XV-Ойға түрткі, ақылға дем       Жындылық пен адамдық және аманатқа қиянат қылмау туралы

Бөлім: Ойға түрткі ақылға дем 106

    Алла деп – түп негізді жаратушы, барлық әлемнің нұры, жарықтың негізі болып,  бүкіл әлемді баурап тұрған; тәңірілік қуат иесін айтамыз. Түпкі жаратушымызды ақыл, біліммен танып, құлшылығымыз арқылы тікелей ешқандай дәнекерліксіз, екі аралық жаратылыс киелерінсіз жалғануға, біздер ақылымызды да жеткізе алмаймыз және жақындай да алмаймыз. Себебі Алланың негізі; біздің әлемнен тыс, барлық әлемді де, ішкі жаратылысты да баураушы қабы, бейнелену, кеңістіктен орын алу шегі, Алланың құдіретті сипатынан болып саналады. Ал енді бізге ақылымызға лайық танылу үшін, жаратылыс әлемнің ішкі қадірі, қасиетін ,барлық жаратылыстың жанын; Алланың өзі –Алла тағала деп атаймыз.

    Алла тағала ақ түсті жарықтың негізі және жеті қанатты періштелік сипатында ұғынуға лайық болмақ. Ақ түстің ішінде жеті түрдің болуымен, жеті жолдың негізін құрайды. Алланың барлық тәңірлік сипаттары 8 түр болып ақ түстің ішіне жасырылған, сондықтан да Алланың бір тәңірлік хақтығы, растығы Алла тағаламен бейнеленеді. Алламызды тану үшін аятта; «Көрдіңдер ме? (аян, уахимен) Алла тағала сендерге көктердегі, жердегі нәрселерді бой ұсындырды (сәжде жасатты). Және сендерге көрнеу, көмес нығметтерін толықтастырды (барлық метафизикалық, физикалық қуаттық жүйелерге жалғану) Сонда да ешбір білімі, не тура жолы болмаған кейбір адамдар, Алла жайында таласады.» (31-20) Бұл аятқа ақыл тоқтатқан есті адам ислам ғалымдарының тек шариғатпен, масһабпен көмес, көрнеу және әлемдік барлық қуаттық жүйеге жалғанып, жаратылысты толық меңгере алуымыз мүлде мүмкін емес екенін, яғни қазақ ұлтының мирасы тарихаттық, мағрипаттық сопылық тұрғыда жазылған шығармашылықтың міндетті түрде керек екенін растап тұр.

    Олай болса, жоғарғы санатта, сандық сипатта философиялық – ойшылдық тұрғысындағы қалыптасқан қазақ даналарының еңбектері бұл аяттың хақиқатына да лайық екені сөзсіз. Енді Алламызды тануды, қазіргі таңда Ханафи масһабының білімін меңгерген ислам ғалымдарынан, мешіт, муфтият имамдарынан ғана сұрап, оларға табынып, шоқыну керектігін күнде естуге болады. Яғни; «дінге біздер иеміз, толық білушіміз» деген ұғым шығады.  Ал аятқа жүгінсек; «…(барлық қозғалыс, заман уақыт, оның қызметшілері) Біртұтас осылар, Раббыларың Алланікі. Иелік Соған тән. Одан өзге табынғандарың бір ұрық қабынн (жарық денеге, ар сауытына) ие емес.(13) Егер оларға жалбарынсаңдар, дауыстарыңды естімейді. Мүбәда олар естісе де сендерге жауап қайтара алмайды. Сондай-ақ қиямет күні олар сендердің ортақ қосқандарыңнан танады. Толық хабар беруші Алладай саған ешкім түсіндірмейді.» (35-14) Ал ұрық қабы дегеніміз қазақта «ар сауыты» деп сегізінші өрістің негізін атағанын да жадыңызға тоқып алыңыз.

  Олай болса, Алламыздан толық хабар, мағлұмат алып, дінімізді, өзімізді түсіну үшін, санадан да жоғары арлы болу үшін тек қана шариғатпен, бес парыз намаздарымен, тәпсірлік біліммен шектелу надандықпен ақылды қазыққа байлаумен ғана аяқталады. Ол үшін де біздердің жер бетінде толық адам болып қалыптасу үшін біздерге бой ұсынған, Алламыздан ақпараттық тұрғыда қуаттарды жеткізуге қызметке тұрған көктегі, жердегі, екі арасындағы барлық көмес, көрнеу жаратылыс иелеріне (киесіне) жалғанып, мәлімет хабар алуымыз керек. Мұндай жағдайда қарсылық күштерден, жындардан тағы басқа нәрселерден керекті, керексіз қуаттарды, ақпараттарды да алып жалғанып оларға табынып кетудің де қаупі зор болмақ. Демек мұндай тәңірлік қуаттардың да тазарту сүзгіден өткізіп, бізге керекті өз шамамызға, тазалығымыға, арлылығымызға  байланысты хабарлар мен қуаттарды меңгеруге де екі аралық дәнекерлік күнәдан пәк, жаннаттық тұрғыдағы жаратушымыздың қызметші періштелері;  Арлы, ұрық қабына, «шарға» иелік қылған құлдары, достары болуы да хақ.

    Сондықтан да Алла тағаланың орынбасары жер бетінің істерінің басқарушысы, халифасы болуға  Адам атамызды рұх – Әкені ақ топырақтан өзіне ұқсастықпен Ар сипатты қылып жаратуымен барлық жанның өркениетінің соңғы тұрағы, әрбір пенденің ішіндегі тұрақты елшісі, екі аралық дәнекер болып; Адамдық қасиетпен рұқ пен жанның бірлігі Мен болып аталады.  Ал енді көместік сипатымыз; Адам деген ұғым – қуаттық жүйе, пенделік болмыс емес, метафизикалық тұрғыда «Ол Алла» болып және жалғыз туылмаған, тумаған, жаратылған және Алланың сөзінің, рұқының бейнесі, растығы болмақ. Егер туылуға, көбеюге лайық болса, онда қара түнек күштерінің жаратылысы жындық қуаттың қатысы да міндетті болуы да шартты болмақ.  Сондықтан да алғашқы жаратылысындағы Адам сипаты барлық қуаттардың жарықтық сапаға, періштеге айналып, кеңістікте өз орнын денесін-кісілігін, ар қабын алуымен, Алла тағаланың 8 сипатты қадір, қасиеттерінің кіші көшірмесі болып табылады. «Сендерді бір кісіден жараттым, одан оның жұбайын жаратып, сендерді тараттым» деп ескертеді Алла тағала.

     Біздер енді Алла тағаланың өзі; Ол Алла сипаты болған; Адамнан яғни оның негізгі ішкі тегі, қадірі Мен-махаббатынан, арынан жаратыламыз.  Абай атамыз; «…Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және хақ жолы осы әділетті..» деп адамзаттың жалғыз жаратылған Адам-Ар тектен тарағандықтан бір-біріне адамдық-махаббат, арлылық тұрғысында бауыр болып саналатыны ескертеді. Ал, енді Алланың хақтығы адамзаттың ішінен өзінің түсірген сөзін, дін жолын растыққа айналдыра білген, әділетінің кепілі пайғамбарлары, адамзаттың арыстары болып танылады. Біз Алланың растығын, барлығын өзінің біздерге білдірген хикметті білімдері, жаратылыс табиғаттағы күші және ақылмен қабылдауға көрсеткен ашық дәлелдері, ғайыптан, көместен үздіксіз беріліп жатқан хабарлары хақтығы арқылы ғана тани аламыз.

   Ал енді хақ туралы аятта; «Осы дәлелдер бойынша, шын мәнінде Алла; Ол, хақ. Күдіксіз Ол, өлікті тірілтеді (сендерге ақирет  хабарын осылай білдіреді). Өйткені, әр нәрсеге күші жетеді.» (22-6) Ислам ғалымдары жалпы әлем діншілері өлілердің қайта тірілуін мүлде ұзақ, қиямет-қайымда деп, Алланың күшін әлсіретуге осылай ортақ қосып, ібілістің ұрпағына айналып алғандарын білмейді. Ал енді адамзаттың бір-бірінен туылғанымен, біздің барлығымыздың ішімізде жаратылыстан; Ол алла – Адамның, махаббатының үлгісі болып «БОЛ» сипаттылар арасынан ең жақын ұқсасы Ғиса  және Мұхаммед пайғамбарымыз және арыстар болып саналады. Ал енді бұндай пайымдауға «серік қосу» деп дінші, масһабшылардың жүрегіндегі қарсылық шайтандарының ызасын келтіретін пәтуамызға да құран арқылы дәлел келтіре кетейік.

     Аятта; «ОЛ, Аллаға  (Алланың елшісіне) байланысты өтірік жала қоя ма? Немесе оның (Мұхаммедтің) жындылығы бар ма? Жоқ олай емес. Ахиретке сенбегендер, азапта және ұзақ адасуда.» (34-8) Әрине Мұхаммед пайғамбарымыз жер бетінде пенде болып туылғанмен, Алла тағаланың нығметімен; Адам – Мен сипатын толық меңгерген, бір қуатпен көк пен жердің шегінен өте білген, екі аралық елшілікті жалғастырушы және мәңгілік Алла тағаламен арадағы дәнекер елшісі – Ол Алла сипатынан болып саналады.

   Енді жер бетіне жаннаттан түсіп, балшықтан қайта жаратылған Адам атамыздың алғашқы құранды да алған пайғамбар болып аталғанмен; толық «Ол Алла» сипатты болып саналмай, себебі енді жер бетіне түскен ібілістік барлық теріс ойды, білімді, діндердегі қарсылықты да түгел меңгеріп, ілім мен білімнің ортасын ұстанып, әлемдік тағдырмен, шежіремен жетілген құранды да толық алуы да мүмкін емес еді. Сондықтан талай ғасырлар өтіп, бастапқы жаннатта оқылған құранның енді «Мен» — Адам арқылы кейінгі келген барлық пайғамбарларға, елшілерге түсіндіріліп, оның қарсылығы да үнемі жетіліп отырумен ғана соңғы келген Адамның екі ұрпағының бұл қадір мен қасиетті меңгеруінің де себебі құранда ескертілген. «Шынайы меңгеруші Алла әр нәрседен жоғары  (төбедегі аспан денелері БІЗ). Мұхаммед саған уахи бітуден бұрын Құранды оқуға асықпа да: «Раббым білімімді арттыр!»,-де. (114) Рас Адамға үкім (аян, кітап) берген едік. Алайда, ол ұмытты. Оны төзімді таппадық.» (20-115) 

    Сонымен Адам атамызға аянмен ескертілген нұрландырушы, әрбір кедергіден сақтандырушы «Мен» сипатының үнін, құдайдың үкімін ұмытып, нәпсінің қалауына шайтанның азғыруына сеніп, бой өрісін, жарық киімін, зейнетін жоғалтып алудың белгісі жер бетіндегі адамзаттың барлық ұрпақтарына тағдырлық кезең, кедергі, міндетті түрдегі тағдырлық аманаты болып жүктелді.

   Ал мұндай қарсылықты енді меңгеру үшін адамзатқа ібілісті білім тұрғысында жеңуге, жындық жүктерді меңгерумен өзіміздің денемізді, өрісіміз, зейнет киімімізге яғни жарыққа кісілікке қосып алып, бір қуатпен Алла тағаланың жанына қосылумен байланысты болмақ. Мұхаммед пайғамбарымыздың сүннеттерінің де нәтижесі құранның тылсымдағы жұбы, парын елшіліктің кітаптарын түгелдей аян арқылы жанымен оқып,  құпия аяттардың ішкі сыры, ғылымын жанға жазып меңгеру құлшылығын, рұқтан  аманат жүктерді әрбір пенденің жеке-жеке жол-жоба алып, жанының өркениетін қалыптастыру еді. Олай болса жандық жүктелу мен рұқтық жүктелу және оның екі арасын жалғап тұратын ақылды да соған лайықты қуаттандыру, Алланың нұрынан таза ақылдан несібе, ризық алу шариғатпен ғана меңгеру мүмкін емес екені хақ. Ал енді бес парыздық намаз оқудың да нәтижесі, «Раббым білімімді арттыр!» деп құдайдан сұрап қалайда біздерге ілім тұрғысында ібілісті жеңген әулие-әмби ата-бабаларымызға мирасқа алған кітаптарына, аруақ ғұмырларына жалғануға, аманаттарымызды меңгеруге ұлықсат алумен байланысты екені сөзсіз.

    Ал мұндай жағдайда заман білімін де тазартып меңгерумен жындық, жандық яғни ұлттық тек, нәсілдік тұрғыдағы ата-бабалардан ауысып келе жатқан аманаттарды жүктеліп тазартуға, өзіміздегі жаратылысымыздан тағдырмен де алған күнәларымыздан ақталуға да, өзіміз өмір сүрген заманға, уақыттық қуаттық әсерлер мен ақпараттық жылдамдыққа сай үлгі керек. Себебі бұрынғы замандағы қандайда бір құпия білімдердің, аяттардың, құлшылықтағы амалдардың міндетті түрде қарсылық білімі, теріс ойлы аяты, сөз ұғымдары да жетіліп отыруына байланысты жаңадан қуат көздерін, өмірдің нәрінің ақ бұлақтарын ашып отыруға да міндетті болмақ. Аспан денелерінің үнемі жаңадан жұлдыздардың пайда болуымен ақпараттық «матрица» — құс жолының да кеңіп отыруы да бұған ашық дәлел болмақ.  «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деген даналарымыз.

   Сондықтан жындық қуат пен шайтандық қуаттың арасын адамдық Мен арқылы қосып, күнәлі сипатқа яғни шайтаннан болған жындарға айналудан яғни баспен байланысты өлім сатысынан өтіп, ақталып қана Адамның рухани ұлы болудың құлшылығын меңгру үшін де;  күнәсіз рухтан, Алланың сөзінен жаратылған Ғиса пайғамбарымыздың дін сәждесінің  үлгісіне жалғанумыз  да шартты болмақ.  Енді керісінше, пенделік тұрғыда күнәдан пәк болмай туылған, бірақ Алла тағала хикметімен өлім сатысынан жастай өтіп, жүрегі пәк қылып тазартылған Мұхаммед пайғамбарымыздың негізінде ақталумен, қайта өлім сатысына Ғиса пайғамбарымыздың дін құлшылығын меңгеруге мұқтаждық болмай, тек қана жанды тазартып, жетілдіріп, көбейтудің үлгісін және барлық діндердің бірлігінің алғы шартын, намаздық ортасын меңгерудің үлгісі болғаны да хақ.  

   Ол кезеңде сахабалардың және исламға кірген көпшілік мұсылмандардың христиандық, тәурат діндерін меңгергендер, ата тегінде дін ақпараттары кітабы жазылғандар болғаны да сөзсіз. Бірақ замандар өте көптеген ғұрыптық амалдарды ібілістің ұрпақтары құлшылықтан шығарып тастап,  бұл ақпараттардың мұсылмандар тегінен, жанынан өшіріліп жойылуымен және христиандық ғұрыптардың мүлде қарсылыққа түсуімен, мұндай дін ғибраттарының ғұрыптық тұрғыда негізі қалған түркілердің барлық діндердің басын қосып жетілдіруге тиісті болғаны да Алла тағала тарапынан құдіретінен, ғылымынан дәлел екені хақ. Түркілер үшін шариғат бес парыз намаз оқу деген діннің ортасы болмай,  керісінше інжілдік, Ғиса пайғамбарымыздың рухани ақталу үлгісі болып, алдымен күнәлі рұқымыздан ақталудан өтіп, ішіміздегі өсіп, бекіп қалған тегіміз шайтаннан болған жындарымызды бір ақылға бағындыруға; Адамдықты меңгерген Алла құлдарына, достарына құран арқылы мәжбүрлеп  сәжде жасату да шайтандардың жамағатының, Ібіліс ұрпақтарының жүрегіндегі қарсылығын түртіп оятып,  ашу-ызасын тудыратыны да сөзсіз. Мұндай жер ойпаттарына Раббымыздың алдында ақталудан өтумен ғана намазымызды орындаумен, сауап істермен ғана намаз оқудың құлшылығына бой тазалығын сақтап жанды жетілдіруге, әрбір пенде өзінің тағдырына лайықты жол-жобасын алуға тарихат, мағрипат болып қалыптасқан ата-бабаларымыздың мирас нұрландырушы кітаптарына жалғанғанда ата дәстүріміз болып қалыптасқан; ата жолының құлшылығын меңгеруімізбен ғана Адамдықты бір қуатты меңгеріп, «Бір Аллаға»қосылып; Ол аллалық, жалғыздық сипатпен мәңгілік өмірге қадам баса аламыз.

    Ислам діншілерінің әлемдік тұрғыдағы рухани бүлікке «экстремизмге» апарып соқтырған; «шерік қосу, серік қосу» деп рұқтық тұрғыдағы аманат жүктерін ғұрыптық тұрғыда меңгеруден халықты да азғырып, мұндай діндердің бірлігінен бас тартып, бөлек-бөлек масһабтарға, тарихаттарға бөлініп алып, шынында бәрібір тағдырлық тұрғыда еріксіз жүктеліп,  ал бес парыз намаз, мешіттер арқылы рухани ақталып, жер ана рұқына жалғануға, көктен, аспан денелерінен нұр алып жүректерін тазартуға және екі аралықта кісілік нұрға жалғана алмай жаппай жындылыққа түсумен ғана байланысты екені сөзсіз. Бұл әлемдік азғындықтан  ішіндегі «Мені» — құдай елшісі адамдығын тыңдауға қарсылық білдірген қазақ елінің діншілері де шайтанның жамағатына, ал басшылары ібілістің ұрпағына айналып алғаны да хақ. Аятта; «Алланы жасынға шығарған немесе өзіне ешбір уақи етілмесе де; «Маған уақи етілді» (Тек қана тәпсірлік білімдерді мойындау, өзін уақи алушы ғылым, сопы санау) деген, Алла түсірген сияқтыны (пайғамбар сүннеттерін, құранның құпия аяттарының білімі қайта аян түсіндірілуін, іштен елшілігін) мен де түсіремін (құранды жетік меңгерген ғалыммын)» дегеннен кім залымырақ? Мұхаммед өлім қиналысында періштелер қолын (әулие-әмбилер аруағын) созып; Жандарыңды (хикметті білімсіз, жетілмеген) шығарыңдар! Бүгін Аллаға қарсы орынсыз сөйлегендерің, Оның аяттарын (біздер арқылы көрсеткен аяндарын) менсінбегендерің (жорып амал қылмағандарың) себепті қорлаушы азаппен жазаланасыңдар» дегенін көрсең!» (6-93).

 Олай болса, қазіргі таңда жер әлеміндегі барлық діндердің, діншілердің де жынданбағаны жоқ десек жалған емес. Мұндай жағдайда қазақ дін дәстүрінің үлгісі ғана әлемді бұл тығырықтан (замкнутый круг), ақылдың азуынан, жанның жоғалуынан құтқара алатыны да хақ. Бірақ дін тазалығының, тура жолдың үлгісі болуға лайық деп құдайдың таңдап алып өз патшалығына шақырған ұлтымыздың және өзге ұлттардың да адасып, жындылықтың сорақысына түсуге  ата жолының да; «сұңқар, аққуларының» қарапайым шариғаттан, масһабтан білімсіз надандықтары мен ашық арсыздығы да себеп болғанын алда баяндаймыз  … (жалғасы бар. Ақпан 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *