XIV — БҮГІНГІ ӘДЕТ, САЛТЫМЫЗ, ЕРТЕҢГІ ЖАЗЫЛАТЫН ТАРИХЫМЫЗ. Дін және Ел.

Бөлім: Бүгінгі әдет, салтымыз ертеңгі тарих 153

     (1-ші бөлімі)

Қандай да болсын кеселдің, қоғамды артқа таратушы кедергінің, себеп салдарын, неден пайда болғанын анықтап, тамырын кессе қайта шықпайды, зияны да аз болар. Төрт түрлі Рух-тың; Адам ата, Хау ана, Жер ана, Су ананың басын біріктіріп Алланың құлы Мұхамметтің үмметі қазақ деген шағын топқа, ұрығын Рұх-ты өсірмекке, жемісін әлемге көрсетіп тарату үшін, нұрдан тамшы тамызып жатса, сол тамшының сәуле болып, қазақ жерінде дәрежесі 5 еседен де артып, ғылымдылар өлшеп, түсіндіруге шамасы келмей жатса, сол дәлелді Құраннан тауып, белгісін халықтар арасынан көрсетіп, үгітін беруге тиісті мешіттен ризығын беріп қойған Алланың ақ үйінің өкілдері керуенді торып, жолды кесіп, ғылымға да салтқа, дәстүрлік дінге де қарсы шығып, Құран аяттарын әлсіретіп жатыр.

Басты кесел ғылыммен дін арасының алшақтауынан деп біліңіз. Соңғы өзгеріске ұшырамаған бірден-бір жаратушы тарапынан түсірілген тек Құран ғана. Оның өзгеріске ұшырамауының да себебі, арап тілінің күрделігі болып және мекке халқының ғылымнан білім даму сатысының орта деңгейінде қалып және осы уақытқа дейін басқа тілге толық аударылмау себебінен де болу керек. Арап тілі негізінен жартылай дауысты болып, Құран сөздеріндегі атаулар құпиясының көп сырлылығымен, тек есептеу арқылы ғана басқа тілдерге аударылады. Арап тілі үндестік жағынан құпия сыры барлық әлем тілін қамтитын бірақ әнге келмейтін ерекшелігі бар.

Тіл қуаты заманға сай құпиясы ашылып отыратын ғылыммен бірге дамып, ой үнінің барлық өзгеріске түсетін сөз атауларын дыбысталу жағымен қамтып отырса, ол тіл ғылым басы болып саналады. Яғни Құран құпиясы тілдің дыбыстық дамуына тәуелді түрде түсінігі айқындала түседі. Әлемдегі ашылған белгілі ғылымдарды дыбыстардың белгісі таңба жағынан кең қамтитын қытайдан кейін қазақ тілі екендігі әзірше мойындау қиын. Жаратушымыздың адамзатқа берген басты жұмбағы әрбір жаратылыс нәрсесінің ішкі сырын анықтап ат қоя білу. Құран сөздері ілімде төрт түрлі, кейде ішкі сырын бес түрлі ишараны білдіріп отырады.

Сондықтан 3 аяттың мағынасымен 2 жұп мағынаны табу негізгі құран есеп жүйесіне жатады. Ол үшін, мүмкіндігінше бар сөздің айтылу үндестігіне байланысты, басқа тілге аудара білу, тек Алла тағаланың ұлықсатымен жіберілген елші тіл ғұламаларына тиісті шаруа болмақ. Халифа Алтай атамыздың мүмкіндігінше толық болмаса да, қазақ үғымынан әрбір атау сөздерге сипатын тауып аударылған түсіндірмесіне қазақтан мыңның бірінің ғана тісі батып, ал үгітін түсінгеннің терең ғылымнан насихатынан хабары болмай, ал ғылымы бардың тіл ғылымына терең сүңги алмай дін танушылар өз ойымен (ой жорумен) тілдік қоры жеткен жерден жұлмалап аударып, асыл сөздерді арзандатып, дін мен ғылымның арасына ор қазып, мың жыл өткен ғылым түсінігімен айтылған тәпсірлерді түгелдеп жинап, аятты арапша жаттаған ғұлама атанып адам аулап «дүмше молда дін бұзып» жатқанын аңғарудан қалдық.

