XIII-Иман және махаббат

Бөлім: Иман және махаббат 63

                    (Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)

Абай атамыздың философиялық ойшылдығын жүйелі түрде меңгеру үшін бұл жазбадағы талқыланған тақырыптарды, сөздерді қайтадан ой елегінен өткізіп, ақылдық қуатымызға айналдырып, көңілімізге тоқып отырғанымыз да жөн болар.  Сонымен адамзаттың иманды тауып, махаббатпен құлшылық қылуға ниетілігінің Алласын танудың сырын 38-ші қара сөзімен баяндап өтіп, осы ниеттіліктің негізінен 4 ақылды түгелдеумен байланысты болатынын және ақылдың да өсіп жетілуі жандық қуаттармен тікелей қатыстылығын  алдыңғы тарауларда баян қылдық. Енді осындай жағдайда Абай атамызға сүйенсек, жан мен рухтың мүлде бөлек екенін және біздің дін ғалымдарымыз да, философ, психолог ағайындарымыз да Абай ата философиясын меңгере алмағандығана да куә болатынымыз да сөзсіз. Сонымен 12-ші тарауда баяндалған жан қуатының екі түрлі бағытта, яғни  табиғи туа бітті қасиетпен берілген; «…. Көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады. Ол хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалпымен, ұнамсызы ұнамсыз қалпымен, әрдайым өз суретімен көңілге түседі. ..» Осындай бес сезімнен көңілдің пайда болатын және бұл жандық қасиеттердің ішсем, жесем, ұйықтасам, дем алсам деген сияқты адамзаттың жануарлық, тәннің жағдайын жасаумен де байланысты болатынын ескертіп өттік. Енді біздер тіршілігімізде тек тәннің қамын ғана ойлайтын болсақ жанның негізгі талабы; «…  Аз ба, көп пе, білсем екен, көрсем екен деген тілек, мақсаттың болуы, бұлардың да басы- жаратылыстан…» деген сипаттағы әрбір адам баласының өз ерекшелігі де туа бітті талабы, мақсаты, мінезі де пайда болады екен. Бұл ерекшелікті енді жындық болмысқа,  қозғалыстық қайраттылық мінезге жатқызып; «Баланың өзін туғаныммен мінезін туғаным жоқ» деген аналарымыздың қалдырған өсиетін де осындай жанның жасырын тұрған қасиетінен пайда болғанын жадыңызға да тоқып алыңыз. Біздерге  ақыл білімді меңгеруге осы жанның жасырын талабын ұлттық дәстүр-салтымызға қарай өсіру жетілдіруді тек тәрбиемен ғана меңгермесек, онда бұл қуаттың өз бетімен немесе тәрбиесіз өсіп-өнуінен адамзаттың зұлымдыққа, бұзықтыққа бейім болып шығуы да ғажап емес. Себебі бұл айтылған жан талабының  сырттан әсер беретін 5 түрлі «интеллектік» (әсерлену) қабілетпен байланысты қарекеттік ақылды меңгеретін ақыл қуаты болып өсіп-өнеді, зораяды. Енді тәннің қалауымен байланысты бес сезімдік ақылымыз өсіп, қаракеттік ақылмен бірігіп осы екі ақылмен  адамзат дүниелік тұрмыстық пенделік болмысын сақтаса, ал оларды бақылап түзетіп және қуаттандырып бағыттап тұратын екі жасырын ақылдық қуатпен 4 ақылды меңгеруіміз керек екен. Енді Абай атамыз бұндай жандық қуаттардың үш түрін баяндап өтіп оның екі ғана жағдайына тоқталып өткен де және жанның талабының да жаратылыстан адамзат бойында болатын жасырын қуат екенін ғана ескертіп өтіпті.

Сонымен негізгі екі қуатты; Сезімдік ақылды- «впечатлительность сердца»  деп атап мұның жүректегі мақтаншақтық, пайдакүнемдік, жеңілдік, салғырттық-сияқты 4 нәрсенің бірлігінен яғни шайтанның әрекетінен сақтағанда ғана жүректің айнасы болған көңілдің қалыпты жағдайы қалыптасатынын ескерткен екен. Енді жүрекпен байланысты; «сила притягательная однородного» деген қуаттың таныммен байланысты бір нәрсені естіп, көріп біліп, оны ақылмен қабылдап және оған ұқсасын текте, генде, қандағы бар бейнелермен салыстырып тексеріп және қаншалықты ұқсастығын, ерекшелігін, айырмасын ажыратумен  жүректің ойлау қабілетімен меңгеріп, егер жетпейтін жерлерін сақтап, біліп, оқып, бөтен жақтан алатын хабарларын да білуге тырысатын ерекше жоғарғы қабілетті сезімдік қуаттың яғни сананың жағдайынан хабар береді. Біздің зиялы қауым мен ел билеушілердің халықтың сана-сезімін арттырып  «қоғамдық тәртіп санадан басталады» деген ұрандарының осы бір ғана ақылдық қуатпен және ең негізгі жан өсіретін сапасымен бірмен байланысты болғанымен, тәннің сырттан қуаттарды сіңіріп және жанның негізгі талабын, мақсатын меңгеру арқылы 4 қуаттың да бірлігін сақтай алмаса, онда бұл ерекше саналық қуаттың жетілуін қамтамасыз ететін танымдық ақылдың дарындылықтарды меңгерудің де мүмкіндігі болмайды.  Олай болса әуелі төрт ақылды тең тұрғыда өсіріп жетілдірмей, сезімдік қуатты және қарекеттік қуаттарымыз  жеке-жеке дамытып адамдық өсіргенмен және адамдық,  адамгершілік жағдайға қызмет етумен, саналықтың жетіліп, иманның келуі мен махаббатың да көрінісі толық қалыптасуы да мүмкін емес.

Енді негізгі Абай атамыздың көрсеткен өмір сүру қажеттілігін өтейтін үш жан қуатының қаракеттік ақылдық қуаттың негізі; «подвижный элемент» деген түрінен біздің естіген, білген нәрселерімізді ұғынып және бұл ұққанымыздың ойлау қабілетінің жетістігімен артының не боларын және бұл әрекетіміздің алды тарихы не болғанын да болжап салыстырып тексере біліп қабылдаумен, әрекет етумен байланысты болмақ. Сонымен осы үш қуатқа да жәрдем болатынды сырттан тауып, сыртқы әсерден де қорғап, сақтап түрлі кеселді кесапатты нәрселерді де алдын-ала болжап біліп және 5 түрлі сырттан келетін нәсілдік қуаттарды тікелей меңгеруге байланысты жанның жасырын тұрған жаратылыспен бірге келетін қуаттың түрі адамзатың талабы, мақсаты яғни жындық  қуаттық болмысымызды, адамдықтың екінші жартысын құрайтын өлшемін айтамыз. Абай атамыз; «Бес қуаттың бәрі де өнерге салар бар күшін» деген өсиетпен осындай жандық үш қуатымыздың жасымызға қарай қалыптасуымен 4-ші тұрғыдағы талаптық қуаттың әсершіл әрекетімізбен, жындық, жыныстық кәсіптік жаратылысымызға тән қуатымыз арқылы атқарылмақ. Бұндай төрт қуатқа тән төрт түрлі бастапқы жаратылыс қозғалыс негізі, себебі періштелері болса және бұл қуаттардың негізі Алла тағаланың 8 сипатының адамзаттың тағдырындағы бөлшегі, ұшқыны, рухани тұрғыдағы жан қуатының «мен»-дігі болып және бұл қуаттарға да қарсы қара қуаттардың да яғни 8 түрлі малдық қуаттардың да бары (6-143) аятпен 8 түр жарықтың сипаты (39-6) аятпен баяндалған.

Абай атамыздың әрбір қара сөзінің, өлең насихаттарының сандық мәні және олардың философиялық ішкі сырын ашу үшін де пайғамбарлық қасиеттердің жүйесін пайдаланғанымызбен бірге құранның да сандық ғылымынан да хабардар болу керек. Сонымен 9-шы тарауда 8-ші сөздің аяндарды меңгеру тылсымнан хабар алумен байланысты болып; «Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды? Біреу –болыс, біреу-би. Олардың ақыл үйренейін, насихат тыңдайын деген ойы болса, ол орынға сайланып та жүрмес еді.»  деген пайымдауы бойынша ақыл үйренуге, насихат тыңдауға да адам баласының талабаның, жындық қуатының болмысының,  бой тазалығына байланысты екені де сөзсіз. «…Байлар, олар өздері де бір күн болса, дәулет қонып, дүниенің жарымы басында тұр. Өзінде жоқты малымен сатып алады. Көңілдері көкте, көздері аспанда, адалдық, адамдық, ақыл, ғылым, білім-ешнәрсе малдан қымбат емес.Мал болса құдай тағаланы да паралап алса болады дейді. Оның діні, құдайы, халқы, жұрты, білімі, ұяты, ары, жақыны-бәрі мал. Сөзді (аянды) қайтып ұқсын, ұғайын десе де, қолы тие ме?…» (8-ші сөз) Сонымен ақылдың насихатын меңгеру үшін де біздің Алла тағаланың 8 сипатына жалғануға яғни 8 түрді меңгеруге деген құлшылығымыз да керек. Бұл құлшылыққа ел билеуші, байлар, ұры-қары, залымдардың қолдарының тимейтіндігін де байқадыңыз. Бірақ біз жанмен келген талабымыздың да мақсатын айқындап алуымызға міндеттіміз. Ол үшін рухымызды да тазартуды, шариғат үкімдерін меңгеруді де білуіміз керек. Біздердің ұғымымыздағы жан мен рухты ажырата алмай «Рух деген сөзді жан дейді, Адасқан дінді пән дейді..» деген Шәкәрім атамыздың насихатының да сыры енді осы жерден рухтың таза ақылдан 8 сипатпен байланысты болса, ал біздердің жанымыздың өсуіне де себепші болған  малдық қуаттардың бірлігіне тәуелді болып, жаратушыдан алған 8 белгіден рухани азықпен және 8 өзіміздегі РҰҚ болған 8 малдық қуатты бірлеу арқылы ақылға айналдырып көбейте аламыз. Және табиғаттан да 8 түрлі қарсылық қуаттардың; «Алла мықты жаратқан сегіз батыр Баяғыдан соғысып әлі жатыр, Кезек-кезек жығысып, жатып-тұрып, Кім жығары белгісіз түбінде ақыр.  …Мұны тапсам ойланып, ақын деңіз, Таба алмасам, ақылды болар неміз? Қыс пен жаз, күн мен түн, тақ пеннен жұп, Жақсылық пен жамандық-болды сегіз» (86-шы өлеңге) сәйкес 16 түрлі малдық қуаттың адамзаттың ақылына себеп екенін естен шығармаңыз.  Ал мұндай қуаттарды, күштерді тазартып меңгеру үшін де пайғамбарлық қасиетті «7-жұлдыздан белгі алу» деп аталған 16-шы сандық мәнімен белгіленіп; «Қазақ құлшылығым құдайға лайық болса екен деп қам жемейді. Тек жұрт қылғанды біз де қылып, жығылып, тұрып жүрсек болғаны дейді. Саудагер несиесін жия келгенде, «тапқаным осы, біттім деп, алсаң-ал, әйтпесе саған бола жерден мал қазам ба?» дейтұғын болушы еді ғой. Құдай тағаланы дәл сол саудагердей қыламын дейді. Тілін жаттықтырып, дінін тазартып, ойланып, үйреніп әлек болмайды. «Білгенім осы, енді қартайғанда қайдан үйрене аламын» дейді. «Оқымадың демесе болады дағы, тілімнің келмегенін қайтушы еді» дейді. Оның тілі өзге жұрттан бөлекше жаратылып па?» (16-шы сөз) Енді қазіргі таңда қазақтың мұндай құлшылығы масһабтық біліммен байланысты болып, біздер өзімізді жетілген тура жолда санағанымызбен, қандай сауалды да «біздерден, имамдардан» сұраңдар, өздерің оқып ізденсеңдер адасасыңдар деген және ел биліктің де масһабтық білімнен басқасын қудалап шектеп тиым салғандықтан бұл жағдайдан алысқа ұзап кете қоймағанымыз да шамалы ғана. Көпшіліктің бәрі бірдей арапша хат танып, өздігінен құранды аударып тәпсірлеп оқуы да мүмкін емес, ал енді арапша оқығандар көбіне жастар жағы болып, олардың тегіне сай өз ұлтының рухани құндылықтарын меңгеріп ақылдарын жетілдіруге де ақылдылықтың, естіліктің де маңызы болмағандықтан, дайын тәпсірлерді өздерінің жетілмеген ақылдарының шамасына қарай бізге ұсына салып « осыным болады дағы» деп «намазхан», қажы аталып жүрген жайымыз бар. Ал шынында  төрт ақылы түгел естілерге бұл жағдайдың  ел басына туған қасірет екенін біліп жүргендер де жеткілікті екені сөзсіз.

«Қартайдық, қайрат қайтты, ұлғайды арман, Шошимын кейінгі жас балалардан. Терін сатпай, телміріп, көзін сатып, Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман. Бай алады кезінде көп беремін деп, Жетпей тұрған жерінде тек беремін деп. Би мен болыс алады күшін сатып, Мен қазақтан кегіңді ап берем деп. Жарлы алады қызметпен өткерем деп, Елубасы шар салып, деп берем деп. Жалаңқая жат мінез жау алады, Бермей жүрсең, мен сені жек көрем деп. Дос алады бермесең бұлт берем деп, Жауыңа қосылуға сырт берем деп, Бұзылған соң мен оңай табылмаспын, Не қылып оңайлықпен ырық берем деп…Бұзыларда ойламас бет көрем деп, Ант ішуді кім ойлар дерт көрем деп. Қабаған итше өшігіп шыға келер, Мен қапсам, бір жеріңді бөксерем деп. Орыс айтты өзіңе ерік берем деп, Кімді сүйіп, сайласаң, бек көрем деп. Бұзылмаса, оған да ел түзелген жоқ, Ұлық жүр бұл ісіңді жек көрем деп. Жұрт жүр ғой арамдықты еп көрем деп, Тоқтау айтқан кісіні шет көрем деп. Бар ма екен жай жүрген жан қанағатпен, Құдайдың өз бергенін жеп көрем деп? Атаны бала аңдиды, ағаны –іні, Ит қорлықпен немене екен сүйткен күні? Арын сатқан мал үшін антұрғанның Айтқан сөзі құрысын, шыққан үні. Алыс-жақын қазақтың бәрі қаңғып, Аямай, бірін-бірі жүр ғой аңдып. Мал мен бақтың кеселі ұя бұзар, Паруардигәр жаратқан несін жан ғып?! Ант ішіп күнде берген жаны құрсын, Арын сатып тіленген малы құрсын. Қысқа күнде қырық жерге қойма қойып, Қу тілмен қулық сауған заңы құрсын. Бір атқа жүз құбылған жүзі күйгір, Өз үйінде шертиген паңы құрсын.. (16-шы өлең) Бұл рухани мешеуліктің қазіргі таңда да заманға қарай жетіліп біздердің рухани қараңғылыққа мүлде қамалып, онан шығаратын 7-жұлдызымыздан (16+7=23 –ілімділікті меңгеру) белгі аян, уахи алатын қазақтың ақылы түгел естілері аз ғана қалғаны да сөзсіз. Бірақ ондай есті адам баласының рухани  жағдайын;

«Қойдан қоңыр, жылқыдан торы Бәкең, Адалдыққа бар елдің зоры Бәкең. Ұры –қары көбейер к… шөмейіп, Неге болды елдің қоры Бәкең? Лекер, Бітімбай мен Аталықты, Жанқожадан кім көрген қапалықты? Байұзақ одан соңғы адамы еді, Бәрі де кісі-ақ еді жасалықты. Дауылбай Қыздар менен айпар-жайпар, Екеуі бітім десе басын шайқар. Екі елірме бітімге жөн келер ме, Ақылы болмаған соң артын байқар?..» Бұл қазіргі таңдағы түрлі партияға, топтарға бөлінген қазақ зиялы қауымының, есті аталғандардың артын байқамай халықтың арасына тек алауыздық туғызып жүрген сипаттарымен жанды өсірмек түгіл ақылдың жетімсіздігін, рухани мешеулікпен де көрінісін тапқаны сөзсіз.Олай болса жоғарыда баяндалған негізгі екі ақылдың жартысы  қаракеттік ақылдық қуаттың негізі; «подвижный элемент» деген түрінің өзі дамып жетілді дегеннің өзі қате болмақ. «..Сөзіңнің басы ыржың, соңы қылжаң, Жүгенсіз жүре бермек-сенің ырзаң. Сенен күшті кісілер не боп жатыр, Заманыңның тарлығын ойла, мырзам. Шотқары кірсе алдап, шықса күлген, Елірмелі Досаққа кісімсінген. Бұл топта маған айтар кісі бар ма, Дауылбай мен Қыздардың жөнін білген? Айтқожаның қулығы сені елірткен, Бір дем салса, күшіктей соңына ерткен. Менің терім тарылып келе жатыр, Бұрын кісім ең жалғыз шерткен.» (116-шы өлең) Осындай қазақтың қанында бар екі жүзділік мінезден тек малдық қуаттың, иттік мінездің ғана жетілумен бірақ кісіліктің яғни жын қуатының терімен байланысты өсіп бой жарыққа айналмауына ақылдың талабының мақсаты болмай, жетілмейтінін ескертеді ойшыл атамыз.

«Домбыраға қол соқпа, Шымырлатып бір-бірлеп. Жүрегім, соқпа, кел тоқта, Жас келер көзге жүр-жүрлеп. Қайғылы көңілім қайдағы Бұрынғымды жаңғыртар. Қайратты алып бойдағы, Басымды қайғы қаңғыртар. Онан да жылы жүзіңмен, Кел, жарым, қара бетіме. Жылы, тәтті жауап айт Іштегі қайғы дертіме. Іштегі ескі жалынды Сөндір жаңа қылықпен. Сөйлесші жақсы, жағымды Мендегі көңілі сынықпен. Сынық көңілім көп кешер, Майда қолмен ұстасаң. Көңілге түрлі ой түсер, Әр тереңге нұсқасаң. Күйлі, күйсіз бәйгеге Қажыды көңілім көп шауып. Көп қинамай әрнеге, Енді семірт, жем тауып.» (216-шы өлең) Сонымен 7-жұлдыздан белгі көңілге домбыра үніндей нәзік қоңыр дыбыспен келіп, жаныңмен сөйлесіп ақыл бата беріп, көңілді семіртіп, тазартып өсіретінін де ескертеді. «Ойды біз жарата алмаймыз, ойды біз дайын түрінде жаратылғаннан аламыз» деп ескертіпті Шәкәрім атамыз. Біздердің қазіргі заман білімімен сананы жетілдіреміз дегеніміздің де ақылдық қуаттардың және жан сырының мәнісін білмеуден туындайды. Бұл жазбаның басында ескерткендей біздер ақылдың қуаттарын меңгеру арқылы иманды іздеп келтіре аламыз. Ақылсыз иман қайдан келмек? Жүрек қалай тазармақ? Сондықтан біздер ақылдың да сапаларын жоғарыдан төмен қарай талқылап жатқанымыздың да өз сыры болып, ақылдық қуаттардың қандай жерден пайда көретіні, қандай жағдайда зиян шегетінін білмей ақылсыз және 4-ақылдың бірлігінсі , танымдық ақылсыз саналық қуат сапалығын меңгеру, иманды іздеудің де мүмкін еместігін ашып көрсету мақсат, талабымыз екенін естен шығармаңыз… (жалғасы бар)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *