XXII-Аққу-сұңқарлар және ата жолы дін философиясы мен қазақ дін дәстүрінің түсініктері

Бөлім: Аққу, сұңқарлар және Ата жолы 123

   «Дін –үгіт әрі насихат» деп түсіндіреді барлық киелі кітаптарда. Үгіт дегеніміз жамандықтан тиым салып, жақсылықтың, адамдықтың жолын көрсетумен баяндалатын өсиеттерімен, көркем сөз ақылдың үлгісі екені белгілі. Ал енді насихаттың ұғымын аятта; «Олар сөзді (құранды, дінді)зертемей ме? Немесе оларға бұрынғы аталарына келмеген нәрселер келді ме? (68). Немесе «Онда бір жындылық бар бар» дей ме? Олай емес. Оларға шындықты әкелді де көбі шындықты жақтырмайды. (70) Егер шындық олардың көңілдері тартқан жаққа кетсе, әрине көктер мен жер және онда болған әркім бұзылып кетер еді. Олай емес. Оларға үгіт келтірдік. Сонда олар насихаттарынан жалтарады.» (23-71) Сонымен насихат дегеніміз бейнеленген шындық, аян, уахи және Раббымыздың білімінен белгілерімен хикметтер болып, оқылатын жаратушы ғылымы болып; оның түсінігін меңгеру үшінде, әр елдің тілінде бейнеленген сөз ұғымдарын, нақылдарын зертеу арқылы және құраннан және пайғамбарлар, даналардың қалдырған мирастарынан ғибратты үлгілерін, намаздарын орындауға үлгіге ала білуміз керек.

Үгітпен насихаттың ерекешелігін аятта; «Мұхаммед шын мәнінде олардың үгіт алулары үшін Құранды сенің тіліңнен ғана оңайластырдық. (58) Нәтижені сен де күт. Расында оларда (өлілер қауымы, ақиреттік әулие-әмилер) күтуде.» (44-59) Олай болса, біздің құранды арап тілінде оқуымыз, онан тікелей алған түсінігіміз, жалпы арап елдерінен келген барлық өсиет, үгіттердің, түрлі ғибаратты қалыптасқан, бейнеленген үлгілері  біздер үшінде үгіт және шын болып табылады. Сонымен бірге шариғаттың парыздарын орындап, үлгі ала алмағанда, Алла тағала тарапынан берілетін  ақиреттің азабы мен дүниенің сынақтары туралы ескертулерінің шынға айналуы бейнесі болып; «Азабым ескертуім қандай екен? (16) Расында құранды үгіт үшін оңайластырдық. Ал сонда түсінуші бар ма?» (54-17) деп, үгіттті мойындап қабылдамағанда, шындықтың хақиқат болып түрлі жағдайларда, қияметтік оқиғалармен насихаталуын ескерткен.

Ал енді діннің бірлігі, адамзаттың кемелдіке жетумен яғни тура жолға түсе алуы, тек қана масһабтық, исламдық бес парызбен қажы болумен ғана шектеледі деп түсінсек; онда құранның Раббымыздың біліміне, шексіздіккке, ғылымға, хикемтерімен, кереметеріне қарсылық болып; толық дін болудан, тура жол болып адамзатты барлық дүние тіршілігінде ақпараттық тұрғыда ақылын жетілдіріп, бақытты өмір сүрге ықпал етуден қалады. Керісінше белгілі бір жаратушысын тануға талпынған топтардың ғана әрекеті болып қалуымен, қазіргі таңда дінді тек қана мешіт арқылы іздейтін күнге де жеткеніміз, ақылдың өркениетін жоғалтумен ғана айналысып кеткеніміз жасырын емес. Ақыл адамзаттың даму өркегниетін, тарих шежіресін толық қамтумен ғана өз дәрежесінде білімді сіңіріп өсіп өркендей алатынын естен шығармаған жөн.

Ал енді ақылды белгілі бір кезеңге, немесе білімге байлап қойудан, адамдықтың, дін- жанының үздіксіз жалғанған жібінің үзілуімен, Алла тағаламен арадағы байланыстың үзілуіне соқтырып, нәтижесінде адамзатты керісінше жануарлық тұрғыда төмендеуге жынжылық топтарға бөшектеніп, өз ара жанжалмен тіршілік етуге апарады.  Ал енді  адам атамыздан бері жалғасты келе жатқан сөз ғылымымен үнемі жалғанып ақылымызды жетілдіріп қуаттандырып отыру арқылы ғана меңгерген білімдерміздің ақ-қарасын ажратып, тазартып отыруға мүмкіндік туып; аспан дүниелермен жалғанатын көркем сөз ағашы болған тегіміздің, меңгерген діндеріміздің барлығы ақылмен бірленіп; шындыққа, аруаққа айналып, жаратылыстың сырын, бізге пайдалы зиянды қуаттарды меңгерудің амалдарын көрсететін, бақытты өмірге, Алланың тура жолына түсуге шақырып, ғылымын, құлшылық амалдарын баяндайтын тылсымнан аруақтарымыз арқылы бейнеленіп, аян, уахи болып оқылатын кітаптардың, Раббымыздың хикметті білімінен шындықтардың насихаты болып табылатыны хақ. Насихатты түсіну үшін құран үгітін жетік меңгеру намаздарын орындай білу де шартты болады.

Егер құранды дұрыс түсініп ақылмен меңгере алмағанда біздерге оқылатын, түсірілетін Раббымыздың шындық насихатын терісуке алып керсінше адасуға тура жолдың қисығына түсіп алуға да себепші болады.  Адамазатқа білім, ғылым ортақ болып, ұлттық, нәсілдік, тілдік сипартарға бөлінбейді бірақ оны қабылдау үшінде ділдің қуатылығымен ақылдың сапасы ана тілімен ғана, әрбір ұлттың ішкі еркі, мендік шам-шырағы, тегі болып қалыптасады. Ал енді тектіліктің шындығы болып ғұмырлық кітаптармыз, ұлттық тұрғыдағы шежіре ағашымыздың, ата-аналармыздың меңгерген қасиетері мен адамдық қабілетернің кітабы аруақтары арқылы ғана ақылдың да әлеммдік жүйемен жалғанып бір тектілігі қалыптасады. Сондықтан Алламызды, жартылысты, өзімізді тану үшін; құранды ғылымдық тұрғыда ана тілімізге аударып, құпия аяттардың шындығын, кітабын аруақтар арқылы бейнесін тылсымнан көріп, насихатын үгітке айналдырып отыру шарт деп біліңіз.

Енді бүгінгі таңда, қазақ дін ғалымдары мен білімді қауым өкілдері қазақ сөз ғылымы құран келгеннен кейін ғана өркендеген, сондықтан; «Сөзді араптан, парсыдан алдық» деген тажалдық пәтуаны халықтың жадына тықпалап сіңіріпте болғаны хақ. Бірақ, Раббымыз; «Олар сөзді (құранды, дінді)зертемей ме? Немесе оларға бұрынғы аталарына келмеген нәрселер келді ме? ..» деген үкімен және әрбір тілдің пайғамбарлары, сөз ғылымын жетілдірген елшілері болғанын да ескертіп, мұндай пәтуалардың жалған, тажалдық екенін алдын-ала білдіріп аятта; «Осылайша, Құранды, арапша үкім (үгіт) түрінде түсірдік. Саған ғылым (насихат) келгенен кейін, олардың көңілдері ауған тарапқа ілессең, сені Алладан арашалайтын бір дос не қорғаушы болмайды.» (13-37)  Бұл аятпен, құранның үгітін меңгеру арқылы, құлшылықта, тақуалықта жетілген сайын; ғылымның құранның құпия кітабы болып оқылатынын және әрбір пенденің Алла мен екі арада дәнекер, елшісі, күзетші аруақтары, Алла достары болып; Алланың жер бетіне, біртұтас түсіретін  азаптарын, тақуалығына, ақталуына қарай Раббымыздан араша сұрап жеңілдететін екі аралық дәнкерлері; ақиреттік өмірдегі, пайғамбарлары, әули-әмбилері, сүйген құлдары жоғарғы дәрежелі періштелердің болатынын ашық ескертеді.

«Алла біртұтас күнәларды жарылқайды жәнеп біртұтас тілектерді қабылдайды,..» деп ескерткен аяттарында. Олай болса, Алланың азабы да рахметі де әрбір пендесіне жеке-жеке берілмейді,  бір тұтас адамзатқа ғылым тұрғысында, Раббылық сипаты арқылы беріліп,  ал оны үлестіруші немесе азаптан арашалаушы, Раббымыздың құзырына шыққан, нұрына жалғана білген, шапағатшылардың болатын, құранның жүздеген аяттары баяндап тұрғаны хақ. Және Алланың рахметі мен азабы да нұры әрбір пендесіне жеке-жеке берілуі де ғылым, қуат тұрғысында жоғарғы дәрежелі тәңірлік, ғаршылық қуат иесі тұрғысында мүмкін емес. Ондай жағдайда әлем түгел жанып, қирайды, оған жаратылыс нәрселері шыдас бере алмайды. Және ол әділдігіне де лайық болмас еді. Мұның дәлелі Мұса пайғамбарымыздың ғибаратты үлгісімен ескертіліп; «Сендер Мұсадан сұрағандай сұрамаңдар» деген. Ислам діні, сондықтанда жер әлеміне, адамзатқа ортақ бірлеу діні болып; Бір құранға; Бір ғылымына; Бір ақылына; Бір тұтас жанға; Бір Менге, бір-барлығы, растығы, хақтығы, шындығына табынып, құлшылық сәждемізбен, жаратқанға құл бола аламыз.

Енді масһабшылармен дін исламдық түрлі топтардың өздерін тура жолдағыларға санап, құранның барлық аяттары, арап тілінде немесе өздері тікелей аудармалау арқылы шындықтан бейнеленген білімге, сөз ұғымына, шынға айналып, оның насихатын меңгеріп алдық, деген пәтуаларының да жалған және Аллаға, құранына ортақ қосу екені хақ. Аятта; «Алланың аяттарына байланысты өздеріне бір дәлел келмесе де тартысқандардың көкіректерінде өздері әсте жете алмайтын бір менмендік (жындылық, шайтандық) бар...» (40-56) Ал әрбір адам балсына дәлелді тек қана өздерінің туысқандық тектілік тұрғысындағы жақын ата-ана аруақтары арқыла ғана көрсетіледі. Сондықтан аятта; «Расында ол, Жәбірейілді екінші рет көрді. (13) Тұрақтау ағашы (ойпаттардан, киелі жерлерден өсетін көркем сөз ағашы) жанында. (14) Оның қасында Мәуа жаннаты (әулиелер зияраты) бар.(15) Сол уақытта ағашты қаптаған нәрсе (аруақтар) қаптады.(16) Мұхаммед көзі таймады да, үстірт қармады.(17) Расында ол Раббының ірі белгілерін көрді.  (18) Лат пен Ғұзаны (қол періштелерің аруақтарды)көрдің дер ме? (19) Үшінші басқа Менатты? (20) Еркек сендердікі де ұрғашы Алланыкі ме? (Алланың періштелері емес пе?) ..» (53-21)

Алламызды тану үшін, жынымызды тазартып; бүтіндіке, толық адам жетілген-жетелікке жетіп онан саналы кемел адам болумен, адамдықтың жоғарғы дәрежесі кемелдікке, саналы, арлы тұлғалықты, төрелік, қоржалық, аталық қабілетерді меңгеру шарт. Осындай адамдық сипатарды меңгеру арқылы ғана жаратылыстың құрлымын, ішкі сырын, қуаттар жүйесінің білімін, әлем ішіндегі адамзаттың, жартылыстың барлық пайдалы қуатар жүйесінің шындығы арқылы пайда болған бейнелерін, яғни Алланың өзін, өмірін, себебін хикметті білімі арқылы  меңгере аламыз. Ал мұндай қабілетіміз болмаса онда ғылымды меңгере алған даналарға табынып, аруақтарына жалғанып, ұқсауға тырысудың өзі ақылдың толымдылығын, бір естілікті қалыптастыратыны да сөзсіз.

Алланың өзі- уақыт, заман, жол, және барлық нәрсенің Раббы-киесі, әлемнің ішкі сырларының себебі болады. Ал Алла барлық әлемдегі жаратылысты баураушы бір тәңірлік қуат иесі. Осы тәңірлік қуаттарынан өзінде, және оған қарсылық күштерін де жаратқан. Ал енді Алланың өзін-себебін меңгеру үшінде; әрбір  адам баласын өзін тану ілімін, насихатын меңгеруі шарт. Өзін тани алған әрбір пенде, өзінен киелі рұқынан, Алла тағаланың берген сыйынан, адамдық ақылмен, қасиет, қабілеттермен  шектелген еркінен төмен болуға тырысады да «Арық айтып семіз шық!» деген аталар аманатына лайық іс қылады.  Ал болмысында жындылық болғанда, меңгерген білімін, құдайдың берген денсаулығын, күш-қайратын, қасиетін, өнерін ту-жалау қылып, үнемі өзінен жоғары көруге «мені десін, көрсін, тұлға –«жұлдыз», «әулие» деп мақтасын» деп тірлік кешеді.

Сонымен, әрбір өмірден өткаен артында өшпес мұра қалдырған даналармыз, әулиелеріміз, аттары Алланың   көркем есімдерінің сипатарына жалғана алған шапағат иелері; «біздер» арқылы көрсеткен, Алла тағаладан алған сыйларын, құпия білімдерін аян, уахи арқылы жанымызға жаза білуіміз де керек. Сондықтан құлшылғымыздың намаздары жанымызды жеитілдіруге, көбейтуге арналып, бірақ оны ар білімі арқылы ғана меңгере алтымыз да хақ. Ал Ар-дегнеміз ірге тасы ұятпен  қаланып, жетелік ақылдың табысы; ұждандылықпен бекіп, оймыздың, өмір-ой бақшамыздың жемісі; саналықпен өсіріп қана толық арлы бола аламыз. Сондықтан қазақта; ар-намыс-ұждан-ұят болып кері қарай тырнақша арқылы жазылады.

Ақыл-оймыздың саналық «бәйшешек» бақшасын өсірумен, ар сауытымен қорғай алған жағдайда ғана біздердің екі қол аруақтармыз яғни Раббымыздың ірі белгісі болған; үшінші меннаттық (түр, түстердің, шындықтың түрлену дәрежесі)- «Лат, Ғұза»-қол бала, ақылдың қанаты, көлігі періштелік қуатымыз қалыпты болып; тылсымнан   құранның аяттарының бейнеленген деректерін, кітабын көру арқылы ғана құран, дін насихаттарын насихатын өз бетімізше түсінуге, ғылымды болуға мүмкіндік туады. Құран үгітін меңгеруге, жеке-жеке аяттарды пайғамбарлардан, даналардан қалған өсиетерімен салыстыру арқылы мұсылман болып түсіне алсақ, ал ғылымын, насихатын түсіну үшін Алла тағаладан, Раббымыздан берілген шындық, хикметті білім  арқылы ғана мүмкін болмақ. Енді бұл пайымдауларымызға құраннан дәлел келтірсек;

Қазіргі таңдағы кез келген діншінің арап тілінен құранды оп-оңай аударып пәтуа беріп жүргеніне аятта; «Осылайша Құранды Арапша түсіріп, онда түрлі ескертулер баян еттік. Мүмкін олар сақтанар. Немесе оларға үгіт пайда қылар (113) Шынайы меңгеруші Алла әр нәрседен жоғары. (әр нәрсенің төбеде, жоғарыда киесі, иесі бар) Мұхаммед саған етілген уахи бітуден бұрын Құранды оқуға асықпа да: «Раббым, білімімді артыр!»,-де» (20-114) Қазақ даналығында бұл аяттың құпия білімін; «Төртеу түгел болса төбеден келеді» деген. Немесе «Ай астында төрт тек бар, сыраларын ешкім тапқан жоқ» деген. Қазіргі таңда сан білімін меңгеріп, төрт аяттың есебін шығарып, құран насихатын түсіндіретін, бірде-бір дін ғалымы, теолог дегендерді таба аласыз ба? КАерсінше әрбір арап тілін меңгере алған, бүтіндігі де қалыптаспаған жастардың бәрі ғалым, теолог «әулие»-пір болып алуына кімдер жол беріп қойған. Үлкендіктің, ақсақалдықтың тектіліктің сапасының жоғңалып, білімге, жындылыққа негізделунен емиес пе? Ал мұндай жағдайда, қазақтың адамдық сапасының, тұлғалықтың үлгісі болған; хикметті білімді меңгерген Ясауи бабамыздың сәни дәптерін былай қойғанда Абай-Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп, Жүсіп Баласағұн т,б дана әулиелердің еңбегін толық түсіне алған; бір есті, тұлға кісілікте жетілген ел басқарушы, зиялылар бара ма?

Адамзаттың жаратылысы үш сатыдан, үш қараңғылықтан тұрады, төртінші жағдайда жарықтық сипатты меңгереді. Сезімдік, жандық тұрғыда; жер ана рұқынан-ұрық-нәсілден; өсімдіктер, жәндіктер әлемімен байланысты жетілетін болса, негізінде мұндай қуаттардың әйелдермен жастарға тән болмыс болса; екінші дәржелі жаратылыс қоршаған орта кеңістіктпен байланысты, күш, қуат, қозғалыстағы түйсіктік ақыл тұрғысында жануарлармен, хайуандар әлемімен байланысты, әке белемен алатын жындылық кейпіміз болмақ. Сонымен үшінші жағдайда; жоғарғы әлемнің көк тәңірлік қуаттар жүйесімен байланысты жалғанып; көңіл-құстық, ұждандық, аруақтық сипаттармыз болмақ. Бұл сипатымыз, әлемдік тұрғыдағы адамзатқа ортақ кітап, нәсілдік жаратылысымызбен, жүрегімізбен байланысты екені хақ.  Ал енді адамдық сипатымыз; бұл үш түрлі қуаттардың жүйесін бір ақылға бағындыра біліп, жанның қалауымен басқарылатын жүрекпен басқарып, жүректі ғылымды тыңдауға яғни бастапқы кісілік бейнемізбен аспан әлемімен, Аланың өзі сипаттарымен жоғарғы дәрежелі періштелермен байланыста тұрып, таза ақылмен басқарылатын; әулиелік, тұлғалық сипатарымыз Алла тағланың өзіне ұқсастығымын, ар сауытын меңгерумен ғылымды болумен нәтижеленбек.

Ал, әулиеліктің жоғарғы дәрежесі; адамдық- кемелдіке жету үшін, төрт ақылдың түгелдігі қырыққа жетіп; бүтіндікті меңгеру арқылы 9-жыл сынақтан өтіп ердің жасынан келіп; бір ақылды, бір есті, бір қуатты жетілген толық адамдықты, жетелікті меңгеру керек. Ал жетелікті меңгеру арқылы ғана ұжданды болып, ұждандылық арқылы төбедегі Алланың киелігіне жалғанумен, яғни «тоғыз төре» саналыққа жалғанып, ішкі дүнеимізді нұрландыру арқылы, арымыздың сауытында толық меңгеріп; Кемел адам болып қана пірлікті яғни оның екі дәрежелері; төрелік пен қожалықты, сұлтандықты меңгеруге болады. Пір- дегеніміз адамзатқа әрбір істің басында тұрып, бағыт-бағдар беретін дана, парасатты адам баласын айтады. Ал енді, дінде масһаб білімін меңгеріп алып, ұждандылыққа, саналыққа жалғанатын, үлкендік жасқа да жетіп, естіліктің дәрежелерін меңгермей; шариғатпен, намаз оқумен, тура жолға түстік, бізден ғана ақыл сұраңдар деп, өздерін пайғамбарлық дәрежелі әулиелік қасиетің егелері, машайық, пірге санағандарға;

Аятта; « Ол Алла, саған Құран түсірді. Оның ашық мағыналы аяттары бар. Солар Кітаптың негізгі ірге тасы. (шариғат, масһабтық білімін қалайды) Екінші ұқсас ұғымда аяттар бар. Ал жүректерінде қыңырлық (жындылық, шайтандық) болғандар, бұзақылық іздеп, ұқсас мағыналы аяттардың ұғымын іздестіріп соңына түседі. (намаз оқу арқылы, тек жалбарынып тақуалық іздеп, дұға қылыудың соңына түсу). Оның ұғымын Алла ғана біледі. Сондай-ақ ғылымында озат болғандар; Бұған сендік. Барлығы Раббымыздың қасынан (хикметті белгілері, мұғжизалары, уахи, аяндары) дейді. Бұны ақыл иелері ғана түсінеді.» (3-7) Олай болса;  қазақ еліндегі ел басы мен ел билеушілер, дін басы, дін істернің басшылары, дін ғалымдары, теолог, психолог, зиялы атты қауым өкілдкері мен өздерін «төре», «қожа» тұлға болып, адамнан емес, атадан жаратылғандармыз, деген ғылымда озат, таза ақылға ие болған пірлерміз; ата жолы болып басталған, құдай патшалығына, мұғжиза мен, хикметті білімдерін өздері зертеп меңгеріп, білім, сөз тұрғысында құранмен, аталармыздың қалдырған өсиеттерімен салыстырып халыққа түсіндере алды ма? Ал шын жүзінде қазақ елінің іс басындағылар, ақыл айтуға өздерін лайық деп білетіндер; пірліктерін, тұлғалық, әулиелік дәрежелерін растап; халыққа жол көрсетуге, Раббымыздың күні бүгінге дейін үздіксіз түсіріліп жатқан белгілерін, аруақтар арқылы ескерту хабарларын мойындау түгіл, тиым салған заңның күшін жойуға да, неге қарсылық білдереді, деп сұраңыз.

Қазақ халқының іс басындағы, дін ғалымдары, зиялы ғалым аталғандар, ел билеуші пірлерміз, тұлға аталғандарымыз; ғылымсыз және жүректерінде қыңылық, қарсылық бар, сондықтан екі есті, есерсоқ түгелдей жынды деп түсіну керек. Мұндай жағдайда көңіл-құсы, қол аруағы қанаты, аян көліктері жетілмеген, демек ар сауыты түгіл саналығы да кем екендігіне куәлік болады.

Қазақ дәстүрінде; Ақыл, қайрат, жүрек және ғылымға жалғанып; «Төртеуін түгел меңгере алғандарға; «Бақ қарасын, қыдыр дарысын!»деген екен аталармыз. Ол үшінде; «Бақ алдымен адамның аяғына қонады. Аяғын түзу алып жүрген адамның беліне қонады. Белін бұлғамаған адамның кеудесіне қонады. Кеудесін көтермеген адамның маңдайына қонады. Маңдайдағы бақытты бағалай білген адамның басында «Бақ» мәңгі қалады!» Осындай адам баласы ғана әулие болып саналады екен.  «Малым жанымның, жаным арымның садақасы» деп өткен  бабаларымыз; Мал –жын қуатымен байланысты, әйелдерде етекті, еркек кебісті болып; табаның ағаруы, аяқпен жыныстық қуат, беліңмен тазарып, ал жан-сезім қан тазалығы, кеудедегі жүрекпен, ұждандылықпен байланысты болып; Ар-намыс, ақ жаулық, бөрікті болумен, маңдай тағдырдың тазарумен байланысты болады. «Баланы жастан, қатынды бастан» деп басы мен қол, аяғын, бойын сақтап, қорғап жетілдіріп күтудің маңыздылығы; қазақ дәстүрінің ар білімнің негізі болғаны да хақ. Қазіргі таңдағы; Ата заңмен бекімеген қазақ дәстүрінің ұятлық, ар білімі мүлде сақталмайтын бүгінгі қазақ елінде тұлғалы, бір естілік түгіл, алдамдық болмысты меңгеруге жол жабық болғандықтан жынды, күшті, қуатты өнерлі болғанымызбен, бірақ ессіз елдердің тобынанбыз.

    Сондықтанда біздер ұятпен қорғалмаған сезімдік тұрғыда шайтандық болмыста, ал  бір-бірімізбен жалпы жаратылыспен қарым-қатынаста қажетілікпен, нәпсілік мұқтаждықпен, біліммен ғана өмір сүретін қоғамдық саясатымыз жындылықты дәріптеумен ғана шектеліп алдық.  Сондықтан ел билігіміздің рухи өмірімізге бағыты, заң тұрғысындағы негізгі саясаты да хайуандар мен жәндіктер сияқты  үш түрлі сезімдік, нәпсілік «инстинк» арқылы; 1.Тірі болу үшін күрес; Өзін-өзі қорғау сезімі. 2. Тіршілік үшін, жақсы тұрмыс үшін күрес.Өзін-өзі қамтамасыз ету үшін сезімі (инстинк). 3. Ұрпақтарды жалғастыру үшін күрес. Барлық хайуандарға, құстарға тән сезімдік қуаттармен ғана шектеліп алғанбыз да адамдық тұрғыдағы аруақтық қуаттарға жалғанудан, шайтандық, жындылықтардан тазарудан, рухани өліп-тірілуден, ақталудан қорқып, ата жолын қудалап, қияметтік мезгілді сұрап алған халық болып саналамыз.

Адамзатқа өзін танудың белгісі болған; Рухани өлімнен өтіп, інжілдік, зәбурлік, таураттық дін тұрғысындағы ақталудың дін исламда құндылығы мүлде жоғалып, оның орнына, бес уақыт намазбен, қажылық арқылы өздерін –өздері  күнәлапрдың үлкенінен ғана сақтай алып, ал жанджағы, тағдырларындағы, ата-ана аруақтарындағы күнәларын ұмытып, немесе мүлде қарсы борлыуға ашық үгітейтіндері да хақ. Осындай жағдайда, бізге білінбейтін, көрінбейтін құдайдың өзі ғана білдіріп, көрсететін күнәлардан да ақталған тақуа және жаннатық санайтын жындылық екенін аятта; «Сондай күнәлардың үлкенінен және арсыздықтан сақтанғандардың аздаған кінәлары болса да шәксіз Раббыларыңның жарылқауы кең. Сендерді жерден жаратқанда және аналарыңның қарнында шикі өкпе кездеріңде де жақсы біледі. Сондықтан өздеріңді өздерің ақтамаңдар. Ол, кім тақуа екенін жақсы біледі.» (53-32) Олай болса өздерін әулие-пір атап, немесе тасы бір қасиетті, тұлға болса; «Менде сондай құдай ақтаған төре, қожа, араптан келген ғалым… пәлен тектінің ұрпағы сондықтан тектімін..» дегендердің бәрі құдайға да аяттарына да қарсылық жасайтын жындылар екені де осы аятпен үкім беріліп тұр.

Мұндай жағдайда барлық ұлтқа, халыққа ортақ ақталудың жолы- Ата жолының маңызын, ғылымын меңгеріп, түсіндіру, бабалармыз меңгерген артында қалдырған насихаттарын ұғыну үшінде, өзімізді –өзіміз ақтаудан бас тартып, керісінше  сөз майданына сұқбатқа түсіп сыналып, бір-бірімзді сынап, тәубеге келіп, жындылықтарымызды мойындап; адамдық, әулиелік, тұлғалықты меңгеретін, әлемге де рухани жоғары тұрған үлгісі мектебі бар, бақ қонған елге айналуға да Алла тағаладан қолдау болары да хақ… (жалғасы бар. 2015 жыл)  Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;  http://btk.atazholy.local/

2 thoughts on “XXII-Аққу-сұңқарлар және ата жолы дін философиясы мен қазақ дін дәстүрінің түсініктері

  1. «Алла біртұтас күнәларды жарылқайды жәнеп біртұтас тілектерді қабылдайды,..» деп ескерткен аяттарында. Олай болса, Алланың азабы да рахметі де әрбір пендесіне жеке-жеке берілмейді, бір тұтас адамзатқа ғылым тұрғысында, Раббылық сипаты арқылы беріліп, ал оны үлестіруші немесе азаптан арашалаушы, Раббымыздың құзырына шыққан, нұрына жалғана білген, шапағатшылардың болатын, құранның жүздеген аяттары баяндап тұрғаны хақ. Және Алланың рахметі мен азабы да нұры әрбір пендесіне жеке-жеке берілуі де ғылым, қуат тұрғысында жоғарғы дәрежелі тәңірлік, ғаршылық қуат иесі тұрғысында мүмкін емес. Ондай жағдайда әлем түгел жанып, қирайды, оған жаратылыс нәрселері шыдас бере алмайды. Және ол әділдігіне де лайық болмас еді. Мұның дәлелі Мұса пайғамбарымыздың ғибаратты үлгісімен ескертіліп; «Сендер Мұсадан сұрағандай сұрамаңдар» деген. Ислам діні, сондықтанда жер әлеміне, адамзатқа ортақ бірлеу діні болып; Бір құранға; Бір ғылымына; Бір ақылына; Бір тұтас жанға; Бір Менге, бір-барлығы, растығы, хақтығы, шындығына табынып, құлшылық сәждемізбен, жаратқанға құл бола аламыз.
    Осындай тәпсірлерді оқығанда, рахаттанып, жанымды қоярға жер таппай озиме симай кетем. Керемет!!!

    1. Әрбір адам баласы өзінде жүрегінде бар құран кітабымен ғана түсініп, Алланың жібіне рұхына жалғанып жүрегі қуанады. Демек бұл ақпараттың өзіңде жаратылыстан иманмен берілгені деп түсіну керек. «Кімде иман дәні-кітаьбы болса оған соншама беріледі, ал кімде ол жоқ болса сондай шамада қарсылық кітабы жазылады.» (Інжілден)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *