XII- Жын-шайтан қолы және адамзат тегімен шын мен шындық ұғымдарының философиялық түсініктері

Бөлім: Адамзат тегінің рухани құндылықтары №7-к 1-бөлім 51

Адамзат неден азады, жер бетіндегі түрлі табиғи апаттар, сынақтар, індет болған аурулар, адам баласының туылмай жатып азаптарға түсуі т.б. толып жатқан бақытсыздықтар неден пайда болады, себебі қандай?- деген сауалдарға талай даналар қалам тартып өсиеттер, насихаттар қалдырғанмен заман білімділігі артып, адамзат өзінің білімінің арқасында бұрынғы замандарда мүмкін болмаған қиндықтарды жеңіп, тылсым құпия күштерін де білім арқылы меңгере бастағандықтан, ғылым-білімнің дамыған заманында өмір сүргендерден өзіміздің кереметтігімізді, өнер, ғылымнан артықшылығымызды, жараталыс құпияларын меңгеріп, бағзы замандарда адамзатқа апат, қасірет әкелген табиғат қиындықтарын бағындырып, меңгерудің болатынын сезінген сайын, бұрынғы заман философиялық даналықтары ертегіге айналып немесе білімдік маңызы да жойыла бастауы да сөзсіз. Дін тұрғысынан да түрлі насихаттардың да сөз ұғымдары білімді пенденің ақылымен қабылданбай жатуы да қалыпты жағдай.

Есесіне жаратқаннан мұндай біздердің мақтан білімімізге қарай түрлі жағдайда себебі де білгісіз, әлі білімі де шешілмеген аурулар, апаттар, табиғат құбылыстары адамзатты қамысқа тиген өрттей қырып жатқанын да мойындаған жөн. Егер бұл жағдай тек осы заманға, біздің тіршілігімізге ғана тән десек онда қателесеміз. Бұрынғы өмір сүрген адамзат тарихында мұнан да зор оқиғалардың болып, мұндай сынақтардан шығудың жолын, алтын ғасырда өмір сүрудің тәсілін меңгергендігі туралы шежірелердің, даналықтардың болғанымен оны біздің жүрегіміз қабылдамай түсінуге де құлықсыздығымыз неліктен?-деп ойлайсыз.

Олай болса, мұндай жағдайға философиялық даналықтардың өлуіне де басты себепші де – сөз ғылымының маңызы жойылуынан және сөз атауларының заман біліміне сай қайта зерттеліп, құпия сырларына білім тұрғысынан баға берілмеуінен десек, тек естілігі жетілген саналы адамдарға ғана түсінікті болары да хақ. Философиялық даналық негізінен тарихи оқиғалардың қайталануы мен болжампаздық, көріпкелдік қасиеттермен ұштаспаған жағдайда осындай рухани күйзелістердің де пайда болуына себепші болмақ. Мұның сыры неден? деген сауал қойыңыз.

Философия ілімі мен діни теология негізінен сөздің тегін зерттеуші ойшылдық, шындықты меңгеру ғылымы екені де даусыз. Ал логика білімі болса осы философия, теология ілімін материалдық тұрғыдан нақты бейнелеумен шындықты шынға айналдыру, өлшемін, көлемін, түр-сипатын, әсерін т.б. бейнелерін айқындаушы білім негізі болмақ. Осы жерде «шындық» деген ұғымды «Шын», шынға айналу деген ұғыммен шатастырмау керек. Шындық – философиялық астарлы түрде берілген ақпараттық ұғым. Сондықтан шындық-аян, уахи, бата және даналардың, пайғамбарлардың, философтардың астарлы түрде қалдырған насихаттары да, шежіредегі беймәлім оқиғалар да болуы мүмкін. Ал, шындықтың да өз жұбы болып дін кітаптары мен даналардың ой пайымдаулары сөз жүзіне кітап болып, біздерге мұра болып қалса, ал шындықтың аян, уахи түрінде әрбір пендесіне оқылатын көместік кітап түрі де бар. Бірақ, бұл шындықты меңгере алғандар оны амалға айналдыра білгендер тек әулие-әмби аталып, көп сырларды құпия түрінде өздерімен бірге ақиретке ала кеткені де сөзсіз.

Сонымен құранда пайғамбарымызға жеке берілген насихаттар да шындық түрінде түсірілгені баяндалады. Бірақ, оның қаншалықты бөлігі шынға, яғни анық ақиқатқа, оқиғаға айналды, бейнеленді? Міне, діндегі де әлем философиялық, логикалық білімдердегі пайымдаулар да осындай жағдайда шындық пен шынның арасын ажырата алмаудан әлемдегі рухани күйзелісті, онан әлеуметтік, табиғи күйзелістерге әкеліп соқтырғаны да хақ.

Енді бұл жағдайды дінде кітап берілгендер және бұл кітаптан берілген шындықты, аян, уахиларды шынға айналдыра білгендер Алла достары болып саналады да, олар арқылы бізге заман оқиғалары мен тылсым себептерінің жағдайы шындық, аян, уахи болып кітаптары да қайта оқылып жатқаны да хақ. Бірақ бұл сырларды шынға, яғни білімге, хикметті істерге айналдыру үшін де, халыққа түсіндіру үшін де, философиялық, теологиялық, логикалық білімдерді меңгеріп сөздерді зерттеп, қатесін түзеу арқылы пікір таластар арқылы ғана мүмкін болмақ.

Сондықтан барлық шатақ та, дау да, келіспеушілік те осыдан басталады. Мұндай тылсымнан шындықты алу дәрежесіне жету үшін де тарихи оқиғаларды зерделеу және белгілі осындай жоғарғы дәрежеге жеткен әулие-әмбилер меңгерген дін істерін, сопылық амалдарын, намаздарын да қайталап орындау арқылы және олардың аруағына жалғанып үнемі ескерту, ақыл, бата алу арқылы ғана мүмкін болмақ. Сол арқылы ғана құранға толық жалғануға, яғни құранның ақиреттегі жұбына, кітабына жалғану үшін енді Мұхаммед пайғамбарымыздың аруағына жалғану арқылы ғана мүмкін болуы да даусыз. Ал Мұхаммед пайғамбарымыздың аруағына жалғану үшін пайғамбарлық қасиеттерді толық меңгеру арқылы, намаздарын толық орындау арқылы ғана нәтижелі болатыны да сөзсіз.

Енді бір қиындықта қандай да бір сөз ұғымдарын болсын, үгіт насихат, дін сырларын және философиялық даналық негіздерін меңгерудің сол өмір сүрген ортадағы ой қабатының дәрежесіне байлынысты болатынын алдыңғы тақырыптарда мысалдар келтірдік. Бұл рухани сатылардың да 31 түрлі қабаты болып оның 19 санды белгісін адамзатқа сынақ қылдым деген жаратушымыз.

Енді бұл ой қабаттарын бүгінгі білім дәрежесінде үйдегі көгілдір терезенің (телевизор) немесе қандайда бір ақпарат қабылдау сайманы, құрылғысының 31 түрлі толқында, жиілікте жұмыс істеуімен салыстыруға болады. Бірақ, адам баласы ондай құрылғылар сияқты барлық толқында жұмыс істей алмайды. Әрбір пенде өзінің рухани болмысына, тазалығына байланысты сол жиіліктегі кеңістіктегі ақпараттар әлеміне жалғанып тұрады. Сондықтан негізгі аралас төменгі ақыл жиілігі 27 қабаттан тұрып, 28-ші қабаттан бастап екінші дәрежелі ақылға жалғану сол сияқты бұрынғы даналар, сопылар баяндағандай ақылдың 4 дәрежеден тұратынын ескерткен екен. Ал, негізінен көлденеңінен жердік тұрғыда ақыл қуаттық шамада 6 дәрежеден тұрып, ал ой қабаттары 7-ден сонымен 13 түрі қуаттық өлшеммен ғана толық естілік пайда болатынын да білген жөн. Ақылды, естілікті меңгеруде көлденең 13, биіктіктен 31 (31+13=44) «Төртеу түгел болса төбеден келеді» деген осындай жағдайды білдіріп тұр.

Бұл санды да, сүрені де құранда «Шындықтың шынға айналуы», «Хақиқаттың келуі» деп ескертеді. Аятта; «Хақиқатты бұзықтыққа араластырмаңдар да сондай-ақ біле тұра шындықты жасырмаңдар.» (2-42) (44) Сонымен шындықтың шынға айналған бейнесі адамзаттың тарихы, шежіресі және шариғат дін істері болып саналады. Шариғат-шын. Ал Құдай ісі болып заманға қарай оқылып жатқандар аяндар, уахилар, көрсетіліп жатқан түстер – ШЫНДЫҚ. Шындықты жасыру, оны мойындамау – кәпірлік болып табылады. Ал енді шын туралы Шәкәрім атамыз;

Шыннан өзге құдай жоқ,

Анық құдай – шын құдай.

Ұқпай қалма алаң боп,

Шын болмаса кім құдай.

Бұрын шын бар, бүгін шын,

Ертең шын бар – үш бөлек.

Керегі жоқ бұлардың,

Бұзылмайтын шын керек!

Шын махаббат қылуға,

Шын сабырың жетер ме?

Көрінген әрбір сұлуға

Көңілің толқып кетер ме?

Олай болса таза ақыл,

Әулиелік сенде жоқ.

Баянсызға бәрі құл, (шайтанға)

Жынданбаған пенде жоқ.

Әулиедей асықтың

Қасиетін былғайсың.

Қылығын қылып жастықтың ( Ес кірмеген-Массың)

Бір қалыпта тұрмайсың.

Әлде сайтан, әлде жын,

Бірін тастап, бірін мін. (11-шайтан+8-жын=19)

Адам емес, айуансың,

Неге тұрсын, сенде шын! ( Құдайлық болмыс-Мен)

Сонымен Шәкәрім атамыз таза ақыл тек әулиелерге жалғану әулиелікпен жоғарғы естілікпен байланысты болып, ал жастықтың буы кетпесе онда шайтаннан тазарсаң, жынға мінесің, сондықтан сенде таза ақыл-Құдайлық нұр болмайды деп ескертеді. Сондықтан да әрбір ақылы дұрыс адам баласының қанша білімді меңгергенімен болжампаздығы, шындықты меңгеру қасиеті болмайды. Олай болса, жаратылыс сырын – шындықтың мәнін түсіну, меңгеру үшін белгілі дәрежедегі тән, рух, жан тазалығын қалыптастыратын намаздарын меңгеруге тікелей тәуелді болмақ. Және де бұл тәуелділік адам жасына, естіліктің қуатына, өмір тәжірибесіне де тікелей қатысы болуы да сөзсіз. Ал мұндай 40-қа келгенде ақыл толумен, пайғамбарымыздың жасына байланысты көрсеткен үлгілері де қазіргі таңда мүлде ескерусіз қалғаны да сөзсіз.

Сонымен енді дін ғылымындағы «шерік қосу», «серік қосу», «шерік қату», «ортақ қосу» деген ұғымдардың адамзаттың ішкі және сыртқы әлеммен ақпараттық байланысқа түсуімен, қуаттар алмасуымен, гормондық жетілуімен жанұя құрып, ұрпақ келтіріп, оған тәрбие-тәлім бере білуімен де тікелей байланысты екені де хақ. Бұл тұрғыда медицина, психология ғылымдарында қарастырғанмен, негізінен рухани күштердің әсері, ақирет, тылсым, өлім заңдылықтары бұл саланың негізгі мамандары болған ислам дін ғалымдарының өзі қазақ даналары меңгерген құпия сырлардың жартысын да меңгере алмаған десек қате емес. Енді адамзаттың рухани азуына да түрлі ауруларға да және басты сынақ 19 санды рухани кедергінің себебіне тоқталып, осы уақытқа дейін белгісіз болған жайттардан хабар бере кетейік.

Жоғарғы тақырыптарда баяндап өткен жайттарға қайта оралсақ; «Шайтан қолы» деген дінде ұғым бар. Ал бұл салада қазақ даналары түрлі мысалдармен, сөзбен өрнектеп, насихаттап кеткенімен дін ғалымдары мың жылғы, әрі ескі даналық ұғымдарға, яғни тура жолдың басына қайта оралғасын замандық пайымдауға мүлде қайшы пікірлердің туындауына ғана себепші болған. Тура жол деген – жеті бұлақ бастаудан нәр алып және бұл білім суы өзенге айналып, оның жағасында отырған әр елдің бұл өзеннен пайда болған көлі – тарихы, шежіресі болып, ал бұл көлге ұлтының тіл білімінен қосар екі бұлағы болып, тоғыз түрлі дәмнен тұратын судан несібесін айырып отыру шарты болғанын құран философиясы ашық аяттармен баяндайды.Сондықтан да арап елдері, яғни Меккеліктер негізінен жеті жолдың басы, бұлақ сағасында отырған ел болып, орта топтық елдер болып, діннің қайнар бұлағын таза ұстап күтушілер болып саналады. Жеті судан нәр алып, өз ұлтының екі бұлағын осы суға қоса біліп, ұлтының рухани теңізін қалыптастыру да діннің, тура жолдың негізгі қағидасы екенін де ұмытпаңыз.

Сонымен жол дегеніміз – шындық болып, бұл шындыққа – құпия білімге, яғни жанды білімге жету үшін 11 санды шайтан қолын және 8 санды рухани кедергі жүктерді меңгеріп тазарта білу керек екен. Інжіл жазбаларында жындардың 8 түрлі адамзаттық болмысы барын Ғиса пайғамбарымыз ескертіп кетіпті. Барлық адамзатқа қажетті істерге, өнерге байланысты ақпараттардың тасымалдаушысы жын қуаты екенін баяндап кеттік. Жын қуатының 72 санды мәнінің өзі; 7 түрлі жын қуатының «Он саулықпен» дәрежеленіп және «Бас екеу болмай, мал екеу болмас» деген қазақ мақалының ерлі-зайыпты арасындағы 2 жыныстық қуаттың «Мал-Ақшаны»-ның бірлігін, 72 түрлі жындық жыныстық, мінездік қуаттарды меңгеруді ескертіп тұрғаны даусыз. Және бұл қуаттардың да жұбы, пары болатыны да ескерген жөн. 72х3=216 (Бірлікте 2+1+6=9; 7+2=9) сандық мәнді меңгеруді де білдіреді. Ислам дінінде бұл жағдайдан өту туралы астарлы сопылық насихаттар көп жазылған.

Қазіргі «Жиһад» деп осы ақуалды меңгеруді бүлікшілдік «экстремизм, терроризммен» айырбастап алғаны да, сандық ғылымды меңгермей құран насихатын теріске алудан да пайда болғаны хақ. Бұл жын қутын меңгерудің сан теологиясы бойынша сыры да аятта; «Мұсылмандар! Сендерге бұрынғы өткендердің басына келген сияқты жағдай келмей жаннатқа кірулеріңді ойлаймысыңдар ма? Оларға ашаршылық, ауыр-науқас келді. Сондай-ақ Пайғамбар және онымен бірге иман келтіргендер; «Бізге Алланың жәрдемі қашан болар екен?»,-дегенге дейін қиыншылықта тербетілді. Естеріңде болсын. Негізінен Алланың жәрдемі жақын» (2-214) (216)

Сонымен бірге (2-216)-шы аятта нәпсімен соғысатын сүйкімсіз (қорқынышты емес) соғысты; «Әй мүміндер! Сендерге сүйкімсіз болса да соғыс парыз қылынды. Бір жек көрген нәрселеріңнің (жындардың) сендер үшін хайырлы болуы да мүмкін. Және жақсы көрген нәрселеріңнің (шайтан-сезімдеріңнің) сендерге жаман болуы да мүмкін. Аллла тағала біледі, сендер білмейсіңдер.» (2-216) Сүйкімсіз соғыс, өз нәпсіңмен және жындарыңды тазарту жолында әулие-әмбилерге, киелі жерлерге зияраттауды, яғни хажды осындай астарлы түрде парыз қылғандықтан, оны масһаб және ислам топтары өмірде бір ғана жасауға бұйырған қажылықпен ауыстырып алғаны да сондықтан. Философиялық тұрғыдан ойлана білген әрбір есті адам баласына «Парыз» деген өмір сүру барысында бір рет қана орындалатын құлшылыққа жатпайды. Парызды үнемі қайталаумен, күзетумен ғана парыздың ақталатынын да, тәубе санымен байланысты болуын да естен шығармаған жөн. Парызды орындау деген ұғымның өзі- тәубеге келу болып насихатталады. Ал, Хаждың мәні туралы алда әлі талай ораламыз. Абай атамыз бұл сырды 9 түрлі үнді меңгерумен, қолмен байланыстырып 216 санды және 218 санды өлеңдермен насихатын ашып көрсетіпті.

Домбыраға қол соқпа,

Шымырлатып бір-бірлеп.

Жүрегім, соқпа, кел тоқта

Жас келер көзге жүр-жүрлеп

Қайғылы көңілім қайдағы

Бұрынғымды жаңғыртар. (Ескі жынымды)

Қайратты алып бойдағы,

Басымды қайғы қаңғыртар….

Іштегі ескі жалынды (жын қуаты)

Сөндір жаңа қылықпен.

Сөйлесші жақсы жағымды

Мендей көңілі сынықпен.

Сынық көңілім көп кешер,

Майда қолмен ұстасаң. (Қолдау берсең)

Көңілге түрлі ой түсер,

Әр тереңге нұсқасаң.

Күйді, күйсіз бәйгеге

Қажыды көңілім көп шауып.

Көп қинамай әрнеге,

Енді семірт, жем тауып. (216-шы өлең)

Абай атамыз қазақтың текті жалғайтын жын ағашын домбырамен суреттеп отыр. Және; «Қажыды көңілім көп шауып.» деген жолмен «Еркек атты», «Сауатты» деген ұғымның да көңілмен байланысты, көңіл-көлік, ақыл-ойдың көлігі және жын қуаты да екенін де ескертеді. Ал әйелзатының көңілі жандық негізде болғандықтан; «Байтал шауып бәйге алмас» деген, әйел көңілі көкке шығып кітап, уахи алмайтынын да ескертеді. Байтал-шайтандық, сезім қуатымен ұғымдас екенін де білген абзал. Сонымен бұл жағдайдың, жын қуатын тазарта білудің жалпы адамзатқа мейлі қандай ұлттың да өкілі болсын немесе қандай да бір сенімде болып бір дін амалдарын орындасын, орындамасын бәрібір рухани жетілуге, естілікке де тікелей байланысты болып сандық қуаттар өлшеміне ақпараттық ортақ жүйеге бағынатынын білген жөн. Жоғарыдағы «Сүйкімсіз соғысты» рухани жетілуге деген талаптанған әрбір адам баласына басынан өткеру міндетті екенін Абай атамыздан;

Мен боламын демеңдер,

Аяқты алшаң басқанға. (намазхан дінші болып)

Екі көзің аларып,

Құр қарайсың аспанға. (намаз оқып жалбарыну)

Бір ғылымнан басқаның,

Бәрі де кесел асқанға.

Өйткен адам жолығар

Кешікпей-ақ тосқанға. (2+216) (218-ші өлең)

Енді осы жағдайға байланысты да исламда болатын 72 топтың түрлі бағытта адасып, тек 73-ші топтан бастап қана ақпараттық дұрыс бағытта дамуын ислам дінінен хабардар әрбір адам баласы білуі тиісті. Бұл жағдай негізінен осы 11 санды шайтан қолы болған қара қуаттармен және әрбір сүренің алғашқы 3 аяты негізін құрайтын адамзаттың есту, көру, ойлау қабілеті мен бес түрлі қуатты меңгерумен байланысты 11+3+5=19 санды кедергі асуды (тосуды) меңгерумен байланысты болмақ. Енді осы санға 9 жолды, яғни тәубелік амалдарды, адамзат тәніндегі 9 түрлі ақпараттық ошақтарды тазартып меңгеруді қоссаңыз, 28 санды жын сүресінің толық қуатын меңгеру және ақпараттық, тақуалық кісілік дәрежеге жетумен көрінісін табады.

Негізінен адам баласының қанында 11 түрлі жұлдызшалар болып, осы жұлдызшалардың жарыққа айналуымен және төрт түрлі қасиетті (есту, көру, ойлау, сезімдік) меңгерумен, яғни «Төртеуді түгелдеумен» 11+4=13 санды тақуалықты меңгеріп; 11 жұлдыз, күн мен айға жалғануды, Алланың жібіне, кітабына уахи, аянына жалғануға жетеміз. Енді осындай ақпараттық жалғанумен ғана «Төртеу түгел» болып, 5 түрлі жындық сыртқы әсер қуатты меңгере аламыз және «Алтауымызды» ақылды, таза ақыл-естілікке жете аламыз. Бұл тек жалпы есеп, насихат түрінде болмаса әрбір пенденің тағдырмен берілген ерекшелігі, қасиеті, қызметі т.б. көптеген айырмашылығы болып, құлшылық істерінде кімге қандай істі, амалды орындауды өлшеп беру немесе масһаб білімі сияқты жалпыға бірдей бес парызбен әулие болып кереметке жету деген мүлде жалған, адасушылықты ғана туындатуы да сөзсіз.

Міне көптеген дін топтарының, осындай кезінде әулиелер, елшілер меңгеріп әр қайсысы өзінің тағдырлық ерекшелігімен орындаған құлшылық істері түрлі сопылық, тақуалық, масһабтық жолдарға айналып 72 топқа бөлшектену де осындай жағдайдан пайда болады.Сондықтан барлық құлшылық амадарына жалпы әлемнің барлық діндеріне ортақ амал ол 22 санды Хаж қуатын меңгеру. Жер бетіндегі су мен оттың арасын жалғап тұратын ағаштардың негізгі саны да 22 болып, енді адамзатқа 5 қуатты өнермен меңгеруді, ұлттық тәрбие дәстүрі арқылы 22 санды хажда, яғни жер ана рухымен жалғануды шындықты – аян, уахи, кітабын меңгерсе болғаны; 22+5 =27 және «Бір» мен (жеті жол) байланысқа түсу арқылы 28 санды жын қуатын, философиялық ой қабаттарын толық меңгеру тақуалық дәрежеге көтерілуге тура жол болмақ. Бұндай ата жолының, қазақ дәстүрінің, Ясауи ілімінің әлем діндерінің барлық саласын қамтып бірлеуге негізделген құлшылық амалдарын қарапайым жағдайда түсіну үшін әуелі жын, шайтан және «мұсыл»,«мандық», адамдық жандық қуаттардың ішкі сырларынан өзара алмасу, көбею, қосылу, дәрежелену қасиетінен аз да болса хабардар болу шарт.

Ежелгі қазақта әрбір тақуалықты меңгеру жолындағы аталарымыз дін философиясын, жаратылыс сырын, жан, жын, шайтан қуаттар құпия сырларын, адамзаттың психологиясын қазіргі әлем ғалымдарының бәрінен де артық білген және тазалау, емдеу, ақталу шараларын да толық меңгерген десек өтірік емес. Әрбір қуаттың жаратылыс нәрселерінің, хайуанаттар, жәндіктер және су, теңіз тіршілік иелерімен бірге, табиғат өсімдіктер әлемі де адамзаттың өсіп-өнуі мен рухани жетілуіне міндетті түрде заттық, қуаттық алмасуға ақпараттық тұрақты байланыста болып адамзатқа қандай жағдайда пайда, қандай жағдайда зиян екенін меңгермесе тақуалықтың да, сопылықтың да, даналықтың да жалғандыққа айналуымен, тура жолдың қисығына түсіп алуға да себеп болатынын да естен шығармаған жөн.

Сондықтан бүкіл әлем алты күнде, жеті жермен жаратылып және 4 күн несібе болып, барлығы 10 күнді меңгеру оның 5 күні қарама-қарсы қуаттар болғандықтан 5 күн жалған деп атаймыз. Бұл күндер адамзат рухани ішкі «Үн» қуаттары екенін де білген жөн. Сондықтан адам баласы 10 түрлі тікелей, 7 түрлі көлденең рухани қуаттардан, перделерден, бөліктерден құйынды өрістерден тұрып; 17 санды «ІСРА» сүресінде пайғамбарымыздың жеті жолға және миғражға көтерілуінде де үлкен ғылымдық, ашылмаған сыр жатқаны да хақ. Алдыңғы басылымдарда бұл сырларды, намаздарын орындау ерекшеліктерін әр түрлі сипаттармен талқылап көреміз.

Енді жалпы адамзаттың негізгі сынағы болған «Шайтан қолы» және жын қуаттарының ислам дінінде ұмыт қалған тек «шерік қосу, серік қосу» деген қорқынышты ұғымға айналдырып алып, ақылға қақпан ғана болып, ойлау еркін надандықтан шығармауға, көрген, естіген ақпараттарға байлап қойып, зұлымдыққа түсуге ғана себепші болғаны да сөзсіз. Сонымен бұрынғы замандарда шындық болып даналарға оқылған ілімді өтірікті шындай қылып көрсетуге қандай себеп болғанын, яғни қазақ дәстүрі болған жоғалған білімі мен құлшылық істерін баяндап көрсетсек. Бірақ менің 10 жылдан бері түрлі мақалалармен жазып та, айтып та келе жатқан насихат, үгіттер мен үшін шындық болғанмен көпшілік қауымға жалған, яғни шын емес, жалған болары да даусыз. Себебі, шындықты білгенмен оны шынға айналдыру тек жаратқанның ғана құдайлық ісі болмақ. Оны хақиқат-хикмет деп атайды. Мысалға биылғы жылы болатын апаттар мен сынақ ауруларды мен шындық түрінде көргендіктен халыққа жария қылдым. Оның бүгінгі күнге дейін 90 пайызын құдай өзі хақиқатымен шынға шығарды. Бірақ оған кейбір ел билік, зиялы қауым өкілдері сол уақиға болған кезде қорқыныш пайда болып сенгенімен, шамалы уақыт өткесін түк болмағандай баяғы қалпына қайта түсері де сөзсіз, солай болды да.

Осындай енді 6 жыл білімді қоғаммен құдайдан келетін шындық арқылы соғыс сынағы жүреді. Құдайдың хақиқатын түсініп қазақ елі біртұтас иманға келіп, ата дәстүрін қабылдауы үшін қаншалықты шын қайғы, апат, өлім керек болары да белгісіз. Неге десеңіз, осындай біздің санамызды үнемі жауып, тұмшалап, шамалы жарық түссе қайта естен шығарып, дүние қызығына қарай бұрып үлгіретін «шайтан қолы» мен аралас жын қуаттарының еліміздегі жер сілкінуден бастап от, су апаты, қоғамның түгелдей дерлік ауруға ұшырауына, жастардың мезгілсіз өзіне қол жұмсауына, құрғақшылық пен жәндіктердің де түрлі кесапатты себептерін де, адам баласының дүние тіршілігіне арсыздығынан пайда болатынын қара қуаттардың, күнәлік ақпараттардың әсерінен туындайды деп насихаттағанмен ол халыққа да, білімді қауым өкілдеріне де шын болып қабылданбайды. Неге десеңіз, логика, білім бұндай дәрежеге жеткен жоқ, себебі философияда бұл білім мүлде қарастырылмаған.

Сондықтан тегін, ағашын жетілдіре білген, санаулы есті адамдарға ғана шындық болып тәубеге келуіне, тағдырын өз еркімен қайта қарауына, жақсылыққа бұруына ғана себепші болатыны да хақ. Онда бір-екі есті адамға ғана бұл білімнің септігі тисе, демек рухани түрде шындықтың шынға айналуы болып, оның әсері жүздеген пенделердің тағдырына да аруағы арқылы септігін тигізуі де хақ. Себебі, біздер ойлау жүйеміздің шындықпен қуаттануы арқылы да жалпы халықтың философиялық, логикалық пайымдауларының өзгеріске түсуіне де үлесімізді қоса аламыз. Тек өкініштісі білімді, зиялы қауым мұндай білімді меңгеруге тырыспаса бұқара халықтың ішінен дарынды ұрпақтардың жетілумен түбі мазаққа, зұлымдыққа ұшырап, тарихта жамандығымен ғана аттары қалары сөзсіз. Әсіресе осы ақсақалдар қауымы болған, Назарбаев билігі тұсындағы жоғарғы лауазымға, таққа отырғандарға рухани қауіп төніп тұрғаны да хақ. Мүмкін арасынан текті азаматтардың ұйқысынан оянып, жартылай болса да түзеуге үлгірер деген игі ниетіміз де жоқ емес. Онда әрі қарай жалғап көрейік….

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *