«Өз күшіне сенбеген халық та, адам да ешқашан өмір бәйгесін ала алмайды.» «Өзің түйеден өткен жетекшіл болсаң, саған ақыл не керек?!» деген халық даналығында. Пайғамбарымыз; «Қиямет күні 30 түрлі тажалдар шығады» деген екен. Жалпы тажалдық дегеннің өзі әрбір заманға қарай, білім мен ілімінің жетістігіне қарай ойлау қасиетінің әлсіреп, орына тек осындай ілімді, білімдік ақпараттарды адамзаттың ақылға айналдырып алуымен, ал білімнің таразысы болатын ақыл өркениетінің дамымауынан халықтың санасы жабылып, жетесі жоғалып түсіну қабілеті жоғалғанда түйе сияқты жетекшіл, заңға, білімге ғана негізделген ақпараттарға жаппай тәуелділікте өмір сүре бастайды. Мұндай халықтың өзіндік ұлттық, отандық әдет-ғұрып, салт-дәстүр болып қалыптасқан рухани күштеріне сүйене алмауынан ел билеуші, ақыл беруші қауымның ой жорудың жетегіне еріп естіліктің маңызы үлгісінің қажеті болмай,тұтынуға, дүниеге ғана негізделген хайуандық, ұжымдық ақыл дәрежедегі басқару үлгісі қалыптасады. Тажалдар дегеніміздің өзі тек дүниелік жеңіл тұрмыс пен өзінен жоғары тұрған қандайда бір адамзат қауымының әрекеттерін, әдебін, қылықтарын жақсы өмір сүру мен қызық көру, нәпсілерін қанағаттандыру деген сияқты өмір сүру тәртібін көшіріп алып қайталаумен қалыптастыратын басқарушы биліктегі білімді қоғам өкілдерін айтады. Мұндайлардың адамдық танымдық, даналық түгіл, естіліктен де тек өздерінің ақыл өрісінің жеткен шамасына қарай ғана қаракет қылатын, ішіп-жемге негізделген және қалайда аман қылып өзгелерден артық болу немесе олардан да дүниені көбірек иемдену деген сияқты хайуандық ақылдылық жағдайға дейін төмендейді. Енді мұндай қоғам басына халықтың мүлде азғындамауы үшін және мұндай тіршіліктің сырын жетік білетін аңдардың басқарушылары болған Арыстан, аю, қасқыр, түлкі мінезді билеушілер келуі де табиғи заңдылық. Ал жаратылыста жалпы аңдардан да басқа үй жануарлары сияқты момақан, өзінің өнімін өзі пайдаланбайтын тек қоғам үшін, қауымның тіршілігі үшін қызмет қылатын үй жануарларына ұқсас бұқара халықтың өкілдері болып табылады.
Сонымен мұндай қоғамдық өмірдің заманның қазақ басына туатынын астарлап Абай атамыз философиялық тұрғыда; «Ала қойлар» деген насихатын қалдырған екен. Аң патшасы Арыстанның көзіне ала қойлар ұнамай оларға қараса көзі ауырып, сонан өз патшалығындағы бастықтарды шақырып алып ақылдасыпты. Сонда Аю тұрып; «Оларды маған берсеңіз бір-бірлеп сығып өлтіре салмаймын ба?» деген екен. Сонда Арыстан бәрінен жоғары ақыл иесі тұрғысында мұндай зұлымдықпен өз халқын-өзі қырған деген атақ қалдырудан қорқып, түлкіден ақыл сұраған көрінеді. Түлкі болса; «Бұған несіне қиналасыз, ала қойларды қасқырға тапсыра салыңыз да, жайлымның ең жақсы жерін беріп бақтырып қойсаңыз, олар сізге мұндай сыйға риза болып және қасқырдан да қорқып жайыла алмай, өздері де тұқымдарын жая алмай қырылмай ма?» деген екен.
Ал енді оқушым бұдан қандай ой жемісін тердіңіз? Бұл жалпы ата жолы жазбаларының 2-ші кітабында осындан 10 жыл бұрын баяндалған ел биліктің түбінде осындай жағдайлармен дінді қасқырларға бақтырып, халықтың рухани өрісін тарылтумен құрдымға апаратын, халықты рухани тұрғыда әлсіретумен айналысып жатқанын сынаған едім. Онан бері қазақ елінде шаруашылықтың өрістеп, халықтың әлеуметтік жағдайы артып, жайылатын өрісіміз де кеңіп, әлемнің де көзіне түсіп мақтанымыз да пайда болғанмен керісінше рухани тұрғыда да жалпы білімдік, ілімдік салаларда да 30 түрлі тажалдық білімнің өзінің кең өркен жаюына да ел биліктің елді басқарудың Арыстандық жүйесін таңдап алғанына; «Ел билік діннен, ақылдан, насихаттан, елдің рухани тұрмысынан бөлек» деген заңымызбен ақпараттық саланың да жеке адамдардың ықпалына толық ауысып, бір жағы биіліктің мүддесін, екінші жағы қалайда билікке жетудің қамымен бұқара халықтың мұң-мұқтажы тек ала қойдың жағдайымен ғана өлшеніп қалғаны сөзсіз. Тамағың бар, жұмысың бар, ал жан-жағыңа қарауға да жайылымды тастап өріс ауыстыруға да ұлықсат жоқ, қасқырлар аңдып жүр құшақ-құшақ заңдарын шығартып алып.
Бүгінгі қазақ халқының діні де, ақылы да, рухани өмірі де тек білімнен пайда болған заңдардың күшімен ғана реттеледі. Ойлану түгіл, ақылды еркіне жіберіп амал қылуға да жол берілмейді. Қай замандарда болсын, қандай дәрежеде адамзат тіршілік иесін барлық жаратылысқа, қозғалысқа, ақылға, білімге, ілімге мейлі жансыз нәрселерге болсын өзінің қарсылық күшін, қозғалысын, жаратылыс себебін жаратып қойғаны хақ. Бұл дамудың да, өркендеудің де ең бір төте жолы. Себебі қарсылықтардың бірін-бірі жеңудің тіршіліктің таласының себебінің ортасын тауып меңгеруге, оларды жүйелі түрде басқарып, қандайда бір қарсылық қозғалысты зұлымдықтан да пайда табуды адамзаттың даналығы, ойшылдығының да қабілетінің өнімі жетіліп отыруына себепші болу керек. «Ілім мен білім ортасын таппасаң бүлін» деген қазақ даналығында. Сондықтан үнемі таразының басын тең ұстай білген тарихта өткен қазақтың дана басшылары, хандарымыз, билеріміз өз жанында сыншы, көріпкел, болжампаз абыздарды міндетті түрде кеңестеріне, сындарына құлақ асып отырған. Ондай қасиетті адамдарды қудалап жоюға тырыспаған, керісінше сыйлықтар беріп, халық алдында көтермелеп те отырған. Әрине мұндай билік өкілдерінің ақылдылығы, ойшыл даналығы өзінің кеңесші уәзірлері мен оған қарсы сыншылардан да артық болып, олардың пәтуаларының сындарының екі арасын таба білетін ел билеуші төрелерге ғана тән рухани қабілет болған еді. Ал мұндай болмаған жағдайда онда халықтың рухани күйзеліске тусуіне, сол ел биліктің екіжақтың біріне шығып кетуімен азғырылуға өзі жәрдемші болатынын да білгендіктен, ел билеу саясатының бұл бір міндетті сипаты еді.
Мұндай әлемде ел басқару саясатының жетік үлгілерін меңгерген және рухани тұрғыда да әлемде талай жүлде алған алтын ғасырды да қалыптастыра білген тектілердің мирасқоры болған қазақ елінің бүгінгі рухани ахуалы ең төменгі дәрежеге де түскеніне, әрбір есті адам ақылын білімнен жоғары қойып, ой үнін іздеген адам баласына мәлім болар еді. Бірақ сыншылдықты, ойшылдықты қалыптастыратын философ ғалымдарымыз, дін тақуаларымыздың өздері ой туралы, сол ойды қалыптастыратын жаратылыс туралы білімді, екі қадым даналықтарды меңгеру түгіл, пәндік білімді меңгеруге, бір ақылдық таразыдан өткізуге шамасы да жоқ екені сөзсіз. Ал сананы қалыптастыратын алғашқы дәрежедегі төрт ақылдық қуаттардың ақыл туралы білімі де жоғалып, мұндай жағдайда ақылсыз ой, теріс нәтижесімен яғни білімді ақыл қылып алатын тажалдардың пайда болуымен, ібілістің әскеріне шайтан жамағатына ғана қызмет қылдырып қоятыны да хақ. Шынында ұлтшыл, ұлтжанды, отаншыл дегендердің өздері бірі тілдің ғана жан ашыр, бірі дүниенің, бірі кедейшілікті жоюдың, бірі дінші болудың, бірлері білімді болудың, бірі отбасы тәрбиесінің, бірлері табиғатты қорғауды, ең басым бөлігі мүлде шекараны жауып тастап, жердің байлығын өзара бөліп жеп, қазақ деген мәңгілік ел болуды армандау деген сияқты бөлек-бөлек құндылықтарды жетілдіру арқылы қазақтың тегін жақсартып, әділ бақытты қоғам құрамыз деп сынап жүріп, халықты және ақылы толмаған жастар мен сезімдік ақылының өзі жарты болған білімді қатындарды арттарынан ұйытып тажалға қызмет қылып жатқандарын, өздерінің ішкі сарайларының тазалығы болмай ойлау, пайымдау қабілетінің жоқтығын ағарудан да қалған.
Бұндай жағдайдың қалыптасуына біздердің ішкен, жеген көрген, сезген, білген өзара қатысқан сұқпаттастан ғана ақпарат алып, өзіміздің рухани қабілетімізді таза сақтап және дамытуға қабілетсіз екенімізді мүлде білмейміз. Мұны түсіндіре алатын дін ғалымдары масһаб білімі дегеннің өзінде, Алланың, әлемдік жаратылыстың түпкі сырына меңгеру түгіл өзінің денелік қалыбында тұрған рух пен жанның, иман мен сенімнің, ақылдық қуаттардың ерекшелік сипатын, өлшемін қалай өсіп-өнетінін, қандай жағдайда зиянға ұшырауына оған не себеп болатынынан мүлде хабарсыз. Және неғұрлым мұнан хабары азайған сайын, тәпсір білімін көбірек жаттаған сайын жоғары лауазымды басшылыққа сайлану да мүмкіндігі арта береді. Бұл ел билеушілердің жүрек көздерінің мүлде жабылып, тек сыртқы сезім мүшелерімен ғана естіп, көріп, біліммен ғана ойланғандықтан, «Соқыр атқа қотыр ат үйір болар» деген нақылға сәйкес десек қате емес. Мұндай жағдайда адамзаттың ойына қуат беріп, үш түрлі себептік ақпараттық тылсымдық ақылға жалғану мүмкіндігін арттыратын құранды өздері зерттеуге, ақылмен насихатын түсінуге байланысты қазақтың өздерінен шыққан әулие болған ғұламаларының нақылына ден қойып ақылдарын жетілдіру дегеннен сұрау да, әкімдерден, дін ғалымдарынан сынақ алатын, ақылдылық дәрежесін айқындайтын ұлттық, дәстүрлік негіздегі философиялық мектебі де жоқ. Бұған да алдын-ала тосқауыл қойылып; ел билігі дінді яғни ілімді меңгеру міндетті емес деген заңымыз бар. Философия мектебінің де бұл заңмен қоғамның рухани құндылықтарынан жауапкершлігінің мүлде болмауына да жағдай жасап қойған. Сондықтан қандайда бір лауазымға ақыл айту, ақыл беру, әділетті үкім шығару орындарына ақылдың да, ойдың, ойшылдықтың да мүлде қатысы жоқ деген тажалдық ұғым да әбден бекіп алған. Мұндай қараусыз қалған рухани күзетшіміз діннің басына кез келген ақылсыз, ойсыз пенденің, жастардың ғалым, имам болып келуімен, пайғамбарлық қасиеттерді меңгерудің, хабар келтіруші елшіліктің заңдылығы бұзылып, алтауы түгіл төрт ақылы түгел емес арап тілін білген кез-келген жасты ақылшыға айналдырып алып, оған бүкіл халықты зорлап ұйтыуға да, ел биліктің ақылды үлкендерден, жақсылардан емес, надандық дәуірден артынан іздеткен ;«көтен» зорлық әрекеті де рухани күйзелістің отын үрлеп қазанын қайнатуға жәрдем беріп жатқаны да хақ. Ал енді Абай атамыздың әрбір ғалым –хакім, ал әрбір хакім, әкім-ғалым емес дегеннің өзі мүлде ескіріп, қазіргі таңдағы ғалымның өзі хакімдікті яғни ойлау қуатын білмей-ақ, заң шығаруға жоғарғы кеңеске мүше болуға, ешқандай ардың сұрауы, жауабынсыз-ақ сайлана салатын болды.
Құдай ел билеудің үш түрлі ақпараттық жағдайға тәуелді екенін және оның үлгісін де түсіріп, көрсетіп құранмен баяндап қойғанын түсіндіретін дін ғалымы , дін басшысы да тажалдық білімнің ұйытқысы ғана болуға лайық ілімдері барын, төменнен болмаса жоғарыдан байқалмайтын жағдайға да жеттік. Сондықтан кім мұндай сырларды аңғарғысы келсе тағын, атағын, дәрежесін тәрік етіп ақылдымын деген негізделуден, мақтаннан арылып, қазақтың дәстүрін ұстанып, ақылды алушы, тыңдаушы болып төменнен жоғарыға қарай қарап көрсеңіз барлық былықтың сырына да қаныға аласыз. Ал ақылды таратушы болып жоғарыда жүріп тақуалықты, қазақ дәстүрін ұстанып, қарапайым бас киім киюдің, қатыныңызға, қызыңыға етегін жауып, жаулық тартқызудың өзі әдепсіздік, тажалдық «этиканы» бұзу болады. Яғни бастағы сары су жыныңды тазартып қорытуға заңмен тиым салудан артық тажалдарға қандай көмек керек? Ал осы үш түрлі ақпараттық аруақтың білімді меңгеру үшін де, амал жоқ заңмен тиым салған діншілердің серік қосу деп азғырған пәтуаларын бұзып, ата жолы намаздарын атқарумен ғана қазақ дін-дәстүрінің тура жолдың діннің негізін қалайтынын да түсінуге шамаңыз келеді. Қазақ дәстүрінің ел билеу мен дінді меңгерудің ақпараттық кітап алудың негізі болған; Сүлеймен пайғамбармызға; «Аңдардан, құстардан, адамдардан әскерлер жиналды» деген аятты үш түрлі метафизикалық жағдаймен салыстыруға ойыңыз жетпесе, қарапайым еркін ақылмен бұл аяттың сандық мәні мен сүре орнының өзі заттық тұрғыдан алыс тұрғандықтан, бұл физикалық тұрғыдағы ақпараттық тасымалдаушылар болып; тозақтан -аңдардың физикалық бейнесінен, көк пен екі аралықтан; құстардың физикалық бейнесінен, жүйесінен келеді деп түсінгеніңіз абзал. Әйтпесе адамдар мен хайуандар, құстар қандай кермет патша болса да Сүлеймен пайғамбар алдында заттық сипатта орындықтарда қатар жиналыста бір- бірімен сұқбат құрып отыруы мүмкін емес. Ал адамдардан жиналған әскері болса, барлық жаратылыстан, жаннаттан, таза ақылдан да хабар алу аруақтардың жүйесі екенін біліп, әрбір ел билеуші «единицаның» осындай қабілетті меңгеру төрелік, қожалығы да қатар болу керектігін түсінесіз. Қазақты мұны үш жүзге бөліп те түсіндіре білген. Қазіргі таңда өз дәстүрін сақтай білмегендіктен үш жүзімен жалғана алмаған біздің елдің де, жалпы әлемнің талантты басшылары да тек төменгі жиіліктегі аңдар арқылы ғана рухани ақпараттық қаракеттік, сезімдік ақылдардан жеке-жеке меңгергенмен сезімнің жоғарғы жиіліктегі үнімен байланысты сананы қалыптастыратын құстар үніне жалғануға ата жолының аққу, сұңқар атты қозғалысын басып жаншумен қалайда құдайға, түсірген патшалығына үстемдік орнатумен айналысып кеткенін өздері де әзір аңғаруға ақылдарының бірлігі, естілігі де жоқ. Сондықтан ел басшысы болсын, зиялы қауым өкілдері болсын, өздері үлкен қылықтары жастар сияқты, қайғысыз дүние ісіне шаттанып, жастармен тең дәрежеде ақылдарын салыстырып шығарма жазып, ал оларды сынаған жағдайда түзетумен емес, қарсылық білдірумен аяқталды.
Енді төрт ақылы түгелденіп бірленген есті түгіл, жарым-жарты ақылмен де білім болса болғаны, өзінің мүмкіндігінен, рухани жағдайынан әлде қайда биік лауазымды орынға тағайындалуға да жол ашылып қойылған. Мұндай тақта отырғанымен ақылдың, ойдың қызметінің де қажеті шамалы болып, қағаздан алдын-ала дайындап бір кітаптардан,өзге елдің дайын заңдарынан көшіріп немесе жоғарғы басшылардың тапсырмасын ғана орындауға негізделген үкімдерді таратумен ғана айналысып мұны ақылдылық, даналық деп атайтын болдық. Ал енді осыдай ақылдың толуын, сананы меңгерудің, ұлттық тәрбиенің атақты, дәрежелі болуға маңызы болмаған тажалдық жағдайды үлгі қылған кейінгі жастардың талабы да білімді болудың, тәрбиенің, саналықтың, құдайдан қорқудың да тіптен маңызы жоқ қазақ елінде. Заңнан және заң шығарушы орындардағы көкелерінен қорықса болғаны. Өздері іштері бос, аңға ұқсаған қуыс кеуделер ғана. Енді бәрібір қандайда бір адам баласы ақылды өзінің ішінен алмаса міндетті түрде сыртқы жағдайға тәуелділік, табынушылық, шоқынушылық қалыптасады. Мұндай шоқынушылықтың негізі де заңнан басталады. Қандайда лауазымды хакімнің сөз байлығын меңгеру, философиялық тұрғыда ойлау қабілеті жоғары болуы, жаратылыстың сырын, себебін білумен және «Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды» деген ел билеушіге тән жеті жарғылық ұстанымның мүлде маңызы жоқ, керісінше заңды жетік меңгеру керек деген саясат қалыптасқан. Дәстүр туралы жоғарғы мінбеден әлемге мақтанып тұрып, сол дәстүрдің білімін Абай атасының 45-қара сөзінде оқымағанын сырттай-ақ қазақтың оқымаған әрбір қойшысы да анықтайтын болды. Олай болса халықпен арадағы жібі болмаған, айтылған сынды арымен қабылдамаған ел билеушіге ой түгіл ақылдың да керегі шамалы. Білімді болса болғаны, жоғарыдан келетін үкімдерді орындап отырса болғаны. Ал көргенділік, отанның рухани физикалық ақпараттар өрісіне, ағымына сәйкестік деген ұғымын ғалым психологтар да білмейді, білейін десе оның білімін түсіндіретін философтардың да меңгергісі жоқ, керек болса халық Абайын, Шәкәрімін, Ясауин бізсіз де өздері оқып алмай ма дейді. Енді ақыл-ой тұрғысынан қарасақ адам баласы заңды жетік білген сайын оны бұзуға да жетік болады. Жалпы заңды меңгеру дегеніміздің өзі қандайда бір осал жерін тауып айналып өте білумен нәтижесін береді. Шынында арлы, ұятты, өз дәстүрін құдай заңындай біліп сақтай білгенге жалпы заңның көбін ұмытып қалғаны да дұрыс. Болмаса қалайда рухани тұрғыда тежелу мен ақылдың еркін байлап қозғалыста, дамуда ілгерілеу болмайды. Масһаб білімі де осындай ақылға қақпанға айналғанына, ойға шектеулі жүйемен шектеусізге жалғануға кедергі болғанын әлі аңғарған есті адамдар, үлкендер аз қазақта. Осындай заңмен 250 жылдай өмір сүріп жатқан Америка құрлығы енді ғаламдық рухани жойылудың да алдыңғы көшінде тұрғанына дәлел; таза ақылдан хабар алмай, теріс ақылын, қара қуаттарын меңгеретін дін болмай, не оны арап тектес елдер сияқты жындылыққа, бүлікшілдікке жұмсай алмай, жаппай сезімдікке ұшырап жатқанымен белгілі болса және біздерде оны жуық арда қуып жететін түріміз бар. Жалпы әлемде теріс ақпараттарды меңгерудің алдыңғы сапында тұрғанымызға да нақты дәлел болып, тазармаған қара қуаттардың әсерінен өзіне–өзі жастардың қол жұмсауынан алдыңғы орынға да шығып алдық. Ал мұны енді 4-5 жылда ата жолының амалдары арқылы дәлелдеп, мүлде қазақ елінде мұндай аурудың болмайтын жағдайына жетіп және ата жолы жазбаларындығы 70 түрлі ауруларың да себебі ғылымдық тұрғыда дәлелденіп, қазақ елінің мұндай рухани байлықтың егесі бола тұра зұлымдыққа түсуіне ел билеуші мен зиялы қауым, ұлтжанды аталғандардың да себепші болғаны айқын болатын заман келеді, «сонда халықтың лағнетіне қаласыңдар» дегенмен бұл әзірге бөлшек ақылдармен қабылдана қоймайтын ертегі ғана.
Сондықтан да рухани тұрғында әлемдегі ең үлкен абақты қазақ елі болып табылады десек қате емес. Оған жеткілікті дәлелдер де келтіре аламыз. Себебі адамдық тұрғыда сұқбаттастық , өзара сын, талас-тартыс жоқ жерде, заңмен шектеп тыйып қудалаған жағдайда міндетті түрде рухани қозғалыстың қараңғылығы басып, шайтандық ақпараттардың басымдылығына жол беріліп отанымыз рухани абақтыға айналып, мұндай қараңғылықтан құтылу үшін әркім өзінің ақылының шамасына қарай әрекет етіп кетеді де, түрлі бүліктердің ордасына айналып өзін-өзі жояды. Украина елі де осындай ақылдың абақтысына айналып, хайуандық тұтынуға ғана негізделген ақпараттың бұлты баураумен ақырында мұнан айығатын есті таба алмай, әлемде мұның әсерінен «қайнап тұрған қазандағы майға су құйып өшірмек болған» ақымақ ел билеушілердің кесірінен қаншама әлем халқы күйзеліске де түсіп жатқаны да сөзсіз. Қайта біздің ел басшымыз арыстандай айбатымен қаракеттік пен сезімдік ақылдан өсе алмаған қарамағындағылардың еркін шектеп, мұндай оқиғаларға жол бермей әзір үлкен рухани абақтының қазанның сақырлап қайнағанымен, тасып төгілмеуін бақылай алып отырғанмен, бұл уақытша ғана құбылыс екені сөзсіз. Бәрібір бұл абақтыдан қашып шығып өзін-өзі құтқармақ болып, жас жанының құлдыққа түскенінен шайтан хабар беріп, ашынудан азаттық соғысқа қатысып жатқандардың болашақта Сириядан мыңға жуық қазақ жастарының дерегі шығуы да сөзсіз. Бұл жағдайды шариғатты ғана жол қылып алып, рухани тұрғыда жанды өсірмей орта деңгейде ұстап тұруға, ел билік жалғандыққа жердем беріп жанталысып жатқанымен, қазақ ділінің рухани белгісі әлде қайда биік жоғарғы дәржелері рухани азықтарға құштарлығы күн сайын артып келе жатқан жастарды да, бұқара халықты да надандықта бұғаулап ұстап тұру деген көктемгі селдің жолында тұрумен пара-пара екені сөзсіз. Мұның да бір құдайдан хикметі де айқын болатыны да сөзсіз.
Жалпы негізінде; Заң адам пайдасына жазылады, адам заң үшін тумайтынын білген адам баласын заңмен ұялтып, арамнан тыюға, ұлттың ынтымағын құдайдың бақылауынсыз, аруақтың қатысуынсыз, күзетшісіз имандылыққа қалыптастыра алады деп құдайдың ісінен қолдан жазған заңдарды биік қоюға ары бармас еді. Ал арға қайшы қандайда бір істердің, сөздердің қазақ дәстүрінен тыс екенін де білген жөн. Енді әрбір заңның орындалу барысын қадағалап, оны бұзғаны үшін жазалап, жақсы орындағаны үшін сыйлықтар беріп отырмаса, құр сөзбен мақтай бергеннен түбі жалығып заңның өзін бейтараптыққа айналдыратын немесе айналып өте білетін сол мақтаған пенденің өзі болып шығады. Және әрбір мұндай заңдар шыққан сайын оны орындатуға, таратуға, үйретуге, орындауын бақылауға қаражат та мол бөлініп, ақпараттық жүйе де бұған талмай қызмет қылып ақырында мезі қылып, жүректерге сіңбеген жағдайда, (құдайсыз намаздарынсыз сіңуі де мүмкін емес) рухынан тыс ақпараттардың халықтың жүйкесіне тиіп бітетіні де сөзсіз. Құдайдың міндеттеп қойған парыздарын орындаған жағдайда баға жетпей сый алатын сүннеттерін, аяттарын енді заң жүзінде орындатуға кіріскен қазақ ел билеушілерінің бұл істерін логикалық тұрғыда жақсылықа қарай қадам деген дұрыс. Ал философиялық тұрғыда енді мұндай ар, ұяттылық әдептің де бақылаушысы, жақсы орындасаң сый беріп мадақтаушысы да, бұзсаң жазалаушы ел билігі тәңір болып шыға келеді. Бұл да бір тажалдық білімнің көрінісі екенін «қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шығарса» дегенді діннен хабары бар естілер ғана ұғына алады. Себебі ішкі дүниемен сырттан келген заңды бәрібір жүректе отырған шайтан күнә кіргізіп, онан жақсы нәтиже шығуы да мүмкін емес, әлемде болған да емес. Құдаймен қорқытса ғана шайтан қашып мұндай ақпараттардың жүрекке еніп, амал жоқ қозғалыссыз жатқан ақылын орнынан қозғап, қуаттардың алмасуы да жүріп және қандайда бір адам баласының рухани тазалығына, жасаған сауабына, амалына жауапты міндетті түрде беретін; денсаулық пен тағдырын өзгертумен, өмірге несібе берумен таусылмайтын ризық иесі, әділетті құдаймен қалай теңдес бола алады? Қандай жағдайда болсын құдайын тануға қадам басқан адам баласының жауапкершілігін бақылап, аяндармен ескертіп өзі үшін атқаруға міндетті қылып қоятын құдайдың ісін, ілімін енді білімге айналдырып заңның қарамағына беріп, мақтанға айналдырудан артық зұлымдықты ойлап табудың керегі де жоқ. ..(жалғасы бар) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер; http://btk.atazholy.local/