Пайғамбарымыздың, «Әрбір жүз жыл сайын сөз атауларының ұғымдары өзгеріп отырады» деген өсиетімен байланысты, құранның таңбаға байланысты арап тілінде тұрақты өзгеріссіз үні болып, арап елі үшін үгіті де насихаты да өзгеріссіз болады. Себебі әлемінің дамуына байланысты ислам елдері өзге елдерден өзара сөз алуымен, таңбаның жетіліп, үндердің де өзгеруімен; тілдің үндік даму заңдылығы да сөз ұғымдарының, атау сөздердің қуаттарының өзгерісін де туындатады. Және мұндай әрбір өзгерістің қарсылықтар арқылы ғана дамитынын да білген жөн. Сондықтан арап елі орта тұрақты үммет болып, ал өзге тілді үмметтер әрбір жүз жыл сайын ұлттық тілдегі құран аудармасының ұғымдары өзгерістерге ұшырап, жаңадан ұғымдардың пайда болуымен де, құранның жаңадан насихаттарының аяттарының сырын ашып отыруы міндетті болмақ. Мұндай жағдайда білімнің жетістігіне, ойдың үніне байланысты болатын; ақылдық қуаттардың да дамуымен бір ақыл жетеліктің қалыптасуында, замандық себептік қозғалыстардың жылдамдығына, қуаттардың өзгеру шамасына, білімнің де түрлі құпияларының ашылып, білімнің үні ойдың ақылға қуат болып қосылуына да байланысты ұлттық тілдің де қуаттылығы, кеңістігі артып отырады. Ал мұндай жағдайда қай елдің таңбасында үнемі өзгеріс пен жетілгендік болса, онда сол елдердің сөз байлығы да, ақылдың өркениеті де дамып отыратындығына дәлел болатыны да сөзсіз. Сондықтан да біздер өзіміздің ұлттық тұрғыдағы тіл біліміміздің, ақылдық қуатымыздың шамасын, жаңадан енген, меңгерген сөз атауларын, біліміміздің пайда-зияндылығын және замандық тұрғыда жоғарғы сапалы саналық қуатының шегін білу арқылы ғана болашағымызды қалыптастыруға мүмкіндік аламыз.
Ол үшін де біз артта қалған тарихымызды, шежіремізді де жетік білуіміз керек. Мұндай жағдайда да бізге белгілі бір ұлттық тұрғыдағы, жоғарғы дәрежедегі ақылдың сапасын қалыптастыра білген даналарымыздан қалған шығармашылық туындылары керек. Осындай өз арамыздан шыққан ақыл иелеріне даналарға табынып, олардың аруақтарына жалғану арқылы біз өзіміздің ұқсастық тұрғыдағы жанымыздың дамуына сәйкес және жаратылыс табиғатымыздан ұқсас болған дерек көздеріне жалғанып, замандық оқиғалар мен білімдердің де төмен-жоғары сапаларын анықтауға мүмкіндік аламыз. Бұл жетелік ақылдың сапасының қалыптасуына себеп болып, біздің ақылымыз мұндай жағдайда бос қиялдың соңғы нәтижесі болған белгісіз білімдердің соңына түсіп адаспайтын болады және ата-бабамыздың аттары мен есімдеріне жалғанған, бейнеленген қуаттық кітаптары, өткен тәжірибесінің тағдырлық жұлдыздық орындарына жалғанған, біздердің тән, жанымызда тазартып байланысуға, сұрақтарымызға жауап алуға да болатын 700 санды белгісі болып, сондықтан мұндай себептердің, тағдырлық, қасиеттілік оқиғалардың өмірімізде міндетті түрде қайталануы болатынын ескеріп, қандай жағдайда бақытқа немесе қайғы-қасіретке апаратын әрекеттерді анықтап аңғаруға мүмкіндік туады.
Біздер ұлттық тұрғыдағы ата-бабаларымыздың тылсымдық кітаптары, тағдырлық оқиғаларына жалғану арқылы мұндай шежірелік тағдырымызбен иірілген мәңгілік «Мен» жанымыздың негізі болатын Алланың жібіне жалғану арқылы ғана біздердің ақылымыз сырттан, өзге елдерден де ештеме іздемейтін болады. Мұндай ақылдың пайда болу шамасын сөз түсіну қабілетімен байланысты «ЖЕТЕ» деп атаймыз. Жетенің жеті киелікпен байланысты; Күн-әулие, Жер-әулие; Жел-әулие;Қыз-әулие; Тұз-әулие; Ат-әулие; Ит-әулие деген қуаттардың жүйесін меңгерумен де байланысты болмақ. Қандай заманда болсын, тек қана Меккелік арап ұлтынан басқа елдерде, әр ұлттың тілдік ерекшелігінің үндік жетістігіне, таңбасына қарай сөз ұғымдарының байлығы да қалыптасып отырады. Сондықтан мұндай сөз байлығын меңгерумен түрлі рухани қасиеттіліктерге жалғанумен, адамгершілік махаббат тұрғысында рухани егінін өсіріп, ұлт бақшасын жетілдіре білген әулиелер, даналар, елшілеріміз арқылы Алла тағаланың негізгі 99 көркем есімінен жалғанған әр ұлттың рухани кітабы, тіл, діл білімнің негіздері ата-аналарымыздың жеті аталық шежіресімен де байланысты жалғанған ұлттық рухани байлығымыз, саналық қуатымыздың ақ бұлағы болып, ұлттық көркем есімдер жүйесі де қалыптасады. Осындай жалғасты келе жатқан мирастарды орындап, арттағы ұрпаққа ата-баба дәстүрі арқылы аманаттап отыратын жан ғылымының негізі болған имандық қуаттың да; Алланың жібіне жалғану ерекшелігіне байланысты дерек көздері жер есігі, көкке сатылары қалыптасып, яғни ойпаттардан өсірген көркем сөз ағаштары арқылы адамзаттың қуаттарының өзара алмасуы атқарылып отырады. Біздер ұлттық сөз ұғымдарын меңгеру арқылы жер есігі, киелі орындар-ойпаттарымыз арқылы ғана ата-баба имандық тектеріне, көктегі жұлдыз орындарына, яғни есімдерге, «біз»-дерге жалғанумен жалпы әлемдік тұрғыдағы ілім-білімді, соған байланысты түрлі дәрежедегі қуаттарды меңгеруге ақылымыз еркіндік алып, қуаттық шамасы артып, білімнің, ілімнің таразысы болуымен қандай өлшемде де әрекет ете алуға мүмкіндік болады. Ал мұндай ұлттық дәстүр негіздегі жетелік ақылымызды қалыптастыра алмаған жағдайда түрлі қорқыныш сезімдердің үстемдігі артып; өміріміздің болып жатқан сынақтарын ауырсынумен, болашағымыздың қандай болатынына күдіктенумен, мұнан шығатын жол-жобаның сан алуан түрін ойлап тауып дүние байлыққа шоқынумен, өзара партиялар құрып жіктелумен, ұлтшылдықпен, көреалмастық сезімдермен де байланысты ақылдарымыз бірленбей, бір естілік жетілмей, даналықтың өзі екі естілікке айналып, халықтың түрлі қайшылыққа түсуі де хақ. Мұндай белгілі сенімдік топқа бөлініп негізделген сезімдік ақылға байланғанда қандағы шайтанның ықпалына түсіп, белгілі бір құндылықтарды асыра бағалап, қаралық жын қуаттарына қосылумен (шерік қосылу) түрлі жындылық қылықтардың әрекетін туындатып, топтарға бөлініп, әр топ өздерінің жындылықтарын дәріптеп және замандық сынақтардан да осымен құтқарыламыз деп түсінумен, жалпы халық та дағдарысқа ұшырап тығырыққа да тіреле бастайды.
Сонымен қандайда бір иман қуаттарын меңгеріп жалғану үшін, алдымен ақылды жетілдіретін көркем сөздің түрлі қуаттарын, астарын ұғыну қабілетін жетілдіріп барып, оның арғы жағындағы тұрған біздің ағзаларымыздағы, тәніміздегі тазарған ақыл, тек ошақтарындағы орындарға, құлшылығымызға тылсымнан жауап болып, белгі түсіп, мұндай ақпараттардың жанымызбен түс көру арқылы қабылдап, мұндай сөзбен жеткізуге мүмкін емес күйлерді ұғынатын қасиеттілікті жетілдіруді қажет етеді. Ал бұл күйлер; ақиреттік, тылсымдық өмірден біздің ата-аналарымыздың жай-күйімен байланысты болып, ал мұндай ақпараттарды меңгеру үшін де ілімділікті жітілдірумен сенімділіктің білімінде, яғни құлшылық амалдарында не қажет екенін түсіну керек болады. Ал мұндай рухани ахуалды күйге біз жан дүниемізді тазартумен, ақталумен Раббымыздың күнделікті сағат сайын, минут сайын беріліп көрсетіп жатқан хикметті белгілерін, аяндарын, уахиларын меңгерудің жолына түсумен ғана нәтижесін береді. Яғни біздің ата-бабамыздың қаншама ғасырлардан бері тарихи сындардан шыңдалған, тәлім-тәрбиеге, өмір сүрудің салтына айналған ата дәстүрімізді толық меңгеру арқылы ақылдың мұндай сапасын — жетелікті меңгеруге мүмкіндік болады.Сонымен біздер жетелікті ата-бабамыздан қалдырған мирас құндылықтарын әдетімізге, әдебімізге намаз орындау қылып алумен оңай меңгере аламыз.
Ал саналық ақылды әрбір адам баласы жетелік ақылдың толымдылығын қалыптастыру арқылы ғана, яғни «қырық қожаны қырқадан асырумен» бір естілікті қалыптастырып, төбеден келетін «тоғыз төрені» құлшылықпен меңгеріп, ілімде іздену арқылы және дарындылық қасиеттіліктерді меңгеру жолында бір тектілікті қалыптастыруға негізделген әлемнің құпия сырларын, жаратылылыс себептерін танып, олардың өзара байланысын, пайда-зиянын тексеріп, әлемдік тұтастық бірлікке еніп және бұл байланысты ақылмен, біліммен басқара білетін тұлғалық сапаны айтамыз. Абай атамыздың, «Единица болмаса, не бітірмек өңшен нөл..» деген насихатының да сыры мұндай саналы адам баласының Ар қабын да жетілдіруге шамасы келіп; саналы, арлы тұлғалардың қандайда бір заманда болмасын, ел билеуде халықты жетістіктерге жеткізуге, рухани тазалығын қалыптастыруға да шығармашылық тұрғысында да өз орнын қалдыратыны да сөзсіз. Құдай да өз дінін тазартуға, халықты тура жолға көпшілік арқылы емес, бір адам арқылы ғана барлық адамзатты жолға салатынын ұмытпаған жөн. Мұхаммед пайғамбарымыз арқылы әлемнің болашағын, бақытты өмірді қалыптастыру үшін күресетін саналы адам баласын қалай жетілдіріп қалыптастыруға болатынынан үлгі қалдырғаны да хақ. Ал қазақта мұндай саналы тұлғаларды Төре, Қожа, Текті абыз, билер атаған.
Ал енді біздерден бұрын өткен саналы бабаларымыз қандайда бір өздерінің өмір тәжірибесінен, құлшылық істерінен иманды жетілдіріп, оны қорғап, күзететін сенімділік қуатын меңгерудің білімдерін қалдырғанмен, оған қарсылық күштердің, тажалдық білімнің де қалыптасуымен бұндай білімдердің өзара араласып кетіп, олардың ақ-қарасын ажыратпай, дін ісі болған шариғаттың амалына айналдырып, ал оның тәпсірлік білімін біз ақылдан биік қоятын болсақ, онда қарсылық күштердің ықпалына жол ашып, сеніміміз тажалдың қақпанына түсіп, мұндай жағдайда сезімдік қысқа ақылдың басқаруында болып, тағдырлық имандылығымыз болған жан еркіне де бағынбай, сөз ұғымдарын өзгертумен, түсіну қабілетін шектеумен жүрек көздерінің жабылуына, яғни меңгерген дініміз, құранымыз жүрекке қадалған тікенге айналады. Мұндай жағдайда сезімнің, қысқа ақылдың немесе білімділікке негізделген қарекеттік ақылдың талабынан пайда болған жындылық мінездердің нәпсінің басқаруында болған адамзаттың жаппай бүліншілікке ұшыруы басталады. Мұндай негізделуден құтқаратын жол саналы ата-бабаларымыздың қалдырған шығармашылық тұрғысындағы мирастарын, нақылдарын, сөз ұғымдарының астарларын меңгеру арқылы ғана бір естілік, жете қалыптасады. Бұл жолдың өте нәзік ар, ұяттылықты, әдептілікті сақтаумен жаратылыстың тілін, ақиреттің сырын, жан ғылымының білімін түсіндірген сөз ұғымдарынан ғибрат алуды, ұлттық тәрбиелік жүйеге айналдырып, ал мұндай құндылықтарды меңгерген ағайындарымыз кемелденген жағдайда адамнан адамға иман жарығы, қуаты болып ауысатын ұждандылық қасиетімен, «Төртеу түгел болса, төбеден келеді. Алтау араз болса ауыздағы кетеді» деген нақылға сәйкес 60 бұтақты имандылықты меңгерумен нәтижесі де айқын көрінетін болады.
Ал қазіргі таңда ислам әлемінде Раббымыздың үкімін; «Баланы екі жасқа дейін емізу керек, қырыққа келгенде ақылы толады» деген аятын да теріске алғандар тажалдық білімді насихаттаушыларға айналғаны да хақ. Себебі құранның әрбір сүресі жыл сандарымен сәйкес болып; 114 жылдық ақылдың тербелісін, жүйесін белгілейді. Мұндай жағдайда біздер жасымыз 60,61-ге толмай 60-бұтақты иманды толық меңгеруіміз де мүмкін емес. Ал 70 бұтақты имандылықтың пайғамбар жасына жетіп, үлкендікті меңгеру арқылы ғана нәтижелі болатынын да жадыңызға тоқып алыңыз. Қазіргі қазақтың рухани өміріндегі жағдайдың шиеленісіп, халықтың мәңгүрттеніп, жетелік ақылын меңгере алмай жатқаны да үлкендер қауымының білімділікті ақыл қылып алып, ілімді меңгеруден бас тартып, керісінше жастардың ақылы толмай, білімдерін амалға айналдырмай, ілімнің соңына түсіп, ана сүті аузынан кеппеген балаларымыздың халыққа ақылшы болып, діннен билік айтумен байланысты да ақылды аулаудың, түнекке ойды шектеудің әрекеттері де кешенді түрде ел биліктің қолдауымен атқарылып жатқаны сөзсіз.
Сондықтан да мұндай ұлттық сөз байлығымыз, сөз ұғымдарының дәстүрге сай болатын жетелікті, тағдырлық иман қуаттарын меңгеру арқылы оның киімін, зейнетін қалыптастыратын сенімділік құлшылығын, дін намаздарын меңгерумен байланысты болса, ал бұндай жағдайдағы бізге қажетімізді өтейтін сеніміміздің, білімнің ақ-қарасын ажырату үшін құдайдан аянмен, уахимен белгі, шындық алуы үшін де иманның парасаттылық қуаттарынан қосымша көмек қажет екені да хақ. Олай болса, Алланың көркем есімдеріне жалғанған құдайлық қуаттардың иелері болған; әулиелер, пайғамбарлар, елшілердің көркем есімдерімен, шежіремен түпкі тектермен жалғанып, Алла тағаланың сегіз сипатын бой жарығымызға алып, денеміздің ар сауытын қалыптастыру арқылы бір тектілікті меңгере аламыз. Олай болса, пайғамбарымыздың; «..4.Дініңе ең қажетті нәрсені ізде, өйткені ол менің қауымымның басталар жері.» деген өсиетімен де байланысты болады. Жалпы арап халқының ұлттық сипатқа тұтастыққа айналуы төл шежіресінің басталар жері; жаһилет дәуріндегі майда тайпалармен, исрайылдық еврейлермен және Ыбырайым пайғамбарымыздың ұлы Исмайлдан тараған ұрпақтарға, руға байланысты болып, негізгі түпкі тегі Ар мен Ғұндар екені де хақ. Сондықтан діннің ең қажетті нәрсесі әлемдік тұрғыда тұтастыққа айналуға, Алланың жандық жібіне толық жалғанумен, яғни ақиреттік біліммен, шежіремен жалғанып, сол арқылы Нұх пайғамбарымызбен аралықты жалғап, Адам ата қауымымен де тұтастықты қалыптастыру болмақ. Исламның бірлігі деген ұғым да осыдан пайда болады. Олай болса аяттағы; «Алла жолында мал сарып қылғандар мысалы: Әр сабағында жүз түйір өскен жеті сабақты ұрық тәрізді. Әрі Алла кімге қаласа, неше есе арттыра береді. Алла тағала тым кең, әр нәрсені білуші.» (2-261) Негізгі жеті сабақты қасиеттіліктің, қазақ дәстүріндегі тектілікті сақтаудың үлгісі жеті атамен және адамзаттың толық шежіресін қалыптастыруда жеті арыспен байланысты екені де хақ. Сондықтан пайғамбарымыз «Мен жеті сүйекпен сәжде жасауға бұйырылдым» деп ескерткенді. Мұндай астарлы сөз ұғымдарын, құран аяттарының түсінігін меңгеріп зерттеу үшін де; «…3.Пайдасыз сөздерді көп қолданба, бұл сенен шайтанды аулақтайды, дін жолындағы істеріңе жеңілдік туғызады…» Олай болса біздің пайдаланып жүрген сөз атауларының ұғымдарын қайта сараптап пайдалы сөздерге айналдыру, ұғымдарын зерттеу сан ғылымының негізін меңгеру арқылы ғана мүмкін болады. Және уахиды, аянды меңгерумен, кітап алумен Алланың өзінен, яғни құдайдың сүйікті құлдарынан парасат егелерінен сұрау арқылы ғана нәтижесін беретінін ұмытпаған жөн.
Сонымен пайғамбарымыздың жеті сүйекпен және ағза мүшелерінің екі аралық жаратылыстың басты себепшісі болатын, әулие аруақтарының есімдері арқылы аспан денелерімен, яғни жұлдыздармен байланысты болып қуаттарына жалғану арқылы ғана ақылдың жоғарғы дәрежесі саналық өрісті қалыптастырудың маңызы зор екені хақ. Бұл мүшелер; 1.Маңдайда тағдырлық орын мен қос шекеде белгісі (Қайназар ата) болады. 2.Желке қарақұста (Жамбыл ата, Қызыр баба) белгісі. 3.Иықта. 4. Шынтақта. 5.Қос алақан. 6.Қос тізе. 7.Табанмен жер ана рухымен жалғанумен байланысты белгілері болады. Ал қандайда адамның ағзаларының, бұлшық еттерінің, сүйектерінің де екі аралық жаратылыс қуаттары көмес жұлдызшалар арқылы, жер ана рухы арқылы да аспан мүліктерімен байланыста тұратыны да хақ. Олай болса, бұл белгілер тура жолдың негізі болып,1.Жеті қарақшы; 2.Шолпан; 3.Құйрықты жұлдыз; 4.Сәре жұлдызы; 5. Шам жұлдызы болып табылады. Ислам дін ғалымдарының, қазақ ел билігі, зиялы қауымның да ең үлкен қателігі де тажалдардың алдауына түсіп Имам Ағзам Ханафи масһабы тура жол көрсетуші деп, құдайға айналдырып алуында екені де хақ. Ал аятта; «Ол, құрлық және теңіздің қараңғылықтарында сол арқылы жол табуларың үшін жұлдыздарды жаратқан. Расында аяттарымызды білетін елге ашық түсіндірдік.» (6-94) (100) Негізінде осындай тұтастық Алланың жүзін «Бізді» құрайтынын аяттың мәні мен сүре қосындысы әшкере жария қылып, білдіріп тұрғаны да сөзсіз. Мұны білетін ел тура жолдың мирасын алған, пайғамбарымызға, сахабалар жолына тікелей жалғанған, ал масһабтың Ханафилік намаз оқу тәсілін ғана алып әлемдік барлық діннің қазығын қаққан Ясауи бабамыздың еңбегін бала-шағаға мазақтатып қоюға себепші болған; зиялы қауымның ұлттық сөз байлығын меңгере алмаған жетесіздігінен ғана деп түсіну керек. Сонымен Мұхаммед пайғамбарымыз адамзаттың бастапқы жаралысымен бірге біздермен жол көрсетіп байланыста тұратын жұлдыздардың ішіміздегі рұқтан елшілік белгісі , яғни адам баласының «Мен» құдайлық кісілік сипатының белгісі болып; «Мұхаммед; «Егер Алла қаласа еді, мен Құранды сендерге оқымас едім де, оны сендерге білдірмес еді. Расында мен бұдан бұрын іштеріңде өмір бойынша болдым. Сонда да түсінбейсіңдер ме?»,-де» (10-16) Сонымен әрбір адам баласында құдайлық негіз өлмейтін «Мен», яғни «Іштегі елші» болып, біздер осы менімізді тазартып, елшілігімізді меңгеру арқылы ғана иманнан қуат аламыз.
Олай болса, біздер құлшылығымызда ата-бабаларымыздың бізге қалдырған үлгілі тектілікті, қасиеттерді меңгерудің ғибраттарына табыну арқылы ғана құдайға сыйынып, жәрдем сұрауымыз керек. Яғни бұндай құлшылықтың жағдайын; «Маған құлшылық етіңдер» деген Раббымыз, яғни Құдайымыз. Сонымен адамзаттың имандылық қуатын меңгеруі де адамзатқа ортақ тектерге жалғанумен, біртекті болуымен ғана саналық қуатты, сенімділігімізді құлшылық намаздарымызбен қалыптастыра аламыз. Енді аяттағы жеті сабақты әлемдік тұрғыдағы адамзатқа ортақ қасиеттілікке, яғни жеті жолға, жұлдыздарға жалғанумен бұл жұлдыздарға байланысты біздердің тәнімізде де 700 белгі нейрондық жарық ошақтары болуы керек. Және бұл жарық белгілері біздің өсіп-өнуімізге, күш қуатымызға себеп болып, сонымен бірге меңгерген кітабымыз болып, біздердің ақылымыздың іздейтін барлық сауалына ақиретпен бейнеленген жауап жарығы болып саналады. Сонымен бірге бұл сандар жылдармен байланысты 700 жылдық шежірелік кезеңмен ақпараттық жалғануды білдіреді. Мұның енді 200 белгісі жүрекпен болып, 500 белгісі жалпы тәндік тұрғыда болмақ. Европалықтардың философиялық ұғымында 500 саны қуаттық жүйені білдірген жағдайда жиі кездеседі. Ал қазақтың дәстүрінде бұл толық белгіні тектілік тұрғысында үш жүзге бөлінудің сырын да үш арыстық белгіні біз ділімізбен, тегімізбен тағдырымызда белгімен алатынымызды және оған байланысты арыстардың ерекшелігін, жан ғылымын ислам дінінен бұрын меңгергенімізге дәлел болады. Ал енді төрт арысты меңгеруді; «Төртеу түгел болса, төбеден келеді» деп түсіндіргенде де дініміздің, дәстүріміздің ерекшелігін білдіреді. Сонымен бұл әрбір сабақтағы жүз дәннің негізі арыстармен байланысты болып; 1.Ақ арыс-Мұса пайғамбар; 2.Жан арыс-Жүсіп пайғамбар;3. Бек арыс-Дәуіт пайғамбар. 4.Арыс-Иса елші-Искариот; 5.Арыс-Ғиса пайғамбар, 6.Арыс-Сүлеймен пайғамбар. 7. Арыс-Мұхаммед пайғамбар. Біздің әулие, дана бабаларымыз мұндай құпия сырды меңгергендіктен, ұлттың ішінде жүзге бөлініп қырқысу түгіл, жалпы әлемдік тұрғыда өзге ұлттарды діннен бөлек деп санамаған. Ал 60 бұтақты иманның бейнесі; Жетелік ақылмен, тектілікпен, қан тамырының тазалығымен, табанның ағарып, қаралықтың сылынумен, бақсылық істермен, емшілікпен сипатталады. 70 бұтақты иманның бейнесі; Саналықпен, көру, сезіну қасиетінің тазалығымен, аяндарды меңгеріп кітап алумен, ғылымды болуымен ерекшеленеді.
Ал енді бұндай ақпараттық тұрғыда иманның жетпіс бұтағына жалғанудың, яғни жеті арыстың негізі діндердің жолын қалаған пайғамбарларға, арыстардың жандарына, көктегі жеті жолдарға жалғанумен дәрежеленеді. Ал енді бұл пайғамбарлар, арыстар негізінде 9 әкеден, яғни төрелік тектен тарайды. Ғиса пайғамбарымыздың рухани әкесі мен Жүсіп атты екінші әкесі болса, Мұхаммед пайғамбарымыздың да өмірге келтірген және тәрбиелеп өсірген екі әкесі болғанына тарихтан жақсы таныспыз. Пайғамбарымыз; «Негізінде пайғамбарлардың әкесі бір тектен тарап, ал шешелері ғана бөлек» деген астарлы өсиетінде осындай әлемнің арыстық, дін тұрғысында тұтастықта болатынын да ескерткенді. Алғашқы үш арыстан барлық қалған арыстардың тарайтынын да жадыңызға тоқып алыңыз. Және бұған 40 шілтен қожаларды қоссаңыз; «Қырық қожаны қырқа асырмай,Тоғыз төре төбеден келмей, иман тұрмас» деген қазақтың имандылық туралы даналығы пайда болады. Бұл жердегі төбеден келетін төре-кісі, иманның нұры болып, сәуле шапағат болып санаға қосылып, 9 рет жүрекке зейнеттеледі. Ал 40 қожа болса; қасиеттік, тектік бейімделу, ой-саналық қуаттарды меңгеру және табандылықпен байланысты қуаттар жүйесіне жалғанумен ерекшеленеді. Иман қуаттарын меңгерудің сандық белгісі 9 және 49 болып келетінін ескерткеніміз де осындай рухани жүйемен меңгерумен байланысты екені де хақ…(жалғасы бар) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер; http://btk.atazholy.local/