XVIII-Иман және махаббат

Бөлім: Иман және махаббат 122

(Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)

Алдыңғы тарауда жанның тақуалыққа байланысты қандай кеселдермен байланысты өніп өсе алмайтынына тоқталып және ар, ұяттылықпен байланысты да себептерін қарастырдық. Енді жанның қуаттылығының белгісі болатын тәннің тазалығына байланысты; бел қуатының ұрығының тазалығын, аяғының ағаруына және қос тіземен аруақтық тылсымдық киелерге жалғану арқылы зеректік қабілетінің жетістігін, түсіну қабілетінің қуаттылығын қалыптастырады. Мұндай пайғамбарлық қасиеттің сабырлыққа, тақуалыққа да жалғануға тиісті белгісін; «Белдікті, кебісті, тізелі» болудың сырын талқылап көрейік. Құранда бұл қасиетті ислам дінін меңгеруші елшілікпен халыққа тылсымнан хабар алып насихат таратумен байланысты аятта; «Мұхаммед осылайша, саған уахи еткенімізді, Аллаға қарсы келгендерге оқуың үшін бір елге жібердік. Одан бұрын да көптеген елдер өткен болатын. Оларға; «Ол, менің Раббым, Одан басқа тәңір жоқ. Оған тәуекел қылдым. Қайтар жерім Сол» де.» (13-30) Ал енді бұл аятқа қарсы келетіндердің сипатына тоқталайық; «Қырқын мінсе қыр артылмайтұғұн осы бір «қырыт мақтан» деген бір мақтан бар, сол неге керек, неге жарайды? Ол ар, есті білмейді, намысты білмейді, кең толғау, үлкен ой жоқ, не балуандығы жоқ, не батырлығы жоқ, не адамдығы жоқ, не ақылдылығы, арлығы жоқ. Мойнын бұрып қойып. «Өй тәңірі-ай, қойшы әрі, кімнен артық дейсің, кімнің басы кімнің қанжығасында жүр, ол менің қазаныма ас салып беріп жүр ме, «аяғаным жаным ба? Өй, енесін ұрайын, өліп кетпей неге керек? Азар болса атылып, я осы үшін айдалып кетсем де көнгенім-ақ! Әйтеуір бір өлім бар ма?»-деп қалшылдайтұғұн кісі көп қой. Өздерің көріп жүрсіңдер, осы айтқан сөз бойына лайық қазақ көрдіңдер ме? Өлімге шыдайтұғұн қазақ көргенім жоқ, кеңірдегін ғана көрсетеді-ау: «қиылып қана қалайын» деп. Егер осы сөз бойына лайық кісі көрінсе, ақылы жоқ болса да, қайратымен-ақ кісі айналдыратұғұн адам болғаны ғой! Егер шын айғайда көргенде, кірер жерін таба алмайтұғұн дарақы, жұртты осы сөзімен айбындырамын, «мына кәпірден кісі шошитығұн екен» дегізіп айбындырайын (қорқытайын) деп айтып отырған құр домбытпасы болып, босқа қоқиып отырса, соны не дейміз? Ай, құдай-ай! Жанға мырзалық қылатұғұн, ердің жағдайында-ақ сертке тұрғыштығы, малға мырзалығы, дүниені бір тиын есеп көрмейтұғұн жомарттығы-әр түрлі белгісі бойынша тұрмас па еді? «Ұялмас бетке талма жақ береді» деп, көп былжыраған арсыз, ұятсыздың бірі дағы.»(30-шы сөз) Сонымен белдікті, кебісті, тізелі, ар- ұятты бола алмайтын мақтаншақ, жындылығы басынан асып жүрген, ұлтшыл айғайшылдардың жанының жетілмей қалып жанына мырзалық қылмақ түгіл жануарлық ақылдық жиілікке дейін төмендеп кетері сөзсіз. «Жамантайдың баласы Көжек деген, Әркімге өсек тасып безектеген. Досын келіп досына жамандайды, Шіркінде ес болсайшы сезед деген.» (30-шы өлең) Адмазаттың сезімінің де өсімдікпен, жәндіктермен және жануарлармен байланысты дамитын болса мұндай ар-ұяты әлсіздердің қоян жүрек болатын сезімдік ақылының жетілмей қалатынын адамдық дәрежеге дейін көтеріле алмайтынын ескертеді.

Ал енді талапты, мақсатты болып сезімнің 4-ші дәрежесі адамдыққа қос тізе арқылы батаға, уақиға жалғанып, табаны ағарып жер ана рухынан азығын алумен көктен нұр алып белдікті болу арқылы иман қуатын зейнеттегендердің; жанға мырза, сертке тұрғыш, мырза, жомарт адам баласының арлы, ұятты болып осындай қасиеттің егесі бола алады екен және аятта; «Ал енді иман келтіріп, ізгі іс істегендер, сонда оларды Раббылары мәрхаметіне бөлейді. Міне сол айқын қол жеткендік.» (45-30) Мұндай иман келтіргендердің сипатын; «Орынсызды айтпаған, Түзу жолдан қайтпаған; Жақсылық қылар орында Аянып бойын тартпаған. Ортасында кәпірдің Арамынан татпаған. Өмір бойы талпынып, Ғылым іздеп, жатпаған. Түрленіп төре болдым деп, Есерленіп шатпаған. Жүз мың теңге келсе де, Махаббатын сатпаған. Жүйріктікпен шалқымай, Тура сөзді жақтаған. Бала айтса да хақ сөзді, Бұрылмастан тоқтаған. Өтіріксіз турашыл, Еш сөзі жоқ таппаған. Сыйласарлық кісіге, Түк қалмайтын сақтаған. Бауырларын еркейтіп, Не сұраса қақпаған. Білдіруші ең үндемей, Істі қылған жақпаған. Ағайын мен туғанды тірлікте мақтаған.» (130-шы өлең) Жанын меңгерген және имандық қуатын да жетілдіре білген «белдікті, кебісті, тізелі» яғни ақылды елге үлгі адам баласының бейнесі осындай болу керек және бұл қасиеттің де құдайдан сый болатынын; «Өйткені Алла, олардың сыйлықтарын толық беріп, әрі өз кеңшілігінен артылтып береді. Әрине Ол, өте жарылқаушы, аса қадыр білуші.» (35-30) Сонымен бірге бұл қасиеттіліктің рұм сүресіне (30) де байланысты Алла жолында жанымен яғни өзінің нәпсісін жеңу арқылы соғысушы болып өзінің кітабын, амал дәптерін оқушылар тағдырын тазартушылардың қатарына жатады. Аятта; «Ал енді иман келтіріп, ізгі іс істегендер, сонда оларды Раббылары мәрхаметіне бөлейді. Міне сол айқын қол жеткендік.» (45-30)

Олай болса қазақ дәстүрінде ізгілік істермен иман келтіруді; «Өлі риза болмай тірі байымас» деп ескерткен. Сондықтан Абай атамыз өлілердің арасынан мәңгілік тірі болатын Алла досын табуды иманның негізі деп ескерткен. Енді пайғамбарлық қасиеттің бірі болған; №-22- «Ақ алғыс»  яғни «Батамен ер көгерер» деген нақылға сәйкес сипатқа тоқталып өтейік; «Негізінде Алла тағала көктерді әрі жерді шындық бойынша жаратты. Әркімге қылығының бодауы беріледі. Сондай-ақ олар әділетсіздікке ұшырамайды.» (45-22) Және бұл сандық көптеген аяттарда әке мен баланың арасындағы хаж арқылы бодау төлеу деп ескертеді Раббымыз. «Дәл осы күнде қазақтың кімді жақсы көріп, кімді қадірлеймін деп ойладым. Байды қадірлейін десең, бай жоқ. Бай болса, өз басының, өз малының еркі өзінде болмас па еді? Ешбір байдың өз малының еркі өзінде жоқ. Кей бай өзі біреумен күш таластырамын деп, жүз кісіге қорғаулықтығының (қорғауға) жалынып, малын үлестіріп жүр. Ойлайды; жалынтып бердім деп, ақымақтығынан. Жоқ, өзі жалынып беріп жүр. Қайыр да емес, мырзалық та емес, өз елімен, өз жерімен ойрандасып, ойсыздарға қойнын ашып, малын шашып жүр. Кей байлар, елдегі құттылыр, сүттілер берекелесе алмаған соң, кеселді қуалар көбейіп кетіп, көп қорқытып, іздеген нәрсесі жоқ, еріксіз кім болса соған жеміт болып жүр…» Қазіргі таңдағы қазақ байларының жағдайлары мұнан да бетер бірін-бірі талап шет елдің салтына еліктеп ойсыздыққа, арамдық істерге ойын-сауық пен тойшылдыққа бей-берекет ақшаларын шашып түбінде ақиреттік несібесінен айырылып ұрпақтарының тоз-тоз болатынын әрине болжай алмайды.  «..Мырзаларды қадірлейін десең, осы күнде анық мырза елде жоқ, мал бергіш мырза иттен көп. Біреуді бір пайдасына келтірем деп мырза болып жүр. Біреулер к…не құрым киізді тұзға малып тыққан соң есі шығып, мырза болып, еріксіз кім болса соған талтайып емізіп жүр. Болыс пен биді құрметтейін десең, құдайдың өзі берген болыстық пен билік жоқ. Сатып алған, жалынып, бас ұрып алған болыстық пенен биліктің ешбір қасиеті жоқ..» Қазіргі таңдағы ел билеушілердің арасындағы жемқорлықтың да кейбір амал жоқ мырза болып халыққа қамқор болғандардың да құдаймен ісі болмағандықтан, тек білімге және тамыр танысқа жүгіну бір кезең мырза болып дүниесін шашу арқылы  ел билеуге заң шығару, қадағалау атақ дәрежесін сатып алғаннан кейін қасиеті өспей осындай қадірсіздікке түсіп жатқаны да сөзсіз. «..Мықтыны құрметтейін десең,  жаманшылыққа елдің бәрі мықты, жақсылыққа мықты кісі елде жоқ. Есті кісіні тауып құрметтейін десең әділет, ұят, ынсапқа есті кісі елде жоқ. Қулық, сұмдық, арамдық, амалға елдің бәрі де есеті. Ғарып-қасір бишараны құрметтейін десең, жатқан түйеге міне алмаса да, ол момындыққа есеп емес. Егер мінерлік жайы болса болса, бірдемені ептеп ілгерлік те жайы бар…» Қазақта бұл заманда мықты аталып жүргендер ұлтшыл, партияшыл, діншіл аталғандар. Бірақ өз қолдарынан өнер тауып, ғылымды меңгеруге, елдің жүгін іс жүзінде түзеуге саусақтарын қыбырлатпаса да сөз жүзінде мықты ,тек қолдарына билік пен қазынаның кілтін берсе халықты бақытты қылуға мықты болмақшы екендері де сөзсіз. Сол сияқты біздердің өнер ізденіп, үйреніп немесе ауылға барып мал бағып, егін егуге құлқы жоқ тепсе темір үзетіндердің қаланы жағалап маған неге мұнайдың ақшасынан үлес бермеді деген ғаріптікке түсіп жүрген қадірсіз жалқаулар да жеткілікті. «…Енді қалды қу мен сұм, олар өзі де қуартпай, суалтпай тыныштық  көрер емес. Жә, кімді сүйдік, кімнің тілеуін тіледік? Өзі құрттанып шашылған болыс-билер тұра тұрсын. Енді, әлбетте, амал жоқ, момындығана «Ырыс баққан дау бақпас» деген мақалмен боламын деп, бергенінен жаға алмай, жарымын беріп, жарымын тыншытығымен баға алмай, ақыры залым, қуларға жеміт болып жүрген шын момын байларды аямасаң һәм соның тілеуін тілемесең болмайды. Сонан басқаны таба алмадым.» (22-ші сөз) Сонымен ақсақалдық тұрғыда тілеуді кімдерге тілеп дұға жасап, құдайдан сұраудың да осындай сыры бар екен. Және иманды болу үшін де оны өлілер арқылы ата дәстүрін аманатын орындаумен бодауын беріп, ақиреттен ақыл қуаттарын алуға, кітабына жалғануға да әуелі өз қылығымызды жасымыздан бастап қалыптастырудың керек екенін де насихаттайды.

«Бір дәурен кеміді күнге-бозбалалық, Қартаймастай көрмелік, ойланалық. Жастықта көкірек зор, уайым жоқ, Дейміз бе ешнәрседен құр қалмалық. Бар ойы-өлең айтып, ән салалық, Біреуді қалжың қылып қолға алалық. Қызды ауылға қырыңдап үйір болса-Көңіліне зор қуаныш бір балалық. Демеңдер өнбес іске жұбаналық, Ақыл тапсақ, мал тапсақ, қуаналық. Қызды сүйсең, бірді –ақ сүй таңдап тауып, Көрсеқызар, күнде асық-диуаналық. Жастықта бір күлгенің-бір қаралық, Күлкі баққан бір көрер бишаралық. Әуелі өнер ізделік, қолдан келсе, Ең болмаса еңбекпен мал табалық. Той болса, тон кимелік, жүр, барарлық, Бірімізді біріміз айдарарлық. Ат арықтар, тон тозар, қадір кетер, Күлкіні онша күйлеп, шуламалық. Уайым-ер қораны, есі барлық, Қиыны бұл дүниенің –қолы тарлық. «Еһе-еһеһеге» елірме, бозбалар, Бұл бес күндік бір майдан ер сынарлық. Салынба, қылсаң дағы сан құмарлық, Алдыңда уайым көп шошынарлық: Жарлылық, жалынышты жалтаң көздік, Сүйкімі, икемі жоқ шалдуарлық. Әсем салдық өлгенше кім қыларлық, Оған да мезгілі болар тоқтатарлық. Ұрлық қылар, тентіреп тамақ асырар, Бомаған соң жұмыс қып мал табарлық. Басында әке айтпаса ақыл жарлық, Ағайын табылмас ой саларлық, Қалжыңбассып өткізген қайран дәурен, Түбінде тартқызбай ма ол бір зарлық? Осы елде бозбала жоқ сөзді ұғардық, Үзілмес үмітпенен бос қуарлық. Әйтеуір, ақсақалдар айтпады деп Жүрмесін деп, аз ғана сөз шығардық.» (22-ші өлең) Сонымен қазіргі таңда да жастық шағын бес күндік қуаттарын меңгере алмай, майданға түсіп сынала алмай күлкімен, ойын сауықпен босқа өткізіп жатқандардың ақсақалдың ақылын, ақ батасын және өлілерін  қалай тыңдатамыз, риза қыламыз, қазақ дәстүрінде мұның амалы бар ма деген сауалға да жауаптың барын ойдан шығармаңыз.

«Лай суға май бітпес қой өткенде, Күлеміз қасқыр жалап, дәметкенге. Сол қасқырша алақтап түк таппадым, Көңілдің жайлауына ел кеткен бе? Берген бе тәңірім саған өзге туыс? Қыласың жер-жиһанды бір-ақ уыс. Шарықтап шартараптан көңіл сорлы Таппаған бір тиянақ не еткен қуыс? Күні-түні ойымда бір-ақ тәңірі, Өзіне құмар қылған оның әмірі. Жаратқанға мақұлық ақылы жете алмайды, Оймен білген нәрсенің бәрі-дәһрі(жалған). Өзгені ақыл ойға қондырады, Біле алмай бір тәңіріні болдырады. Талып ұйықтап, көзіңді ашысымен, Талпынып тағы да ойлап зор қылады. Көңілге шек, шүбәлі ой алмаймын, Сонда да оны ойламай қоя алмаймын. Ақылдың жетпегені арман емес, Құмарсыз құр мүлгуге тоя алмаймын. Мекен берген, халық қылған ол ләмәкән (мекенсіз, шексіз) Түп иесін көксемей болар ма екен? Және оған қайтпақсың, оны ойламай, Өзге мақсат ақылға тола ма екен? Өмір жолы-тар соқпақ, бір иген жақ, Иілтіп екі басын ұстаған хақ. Имек жолда тиянақ, тегістік жоқ, Құлап кетпе, тура шық, көзіңе бақ.» (122- ші өлең) Өлілерді риза қылып Алланың досымен қауышуды «хажды» Абай атамыз ақылдық қуаттың сипаты кемпір қосаққа мінуді, яғни ойпат киелі жердегі нұрға жалғануды жаныңмен ұйқы кезінде тура жолға көтерілумен иманның байланысты болатынын да астарлы ескертіп өтіпті. Және де; «Бөстегім, құтылдың ба Көтібақтан? «Күйшіл» деп бабын білмей кінә таққан. Құл табан, кескіл тұмсық Бөстекбайым, Кісіге бос беремін бір мін тапқан» (222-ші өлең) деген астарлы сөзбен тақуалықтың, иманның қуатының әйел затының тазалығына, құйрық майының еруіне де, тәубемен байланысты деп аятта; «Мұхаммед олар сенен етеккір жайынан сұрайды. Оларға; «Ол жиренішті нәрсе, етеккір кезінде әйелдерден аулақ болыңдар. Оларға тазарғанға дейін жақындаспаңдар» де. Шәксіз Алла тәубе етушілерді жақсы көреді.» (2-222) Сонымен Алланың досы тек ақиретте болып, ал ақиретпен толық жалғанып тура жолда болудың да иман қуатын меңгерудің қасиеттілігі екені де сөзсіз. Олай болса бұл сырды пайғамбарлық қасиетің №20-шы белгісі «Ақиретте болу» сипатымен баяндап көрейік;

«Тағдырдың жарлығын білесіздер-өзгертілмейді. Пендеде бір іс бар жалығу деген. Ол –тағдырдың адаммен бірге жаратылған нәрсе, оны адам өзі тапқан емес. Оған егер бір еліксе, адам баласы құтылмағы қиын. Қайраттанып, сілкіп тастап кетсең де, ақырында тағы келіп жеңеді..» Тағдырдан бар бұл сынақты қазіргі таңда жастардың білім мен тәрбиеден ақылды меңгеруден де жалығып естері шығып жат елдің салтына бой ұрып және түрлі нашақорлықтарға құштарлық, бір жыныстылыққа құштарлық, қыз-қатындарымыздың өздерінің жыныстық ерекшелігін сақтаудан жалығып, шашын жайып, жалаңаштықпен көтін ашып,  дүниенің қызығына деген сұраныстың да артуынан мақұлықтық сұраныс пен қажеттіліктің  жағдайына бейімделіп сондықтан да адам болудың маңызы мәні жоғалып және құдайдың берген нығметінен, жақсылықтан да жалығу да қайраттылықтың, ақылдың жетілмей қалуынан болады. Қайраты жетілмей қалған жастардың өмір сүруден де жалығып өзіне-өзі қол салуы да осы тағдырдағы белгіні тәрбиелей алмаудан болмақ. «…Ақылы түгел, ойлы адамның баласы байқаса, осы адам баласының жалықпайтын нәрсесі бар ма екен? Тамақтан да, ойыннан да, күлкіден де, мақтаннан  да, кербездіктен де, тойдан да, топтан да, қатыннан да көңілі, аз ба, көп пе, жалығады. Себебі бәрінің ғайыбын (қателіктерін) көреді, баянсызын біледі, көңілі бұрынғыдан да суи бастайды. Дүние бір қалыпты тұрмайды, адамның қуаты, ғұмыры бір қалыпты тұрмайды. Әрбір мақұлұққа құдай тағала бір қалыпты тұрмақты берген жоқ. Енді көңіл қайдан бір қалыпты тұра алады? Бірақ осы жалығыу деген әрнені көрем деген, көп көрген, дәмін, бағасын, бәрінің де баянсызын біліп жеткен ойлы адамнан шығады. Соншалық ғұмырының баянсызын, дүниенің әрбір қызығының ақырының шолақтығын көрген-білгендер тіршіліктен да жалықса болады. Бұлай болғанда ақымақтық қайғысыздық та ғанибет екен деп ойлаймын.»  (20-ші сөз) Қазіргі таңдағы ел билеуші және зиялы қауым мен ақсақалдардың басым бөлігінің ақыл ойының жетілмей қалуына, жастардың ақылымен дін меңгеріп, жастармен бірге ойын-сауық құруды, дүниенің қызығын дәріптеп кетуді ғанибет көріп жүргендеріміз басым көпшілігіміз десек қате емес. Яғни жиырмалығымыз ақиретпен байланысымыз үзілгендіктен деп біліңіз.Ал жалығу үшін ақиретпен дос болуға, құдайдың еркін орындауға, жанды өсіруге не істеу керек, қазақтың дәстүрінде қалай насихатталады десеңіз;

«Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да, Алдамаған кім қалды тірі жанда? Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім, Жалғыз-жарым болмаса анда-санда. Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда, Ол тұрмас бастан  жыға (бөрік, дуылға) қисайғанда. Мұнан менің қай жерім аяулы деп, Бірге тұрып қалады кім майданда. Ендігі жұрттың сөзі-ұрлық, қарлық, Саналы жан көрмедім сөзді ұғарлық. Осы күнде осы елде дәнеме жоқ, Мейір қанып, мәз болып қуанарлық. Байлар да мал қызығын біле алмай жүр, Жаз жіберіп, күз атын мін алмай жүр. Сабылтып, күнде ұрлатып, із жоғалтып, Ызамен ыржиып күле алмай жүр. Саудагер тыныштық сауда қыла алмай жүр, Қолдан беріп, қор болып, ала алмай жүр. Ел аулақта күш айтқан, топта танған, арсыз жұрттан көңілі тына алмай жүр. Естілер де ісіне қуанбай жүр, Ел азды деп надандар мұңаймай жүр. Ала жылан, аш бақа күпілдектер, Кісі екен деп ұлықтан ұялмай жүр. Бектікте біреу бекіп тұра алмай жүр, О дағы ұры-қарды тыя алмай жүр, Бірінің бірі сөзін құп алмай жүр. Құда-тамыр, дос-жаран, қатын-балаң-Олар да бір қалыпты бола алмай жүр. Жетіліп жаз жайлауға қона алмай жүр, Күз күзеу де жанжалсыз бола алмай жүр. Қыс қыстауың-қып-қызыл ол бір пәле, Оралып ешбір шаруа оңалмай жүр. Жасы кіші үлкеннен ұялмай жүр, Сұрамсақтар нәпсісін тыя алмай жүр. Сәлем-борыш, сөз-қулық болғаннан соң, Қандай жан сырттан сөз боп, сыналмай жүр?» (20-шы өлең)

«Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей? Тоқ тұра алмас дәмдіден дәмді іздемей. «Бір тойған-шала байлық» деген қазақ, Ет көрінсе, қайтады күйсей бермей? Еңбек жоқ, қаракет жоқ қазақ кедей, Тамақ аңдып қайтеді тентіремей? Ет пен қымыз сықылды ас жоқ дейді, Ол немене жоқтықтың әсері емей? Ет, қымыз тамақ болса әркімге арзан, Тәтті дәмді іздер ең онан әрман. Өз пұлыңмен халің жоқ күнде тояр, Құлдық ұрып асайсың асы бардан. Өз үйіңнен тоярға қолың қысқа, Ас берер ауыл іздеп жүрсің босқа. Бір жілік пен бір аяқ қымыз берген Дереу сені жұмсайды бір жұмысқа. Жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел, малың болса, сыйламай тұра алмас ел. Қаруыңның барында қайрат қылмай, Қаңғып өткен өмірдің бәрі де-жел. Тәуекелсіз талапсыз мал табылмас, Еңбек қылмас еріншек адам болмас. Есек көтін жусаң да мал тауып кел, Қолға жұқпас, еш адам кеміте алмас. Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиылмас, Сұм нәпсің үйір болса, тез тиылмас. Зиян шекпей қалмайсың ондай істен, Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас. Асаған, ұрттағанға ез жұбанар, Сенімді дәулет емес сен қуанар. Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, Қардың суы сықылды тез суалар. Мінер атын, киімін ып-ықшам қып, Сымбаттынып, сымпиып тамақ аңдып, Бұраңдап жылы жүзін асқа сатқан Антұрғанға қосылмай кетсін қаңғып. Күлдіргіштеу, күлкішіл қалжыңға ұста, Кезеген ит тым-ақ көп біздің тұста. Өз үйінен жиреніп, қашып жүрген Антұрғанға қосылма қапылыста.» (120-шы өлең) Сонымен ақиретке сәйкес болу намазыңның, дін ниетіңнің толымдылығы жастайыңнан дұрыс тәрбиемен ішіп жемге де байланысты және еңбек ете білмегеннің түбінде қайраты мен талабы қосылып итке айналып, жын-шайтанға ұқсап, антұрып кетпесін дейді. Қазіргі жастардың еңбексіз намаз оқып, дінші аталуының өзі тамағын сұрап жеген ел кезушімен бірдей екені және үкіметтің мойынына масыл болып отырушы, тек алақан жайып өз еңбегінен артық жалақы сұраушылар да осы топқа жататындары да сөзсіз. «Түбінде баянды еңбек егін салған, Жасынан оқу оқып, білім алған. Би болған, болыс болған өнер емес, Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.» (220-шы өлең) Сонымен адам еңбек, кәсіпсіз біздің бес қаруымыз бен қайратымыз қалыпты бола алмайды. Ал қайратсыз талаптың да ісі алға баспайды. Қайратсыз ақиретке жалғанып  дос табу да, тура жолға шығу да мүмкін емес. Ақыл мен қайраттың жаратылысын қалай айырамыз?…(жалғасы бар)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *