Қазіргі таңда қандай да бір әлемдік және мемлекет ішінде болған, болып жатқан, алдағы уақытта болатын оқиғалардың белгілі бір заңдылыққа бағынатыны және мұндай оқиғалардың бағзы заман халықтарының тағдырларының жүздеген жылын аз ғана мезгілде, дәуірде қайталанып отыратын да шарттары бары сөзсіз. Қазақ елінің өткен арттағы тарихымызға үңілсек қаншама қанды оқиғалардан, апаттардан, сынақтардан, қан төгістерден ұлтымыздың негізгі тегін сақтап жоғалып кетуден де аман есен өтіп, шежіреміз қалыптасып, біздердің тұрмыстық салттарымыз бен өмір сүру ерекешелігіміздің рухани тұрғыда ұлтымыздың және өзге ұлттармен де ауыз біршілігімізді, халықтардың тұтастығын қалыптастыруға да қабілетті дәстүріміздің де өзге ислам елдерінен әлде қайда биік тұрғанын жетесі жетілген, имандылықты толық меңгерген және санасына белгі алған арлы адам баласы ғана ұғына алады. Бірақ мұндай дәстүрімізді меңгере алмай ұлттық санамыздан айырылып қалудан ақылмыздың маңызы да жоғалып, замандық білімділікке ғана негізделген ұжымдық ақылмен бақытты өмірді қалыптастырып, қалай халықты түзетеміз деген алуан түрлі пікірлермен, әрекеттермен өзара ақпараттық тұрғыда соғысып жатқан «экстремистік» пиғылды елге айналып үлгірдік. Мұның себебін іздесек; біздер болашаққа қандай жолды таңдағанымыз дұрыс деген ойшылдықтан өткен заман уақиғаларына талдау жасап, тағдырымызды сол қалпында көшіріп алып, тарихи оқиғалар бәз қалпында бейнеленіп қайталайды деп болашақты бағалауды әдетке айналдырдық. Сондықтан да кез келген осындай тарихи уақиғаға қатысты себепшіні халықты да даттап өзіміздің ұлтымыздың да ешқандай жазықсыз жазаланып, азапталғанымызды мұндай тарихи оқиғаларға біржақты баға беріп, аталарымыздың әрекеттерінің бәрін дұрыстап, мақұлдап, әсірелеп баға беріп дәріптеу де әдетке айналып алғаны да растық.
Бірақ осындай жағдайлардың бәрі сол заманға сай пайда болған білімді, ғылымды, өнерді, шаруашылық істерді меңгере алмаудан, имандылықтың ізгіліктің жойылуынан, өзімшілдік, тәккаппарлық жындылық әрекеттерге барып және мұндай жағдайда құдайдың жіберген, түсірген белгілеріне, уахина, діннің үкімдеріне қарсы шығып сынақтармен азапталғанымызды әрине біле алмаймыз. Себебі, біз бүгінгі заманда өмір сүріп, ол заманды сырттай ғана қалған деректермен, жазылған кітаптар арқылы ғана бақылауға шамамыз келеді. Ал мұны сол уақиғаға қатысқан басқарушы әулиелік жандардан сұрап, тылсымнан көріп, қайтадан сұрыптап, сол уақиғаның егелерінен сұрап білуге де болады дегенге әрине қарсы боламыз. Және мұны сырттан келген діншілердің пәтуасына сүйеніп ақылы толмаған жас баланың да айтқанын әулиедей қабылдап, олардың ата–бабамыздың әулие, Алланың сүйікті құлы аталса да; қалдарған ғибраттарын, мирастарын адасқан деп дінге қарсылық білдіріп адамзатты азғындыққа түсіру деп баға беруін ғалымдарымыз, дінді зерттеушілеріміз де бас шұлғып келісе кетеміз. Мұнан артық қандай Алласына жала жабуды, құранына ортақ қосуды, «ӨЗІ» болған қуаттарды басқа шайтан ататын тажалдық әрекеттерді табуға болады? Ал мұның негізгі себебі өзіміздің ақылымыздың жетімсіздігінен, жаратылыстың, ақиреттің сырын, білдірген белгісін, көрсеткен ашық хикметтерін меңгеруден бас тартып бабаларымыздың қалдырған сана қуатының жетістігімен баяндалған ойшылдықтарын түсіне алмаймыз. Себебі сана түгіл жетеміздің жетіспеушілігінен сыртқы бейнесі үгітін де меңгере алмай жатқанымызды адамгершілік тұрғысынан мойындай аламыз ба? Жоқ, олай болса иманның да жоғалғаны болады. Бұқара халықтың арасынан шыққан текті азаматтар мен әйелдер қауымының ішінен насихатын да түсініп әрекет қылғандарға, тәрбиесін беріп жол көрсетпек түгіл ашық қарсылықпен заңмен қудалауды қалай түсіну керек? «Өзің білме, білгеннің тілін алма!» деген қарғысқа ұшырағанымызды аңғара аламыз ба? Әрине мұндайда істің басына ілімсіз, білімділердің, надандардың келуімен дінімізде, ғұрпымызда да бекіген дәстүрге айналған құдай ісі болған тылсымнан келетін ақпараттарға қарсылық білдіріп, ақ бұлақтың көзінің жабылуымен байланысты десек қате емес.
Қазіргі мемлекетіміздің ел басқарудағы атқарып жатқан істерінің және халықтың руханиятын сақтау барысында алға қойған саясатының үлкен қателіктер мен қайғы-қасіреттермен аяқталатыны да сөзсіз. Және бұл жағдайдың болашақта ұрпақтарымызға сабақ және үлгі болуы да хақ. Сондықтан Құдайдың әрбір жамандықтан да жақсылықтан да үлгі, сабақ беріп, халықтың тағдырын өзінің белгілі жазған жолымен алып жүре алатыны да хақ. Бұған нақты мысал; біздердің сайттардың беттерінде екі жылдан бері әулие аруақтарының қазақ елінде болатын сынақтарды, түрлі себепті уақиғаларды алдын-ала жарты жыл сайын жариялап отырғанымыз және мұның қазірге таңда 70 пайызының нақты орындалып жатқаны да хақ. Бірақ орындалмай қалғанының да қай күні Құдайдың хақиқатқа айналдыра алатынына біз көзіміз жетпейді де. Және көптеген мұндай қасіреттерді ел басшымыздың хаыақтардың бірлігін сақтаудағы хайырлы істерді меңгерудегі оңды шешемдері арқылы айналып өткені немесе уақытша тоқтап тұрағаны да хақ. Сондықтан қазақ халқының қалыптасып жатқан бүгінгі тарихы жалпы бүкіл халықтың ниетімен рухани дәрежесімен қарағанда жағдайымыз, тұрмыстық ахуалымыз мұнан артық болуы мүмкін де емес. Қаншама партия құрып өзара халықты түзетуге ақыл айтатын топтарға жіктеліп; «ел билік дінді сатты, жерді сатты, мұнайды, жер байлығын түгел сатты, ана тілді сатты, сонан тегімізден ажырадық» деп байбалам салушылардың пікірлерімен халықтың тірлігімен және сол текті аталғандардың, зиялы қауым өкілдерінің, дін ғалымдарының өздерінің меңгерген рухани дәрежесімен салыстырғанда, керісінше құдайдың рахымы мен нығметіне артығымен бөленіп жатқан ел болып саналамыз. Қандай қиындық жағдайда болсын, бірінші халықтың әл –ауқатының дұрыс жолда болуы маңызды екені сөзсіз. Бұл бағытта шаруашылық ісінде үнемі бәленің басын алдын-ала қайтаруға нақты шешім қабылдап отырған ел басшымыздың әрекеттері айтуға да тұрарлық. Кешегі ғана қабылданған және оның алдындағы мемлекеттердің өзара бірлік достығын қалыптастыруға деген шешімдердің елдің басына төнген көптеген қайғы-қасіреттерді айналып өтуге себеп болды десек мұны саналы ғана онда да аз ғана адамдар түсіне алады да.
Сонымен халықты қалай бақытты қыламыз деген ел басқарушы, зиялы қауым өкілдерінің негізгі арманы да қазақ еліне бүгінгі таңда мұнан артық шешімінің, жобаның да болуы да мүмкін емес. Халықтың ортақ қазынасы жер байлығынан түскен ақшаның да бір қорға жиналып, өз мақсатына жұмсалуынан артық не керек? Бірақ енді мұнан халықтың жағдайы түзеле ме? Әрине дүниелік тұрғыда әлдеқайда жақсы тұрмысқа жетеміз, ол сөзсіз, бірақ халықтың рухани ахуалы мұнан жақсарып кетпейді, керісінше тектің азуымен, дертті ұрпақтардың көбейуімен халықтың да өсімі тоқтап, түрлі азап, аурулармен және себепсіз ажалдың қылышы барлық тұрғындардың басында ойнап, үйінен себепсіз өлік шықпайтын ел тұрғыны аз ғана болатыны да хақ. Кейбіреулер мүлде ұрпақтық тамырынан ажырап от басын түгел жоғалтып, ал жинағаны құтқарды деген байлығын кез келгеннің талауына беретін де жағдай келеді. Неге десеңіз біздердің ел билігіміздің де діннің де саясаты тек қана сенімділікке, тәуекелшілдікке негізделген қызылбастық жүйесін алып, ал құдайдың ісіне, иманды меңгеруге ашық қарсылық білдірумен қияметтік сын сағатының ақпараттық тұрғыда ең ушыққан мезгіліне келіп тірелдік. Осы уақытқа дейін заңның күшімен, ақпараттық орталықтардың басымдылығымен халықтың еркін тежеп, азғырып, ата жолын мазақ қылып, тажалдардың жеңіске жетуіне себепті қолдауды мемлектет заңымен қорғалса, енді сол заңның басында отырғандарың бастарына, жан ұяларына ажалдың қылышы ойнатын болады. Себебі жалпы ел мемлекеттің бұл саясатының жалғандығына барлық белгілер құдайдан ескертулер түсіп болды. Енді жаппай ел билеуші, зиялы қауымға да жеке-жеке ажалдармен, ауру азаптармен және жалпы халықтың да түрлі сынақтармен, індеттермен азапталуы да басталатыны хақ.
Құдайдың рахымы болып алдын ала мұндай халықтың басына келетін аурудың қандай арсыздықтардан пайда болатынын біздер екі жылдан бері жазып таратып келе жатқанмен ел билеушілер мен заң қадағалаушылар тарапынан үнемі қудалап, бұған тиым салып, соттап айыппұлдар салудан жалығар да емес. Және ата заңмен ата дәстүрін қорғауға масһабшы, дін ғалымдарының өтірігін, тажалдығын анықтауға жоғарғы ел басшымыздың өзі де ақ-қарасын айыруға шарасыз болып шықты. Әділетсіздік бар жерде тыныштық өмір болмайтынын неге түсінуден бас тартамыз? Масһаб білімінде өлілерге жетісін, қырқын, жүзін, асын беру, зияраттау, құдайы тамақ беру, т.б. кейіннен қосылған қазақ дәстүрін, тарихат, махрипат салтын неге масһабпен қалыптасқан, арап елінен келген деп атау керек? Оны құдайдан уахи алып кітабын қалыптастырған Алланың құлдарын теріске алып, өзін, сөзін тастап, ісін ұрлап, сонау заманға апарып теліп, қолдан дін шығарудан артық қандай тажалдық керек? Мұндай жағдайда халықтың мұңын, ақиреттің өмірін, өлілерінің жан айқайын тыңдай алмайтын, түс көре алмайтын ел билеушілер, біртұтас адамдар болған аруақтардың да лағнетіне лайық деп құранда ашық аятпен де ескертілген. Жақында басталған Африка елінен шықан «эбола» безгегінің негізгі себебі де жалаңаш жүріп, іш құрлыстың ластануымен «кундалини» жыныстық, өмірлік қуатының алмасуы тоқтап омыртқа бойының қуыстарының бітеліп қара қуаттармен байлануынан және жалаңбас жүріп құлақ есту безінің жабылып ұйқы безенің жұмысының әлсіреуінен болатыны да жазылып ескертілген еді. Енді бұл ауру әлемдік тұрғыда қауып туғызып біздің мемлекетіміздің жындылары елге кіргізбейміз деген қауіпсіздік шараларын ұйымдастырып, босқа шығынданып жатқанын да білмейді. Себебі шалбар киген елдіктің төменгі сана қуатын аздаған жетесіз қатын-қыздар және жалаңбас жүрген ата дәстүріне қарсы кез келген елдің тұрғынында бұл аурудың белгісі және барлық болашақ пайда болатын індетке шалдығу қаупі тұрғанын біле бермейміз. Мұндай түрлі індеттердің себебі мен қоздырғышын құдайдың құран оқылмай қараусыз қалдырған қабірлерден, рұқы тазармаған өлілер арқылы шығара алатынына тағы сенбейміз. Калачи ауылында ұйқыға кетіп жатқандар осы аурудың белгісімен жүктелгендер және мұнан Құдайдың нығметімен аз да болса тазарып жазылып жатқандар деп түсінген дұрыс. Ол елді мекенде Ата жолы ордаларын ашып, қасиетті емші, бақсыларды дайындап құран арқылы қазақтың қамшысымен 5-6 айда бүкіл халықты тазалап шығуға болады деп уәде бергенмен мұны ұғатын (сана туралы әңгіме қозғаудың қажеті жоқ) жетелі, иманынан хабар алатын ел билеуші бар ма? Бәрібір бұл дерттің жуық арада Астана қаласына қарай ауысуы да қазақтың барлық елді мекендерінде де өзінің қуатын көрсететіні, бүкіл халықты да ата жолына амалсыз жүгіндіретіні де хақ. Бірақ бұл індет қазақ еліне келетін болашақтағы індеттерге қарағанда түк те емес болып, (себебі оның емін әлде қашан құдайдан білдіріп қойылған да) ал енді емі жоқ аурулардың да көп ұзамай қамысқа түскен өртше қаулап, мұнымен дәрігерлердің өзі де ауырып ажал құшатынын да тылсымнан аруақтардың ескертіп жатқанын біліңіздер. Қазірдің өзінде сырттай халыққа дәрігерлік ғылымның құдіреттілігі ақпараттық тұрғыда мақтаныш болғанмен, дертінен жазыла алмай күнделікті қаншама адамдардың мезгілсіз көз жұмып жатқаны да хақ.
Сол сияқты «папиллома» жатыр аузының қабынуынан жас қыздардың егіліп, олардың болашақта дертті, есі кеміс ұрпақатрды өмірге келтіріп, ұлтымызға масыл болатын жетесіз, іштен дертті туылған ұрпақтарымыздың еселеп артуына жағдай жасап жатқанымызды мойындауға да жетесіз (имансыз) ғалымдарымыздың дінді, саясатты зерттеушілердің әзірге ақылы жетпесі де хақ. Оларға Түркіменстан, Тәжікстан елдерін зерттеп, ол елде неге мұндай аурулар түгіл ешқандай артық қаражат жұмсамай ақ қазақ елінен ден саулықтан ондаған есе алда тұрғанын зерттеп білмеске? Түркіменстан, Тәжікстан елінде біздің елдей жаулыққа, бас киімге тиым салмаған. Керісінше мектеп жасындағы балаға дейін ұлттық бас киімді міндетті қылған. Шалбар киюге әйелдер қауымына мүлде тиым салғаннан кейін біздің еліміздей арсыздық, ақылсыздық аурудан қырылып жатқан, дертті ұрпақ туылып жатқан жағдай мүлде жоққа тән. Ол елді билегендерде жетеден жоғыры тұрған саналық бар, сондықтан рухани тұрғыда батыл шешім шығара да алады. Жалпы қандай ауру да күнәден пайда болады. Ал оған қарсы екпенің де (вакцина) сол күнәні, шайтаннан болған жын қуатын уға айналдыру арқылы бейкүнә, періште жас қыздарымызға шырылдатып зиналық күнәні қолдан егіп, оның тағдырын, болашақ жыныстық қалыптасуын тежеп, зинаға құштар, хайуандықсыз нәпсі тыныш тауып және қозбайтын, ар жетілмеген көңілсізге айналдырудан «көтсіз бала» туылатын бағзы заманда болжап кеткенін неге түсінбейміз. 10,4 млрд ақшаны осындай арсыздықты көбейтуге, ұлттың тегін жоғалтуға жұмсағанша онан неге дәретпен, тазалықпен жүруге ізглікті шараларға, тәрбиеге жұмсамасқа? Біздердің аталарымыздың жинап кеткен көктегі қазынасын пайдалағанға мәз болып, керісінше мұндай нығметіне құдайымызға ашық қарсылық білдіріп жатқан елдердің санатынан табыламыз. Шәкәрім атамыз біздің мұндай жағдайымызды да алдына ала болжап кетіпті; «Әрине, адам оқып, білім үйренуі қажет. Білімсіз-ғылымсыз өнер табылмайды. Сол алған білім-өнерлерін адам еңбекпен жаратылыстың мол байлығын пайдалануға салса, табылмайтын нәрсе жоқ. Сол тапқан байлықты барша адам баласының керегіне, пайдасына жарату керек. Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады. Ал, арлы, ақылды адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтанды білмейді және істемейді. Осы үшеуінің басы қосылса, адам жақсы өмір сүріп, бірімен бірі тату тұруында сөз жоқ. Бірақ осы айтқандарға қарсы жолдан қосылған, адамның бойында біржола сіңісіп, біте қайнасып қалған күшті, зиянды жау нәрселер, әдеттер де бар. Олар: нәпсі, өзімшілдік, мақтан. Бұлардан ұшы-қиыры жоқ жаман әдеттер туа бермек. Мысалы; зорлық, алдау, мансапқорлық, малқұмарлық, рахымсыздық, мейірімсіздік, қанішерлік, тағы тағылар…»Олай болса бүгінгі ел биліктің саясатының қателігі де жемқорлықтың түрлі қылмыстардың артуы да осы үш нәрсенің тәрбиесін ұмыт қалдарғанмен қоймай керісінше; «нәпсі, өзімшілдік, мақтанға» есікті айқара ашып қойғаннан емес пе екен? Мұндай жағдайда адамзаттың пиғылы, ниеті жаралыстың қозғалысы себебіне уақытқа да әсер беріп, түрлі табиғи апаттардың себебін туындатуы да хақ. Осы тұрғыда имансыз, ақылы жетілмеген жастардың дін имам, ғалым аталып өзімшілдік нәпсіге бой ұрып, ақпараттық орындардан ашықтан ашық ұлттың дәстүрін, ар білімін құдайдың ісін мазаққа айналдыруға айдап салып отырғандардың жеке бастарына да, жалпы мемлекетіміздің шаруашылығына да күйзеліспен, апаттармен және үнемі дауылдармен де жауап берілетіні де хақ. Мұндай арсыздықтарға қаңтар айынан бастап су апаттарымен және көктемге қарай түрлі елдің күйзеліске ұшырауымен мемлекет қазынасына қол салып, талай миллиардтаған шығынның шығуына да жағдай жасап жатқан арандатушы зиялы қауым өкілдерінің өзі болып табылады. Себебі жаңа жылға деп миллиондап қазынадан шығын шығарып, жын ағашын айналдырып, жансыз пұтқа, яғни аяз атаға шоқынған еліміздің барлық пенделеріне аурудың, қаралық жүктердің жаппай жүктелетіні Ит ауруының пайда болуымен бұған ел биліктің өзі жәрдем беретінін де білген де жөн. Рухани «терроризм» деген өз ұлтына, дәстүріне, құдайға қарсы соғыс ашу осы болады. Кешегі солтүстік жақтағы астықты жинап алуға мұрсат беруді құдайдан сұрап, ел билікпен дұрыс шешімдер шығару арқылы құтқаруға болатын да еді. Бірақ біздердің 3-4 ай бұрын алдын–ала құдайлық хабарды ескертуді де тыңдағысы келмеген ел билігімізді жалпы халықты алдағы жылдардағы болатын, әлемдік тұрғыда жүзеге асатын да аштықтың, астықтың, шөптің де мүлде шықпай қалатын қуаңшылықтың болуынан, малдардың қырылуынан да ешқандай жинаған қаражаттың да, заңның да, масһабшылардың діндегі пәтуаларының да көмегі болмайтынын әрине ұқтыра аламаймыз. Себебі иманның қалай қандай қуат екенін және оны сақтау тәрбиесін де білмейтін, сенімді иман атап, жан мен рұхтың, рұқтың, ұрықтың білімін білмейтіндер сана түгіл иманы жетілмегендер жетесіз дін басын, жалған дін ғалымын халыққа ақыл айттырып қойғасын не сөз? Олай болса, ақпараттық жүйедегі ақылсыз жастар мұндай «экстремистік» білімді дәріптеуші, таратушы, орындаушыларына неге айналмасқа?
Ел билеушілердің ғылым мен діндегі барлық салаларын түбегейлі тексеріп меңгермей, белгілі бір салада ғана білімді меңгеріп, талантты аталып, хакім болып, ғаламдық мәселеге араласуынан артық қасірет келмейді, халыққа да әлемдік өркениетке де. Және мұндай жағдайда құдайға қарсы, ұлтың дәстүріне қайшы пәтуа заңдарды шығаруға ат салысып қоғамды қараңғылыққа қарай тарта бермек. Мысалы жемқорлықпен күрестің басшысы ел биліктің ең жоғарғы әделетті басқару саласы болып, арлылықтың үлгісі болып саналатыны да сөзсіз. Бірақ әкімдердің орынбасарлары қылмыс жасаса оны да жазалау керек деген заңды шығаруға қойған талабынан құранға да, құдайға да қарсылық екенін, қазақ дәстүрінде мұның арсыздыққа жататынын неге білмейді? Ата заң не үшін керек, жалпы дәстүрімізді, дінімізді қорғайтын ата заңымыз бар ма? «Ешкім біреудің күнәсін көтермейді» деген Раббымыз. Және бір ел басшысын дайындау үшін қаншама жылдар мен тәжірибелер, қателіктер мен шығындар кететін болса, сонда ел билеуші тағдырын заң арқылы жазалау арқылы ар білімнен бас тартумен, ата жолы аруақтар арқылы алдын-ала ескертумен дәстүрді сақтауға шақырса, тәрбиеге көнетін, ұрпақ тәрбиелейтін азаматтардың жан ұясының, ұлтымыздың да ұрпақтар тағдырларын ойыншыққа айналдырудан артық қандай зұлымдық, әділетсіздік керек? Ауыл шаруашылығы басшысын биліктен өз еркімен кетпеді деп ақпараттық орталықтан аузына келгенін құсқандар, арды, ұятты былай қойғанда, тажалға айналып, құдайдың қарғысына ұшыраудан неге қорықпайды? Баласының, ұрпақтарының күнәсынан құдай да сұрап жазаға тартса не болар еді өздеріне? Бұндай надандыққа да негізгі себеп дінді де, ғылымды да шала шарпы білгендердің кеңесші болып, жоғарғы лауазымдық билік басына келіп, өзінің адасақанына да қарамай, бүкіл халықты адасуға мәжбүрлеп, тажалдарға айналғаннан деп білген жөн.
Мұндай жағдайда дүние байлағы бәрінен маңызды саналып, жоқшылыққа қарсы күресуде артық қазына байлығын жинаумен ғана айналысып, ал туылу, өлу, ауру, кәрілік деген және тосыннан келетін түрлі бәлелерге, ұлттың тегін аздыратын арсыздақтарға қарсы қоятын ұят, иман, ар, саналық атты ұлттың негізгі байлығын жоғалтатын әділетсіз заңдар шығарып қасықтап жинаған байлықты, шелектеп төгіп шашуға жол беріледі. Қазақ елі де мұндай шығын шығарудан алдына жан салмайтын елдердің қатарынына да қосылып алдық. Жүз мектеп салсақ жүз арухананы қоса тұрғызу керек деген ұранымыздың өзі осындай жалпы мемлекеттік саясатымыздың рухани сырқатына ашық дәлел болады да. Білімді меңгерген сайын ақылдың да жетіліп ауру сырқаудың да азаюына соқтыратын болса, біздің мәңгілік елімізде керісінше білім- ауруға, азғындыққа ұшырата бермек. Ал енді біз жер бетіндегі шекарамызды қалыптастырып, бұрын мұндай шекара қазақта болмаған деп мақтанып жүргеніміз де бар. Бірақ бұрында шекараның болғаны және оның мұнан да жоғары дәрежеде, яғни рухани тұрғыда «Тіл шек» деп аталып, тас мүсіндер тұрғызып, мұны аруақтардың күзетіп, соншама жерді сырттан келген жаудан да, бір-бірінің жерін ұлықсатыз пайдаланудан да қорғай білген дәстүріміздің барын білеміз бе? Әрине жоқ. Себебі Алланың сүйікті құлы болған әулие-әмбилердің бұл істі атқарып, көк отанымыздың осындай белгі шектері болып, сырттан өзге елдің жын, шерік әскерлерінен сақтана білгенімізді, осы арқылы жер бетінің де шекарасын сақтап қорғай білгенімізді де мүлде ұмытып қалғанмен тұрмай, сол әулие бастарын көтеріп құлшылық орынға айналдыруға, жандарын көк отанымызды қорғайтын Раббымыздың қолына айналдыруға құлықсыздық танытқанмен қоймай, барының өзін былғап, құран оқуға тиыммен көркем сөз ағашын өсірмей, көгіндегі шегін жауып ит қораға немесе арсыз қатындар мен қыздардың, жалаңбас, жалаң аяқ ерлердің ойын -сауық орнына, жын-ойнағына айналдыруға жәрдем беріп қойдық.
Құранда бұл қалыптасқан «Тілге шек қою»дәстүрімізді; «Әй мүміндер! Алла тағаланың сендерге берген бағын еске алыңдар: Сол уақытта бір ел суық қолын созған еді де, Алла олардың қолын сендерден тосқан еді. Сондықтан Алладан қорқыңдар және мүміндер Аллаға тәуекел етсін.» (5-11) Ал енді масһабшылардың жын қуатын адамзаттың өмірінен терістеп, құранмен өлілерді тазартуға құрбандық қанымен жандарын көтеруге шерік қосылады деп қарсы болған, жаппай елді де мұндай надандыққа азғырып, өз мақсаттарына жетті де. Ал құранда; «Сендерге отсыз түтін, түтінсіз от жіберемін, құтыла алмайсыңдар» деген аяттың енді үкімі орындала бастады. Масһабшылар аян, уахиға қарсы болып терістегенмен, қазақ халқының ішінде жетесін жоғалтпағандар мұндай аяндарды көріп хабарлар алып жатқандар да жеткілікті. Бір шәкіртіміз Маңғыстау өңіріне шешендер мен грузиндердің қоныстанып, егін салып жатқанын көріп маған сауал қойыпты. Бұл сонда олар біздің жерімізге басып кіреді деген ұғым ба?- деп. Жоқ, бұл ол елдерің жынға айналған суық қолды жаны жетілмеген, қараусыз қалған аруақтарының біздің ел билік пен дін масһабымыздың саясатының өз халқының, ұлтының жүктерін алғызбай тиым салғандықтан енді жүксіз жүрген пенделердің пайдасын көруге, қатындарымызға, қыздарымызға егінін салып, жанынан өнімін алуға қазақ еліне ауып келіп жатқаны болады. Осындай ескертуден кейін-ақ, бір ай өтісімен Маңғыстау жақта бір ауылдан көптеген пенделердің асылып өлуі болғанын халық естіді. Енді бұл суық қолды шерік әскерлері кез келген жалаңаш жүрген, араммен былғанған қазақтың қатын, қыздарын түсінде жандарын зорлап, еркектеріне мініп, шерік болып қосылып, ұлтымыздың тегін аздырады. Мұнан атыңды қазақша қойып текті болдым деген мақтанның керісінше олардың ақпараттық жүйесін, қазынасын күзетшісіз қалдыртып ұрыға ашқан есік болмақ. Шерікке айналып жанын жоғалтқан шешендер, грузиндердің бұзық тұрғындары сияқты ұрпақтардың келуі арта бермек. Және жаны мұндай шеріктермен байланысқа түскен қыз-қатындардың ұжданы жоғалып, өзге ұлттың еркегіне деген құштарлығы да артуы хақ. Сайттар бетінде түстерін жорытып жатқан көбіне әйелдер қауымы болып, қазақтың тегінде әлі мағрипаттық ілімнің кітабы, ділден белгісі барына куә боласың. Шымкент жақтан бір қыздың; Түсімде терезеден қарап тұрсам өзбек жағынан бомба түсіп жарылды да, ішінен маймылдар шығып, оны көрген әйелдер құлап жатты .. деген сияқты аяндар да бар. Ақтөбеден бір аққуды; Түсінде шешен сияқты еркектердің қазақ әйелдерін ұстап алып сарайларға кіргізіп зорлап жатқаны, оны да ұстап алған кезде, бір жоңғар батырының құтқарып алғанын және оның оң қолы кесілгенін баяндады. Демек оң қолы жоқ яғни исламға қабылдамаған жоңғарлардың да қазақ нәсіліне араласып жатқаны, біздің көп тұрғындарымыздың жоңғар мінезді болып, ызақор, кекшіл, сараң болып ата жолына, елдің бірлігіне, ел басының шешімдеріне ашық қарсы болып жатқанының да осындай себебі бар. Сонымен осындай тылсымдық соғыстың шеріктердің шабуылына ұшырап жатқан қазақ елінің аруақ әскерінің күші азайып көбіне арсыздыққа түсіп, көтін ашқан, төсін ашқан қыз, қатындарымыз маймылдық нәсілдердің болатынын құранда ескерткен Ажы, Бұжының да шабуылына, қазақ елі алғашқы болып ұшырауы да басталып та кеткені де сөзсіз. Яғни қазақ елінің рухани көк отанының әлсіреуінен енді аруағы қорғамаған халықтың азғындыққа ұшырауы да, біздің ескертіп жүрген қызыл қырғын оқиғасы да осылай жалғасатыны да хақ. Сол сияқты Астана қаласына да жаулардың кіріп, көшелерде мұнан қорғану үшін танкілерді неге кіргізіп қойған, бізде де Украина жағдайына тап болмаймыз ба?, -деген аянға да сауал да келді. Бұл да Астана қаласының көше-көшеге жалаңбас, жалаңаш әулиелер мүсінін қойып, гүл қойып, мал, шерік деп мазақтағанымен тұрмай, жердің киелі нұр шығатын орындарын әулиелердің белгісі түскен орнын белгілеп, мешіт немесе құран оқитын орын жасап, халықтың зияраттауын құрбан шалуын қамтамасыз етпек түгіл, жақын жердегі Абылайхан атамыздың басын көтеруге де жетелі бір ел билеушінің табылмауынан және сарайшық жақтан табылып жатқан зиярат орындарының қайта жерленіп, құран оқылатын орындарға айналмауынан деп біліңіз.
Сонымен Астана қаласының европалықтарға еліктеп ақылды қала аталғанмен шынында көк отаны күзетсіз қалған, ақылы қысқа, сараңдыққа азғырылған, қайырсыз қала тұрғындарының, әсіресе аруағын терістеген ел билеуші, қауіпсіздік органы қызметінің басшылары, заң сақшылары, депутат, министр мырзалар да және дін мамандарының қатын, қыздары да осындай шеріктермен зорланып, ұрпақтарының тұқымы, белі азып, қылықтары өзгеріп, өздеріне қол салып, жынданып, ал кейбіреулеріне мезгілсіз келген суық қолдардан ажал жетіп азаптала бастайды деген белгі бұл. Мұндай жағдайда бір жынысты аурулардың да асқынуына, басшылардың еңбектің дәмін білмей, етін ауыртып, жын-малын тазартпаған балаларын нашақорға айналуына да осындай шеріктердің ықпалы зор болмақ. Аруақтары тастап кеткен, теріс айналған қазақ елінің барлық тұрғынына енді өздерінің мазақ қылған жындардың суық қолдары өзге елден ауып келіп жаппай зинаға, зұлымдыққа да ұшырай бастайды. Ал енді құдаймен соғысып көріңдер, біз де күтейік кім жеңер екен және дүние байлығы, құр сенімге, тәуекелге негізделген бес парыз намазың, масһабың мұндай қияметтік сағаттан құтқара алар ма екен? Ата жолында бүгінге дейін ақымақ аталғандар, енді шынында ақылды аталып, алдын-ала қам қылған жетелі қауым екені де ашық біліне бастайды. Себебі олардың бәрінде мейлі қандай жағдайда болсын, белгі бар. Ал ата жолы елді қанап, елді тонады деп сараңдыққа шақырғандардың бір қойдың пұлын шығаруға шамасы келмесе, онда енді жарты байлығын ата жолына жұмсап, жүгіріп жүріп қызмет қылмай, өз тұқымын аман сақтап қалуы да мүмкін емес, мейлі дін басшысы ел билеуші болсын. Нұрсұлтан мырзаға да өзінің тарихта қалып, Нұрлы жол мен Мәңгілік елдің ірге тасын мықтап қалағысы келсе, онда осындай рухани өмірдің байлығын қалыптастыруға, жарты байлығын ата жолына, әулиелер бастарын көтеруге өзі бастап үлгі көрсетіп жұмсамай, өзінің болашақ өмірін де, ұрпақтарының тегін де, соңынан еріп мұндай зұлымдыққа ұшыраған ел басшыларын да азаптан сақтауы да мүмкін емес. Әрбір құдайдың берген нығметіне бөленген қазақ елінің азаматы өз тұқымын мәңгі қалдырғысы келсе, Алла жолында мал сарп қылып соғысуы, ата жол намаздарын орындауы да міндетті болмақ. Ал кімнің қанша байлығы барын, қалай тапқанын, қайда тығулы екенін құдай жақсы біледі де. Құдай өз уәдесін орындауға да, кешірім беруге де құдіреті жететіні де хақ.(жалғасы бар)Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер; http://btk.atazholy.local/