XIX-Аққу-сұңқарлар және ата жолы дін философиясы мен қазақ дін дәстүрінің түсініктері

Бөлім: Аққу, сұңқарлар және Ата жолы 46

   Жаратушымыз бүкіл әлемді 7-күнде жаратып, барлық жаратылысты; уақыт атты құдіретті қолына басқартып қойғанда, ал оны қазақ сөз ұғымында Құдай деп атаймызда; «Құдайсыз қурайда сынбайды» деген. Сонымен қатты, жұмсақ, көрнеу, көмес, ғайып (метафизикалық) жаратылыстық нәрселердің бәрі түбінде Алланың сөзімен бейнеленіп; (трансформация) уақытқа, тағдырға қайта табысып, жарыққа айналуы шартты жағдай. Сондықтан жаратылыстық нәрселердің белгілі бір шегі мезгілі болып, бір жағдайдан келесі жағдайға өту кезеңі яғни міндетті өлімі бар. Алланың өзі; Құдай-Раббымыз, Тәңіріміз, Алланың үні, киелі рухы, Алла тағала болып кітаптарында насихатталады. Бұндай жаратушылық сипаттарының; сары, көк, қызыл жарықтық, ғылымдық негізі болып; ақ-жандық; қара-ажалдық және Адам атамызды бастап жаратқанда оған берген пайғамбарлық дәреженің; әулиелік, сүйіспеншілік, махаббаттық қадір-қасиеттің сипаты ашық жасыл түсті, жарықтың құдайлық негіздің; «Мен» атты мәңгілік сипаттың баста «Мұхаммед» деген атау сөзбен, талай мыңдаған жылдар адамзаттың асыл қасиеті болып пайғамбарлармен, елшілерімен бейнелену арқылы,  ең соңғы пайғамбарға және есімге айналғанын да білген жөн.

Аятта; «Мұхаммед «Егер Алла қаласа еді, мен Құранды сендерге оқымас едім де, оны сендерге білдірмес еді. Расында мен бұдан бұрын іштеріңде өмір бойынша болдым. Сонда да түсінбейсіңдер ме?,-де.» (10-16) Құран-Мұхаммед-сүйспеншілік-Мен болып, әрбір пенденің ішінде құдайдан нұр -жасылдық кітабы болуы керек. Сондықтан біздер өзіміздегі бар нәрсемен салыстырып қана жаратылысты тани аламыз. Егер өзіміздегі құдайлық нұрды, жұлдыз жарығымызды тазартып, жарыққа шығара алмасақ, онда керісінше құранды да Алла тағаланың ғылымын, оқылып жатқан барлық аяттарын, үкімдерін теріс ұғамыз, немесе мүлде жиркеніп, қарсылық білдіріп, ақылмен қабылдамаймыз. Сондықтан да әрбір пенденің бой жарығын, жеті күнін өз қуатында жарық беріп сыртқы адамдық, денелік саналық өрісін қалыптастыра білумен ғана жер бетіндегі тіршілігі, адамдық яғни әулиелік болмысы пайғамбарлық қасиеттері қалыптасуы керек.

Алланың үш негізгі ғылымдық жаратылысынан бір біріне араласуы арқылы 9-сатыдан өту кезеңімен, жасыл түстің пайда болуы білімде белгілі жағдай. Бұл жарықтың түрлену кезеңін уақытқа айналдығанда; 9-дәуірлік кезеңмен, бір заман «ақта» тоғысуы болып, қазақта; « Тоғыз жолдың торабының тоғысы» деп атаған. Аспан мүліктермен толық жалғануды саны; 10 мен белгілі болуында, осындай дәуірлік ақпараттарды бір заманның тоғысында меңгере алумен байланысты екені сөзсіз. Және пенделік жер бетінің тіршілік жағдайында Ақты меңгерудің түспен байланысты 16-бөліну деңгейі бар. Ақ-хақтық ақиқаттың негізгінде тәңірлік 6-түрден тұратын (сары, көк, қызыл, қара, жасыл, ақ) болса, ал Мұхаммед пайғамбармыздың сүйіспеншілік, іштегі Мен сипатының  (10-16)  аяттық санмен белгіленуінің өзінде, Раббымыздың ғылым, хикметінің белгісі бары хақ.  16-сандық белгі; Мұхаммед пайғамбарымыздың аруағымен, пайғамбарлық дәрежесімен байланысты десек, ал 10-саны елшіліктің барлық адамзатқа мирас болған 10-кітаптық сипатымен; 1.Тәурат; 2. Мағрипат; 3. Інжіл; 4. Құран; 5. Хадыс; 6. Хақ ілімі; 7.Сәни-ақыл, даналық білімі; 8. Уақи; 9. Ұждан; 10. Имандылық негіздері болады. Осы 10-негізді меңгерген, кез келген адам баласы Мұхаммед пайғамбарымыздың үмметі және тіршіліктегі көмекшісі, Алла тағаланың елшісі болмақ.

Дін ғалымдарының Алланың елшісі мен, Алла тағалалық, жоғарғы дәрежелік періштелік сипатының- елшісі ұғымдарын айыра алмай, Мұхаммед пайғамбарымызды соңғы елші деп Аллаға, құранға ортақ қосады. Яғни адам баласына қанатты (жол-қанат) періштелікті меңгеруді жазбаған деген ұғым шығады. Сонымен барлық жарықтық ғылымдық, тәңірлік қуттардың көлігі болып; қызыл түсті- шындықпен адамзат өмірінде аруақтық қуатпен бейнеленіп; шындық болып аталып, мұнан құдайлық шынды табуымыз, яғни құдайлық нұрға жалғанумыз үшінде, Мұхаммед пайғамбарымызға үммет және елшілігін жалғастырушы әулиелік дәрежелерді меңгеру шарт! Ол үшінде; біздің сыртқы жеті түрлі жарықтық сапамыз, жеті күніміз, өсірген ой бақшамыздың сипаты да негізі жеті арыстық, жарықтық сапалармен жалғанумен ғана Алла тағалаға ұқсастықта 8-ші өрісіміз ақ сауытымыз-ар сауыты болып, жарық денемізді қалыптастыруымыз керек.

Ал мұндай ақтың 4-дәрежелі 7-түрлік сапаларын толық меңгеруге, ақиқаттың алты ғылымдық белгісін, ақылдың даналығын меңгеруге, және жеті деңгейлі парасатылық-хақиқатты (6+7=13) тек қана шариғатпен бес парызбен немесе бір тарихаттық жолды таңдап алып ақиқатқа жетеміз, дегенің өзі надандық болып шығады. Ең алдымын шындықты меңгеру арқылы ғана, бір ақиқатты, шынайы құдайлық шынды, хақиқатын яғни парасатылық жарығын, жарды таба аламыз.

Олай болса Ясауи бабамыздың; Шариғатта ғылмул иақын сөйлеп өттім (Ала өзі шарапат бере көр деп жалбарындым, тіледім) Тарихатта ғайнул иақын сөйлеп өттім (шүкірлік құлшылығын қылдым) Хақиқатта (мағрипатта) Хаққул иақын көздеп өттім (тәубе еттім, ақиқатты көздедім) деп ескертіп кетіпті. Сонымен біздер хақиқатқа, осындай үш сатылы құлшылық негіздері арқылы жетемізде хақиқатты көріп, танып, құдайлық уахиларды меңгеру арқылы ақиқатымызды түгелдейміз, ғылымды болып, даналыққа, әулиелік дәрежеге табан тірейміз. Алайда құранда Дәуітке, Сүлеймен пайғамбарларға ғылым берілді (сөз өнері) деп ескерткен. Жаратылысты танумен, олардан үлгі ғибарат алумен және барлық жанды нәрселерді басқара білумен ғана адам баласы ғылымды дана аталады.

Енді ғылым берілу сипатына келсек; 1. Тіл тазалығы-имандылық белгісі; 2. Өңеш тазалығы-имандылық, ілімділік белгісі; 3. Көздің сұқтан, жаудан, жыннан тазалығы- алданыштан аман болуды; 4. Табан тазалығы, ағаруы-тікенекті болмауы; 5.Жүрек тазалығы-қаяусыз болуы; 6. Алақан тазалығы-есепті, кітапты (аруақты) болумен нәтижеленеді. Егер бұл алты баспалдақтың бірі кем болса, онда ғылымның бүтіндігі иманың толық болуы да мүмкін емес! Сонымен шындықтың шынға айналуы адамзаттың қол екі істермен ғана нәтижеленеді. Әулиеліктің, адамдық, жандық жетілудің де 9-дәрежесі бар. Және әмилік, тұлғалықты (қожа, төрелік) жетілдіруде жандық жоғарғы сапаға көтерумен; 4-ақтың жұбын меңгерумен байланысты, адамдық бір қуатылық, жынсыз кісіліктің және жаның жетістігі; 13-дәрежелі сипатпен, әулие-әмбилік, Аллла тағаланың жер бетіндегі орынбасары, елшісі болумен нәтижеленеді.

Негізінде; 1-4 жас арасында  қимыл, қозғалыс, 12-мүше түгелдігімен, жындық, жандық қуатлықпен, денсаулық байлығын қалыптастыру болмақ. 2-ші әрежесі ақылдың 4-қуатын (ақ жаулықты) меңгерумен 40-жасқа дейін рухани жетілу сатысы болып табылады. Ал, 63-жасқа дейін, 4-саты ақылды түгелдеумен, бір естілікті меңгерумен,              (он саулық) ақылдың даналығын, тұлғалық болмысты, адамдықты қалыптастырумен байланысты және қалған 5-дәрежені де меңгеруге, дін құлшылығы арқылы мүмкіндік болмақ. 5-ші дәреже; Өтірік сөйлемеу; 6.Уәдеге беріктік; 7.Іспен сөз сәйкестігі; 8.Сөз өнері иесі болу; 9.Адамдық дұрыс бағытты меңгеріп, тіршілік етумен байланысты кез келген пенде Адам-әулие, жанына, жынына қожа болуға хақы бар. Ал енді құлшылықта бұл дәрежелерді одан әрі жетілдірсек; 10.Мұхаммед пайғамбар рұқына жалғану; 11. Лұт пайғамбарымызға түсірілген үкім, аяттарды орындау. (арсыздықпен, зинақорлықпен соғыса білу!) 12.Көркем сөз өнерін жоғарғы парасатылық дәрежесінде меңгеру.13. Құдайдан тікелей уахи алып іске айналдыру.

Абай атамыздың ескерткен; «Әрбір хакім ғалым емес (бірақ адамдығы әулиелігі болуы керек), ал әрбір ғалым хакім (әулие-әмилік дәрежесі) болу керек..» деген өсиетімен, бір есті тұлға, ел басқарушысы бұрынғы замнадарда хандарымыз, сұлтандарымыз, ишан, хазіретеріміз 13-ші дәрежелі әмилік сатыны меңгеріп, тікелей құдайдан уахи ала білген, ұлтымыздың рухани азуға, тектік әлсіреуіне жол бермеген. Сонымен бірге қожалық қасиетті тек араптан ғана шығады деген Аллаға жан ғылымына ортақ қосудыңда жағдайына тоқталасақ: Дін құлшылығында мұндай әулие-әмилікті меңгерудің де 9-дәрежесі болып, оның ешқандай ұлттық, рулық сипаты болмайды. Жоғарыдағы 63-жасқа дейінгі адамдық болмысыты меңгерук арқылы; 1. Тәкпарлықты жеңу; 2. Сөзді орнымен тауып айтыу; 3.Нәпсіге қарсы тұру; 4. Кер баба (кер таңбалары) белгісімен жалғану. 5. Мұхаммед пайғамбардан аян алу. 6. Жер андан белгісін, аян алу. 7.Сүлеймен пайғамбармен жалғану, жел басқару қасиетін меңгеру. (ақ бақсылық) 8. Тірлігінде түсінде періштелер алдынан өтіп, сұрақ жауапен аманат алу. 9. Жалған дүниені тәрк ету, адамшылық қасиеттерді толық меңгеру.

Олай болса, мұндай  әулиелік қасиетіліктің тек арап ұлтына ғана тән қожалық болса, қазақ еліндегі, Алланың ерекше нығметіне бөленіп, мұғжиларына жалғана алған, әулие-әмилерді қалай атаймыз? Қазіргі өзін қожамыз, төреміз деп қазақ ұлтынан бөлек жоғары ұстайтын, әулиеліктің 1-ші дәрежесін де меңгере алмаған тәкпарлықты қалай түсінуге болады? Қазақтың әулие-әмилері ғана мұндай әулиеліктің, тура жолдың негізін қалап, құдайлық шындықты шынға айналдырудың жолын таба білгені де хақ. Шәкәрім атамыз; «Шынан өзге құдай жоқ, Анық құдай-шын құдай. Ұқпай қалма алаң боп, Шын болмас кім құдай? Бұрын шын бар, бүгін шын Ертең шын бар-үш бөлек. Керегі жоқ бұлардың, Бұзылмайтын шын керек! Шын махаббат қылуға Шын сабырың жетер ме? Көрінген әрбір сұлуға Көңілің толқып кете ме? Олай болса таза ақыл, Әулиелік сенде жоқ. Баянсызға бәрі құл, Жынданбаған пенде жоқ. Әулиедей асықтың Қасиетін былғайсың. Қылығын қылып жастықтың Бір қалыпта тұрмайсың. Әлде сайтан, әлде жын, Бірін тастап бірін мін. Адам емес, айуансың, Неге тұрсын, сенде шын!»

Сонымен қазіргі таңда жоғарғы ел билеушілерден бастап, мейлі дінші, ғалымдар, өздерін зиялы атағандардың ішінде жоғарғыдағы баяндаған, қарапйымдық тұрғыдағы жынсыз, адамдық-әулиелік дәрежелерін толық меңгере алған, яғни елімізде жынды емес пенде бара ма? Әрине оны іздеп те әуре болмаңыз. Себебі өзіңізде сол жындылардың бір тобындасыз. Неге десеңіз; құдайлық шынды табу үшін ғылымның үнін шындықты меңгеру керек. Ал, шындық ғайып, көместе. Ел билеушіліріміздің қазақтың жастарын зорлап, ағылшын тілін үйретіп, ғылымның тілі сол елдерде деген тажалдық қана. Ал ғылымның тілі, әр пенденің өзінен, ар –ұятылғынан, адамзатқа сүйіспеншілігінен, шын махаббатынан, шындық-аруағы арқылы ғана табылады. Мысалы әлемдік қозғалыс жүйесі күннің шығуы, батуы, түн, айдың алмасуымен күнделікті өміріміздегі болып жатқан құбылыстар шын. Шын көруге, білінуге тиісті қозғалыстар мен қуттардың алмасуынан пайда болатын өмірлік әрекеттер жүйесі, естеліктер болып, уақыт өте електен өтіп жалғаны жоғалып, шындыққа түрленеді, тағдырлық кітап аруаққа айналады.

Біздің ата-аналарымыздың меңгерген, мұндай тағдырылық уақиғалары мен естеліктері, қуаттар жүйесінің бәрі білім тұрғысында кешегі шын болғанымен, құдайлық шындық болып қалыптаса бермейді де түрлі нәсілдік, шеріктік, жындық, шайтандық қуттардың бейнесінде қалып қояды. Бұл жүктерді ақ пен қарасын ажыратып, қуаттарды өңдеп, қасиеттерге айналдырып, білім, іліммен қуттандырып, шындыққа айналдыру, кейінгі ұрпақтарға аманат жүк болып жинала бермек. Олай болса мұндай жүктер, тағдырлық уақиғалар жүйесі шын болып, оны меңгеру үшін, шындыққа айналдыру үшін екі аралық құдайлық жоба хақиқат керек. Хақиқат Алла тағаланың ғылымы, үнсіз тілі, хикметтері мен мұғжизалары болып саналады. Хақиқат- бүгінгі біздің білген шынымызбен меңгеруге тиісті ақиқатың ортасына түсетін, құдай нұры- айнасы, деп түсіну керек.

Сонымен хақиқат болып, бейнеленген Алла тағала тарапынан замандық уақыттық, тағдырылық қозғалысқа, дін өркениетіне берілетін, үнемі түсіріліп, көрсетіліп отыратын хикметті белгілер, мұғжалар, пенделерге жеке-жеке оқылатын аяндар, уахилар және түрлі ескерту сынақ, азап, арулар ақылға сын болып табылады. Мұндай қияметтің жағдай болмаса шын, білім жүзінде қалып, талай замандардан өзгеріске түсіп, шындық болудан қалған тағдырлық уақиғалар, естеліктер жүк болып, түнек күштерінің ықпалына түсіп, кітап жүзіндегі білімдерге түрленіп, ақылдың әлсіреуіне, ақ пен қараның теңдігі жоғалып, әлемде, жаратылыста адамзат өмірінде, дін құлшылығында бүлік шығады. Сондықтан қияметтік бір жағдайда келесі ақпараттық жағдайға өтуге, адамзатты шындықты қабылдап, бейімделуге қияметік мезгіл және сын сағаты соғады. Әлемде алғашқы болып қазақ елі бұл жағдайдан өтіп жатқаны да хақиқат.

Олай болса, қазіргі таңда қазақ елін ғана емес, әлемде де қияметік мезгіл туындап, өткен заман шындары, бүгінгі шынмен араласып, қозғалыс әрекеттердің түрленумен бастапқы негізі шындықты қайта тауып, біздер қалсақ та, қаламасақта, ата-баба аруақтардың бастарының көтеріліп жатқандары да хақ.  «Хақиқат келді сөзсіз негізсіз нәрселер жойылады»деген құран аятында. Інжілде; «Рухани егінің орағы басталады» деген. Және мұндай бір жағдайдан, келесі жағдайға өту үшін рухани өлім сынағы басталып, Алланың ғылымынан, рұқынан аяттардың оқылумен; «Егер күнәкарлар жақтырмаса да, Алла хақиқатты сөздерімен шынға шығарады» (10-82) деген.

Сондықтан қандай бір төменгі жағдайға дейін (шайтанан болған жындылыққа) түскен адам баласының тегінде үш түрлі қасиеттің үстемдігімен, жер бетінде өз тіршілігін несібе ризығын теріп жеп өмір сүруге ерік берілген. Олар; 1.Тірі қалу үшін күрес. 2.Өзін-өзі қамтамсыз ету, тіршілік үшін күрес. 3. Ұрпақты жалғастыру үшін күрес. Мұндай қасиеттердің адамзаттың жануарлық және жындылық болмысы болып, белгілі топтарға, ұлтқа, руға, немесе дін топтарына бөлінумен, өздерінің оймен тапқан кешегі, бүгінгі, ертеңгі шындардың білімі арқылы жеткен жетістіктерін, өмір салтын; «Біздікі жақсы, көркем, бізден үлгі ал, жақсы тұрмыс үшін күресу керек, әділдік…» деген айқаймен, есек сияқты кітабын арқалап жүріп, ақылдың орнына пайдаланатын, адамдық тұрғыдағы жалғандыққа түсіретін жындылықтың, белгілі бір хайуандық, жануарлық ақылдың жүйесіне негізделуімен көрнісін табады. Және мұндай 70-топты жындылықтың ең жоғарғы жеті тобы болып, адамдық пен арадағы көпір болып саналады.

Жындылықтың ең басты белгісі; сөз ұғымдарының қасиетін меңгеруден, ұлттың діл білмі тұрғысындағы көркем сөз өнерінен бас тартудан, ақылдың әлсіздігі мен намыстылығы «өзгені жеңген күшті» деген мақтаның буымен тіршілік етеді. Ал адамдық «Өзін жеңумен, ақталуымен, жарға ғашықтықпен, аталы сөзді жүрекпен ұғып, үгіт насихатқа тоқтаумен» және жоғардағы берілген әулиелік қасиеттермен ғана ерекшеленеді.

Әлемнің жаратылысы адамзаттың жаратылысынан әлде қайда күрделі екені де киелі кітаптарда, құранда ескертіледі. Ал әлемнің қалай жаратылғанын түсіндірген ілімдерді, бұрынғы заман даналарының қалдырған насихатарын, біздер өз заман білімізбен кеңейтіп, тазартып, таза  білімге, таза ақыл қуатына айналдырып отырумен ғана құдайлық бастауларға аяны мен уахиларына жалғанып; өзіміз, жан, жын, рұқ туралы, тылсымдық беймәлім қуттарды зиянсыз меңгеру туралы түсініктерді жетілдіре аламыз.

Адамзаттың құлшылығы, сәждесі жаратылыстық қандайда бір пайда, зиянды қуаттарды өз мақсатына жұмсаумен, жер әлемінде табиғатты да басқара білумен нәтижеленеді. Мұны әулиелік, кісілік, ақ бақсылық, қожалық деп аталған қазақтың ұғымында. Қандайда өмір тіршілігінің, өнер білімнің, ғылымның бар саласында болсын; адамзаттың, адамдық құндылығы болмысы; әулиелікпен, тұлғалықпен, кісіліктің дәрежесімен бағалануы шарт. Сондықтан да ақылдылықтың 6-түрлі сапасының,  меңгерудің құлшылық амалдарын, өмірлік салтын дәстүр деп атап; тәңірлік, жарықтық қуаттардың адамзаттың өрістік туындысы (трансформациялану) бой өрістік көлеңкелерінің яғни жындық қылықтық сипаттарының, қол аруағымен арасындағы тұтастығын қалыптастыруды; «Алтау араз болса ауыздағы кетеді» деп ескертсе, Абай атамыз; «Бес қуаттың бәрі де өнерге салар бар күшін» деп баяндаған. .. (жалғасы бар. Қараша 2015 жыл) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;  http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *