XVI-Аққу-сұңқарлар және ата жолы дін философиясы мен қазақ дін дәстүрінің түсініктері.

Бөлім: Аққу, сұңқарлар және Ата жолы 44

(жалғасы, басы 1-15 тарауларда)

Бүкіл әлемді жаратушыны тану үшін; оның жаратқан нәрселерінен, өзінің растығы белгілерінен, яғни хаят-өмір, тіршілікке берген нәрінен, ғылымынан және онымен бірге жүретін хикметтерін көріп, естіп, оның үнін, сырын меңгерген  ақыл, білім, іліммен пайымдау арқылы түсінеміз, немесе түрлі жағдайдағы түсірген азаппен, жазаларының құдіретті тәңірлік күштеріне қарсы тұра алмай шарасыздық көрсету арқылы ғана танып, тәубеге келіп, мойынсұну арқылы түсініп, құдайымызды тану адамзатқа да берілген сыны да болмақ. Ал, енді әлемдік тұрғыдағы ақылға сын белгі «хаяттарын»-өмір, тіршілігін, ғылымынан, құдіретінен түсіріліп тұратын белгілердің себебін, қуаттық әрекетін түгел танып білу түгіл, біздің өмір сүрген заманымыздағы жер бетіндегі аз ғана өміріміздегі болып жатқан хикметті құбылыстарға, белгілеріне,  оның сырын анықтауға да біздің меңгерген біліміміз, іліміміз, ақылымыз толық түсінуге жете алмайды.

Себебі қуаттардың артуымен бірге уақыттың да жылдамдығы, тағдырлық сипаты өзгеріп, біз уақытқа үнемі ілесіп жүруге ақылымыздың күші, жанымыздың жарықтық сапасы жете бермейді. Ол үшінде құдайдың өзінің түрлі сипаттағы жарықтық нұрларына, жолдарына, таза ақылдық ой қуттарына жалғану арқылы ақылымызды қуаттандыра аламыз. Сондықтан бұрынғы заман уақиғаларын, белгілерін түсіндірген әулие-әмбилердің, ғұламалардың насихаттарын да біз заманға қарай қайта жетілдіріп тозғанын жаңартып, ғылымдық сапасын жаңалап отыруымыз да шартты жағдай. Бұл Алланың ақпараттық өрілген шежіре жібі болып, қазақ сөз ұғымында бабаларымыздың өткен жолы, біздерге қалдырған аманаты, орындаған нәсілдік уәдесі, жандық тұрғыдағы қалдырған қазына байлығы болып саналады.

Аталар жолынан, яғни өткен заман тарихынан, шежіресінен ғұламалардың, пайғамбарлар мен елшілердің ғибратты істерінен үлгі ала отыра, біз өз заманымыздағы тағдырымызды тазартуға, пайдалы намаз орындау амалына айналдыра  айналдырамыз, ал оны қайта  бүгінгі заман оқиғаларына бейімдеп қалыптастыруға және болашаққа бағдар алып, алдағы ақиреттік және мәңгілік өмірімізге несібе болатын әлемдік қуатқа қуат қосып, көкке қазына жинауымыз да міндетті болмақ. Ал бүгінгі заман оқиғаларына бейімделу, намаз, құлшылықтарымызды жетілдіру үшін намаз оқуымызбен, жаратушымызға жалбарынып, дұға тілек тілеуімізбен байланысты және намаздарымыздың жұбы парын таба алуымызбен байланысты болмақ. Олай болса адамдық  құлшылық, сәждеміз болып саналатын ғылымды меңгерудің жолын табуға, және заманға сай білімдерді меңгеру де намаз оқудың ең маңыздысы болып саналады. Ал шариғаттан жоғары тұрған құдай жолы болып саналған, жанымыз арқылы ұйқы өліммен намаз оқуымыз, яғни ақиреттен сабақ алу, аруақтар арқылы берілетін аян, уахилармен жалғанып, бір ғылымды меңгеру кез келген пенденің қолынан келетін іс емесі де хақ.

Сондықтан ислам діншілері мұндай намаз оқудың құлшылығын меңгере алмаудан, оған қарсылық жасап дін шариғатын, бекіген белгілі шектерді қалыптастырған дін ісін шексіздік –жол атап Аллаға ортақ қосып жүргендерін өздері де аңғармай, әлемдік бүлікшілер мен тажалдықтың қақпанына халықтың ақылдарын байлаумен айналысады. Дін білімін, бағзы замандағы ақылдың қуатын бүгінгі заманның, уақиғалардың тағдырын, білімін меңгеруге айналдырып, ілімнің шексіздік жүйесіне жалғануды терістейді де ақылдың өркениетін мойындамай, дін ісін жоғары қоюмен зұлымдық жасап жүргендері де хақ. Ақылдың өркениетін, жете, саналық екі күнін жетілдіретін ақиреттік білім алудың, яғни намаз оқудың ұлттық дәстүрлік ерекшелігі болып, және ұлттық шығармашылық, өнер, білім, сөз ғылымына, діл, тіл білімдеріне шежірелік тек ағашының қалыптасуымен тығыз байланып тұратыны да хақ. Мұндай жағдайда дәстүрдің «Сандыбат» сарайының бір ішкі құлшылық түрі, іргетасы  болып қаланған исламға ортақ шариғат ісін, дін масхабтарын қиямет-қайымға дейін үнемі оқылып көрсетіліп отыратын құдай ісімен жалғанатын дәстүр деп атаудың өзі ақылдың негізделіп, жанның өркениетін терістеп, жындылық топтарға бөлшектенумен ғана маңызды болмақ.

Олай болса, Алламызды тану үшін; Жаратылыстың жалпы қалай пайда болуын, сыртқы-ішкі құрлысын, сырын, қуаттық түрлену әрекеттерін (бір жағдайдан екінші түрге трасформациялану), замандық қозғалыстың себептерін және адамзатқа берілген тағдырын танып білу үшін әлемдік тарихты, шежірені, өткен уақиғалардың пайда болу себебін зерттеп, және өзіміздің рухани жаратылысымызды ақылмен тану арқылы ғана біз болашақты болжап, жоспар құрып әрекет ете аламыз. Ал енді ақылдыңда өркениетін қалыптастыру құлшылығын меңгере алмай, білімділік тұрғысында біз әлемдік жаратылысты тану ғылымы түгіл, өз рухани болмысымызды шариғат тұрғысында, бағзы замандағы даналардың насихат білімімен ғана танып біліп алдық деген пәтуаның да ақылдың ойсыз білімге негізделіп, қара түнектің ықпалына түсуге ғана жол ашатынын естен шығармаған жөн. Себебі Алланы тану біздерге замандық тағдырлық, уақыттық жылдамдыққа сай ғана түсіріліп, оқылып отыратын үкімдеріне, елшілеріне берілетін құпия аяттарының ашылу сырына байланысты екені де хақ. Құранның құпия сырларын, аяттарын, ғылымын пайдалы білімге айналдырып, ал түнек күштерінің ықпалына жегіліп қарсылыққа айналған білімдерді тазартып, бейімдеп, толық меңгеріп болмай, адамзат баласы әлемдік жаратылысты да өз рухани болмысында толық танып алуы да мүмкін емес.

«Сендер білмейтін де көп нәрселерді жараттым» деген. Бұл сендер ондай әлемдегі құпия жаратылыстардың сырын мәңгілік білмей өтесіңдердеген емес, әрбір заманның ғұламалары өзін құдайға санап тәккапарланбасын деген үкім болып; бұрынғы заманның ғұламаларының ақылы жетпегендерін кейінгілер біліп, қатесін түзеп, толықтырып отырса, енді біз білмегенді болашақ ұрпақтарымызға ғылымы беріліп, білімін ашықтап, меңгере біледі деп түсіну керек. Олай болса, Алланың құпия сырлы жасырған ғылымынан адамзаттың ақылының жетілуіне қарай, замандық ағымға, өзгеріске қарай түсіріп, оқып отыратын нұрының егісі деп Имам Ағзамды құдай қылып, ханафилік масһаб тура жол, адамзатты мәңгілік бақытты қылады деген жалған ұғым, жалған тәңірге шоқынушылық болып саналады. Себебі Мұхаммед пайғамбарымыз ғана тұрақты Алланың елшісі, нұрынан үлес таратушы, шапағатшылардың басшысы, алғашқы болып елшіліктің құлшылық бірлігін, намаздық жүйесін қалыптастырушы, сондықтанда адамзат пен Алланың арасындағы дәнекері, аруақ-құраны, кітабы, бірлеушісі болып қала бермек. Аруақ-қол, ғұмыр кітабы, Алланың ғылымынан болса, онда ғылым Алланың құдіретімен бірге болып, аруақ жер бетіндегіадамзаттың өміріндегі екі аралық жаратылыстағы Алланың атқарушысы, қолы болады. Енді мұндай әрбір пайымдаудың, сөз ұғымдарының құран аятымен, кітаптарымен сандық тұрғыда бекітілген үкімі болуы шарт.

Аятта; «Мұхаммед саған биғат қылғандар (қол бергендер) әрине Аллаға қол берген болады. Алланың құдірет қолы олардың қолдарының үстінде. Сондықтан кім сертін бұзса, сонда өз зиянына ғана. Ал және кім Аллаға берген сертін орындаса, оған зор сыйлық береді.» (48-10)  Ол заманда пайғамбарымыз жынсыз, таза аруақты болғандықтан Алланың елшісі-құдіретті қолы болып, пайғамбарымызға жалғанған әрбір пенденің Аллаға да уәде, серт бергені болып, оны бұзған жағдайда азап немесе сый алуын шапағатынан деп түсінген абзал. Бұл құранның үкімін енді жоюға тырысып, Алламен екі арда дәнекер-елшілік болмайды деген исламдық тажалдықтың; «Мұхаммед соңғы елші» деген пәтуаларының өзі Аллаға ортақ қосу болып саналады. Себебі енді өмірге пайғамбарлар сияқты  жынсыз, қолы таза білекті, аруақты, киелі болып келу, діннің жаңдан түрін түсіруі де мүмкін емес, сондықтан Мұхаммед пайғамбарымыз соңғы деп аталады. Бірақ соңғы елші болса; онда Алламен арадағы байланыс жіптің үзілуімен шындықтың, шапағат несібенің яғни адамзаттың жанының түс көруінің тоқтауымен, ақылдың өркениеті қалыптаспауымен, «Алламыздың құдайлық сипаты өлді мәңгілікке» деген ұғымның, адам баласының «Бір»-ге, біртұтас әлемдік қуаттарына қосылуы да, яғни жандары жаннатқа енуі де жоғалдыдеген тажалдықтың пайда болуы да хақ.

Ал пайғамбарымызға үнемі жалғанып отыратын үмметі және көмекшісі болып, әр заманның өзінің 70сатылы  жындық қуатын, 70бұтақты иманын меңгере алатын, таза кісілікке жететін елшілері, әулие-әмбилері пайда бола береді, исламдық соңғы дін аясы насихат түсінігі де кеңіп, адамзаттың барлық тобын да, барлық білімдерді де ғылымға негізделу жүре береді, бүкіл әлем адам баласы бір ғылымға табынумен, Бір Алласын танып, исламның бірлігінде өмір сүретін заман да келеді. Қазақ дәстүрі ақылдың жоғарғы дәрежесін меңгерумен, адам баласының тұлғалығын қалыптастырумен байланысты болмаса соншама әулиелер, даналар, кереметін көрсете білген қожа, бақсылар қайдан шығар да еді? Дін исламының масһаппен түрлі дін топтарына бөлініп, шариғат ісін жол қылып алумен, ақылдың да жоғарғы сапасын меңгеретін әулиеліктің де жоғалып, құр білімге негізделген, кітабын арқалап жүрген есектерді пір тұтқаннан не өзгеріп жатыр? Керісінше құранды теріс түсінумен, бүліктің артуына ғана себепші болып жатқанын мойындаған абзал.

Енді осы тұрғыда, қазақ еліндегі адасушылықтың арты қияметтік уақиғаларға, ақылдың негізделуіне әкеліп соқтыратын түрлі жындылық топтарға, дін ағымдарына немесе әлемдік «Армагеддон» жындылыққа негізделген түнек күшінің ықпалына түсуімізге, ақылды, естілікті қалыптастыратын ар, ұятты жоғалтып, білімнің қуатын ақыл деп түсінуден пайда болғаны сөзсіз. Мұндай әлемдік арсыздыққа қосылып алудың себебі де дін-дәстүрімізді тіл, сөз жүзінде білімін ғана алып, оның ақылды меңгеруге бағытталған ғибраттарын, амалын, намаздарын тастап, және өткен тарихымыздағы адамзатты бір жеткен кейбір жетістіктерін, тәжірибелерінің білімін бөліп алып, оны бүгінгі өмірімізге сол қалпында көшіріп, салтқа айналдырып алып, оның басында тұрған даналарын құдайға айналдырып алудан туындайды. Қазақ елінің дін саясатында дін масһабтық ұстаным болғанымен ал іс жүзінде, тарихат, мағрипатты меңгеру тұрғысындағы намаздардың орындауларын халықтың дәстүрге айналған салтынан өзге елдерден әлде қайда рухани тұрғыда биік болып бірлікте, тұтастықта тұрмыз деп мақтануымыз да, аруақтың ғылымның жүйесімен, бабаларымыз меңгерген даналықтың жүйесімен жалғанып тұруымыздан ғана. Себебі біздің тектік ағашымызда, ділімізде, жанымызда масһабтық әулиелердің емес, кешегі өткен сопылықтың жолында әулиеліктің дәрежелерін меңгерген, сахабаларға, пайғамбарлар кітабына жалғана алған бабаларымыздың, аналарымыздың жандарының кітабымен, рұқымен, аруағымен де, жындық қуаттарымен де жалғанып тұрмыз. «Өзің су ішкен құдығыңа түкірме, есерсоқ жынды болма! » деген аталарымыз.

Қандайда болсын, адамзат ақылының даму заңдылығы даналықтың біртұтас жүйесі болып; уақытқа, заманға, әлемдік тағдырға бағынышты болмақ. Бір Алла дегеніміздің ұғымы да әлемдік уақыттың, тағдырдың, қандайда бір уақиғалардың барлық адамзатқа дініне, ұлтына қарамай бірдей әсері барын білдіреді. Бір Аллаға құлшылық ұғымы; әлемнің біртұтас ақпараттық, қуаттық яғни бір тәңірлік жүйеге бағынумен оған жалғанып, пайдалы қуат қосумен байланысты болады. Олай болса; Уақыт – бірліктердіңнегізгі жүйесі, Алланың да құдіретті қолы сипаты, атқарушы аруағы, өзі деп түсінген абзал. «Заманды жамандамаңдар, себебі Ол –Алла тағала өзі» деген пайғамбарымыз. Алланың барлығы, растығы, бірлігі де уақыттан, әлемдік тағдыр қозғалыстан ғана өзін көрсетеді. Ал уақыттың жылдамдығы, қуаттылығы, ырғағы, жиілігі Алланың өзінен,рухынан, таза ақылмен «Біздер» сипатымен басқарылып, мұны парасаттылық қуаттар жүйесі деп атауға да болады. Және жынсыз рухани қозғалыстың, тіршіліктің де болмайтыны, жыннан дененің қалыптасуымен, иман серіктің жетілуімен, жанның сауыты болатыны да естен шығармау керек. Сондықтанаятта; «Жындар мен адам баласы өтер болсаңдар, көкпен жердің шегінен (жаннатыма, жоғарғы орынға) өтіңдер, өте алмайсыңдар, бірақ бір-ақ қуатпен (аруақтық сипатпен) өтесіңдер» деген Алла тағаламыз.

Біздер жер бетінде өмір сүру барысында бұрынғы заман ата-бабаларымыз меңгере алмаған ілім-білімдерді жетілдірумен, олардың жүктерін-жындарын тазартумен, құлшылықта жетілдіріп, аруақтық кітабымыздың да сапасын арттырумен, пайғамбар аруағына ұқсастықта өсіріп көбейтумен, өз аруағымызды қосу арқылы ғана Мұхаммед пайғамбарымыздың соңынан, меңгерген дәрежеміздегі елшілікте, хабаршы болуға, мүміндерге көңілден-көңілге, жүрекке жарық қуат беруге, жәрдемге ақиретте сапқа тұрамыз. Аятта; «Аллаға, Елшісіне иман келтірсеңдер. Оны (біртұтас елшілерініңкөркем есімдерін, біздің шапағатшылардың аруақтарын) қуаттайсыңдар, Оны ұлықтайсыңдар және ертелі-кеш Оны дәріптейсіңдер.» (48-9) Иман келтіруді қазақ дәстүрінде; «Я Раббым, өліге иман, тіріге береке бер!» деп зияраттап дұға жасайды да; «Өлі риза болмай тірі байымас» деп аманаттаған. Аллаға, елшілеріне, пайғамбарларына, періштелеріне, кітаптарына, ұлықтық белгі болған сүйікті құлдарына иман келтірдік деп, біз әлмисақ уәдесін көлемді түрде қайталап, жарықтық қуатымызды қосуға уәде береміз де мұсылман болып саналғанмен, иманды бола алмаймыз. Себебі иманды жүрекке ұзақ жерден, көктегі жұлдыздарға жалғанып жүктеп алу үшін ақиретке сый жіберумен, қазақ дәстүрін толық меңгерумен ғана нәтижелі болатынын да естен шығармаған дұрыс болар.

Біз иманды, яғни ғылым нұрын өлілерге келтіру үшін құранмен оларға жәрдем берудің құлшылығын меңгеріп және мұны ата жолы деп атап, оның құлшылығын әр заманда уақыттың жылдамдығы да артып қуаттардың артуына, қарсылықтардың да ықпалы артып, сондықтан ғылымды, бір ақылды меңгерудегі намаз орындау амалдарын жетілдіріп отыруда міндет екенін білеміз бе? Олай болса өткен замандағы даналар меңгерген ақылдың да сапасы, біздерге қалдырған білімдеріндегі ой қуаттары бұл өзгерістерді меңгеруге қуаты жетпейтіні де хақ. Алланың жібін, түсірген жалғанған қуатын үзудің де адамзаттың азғындауына әкеліп соқтыратын, арап елдерінде масһабқа байланып, дін өркениетін, кейінгі замандық тағдырлық қуаттарды, аруақтарын меңгере алмаудан әлемдік қуат жүйесіне, Аллаға, елшілігіне, пайғамбарымыздың да аруағына періштелік қуат қосып, біздерді, есімдерін ұлықтау рәсімін «серік қосу» деп атаудан пайда болғанын білеміз бе? Ал періштелік қуат қосу дегеніміз тозақтағы ата-баба аруағын ұжмаққа екі аралық өмірге, ал ұжмақтағы аруақтардың кісілік, періштелік жандарын жоғарғы дәрежелі орынға көтеруге, артында қалған ұрпақтарының құранды меңгеру арқылы замандық білімнен, ілімнен пайда болатын жаңа сапалы қуаттарды, рухани егінін өсіріп, малдық қуаттық яғни ақша берумен сатылап жоғарға көтеруге себепші боламыз…(жалғасы бар. Қазан айы 2015 жыл.)

Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;  http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *