Адамзатты көргізіп, естіртіп, ойлантып, сөйлетіп, бүкіл жаратылыстың барлық жандыларынан артық қылу үшін де жұп-парлылық жаратылыс негізінде жындық қуатты меңгеруге және өзіне құлшылыққа қойғаны да хақ. Аятта; «Жын мен адамзатты өзіме құлшылық қылулары үшін жараттым.» (51-56) деп адамзат пен жынның біртұтас екенін ескертеді. Егер екі түрлі жаратылыс болса; адамзат «ЖӘНЕ» жынды деп ескертер еді. Жыннан ібіліс жаратылғанымен, оған оның баласы тұрғысында «Әкеге» тікелей ықпал етуге мүмкіндігі жоқ. Алланың нұрлы сөз рұхтан; Әке, бала және киелі (қанатты) періште болып бейнеленсе, ал жынның қара түрден да жанға ақ түрге қарсылық (рұққа емес) «Әке» сипатын меңгеруге құштар болмақ. Сондықтан да; «Ібіліс ұрпағы-жыннан шайтан», «Қара кісі» болып, адамзатпен бір тұтастықта, бір қуатпен ғана Ақ кісі – Адам болып қалыптасуы керек. Демек, кісіліктің екі сипаты бар. Адамның екі баласы болып, кісіліктің сипаты жаратылыстың басынан басталады. Бірі садақасы қабыл болып құдаймен жалғанған, екіншісі сараңдыққа түсіп садақасы босқа кеткен ібілістің ұрпағы болып, аманатын жоғалтып алған. Аятта; «…Раббым, Туралық келтірген кісіні де, ашық адасудағы кісіні де жақсы біледі» де.» (28-85)
Ал, енді әрбір пенденің рухани тұрғыда танымын, тіршіліктік әрекеттерін меңгеруге, жаратылысқа бейімделуге 8 түрлі малдық, яғни жындық қуаты болып, оны бір кісіге, бір ақылмен басқарылуға бірлеуге міндетті болып; «Сегіз қырлы, бір сырлы болу» деген қазақта. Тіршіліктің бастауы барлық жанды жаратылыстың басқарылуы; Ақ, Көк, Қызыл қуат негізінде қараны меңгерумен ғана; «Төртеудің түгелдігі» қалыптасады. Басқарушы үш қуаттың адамзаттың Адамдық болмысы «Мен» сипатынан болып, жер анамен рұқымен тығыз байланыста тұруы да хақ. Адам баласы нәресте болып өмір есігін ашқаннан кейін 40 күн өткенде, қазақ дәстүрі болып қалыптасқан суға шомылдырып, шашын, тырнағын алады. Осы кезеңде бұл үш түрлі қуаттық негіздің «Мен» болып саусақ, тырнағы және бас терісі мен орайы арқылы ену кезеңі болып саналады. Жас нәрестені қырқынан шығарудың қазақ ғұрпы болып ежелден қастерленгенінде де ғылымдық маңызы зор екенін білгені де сөзсіз.
Сондықтан мұндай істі атқарушы жасы келген, тақуалықты меңгерген кемпірлердің, таза дәретпен орындауында да үлкен жауапкершілік бар. Қазақтың жас баланы тәрбиелеу мен өліктерді жерлеу, артына түрлі ғұрыптық шараларының да осындай рухани заңдылықтармен байланысты екені де хақ. Қара қуаттың, жындық қара түнек күштерінің көк қуатпен тез араласып ықпал етуге мүмкіндігі зор. Қазақтың дін ұстанымында көкке бағыну, аспан мүліктеріне тәуелділікті сезінудің маңызы зор болғаны, сондықтан ар- ұяттылықты сақтау, бойды жетілдіру үшін бас киімнен бастап барлық тәннің ағзаларын қорғаудың мінездің қалыптасуына әсері барын да түсіне білген.
Сонымен ақ, қызыл, көктік қуаттың негізінде 8 жындық қуаттың жас нәрестенің 40 күннен бастап бойында «Мен»-адамдық, иман дәні-рухани қуат болып бейнеленіп орнығады. Сол сәттен бастап «Мен» жанның басқаруымен періштелік өмірі басталып, барлық қимылды көріп, естіп, жауап беруді меңгере бастайды да. Абай атамыздың «Сегіз аяқ» атты өлеңі де осы жағдаймен тікелей байланысты екені сөзсіз. «…Ит үрсе бала Таяғын ала, Қуады итпен кектесіп. Ұрысқансып «ой» деп, «Ұят» деп «қой» деп, Үлкендер тияр «тек» десін. Оны білсең, мұның не? Мен де ұят іс қылдым де (сондай жын-шайтанды болдым де)... Атадан алтау, Анадан төртеу, Жалғыздық көрер жерім жоқ. Ағайын бек көп, Айтамын ептеп, Сөзімді ұғар елім жоқ. Моласындай бақсының Жалғыз қалдым-тап шыным!». Жындылық қылықтың қазаққа тән әдеттерін Абай атамыз сегіз аяқ жын қуатының әрекетін баяндап шығып, соңында «Сегіз қырлы, бір сырлы» болуға, жан, рұқ «Мен» ді бірлеп, 9-шы тұрғыда кісілік сипатпен 6 кісілікті атадан, 4 періштелік қанатты анадан алып (10+9) жалғыз Адам болып құдай алдына баруды ескертеді.
Енді 9-санды рухани қуаттың белгісі сегіз аяқ жындық қуатты меңгерумен, оны бір жанға, бір ақылға, бір естілікке бағындырумен ғана атадан балаға ауысып отыратын аманат жүгі болып саналады. Олай болса, әрбір пендеге меңгеруге тиісті 9 түрлі аманаттың, яғни «Тоғыз жолдың торабына шығудың» міндетті болуы, 9 аманатпен жүктелуге, 9 сипатты жандық, періштелік сипатты көбейтуге де дін құлшылығы, қазақ даналарының насихаты мен құран аяттары да дәлел болмақ. Енді 9 аманаттың пайда болу сырына тоқтала кетейік. Адамзаттың; 1.Талпыну; 2. Сөйлеу: 3. Ой-сананы меңгеру; 4. Адамдық борыштарын өтеу; 5. От басы құрып көбею; 6. Ұрпақ тәрбиелеу қасиетін меңгеру; 7. Ұлттық жобаға, арманға, қатарға қосылу; 8. Тағдырмен берілген (ақылдың талабы-қасиеттілік) мақсатына жету; 9. Нәсілдік, ұлттық, тұқымдық тұрғыдағы ата-бабадан қалған аманаттарды орындау болып саналды. Бұл аманаттардың адамзат бойынан тіршілік барысында 9 түрлі көлеңке кісілігі болып өсіп, өніп қалыптасуы керек. Сонымен бірге әке-шешеден, жеті ата-аналардан орындалмай қалған аманаттар немесе қарғыс жүктер де тағдырлық ұқсастықта қайта жүктеліп отырады. Сондықтан бас бармақ іздерінің жалғыздығы сияқты, әр пенденің де тағдырлық аманаттық өзгелерге ұқсмайтын қасиеттілік, тектілік тұрғысында жалғыздық ерекшелігі болуы шарт.
Енді аманат болып бейнеленетін адамзаттың бұл көлеңкелерді қалыптастыру жағдайына келсек; Періштелік кезеңде – 2; Боз-балалық шақта, қыздарда — 4; Ересектерде – 9 аманат көлеңкелері болып негізінде 15-санды ар сауытын құрайды. Ал енді жандық тұрғыда әйелдерге нәсілдік, ұлттық, елдік болмысты сақтауға, яғни мәңгілік елдің заңдылығы, міндетті аманат болып; 1. Ізгілік; 2.Ілтипат; 3.Ой-саналық қабілетінің ашылуы; 4.Ұрпақ сүю; 5. Жетілу (бой өрісін, ақ жаулық сары нұрлы болу) Аналық текті меңгеру; 6. Тағдырына сай жол-жоба борышын ақтау; 7. Аманаттарды орындаумен ерекшелігі болады. Мұндай кезеңдерді меңгеру үшін жанның ақ түстен пайда болып және 9 жолмен, 9 түрлі кісілікпен, 9 дәуірлік ақпараттық (9х3=27) адамзатың тарихымен жалғанумен байланысты, рұхтық қуаттық жалғану кезеңдері де болады; 1. Тірлік, тіршілікпен байланысты; 2. Жарықпен; 3. Қараңғылықпен; 4. Ой қуаттарының жүйелерімен; 5. Ақыл, даналық негіздерімен (білім, іліммен); 6. Сана қуаты жүйелерімен; 7. Жүректермен жалғанумен (махаббатпен); 8. Төбемен (төбеден келетін 9 төре); 9. Табанмен жер ана рұқына жалғану (ойпаттар, киелі жерлер, ақирет өмірі қабірдегілермен)
Жан қуаты рұқтың сөзбен, ақыл қуатымен, оймен бірлену арқылы сүйектен өтіп, тері арқылы тазарудан өтуімен сыртқы бой жарық, төрт жақтық иман жарық серіктерімізді қалыптастырады. Және 9 түрлі аманатты құрап; 18, 82 сандық мәндерді құрайды. Жанның; 1. Құрылуы; 2. Жаралуы; 3. Түзілуі; 4. Өнімі; 5. Ұлғаюы, деген кезеңдері болып; 1. Топырақтан; 2. Өсімдіктен; 3. Хайуандардан; 4. Жәндіктерден; 5. Құстардан; 6. Адамзатқа ауысуымен адамзат барлық жаратылыспен туыстығын жан арқылы сезінуі, жаны ашуы, мейірім, махаббаты мен қуат алмасуы – дем алысы болуы да шартты. Қазіргі таңда бір-біріне гүл сыйлап, өлілерге де гүл қоюдың сыры, немесе хайуандарды, жәндік, құстарды ырым қылуы да осындай жанның негіздеріне шоқынудан, ібілістің ықпалына түсуден пайда болған. Қазақта гүлді жерге мал жаймаған, гүлді жұлуға тыйым салған, малды теппеген, хайуандарды босқа өлтіріп, жазаламаған, құстың ұясын бұзбаған, шыбынды да жан деп түсінген. Ал жанның негізгі тегі жерді Ана деп атағанның өзінде осындай сыр жатыр. Шәкәрім атамыздың жаратылысқа табиғатқа адам қалай ұқсас болуын суреттеген насихаты осы сырды ашық ескерткен.
Жан ошақтары; Еркекте; 1.Иық; 2.Бұғана; 3. Қарда; 4. Төсте; 5.Белде, омыртқада; 6.Көзде; 7. Таңдайда болады. Әйелдерде; 1.Төбеде; 2. Құлақ шекеде; 3.Жұтқыншақта; 4. Тілде; 5. Бауырда; 6.Балтырда; 7. Санда; 8. Жамбаста болады. Жанмен бірге шайтандық, сезімдік қуаттың да бірге жүруін ескерсек; «эрогендік» сұқталуға, сыртқы әсерлермен жалғануға байланысты ерекше қорғалуға тиісті ішкі бездермен жалғанып тұрған әуретті «көздер» де болып табылады. Сонымен бірге жанға енетін, көбеюге байланысты рұқтық қуаттардың да сипаты болып; 1.Қозғалыстық рұқтық қуаттар-тіршілік қуаты; 2.Ұйқы — уақытша өлім арқылы көк қуаттарын меңгеру; 3. Аян-аманат-өткен өмір қуаттары. 4. Ой-білім үні қуаттары; 5. Жүрек (тылсымдық жүректерге жалғану)-Естілік, ақыл, сана қуаттарына құлшылықтар арқылы жалғану болады. Жанның ұйқы кезінде шығатын орындары; 1. Тыныс жолдары; 2. Нәжіс орындары болып табылады. Ал ажалдың жағдайында; 1. Жүректен; 2. Топырақтық сипаттан (жер жынысының бейнеленген қуаттарынан) бөлініп шығады.
Адамзат өзінің ішкі құрылымын тәндік ағзаларын біліп қана қоймай, рухани көмес қуаттарының да жағдайын ақылымен қабылдап түсіну арқылы ғана жаратылыстың мұнан да өте күрделі жаратылғанына және өзінің әлемнің ең ардақты бөлшегі екенін, мәңгілік өмір сүре алуға мүмкіндігі барын түсінген жағдайда ғана жаратушы иесіне деген махаббаты да қалыптасады. Ал құдайдың көмес, ғайыптық өзі болған сипаттарының құрылысын, құрылымын білмей, ақирет білімін меңгермей, екі аралық дәнекер қызметшілерін сүймей, құдайдан қорқып әрі ұяла білу деген қалыпты болмайды. Мұндай жағдайда дін масһабтық тұрғыда бес парызбен құдайдан қорқу дегеніміздің өзі; екі жүзділік тұрғысында ғана болмақ. Себебі көмеске, ғайыпқа, ақиреттің өміріне сенумен байланысты қалыптасатын мүміндікті меңгеріп қана Алланың жібіне жалғануға, қазіргі таңдағы бүкіл ислам дін әлемі қарсылық білдіріп, мұндай білімді, аяттарын ертегіге айналдырып алып, тура жолдың қисығына түсіп алып, жындылық тұрғысынан аса алмай жатқандары да хақ. Ал, енді Алланың жібі – Адам баласының бойында, өрісінде болатын бастапқы нұрдың сипатының қалыптасуымен ана тілі мен ұлттық тұрғыда тәрбиемен ғана өсіп-өнетіні де хақ.
Енді бұл ақпараттардың сандық, сызықтық, жарық түрлік сипаттағы білімі де болуы шарт. Бірақ өкінішке қарай ондай ақпараттарды жазу түгіл, осындай қалпында әлем ғалымдары мен философтардың да қазақ даналығына жүгіндіретін рухани сырларды өз ұлтымыздың ел билеушілері, ғалым, теолог, философтары, дін иман хазіреттерінің ар-намыссыздықтан, қарсы болу мен тәкаппарлық, жындылықтарын құдайдың азабымен, құдіретімен жеңбесе, біздерге қолдан келетін іс емес. Бұл пәтуамызға дәлел аз ғана бере кетсек; Біздерден көптеген көзі қарақты, жетелігі қалыптасқан оқырмандардың, жастардың; «Неге мұндай білімді ел басшымыз оқып, түсініп шара қолданбайды, елдегі арсыздыққа, ашық дәстүрге қарсы надандыққа тыйым салмайды?» деген сауалды жиі естиміз.
Ал бұл жазбаларды ел басшымыз оқиды, біледі де. Бірақ дүние ісінде, ел шаруашылығын меңгеруде ішкі «Меніне» жүгініп, қазақ елін қысқа мерзімде әлемге таныта алғанымен, рухани тұрғыда түнек күштерінің ықпалынан босануға мүмкіндігі жоқ десек қате емес. Яғни «Мен» қуаты толық жетілмеген, жанын көбейте алмаған. Оған ел билеушілердің заң тұрғысында діннен ашық бас тартуы мен ата жолы болған; хандық, ел басқару дәстүрі мен ел басқарушыларының төрелігі, қожалығы міндетті яғни жан, жын тазалығы толық кісілігі болмай немесе мүлде жоғалып, үлкен жастағылардың рухани кемелденуіне ұятсыз, жаулықсыз, шайтаннан болған жынды қатындардың ықпалында болуы да салтқа айналып алғаны сөзсіз. Ел басшымыздың осындай дәретсіз, бой жарық, сана қуатынсыз қатындар арқылы көлеңке бейнесі қара жынға айналып және мұнан кейде құдайдың нұрымен тазарғаннан кейін ойы, сөзі түзеле бастаса, қайта нәпсінің шабуылына ұшырап, қатындардан теріс қуаттарды қайта жүктеп отыруы да әдетті жағдай. Сондықтан ел басшымыздың сол аяғы ауырлап, үнемі жерге қарай тартылып тұрады. Оны өзі де сезеді. Сондықтан дүние ісінде жетік болғанмен, ата-баба аманатын орындауға ақылын шектеп, шайтандардың көзіне бөрене салып, мұны үнемі ібілістің бақылауында тұрғаны да хақ. Қазақ елін дүниелік тұрғыда еркектер басқарып, ал рухани тұрғыда шайтан қара қатындардың басқаруында болып, әлемдік түнек күштерінің, қуатты қара жындардың бақылауында тұрғаны да сөзсіз. Мұндай жағдайда құдайдың еркін, сөзін, патшалығын халыққа дәлелдеп жол көрсетуге тиісті ата жолы да шайтаннан болған жынды «көріпкел», жынды «аққу» қатындардың қақпанында тұрғаны да хақ.
Негізінде ата жолын меңгеріп, аманаттарын орындау да үлгі көрсететін ересектерге үлкендерге, естілерге тән болып; «Мені» сипатына қуат болып, темір қазық жұлдызынан екі самайдың ағаруымен, үнемі ой қуатымен жүктеліп отыруы керек. Осындай жалғану арқылы ғана даналықтың шыңдалуы, ойшылдықтың қуаты артады да, парасаттылықтың жетілумен; болжампаздық, алды-артын ойлау қабілеті пайда болып, кез-келген көріпкел, қасиеттілердің келтірген хабарларын ажыратуға жүрек арқылы ақ-қарасын ажыратуға жол ашылады. Самай тұстан енген мұндай қуаттың бас ағзаларының, жүректің тазалығына байланысты болып, ал тақуалығы, бөркі қалыптаспаған, арсыз, дәретсіз, жаулықсыз қатындармен жақын болудан, қолынан ас ішуден тәнде жезі көбейген, тозақтық пенделерге енген нұрдың теріс ой болып бейнеленіп, қазіргі таңдағы ел басшылардың арсыздықтан, ұятсыздықтан мүлде жиіркенуі яғни жетелік ақыл да қуаттанбай жатқаны да осыдан туындайды. Мұндай жағдайда қазіргі ақпараттық жүйелердің басында отырғандардың дін тұрғысында, ата дәстүр тұрғысында арсыз, ұятсыз жын-ойнақты дәріптеушілер болып, ал оған тыйым салып тәрбиелеуші болуға тиісті ел басшы, үлкендердің құдайдан ұялуы, қорқуының әлсіздігінен алдындағы ой бақшасының қалыптаспай, көңілдеріне шайтан ұя салып, теріс қылықты, ұждансыз, өнерлі пенделерді «жұлдыз» деп атаудың, дәріптеудің де ібілістің қызметін атқаруымен байланысты болып жатқандары да хақ.
Мұндай әйел, қыздары жаппай арсыздыққа түсіп салт қылған елде рұқтық тұрғыда малдық қуаты өсіп-өніп, қан тексіз ұрпақтар санын көбейткенмен, нәсілдік тұрғыда жанның қуатының көбеюі де мүмкін емес. Қатыны арсыз, ұятсыз болған қандай тақуа, қасиетті еркектің шайтанның ықпалынан босанып, ойы еркіндікке шығуы да мүмкіні емес. Сондықтан ел билеуші, зиялы, жазушы қауымның қазіргі таңдағы шығарған заңдары, меңгерген сөздері де екі ұшты болып, алдындағы көңіл бақшасын улап, теріс ойлы сөздердің өрістік жыланға айналып өздеріне, ұрпақтарына қайта еніп, бүйректерді шағып, еркектердің жыныс ауруы қан тектің әлсіреуімен, соңында нәсілдік сипаттың азуына соқтырып жатқаны да хақ. Дін масһабшылардың арап сөздерін сол қалпында енгізуге жан таласып, қазақ тілінің қадірін мүлде жоғалтуға жасап жатқан істерін былай қойғанда, білімді қауымның; «Мәңгілік ел, нұрлы жол, халықтың әлеуметтілігі, зияткерлік, жұлдыз, тұлға, т.б.» рухани тұрғыда құдайдың нығметімен байланысты атау сөздердің ойын терістеп, уға айналдырып жатқандардың түбінде; «Басқа бәле тілден» деген қарғысқа ұшыраулары да хақ.
Сонымен парасаттылықты меңгерген, ой қуатын, ұғымын өз дәрежесінде сақтап көркем сөйлей білген, соған ғана байланысты ұжданы жетіліп, саналық қуатын толық меңгеріп, құдайдан хабар алып, намаз-амалдарын түзеп; Адамдық тұтастыққа, бір қуаттық жүйемен әулиеліктің жоғарғы дәрежесіне жету құлшылығын меңгерген жер бетінің тіршілігінде санаулы ғана адам баласына мүмкін болғаны да хақ. Ал негізінде көпшілік адамзаттың бұл өмірден жынын тазарта алмай, жанын көбейтіп зорайтып мәңгілік Менін ақтап, ақ өліммен өлмей, бір тұтас адамдарға қосылуы, ақиреттік өмірде, бастың баспақшыл болып, тозақ сатыларына өту арқылы ғана мүмкін болмақ. Ал басы жарыққа шыққанмен, «менкі» болған жындық болмыстың түрлі хайуандарға, жәндіктерге, жындық жүктерге бейнеленіп, адамзат тіршілік өмірінен рухани тұрғыда қайта бейнеленуін қажет етеді. Сондықтан да өмірден озған ата-ана, туған туыс және жалпы өлілер қауымының жер бетіндегі жер басушы адамзатпен арадағы байланысы, Алланың жібі-Мен- дін жаны, рұқы аманат болып, мойынмен жалғанып тұруы да хақ. Ібілістің мақсаты да осы аманат жібін ажыратып, Алламыздан келетін ақпаратты үзіп, білімнің соңына түсіп, тәкаппарланып өзара көре алмастыққа түсуге, теріс ойдың ықпалымен ақылды қазыққа байлап, соңы жер бетінде қан төгіс пен бүлікке апарып соқтыруға да ықпал етеді.
Сондықтан да біздер өмірден озған ақиретте біртұтас адамдарға айналуға тиісті барлық өлілерге өзіміздің шамамызға қарай құрметтеп құранмен, көркем сөзбен қуат қосып, өз жан, рұқ өнімдерімізбен олардың тазартуға, өңдеуге үлгіре алмаған аманат жүктерін де қайта тазартуға жәрдем беруге міндеттіміз. Пайғамбарымыз; «Өзінің тірі кезінде әке-шешелерін ұжмаққа кіргізе алмаған мұсылман бізден емес» деп ескертіпті. Әжелеріміз кезінде біздің теріс қылғымызды көргенде; «Мен ұшпаққа шығарасың ба бұл әдетіңмен» деп ұрысатын да еді. Қазақтың ғұрпы болып қалыптасып, ислам дінімен бірге дәстүр болып қалыптасқан шариғатың тазалығын сақтау арқылы ғана толық дәрет, киіммен (мұндай сипатты болмаған жағдайда шерік болып қара қуаттарға жалғану болмақ) ата-бабаларымыздың, туған туыстардың зияраттарына барып, аруақтарға үнемі құран бағыштап, құрбандық қанымен аманат жүктерін тазартып отыруға жәрдем беру дәстүр болып қалыптасуын да аятта; «Әй мүміндер! Алланың ашуына ұшыраған елді дос тұтпаңдар. Олар кәпірлердің қабырдағылардан күдер үзгеніндей олар, ақиреттен үміт үзген.» (60-13) Жалпы өлілер түгіл «Алла достарын ұлықтаңдар» деген ашық үкімге қарсы шығып, әулие-әмбилерді зияраттауға «серік, шерік қосылады» деген ібілістің оймен ұғымын терістеген сөздер арқылы ата жолының, ақталу жолындағы намаз орындауын заңмен қудалап, соңымызға түсіп алып, осы кезге дейін қателіктерін мойындауға бас тартып отырғандарды ел билеуші, дінші, білімді қауым өкілдерін; кәпір емес деп көріңіз. Онда жоғарыдағы аятқа ортақ қосқан болып, алдыңызды (ұжданыңызды, ой бақшасының өнімін) ібіліске берген болып шығасыз…(жалғасы бар. Ақпан 2016 жыл) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер; http://btk.atazholy.local/