XIV- БҮГІНГІ ӘДЕТ, САЛТЫМЫЗ, ЕРТЕҢГІ ЖАЗЫЛАТЫН ТАРИХЫМЫЗ (жалғасы 2-ші бөлім)

Бөлім: Бүгінгі әдет, салтымыз ертеңгі тарих 90

«…Сақ болыңдар, билік Оған тән. Әрі Ол есепшілердің ең жүйрігі.» (6-62) Ол Алламызды тану үшін есеп атты ғылымды меңгеру шарт. Сондықтан да; «Көктерде әрі жердегі Ол Алла, көреуіңді де, көместеріңді де біледі.» (6-3) Масһабшы, діншілер түсіндіргендей Ол сипатты Алламыз көкте жерде, көреу, көмес болып біздің барлық жаратылысымызда өзімізде болады екен. «Құдайсыз қурай сынбайды» деген қазақта. Олай болса Алла тағала әлемнің ақылы, білімі, періштелігі, ақ түсті сүті жаны болса оның ішінде Ол Аллалық сипаты, Раббы, әр нәрсенің киесі, құдайы хақтығы болуын Құран арқылы түсінуге болады. Маған құлшылық жасау деген ұғымның осыдан пайда болуын да білген жөн. Енді масһаб, араптық таныммен қазақ Алла танымын салыстырып, өткен шаққа үңіліп көрсек…

ДІН МЕН ЕЛ

Қандай да болсын, Алла жолына берілген жұмсалған малдың, еңбектің, көркем сөздің сауабын әрбір пенденің мойынына іледі, ақиретте маңдайына тағдыр қылып жазады Алла тағала. Сондықтан Алланың ризалығын іздеп берген садақаны міндет қылып, есептеп немесе құзырлы орындар арқылы тіркеу болашақ жеке пенде немесе елге келетін әртүрлі апат шығындарды туындатады. Үкіметті Алламен қатар қойып, теңдес жасау, серік қосу болып шығады.

Сондықтан пайғамбарымыз; «Алла тағалаға жалбарын! Алламен ешкімді де қатар қойма! Сенің жалбарынуың Алланың жарқын жүзіне ғана (Раббқа) бағышталсын. Міндеті намаздарыңды мезгілімен оқып жүр, байлығыңның бір үлесін тазару жолына (зираттау, зейнет алу) жұмса, міндетті және өз еркіңмен қажыға барып тәуап етіп қайт, рамазан айында ораза ұста, өзің үшін адамдар бойында не қымбат, соны оларға да жаса, өзің сүймегенді өзгеде істеме, оған жолама!» (129-өсиет) Тек намаз оқығанына мәз болу Құдайдан қорыққанның, құдайшылдықтың белгісі емес, сондықтан өсиетте; «Құдайдан қорқу-білімділіктің белгісі, өзіңе-өзің қайран қалу надандықтың нышаны» (609-өсиет) ескерткен. Ал бүгінгі таңдағы дінші, масһабшылыр, ғалымдарымыз құдайшыл ма әлде өзіне-өздері таң қалып, тура жорлдамыз деп мақтанып жұртты да осыған шақырыушы ма?

Ал тура жол дегеніміз — тазару жолы, төрт кітап амалдарын қосып бірлеу намаздарды толық орындау болып, ол Құл Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың пайғамбар ізгі істерін Құранмен толықтырып аяқтап қазығын қаққан із жобасы. Оған шағын ғана мысал келтіре кетейін; Үш жыл бұрын (2004 жыл) Қызылорда қаласында «Айтбай» мешітінде жұма намазында, бас имам ортаға бір түрік азаматын шығарып, оның түркиядан өз еркімен келгенін, құранды жатқа білетінін және Қызылорда жастарын құранды үйретуге жоғарғы дін басшыларынан әзер сұрап алғандығын айтты.

Сонда жаңағы түркі азаматы тілмаш арқылы; өз еркімен келмегендігін, оны түрік мемлекеті қаражатын мойынына алып жібергендігін, себебі бүкіл түрік ғұламалар Яссауи шәкіртінен тарағандығын және сол қарыздарды қайтаратын уақыт жетті деп мемлекеттің жіберіп жатқандығын ескертті. Бірақ Ясауи ілімі құранды жаттап алуға қарсы екенін білмейді екен. Сонда да болса, имандылықтың басты белгісі шындықты мойындап айта білу. Екінші белгісі өзіңді танып қателіктеріңді көре білу. Ол үшін ілім мен білімді қашанда тең ұстай білу қажет. Ілімен білімнің ортасын құранды толық жатап алу емес оның тылсымдық таза ақыл кітабына, пайғамбарымыздың шапғатына ғылымға жалғанумен ғана табады. Олай болса; «Ілім мен білім ортасын білмесең бүлін» деген аталарымыз. Сондықтан да пайғамбарымыз; «Ерікті намаздан, оразадан және қайыр-садақа беруден артық қызмет туралы айтайын ба? Ол- халық арасындағы келеңсіз құбылыстарды түзеу, өйткені теріс құбылыстар халықты қырғынға ұшыратады» (299-өсиет) Теріс құбылыстарда құранды жаттап алып білімін оәй жорығын білімін ақыл қылумен діндегі адасудан, таза ақылға бағынбаудан туындайды.

Құран еріккеннің ермегі емес және екінің бірі аудармалап түсіндіретін әдеби шығарма да емес! Қасиетті Алланың құпия сандық жүйеге белгілі тәртіпке бағынатын теңдесі жоқ сөз ғылымы! Бірдің ішінде алты таңба, бес үн, 7 сөз жүйесі, 52 дыбыс қамтылса, бүкіл жаратылған нәрселер сандық дыбыстық сыры сүрелер арқылы берілген. Құран аяттарынан пәтуа беру үшін Алла білімінің, таза ақыл кітабының 10 сүресін анықтау керек. Ол үшін жоғарыда алдығы бөлімде ескерткендей 464 сүре жүйесі шығару керек. Сол сүрелердің сабынан 11 реттік баған болып, оныншы ретпен 10 сүре бір-ақ рет қайталанады.

Ислам тарихында ол реттік жүйені шеше білген тек Құл Қожа Ахмет Ясауи бабамыз екен. Оған дәлел; Алла тағала жер жүзінде 444 рахмет дариясын ағызды –деп ескерткен Сәни дәптерде. Ал қалған 20 сүре Алланың рахимдік белгісі. Құран сүрелерінің реттік сандық белгісі, жаратушымыздың белгілі бір жаратылыс сипаттары болып табылады. 114 сүренің 100 сүресінен 19 періште белгісін, қалған 14 сүресінен құлшылық танымын ажыратып көрейік. 19 саны «АБДЖ» есебі бойынша арапша «Қаф» (Қ-таңбасын) атын немесе 100 санын береді. Демек 19 періште сипатын жүздің ішінен іздеу керек. Ал негізгі 100 жүзді қалай табамыз?

Құран білімінен; Інжілдің саны- 18, Забурдың саны- 27, Тәураттың саны- 23, Құранның саны- 32 (Үш аяттың ұғымымен 2 негізгі текті немесе 3 ғайыпты білу арқылы Алланың негізгі екі қолдық Өзіндік сипатын білу.) 18+27+23+32=100. Тәураттың ішкі сыры 118 белгіден (114+4) тұратынын Құранда құпиялап көрсетіп кеткен. Құран бойынша белгілі мезгілдерде намаздарды толық орындау тек мүміндерге парыз қылған. Сондықтан мұсылман мен мүміннің айырмашылығын біліп алайық ағайын. Сонда намаз оқу тек уақытқа (күнге) ал орындау мезгілге (айға, жыл мезгілдеріне) тәуелділікте үлкен жауапкершілікпен белгілі шарттарды орындау арқылы нәтижесін беретіні халыққа түсінікті болмақ.

Ал мүмін болу үшін 18 жасқа дейін көркем сөзді тілді меңгеріп, 23 жасқа дейін білімді, ғылымды меңеру керек, 27 жастан қоршаған ортадан тәңірлік сипатты тану, 32 жастан бастап сәждені меңгеру басталады. Сәждеге дейін ракуғты (тізерлеп құлшылық жасау) меңгеру керек. 40-қа келгенде ғана ақыл толатынын, сонан кейін сынақ кезеңінен өтіп барып қажылықтың қабыл болатынын құраннан түсіндірейік, Жалпы төрт кітаптың құлшылық нұрының жиынтығы 32+23+18+27=100 болады. Осы жүзді меңгеруді «Хаж» деп аталады да жерден бөлінетін айға тәуелді көгілдір жарық сәулені атайды. (аяттар саны да жүз) Ал Құл Қожа Ахмет Ясауи әулие бабамыз Сәни дәптерде құлшылықты 13 сатыға бөліп көрсеткен. Енді 22(Хаж) Х 13= 286 аяттың мәні болып Бақара сүресі шығады. Екі негізді Алланың өзіндік сипатын меңгеру, тану дегенмізде осыдан шығады.

Енді Абай атамыз ақылдың қуат екенін ескертіп Құрандағы сол қуат алу амалдарының 45 белгісін қара сөзге айналдырып жазып кеткен. Қазақтың парыздық нұр жинау салттық белгісі. Демек иманның құлшылық сатысы 13 болып 45 амалдардан тұрады да 32-ші амал сәжде болып шығады. Нанбасаңыз құранды оқыңыз. Құран бойынша 11 жұлдыз және күн мен ай 13 санын береді. Көктен келетін ақыл қуатының санын береді. Яғни 45 белгіні заманға қарай өсіріп отырушы көкпен байланыс сатысы. Енді 45 саны Інжіл мен Зәбур қосындысы болып ақылдың іске айналу дәрежесі болып қылықтың белгісін беріп оны Алланы тану сатысына дәрежелеп өсірсек; 45Х13=585 болып, ал жиынтығы 5+8+5=18 белгі рухтың санын берсе, ал 565 көрсеткіші рұхтың мәнін береді.

Халықтың өзіне тән рұхы дегеніміз осы 585 және жиынтығы 5+8+5=18 болады. Негізінен адамдардың несібесі тең –деп ескерткен аятта. (Әрине пенделердің емес.) Табиғатта болатын қандай элементтер жиынтығы екенін ғылымдылар шешіп көрсін. Ал қазаққа бұйырған 13 амалды 45 есею белгісін арап орындап береме? Араптарға орта топ деп тек 32-ні бұйырған, ортадан ойып алып, сәжде жасадық деп 5-парызға айналдырып алу мүміндікке жатпайды. Себебі сәжде сүресі құранның бар пара қуаты кітабының белгісі, құраның нәр алатын күре тамыры десекте болады. Ал енді біздің түркі халқының басқа ислам елдерімен салыстырғанда 45-13=12 саны артық болып, бұл сан Құран бойынша аян, түс арқылы шындық пен өтірік арасын ажыратып Аллаға толық бой ұсынушы белгісін көрсетеді.

Халыққа берілген несібені, бүгінгі таңдағы қысқартып жүрген имамдар, дін танытушылар ақиретте кепілдік бере ме? Әлде еліміздің алдымыздағы тұрған қияметік мезгіл азабынан құтқара ала ма? Мұны болашақта әрбір пендеге айқын болатын жағдайлармен құдайдың өзі түсіндіруі де хақ. Енді Абай атамыз бен Ясауи бабамыз қателесті десеңіз, Әл Фарабиді оқыңыз, сонда түсінесіз қазақта қандай ғұламалар өткенін. Осы амалдарды иман келтіру деп атайды. Сан бар жере үзуге өзгертуге, белгілі бір белгісін бөліп алуға болмайтынын да тәртібі барын естен шығармаңыз. Әрбір сан сол жүйенің бөлінбес бөлшегі аяты болмақ. Құран осы жүйемен қатаң тәртіппен түсірілгенді.

Ал есепсіз кітапты оқитындарды және солай түсінетіндерді жаратушымыз құранда «Кітап арқалаған есек!» деген. Қазақ жерінде естелік үшін болсын тау, тас киелі бұлақтар әулиелі жерлер сол елдің жаратылыс тегімен байланысты тұтыну заттары болып есептеледі, оны қазақта «Ғайып ерен қырық шілтен» деп атаған. Енді аятта; «(Мұхаммет) сондай дінді өтіріксігендерді көрдің бе? (1) Міне сол жетімді қақпайлағанды. (2) Міскінді тамақтандыруға қызықтырмайды.(3) Сондай намаз оқушыға нендей өкініш.(4) Олар, намаздарын немқұрайды оқиды.(5) Олар, көрсету үшін оқиды.(6) Олар тұтыну заттарына тыйым салады.(7)» (Мағұн сүресі) Бұл сүре халықты зираттасаң кедей болып қаласың, деп халықты дүниеге шоқындырып, аяттарды бұрмалап «серік,шерік, ортақ» деген ғылымдық ұғымды адам аулайтын қақпан қылып, намаз оқысаң болды жаннатқа кіріп кетесің деп жатқан мешіт дін танытушыларна арналған.

Ал Яссауи атын перде қылып, Шәкәрім атамыздың шапанын жамылғандарған Алланың қаһарына ұшырап бүліншілікке ұшыраған елден бүлдіргісін әкеліп «мақам» деген қасиетті, у-шу сарынға айналдырып, шарап (иіс, жарық түріндегі нұр) орнына апиын (қаралық) ішкізіп «Ат аттатып сүйек сындыру» болашақ ұрпақ алдындағы қылмыс деп Шәкәрім атамыздың; Сарынға жастар салмасын, кәпір жын келіп қалмасын! –деген ескертуін назарға алып мына шешімінің сырын шешіп көріңіздер демекпін:

Арақ-ақыл, мастық-ой, жар-хақиқат

Жан- нәпсі, шатақ- иман, дін-қиянат.

Маскүнем, әйел сүйгіш, дінсіз ғой деп,

Сырын білмей сыртымнан қылма ғайбат.

Хақиқаттан басқаға бас ұрмаймын,

Дәлелсізге нанам деп болмаймын мат.

Бастағы көз, құлаққа сенімім жоқ,

Терең ой мен ақылға айтамын дат.

Пайғамбар, әулие айтты десе-дағы,

Ақыл қабыл алмаса ол маған жат.

Шатақ дінге, әдетке не, білгішке

Ноқталатпай ойымды қылсам азат.

«Ақылға билетпеген пенде айуан,»

Десем де бола қоймас сөзім ағат.

Ақылыңа сынат деп дәлел айтқан

Құраннан табылады талай аят

Тәпсір деп қасиетін талқан қылып,

Бұзғанмен құран болмас адасқан хат.

Жарық нұрдан жаралған күн жоғалмас.

Жаман тәпсір жайылып жер жүзіне

Дін десе тұра қашты есті азамат.

Бар обалы олардың тәпсірші де,

Адасып нұрлы аятқа жағыпты тат.

Ол қатені түзеткен әлімдер көп,

Соның сөзін оқысам боламын шат.

Қиянатың бар болса-иманың жоқ,

Маған десе мың жылдай қыл ғибадат.

Қазақ аталарымыз ежелден «Аруақ қолда ,Алла жар бол»-деп сиынған. Аруақ белгісі қолда болып, аяқта емес Алла соған мойнымды бұрғыз жалқау қылма, мойныма қуат бер,- деп жалбарынған.

Алладан басқа тәңір жоқ екенін, барлық жартылыстың бастауы Алла болып, Алласыз ешқандай тіршілік өмір сүрмейтінін Алласын тани алған қазақ халқының сыйыну құлшылығының өзінде еркіндік кеңістік бары хақ. Бүкіл жаратылыс жаратушының құдіретті қолының туындысы болса, адамды орынбасар етіп, жер бетін түрлендіруге бар қадір қасиетті қуатты меңгеруді маңдайға жазып алақаға несібе қылып берген. Бүкіл түрлену қозғалыс қолмен жасалып қалған мүшелерді сол істі атқаруға көмекші етіп берген. Демек игілікті ізгі іспен, жасалған қиянат белгісі де қолда. Бес қуаттың белгісі Алламыздың тәңірлік сипатның ең кіші бейнеленген бөлшегі қолда болса, онда оның сөзбен, амалдармен толық бейнесі, метафизикалық сипаты, көмес белгі «Аруақ» болады.

Аруақ адам баласына тылсымнан үнемі толықтырылып тұратын күш, қуат Алланың өзіндік сипатарының қолының арасындағы дәнкері де «Қол» болуы заңдылық. Алла тағала тарапынан берілетін азық, әрбір әулетке өлшеніп берілген сыбаға және аманат. Сондықтан Құранда; «(Мұхаммет) онда олардың табынғанына байланысты күдікте болма. Олар ата-бабаларының бұрыннан табынғандары құсап табынады. Әрине олардың сыбағаларын кемітпей береміз.» (Һұд-109) «Ол қауымды іздеуде селқостанбаңдар. Егер сендер күйзелген болсаңдар, расында олар да сендер күйзелгендей күйзелуде. Негізінен сендер Алладан олардың үміт етпеген нәрсесін үміт етесіңдер. Алла (Т) толық білуші, хикмет иесі.» (Ниса-104) ( Ескерту; Осы аяттардың қалған ұқсастарын сандық, мәндік жүйесімен 10 сүреден орнын тауып көрсеңіз қазақ елінің ділдік тағдыры шығады…) Бұл аяттағы ескерту хижра жыл санауымен 18-ші, ал григорян жыл санауымен 597 жылдарға сәйкес келеді.

Мүмкін тарихшылар ашықтар осы жылдар мезгілінде қазақ елі қандай күйзелісте болғанын. Жаратушымыз осы аяттар жүйесімен Қазақ атты елдің арап сияқты тағдыры ұқсас ел екендігін және араптың үміт еткен нәрсесін, күтпеген жағынан соларға беретінін құпиялап кетіпті. Яғни Мұхаммет пайғамбарымыздың еврейлер арасынан емес, азып тозған бірақ тілі дамыған халыққа келу хикметі енді тура жолды көрсеттетін 73-ші топтың исламның туын тіккен арап елінен басқа елге елшілер келуі түрінде қайталанады деген ескерту. Сонан барып пайғамбарымыздың тапсырмасымен Арыстан баба арқылы құрмамен белгі келіп, Арыстан бабаға түнеп Түркістаннан тілеу дәстүрі қайта жаңғырып енді сол әулиелермен тілдестіріп те жатыр жаратушымыз.

Ал енді қазақтың өз арасынан шыққандар; «Тыныш тұрған бүркітті түлен түртіп үркітті!» Әулиеге тас атқан сират көпірінен құлар болар деп «Сәни» дәптерде ескертілгендей бұрынғы араптарға келген надандық қазақ елінеде жеткен түрі бар. Бірақ басқа түрлі сипатта. Ақиқат ашылса бүгінгі шын кірерге тесік таба алмайды. Өмірден өткен даналар мен болашақ ғұлама болар балардан кешірім сұрай отыра, Алла тағала ризалығы үшін, келіңіздер дін майталмандарымен сопы, зікірші және ғалымдар Құран арқылы сол құпияның шешімін ғылымын іздеп көркем түрде дауласып көрейік, бірақ; «Даулассақта жауласпайық ағайын!» демекпін.

(2007 жыл )

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *