XIX-Ойға түрткі, ақылға дем       Жындылық пен адамдық және аманатқа қиянат қылмау туралы

Бөлім: Ойға түрткі ақылға дем 101

 

   Дін-насихат деген барлық киелі кітаптарда. Ал насихаттың адамзаттың сөз өнерімен, ақыл, даналықты меңгерумен байланысты әлемдік қуаттардың жүйесіне жалғану кітабының әр замандық уақиға, қозғалыстық өзгерістерге сай білімнің қуатымен белгіленген түсінігі болып табылады. Біздер қандай білімді меңгерсек те, оның пайда зиянын анықтап, белгілі шамасын өлшемінен артық шектен шықпау үшін жанымызды жоғалтпауға жаратылыстың ақ бұлағына, бастапқы ғылымға жалғануды меңгеруіміз керек. Сондықтан жаратушы тарапынан біздерге барлық жаратылыстық нәрселермен, замандық қозғалыспен, ауа-райы, ықылымдық белгілермен және өзіміздің жанымыз арқылы да тылсымнан хабарлар алумен жамандықтан сақтанып, жақсылыққа қарай өзара жарысуды Құдайлық жол-жоба немесе хақиқат, хақиқаттың келуі, түсуі, Раббыңның белгілері деп атаған.

Раббымыздың мұндай белгілерінің артуы қияметтік мезгілде ерекше болып, тылсымнан тозақта жатқан өлілердің де жаппай тіріліп, ұрпақтарына жаны арқылы хабар берумен де ерекшеленуін құранда ашық ескертеді. Мұндай уақиғаларды бұрынғы замандарда бастан өткізіп, қияметтік уақиғаларды меңгерумен өздерінің үлгісін қалдырған; Алланың сүйікті құлдары, достары жер бетінің істерін атқарушылары болып тағайындалатынын және оларды шапағат етуге ұлықсат алғандар деп ескертеді. Сондықтан Раббымыз мұндай уақиғалардың үлгілерінде ғибрат бар деп ескертіп, оны діннің үлгісі, істері ретінде қабылдап меңгеруді де бұйырған. Алла тағала; «Құранның алдынан да артынан да бос сөз келмейді» деген бұйрықпен құраннан бұрында кітаптары, шындығы болып, құраннан кейін де бұл кітаптардың оқылуы жалғасатынын да білдірген. Енді мұндай шындық кітаптардың жанға иман тұрғысында жүктеліп жазылатын құпия білімдер, Алланың хикметті ғылымы болып саналады да, оның тұрақты үздіксіз ақпараттық жүйесін; Алланың жібі деп атаған.

Олай болса адамзаттың құлшылығы, сәждесі дегеніміздің әлемдік қуаттық жүйеге жалғанумен ғана өзінің аманат жанды көбейтуге, оған рухани азық малдық қуаттарды өсіруге, оның денесінің бейнеленуін яғни  періштелік, кісілік ақпараттық тұтастықта; жаннаттық, жарықтық, жұлдыздық орнын қалыптастырумен ғана мәңгілік өмірге жолдама болады. Абай атамыз; «Алланың сөзі де рас, өзі де рас..» деп насихаттағандай, біздерге үгіт болып қалған дін білімінің, өсиеттердің ішінен шындық, растығын табу арқылы ғана біздер Алланың өзіндік сипатын тани аламыз. «...Растықтың бір аты-хақ, хақтың бір аты-алла, бұған қарсы қаруласқанша, мұны ұғып, ғаделетпен (әділетпен) тәптіштеуге (білімін тәпсірлеу) керек…» Мұндай жағдайда заманның қозғалысына адамзаттың өркениетіне қарай пайда болған білімдерді де мойындап меңгерудің керек болатынын да ескертеді.

   «...Әрбір ғалым-хакім емес, әрбір хакім-ғалым…Бұл хакімдер ұйқы, тыныштық, әуес-қызықтың бәрін қойып, адам баласына пайдалы іс шығармақлығына, яғни электрияны (қуат көздерін) тауып, аспаннан жайды бұрып алып, дүниенің бір шетінен бір шетіне жауап алып тұрып (ғаламтор, көктік ақпараттық жүйе), от пен суға қайласын тауып, мың адам қыла алмастай қызметтер істетіп қойып тұрғандығы, ерекше адам баласының ақыл-пікірін (логикалық қисындық ойлау қабілетін) ұстартып, хақ пен батылдықты (растық пен жалғандықты) айырмақты үйреткендігі-баршасы өнегелі, үлгілі іс болған соң, біздің оларға міндеткерлігімізге (мұқтаж, қарыз) дау жоқ. Бұл заманың молдалар хакім атына дұшпан болады. Бұлары білімсіздік, бәлки бұзық пиғыл, адамзат әрқашан жамандыққа түсуге бейім болады…»» деген Абай атамыз.

Сонымен бірге әлем ғалымдары мен дін ислам ғалымдары да қанша талап қылса да; діннің хақ мағрипатына, яғни хақиқатына жете алмады деп ескертеді атамыз.  Олай болса, дінде періштелік әулиелікті, адамдық жан тазалығын меңгергенмен, заман білімін, қуатын, талабына сай кісілікті толық жетілдіре алмай, мағрипаттық хақиқатты меңгере алмай орта топтық шариғатпен дін ісінде ғана болғандар шығармашылықта, ғибратты үлгілерде де басымдылық танытуы да сөзсіз. Сондықтан да Алланың хақиқатына, мағрипаттық біліміне, хикметіне жүгінумен ғана біздер мұндай күмәнді білімдердің арасынан тек пайдалысын ғана ақыл-ой елегінен өткізіп алуымыз керек.

Ол үшінде белгілі бір табынатын, үнемі амал қылып орындайтын ғибраттардың болуы керек; «…Шүкірліктен ғибраттың бәрі туады. Енді өздерің қорғаушы әділет, шапағаттан босанбаңдар. Егер босансаңдар иман да, адамдық та Һаммасы босанады. Енді біздің бастағы тағлым, ұғыну, наным бойынша құдай тағала ғылымды, рахымды әділетті, құдіретті еді. Сенде бұл ғылым, рахым, әділет үш сипатпен сипаттанбақ, табынып ұқсамақты шарт еттің, мұсылман болдың, һәм толық адамдығың (инсаның, инсаятың) бар болады. Белгілі адамгершілік негізі (жуанмәрттілік)  үш түр сипаттың бірлігі болар деген; шындық (сиддиқ), жомарттық (кәрәм), даналық (ғақыл) – бұл үшеуінен шындық, әділеттілік болар, жомарттық, кең пейілділік шапағат болар. Даналық (ғақыл, ақыл) мағлұм дүр, ғылымның бір аты екендігі. Бұлар әр адамның бойында Алла тағаладан шамасына (тағдырына) қарай бар қылып жаратқан. Бірақ оған қуат беріп, көбейтіп гүлдендірмек, әрбір адам өз халінше кемелдікке жеткізбек әрекетінде (құлшылықта, шүкірлікте) болмақ…» Абай атадан.

      Әрбір пенденің тағдырына қарай; Ол Аллалық-Мен сипатынан; шындық-әділет, жомарттық, даналық болып үш сүюдің негізін құрайды. Енді шындыққа қарсы — бес күн жалғандық, дүние қызықтары болса; жомарттыққа қарсы — сараңдық, көре алмастық болып; даналық ақылға қарсы — надандық, тәкаппарлық, мақтаншақтық, жалқаулық, қанағатсыздық сияқты қылықтардан 70 түрлі жындылықтар пайда болады. Жындылықтың шайтанға айналған мінез көріністері; өзін-өзі артық бағалау, өзін-өзі жақсы көру дертіне ұшырау, өзгеге ұнауға тырысу, өз еңбегін артық бағалау, немесе еңбексіз табысқа құштарлық, қанағатсыздықпен тек қана менікі болса деумен, оған жету жолындағы мансапқорлықпен, ал даналықта «Мен» ғанамын деумен түрлі партиялар құрып, ел билеуге құштарлық, білімге мас болып, ақыл айтуға құштарлық, жұрттың ақылын өз тобының мүддесіне байлауға құштарлықпен өзін-өзі рұқ, жан қуаттарын мүлде тани алмаса да өз ықпалын арттырумен, өмірін дүние қызығымен байлап, түзеуге және өзгелерді де  түземек ісімен айналысудан шаршамайды да.

Ал енді үш түрлі шүкірліктің, үш сүюдің құлшылығын меңгеріп алмай, намаз оқып, оразашыл болып, қаж жасап адам-періштеге, әулиеге айналып алмақтың өзі де жындылықтың сипатынан болмақ. Ал мұндай жағдайда дін ісі шариғаттың білімін меңгерумен, амалға айналдырумен байланысты, шүкірлік ғибраттың да нәтижесі шындықты табу жолына, тағдырлық жобаға жалғанумен байланысты болу керек. Енді шындықтың құдайдың өзі бізге көрсеткен кереметінен, хикметті білімінен белгілері, яғни хақиқатты тану, меңгеру арқылы ғана өмірде  меңгерген, оқыған, білген біліміміздің арасынан  танып ажырата алуға жол ашу керек.

Әрбір шығармашылықтың білімі ішінен сөздің растығын белгілейтін сөз киесі, ойдың үні болып, біздер ол сөзді оқыған кезде жанымызға киесінен белгі, хақиқат нұры түсіп, оны жүрекпен сезіп ерекше қуат болып қосылу керек. Иман келтіру дегеніміздің өзі осындай түрлі сипаттардағы белгілеріне, дәлелдеріне жалғанумен байланысты құдайлық хақиқаттың имандық қуатын жүрекпен қабылдаумен ерекшеленбек. Мұндай растықты тану үшін де өзіміздің жүрегімізде оның жарық (нейрондық) белгілері болуы да шартты. Мұндай тазалықтың нышаны болмағанда, керісінше қарсылық пен жиіркенудің, ашу-ызаның пайда болып, жындылық әрекеттің көрінісі болады. Сондықтан да қандайда пенде баласының Мен-жанына иман нұрынан қуат  алып кемелдену жолының шаралары өз бойындағы қарсылық қара қуаттарды жағып, даналықпен меңгеріп, жомарттықпен сараңдығына қарсы шығып, кісілік қуаттарын қалыптастырумен, тағдырындағы қарсылықтарды жоюмен ғана нәтижесін береді.

Ал әрбір пенденің тағдыры жеті ата шежіресінің, әке-шеше ғұмыры, аруақтарының өнімі, бөлшегі болып саналады. Сондықтан шариғатымыз-шындықтың негіздерін, қызыл қуат-ұяттылықты меңгерумен, яғни өз жаратылысының ішкі сырларын танып, өзін-өзі білумен, жаратушысын шексіз сүюмен нәтижеленбек. Шараиғат, масһабқа немесе сондай түрлі топтарға бөлініп адамзаттың бәрін сүюдің мүмкін еместігі, керсінше өз ара соғысып кететінін, бір ұлтты елді де өзара араздасуға мәжбүр қылатыны да бүгінгі таңда ашық дәлелдермен белгілі болып жатқаны да хақ. Сондықтан тарихатымызды, көңілдің көзі ұжданды меңгерумен,  жомарттықты сүю арқылы яғни тарихтың адамзат шежіре тегінің  бір тұтастығына жалғанып, адамзатың бәрін сүюге әлемдік ортақ кітабына жалғанады. Яғни жүрек көзінің ашылып, жаны аянға, ата-баба мирас кітаптарына жалғанып, ұждандылық періштелікті қалыптастырумен нәтижеленбек.  Ал мағрипат даналықтың жоғарғы дәрежесін, ғылымды болумен, яғни сана қуаты арқылы тікелей өзі менімен құдайдан уахи алумен, ғайыптың құпия сырлы жеті құлпына кілт алып, сыр сандығын ашумен көрінісін табады.

Хақиқат болып; Алланың растығы, барлығы сипатынан, яғни адамзаттың тағдыры аруағы-кітабы, ғұмыры болып бейнеленген, тазарудан өтіп, шындыққа айналып, біздерге қайта аян, уақи, бата болып; Алланың құлдары, періштелері, шапағатшы кісілері арқылы қайта оқылатын, көрінетін сөз киелігі болып табылады. «..Бұл айтылмыш үш қасиеттің (шындық, жомарттық, әділеттілік) иелерінің алды-пайғамбарлар, онан соң-әулиелер, онан соң-хакимдер, ең ақыры-кәміл мұсылмандар…» деп Абай атамыз дүниелік істі тастап, тек қана тарихатқа кіріп сопы-әулие болумен де, немесе дүниенің бар білімін біліп ғылымды болудың жолын тастауға да болмайтынын ескертеді де; «Ғұмыр өзі-хақиқат. Қай жерде ғұмыр жоқ болса, онда кемелдену де жоқ. Бірақ әулиелердің бәрі бірдей дүниеден (дүние ісі білімнен) безген емес..»

Олай болса, құдайдан келетін хақиқат адамзаттың барлық өмір тіршілігін, өнерін, талабын, білімін ақиреттің жағдайына сай, қарсылықсыз амал қылуға бейімдеумен көрінісін таппақ. Мұны енді қазақта дәстүр (ақиретке, көмеске сенім) деп атап, ал шариғат, масһаб осы дәстүрдің қабырғасы ғана болуы керек.  Енді біздің ата-бабаларымыздың біздерге қалдырған аманаттары, адамгершілікпен өмір сүрудің ғибратты үлгілерінің бәрі құран аяттарымен, киелі кітаптармен, құдайдың хақиқаты яғни қосымша мирас 10-сүрелі кітаптың негізінде пайда болғаны растық-хақ. Шариғатпен дін ісінде тек қана бір бағытта құбылаға қарап құлшылық қылу болса, қазақ дәстүрінде; « Төрт құбылаң тең болсын» деген аманат нақыл бар.

     «Пайғамбармен бірге Мәдинаның Харра деген жерінен өтіп бара жатқан едік. Сол мезетте Ухуд тауын көріп қалдық. Пайғамбармыз; «Жанымда осы Ухуд тауындай алтын болса да, мені қуанышқа бөлемейді. Тек қарызымды төлейтін ақшаны есептемегенде, қасымда бір динар ақшаның болуын да қаламаймын» деді. Алла елшісі алдына, оң жағына, сол жағына және арт жағына қолдарымен «ақша беріп жатқандай» ишарат жасап; «Қасымда бар ақшаны Алланың құлдарына таратып беруді қалаймын» деді. Кейін тағы жолын жалғастырды да былай деді; «Дүниеде мал-дүниесі көп болатындар ақиретте сауабы аз болатындар. Бірақ оңына, солына және арт жағына, былай, былай және былай таратып беретіндер-мұнан тыс. Дегенмен ондайлар, өте аз» деді. (Бұқари Мүслім, Зекет-32)

    Пайғамбарымыздың бұл астарлы аманаттың орындалу тәртібі қазақ дәстүрінің шариғат, тарихат, мағрипатпен ұлт жоспары, арманы, аманаты болып қалыптасып, бүкіл діндердің бірлігінің де жүйесі екенін әрине түсінетін ел басшы, билеуші ғалым, дін ғалымдарын таба алмайсыз. Ел басшымыздың «төртеуі түгел болса» ата жолының, ұлт жоспарының қудаланып сотталуына жол бермей, керісінше әділдік жолына тұрып; дін ғалымдарына, философ, теолог ғалымдарға мұндай өсиеттер мен аяттарды тәпсірлеуге талап қояр еді. Ел билеушілер әділетті болса, қазіргі таңдағы қарсылықсыз бір тектілік даму бағытын таңдап, қияметтік азапқа халықты мәжбүрлемес еді. Зиялы, білімді, дінші қауымдар құдайдан ұялатын болғанда, ата-бабаларымыздың біздерге қалдырған насихатын, аманаттарын аяқ асты қылып, жаппай жаны өлі арсыз елге айналуға жол бермес еді. Ал енді ата жолының білімін, қазақ дәстүрінің ғибратын түсініп оқушы қауымға пайғамбар өсиетінің екі түрлі жағдайда жомарттықпен 60 және 70 бұтақты имандылық сипаттарын меңгерудің жағдайын тәптіштеп-тәпсірлеп көрейік! ..(жалғасы бар Наурыз 2016 жыл) 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *