XV-Аққу-сұңқарлар және ата жолы дін философиясы мен қазақ дін дәстүрінің түсініктері.

Бөлім: Аққу, сұңқарлар және Ата жолы 128

(жалғасы, басы 1-14 тарауларда)

Дін насихатының қай кітабын алсаңызда; Адам ата, Хау анамыздың жаратылысынан бастап сол кітапты оқыған пайғамбарға дейінгі адамзаттың тарихы шежіресін, адамзат өміріндегі рухани қалыптасудың сырларын, оқиғаларын баяндайды. Ал, адамзаттың болашақ ғұмыр-тарихынан  аздаған ғана мағлұмат береді. Негізінде әрбір түскен кітап өзіне дейінгі уақиғалар мен адамзат тарихынан мағлұмат беріп отырады да, өткен қателіктерді қалай түзеудің құлшылық істерін баяндап, насихаттайды. Сол сияқты ең соңғы дін насихаты болған құранда өзіне дейінгі адамзат өмірін қамтиды да болашақ туралы тек қана ақиреттік жағдайды түсіндіреді. Ал енді әрбір кітаптардың арасындағы талай заман, ғасырлардың істерін жүргізуші, құдайдан хабар алып, заманға қарай құлшылық істерін жетілдіруші елшілер, әулие-әмбилердің үлгісінен ғибарат қалып отырғаны да сөзсіз.

Сондықтан құранның өзіне дейінгі аралық дін кітаптарының негізгі оқиғаларын, құлшылықтарын қамтуымен кітап жинағы-құран болып оқылып, құлшылық істерініңде жетіліп бірлігін қалыптастырған еді. Әрбір дін кітабы оны келтірген пайғамбарлардың елшілік істері арқылы өзіне дейінгі құлшылықтардың бірлігін, тұтастығын қалыптастырып, адамзаттың рухани жетілуін, барлық салада да өркениетін қамтамасыз етіп отырғаны да хақ. Олай болса, соңғы пайғамбарымыздың өмір сүрген заманынан кейінде адамзаттың өмірі рухани дамып жетіліп, білімнің сан алуан түрінің пайда болуымен, бағзы заман құпия болған сөз ұғымдары мен аяттардың сырларын түсіндіретін әулие-әмбилер де болып, олардың елшілік істерінің меңгеруі де сан түрлі сапалары болып бірінің қатесін келесі замандағы даналардың түзеп отыруыда керісінше қарсылық күштердің, шайтаннан болған жындардың ықпалына түсіп тура жолдың қисығына бұрып отыруда өмірдің заңдылығы болмақ.

Енді біз мұндай қасиетті әулиелікке жеткен ғұламалардың еңбектерінен, құлшылық үлгілерінен ғибрат алуымыз шартты болғанымен, олардың меңгерген білімдерін тазартып жетілдіріп отруымызда шартты жағдай. Мұндай ғұламаларды Алланың сүйікті құлдары болып, жер бетіндегі қалдырған киелі орындарымен байланысты хикметті белгілеріне қарап танимыз да және оны құдаймен арадағы байланысшы ақиреттік елшілер деп атайтынында естен шығармаған жөн. Ал мұндай елшіліктің тұрақты және адамзаттың соңғы қиямет-қайымға дейінгі тіршілігінде өзгермейтін белгісі, барлық жүйесінің басшысы болып, яғни Мұхаммед пайғамбарымыздың аруағы-кітабынан болып, сондықтан оны; «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі» деп Аллаға сыйынып, сосын  пайғамабарымыздың бірліктер жүйесі кісілігіне, аруағына да табынамыз.

Сонымен исламның шарты бойынша біздерге Алламен арадағы дәнекер – елшіМұхаммед пайғамбарымыз болып, бірақ Аллаға тікелей жалғану түгіл, оның арадағы елшісі пайғамбарымызға да біздер тікелей жалғанып хабарын, шапағатынан сый ала алмаймыз. Біздер пайғамбарымыздың шапағатына жалғана алған, әуелі өзіміздің арамыздан түсірілген елшілерге, пайғамбарлардың меңгерген аруақ-тағдырларына жалғану арқылы ғана пайғамбарымыздың 47-    (4+7=11)санды белгісіне жалғана аламыз. Мұның бәрі жан арқылы атқарылғандықтан, жанның өзара ішкі жиіліктегі, туысқандық, ұқсастық «теоремасын» да сақтауды қажет етеді. Сол сияқты рұқтың үздіксіз Алланың жібі болған ақпараттық жүйесінде сақтауымыз шартты болмақ.  Сөз ұғымы бойынша; Бір Аллаға құлшылық болып, исламның бірлігі біртұтас діндер жүйесін, бір тұтас елшілер жүйесін, бір тұтас білім, ілім жүйесін, бір тұтас тарих шежіре жүйесін, бір тұтас жандық жүйені т.б. яғни біртұтас құлшылық жүйесін, әлемдік  ғылымдық жүйені қалыптастырумен ғана исламның бірлігі негізі шығады.

Енді шамалы шегініс жасайтын болсақ; Ата жолы жазбаларында дін исламдық топтардың және Ханафи масһабыныңда діннің бөлшегі болып және адамзат өркениетін тежеуші «экстремистік» бөлінушілікті қалыптастырушы деп сынап, дәлел келтіріп жатқанымызда бар. Бірақ олардың меңгерген құлшылық амалдарының, ғибратты істерінің бәрі бірдей дұрыс емес дегеннен де аулақпыз. Біздердің мақсатымыз білім, ғылым және құлшылық амалдардың үлгісі тұрғысында қазақ даналарының, әулиелердің тура жолдың тұтастығын қалыптастыра білген әлемдегі ең жоғарғы дін дәстүрін қалыптастыра білгенін, олардың айтып, бірақ кітап жүзінде ашық баяндап түсіндіре  алмай кеткен еңбектерін, енді өздерінің тылсымнан хабар беруші аруақтары арқылы халқымызға қайта қауыштыру мақсатымыз ғана. Бірақ бұл ілімнің сырларын меңгеріп, білімін тәпсірлеп түсіндіретін зиялы, білімді, ел билеуші, дін ғалымдарының өздерінің де жындылықтарын тазартып меңгере алмағандықтан, сөз ұғымын түсіну қабілеттері яғни қазақтың тектілігіне сай екі күні жете мен сана жарығының жетіспеушілгінен деп білген жөн. Әрине мұның басты себебі де; дін ғалымдарының, халықтың сенген имамдарының жын қуатын мазаққа алып, аруақты жынға балап, жанды рұқ атап тажал болып адастыруларымен байланысты екені де хақ.

Білімдеріне мас болған бүгінгі іс басындағы қауымның әрекетіне қазақ елінде қияметтік сын сағаты соғылып, мұның арты тарихта қанмен жазылған шежіре, дін уақиғасы болып, үлгісі де ұлттық тағдыр болып, талай замандар өткесін; «жүз жылда қазан» болып, қайта қайнатылып, қайталанатынын да естен шығармаңыз. Олай болса, болашақ өскелең жастарымыз бен кейінгізаманның ұрпақтарына біздердей жоғарғы дәрежелі ел басшымыздан бастап адасқан, өз ата-баба дәстүрін, аманаттарын әлемдік «Армагеддон», түнек күштерінің ықпалында болған саясаттың қақпанына байлап, біздердің екі жүзді жындылықпен, еврей, арап халқы сияқты тегін тоздырып, сатқындық жасағанымызды, әлемдік қуатқа жалғана алмай, жер бетінде зұлымдықтың жаршысы болғанымызды өзіміздің қалдырған аманат насихатымыздан білгендері де абзал.

Енді адасуымыздың негізгі себебі өзіміздің жын, жан және аруақтық қуаттарымыздың тылсымдық екі аралық болмысымыздың сипаттарын, жаратылыстық қозғалыс, ақпараттық түр-түстік, жарықтық, сандық, сапалық ерекшеліктерін қой баққан аталарымыздың, ошақ қасында бала баққан аналарымыздың да түсінгеніндей; жете, санамыздың яғни ғылымдық ақыл қуатының жоғалғанынан деп білген жөн. Онда жаратылыстың себептерін тағы бір еске ала кетейік; Бірдің НЕГІЗІ болған «Адамды топырақтан, жанды судан жараттым» деген Раббымыз. Демек адамзаттың жаны да БІР, жаратылысы жер ана рұқы да БІР, адамдығы да БІР болуы шарт! Бұрынғы замандағы ойшылдар және қазіргі масһабшы, ислам діншілері де бұл сырды сол қалпында; «Алла тағала Адамды балшыққа су құйып, илеп сосын кептіріп жаратқан» деп ертегіге айналдырып алған. Ал шынында Адамның және Хау анамыздың жаннатық болмысы метафизикалық (ғайып), жарықтық сипатты болып, ал көместік, жарықтың сипатында топырақта, яғни  көрнеу жерде болатын барлық элементтердің сипатын бергенін, жалпы әлемдік барлық негізгі элементтердің саны 700санымен белгілі болатынын да жадыңызға тоқып алыңыз. Сондықтан, біздің Бір Адамдық сипатымыз осындай 700 кристалдық, нейрондық «кірпіш» жарықтық белгілерден тұрады. Барлық нәрсе жұп пар болып жаратылғандықтан, бұл белгілерді 3-ке көбейтіп қарасақ, сонда 21 мың болып бастағы негізгі нейрондық санды орындарды белгілейді.

Сонымен жерлік сипатқа айналу үшінде жын ағашынан (анықтау, алу, жарату қасиеті)  дәм татып, жын қуатымен шайтандық (сезімдік) қуаттардың қосылуынан біздің тәндік бейнеміз қалыптасатыны да, пайғамбарымыздың «Адамзат күнәдан (нәпсі негіздерінен, қуаттарынан) жаратылады» деп, біздің жын-нәпсіміз жер өнімдерін балшыққа (сілекей, шырыш, желге) айналдырудан және судың әсерімен қанға, ұрыққа айналып жаратылатынымызда білімді пендеге таңсық емес. Жер бетіндегі барлық жанды нәрселер; Қазақтың дәстүрлі емшілік білімінде, немесе тибеттік ем-шипалық әдістерінде де тамыр арқылы сырқаттық белгісін анықтауда үш түрлі жиілікке жүгінеді. Қолдың үш саусағы арқылы аурудың барлық ағзасынан тамыр ұстау арқылы хабар алуға болатыны да белгілі. Мұндай өте нәзік тербелістерді қол-аруағы арқылы естушілік қасиетті кез келген адам баласына меңгеру де екі талай іс. Жалпы шипагерлік, емшілік істердің бәрі қолдың ерекше қабілетінің арқасында атқарылатынын білгенге адамзаттың қолы аруақтық бейнесі болып;  Ол-аруақ қуаты, құдайдың өзі сипатынан деп түсінген де абзал. Олай болса Аруақ-Ол сипаттарға, Жын-Сол сипаттарға жатады. Олдыңда, Солдың да оң солы барын ескерген жөн.

Жалпы барлық жанды нәрселерге есту, көру, ойлау қабілеті беріліп, адамзаттың жан-жануарлармен басқа жаратылыс әлемінен артықшылығы жанның ең қуатты иесі болып және жан арқылы ойлана алуымен ерекшеленбек. Сонымен жоғарыда адамзаттың жан, жын, мал қуатынан тұрып, тәндегі негізгі сипаты жел, шырыш, сілекей арқылы өрістік, әсерлік, әрекеттік қуаттылығынан, құрамдық болмысынан жынның яғни адам денсаулығының негіздерін анықтауға болады. Біздің тегіміз жанмен, жынмен, малдық болмысымызбен байланысты үш тек ағаш болып, төртінші сипаттағы көркем сөз ағашын, ой бақшасы, бәйшешек бақшасын өсіру құлшылықтың негізі болмақ. Ағашымыздың қаттылығы немесе жақсылыққа  тез көніп иілгіштігі мінезімізден, қылығымыздан хабар беріп, негізінде жыны тазармағанда иілмейтін қатты, қатал, қатігез пенделік пайда болатынын да естен шығармаңыз.

Және мұндай ағашы барлар сасық иісті жұтып, алуға құмар болып, ал  жақсыны, Алла нұрын, көркем сөз, ақылды, қандай да бір жақсылықты өз бойында сақтай алмай, өзі өндірген жаманға қосып қоқысқа айналдырып шығарып тастап отырады да. Жүректегі 200 белгі орындарының ағашқа, онан жалпы тасқа айналу әрекетінен қазіргі біздің бұл баяндама насихатымызды кереметтей өзін білімді санағандардың өзі қабылдамай, тез жиреніп, өзінің жындылығынан артық нәрсені қош көрмейтіні де хақ. Мұндайларды жансыз «шерік қатушы» яғни қалай болса солай, әйтеуір кітапта жазылған білімі, жаттап алған тәпсірі, өзі керемет деп санаған пендесінен үйренгені  бойынша сөйлейтіндерді екі аралықтан шеріктерге, әскерлерге  себепсіз яғни жансыз, аруақсыз жалғанушы «шерік қосушылар» деп біліңіз. Яғни меңгерген білімін мақтан, дәреже көріп, оны қару қылып, адам ақылын құрықтап, өз тобын көбейтуге адам жанын аулаушылар да болып саналады. Мұндай жағдайда оларды заңның күшімен басқару оңай, әлемдік осы салтты қалыптастырушы біздің ел билеушілеріміз бұл жындылық топтардың ең жоғарғы басында тұрғаны да хақ.

Сонымен біз Бір Алла ұғымын түсініп, құлшылығын меңгеру үшін бір ғылымның жүйесін қалай қалыптастыра аламыз, ал ғылымсыз қандай құлшылығымыздан, амалымыздан хайуандықтан аса алмайтынымызды да білген жөн. Ғылым негізі жарықтық қуаттың сапасынан; Көк, сары, қызылдан тұратын және жаратылыстың қозғалыс негізі Ақ пен қараның әрекетінен басталатынын да естен шығармаңыз. Олай болса, тегіміз қара-жыннан болып, оны ағартып көркем сөз ағашы жанға айналдырудың да ғылымсыз іске аспайтыны да хақ.

Енді Алланың бұл Бір тәңірлік сипаттары деп түсініп, дін тұрғысында түсіндірсек, «Әуелде бір суық мұз-ақыл зерек, Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек..» (Абай дана) Сонымен ақылдың негізі суық, көк мұз болып, көк ғылымын меңгерумен, ыстық жүрек қызылдың әрекеті болып және қайрат қарадан пайда болатын, оны басқару үшін ақтыңда ісі керегін білген жөн. Бұл істерді біз сарының ықпалында болып қана қалыптастыра аламыз. Ал қазақтың ежелгі салтында «Көк тәңіріне табыну» деген ұғымды көк ғылымын меңгерумен яғни Тәурат, Сүлеймен пайғамбарларға берілген елшілік үлгісі, ақ бақсылық дін істерімен байланысты екенін әрине түсіндіріп мойындату білімді жындыларға мүмкін емес. Себебі қандайда адамзаттың өмірі, қандық тегі Хау анамыздан бері жалғасты келе жатқан ақ және сары түспен ғылымның ділі болып сақталуымен байланысты оны құранда Мариям сүресімен бекіткені, 19санының құпиясы да осы ғылымды меңгерумен нәтижеленетінін де жадыңызға тоқып алыңыз.

Сонымен, Сары; от- ыстықтық; Көк-суықтық, Қызыл-жылулық негізі болғанымен, бұл үшеуінен бір ғылымның негізі пайда болады. Абай атамызда «көкті бақтым» яғни ақылға табындым дей отыра; «Мен боламын демеңдер, Аяқты алшақ басқанға. Екі көзің аларып, Құр қарайсың аспанға. Бір ғылымнан басқаның, Бәрі де кесел асқанға. Өйткен адам жолығар Кешікпей-ақ тосқанға(қара жынға)». Қазіргі қазақ елінде білімді қауымның кейбір топтары; «Қазақ негізінде көк тәңіріне табынған, бізде солай қыламыз» деп жастарды да азғырып, ақылдың ғылымын іздеп, үлгісіне табынбай, керісінше тосушы жынмен жүктеліп жатқандары да сөзсіз. Көк ғылымы негізінде уақытпен заман оқиғаларының себепшісі екенін Абай атамыз: «Көк тұман-алдағы келер заман, Үміті сәуле етіп көз қадалған. Көп жылдар көп күнді айдап келе жатыр, Сипат жоқ, сурет те жоқ, көзім талған. Ол күндер-өткен күнмен бәрі бір бәс, Келер, кетер, артында із қалдырмас. Соның бірі-арнаулы таусыншақ күн, Арғысын бір-ақ алла біледі рас..»

Абай атамыздың астарлап ескерткен күні, көк тұман заманды ашатын сары күннің негізіндегі ғылымның Тәуратпен деп байланысты болып тәураттық, христиандардың сәуір айында шіркеудегі киелі зиярат орнынан шыққан салқын отпен аласталатын рәсімін де жоққа шығара алмаймыз. Тәураттық құлшылықтың діл білімін қалыптастырумен және Дәуіт пайғамбарымыздың құдаймен саудаласып алған ұлы Сүлеймен пайғамбарымыздың қалдырған ғибратты істерімен, желді меңгерумен де байланыстылығын еске тоқып алыңыз. Адам баласының үміті иман қуатымен байланысты болып, «Сарғайған жетер мұратқа» деген аталарымыз. «Үміті сәуле етіп көз қадалған…» заманда қазір суық тік қараған көздердің, беті көгерген немесе сарысы, қызылы жоқ сұрланған, бойсыз қара бетті ішінде сәулесі жоқ, құдайдың жазасынан да үмітсіз қыз қатындарымыздың басымдылығына қарап, шайтаннан болған жылан көзді, жындылық заманның сипатын түсінуге болады.

  «Көп жылдар көп күнді айдап келе жатыр, Сипат жоқ, сурет те жоқ, көзім талған». Ақтың Алла тағаланың айдауымен келе жатқан айға байланысты көп жылдардың дәуір болып заманның өзгерісін туындатқанмен, оны бейнелейтін қызылды яғни аруақты өсіре алмай, барлық жаратылыстың ғылымының негізін бейнелейтін сөз құндылығының жоғалып, ақылдың азған жынды заманда өмір сүріп жатқанымызда хақ. Үш ғылымдық негізді бейнелеп тұрған қозғалыстың негізі Ақ 8 түрден тұрса, оған қара да осы түрлерді сіңіруге қабілетті болып және бес қуаттың, бес кітаптың діннің негізін қалайтынын да білген жөн. Сонымен, Тәурат – көкпен, Зәбур – сарыменжәне көкпен, Інжіл –қызыл, сарымен байланысты болса, Құран жасыл және ақпен байланысты болады.

Ғылымның үш түсінен соңғы нәтиже жасылдың пайда болуы үшін де 9 рет өзара араласудың да сыры бар. Сондықтан барлық жаратылыстың қуаты сөзбен бейнеленетінін білсеңіз; сөздің пайда болуы қара сөзбен, 8 түрлі жындық қуаттарды тазартып бірлеумен, яғни 8 дін негіздермен және оған 13түсті жандық жарықтың сапасының барын, осындай екі белгі, жан мен жындық қуаттық тұтастықтан БІР Аллаға табынатын сөз ғылымы пайда болады. Ата жолындағы Айша ананың туының 21 жұлдызша мен ортасында кесененің тұруында бізге беймәлім ақ сөздің, ақ батаның түсуінің, уахидың оқылуының тылсымдық құпиясы да барын жадыңызға тоқып алыңыз. Ақ түстің сөздің тазалығы жанды сөзбен байланысты «Ақ сөйле» деген аманатты арқалаушы болып, Адам атамыздан бері жалғасты келе жатқан елшілік негізіндегі кітаптар жүйесі болып, шариғаттың да негізі осы ақтан қаланғанын, нұрландырыушы 5-ші кітап «Ізбөрі» болып яғни тарихтың қалған сөздің ізі Укаша сахабаның қыпшақтан 33сахаба, 3мың жаяу әскермен 3 анамыздың да Бәдір соғысына қатысып, исламдық шариғаттың негізін қалаған, теріге жазылған ақ кітаптың мұрагері қазақ ұрпағы екенімізді де естен шығарамаңыз.

Сонымен Ақ –жанымыздың түсінен, ал қара – жындықболмысымыз, күш, қайраттылығымыз, білімділігіміз, нәпсілік сипатымыз жын-әрекет, қылықпен мен адам баласының мінезі, ақылдылығы яғни көктігі, жанының тазалық ақтығымен қызылды өндіріп әлемге бір қуатты қосатынын да білген жөн. Сонымен өсіп-өну өмірге қайта келумен құдайлық жаратылыстық қуаттарды меңгерудің кілті Ақ, қызыл, қара қуаттардың яғни жан, жын, аруақтық қуаттардың негізінде ғана шынның жүзеге асатынын Абай атамыз; «Қансонарда бүркітші шығады аңға» деген өлеңімен сипаттағанды.

Ал құранда; «Шын Алланың көктен жаңбыр жаудырғанын көрмейсің бе? Сонда онымен түрлі-түсті жемістер шығардық. Сондай-ақ таулардан да ақ, қызыл, әрі қап-қара түрлі-түсті жолақтарды көрмейсің бе?» (35-27)  Таулардан бес қуаттың тұщы су болып шығатынын білсеңіз онда сегіз қуаттың Алланың шыны, растығы болатыны ислам ғалымдарының адасып, жұртты қайда бастап бара жатқанын да аңғара алсыз, әрине егер өзіңіз де жындылықты көбейтетін 70топтың бірінде болып, ақылыңыз олардың таратып, үйретіп жатқан білімге байланып қалмаса. Бір қуаттың, шындықтың адамзат өмірінде аруақ ғұмыр кітабы, қол баласы болып қалыптастатын, ал жаппай халықтың аруағын ар ұяты жоғалып іштен өндіре алмайтын бүгінгідей заманның келетінін Абай атамыз, «Бір күшті көп тентекті (8-жынды) жыға алмай жүр, Іште жалын дерт болып шыға алмай жүр. Арақ ішкен, мас болған жұрттың бәрі, Не пайда, не залалды біле алмай жүр. ..Жасы кіші үлкеннен ұялмай жүр, Сұрамсақтар нәпсісін тия алмай жүр. Сәлем-борыш, сөз қулық болғаннан соң, Қандай жан сырттан сөз боп, сыналмай жүр?..»…(жалғасы бар. Қазан 2015 жыл

Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;  http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *