XXII-Иман және махаббат

Бөлім: Иман және махаббат 75

  (Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай   ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)

    Қазақтың өркениеттілігі, мәдениеті, тектілігі, имандылығы, естілігі аталған барлық рухани құндылықтарының негізі; үш байлықпен және «Өлі риза болмай, тірі байымас» деген ақиреттік тіршілікке арналған құшылығымен яғни құдайын танып; «Құдайсыз қурай да сынбайды» деген дәстүрмен нәтижеленеді.  Сонымен біздің негізгі тануға тисті болған ұлттық имандылық пен махаббатымыздың көрінісін пайғамбарлық қасиеттіліктің 46-сапасын меңгерумен байланысты болып, оларға жеке-жеке сипаттар берумен Абай атамыздың философиялық даналығын, ұлттық ақылымыздың қуатының шамасын, яғни құдай тарапынан түсірілген кітаптарды меңгерудің ұлттық тегіміздің, иманымыздың шамасын айқындау үшін құран арқылы баяндап келеміз. Алдыңғы тақырыпта қарастырылған он саулық байлықтың жер бетінде біздердің істерімізбен, құлшылығымызбен көрініс беруін баяндасақ, енді осы әрекеттердің төрт ақылдық қуаттармен нәтижеленуін қарастырып көрейік. Мұндай рухани тұрғыдағы белгілерді, кітаптарды, кісіліктерді жер ана рухымен байланыстыруды және тәнімізге де белгілерін алып, естілікпен бекітіп, жан қызметшісі болған төрт ақылдық қуаттарды,  толымды бір ақылға айналдыру үшін қазақтың дәстүрінде «Ғайып ерен қырық шілтенге» жалғануды, қырық әулиелерден зиярттап өту арқылы жер бетіндегі 40 түрлі әулиелік, киелікті меңгеруді, «қызға қырық үйден тиым беруді» және мұндай пайғамбарлық қасиетті; «Мүмін болу,-елшіліктен хабаршы болу» деп атаймыз.

