«Бір мәрте ақиқаттың жолына аяқ басқан халық, бұл жолда өз араларында қашан ұрыс-керіс пен талас-тартыс басталғанға дейін қала береді.» (704-хадис) Пайғамбарымыздың бұл өсиеті түркі халқына, оның ішінде тура жолдың, ақиқаттың негізін қалаған, сондықтан әлемдердің шежіресін, даналықтың, көркем сөздің құндылығын сақтауға бұйырылған мирастың егесі болған қазақ халқына арналғаны да хақ. Себебі қай елде тура жолдың негізі қаланса, сол елді сөздің құндылығы, жан ғылымының сыры, нақылдардың мол байлығымен ерекшеленуі тиісті. Бірақ, біздер замандар ауысуымен ғұлама бабаларымыздың арамыздан кетуімен байланысты, мұндай ақиқаттың жолынан бас тартып, ақылымыз азып, зұлымдыққа түсіп ақылымыздың шамасына қарай қайтадан өзге елдің жетілмеген дін салттарын, сөз білімдерін құндылыққа бағалап алғанымыз да хақ. Мұндай тарихи оқиғалар 4-5 рет қайталануымен, бұрынғы дәуірлердегі ұлтымызда ерекше қасиетті дарынды болған бабаларымыздың рухтары қайта түлеп, құдайдың елшілік істерін жалғаған, ақылдың сапасын жетілдіре білген әулие, ғұламалар пайда болып, жоғалған, азған дінімізді қайтадан тазартып, дәстүрімізді жетілдіріп, талай рет ақиқаттың жемісін де жеген ел екеніміз де сөзсіз. Оған ұлтымыздың сөз ғылымында, философиялық құндылықтарында жеткілікті шығармалар да, нақылдардың бары хақ.
Ал, қазірге таңдағы рухани жағдайымыз, «Өзімнен кейін менің қауымымды (араптар елін) қараңғы түннің түнегіндей тұнжыраған қапас басады. Таңертең дінге сенген адам кешкілік дінсізге айналады. Олар азғантай жақсы нәрсеге өз дінін сататын қауым құрайды.» (692-хадис) Пайғамбарымыздың өсиетіндегі және құран аяттарымен салыстыра отыра, әрбір сөзді сандық белгілерімен мұқият зерттегенде, әрбір өсиеттің белгілі бір топтарға, үмметтік жағдайға, елдердің де ерекшеліктеріне қарай айтылғанын білуге болады. Бұл өсиеттегі қауым сөзі үмметік сипат емес, пайғамбарымыздың шыққан ортасын араптар елін ашық ескертіп және 72 түрлі қауымдық (топтық) діннің пайда болуын, ислам дінінің белгілі бір азғана жақсылыққа яғни иманның, сенімнің белгілі бір шектерін, дәрежесін меңгеруге негізделіп алатынын ескертеді. Қазақ елі болсын, жалпы тура жолдың дін құндылықтары дәстүрлік тұрғыда қалыптасқан түркі елдерінің бәрі де көптеген уақыт европалық елдердің ықпалында болуымен, өздеріндегі мұндай діннің жетістіктерін, құлшылық намаздарын жоғалтып алып, рухани тәуелсіз мемлекет құру барысында осындай иман туралы білімін жоғалтып тек сенімге ғана негізделіп алып, түнекке түскен арап елдерінің дін салтын, иманды жетілдіру, қасиеттілік пен бір тектілікті қалыптастыруға арналған құлшылықтарынсыз құр жаратушыға жалбарынуға ғана арналған сенімділік білімін сол қалпында көшіріп алғанымыз да хақ.
Ислам дінін ұстаушылар болсын, мейлі өзге діндегілер болсын, мұндай жағдайда ең басты қателік; ақылдың маңызын, тек, қасиеттіліктерді меңгерудің амалдарын жинап қойып, белгілі бір діннің шариғаттың дін ісін, сенімділік тармағын тура жол атап; адамзатты құтқарушы құдайлық ілім, яғни ақиреттік, тылсымдық ақпарттардың жүйесіне жалғану есігі деп түсіндеретін болғаны да хақ. Сондықтан мұндай жағдайда бізге танылуға Алланың «ӨЗІ» аталған сипаттары; Алла тағала, Рабб (Құдайлық), Тәңірлік және елшілік Ол Алла сипаттарының ерекшелігін қуаттардың жүйесін мүлде есепке алмай «Аллаһ-шүкір» ұғымын жаратушы түп негіз деп түсініп, сенімділік арқылы сыртымызды түзеп, иман қуаттарының, ішкі дүниеміздің маңызын, тектілікті жетілдіруді, Құдай ісін, яғни Раббымыздың түсіргендерін, заманға қарай түсіріп оқылатын кітаптарының, аяттарының, уахи, белгі, хикметтерінің маңызын ескеруді мүлде тастап қойдық. Барлық қозғалыс сөзден, нұрдан басталып, ал нұрлы сөзден яғни таза ойдан ғана уақыттың туындайды. Сондықтан негізгі қозғалыстың себепшісі уақыт, оның мерзімдік жүйесі тағдыр екені де хақ. Уақыттық қозғалыстан ақыл пайда болады. Уақыттың ең негізгі себебі, яғни өзгеру бір жағдайдан қозғалыста келесі бір қозғалысқа ауысуы өлім болып, өлімді жеңіп, уақытты меңгерумен мәңгілік өмірге қосылу адамзаттың негізгі мақсаты болмақ. Адамзаттың барлық құлшылығының, өмір салтының, махаббатының да маңызы уақытқа, тағдырына иелік қылып және басқаруға жетуімен маңызды болып, жер бетінің халифалық дәрежесіне жетеді. Ислам дінінде де бұл жағдайды тағдырын тазартып, ақталып, иман, тек қуаттарын меңгеру арқылы тағдырын өзгертуге, Раббымыздан алған уақи, аяндарды меңгерумен қайта жазуға себепші құлшылық істерін мүлде артқа тастап қойғаны да хақ.
Сонымен уақыттың өзі, Алланың бізге мәлім сипаттары болып, біздің Григориандық күн тізбеміз Раббымыздың құдіретімен байланысты негізгі қозғалыс тегін қалыптастырады. Бұл біздің тағдырлық туылу, өлу, қартаю, ауру сияқты рұқтық, малдық қозғалыстық жер бетінің өмірлік уақытымызды қалыптастырады, уақытпен Алла басқарады. Сондықтан «Уақыт өзі емші» деген сөздің астарында; қандай да бір жанды жаратылыстың, ішкі тіршіліктің нәрі болған;«Раббымыз Алланың өзі емші» немесе «Құдайсыз қурай да сынбайды» деп атаймыз. Ал енді бұл уақыттардың сыртқы әлемдік жүйедегі қозғалысын қалыптастыратын; дәуірлік, замандық, ғылыммен құдіретті өзгерістермен, әлемдік тұрғыда бейнеленіп түрленумен байланысты тағдырлық сипатын Алла тағаламен байланысты әлемдік уақыт және оның мазмұнына қарай 8 түрден, жаннаттық жарықтардың сапасынан, 9 жолдардан тұратыны да хақ. Алла тағаланың құдіретті сипаттары жеті қанатты періштелік сипатта бейнеленеді. Негізінен табиғатпен, жер бетінің жаратылысымен, аймен басқарылатын бұл негізгі уақыттың «Григориандық» жүйенің ішіндегі уақыт болғанмен, барлық уақиғаларды әлемдік тағдырды бірлеп, тұтастығын қалыптастыратын қозғалыстық уақыттық жүйені біздер «Хижра» деп атаймыз. Хижра – әлемдік тұрғыда барлық жаратылыстың орны, баураушы дененің негізі, ақылдың бастауы деп білген жөн. Сонымен біздің сенімділік қуаттарымыз, сыртқы денеміз, дендік саулығымыз Алланың «Өзі» болған Алла тағалалық сипатына, ал ішкі имандық қуаттарымыз Алланың «Өзі»-Раббымыздың нұрлық қуатын, уақыттық қозғалыс жүйесін меңгеруге тәуелді болмақ.
Ал енді бұл екі уақыттық қозғалыстық сипаттың да сыртқы және ішкі жүйесінің арасын жалғап тұратын үкімдерін, істерін атқарушысы, орындаушысы болатын, барлық жаратылысты өсіруші түрлендіруші болып, оны Алланың құдіретті қолы деп біртұтас жандарды, періштелік дәрежеге жеткен жанаттық адамдардың аруағын айтамыз. Сондықтан Алла тағала; «Екі аралық нәрселерді ойыншық үшін жаратқан жоқпын..» деген аятпен ескерткен. Екі аралық дәнекер қозғалыс жүйесі болып, Алла тағалының көркем есімдері де үш түрлі жүйелік, тектік, қасиеттілік қозғалыстық сипаттардан тұрады. Бұл қозғалыстың негізі – жанды жаратылыстардың рухани өнімдері болып және барлық жер бетінің тіршілігінің тағдырына әсері болуы да хақ. Ал адамзаттың мұндай тағдырлық уақытын Аруақ деп атап; Мұның түсі қызыл болып, ең ұзын жиілік болмақ. Сонымен екі түрлі Алланың өзін, уақтық қозғалыс жүйесін меңгеру үшін де; әлемдік тұрғыдағы «Біртұтас адамдар» деп аталған аруақтық қозғалыс, рұқтық (Құдайлық, Рабб-Сары түс), әлемдік жандық қозғалыс (Алла тағалалық-Ақ түс) байланыс арқылы ғана барлық қозғалыстың арасын жалғап және оларды меңгеру қабілетіне де ие бола аламыз.
Енді Абай атамыздың «Мақсұт» атты әңгіме-поэмасын оқығандар болса; Қыдыр бабаның зияраттың жанында өсіп тұрған ағаштағы 3 түрлі жемістің; Сары, қызыл, ақтың сыры баяндалып, Мақсұттың алған қызыл жемісі әйелдермен байланысты екенін көрсеткен. Яғни үш түрлі Алланың өзі сипаты киелі ойпаттарда, Алланың достарының жерленген орындарында кездесетін бірлігі болатынын да естен шығармаған жөн. Бұл үш түрлі уақыттық қозғалыс жүйесінің бір-бірімен тығыз байланыста болып; бір жүйемен «Бір Алла» ұғымын да береді. Сондықтан санау жүйесінің негізі болып, бұл уақыттың ең ұзыны барлық әлемнің ішкі өмірімен сыртқы қозғалысты Алланың тәңірлік сипатын жалғап тұрушы Григориандық күнтізбе сары күш-қуаттың, байлықтың негізі сарымен байланысты болатыны да хақ. Негізінен «Хижра» замандық санау жүйесі болып; ақпен, топырақпен біздің ақылдық даналық негізімізбен байланысты «Жер ана, су ана, Хау ана рұқы қолда» дейміз. Пайғамбарымыз; «Үш рет анаңа сосын әкеңе» деп ескерткені де біз әуелі Алла тағаланың сипатын, даналық негіздерін меңгерумен ғана Раббымыздан «Әкеден» яғни сары нұр түспен ғана парасаттылыққа, күш-қуаттылыққа жалғана аламыз.
Сонымен парасаттылық, имандылық ақылды, адамзаттың ойлау, пайымдау қабілетін жетілдірумен, жер бетіндегі барлық қозғалыстың басқарушысы және 11-жұлдызға, айға байланысты негізгі уақыттың ішкі санау «Уақтық» жүйесінің де барын ескерген жөн. Қазақта бұл айдың үркермен тоғысы деп 11 циклға бөліп, табиғаттың өзгерісінің адамзаттың ақылына, парасаттылығына, имандылық істеріне, аруағымыздың сипатына да тәуелді болатынын біз біле бермейміз. Сондықтан негізгі әлемдік екі аралық ішкі қозғалыс; адамзаттың рұқ, жан өнімімен, тағдырлық кітабымен, әлемге қосқан қуатымен осындай үш қозғалыстың бірлік жүйедегі әрекетінен Алланың «Бір» және «Өзі» сипаттарының тұтастығы да пайда болады. Енді осы үш уақыттан да тысқары болатын әлемдік ішкі жүйедегі уақытқа бағынбайтын, түрлі қарсылықтардан тұратын, өлімсіз қозғалыс егелеріне тән адамзаттың мәңгілік болмысын, кісілікпен де байланысты тәңірлік басқарушы қуаттар жүйесін, уақыттан тысқары болып; тәңірлік деп атаймыз. Алла барлығын баураушы мекені болғандықтан Алладан басқа тәңір жоқ, мәңгілік уақыт деген осы ұғымнан пайда болады. Мекен— ең шексіз ұғым, онан кейін орын— Раббымыздың сипатынан, ал барлық жанды жаратылыстың егелерінің денесі болатын Алла тағала аймен, көктегі су қорымен, жеті қабат жердегі, теңіздегі жолдармен байланысты болмақ. Алладан басқа тәңір жоқ делініп, негізгі барлық қозғалыс жүйесі осы тәңірлік қуаттардың әсерімен, қарсылығымен ғана қозғалып уақыттық, тағдырлық шаманы құрайды. Бұл негізінен қара қуаттардың жүйесі болып, барлық қуттардың қараға жұтылуымен қайта шағылысып түрлі қуаттардың пайда болуын, өзгерісін қалыптастырады. Әлемдік тұрғыда «черная дыра» деген бар. Ал енді бұл қараның жер анамен де байланысты болып, жер әлемнің барлық қозғалысы жер ананың түрлену әсерінен пайда болатынын да білген жөн. Жаратушымыз бастапқы жерді жаратқанда бұл қара қуаттарды жерге жасырып және даналықтан парасатты көкке бөлек ерекше қорғап қойғанды. Сондықтан бұл тәңірлік уақыттан тыс қара қуаттар біздің ішкі дүниемізде де, екі аралықта да, жалпы әлемде де табиғатта, жаратылыста бар. Яғни Алла Бар деген де осы мәңгілік қозғалыстық негізден шығып біз мұны қажетімізге, шамамызға қарай тек қылып меңгеруіміз керек. Бір тектілік мәңгілік жанды қалыптастырып, тәңірлік сипатқа ие болумен бірдей.
Ал әлемдік тұтастық жанның қуаттарының ғылымдық, кереметтілік, рахмандық, рахимдік қоры, яғни сегіз сипаттық түрдің негізі Алла тағала ұғымын Мұхаммед пайғамбарымызды қалыптастырып, құранның оқылуы да Алла тағала ғылымымен, құдіретімен байланысты болса, қалған барлық сүнеттерімен құдай ісі болып аталатын кітап түсірілу, кітап берілу сияқты амалдардың Раббымызға шүкірлік, құлшылықпен байланысты екені сөзсіз. Сонымен уақыттың жартысын да меңгере алмай және жалпы әлемдік жүйенің тұтастығына ашық қарсы болған масһабшылардың Мұхаммед пайғамбарымызды «Хижра» дәуірлік, замандық уақытпен тудырып, мәуліт деп еске алудың жылда ай, күні де өзгеріп отыруымен, пайғамбарымыздың өмір жасынан осы кезде 2 жыл 4 айын ұрлап алып, барлық күнтізбемен орындалатын миғраж түні сияқты құлшылық күндерін «Хижраға» айналдырып, әлемдік қозғалысқа ашық қарсылықпен тажалдықты туындатқаны, яғни ақылдың азуын, парасаттың жоғалуына да себепші болғаны да хақ. Мұндай уақыттық қозғалысқа, ғылымдық жүйеге қарсылықтан жер бетіндегі зұлымдыққа түскен жандық, рұқтық өнімнің артуымен немесе жанның өнім бермеуімен, екі аралық қозғалыс уақыт жүйесінің «Уақтық» сипаттары екі негізгі қозғалыстық жүйеге де әсер беріп, адамзаттың жер бетіндегі өмірінде тосыннан апаттар, азаптар, табиғаттың да құбылыстары пайда болса, ал имандылық, тектік қуаттарының сапасын жетілдірумен, жаннаттық жандардың артуымен, керісінше жер бетінде мамыражай тыныштық болып; алтын ғасыр орнайды.
Біздің сенімділігіміз, біліміміз, қасиеттілігіміз, таланттылығымыз болған адамдық махаббатымыз, Раббымызбен жолығып жинаған иманымызды дәрежелеп көбейтумен ғана нәтижелі болады. Сондықтан құдайшыл болу, шүкірлікті меңгеру құлшылықтардың негізі – намаз орындауымыз болмақ. Олай болса пайғамбарымыздың; «Мен саған(1) Құдайға құлшылық етуіңді өсиет қыламын, өйткені Құдайға жалбарыну-жақсылық атаулының басы. (2)Құранды үнемі оқып отыруға кеңес беремін, бұл сен үшін аспандағы естелікпен, жердегі жарық сәулемен тең болмақ. (3)Пайдасыз сөздерді көп қолданба, бұл сенен шайтанды аулақтайды, дін жолындағы істеріңе жеңілдік туғызады. Көп күлуден сақтан, ол адамның жан сарайын бүлдіріп, жүзіне көлеңке түсіреді.(4) Дініңе ең қажетті нәрсені ізде, өйткені ол менің қауымымның басталар жері.(5) Бақытсыздыққа ұшырағандарды сүй, соларға серік бол. Өз жағдайыңды өзіңнен төменгілермен салыстыр, жоғарғы тұрғандармен салыстырма, (6)бұл қолыңда барды жоғалтып алмаудың бірден бір жолы. Егер жақын адамдардың өзі сені жалғыз тастап кетсе, сен олардан безбе, араласып тұр.(7) Шындық қанша ащы болса да, Алланың аты үшін оны ауызға алып тұр. Жаман адамдардың қастандығынан қорықпа. Өз кемшілігіңді бағдарла және өзгелердің кемшілігін таратпа.» (288-хадис) Пайғамбарымыздың өсиеті адам баласының ақылының жетістігі болған жетелікті қалыптастырудың қағидасы десек қате емес. Сонымен дін ғылымындағы қазақтың бүгінгі таңдап алған діннің негізі масһаб білімінің басты қателігі; «..1. Құдайға құлшылық етуіңді өсиет қыламын, өйткені Құдайға жалбарыну-жақсылық атаулының басы…» деген құлшылық ұғымының екі аралық қозғалыс егелеріне шүкірлікті, рахмет айтуды ұмытып, мұндай имандылық қуаттарды, тектерді меңгерудің намаздарын жоғалтумен байланысты екені хақ. Құранда; «Алла бір адамға кітап, даналық және пайғамбарлық берген болса, сонсоң оның басқа адамдарға; «Алланы қойып маған құл болыңдар» деулері лайық емес. Бірақ; Кітапты үйретулерің, оқуларың бойынша нағыз Құдайшыл болыңдар» деулері лайық.» (3-79)
Олай болса пайғамбар өсиетіндегі; «2.Құранды үнемі оқып отыруға кеңес беремін, бұл сен үшін аспандағы естелікпен, жердегі жарық сәулемен тең болмақ..» деген сөз ұғымының астарында Құдайдың қызметшілері, «Мен, Маған құлшылық қылыңдар» деген сөздің ұғымы да аспандағы Алланың мүлкі көркем есімдермен байланысты жұлдыздармен және жер бетіндегі кісілік нұр сәулелермен байланысты болып, құранды жаттап алу немесе арапша оқу емес, қазақ дәстүріндегі аруақтарға құран бағыштауды және тозақтық болған аруақтардың басын көтерумен, олардың жын қуаттарын тазартуға қосымша жүктелумен байланысты; «..5.Бақытсыздыққа ұшырағандарды сүй, соларға серік бол..» деген өсиетті масһабшылар, діншілер «шерік қосу, серік қосу» деп атайды. Бақытсыздыққа ұшыраған ата-анамыздың жандарының тозаққа түсіп және тектік тұтастықтағы ағайындарымыз, ұлтымыздың ақиретке кеткен аруақтарының басын көтеруге құран оқу арқылы құрбандық қанымен қуаттық алмасуды қалыптастыратын дәстүрлік ата жолымызды мазаққа айналдырып алдық. Яғни бұл пайғамбарымыздың, «Кімде-кім мұсылман дінінде жоқ жаңалық ойлап тапса, ол жоққа шығарылады» (770-хадис) деген өсиетке сүйеніп, ислам дініндегі жаңалық деп түсіндіреді. Бірақ құдай қалауынсыз қазақ әулиелері осындай дәстүрді қалыптастыруы, тарихи шежіреге айналуы да мүмкін емес. Мұндай жер бетіндегі Раббымыздың аяттарымен ғана болатын ашық дәлелдер арқылы Алладан мұғжиза алып, осы кезге дейін бастарынан хикметті көріністердің болуын, халыққа ем –шипа, нығметтердің түсіп жатқанын мойындаудан неге ашық бас тартады? Ата-баба шежіресінен, дәстүрінен бас тартып, тарихтағы болған нақты оқиғаларды, Алланың мұғжизасы мен хикметін Алладан басқадан келген деп терістеу «серік, шерік қосу» деп атау имандылық түгіл, мұсылмандыққа жатады ма?
Енді имандылықты меңгеруде пайғамбарымыз; «Иман 60 бұтақты және 70 бұтақты болады» деген өсиетін қалдырыпты. Иманның жеке өзі де адам баласының тегін сақтап, қорғап тұра алмайды. Мұндай жағдайда сеніммен, құлшылықтармен күзетілмеген иман жоғалуға, таусылуға тән болады. Сондықтан ақыл білімділікке байланысты деннің сенімділігін қалыптастыратын, намаздарының құшылығын да меңгеріп, адамзаттың сыртқы бой өрісін, күзетші денсаулығын, бақшасын да қалыптастыруда маңызды екені сөзсіз. Мұндай жағдайда қазақ дәстүрімен ақылдың даналыққа негізделген иманның 60 бұтақты қуатын меңгеруді жетелік деп атаймыз. Жетелік ақылдың қалыптасуы пайғамбарымыздың; «…(1) Құдайға құлшылық етуіңді өсиет қыламын, өйткені Құдайға жалбарыну-жақсылық атаулының басы. (2)Құранды үнемі оқып отыруға кеңес беремін, бұл сен үшін аспандағы естелікпен, жердегі жарық сәулемен тең болмақ. (3)Пайдасыз сөздерді көп қолданба, бұл сенен шайтанды аулақтайды, дін жолындағы істеріңе жеңілдік туғызады. Көп күлуден сақтан, ол адамның жан сарайын бүлдіріп, жүзіне көлеңке түсіреді.(4) Дініңе ең қажетті нәрсені ізде, өйткені ол менің қауымымның басталар жері…»деген өсиеттеріне сәйкес әрбір қауымның басталар жерін табу, шежіреге Алланың құдіретті қолы болған дін жібіне жалғануды; «Қабір басына барып тұрыңдар, бұл сендердің болашақ өмірлерің туралы ескертеді.» (467-хадис) деген өсиетпен қазақтың ел билігі қудалаған ата жолының құлшылық әрекетінде тағдырларын тазартумен, ата-баба аруағынан аяндармен болашаққа бағдар алуға, сонымен бірге даналықты қалыптастыратын, саналыққа жол ашатын; 6-шы күндік (чакра) өріспен байланысты болатыны да сөзсіз. Ал мұндай құлшылықтың сипатын аятта; «Әй мүміндер! Алланың ашуына ұшыраған елді дос тұтпаңдар. Олар кәпірлердің қабырдағылардағыдан күдер үзгендей, ақиреттен күдер үзген.» (60-13) Өлгендерді еске алмай, олардың тағдырларына, тарихи оқиға қасиеттілік қуаттарына аян арқылы жаныңмен жалғана алмай қандайда бір ақталудың, тазарудың, имандылықтың қуаттарын жүктелудің маңызы жоғалады. Және ақиреттің мұндай білімінсіз, намазын орындамай; жердегі сәуле, Алланың нұры, кісілік аруақтармен жалғанбай және аспандағы жұлдыз болып жанып тұрған, көрінетін, көрінбейтін көркем есімдерден парасаттылық қуаттарымен жалғанып, бір біртектілік пен қасиеттіліктерді меңгермей, иман өзінен-өзі бізді іздеп, мені ал деп мешіттерге, үйдегі намаз оқып отырған жерімізге келмейді.
Сондықтан да Раббымыз; «Мұхаммед: «Барлық мақтау (құран оқу, зікір) Аллаға лайық. Және сәлем (зияраттау, құран бағыштау) Алланың таңдаулы құлдарына лайық. Алла жақсы ма? Немесе қосқан ортақтары жақсы ма?»,-деп сұра!» (27-59) Алланың таңдаулы құлдары әулие-әмбилер, пайғамбарлар, елшілердің Алланың өзі, біздерге көрсетіп білдірген жақсылығы екенін ашық ескертіп, егер бұл аятқа қарсы шыққанда Аллаға ортақ қосу болып саналады. Және бұл иманның 60 бұтақты қасиеттілік сипаты түркілік діннің дәстүрі болып, әулие-әмбилерінің аруақтарына табыну арқылы құдайға сыйынатын құлшылық амалдардың, барлық діндердің жалғасы болып табылатынын да аятта; «Мұхаммед онда олардың табынғандарына байланысты күдікте болма. Олар ата-бабаларының бұрыннан табынғандары құсап табынады. Әрине біз олардың сыбағаларын кемітпей береміз.» (11-109) Бірақ қазіргі таңда мейлі қандай да бір құран аяттарынан, пайғамбар өсиеттерінен мысал келтіргенмен де, мұны дін ғалымдарына да, ел билеушілерге де мойындату мүмкін емес. Себебі ақыл, иман туралы барлық тәрбиенің осындай дәстүрлік үлгілерінен бас тартуымен, саналықты меңгеруге тиісті білімді аталған қауымның жетелерінің де жабылып, сезімдік ақылға немесе екі естілікке негізделіп қалған. Ал негізделу дегеніміз иманның қуаттарын меңгеру амалдарын ұмытып, бас тартып, өздерінің меңгерген бір білімнің саласын, өзге елдердің әдетін, салтын немесе діннің салаларын алып, соған бар ақылдарын қамап тығырыққа тірелумен байланысты. Ал мұндай жағдайда жетелік ақылды меңгермей саналықтың қалыптасуы мүлде мүмкін емес. Біздер жетелік ақылды меңгеру арқылы ғана өз нәпсіміздің жағдайын бағалап, танып, жүректі жаман ойлардан қорғау үшін де рухани тазарудан, ақталудан яғни өлімнің сатыларынан өтіп ақиретпен жалғанумен ғана құлшылығымыз, адамдық тектілігіміз нәтижелі болмақ… (жалғасы бар)