XXIII-Аққу-сұңқарлар және ата жолы дін философиясы мен қазақ дін дәстүрінің түсініктері

Бөлім: Аққу, сұңқарлар және Ата жолы 2

   Жаратушымыз әлемді шындықпен яғни даналықпен, ақылдың жоғарғы дәрежесімен, сөздің қуаты, білімнің үні- ғылым арқылы жаратқанын құранда, киелі кітаптарда ескертеді. Ал дін ғалымдары; «дінді ақылдан жоғары», деп мұндай аяттарға қарсылық жасап Аллаға да ортақ қосады. Қандай да дін құлшылығы, адамзаттың мәдениет өркениеті  ақылдың қуатын біліммен, намаздық, тіршіліктік амалдармен өсіріп, байытып өркендетуге ғана бағыталған жағдайда, адамзат бақытты өмір сүруге мүмкіндік алады. Дін болсын, мейлі білімдегі өркениетілік болсын, жаратушымыздың шындығын табумен, адам баласы өзін жаратылыстық қуаттардың жүйесіне бейімдеп, меңгеріп, дүние тіршлігінде қызметке жаратып, тән-мал, жанына, жынына рухани қуат алып, қуат қоса алумен ғана; Бақ қонып қыдыр даритыны да хақ.

Ал енді шындықтың соңғы тұрағы, бейнесі туралы аятта; «Әй Кітап иелері! Діндеріңде артық кетпеңдер. Аллаға байланысты шындықты айтыңдар. Шынайы түрде Мәрйем ұлы Масих Ғиса, Алланың елшісі әрі Мәрйемге жалғастырған сөзі (діл қуаты) және Алла тарапынан бір рұх…» (4-171)   Ал енді мұндай рұхтың әрбір адам баласының жаратушыдан алатын рұхынан сыйы «Мені» болып және оның тікелей Алла тағала тарапынан берілетінін аятта; «…Адам баласын жаратуды балшықтан (қаннан, шырыштан) бастайды.(7) Сосын оның нәсілін жайсыз судың негізінен (әке ұрық суынан) жаратты.(8) Сосын оны бейнелеп, ішіне өз рұхын үрледі. Сондай-ақ сендерге есту, көру және түсіну қабілетін (жындық және жан қуатын)берді. Аз шүкір етесіңдер.» (32-9) Енді бұл аяттарға сүйенсек, онда Алланың рұхы, сөзі, шындық ғылым әр пенденің несібесі, іштегі мендік қасиеті тағдырына берілген кітабы, періштелігі де болмақ.  Ал Алла рұқының «Мәрйем-бой ұсыну, көңіл күйі»-не жалғанып барып, адамдық болмысқа айналуымыздың өзінде жаратушының хикметі барын білген жөн. Қазақ даналығында; «Ұлдың жақсы болуы нағашыдан» деп астарлап, әкенің тегі қызға өтіп; біздің есту, көру, түсіну қабілетіміз анамызбен, ана тілімен тікелей байланысты екенін аятпен растап тұрғаны да хақ.

Олай болса, біздер әкеден- рұқтың қуатын алып, анадан- жанның қасиеттерімен, ақылдың даналығымен-сезімдік қабілеттермен жүктеліп, әрбір пенденің екі жартыдан тұратынын да, оның тағдырлық белгісі екі қол аруағы арқылы бір баспен байланысты болып; «Екі жарты бір бүтін болу», «Бас екеу болмай, мал төртеу болмас» деп астарлап, дініміздің, бүтіндіктің жағдайын ескерткен. Сондықтан, «Маған құлшылық қылыңдар» деген үкіммен әрбір адамзаттың ұрпағы өзін танумен, өзіне берілген мәңгілік өмірді жетілдіріп қуатандырумен, әлемдік жүйеге жалғанып, белгілерін хабарларын амалға айналдырып, Алланың жолында күресумен ғана, яғни мал, жанын тазартып, бүтіндігін қалыптастырып, ақылдың даналығын меңгеру арқылы діні таза тура жолға жалғану мүмкін болмақ.

Мұхаммед пайғамбарымыз; « Расында әрбіреуіңнің жаратылысы анасының жатырында 40-күн бойы қалыптасады, сосын сонша уақыт ұйыған қан түрінде болады, сосын дәл сонша уақыт бір тістем ет түрінде болады, сосын Алла бір періштені жіберіп, оған төрт сөзді әмір етіледі және оған; «Оның амалын, ризығын, өмірін және бақытты не бақытсыз болатыны жаз!»-деп айтылады. Сонан кейін шаранаға жан үріледі (есту, көру, түсіну қабілеті беріледі)…» (1295-хадис) Сонымен адамзатқа өмір, ғылым шындығы рұх түрінде 4-сөзбен беріліп, жел болып үрленіп және Алла тағала тарапынан жіберілетін періште аруақтың негізі болып, кейінен екі қол қанаты, тағдыр жазушы періштелікке бейнеленеді де және өмір сүру қабілетімізге, дінді меңгеруімізге қарай, алды-артымыздағы Алла тағаланың тарпынан жіберілетін періштелерге, кісілікке жалғанады да төрт жағымыз түгелдігін қалыптастырады. Ал жанның кейіннен беріліп, рұх пен жанның айырмашылығын, дін ғалымдарының, масһабшылардың  қателігін ашық осы өсиеттен-ақ аңғаруға болады.

Енді рұх болып жазылатын төрт сөздің қасиетілік сипатына келсек; 1. Табандылық. 2.Сабырлық. 3.Зеректік. 4. Ойлау қабілеті болып, жан арқылы бейнеленіп; ал кейбір балалардың әке-шешесінің күнәсінің, жүктерінің тазармаған жағдайында, ана қанының әлсіздігінен, бойының-даналығының жетілмеуінен жаны да әлсіз болып, ойлау қабілеті мүлде болмай туылады. Қызды қырық үйден тиым салып, қырық қожасын қырқа асырып, бойжеткізудің тәрбиесін, тектіліктің, жанға қожалықты меңгерудің негізі, деп санаған аталарымыз.

Сонымен әрбір пенде, Алланың рұхынан, белгілі бір аруақтық дәрежесінен шындықтан, имандық қуаттылықтан жаратылып, ал адамзатты өсіруші жандық сапаны да қосымша сыйға алады. Абай атамыз; «Сөз сатып алып не керек, тәңір сені екі сөзбен атқан» деп ескертіпті. Адам баласының екі түрлі жындық және жандық тұрғыда, бір тәннен өсіп-өніп көбейуімен ғана бастапқы құдайлық қуаттардың негізіне, періштелік сипаттарына жалғану арқылы бүтіндігін, толық жетілгендігін, кемелдігін меңгере алады. Ал ондай періштелердің саны яғни адамзаттың қуаттық жилігінің өрісінің, ағзалардағы қозғалыстардың саны да; 41-періштелік сипатпен, Адам атамызға қызметке тұрған періштелер санымен нәтижеленеді. Сонымен бірге жанымыздың сапасы 11-санды қабырғадан, яғни Адам атамыздың меңгерген даналық, білімімен-жарықтық нұр санымен,  Хау анамыздың жаратылысымен жалғанумен қуатты жанды бола аламыз. Нұр сүресінің 24-сандық белгімен «Жұлдыз көру» аталып, әрбір пенденің қабырға санымен сәйкес келуінде де хикметті білім тұрғаны хақ. Олай болса, әрбір жарты 12-сандық қуаттық жүйемен, бүтіндік 48-санды қабырғалардың белгісімен түгел болады.  Сондықтан да; қазақ даналығында; «Үйдегі қабырғаңмен, (ақылшыңмен) кеңес» деп астарлаған.  Енді 41-періштелік қуаттардың жеті күнмен, жарықтармен көбейіп, жетілумен, қол қимылмен жүйеленген адамзаттың тағдыры; аруақтарға айналып бейнеленумен; «Ғайып ерен қырық шілтен» деген ұғымның қазақ даналығында қалыптасқаны да хақ.

Жеке-жеке адамзаттың жағдайында; Аруақ- жоғарғы дәрежелі, адамзаттың 41-санды періштелік қуаттарының 7-белгімен, күн-«чакра» жарық жұлдыздарымен жалғанып; жарықтардың бір тұтас қолға, қозғалысқа айналуын білдіреді. Сондықтан сан ғылымында аруақ 7-санымен, жұптық жағдайда 14-санын беріп, оны келесі көместік жағдайға, метафизикалық қуатқа айналдырғанда; 41-санымен, Ала тағаланың 99-көркем есімдерінің сипатын алып және Бір қуатқа, Алланың жүзіне айналу үшін екі парлық малдық және жандық қуаттар жүйесі болып; 58; 59; санды белгілерді, қуаттық жүйелерді меңгеру, жалғана білу керек. Бұл сандық белгілердің сырына тоқталсақ; 48-сандық белгі қабырғалармен малдық қуаттарды меңгерумен, ал 49-санмен имандық қуатты меңгеріп және 10+10=20 сандық қуаттық жүйені меңгерумен, «Таһа-табандылық» болып, Мұхаммед пайғамбармыздың Ахмет-Масихтік, аяқтың тазалығы исламдық үлгімен байланысты болмақ.

Енді аруақтық бір тұтас періштелік сипаттарын, яғни бой өрсінің жетілумен , бес қуатты өнермен меңгерумен, намаздарымызбен байланысты, тағдырлық кітабымыз; қол-бала- қанаттың адамзаттың қолы, жазушы періштелері-аруағы және олардың Алла тағала рұхымен, шындықпен бейнеленген, «мендік» сипаттағы 4-белгімен (оң,сол қол періштелігі және алды арттағы күзетшілер) жалғанып, толық адамдық қасиетіліктердің өсіп жетілумен байланыстырсақ;

1.Тырнақ-ойлау қабілеті, оң сол мишықтармен жалғанады. Ас қорытумен, сезімталдықпен және көкірек тазалығының көрнісі болып, қара қуатты күштерге қарсылықтың, тырнаққа тәуелді болады да 11-сандық қуаттық жүйеге айналады.

2.Саусақ-шеберлікпен, артқы мишықпен байланып тұрады да; ой-ақылмен бейнелеу өнерімен, көз қарашығының тазалығына әсер етеді. Сұқ саусақ арқылы көз ерекешеленеді. Ортаңғы саусақ төзімділікті қалыптастыралды. 8-сандық қуаттар жүйесімен жалғанады.

3.Алақан-қайратылықпен, жүрекпен жалғанып тұрады. Және тіл тазалыған әсер етеді. Жұтқыншақ арқылы да қара қуаттарды алқанға алады. Көру қасиетімен де байланысты болады

4.Білек-үміттенумен, жақсылыққа сенумен, сары уайымға салынбаумен, бүйрекпен байланып тұрады. Және білек арқылы әйелзатына некемен күйеуден келген қара қуаттар басқа әсер етеді. Негізінде қара қуаттарды білек арқылы тазартады, сондықтан қазақ әйелдері білегін ашпай, күміс білезік тағуды дәстүрге айналдыра білген. Ақ білектілік ұғымы әйелдерде даналықпен, қан тазалығы саналықпен байланысты болып, ал еркектерде жер анадан қара қуаттарды меңгерумен, өнерлі, саналы  болуымен байланысты болады.

Шынтақ-шыдамдылық, өтірікке қас болу, және қаспен байланысты болады. (Қолы жалаңаш ұстайтындардың айтқан өтірігі, жын-шайтандығын, дінге қатысын, шынтақтың жағдайынан оқуға болады). Негізінде шынтақ ішкі ағзалардың қуаттық жүйесінің тағдырынан белгі болып, жетінші өрістің-сананың, ми қабатының тазалығына да әсері бар. Шынтақ жабық, киімен қорғалған жағдайда сана сауыты жетінші өрісі бұзылмайды. 13-сандық қуаттық жүйеге тәуелді болады.

6.Қар-тектілік, ата-бабадан келе жатқан қуаттылық, өнерге деген құлшыныспен байланысты. Негізінде; зеректікпен, мұрын иіс сезу қабілетімен байланысты. (Қолын қарға дейін жалаңаш ұстайтын қыз, қатын еркектердің дәм, иіс сезімі жоғалатыны да, қара қыз, қара қатынға айналуы да хақ) Және жүрек қан тамырларының қалыпты жұмысы да қарға байланысты болып, қар тамырымен жүрек қалқанша безі байланыста болып, 41-санды қуаттық жүйені құрайды да адам баласының көңіл-күйі, ұждандылығы, жүрекпен байланысты ақылдың сезімталдығына жәрдемші болады.  Абай атамыз; «..Ақыл керек, ес керек, мінез керек Ер ұялар іс қылмас қатын зерек...» деп ескертіпті. Сондықтан қолын қолтығына дейін ашып жүретін қатын, қызда зеректік, сезімталдық түгіл; ақылда, есте, ары, аруағы таза болуы мүмкін емес!

Иық-ғылыммен, өнер тапқыштықпен, данышпандыққа құштарлық, сүйіспеншілікпен және қайратылықпен, күшпен байланысты болып; еркектің балтырымен, әйелзатының жатырмен жалғанып, періштелік тұрғыда байланып тұрады. Ал қолын жалаңаштап таза ұстай алмаудан; тағатсыздық, шыдамсыздық, тағдырға берілген сабырлық қуатын жоғалтумен, және жер ана, қоршаған ортамен байланыс үзіледі. Және бүкіл тәннің барлық қуаттары 7-періштелік, қасиеттілік жүйені құрап, иық арқылы тарайды. Сол жақ иық қара қуатпен, күнәмен байланысты болып, оны қар арқылы жойуға негізделген. Сол жақтың ерекшелігі 91-санымен қуаттық жүйемен байланысты болады.

Адамзаттың барлық ағзасының қуаттарының үш түрлі орындарымен жеті күн-чакралары, бой өрісі арқылы ғана өз ара жалғанып, төртінші тұрғыда ғана Алланың өзіне, «біздерге» жаратылыспен берілген «Мен»-мәңгілік өміріне, жан-жарлық сипатына, жаннатық қуатына жалғанумен, адамзаттың мәңгілік өмірге жолдама алуымен нәтижеленеді. Ал, бірақ тәндік болмысымыз, жануарлық сипатпен,малдық қуаттылықпен  күнәдан жаратылып, жер бетіндегі  өмірлік, нәпсілік, табиғи қажетілігімізді өтеу үшін де, біздер хайуандар мен құстардан әлде қайда төмен және әлсіз жаратылғанбыз және көместік тұрғыдағы мұндай қуаттық, шеріктік жүйесіне, киеліктеріне жалғанып мегерумен ғана адам болып саналамыз.

Олай болса, діннің де мақсаты бір жүйемен барлық жаратылыстың себептерін меңгеруге, яғни  біліммен, ілімді меңгеру арқылы ортасын хақиқатын тауып, құдайдың шындығына жалғану үшін; жанымызға аянмен, уахиларымен көрсетіп, білдіріп жатқан хақиқатын меңгеру арқылы ғана шындығына жалғанумен (кез келген түрге қызыл түсті қосумен бейнелеу) арқылы ғана ақ пен қараны ажырату  мүмкін болатынын білген де жөн. Егер Раббымыздың көрсеткен, білдірген белгілеріне, хабарларына хақиқатқа мойынсұнбай, тәкпарлықпен қарсылық жасаған жағдайда әрине аруағымыз жетілмей, бір қуаттық жүйеге айналмай, жеке –жеке қуаттар түрінде қара қуат жүйесіне жұтылып, жануарлық, жәндіктің бастапқы жаратылысымыздың негізіне қарай төмендейміз, және адамзаттың қарсылық қуаттары мен дін ақпараттарына жалғанып; қаралықпен, түнек күштермен жүктеліп тозақтық отын боламыз.

Аятта; «Әбу Лаһептың қолы (аруағы) құрысын! Құрыды да.(1) Оның малы да кәсібі де өзіне пайда бермеді. (2) Ол, жалындаған отқа кіреді. (3) Әйелі отын көтеріп кіреді. (4) Оның мойнында есілген арқан болады.» (111-5) Олай болса, қазақтың өздерін өнерлі, білімді, кәсіпкер деп атап, бірақ ата жолын, дәстүрін тастап, аруағын тазартып өсіре алмаған, қатыны да арсыздықтан тиыла алмағандар мойынында арқан салып, өз ұрпақтары жейтін малға, немесе хайуанға айналып тозақтың күйін кешеді екен. Адамзатқа ортақ тектілік ғылым қуаттарынан, көркем сөз арқылы өсірген шежірелік ағашымызды меңгере алмай, және ата-бабамыздан қалған жүктерді-отындарды жағып тазарта алмағандықтан, өміріміздің соңы тозақтық болып және жер бетінен тұқымыздың, атымыздың мәңгі жоғалумен аяқталмақ.

Сондықтанда адам баласына барлық жаратылыс егелерінен артық қылып;  күшті жанды ақылдың сарайы, иесі қылып, және ойлау қабілетін берген. Ой қуаты (көк тәңірлік қуаттар) Алланың үнсіз тілімен, ілімнің үні шындық болып және оған қарсылық сипаттағы ібілістік білім үні –«эфир» (көк) яғни біздің жұтатын ауамызды (оның орнын қазақта «өкпе» деп атаған), шикі өкпелегімізді пісіретін дініміз, құран арқылы тазарта білуміз, жер ойпаттары, киелі қазыналы орындар  арқылы көркем сөз ағашын (метафизикалық тұрғыда) өсіріп, аспан мүліктермен жеп анамызды жалғаудың намаздарын орындауды жаппай қолға алу керек. (Өкпенің бір жағы 9-бөліктен, екінші жағы 10-бөліктен тұрып 19-сандық белгіні құрайтыныда да біздің жаратылысымызда өкпемізді таза ұстау, жұтқан ауамыздың сапасына қарай ібілістің қанымызға өкпе арқылы ену мүмкіндігі барын білдіріп тұрғаны да хақ.)

   Әрбір пенденің өзіндегі өмірге берілген отыны болған; Тек ағашын, өкпемізді пісіретін,  жасылдық қуатты түрлендіріп, (әйел затында түрленген көк тұзы болып) жаға алмағанда, өкпе ауруына ұшырап, немесе қан азуының түрлі індеттерін жұқтыруға бейім болады. Әлемнің осындай індетіне қазақ халқыныңда жаппай ұшырауына, 19-санды өкпелік, кеңістікке тән шеріктік  қуаттарды меңгере алмаудан, ата дәстүрінен, шежірелік  тек ағашына жалғанудан бас тартудан болып жатқандары да хақ. Құраннан дәлел келтірсек; «Ол сондай Алла сендерге жасыл ағаштан от жаратты. Сол уақытта сендер оны жағасыңдар.» (36-80) Адамзаттың ішкі жарығы тектік жасыл ағашын (тұз-дәмін) жағудың намаздарын орындаудан бас тартып, жасыл (көк) тұз, ағаштары қара ағашқа яғни крест-күнаға айналып, иілмейтін тоң мойын болып, дінге де, құдайдың ашық хикметті белгілеріне қарсылық жасайтын зұлымдығын, тек қана бес парызбен намаз оқып, масһаб біліммен жағуға, ақталуға (ақ тұзға айналдыруға) болады деген надандық, әрі жаратушы ғылымына деген зұлымдық, тажалдық екені де хақ.

Дін адамзатқа жындық-хайуандық қабілеттік күш қайратын, және жандық адамдық, періштелік қасиетілік сипаттарын, ақылмен ғылым шындығы арқылы басқару үшін, тәндік етін- малын, 8-түрлі қуаттық жүйемен бірлеп, ислам діні арқылы «қойға» айналдырумен, ішкі жасылдық (әйелде көктік натрий тұзы) жаратушыдан берілген несібесін, ризығын жағып, аруақтық бір қуатқа айналдырып, тұтастықты қалыптастыруға түсірілген. Сондықтан аталарымыз; «Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар, бәрінен де қой бағып, құйрығын жеген озар» деп астарлы нақыл қалдырғанды. Бүгінгі таңда, әлемнің арсыздығын салт қылған,  әйелдеріміз көктік, еркектерміз жасылдық ағашын, тұздарын жаға алмай,  ішкі шамдарының оты азайып, семіздік дертіне де ұшырап, әйезаттарының құйрықтарының өсіп, тектіліктің азғындап жатқаны да хақ.

Абай атамыз; «Құйрығы шаян, беті адам Байқамай сенбе құрбыға!..Қаршада өмір тұр, Тоқтатасаң, тоқсан (сол қол аруағы) көнер ме? Артағы майда  көңіл жүр, Жалынсаң қайтып келер ме? Майдағы (семіздік, отыны жанбау) жұртың іші –қар, Бәйшешек қарға өнер ме? Ішінде кімнің (тек ағашы, тұзы) оты бар, Қар жауса да, сөнер ме?…» деп бекер ескертті ме екен? Қазақтың әдетінде өзін-өзі көтеріп мақтанғанда; «Артыңа қарап сөйле!» деп неге айтады? Шыңғысхан бабамыз; құйрығы қайқы еркек пен әйелдердің «тексіз ұрпақтарды көбейтеді» деп, бар дүниесін тартып алып, таңба салып құлдыққа жегіп, отындарын жағуға мәжбүрлеген, деген ақпарат да бар. Ал енді түк істемей; адал еңбек етіп, іштегі отынын жағып, етін тазартып терін төкпей, бір жерде құйрығын жалпайтуға отырып алып, үлкендіктен хабары да жоқ және жастардыңда тектілік туралы ой жорумен, дүниеге байлап ақыл айтатын қатындармен, еркектердің қатары қазақта неге күн санап, артып жатыр? Және мұндай жағдайда, көңілі артына кетіп қалған, өздерін текті «жұлдыз» санайтын, бірақ сөз ұқпайтын жетесіздерге,  қанша шындықтан дәлел беріп,  «шамына» тиіп, сынағанмен, мұндай еліміздегі зұлымдыққа, арсыздықтарға «шамданбайтын»  ел билеуші, зиялы қауымның өкілдерінен-ақ, үлкендерміздің ойлана білмейтінін және жастар сияқты, ойын қуғаннан көңілдері артында жүретін, шикі өкпе, арсыз елге толық айналғанымызға дәлел бола алады.

Олай болса, ата жолының хақтығын, оны қазақ халқының меңгеруден бас таруынан қияметтің пайда болатынын; «Қияметтік мезгілде Мәді жерден шығады, Ғиса көктен түседі» деп ескертсе, ал аятта; «Күдіксіз Ғиса қиямет мезгілінің белгісі. Сондықтан оған күдіктенбей Маған (іштеріңдегі Менді тыңдап) еріңдер. Міне осы тура жол. (61) Сендерді шайтан тура жолдан тоспасын. Өйткені ол, сендер үшін ашық дұшпан. (62) Ғиса мұғжизалармен келген заман, оларға; «Мен сендерге хикметті келтірдім. Алладан қорқыңдар, Маған (Раббыларыңа, ғылымына) бой ұсыныңдар»деді.(43-63) Ал енді  Ғиса пайғамбарымыздың таза аруақ- шындықтың адамдық болмыста бейнеленіп келгенін, құранмен растап және Раббымызға-Маған бой ұсынып құлшылық қылудың сырын аятта; «Бесікте және ержеткенде адамдарға сөйлейді (Раббымыздан хабар келтіреді)  Әрі игілерден болады. (46)…Шын мәнінде сендерге Раббыларыңнан мұғжизамен келдім. Сендерге құстың мүсіні сияқты жасап үрлеймін. Сонда Аланың бұйрығынша құс болады. (Аққу сұңқарлар аталып, жүректің мөрі ашылып, рұққа жалғану, құс тілін меңгерушілер) Және Алланың бұйрығынша, анадан тума соқырды, аламесті жазып, өлікті тірілтемін әрі (жан) үйлеріңде не жеп нені қойғандарыңды (күнәларыңды) хабар беремін. Расында бұл жағдайлардан сендерге ҮЛГІ бар. Егер иман келтірген болсаңдар.» (3-49)

Сонымен Ғиса пайғамбарымыздың аруағы қияметтік мезгілде бақ болып көктен түсіп, әрбір «төртеуін түгелдеп, төбеден келтіруге» яғни құдай патшалығына аяқ басқандарға ұждан болып, ал  қарсылық білдіргендерге де жындық, шеріктік қуатардың жүрекке еніп, хикметтің болатынын да пайғамбарымыз; «Жаным қолында (аруақта) болған Алламен ант етейін, арларыңа Мәрйем ұлының әділ сот болып түсуіне жақын қалды, ол крестерді (іштегі, бездердегі тілінген күнәлық ағаш) сындырады, шошқаларды (семіздікті,арамдықты) жояды, жазияны (тәкпарлықты) мансұқ етеді және мал дүниені ешкім алмайтындай көбейтеді.»(993-өсиет) Және «Іштеріңнен Ғиса пайғамбар аруағы өткенде жағдайларың қалай болар екен?» деп толғаныпты. Ал ата жолындағы (иманы жолдас болсын!)Ақ ұлдың көрсеткен мұғжизасы, жүрек құлағын ашумен, ішке әулие аруақтарының енуіне есік ашумен болатын, жер ана рұқымен байланысты аруақтардың батасын, өлілердің хабарын жеткізудің сыры да өзгеше. Оған бұл жазбада түсініктеме де беріп кеттік. Алда хикметті сырларына қайта ораламыз да.

Бірақ, бұл аяттарға, Алланың ашық үкімдеріне, пайғамбарымыздың өсиеттеріне неге әулие саналған ел басшымыздан бастап, қарсылық білдіріп, иман келтіре алмады, деген сауалды да сұраңыз. Қаншама білімді болсақ та шындықты тану, ғылымды меңгеру  тұрғысында әулиелікті, адамзаттың жоғарғы болмысын, тұлғалықты меңгеудегі ата-бабаларымыздың аманатын, мирастарын ақылмен қабылдап ұғына алмауымыздан, елімізде ойшылдықтың құны көк тиын болып бағланудан пайда болғандары хақ. Мұндай жағдайда ақталудың ғана құлшылығы арқылы, ішіміздегі қатып қалған ағашымызды жағуға болатыны және  елімізде қасиетті бабалармыз, аналарымыз жерленген киелі орындарды, яғни сусыз жерлерге көркем сөз дұғамен, тілектермен ағаш егіп, құранмен суғару арқылы ауа-райын, табиғат ықылымын өзгертіп, басқара алатын әлемдегі алғашқы ел болып, рухан көш бастаушы, мәңгілік ел ірге тасын  қалай аламыз…(жалғасы бар Қараша айы 2015 жыл) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;  http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.