«Байқасаңдар сендерден бір сұрайын деп жүрген ісім бар. 1.Осы, біздің қазақтың өлген кісісінде жаманы жоқ, тірі кісінің жамандаудан аманы жоқ болатұғыны қалай? 2.Қайраты қайтқан шал мен жастың бірі бітім қылады, шалдар өзді-өзі көп құрбыдан айрылып азайып отырса да, біріменен бірінің бітім қылмайтұғұны қалай?3.Бір елдің ішінде жамағайынды кісі бірге туғандай көріп, іші елжіреп жақсы көріп тұрып, елге келсе әрі-беріден соң қайта қашқандай қылатұғұны қалай? 4. Жаттың бір тәуір кісісін көрсе «жарықтық» деп жалбырап қалып, мақтай қалып, өз елінде сонан артық адам баласы болса да танымайтұғұны қалай? 5. Бір жолаушы алыс жерге барса, барған еліне өз елін мақтаймын деп өтірікті сыбап-сыбап, қайтып келген соң сол барған, көрген елін, жерін мақтап, өтірікті сыбайтұғұны қалай? 6. Қай қазақты көрсем де баласы жасырақ болса, оның басынан пәрмене болып жүріп, ер жеткен соң суық тартатыны қалай?  7. Біреудің ағайыны торқалы той, топырақты өлімде, адалдық, берекеден алысуға табылмай, барымта алалық, ұрлалық десе табыла қоятыны қалай? 8. Бәйгеге ат қоссаң, атыңды тартыспайтұғұн ағайын, атың келсе бәйгесіне өкпелейтұғұны қалай? 9.Баяғыда біреуді пәлен жасымда, жарықтық атым арып келе жатқанда пәлен жерге жеткізіп салып еді деп, соны айта жүруші еді. Осы күнде бұл жылғы берген ендігі жылға жарамайтұғұны қалай? 10. Байдың баласы кедей болса, ұрлық қылуға арланбайды, байға кірісуге (жалдануға) арланатыны қалай? 11. Екі жақсы бір елді сүйіскен достығұнда тұра алыспайды. Кейбір антұрғандардың тым-ақ тату бола қалатыны қалай? 12. Біреуді досым деп ат беріп жүрсең, оған сенің бір дұшпаның келіп бір тай берсе, бұзыла қалатұғұны қалай? 13. Күнде тілін алатұғұн достан, кейде бір тіл ала қойған дұшпанға кісінің өле жаздайтұғұны қалай?14. Көп кісі досым жетілсе екен демейді, егерде жетілсе, бағанағы досына бір бітімі жоқ дұшпан сол болатұғұны қалай? 15. Кей жұрт ақыл айтарлық кісіні іздеп таба алмайды. Қылығының қылшығын танитұғұн кісіден (көріпкел, бақсы, дін имамы) қашық жүретұғұны қалай? 16. Біреу біреудікіне келгенде үйіндегі малын далаға айдап жіберетұғұны қалай? 17. Тыныштық іздеп таба алмай жүрген жұрт тыныштық көрсе, сәтке тұрмай, тыныштықтан жалыға қалатұғұны қалай? 18. Елді пысық билегені несі? Пысықтың бәрі кедей келетұғұны несі? 19. Тоқал қатын өр келетұғұны несі? Кеселді кісі ер келетұғұны несі? Кедей кісінің кер келетұғұны несі? 20. Нәпсісін тыйып, бойын тоқтатқан кісінің жаман атанып, нәпсісі билеп, мақтанға еріп, пәле шығарған кісі мықты атанатұғұны несі? 21. Қазақтың шын сөзге нанбай, құлақ та қоймай, тыңдауға қолы да тимей, пәлелі сөзге, өтірікке сүттей ұйып, бар шаруасы судай ақса да, соны әбден естіп ұқпай тынбайтұғұны қалай?» (40-шы сөз) Бұл сөздегі насихаттарды 21-санымен белгілеп көрсетіп отырғанның өзінде де сыр бар. Жалпы құран бойынша мүмін аталу 23- санды сүремен берілген. Бұл негізінде осындай сандық жүйедегі қасиетті меңгерумен байланысты болатыны да сөзсіз. Енді біз құранның сүрелік жүйесімен салыстырып талқылап көрсек; «Фатиха» сүресі —тура жолды көрсету болса, 1-ші насихатымыз өлілермен байланысты екенін ұғындық . 2-ші «Бақара»-Бағыштау , жол сілтеу болса,  насихатта; Үлкендер арасындағы бітімгершілік, бір сөзділік болып түсіндіріледі. 3-ші сүре, «Әли –Ғымран»-Өмір сипаты аталса; 3-насихат; Ағайындар арасындағы татулық, мейірімділік. 4-ші сүре «Ниса»-сипаттау болса, насихатта; Өзіңнің еліңдегі қасиеттілерді, жақсыны бағалай білу болады. 5-ші сүре «Мәйда»-місе тұту болса, насихатта; өз еліңнің қадір қасиетін бағалай білу, өзге елдің салтын да місе тұту болады. 6-шы сүре «Әнғам»-үмттену болса, насихатта; Баланың тәрбиесін беру, болашағынан үміттену, өскесін айнып суық тартпау. 7-ші сүре «Ағраф»-қадам болса, насихатта; жақсылықта бір-біріне қадам басып, жаманшылыққа болыспау.8-ші сүре «Әнфал»-қанаттану болса, насихатта; жақсылыққа жәрдем беріп, дем беріп қанаттандыру. 9-сүре «Тәубе»-бас ию болса, насихатта; жақсылықты ұмытпау, тәубемен еске алу. 10-шы сүре «Юныс» -тұтыну болса, насихатта; еңбек етуден арланбау, адал кәсіп қылу. 10-сүре «Һұд»-әділдік сипаты болса, насихатта; достыққа әділетті болу, антқа берік болу. 12-сүре «Юсып»-естілік сипаты болса, насихатта; достықтың қадірін дүние, малға айырбастамау. 13-сүре «Рағыд»-құрметтеу болса, насихатта; сөзді түсіну,тіл алғыштық, сыйластықты сақтау. 14-ші сүре «Ібраһим»-кесірліктен сақтау болса, насихатта; достықта өз ара көреалмастықтан сақтану. 15-ші сүре «Хыжыр»-бойтұмарлау болса, насихатта; ақылды кісінің өсиетін тыңдап, жүзеге асыру, ақылды меңгеру. 16-ші сүре «Нахыл»-уағыз болса, насихатта; сараңдықтан сақтану, қонақжайлық, салт-дәстүрді сақтау. 17-ші сүре «Ісра»-белгілеу болса, насихатта; елдің тыныштығын бұзбау. 18-ші сүре «Кеһф»-астарлау сипаты (даналықты меңгеру) болса, насихатта; ел билеудің мінезі, ақылды болудың ерекшелігін меңгеру. 19-шы сүре  «Мариям» -бой ұсыну болса, насихатта; тоқалдың, кедейдің, кеселді кісілердің кесірлік мінездерінен сақтану. 20-шы сүре «Таһа» -табандылық сипаты болса, насихатта; нәпсісін меңгерген кісі мен нәпсісін тия алмаған кісіліктің айырмашылығын, қиындығын түсіну. 21-ші сүре «Әнбия»-әспеттеу болса, насихатта; сөзді түсіну қабілетін меңгеру, шын мен өтірікті ажырата білу болып баяндалады. Ал 22-сүре «Хаж» -қамыт босату болса, енді өлеңмен насихатта;

«Уағалейкумассәләм, Болыс, мал-жан аман ба? Мынандай кез болдың Алма-төкпе заманда. Ел билеген адам жоқ Ата менен бабаңда. Болыстықтан пайда ғып, Шығыныңда алсаң, жаман ба? Қалжыңдаймын әншейін, Оған келе бермес шамаң да. Орныңнан тұра шабасың, Атшабар келсе қышқырып. Ояз келсе, қайтер ең, Айдаһардай ысқырып? Отырасың үйіңде, Өз-өзіңнен күш кіріп. Босқа-ақ түсіп қаларсың, Біреу кетсе үшкіріп!..» (40-шы өлең) Әлің келмей әлек болып, қолыңнан келмейтін істі мойныңа қамыт қылып алдың деп сынайды атамыз. Ал аятта өзін-өзі меңгерумен байланысты «хажды»; «Негізінде Алла тағала көктерді әрі жерді шындық бойынша жаратты. Әркімге қылығының бодауы беріледі. Сондай-ақ олар әділетсіздікке ұшырамайды.» (45-22)

«Сағатың шықылдағы емес ермек, Үнемі өмір өтпек-ол білдірмек. Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас, Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек. Сағатың өзі ұры шықылдаған, Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған. Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді, кетті, Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман. Өткен өмір белгісі-осы сыбдыр, Көңілді күнде сындыр, әлде тындыр. Ақыл анық байқаған қылығыңды, Қу шыққансып қағасың босқа бұлдыр. Күн жиылып ай болды, он екі ай-жыл, Жыл жиылып, қартайтып қылғаны-бұл. Сүйенген, сенген дәурен жалған болса, Жалғаны жоқ бір Тәңірім, кеңшілік қыл.» (140-шы өлең) Мүміндік белгінің 23-сүресі «Мүминұн» -еңбек, тірнектеу болып бұл насихатта да әрбір секундыңды бос жібермей адамдық іспен айналысуды, көңілің ояу, құлағың сыбдырды естуші, ақыл  көзің өз қылығыңды бақылаушы болсын деп ескертеді. «Мұхаммед көңілі тартқанын тәңір жасап алған, сондай-ақ Алла, өзін біліп адастырған және құлағын, жүрегін бітеп, көзіне қалтқы жасаған біреулерді көрдің бе? Енді Алладан кейін оны кім тура жолға салады? Түсінбейсіңдер ме?» (45-23) Сонымен  мүмін аталып тура жолда болу үшінде жер бетіндегі 40 киеге жалғанумен 40-23=17 санды пайғамбарлық қасиеттілік  7-із белгісін алумен яғни жүрек, ақыл, қайраттың өзара дауласып ғылымға жүгінгенде, жүректің бұл екеуін басқарып, ғылымнан хабар алып тұрғанда адамзаттың тура жолдан адаспайтынын 20-шы тарауда баяндап өттік. Сонымен бірге 40-санды киеліктің негізі де 4 сипатты бастапқы жаратылыс қуаттарынан басталып, пайғамбарлық қасиеттіліктің  «Ілімділік» сипатына яғни «туылу», «өлім», «кәрілік», «ауру» деген негізгі сынақтарды меңгеру күресумен байланысты болып, және мұндай жағдайларды адамзаттың талаптылығын сақтайтын, тектілігін ағашын қалыптастыратын да пайғамбарлық қасиеттің бірі «Ілімділік» болмақ. Сонымен бірге бұндай қасиеттілікті құранда; «Бұл пайғамбарлық Алланың кеңшілігі, оны қалаған құлына береді. Алла зор кеңшілік иесі» (62-4) Қазақ даналығындағы «Төртеу түгел болса төбеден келеді» деген 11-санды Алаланың рахметінен келетін сый деп біліңіз. Енд төрт санның негізінен адамзаттың рухани өмірінде 40 санды меңгеруден пайда болатын 4 түрлі ақылдық қуаттың жанға қызметке тұрып  адамның жан киімін, зейнет жарығын қалыптастыратын негіз болатынын және мұның ер мен әйел арасындағы некелік байланыспен жыныстық қатынас арқылы пайда болатын діл қуатының бастауы, үш түрлі; ақ, қызыл, қара түсті қуаттардың төртінші нұрдың пайда болуына қызмет қылатынын да білген жөн. Мұны Абай атамыздың 10-шы қара сөзімен, «Қансонарда бүркітші шығады аңға» деген өлең насихатымен байланысты екенін естен шығармаңыз. Сонымен бұл 4 санға байланысты пайғамбарлық қасиеттің «Ілімділік» болып, яғни тіл, сөз қуатын меңгерумен, ойшылдықпен байланысты болып;  қадым ілімімен алты ақылдың түгелдгімен байланысты;  «Алтау араз болса ауыздағы кетеді» деген нақылдың сырынан да ұғынуға болады. Біздер қырыққа келіп, төрт ақылымызды түгелдеумен, бесінші ақыл ізгілікпен, алтыншы ақыл даналықпен байланысты болып, мұны меңгеру арқылы негізгі жүректің толық қуаты болған 4 үйімізді сарайымызды тазартып, жанның мүлкін де жинаймыз. Ал енді ол үшін де қандай нәрселерден сақтану керек, Абай атамызға жүгініп көрейік;

«Әрбір адам білсе керек:күлкі өзі бір мастық екенін, әрбір мас кісіден ғапылдық (ақылын жоғалту) көп өтетұғыны да, әрбір мастың сөйлеген кезінде бас ауыратұғұнын. Бұлай болғанда, күлкіге салынған кісі не шаруадан, не ақылынан, не бір ұят келерлік істен құр ғапылдықты көп басынан өткізіп отырса керек. Осындай ғапілдік көп өткізіп, өлмеген кісінің не дүниеде, не ақиретте басы бір ауырмай қалмаса керек…» Пайғамбарымыз да бастағы бес мүшені таза ұстауды ескерткен екен. Ал төрт қуатты меңгеру үшін, жүректі де тазарту үшін бастың терісін, май қабаттарын да аздырып, ойлау қабілетін бүлдіретін негізгі  жалаңбастық, ғапылдық, уақытты босқа өткізіп күлкіге, ойынқұмарлыққа, сауық-сайранға салынудан сақ болу керекті. «…Әрбір уайым-қайғы ойлағыш кісі не дүние шаруасына, не ақирет шаруасына өзгеден жинақырақ болса керек. Әрбір жинақылықтың түбі кеніш (ақыл әрекетінің орны) болса керек. Енді олай болғанда, үнемі уайым-қайғыменен жүре аламыз ба? Үнемі күлмей жүруге жан шыдай ма екен? Жоқ, мен үнемі уайым-қайғымен бол демеймін. Уайым-қайғысыздығыңа уайым-қайғы қыл дағы, сол уайым қайғыдан құтыларлық орынды қаракет табу керек һәм қылу керек. Әрбір орынды қаракет өзі де уайым-қайғыны азайтады, орынсыз күлкімен азайтпа, орынды қаракетпен азайт!..» Сонымен алдыңғы тарауларда талқылаған қаракеттік ақылды жетілдірумен бірге өлімді жеңудің Ғиса пайғамбарымыздың адамзаттқа қалдырған үлгісінен рухани өлім сатысынан өтуге уайым қылу да керек екен.

«…Шығар есігін таба алмай, уайым-қайғының ішіне кіріп алып, қамалып қалмақ, ол өзі де-бір антұрғандық. Және әрбір жаман кісінің қылғына күлсең, оған рақатанып күлме, ыза болғаныңнан күл, ызалы күлкі-өзі де қайғы. Ондай күлкіге үнемі өзің де салынбассың, әрбір жақсы адамның жақсылық тапқанына рақаттанып күлсең, оның жақсылықты жақсылығынан тапқандығының ғибрат қылып күл. Әрбір ғибрат алмақтың өзі де мастыққа жібермей, уақытымен тоқтады. Көп күлкінің бәрін де мақтағаным жоқ, оның ішінде бір күлкі бар-ау, құдай жаратқан орнымен іштен, көкіректен, жүректен келмейді, қолдан жасап, сыртымен бет-аузын түзеп, бай-бай күлкінің әнін сәндеп, әдемішілік үшін күлетін бояма күлкі.

  Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада, бұл дүниенің рақатының қайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне-бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп өткізеді де, таусылған күнде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды. Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ-өнерсіз иттің ісі. Әуелі құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды.» (4-ші сөз) Адал еңбек етіп, өнер меңгеріп, кәсіп қылумен масылдықтан, біреуге қол жайып сұраншақтықтан сақтана біліп, өмірді босқа өткізбей, өз мәнімен сүрудің де даналыққа жетуге жол ашатынын да білген жөн.

«1.Әлифдек ай жүзіңе ғибрат еттім, 2.Би бар дертіме нысап бердің, 3.Ти, тілімнен шығарып түрлі бәйіт, 4.Си, шеберлікті құрмет тұттым. 5.Жем, жамалдай ақ жүзің маған, 6.Ха, жар таппадым, жаным сенен.7. Хи, халайық, мен емес бәрі ынтазар, 8.Дәл, дариға ғашық оты бермес аман 9.Зәл, зәлилік (азғындық, қорлық) көрген соң сайрай бер, тіл,10. Ре, риза қылмағыңды, сүйіктім өзің біл. 11.Зи, у болып күйдірді ғашықтық дертің,12. Сын, сәләмәт қалмағым болды мүшкіл.13. Шын, тәтті ерінің есіме түскен сайын, 14.Сат, сабырым қалмады, мен не қылайын.15.Зат, жолдан тайып өмірім өтті бекер, 16.Тай, талаптан әйтеуір құр қалмайын17.Зай, залым көп қылыш боп жанға оқталды, 18. Ғайын, ақылымды басымнан тартып алды 19. Ғайін, ғарібтік басыма түскеннен соң, 20. Фи,  пайдаң тие ме деп жаза салды 21. Қаф, қабыл болар ма екен жазған хатым, 22. Кәф, кәміл ақылың, асыл затым. 23. Ләм, лебіңнен ем қылсам мен дерттіге, 24. Мен, мейіріміңнен қалмас еді бар апатым. 25. Нон, нала ғып қағыңмен күйдірдің көп, 26.Уау, ойланып ғашықтық уайымын жеп 27.Һи, еш пайдаң тимесе өлді ойлаңыз, 28.Ләм, әлиф, лә илаһа илла деп. 29. Я, жарым, қалай болар жауап сөзің, 30.Мәт,-қасың, тәштит-кірпік, сәкін-көзің, 31. Үтірмен асты-үсті жазуда бар, Болуға асты-үсті көнсең өзің». (4-ші өлең) Сонымен бұл өлеңнен адамзаттың; «Төртеуі түгелдену» арқылы пайда болатын рухани ахуалдардың құранның түсуімен және арап ұлтының құран үнін сақтайтын 28 таңбасынмен қоса 3 түрлі жан қуатының негізінде меңгеру керек екенін сипаттап тұр. Мысалы 16-шы санды «Тай» деген таңбаның өзі малдық қуаттың қазақ халқының жылқы мінезділігі деген сырдың шығу тегін білдерсе, ал 17-ші санды «Зай» таңбасының «қылышты болу» адам баласының –махаббат, әділеттілік, сезімін басқаруға байланысты 45-ші тұрғыдағы пайғамбарлық қасиеттіліктің зікірін білдіріп тұр. Сонымен бұл өлеңнен ілімділіктің негізгі меңгеретін қарсылығы мен пайдалы қуаттарына жалғанудың 31 дәрежесі, зікір үні болып «Лұқман» сүресін,  тақуалықты меңгерумен де байланысы барын білген жөн. Аятта; «Сондай олар намазды толық орындап, зекет береді. Сондай-ақ олар ахиретке толық нанады.» (31-4) Және төрттің ішінде 31 үні болып оның қимасы; 35 санды «Жұмбақтылық» пайғамбарлық қасиетпен де байланысты елшілікті меңгеру тылсымнан хабар келтірумен, сан ғылымын да меңгерумен байланысты болмақшы. «Мұхаммед олар сен жасынға шығарса, расында сенен бұрынғы елшілер де жасынға шығарылған еді. Барлық іс Аллаға қайтады.» (35-4)

«Өзіңе сенбе, жас ойшыл, Тіл өнері дертпен тең. Көңілдің жүгін қиял қыл, Ызаға тұтқын бой мен мең-зең, Қасиет тұтып, ойға ұмтыл, Қан қайнап, қуат егілсін! Онан гөрі еңбек қыл, Улы сусын төгілсін! Ойлай берсең, ой деген Не қызыққа келер кез. Кісі айтпаған, білмеген Күй әдемі, тәтті сөз. Тыңдама оны, ұмыт сен, Бүркен дағы, бар да жат. Тамылжыптып айтқанмен, Қыла алмассың сен қымбат. Кез болсаң қайғы я зарға, Құрсатса тілді ұмтылып, Алып шықпа базарға Асаудайын бұлқынтып. Қайғы-дертің мейлі мың, Саудаға салмақ-өзіңе ар. Жаныңа түскен жараның Іріңін нетсін надандар. Біліп оған не керек, Ішіңнен қайғы жемесең, Жалтаңдаған жас жүрек Байғұс-ай десін демесең. Өз бойыңа болып сақ, Жан-жағыңа қараңдар! Күн көріп жүр күліп-ақ Сенен басқа жарандар. Олардың да ешбірін Қайғы аман қойған жоқ шығар. Ойлап, байқап көр түрін, Таттырмап па дүние зар? Күлкі болмай, қой жаным, Сен бүйтесің, ол қайтті? Олар көрген арманы Кімге шақты, кімге айтты?!» (104-ші өлең). Сонымен ілімділікті, тақуалықты меңгеру үшін тіл өнерін, сөз сөйлеу,  сұқбаттық қасиетті меңгеру де міндетті болмақ. Және бұл адам баласының ішкі жан дүниесінің, көңіл күйінің тазалығын сақтауға да қатысты болатынын ескертіп тұрғаны да хақ.

«Көңілдің күйі тағы да Өмірсіз жанның алды ішін. Аударды өлең жағына, Нәпсінің сынған қайғысын. Жат жерде елге қосылмай, Сенімді доссыз жалтақтап, Көк қанат бейіш құсындай, Қу ағашқа қонақтап. Ол бұтақтан қозғалмас, Өкіріп дауыл соқса жел. Өзгеге бола жырламас, Ыстық күнді жоқтар ол. Жанымның жарық жұлдызы, Жамандық күнде жарысың. Сөз болсын ескі ер сөзі, Кейінгіге қалдырсын.» (204-өлең) Сонымен бұл жанның қуаты, көңілдің күйі, жарық жұлдыз болып, көк қанат құстай жер мен көктің арасында ұшып жүретіні және өзіне туысқанды іздеп сөз қуаты, ескі сөз нақылдар арқылы кірінен  тазарып қатарға қосыла алатынын баяндаған. Әрбір нәрсенің жұбы пары болған сияқты енді бұл қасиетітліктің, сөз қуатын меңгеруші парасаттылықтың екінші жағы болған сырын «Жұмбақтылық» деп атаймыз… (жалғасы бар) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихатын, кітаптарын және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *