірде-бір үкімет немесе қазақ ғалым, жазушы қауымы жауап бермегеннен кейін енді нақты Астана қаласында өрті жағдайдың қайталануымен 9 еркек, 5 әйелдің құрбан болуымен ірі ескерту болды.
Құран ғылымына жүгінсек Қазақ елінде дін ісінде 9 түрі бұзықтық, әйел халқының бес қуаттан айырғанын ескертеді. Мұса пайғамбар кезіндегі дінге деген ашық қарсылықтың белгісі мен сол кездегі елдегі болған әр түрлі апаттардың қайталанатынын ескертеді. Әр нәрсенің міндетті түрде жұппен және парымен жараттым деген жаратуышымыздың ескертуін ескерсек бұндай апат қазақ жерінде діндегі, елдегі бұзықтықтардан тиылмаса міндетті түрде қайталанады деп біліңіз. Осы жағдайдың әртүрлі европалық жыныстық еркіндігін ошағы «сауна» деп аталатын ойын сауық орнының өртенуімен қонақ үйдің толық жанып кетуімен аяқталған өрт адам шығынысыз тағыда Астанада қайталанды. «Сақтансаң сақтаймын!» деген уәдесін де ескергеніміз абзал.
Басты мешітіміз Мекке қаласында қажылық кезінде, қажылыққа барған 13 адамның өлуімен ескерту берілді. Құран ғылымына жүгінсек Меккеліктердің Алланың түсірген нұсқауларын, аяндарын мойындамай Алланың жібін үзіп алғандығын білдіреді Ескертуден қортынды шықпаса бұндай апатты жағдайдың қайталануы сөзсіз. Тек қалай болатынын біздерге құпия. Сол сияқты Алматы қаласындағы орталық желтоқсан алаңының жарылуы да ел болып жаратушыдан кешірім сұрауымызды қателіктерді түзеуді күтіп тұр. Бұл туралы екі жыл бұрын кітапқа жазғанмын. Құран аяттарын күшінен қалдырып, ашық ескертулерге мән бермей, бәрі адам қолынан келеді деп халықты қайғылы жағдайларға апарып тіреуден артық зұлымдық болмайды.
Әлем халқы осы қасіреттің алдында Әлемге келген адам ақылы жетпейтін аурулардың, кесепаттардың шешімі тек Құранға жүгініп өз шежіремізге, тарихымызға, әдет-ғұрпымызға қайта оралуымызда ғана тұр. Шет елдің азған мәдениетімен, тозған дінінен тек халықтың қайғы қасіретімен, тексіз ұрпақтарды көбейтіп түбінде үлкен апатпен жоқ болуға апарып тірейтінін ел ағаларымен, зиялы атты қауымның түсінетін естерін жиятын, аналарымыздың етегін жабатын, ұл- қыздарымызды тәртіпке тәрбиеге щақыратын уақыт жеткен сияқты. Ел боламыз десек халық болып , тылсымға жаратушы үнімен, аманатқа қиянат жасамай, бабалар батасымен сөз бесігін тербетіп, «көсегемізді» көгертейік!
Сол арқылы қазақты бұрынғы бабалар жолымен ғана әлемде болып жатқан қасіреттердің шешімін тауып өзге елдіде ескертулерден туындайтын болашақта әлем алдында тұрған үлкен апаттардан аман сақтау жолын көрсеттетін ақылшы үлгі елге айналып, Алаш Қаһан бабамыздың туын әлемнің бар түпкірінде қазақтың қара домалақ балалары тағы да желбіретері сөзсіз. «Алтын адам»-деп әлемге жарсалып жүрген «Алтын ана» Ұлса Емер анамыз! Бұл біздің сақтардан бастап келе жатқан әйелдер теңдігіміздің көрнісі. Анаға табыну!
Тарих түрленуден соң қайталанады. Шариғат сегіз түрлі, ақиқат тек бір сырлы. Кілті қазақтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрінде. Ақыл ойдың еркіндігінсіз, шежіренің күрмеуін шешпей, ашық дәлелдерге мойын ұсынбаған ел тура жолын табуы мүмкін емес! Жат жұртың әдетіне деген сағынышымыз басылып, Адам ата өмір үрген киелі жерімізбен, бабалар аманаты асыл дінімізді қастерлейтін уақыт жеткен сияқты. «Адасқанның айыбы жоқ, қайта қазығын тапқан соң.» -деп адасқан өзге елдің салтын дәріптеп жүрген ел, дін бақарушыларын ауылға қайтыңдар бауырлар, аталарың бата беремін деп күтіп жатыр. «Батаменен ғана ел көгеріп, мөлшермен берілген жаңбырмен ғана жер көгерер!» демекпін!
Байтасов Тоқберген Кескір ұлы.
Алғабас ауылы Бейбітшілік №6 2009 жыл шілде айы