Жад пен түсінік екі ұғым таразының екі басы екенін, арапша тұрғыда белгілі аяттарын жаттап айтудан қуаттық тұрғыда ем-шипа, өрісітік тазару болса, ал үгітін түсінген пендеге рахмет жауатын түсіндіру мүмкін емес. Және арап тілінің белгісі, оң аяқта, ана тіліміздің қуаты белгісі оң қолда бейнеленумен; ана тілінан ақылға қуат түсінік қалыптаса, арап тілі арқылы құран оқудан бойға қуат дем болатынын, екеуінен екі түрлі сәуле иіс шығып; бірі тақ, бірі жұп болатын қосындысынан «Ж» таңбасы пайда болатынын, сол белгіні «бүтін адам» деп атағанын түсіндіретін сопылар арғы дүниеде, дін танушыларымыздың арапқа деген сағынышы басылмай, ғалымдарымыз есіктерін жауып алып, үндемес құпия ойынға кетіп қалған.

Сөздің қалай шығатынын әлем ғұламалары 2 белгіден (сигнал) деп жүрсе Құранда 3+5 ішкі үн сыбырдан (қисын) «логикалық» болып, және ой 8 әсерден (жын қуатынан) сезімдік пен түйсіктік болып саналады. Сонымен бірге сыртқы әсер 5-қуаттың бой өрісімен 7+1, яғни сана қуатының ой бақшасымен бірлігінен (8+5) 13 белгі ойшылдық, данышпандық тұрғыдағы сөздің белгісін меңгеру болмақ. Ал бүгінгі таңдағы ғалымдылардың тек екімен ғана ойланғандықтан болар; жазушыларымыздың, ақындардың ұйқысы шала болып, түстен айрылып, ал қалам ұстап сөз жаттаған тілшіге, көзшіге, сөзшіге айналып, сойылмаған өгіздің терісін бөліске салған базаршыға айналды.

Негізінде; «Рух» пен «Рұх» тың және «Рұқ», «Ұрық» болып бейнелу сапасын, айырмасын білмек түгіл, Ар мен Уақ-тың басын қостырмауға тырысып арсыз елге айналуға тырысып жатырмыз.(Уақтың саны неге-8?) Сондықтан білімге емес білуге, жаңалыққа құмар қазақ баласы өлілерден бата алып, қасиетті атанып, бірі «Аққу», бірі «Сұңқар» болып, шаасы жеткенінше халықты жақсылыққа шақырып жатыр, оғанда мыңда бір шүкіршілік қылайық. Дін танушылар, ғалымдар, білімді қауым өкілдері бұл хикметті зертеп дін тазасын ажратып бағыт, бағдар беруге үлгісін көрсетіп жетілдірудің орына; керсінше бұл бізге жат қылық, тек араптан үлгі алу керек деп, басын алып қашқасын, ата жолының ішінде шариғат ісі де сол ортада өгей баланың күйіне түсті.

Жоғарыдан қарасаң бәрі бір атаның баласымыз, тегімізде бір әулеттен шыққан. Бұндай кереғар теке тірестерден қашанда ілімдік ғылым арқылы әлемнің азулы майталмандарының назарын аударып және киелі кітап дәлелі арқылы ғана тығырықтан шығуға болатыны әлем тәжірибесінде бар. Яғни бүкіл халықтың ортақ мәмлеге келіп оқитын ілімге жалғанатын бір кітабы болуы шарт. Сол әзірге теңдесі жоқ кітап қазақта пайда болды. Ол Халифа Алтай атамыздың Құраннан қазақша түсіндірмесі. Тек оқу сандық жүйесімен оқылу шарт, әрбір пенденің білім ерекшелігіне қарай.

Ең төменгі белгі 19 айда бес рет оқу керек, ал жалпы күн, ай тербелісімен сәйкестендірсе тіптен абзал. Бір жылда 12 немесе 13 рет оқыса осы жоғарғыдағы дауға шешімді әрбір адам аянмен немесе түспен тазарып жетуге болады, шабыт атты киеге ие болады. Тек ең қазаққа қиыны тән жабық, киім жынысына сай, бас ұйқы кезінде де жабық болып, толық дәрет үзілмеуі тиіс. Осы шарт орындалмаған жағдайда нәтиже беруі екі талай. Әзірше сол Құраннан әрбір діншінің дәлел келтірген аятының толық басы мен аяғын оқып, жұбын тауып, одан әрі үш аяттың басын қосып басқа сүреден екі ұқсас орнын тауып, енді сол бес аятың тағы насихат сүресін таба білген кісіге көп дін танытушылардың кей жағдайда 90 пайыз өтірік айтып жүргенін өзі-ақ түсінеді.

Құранды 30 рет оқыған кісі «Әлиф лам мим» сөзінің ғылыми теңдесі жоқ сөз есебінің теңдеуі екенін түсінер деп ойлаймын. Құран бойынша 28 сүре «Әліф лам мим» құпиясымен яғни адам баласының ішкі сыры 9 кісімен байланысты болса, 85 сүре нақты ғылыммен байланысты ал 1 сүре ашық түсінік болып есептеледі. Құран ғылымын 10 кезеңге бөліп, сол белгімен 11 сатыға бөлініп 10 сүремен Алла білімінің тұжырымдамасын тапсаңыз, бірін-бірі толықтыратын қайталау санымен 464 сүре саны шығады. Демек құранның жұбы, негізгі кітабының құпия саны да осы белгіден пайда болады. Бұл аяттар сан құпиясын шешкен әлемде тек Әзіреті Сұлтан Құл Қожа Ахмет Ясауи бабамыз; «464 рахмет дариясын ағызды..» деп ескерткен.

Енді естің 288 белгісі болып 286-сы Бақара сүресімен белгіленсе 72 ден үш кітапқа 214 естің шамасы болып, ал Тәуратта 70 санымен белгіленіп, бүкіл өркениетті жынды елдерді қосқанда 286 естің белгісі өмір сүріп жатыр. Ал Тәуратта неге жетпіс екенін, қазақтың жан ғылымын меңгердім (хазірет), немесе «Ясауи танытушы» биік дәрежелі мәртебесін алғандар түсіндіріп көрсін, екеудің қайда жүргенін? Болашақта төрт дін бірігіп екі жұпқа айналып жоғарғы дәрежелі 2 ел естің биік дәрежесіне шығып, қиямет арқылы біріне бірі қосылады. Исламдағы 72 топтың бірі қазақ елі болып әр топтың өз атауы сандық мәні бар Құранда.

Әлемде 73-ші топ қалыптасу кезі келіп, діндердің өз ара бірігіп саннан сапаға көшетін уақыты жетіп, әлемге Алланың әмірі түсті. Яғни қазақша айтқанда қиямет мерзімі келіп жерден Мәді (Мағди-ғайып иманы, өліктермен тілдестіруші) шықса, көктен Ғайса (Құдай әмірін жүргізіп тазартушы.) түсті». Ал исламда қазақ атты елге сол бақ (қаб-ес) келді. Мүмкін ол қазақтың ділінің жоғары дәрежеде және христяндарға дыбыс үндестігімен тілдік белгімен ең жақын мұсылман елі болғандығынан болар. Құраннан ділдік сан бойынша араптар- 143, қазақтар-147 санымен ерекшеленеді. Құран бойынша; қиямет сағаты, қиямет күні, қиямет мезгілі және қиямет қайым бар. Әрбір қияметтің сандық белгісі мен ішкі уақыты бар.

Ал діл-деп сол естің қасиеттің тәндегі, қандағы ақпарат сыйымдылығы болып әйел қанында сақталады. Оның да әр халыққа берген сандық шамасы бар нанбасаңыз Құранды тек қазақша оқыңыз қайта- қайта. Жоғарыдағы сандық белгі қазақтың қасиетті әйел затының тазалық көрсеткіші. Кәсіптік деңгеймен, белгімен әйел мен еркек ешқашанда тең емес, ал тең деп есіргендер жындылар, ібілістің ұрпағы болып есептеледі. Әйел елдің, естің сақтаушысы қазына басы, еркек соны сырттан ақпаратпен қамтамасыз етуші, бал жинаушы (балтырларына, жүрекке) жер ойпаттарын кезіп хаж амалын орындаумен Араларда өнеге және мысал бар түсінген адамзатқа.

Бір ғалым кісі менен; «сенен басқа адам Құран оқымаған ба, неге осы деректерді мешіттен болмаса болмаса басқа дін танытушы ақпараттардан оқымаймыз?»-деп сұрақ қойды. Егер ренжімесеңіз жауабын айтайын дедім. Дінге ілімді меңгеруге қасиетті пенде өз еркімен келе бермейді, міндетті түрде сынағы болады, көп жағдайда ондай адам баласында тазалықты ата анасы сақтап, жол көрсете білмесе, жас кезден қыспақ, және ғайыпқа деген құмарлық болып, білімге құлықсыз болып, мектепті де дұрыс оқи да алмайды, немесе мінезі де дұрыс болмай арпалысып өмір сүреді. Кейін бір себептермен аяттарды жаттау арқылы сәждеге жығылып ілімге деген көңіл көзі ашылып, діннің жоғарғы мектебін бітіреді де, Құранда былай деп бұйырған деп сіз сияқты ғалымдарға ақыл айтады, ертекке ұқсас болғасын нануға білімге сыймайды, нанбауға Құдайдан қорқасыз, сонан үндемеген үйдей бәледен құтылады деп үндемей құтыласыз.

Ал дәретті толықтап, тақуалық киімді меңгеріп, құлшылық намаздарды орындау арқылы сол Құранды өзіңіз тоқысаңыз; «Айналайын ол ғылымда басқа» деп түзетер едіңіз. Бірақ жоғарыдан тапсырма бермегесін орындамайсыз, енді сондай ертектерді тыңдап жүре беріңіз»- дедім. Жалпы ғылымды біздер іліммен білімнің ортасын табумен ақылға алумен ғана меңгерміз. Жек-жеке жағдайда ілімді немесе білімді ақыл қылып кітап арқалап жүрген есекке ұқсайтындар негізінен дінші мен білімді қауым өкілдері екендері да хақиқат. Осындай себептермен қазіргі таңда 40 қарапайым қазаққа түсіндіргенді бір ғалымға, ал бір ғалымға түсіндіргенді 40 дін танытушыға түсіндіре алмайтын жағдайға түстік.

Діндегі ұлттық тілдік ерекшелікті топ деп аталып, ал топ ішіндегі текетірестерге жаратушымыз Құранда үкім түсіріпті. « Қашан серттессеңдер, Аллаға берген серттеріңді орындаңдар. Антарыңды Алланы өздеріңе кепіл етіп, бекіткеннен кейін бұзбаңдар. Күдіксіз Алла не істегендеріңді біледі.(91) Бір топты басқа топтан үстем деген сылтаумен араларыңдағы анттарыңды бұзып, жібін мықты иіргеннен кейін тарқатқан қатын құсаған болмаңдар. Шын мәнінде Алла сендерді осымен сынайды. Сондай –ақ дүниеде қайшылыққа түскен нәрселеріңді қиямет күні сендерге ашықтайды.» (Нахыл-92) Алла тағала адамзатты нәсілге бөлерде сертін алады, салт дәстүр ұзақ уақыт бойы елшілер ерқылы (елдің ішінен, ел-әйел қаны-20 аминокислот) қалыптасып бекігеннен кейін Алла тағалаға берген ант (жүктелген аманат) болып, ал кепілдік тіл болып есептеледі.

Сондықтан басқа топты үстем, деген мақсатпен тілдік дәстүрлік салттық дін ұстанымға өзгеріс енгізу Аланың жібінен (аяннан) айрылуға ұшыратып қатындық іс болып есептеледі. Көкпен тұрақты байланыс, әр халықтың өз тілі арқылы ғана нәтижелі болады да, оны Құранда «Жіб» деп атайды. Алла тағала тек әйел затына ғана қылықтың, мінездің барған ортасына қарай бейімделуіне ұлықсат береді, еркектің өз салттық дін ұстанымын өзгертуі немесе араластырудан естің сананың тоқырауына ұшырататын қатындық іс болып саналады. Еркектердің дәрежесін артық қылдым және елшілерді тек еркектерден тағайындадым деп ескертілген аятта.

Бұл аяттың астарында үлкен сыр бар, себебі ғылым білім, ілімді жер бетіндегі ашылуға тиісті жаңалық өзгерістер үкімі тек еркектер рұқы арқылы беріледі. Ал иманың жанға зейнетелуі санамен, ана сүтімен, некелі ақжаулықты әйелзатынан алатын етектік қуатымын байланысты болады. Негізінде әйел жаны еркектің меңгерген рұқын, иманды, ділді қанда сақтап күтушісі және үлестіруші жер бетінің. Сол белгі әйел затының табанында болады. Шүкірлік амалдары мен тәубе келтіру арқылы тағаланады. Ал діндегі «Нахшпадишы» «Ахмедияшы» «Зікірші» т,б толып жатқан өзге жұртың шылбырын ұстап қосын тігуші қазақ еркектері қатындар тобына жатады. Құран бойынша «Намаз оқу», «Намаз орындау», «Намаздарды толық орындау» болып ескертілген.

Бес уақыт сәжде тек сандық есебін толтырып, пайғамбар сүннеттерін қалтқысыз орындап, жұмамен қосылып қана намаз оқу болып есептеледі. Ал намаз орындау туралы аятта; «(Мұхаммет оларға) айт: «Әй Кітап иелері! Інжіл, Тәуратты және Раббыларың тарапынан сендерге түсірілгенді (аян, уахи) толық орындағанға дейін дәнеңе емесіңдер!» (Мәйда-68) Діннің кітабы түскен елдердің салтарына абай болуды аятта; «Кітап иелерінің бір тобы (араптар), сендерді адастыруды қалады. Олар, өздерін ғана адастырады. Бірақ олар аңғармайды,» (Әли-Ғымран 69) «Әй Кітап иелері! Өздерің көріп, біле тұра, Алланың аяттарына не үшін қарсы келесіңдер» (70)

Және Алла жолында белгілі садақалармен, сауаптармен ғана шектелмей, қазақ дәстүріндегі артық хайыр жасауды;«Сүйген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар. Не берсеңде Алла (Т) оны толық біледі.» (Әли-Ғымыран 92). Пайғамбарымыз «Жер бетін шарлап саяхат құрыңдар, тәндерің сауығып пайдаға кенелесіңдер» (475-өсиет) «Әр алуан жерлерді аралап жүргшен саяхатшылар Алла тағаланың алдында ораза баспалдағына аяқ баса алады.» (485-өсиет) Саяхаттың ең пайдалысы; «Қабір басына барып тұрыңдар, бұл сендерге болашақ өмірлерің туралы ескертеді.» (467-өсиет) түс, аян алу керектігін міндеттейді.

Ал енді мына өсиетпен; «Азаптың ажалымен өлген адам, ақырет күні өз тегінен шыққан жетпіс адамға жәрдемдесу мүмкіндігін алады» (999-өсиет) яғни қиналып ауырып немесе жараланып өлген ата бабаларымыз жүздеген жыл өткен соң 70 ұрпағына септігін шапағатын беруге, Алладан ұлықсат беріледі екен. Демек өлілерден тірілерге түк пайда жоқ, деген масһабшы діншілеп пайғамбарымыздың, Алла елшісінің намазына ашық қарсылық білдірушілер болады. Ал енді Алланың тірі кезінде хикметін алған әулиелер туралы не білеміз? Осы жағдайды түсіндіретін Құран арқылы пәтуа келтіретін үлгі өнеге көрсеттетін мешіт дін танытушыларымыз, жерлеу дәстүрімен, бес уақыт сәждеден басқа көрсететін үлгісі де қалмай, оның өзінің қателіктері Құраннан алшақ кеткен жерлері де толып жатыр.

Сондықтан да мұндай зұлымдықтан, қабірдегілерді керексіз қылып тастап қойып, рухани азғындап, бүлікшілікке, кәпір жындармен жүктермен жүктеліп, арап елдері сияқты діншілердің «тероризм, жиһад» жолына шығудан, бүкіл халық болып Құран үгітін меңгеріп, өліктер ақылын алып қана сол қателіктерді түзеуге болады. Сондықтанда оқырманға ақиқаттың дәлелі есебінде кейбір сөздердің тылсымнан берілген түсінігін беруді ұйғардық.

1.Дәріптеу-5 парыз.

2.Пәктеу- ғибадат жасау.

3. Тәуап ету- артық хайыр жасау, зират ету.

4. Бой ұсыну- ғибадат жасау, пәктеу, ізгі іс жасау.

5. Ракуғ жасау- тізерлеп құлшылық жасау, зейнет нұр жинау, зікір айту, тілек тілеу.

5. Алланы еске алу- таспих.

6. Құрметті айлар- наурыз, мамыр, маусым, шілде

7. Айды кешіктіру- құлшылық істер.

8. Алланы ұлықтау- көркем сөз айту (уағыз).

9. Ыхтикәфта болу- мәжбүрлік істе (қайғы қасірет) сабырлы болу.

10. Мойынға тағылған белгі- құлшылық кезінде міндетті түрде төбе жабық болып мойынға орамал, т,б белгілер орау.

11. Санаулы күндер-бейсенбі, жұма (төрт қыбыланың теңелуі).

12. Ғұмыра- жер бетінің тербеліс жүйесі (жер есіктері)

13. Теңіздегі кеме- жер кіндігінің ашылуы.

14. Аллаһ-шүкіршілік.

15. Тағала- шүкір Алла тағала- Аллаға шүкір.

16. Аллаһ тағала- шүкірге шүкір.

17. Салалаһу ғалейки сәлам (с.ғс)-Аллауақбар.

18. Аллеһиссәләм- я Раббым Алла, Әулие әмбилер қолдай көр.

19. Радиоаллаху әнһу- жаннатық белгі аты.(сызықтық бейне)

20. Құдірет шекері- Қайда барсаңда тосқауыл. (Көктегі аспан белдеулері. Пенде жан өрісінің қорғаны.)

21. Хаж – қасиетті орындарда және көктен, құлшылық уақыттарында болатын пайда болатын көгілдір күлгін жарық. (Сандық мәні сипаты, сызықтық бейнесі бар.)

22. Зират- кездесу орны, қорым-тарихи тәбәрік орындар.

Әрине осылай жалғастыра беруге болар еді, бірақ осы атаулардың қазақша ұғымдарының өзі дін танытушылардың кейбірінің қарсылығын тудыруы сөзсіз. Оған тек есеп деген ғылымның және Әл Фараби атамыздың әрбір дәлелдеуге тиісті нәрсенің сызықтық бейнесі болып есептелуге тиісті екенін ұмытпасақ болды. Сондықтан Жебірейіл періште пайғамбарымызбен кездескенде Абжад есебін меңгеруді айтқан деген сөз қалған. Құран аяттарын осыдан мыңдаған жыл бұрын салыстырмалы түрде ишарамен түсіндірген тәпсірлердің білімді адамға ертек болып естіліп, санаға қабылданбай жатқанын, қасиетті кітаптың аяттарын әлсіретуді доғарыңдар дегенді ғалымдардың айтуы керек.

Көпшіліке Құран сырларының нақты болмысын көрсететін, заманның намазы қазаққа беріліп жатқанын ұғатын, ұқтырарын уақыт жетті. Әл Фараби атамыздың жұппен таққа құрылған «фатиха» сүресінің 52000 балнамасының құпиясын қай дін ғұламасы түсіндіре алады? Жолдың және Бірді меңгерудің құпия сыры бір ғана сүренің есптік жүйесінен белгілі болып тұрғанын кім ескереді. Сол құпияларды білу үшін, мұра қазынамызды ұрпақтарға аманат ету үшін ғана, тілшілердің тілінен, көзшілердің көзінен, халықты теріс бұрып жатқан сөзшілердің сөзінен сақта деп асыл мұрамызды сыртағы «пері» мен «іштегі» періні тәрбиелеу үшін тарихи тәбәрік орындардан зиярат етіп, тәбәрік алуды ұмытпайық.

Ал дүниені тек ақшамен өлшейтіндерге жаратушымыз; «Әй мүміндер! Аллаға, ақирет күніне сенбей, адамдарға көрсету үшін мал сарып қылған кісідей, садақаларыңды міндет қылу, ренжітумен жоймаңдар. Міне соның мысалы; Үстінде топырағы бар тас сияқты, оған қатты нөсер жауса, тас күйінде қалдырады, Олардың еңбектері еш болады. Алла қарсы болған елді тура жолға салмайды.» (Бақара-264) (жалғасы бар. Дін мен ел 2-бөлімінде)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *