XVII-Иман және махаббат

Бөлім: Иман және махаббат 151

                   (Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)

Дін тәпсіршілерінің насихаттарынан  Абай атамыздың ойшылдығының ерекшелігі де адам баласының өзін-өзі тану үшін қандайда бір дін ісіне байланысты  сұрақтарға дайын жауапты алу емес, керісінше сол сұрақтарға жауапты өзің іздеуге, ойлануға, ойыңды еркін белгілі бір негізделуден тар шеңберден шығаруға жәрдем береді. Сондықтан Абай атамыздың барлық насихаты сын тұрғысында негізгі қателіктердің себебін баяндаумен көрінісін береді.  Және ғылымдық жүйе мен сандық белгілер арқылы бұл ойымыздың адаспай ақылды табуына да мүмкіндік береді. Ал масһаб білімінің үгіті негізінен иманды емес сенімді тұрақтатуға, белгілі бір шектерден аспауға тәрбилейді. Сондықтан да мұны араптарға берілген орта жолдық дін ісінің және ислам дінінің ортасын белгілеуге тұрақты шамаға негізделгенін, ал заман ауысқан сайын уақыттың да шамасы өзгеріп және қозғалыстың да білім қуатына байланысты артуымен пайғамбарымыздың келген кезінде тура жолдың негізі болғанмен, бірақ біздің заманымызда бұл тура жол шексіздікке жалғану бола алмайды. Құранда да арап елін орта жолдық деп аталуының да себебі жолдың басы да аяғы да емес ортасы деген ұғымды әшкере білдіріп тұрғаны да хақ. Абай атамыз осы тұрғыда қазақ дәстүрінің негізгі қағидаларына, дінімізге қандай жағдайда зиян келетінін көрсетіп кеткен. Ал енді пайдасын әркім өз шамасына қарай ақылмен іздеу керек және сенімнің де бір қазыққа байланып қалмай шексіздікке бағытталғанда ғана әрбір адам баласы өзінің жинаған ақылына, меңгерген біліміне қарай сұраққа жауабын иманы арқылы яғни аянмен ата-баба аруақтарының кітаптарына жалғану арқылы алуы керек. Енді осы тұрғыда пайғамбарлық қасиеттің жанды жетілдірумен, яғни ол үшін дінде жаңадан өзгеріс құлшылықтардың қағидасының, сөз атауларының ұғымдарының жаңа сапасының яғни таза ақыл — рухтан қуаттар алудың жолын көрсетумен ерекшеленеді. Сонымен адамзат жанының ең жоғарғы даму шегі Мұхаммед пайғамбарымыз арқылы көрсетіліп, қазығы қағылып, енді жанды жетілдіретін өзге діннің түсірмейтінін, пайғамбарлардың жіберілмейтіні ескертілген. Олай болса  рухтан сөздің жазылуы мен кітаптардың оқылуының тоқтамайтынына байланысты діннің арап ұлтымен  ортасы белгіленіп, қалған діндер құран арқылы біртұтасқа айналу шарт. Сондықтан елшілік рухқа, дінсіз таза ақылға байланысты болғандықтан ақыл-ойдың даму үдерісі қиямет-қайымға дейін тоқтауы да мүмкін емес. Және елшілік қасиетті меңгеру, рухани жетілудің замандарға қарай өрістей беруі де сөзсіз.

Сонымен пайғамбарлық қасиеттің негізі жанмен және тұрақты түрде әдет-ғұрып, салт-дәстүрге байланысты ата-бабамыздан қалған мирас аманаттар мен ұлттық ерекшелігімізді үмметтік сипатымызды сақтай отыра жанды жетілдіруге байланысты болғандықтан  11-ші тарауда 43-ші сөзді талқылап жанның негізгі 3 сипатты қуаты туралы мағлұмат алдық. Құран аяттарында да бұл сандық белгіні орта топтық араптық үмметтер туралы насихаттың баяндалуына да, арап ұлтының дәстүрінің, жанның осы 3 сапасын жетілдіруге байланысты талаптылықтардың да бөлек екені мәлім. Және арап ұлтының сөз қуаттылығы да құранмен байланысты 13 санды белгі мен пайғамбарлық қасиеттің жоғарғы дәрежесімен де тікелей қатысты. Сондықтан парасаттылыққа яғни 8, 35 сандық дәрежедегі құлшылық істерінің масһаб білімінде қаралмауы да және пайғамбарымыздың жеке өзінің меңгерген 53 санды құлшылық істерінің де тек қазақ ұлтына ғана тән дәстүр болып қалғанын біздер әзірге аңғаруға қаншама білімді болсақ та ақылымызбен қабылдауға жете қойған жоқпыз. Сонымен жанның бұл сапасына байланысты белгіні аятта; «Қарсы болғандар: «Сен пайғамбар емессің» дейді. Мұхаммед оларға; «Мені мен сендердің арамызға куәлік жөнінде Алла және Кітапты білгендер жетік» де» (13-43)  Олай болса құран әлемге келген түсірілген барлық діндердің кітаптарының  бір кітапқа біріктіріліп құралған жинағы болса, исламға дейін де кітап алған біздер сияқты елдерге арналған аятта; «Олар жер жүзінде паңсып жаман тәсілдер жасады. Негізінде айлакерліктің кесірі иесіне ғана болады. Олар, бұрынғылардың жолынан басқаны күте ме? Алланың жолынан әсте бір өзгеріс таба алмайсың да Алланың жолынан бір бұрылыс көре алмайсың.» (35-43)  Бұл аят біздің дін ғалымдары мен ел билеушілердің тарихтан Алланың бекіткен жолынан бұрылыс іздеп, кейін шегініп және кейіннен дінді жалғастырған бұрынғы заман әулие-әмбилерін адасқан деп айлакерлікпен дінді бұрмалайтындарын сол замандарда да ескертіп өткен. Жалпы жан негізі 3 ақылдық қуаттылықты және  бес рұқтан қуатты меңгерумен және екі түрлі үннен тұратынын да еске сақтап қойыңыз. Сонымен 9 түрлі жанның сипаты болып құранның 7-үнін жанға жазу арқылы және 7-жолдан рухани үнмен азық алу арқылы негізінен екі түрлі үнді меңгеру керек. Бұл арап дін дәстүрінде және масһаб білімінде қаралмағандықтан  яғни «Сендерге жан туралы аз мәлімет берілді» деп аятпен ескертілгендіктен, жанға байланысты мұндай мәліметтерді; 7-санға байланысты пайғамбарлық қасиеттілік; «Тақуалық» болып сопылықтың негізін меңгеру болса, ал қазақта қарапайым дәстүрге де айналғаны да хақ.

«Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі-ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар-тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Және өзі өспейді, қуат таппайды…» Олай болса жаның қуаттанып өсуінің де тәннің тазалығына тікелей қатысты болмақ. «..Біреуі-білсем екен демелік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, даусына ұмтылып, онан біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі-жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген. Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды..»  Сонымен 43-ші сөзде жалпы Адам деген ұғымның тәннен және жаннан тұратынын білдік. Олай болса, адамдықтың негізі де білуге құштарлықтан және ішкі сырын біле алмағының өзінде жалпы сыртқы бейнесін, денесін танудың да жанның тірі барлығынан хабар бермек екен. «…Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде (бастапқыда) құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп жатқаны..»  Ал енді білуге құштарлықтың әлсіреуінен немесе тек өзгенің ғана ақылын тыңдаумен заңға ғана жүгініп өмір сүруден адам баласының жаны өсуден тірі болудан қалып, хайуаннан айырмашылығы болмай, тек ішіп жем, дүние байлықпен ғана шектеліп қалады екенбіз. «…Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі «бұл немене, ол немене?» деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде, ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететұғұн құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орынын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екенміз? Сол (жан) өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді…»  Құрандағы «Сол» ұғымы жанмен және Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатымен байланысты болып және осы жерден біздер рух пен жанның ерекшелігін айқындай аламыз. Жалпы рухтан- таза дінсіз ақылдан дінмен араласып рұқ пайда болса, оның да қарсылық қара қуаттармен араласуынан ұрық пайда болып, рұқ пен ұрықтың өнімдерінен және ақылда-ойдың әрекетімен пайда болған қуаттарды- жан азығы деп атаймыз. Қысқарта түсінгенде, рух жанның азығы болмақ. Сол қол жанмен байланысты, оң қол рұқтың арашасы болуында осындай сыр бар.

«..Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік. Жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілмен қарамадық, көзбен де жақсы қарамадық, көңіл айтып тұрса сенбедік…»  Жанның жетілуі ана тілін таза сөйлеумен және  құс тілін меңгерумен байланысты болып «көңіл құсы» тілін түсінудің сыры бары да сөзсіз. Ол аянмен, түс көрудің масһаб діншілерінің бұл тіл білімінің намазын тастап ескермеуінен де жанның тілі болған иманды, енді сенім атап алдық. Сенім біздің талабымыздың, мақсатымыздың жағдайына байланысты ақыл қуаты болғанымен жанның үнін түсінуге де әлсіз екенін алда дәлелдер келтіре жатамыз. «..Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргенге тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу кеткенін (кемісін) айтса да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса. «Ой тәңірі-ай, кімнен кім артық дейсің?»-дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз…» Жанның сезімге байланысты өсіп жетілетінін білсеңіз, құранда; «мұсылмандар көздеріңді сақтаңдар!» деген құдайдың парызын енді мұндай заманда орындаудың өзі мүмкін емес. Себебі жан жағыңның бәрі арсыздық, ұятсыздық қаптаған жағдайда, көздің еті өліп, көңіліміз арам ақпараттарға тойып алған соң жан да көңілсіз өсіп қуаттанбайды да. Сондықтан әрбір ұятсызда жаны өлі, ақылды түсіну қабілеті жоғалса, «жұлдыз», «ару» аталған ондай ұятсыздарға қараудың өзінен ақылдың және сөзді ұғынудың да қабілетін әлсіретуі де сөзсіз.

«..Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық? Қайта, бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз. Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер-тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып кетеміз.» (7-ші сөз) Сонымен сенім иман емес, көңілдегі қуат, көкіректегі сәуленің күзетшісі екен. Және біздердің жанымыздың өлі-тірі екенін білуге, ұғынуға құштарлығымыздан айқындап, ал қазіргі таңдағы белгілі бір дәрежеде білімді меңгеріп алып, түрлі партияға, топтарға бөлініп алып; ғылымды, жанды, иманды жетілдіруге қарсы шығып; « ананы жасауға болмайды, мынаны «атом станциясын» салуға болмайды, протонды ұшыруға болмайды, әулие аруағына табынуға болмайды» деген сияқты ой жорып, өздерін құдайдай көретіндер шынында жандары өлген, хайуаннан төмен, бірақ білімді жануарлар деп түсінген де дұрыс.

    «Аяғыңды аңдап бас, ей, Жақсылық! Өз басыңда жының бар бір бақсылық. Борышқорлық-адамға қиын нәрсе, Әрқайда өсіткізеді мал тапшылық.» (7-ші өлең) Сонымен жанымыздың адамдық бейнесі махаббаттың бір бөлшегі «жақсылық» болып, біз құдай тағаланың жақсылығынан жаратылып бірақ малдың, дүниенің борышқорлығынан бастағы жынның әрекетінен жақсылығымызды жоғалтып аламыз. Раббымыздың; «Маған жақсылық арқылы жақындаңдар» деген аятын да ұмыт қалдырғанбыз. «Қарашада өмір тұр, Тоқтатсаң, тоқсан көнер ме? Арттағы майда көңіл жүр, Жалынсаң, қайтып келер ме? Майдағы жұрттың іші-қар, Бәйшешек қарға өнер ме? Ішінде кімнің оты бар бар, Қара жауса да, сөнер ме?..» Бұрынғы заманның ұғымындағы; «Қарашада өмір тұр, Тоқтатсаң, тоқсан көнер ме?» деген сөзді, «Табиғаттың берген өмірін кіршіксіз таза ұсатауың адамдыққа жатпай ма?» деген мағынаны білдірсе адам баласының құйрық майының көңілмен, мінезбен тікелей қатысы барын және әйелзатының іштерінде; қар-натрий салқындықтың еруі де құйрықпен байланысты болмақшы. Мұны қазақта; «Атың (рұқ егінің) шықпаса жер өрте» деп астарлаған. Және; «Бәрінен де қой (ақыл -ой) бағып кұйрық жеген озар» деген де астарлы нақыл бар. «Талаппен ұшып, талпынып, Шартарапты көздемес. Пайданы қуып алқынып, өзгені әсте сөз демес. Кеудесі-толған қулық ой, Бәрі де пысық, езбе емес. Құмары оның айт пен той, Пайда мен мақтан, өзге емес. Алдадым, ұрдым, қырдым деп, Шарықтап, шалқып, шатпай ма, Қапысын аңдып тұрдым деп, Қулығын бұлдап сатпай ма? Момыннан жаман қорқақ жақ, «Қу» «пысық» деген ат қайда? Арсыз болмай атақ жоқ, Алдамшы болмай бақ қайда?» (107 –ші өлең) Шәкәрім атамыз; «Талап деген бір жүйрік тұлпар сынды, Бабын таппай мінгенді қылар жынды. Тауға ұра ма басыңды, тасқа ұра ма, Ал енді оған кісі қайтіп мінді?» деп адамзаттың тылсым көлігін баптаудың да құлшылық сыры барын, оған 8 түрлі ноқтаның керек екен насихаттапты. Ал ендігі заманның талабы түрлі-түсті көлік машиналарды ұйқы кезінде мініп, меңгерумен де байланысты екенін білген жөн.

«Ұяламын дегені көңіл үшін, Ұсақ қулық бір ғана өмір үшін. Татымды достық та жоқ, қастық та жоқ, Жігері жоқ, маңызы жеңіл үшін. Жалығу бар, шалқу бар, іш пысу бар, Жаңа сүйгіш адамзат, көрсе қызар. Ар мен ұят ойланбай, тән асырап, Ертеңі жоқ, бүгінге болған құмар. Туысқаның, достарың-бәрі –екі ұшты, Сол себепті досыңнан дұшпан күшті. Сүйсе жалған, сүймесе аянбаған, Бұл не деген заманға ісім түсті?! Өзің үлкен, қылығың-бала-шаға, Балаша мәз боп жүрсің тамашаға. Әкесі ұрысса балаға, ол да-достық, Баласы ұрысса әкеге, жараса ма?» (207-ші өлең) Сонымен жанмен байланысты  туысқандықты меңгерудің де және адам баласының ар-ұят пен мінез қылықтарының, сөз түсіну мен ақылының шамасын анықтауға болатын осы насихаттардан білуге болатынын және аяттарда; «Сондай қарсы болғандар; «Оған Раббынан бір мұғжиза неге келмейді?», -дейді. Шын мәнінде сен бір ескертушісің. Сондай-ақ әр елдің бір жолбасшысы бар.» (13-7) Жан ғылымын түсіндіретін және жанды жетілдіруге әр елдің  өзінің жолбасшы-елшісі болатын, қазақ ұлты үшін шариғат ісі тура жол емес, шариғаттан да биік тұрған дін құлшылығының Құдай ісімен байланысты; тарихат, мағрипаттың ғана осындай жанды жетілдіруге арналатынын да осы аяттан аңғаруға болады. Және мұндай жағдайда пайғамбарлықты шариғат тұрғысында  ғана мойындап, ал елшіліктің бұрынғы замандардан келе жатқан дін құлшылығын меңгеруді теріске алып қарсы болатынын да ескерте келе; «Сондай қарсы болғандар, оларға қатты азап бар. Ал, иман келтіріп, оң іс істегендер, олар үшін жарылқау әрі ірі сыйлық бар.» ; (35-7) Ал енді жанға қуатты бұл құлшылықтың намазын орындауды;  «Сендердің жаратылуларыңда сондай-ақ жәндіктердің өрбіп таралуында нақ сенген ел үшін белгілер бар (4) Түн мен күндіздің ауысуында, сондай-ақ Алланың көктен жаңбыр жаудырып, өлгеннен кейін жерге сонымен жан беруінде және желдерді игеруінде түсінген елге ғибрат бар.(5) Мұхаммед осылар Алланың аяттары. Саған бұларды хақиқат бойынша оқимыз. Енді олар Алланың аяттарынан кейін қай сөзге сенеді?(6) Барлық өтірікші күнәкар құрысын!» (45-7) Сонымен біздер жан қуатын өз еліміздің, жеріміздің жәндігінен бастап барлық жаратылыс әлемімен аян арқылы, тіршілік құлшылығымыз арқылы жалғанып, жер анадан рухани азық алумен ғана жанымызды да жетілдіре аламыз. Сондықтан қазақ даналығында; Күн әулие, жер әулие, қыз әулие, тұз әулие, ат әулие, ит әулие деген жеті киенің осы аяттың Абай атамыздың да насихатының да сырын  білдіреді. (жалғасы бар)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *