XXII-Ойға түрткі, ақылға дем       Жындылық пен адамдық және аманатқа қиянат қылмау туралы

Бөлім: Ойға түрткі ақылға дем 114

          Адам атамыз; екі түрлі ең жоғарғы қасиеттен рұх пен жанның бірлігінен Алла тағаланың махаббатының бөлшегі «Мен»-Адам болып жаратылып, әлемнің ең жоғарғы дәрежелі қуаттық жүйелерінің біртұтас кемелденген денесі болуға лайық жаратылған еді. «Сендерді көркем түрде бейнеледік» деп ескертеді Раббымыз.  Адам жаратылысының ең жоғарғы сапалы періштелік бейне болып қалыптасуға сөз мәресін меңгерумен, яғни Алла тағаланың үйреткен сөзіне қарай, оның  қасиет сырларын түсініп ат қойып, өзіне ұқсас бейнелерді (бой өрісін) бейнелеуші суреткер болып және бұл денелердің ішкі қасиетін, кісілігін, тектік, зайырлық, қуаттық қабілет берумен де барлық жанды жаратылыстың басқарушысына айналу шартты болды.

Адамның кісілік сипаты; ақ топырақ болып, яғни жер жынысының барлық өрістік қуатынан жаратылып, оған қарсы қара түнек күштерінің басқарушы негізі болып, барлық жаратылыс нәрселерінің, қуаттардың білімін анықтауға, жандылардың меңгерген білімін, тәжірибесін жанына, өзіне қосып алуға, қозғалыс қызметке, пайдаға жаратуға тиісті. Сондықтан да алдын-ала Адамнан оттың жалынынан бұрын дүние ісінің тіршілігін, білімін меңгеруге  қозғалыс, көбею, мәңгілік өмір үшін күресуге арнап жынның жаратылғаны да хақ. Жыннан бұл әрекеттердің білімі болып ібіліс періштесі — ақ күлгін түсті болып, ақ жарықтың жұбы, әрі қарсылығы болып жаратылған еді. Ақ топырақтан жанның негізі болып жаратылса, ал оттың негізінен рухтың сипаты, яғни Алла сөзінің жеті үні – сарғыш қызыл түсті; шындық болып, барлық жаратылыстың нәрселері шындықтан ғана бастап жаратылып, оған Адам арқылы ғана жан беру арқылы бейнеленіп, көбейген қуаттық жүйелерге жыннан қозғалыс әрекеттермен бейнелеп жаратылған нәрсеге,  ішкі қасиетін құпия зайырын анықтап, оған сәйкестік ат беріп, бастапқы атау сөзбен, жарық нұрына қайта қосу; Адамдықтың, әулиелік, кісіліктің сипатында және құдайлық болмысқа тән болып Адам-«Мен» деген ат берілген еді.

Адамға (ата болмай тұрып) жаратушы тарапымыздан берілген Мендік сипаттың барлық жаратылыстың ішкі зайырмен (қасиет үні, ойы) белгісі болып, оны 700 санды нейрондық текшелік жарық әрбір пенденің де несібесі, қасиеттілік белгісі екені сөзсіз.  Әл-Фараби бабамыз мұндай бастапқы «Мендік» — періштелік және кісілік сипамызды; «Адамға тән бір жақсы қасиет – Өзін қоршаған әлемнің әсемдік сырларына үңілу, содан нәр алу, өзінің нәзік сезімдерін образдар арқылы паш ете білу.»  «Бақыт, қуаныш және ләзат сезімдері асқан сұлу, ең әсем және аса көркем дүниелерді қолмен ұстағандай айқын кемел дүниелер ретінде танып-білу арқылы ғана пайда болып, толық болмысқа ие болады.»  яғни бейнелеу-шығармашылық, бақыттылық, қуаныш, ләззат атты 4 түрлі сезімдік қуаттық жүйелерді меңгерумен ғана толық, кемел адам аталатынымызды түсіндіріп кетіпті.

Сондықтан махаббат дегеніміздің өзі осындай 4 түрлі сипаттың бірлігінен тұруы керек. Және біздер мұндай жоғарғы нәзік сезімдерді меңгеру үшін де; тіл атты текпен ғана жаратушымыздың «БІР» сипатына жалғанумен ана тілін, ділін, яғни сөз өнерін жетік меңгеру арқылы ғана мүмкін болмақ. Ібілістің де мақсаты сөз ұғымдарын өзгерту, ойды терістеумен ол үшін әр ұлттың өз ана тіліне, діліне деген құрметін әлсіретуге яғни көңілінің бақшасына өз өнімін өсірумен, сөзді арамдаумен, оны атқаруға ықласты пенделерін өз ұрпағын дайындаумен ерекшеленеді. Аятта; «Негізінде Ібілістің оларға ешбір ықпалы жоқ еді. Бірақ ақиретке сенген кісі мен одан күдікте болғанды ажырату үшін ғана. Раббың әр нәрсені қорғаушы.» (34-21) Ақирет сенімі әрбір пенденің өз жаратылысының рухани болмысын, өзінен шығатын жан, рұқ өнімдерін, сөз бақшаларын өсіріп, Алладан нұр алып ұжданды меңгеру құлшылығымен ғана қалыптасады. Қазіргі таңдағы қазақ ел билеуші, зиялы қауым, дін ғалымдарының ұждандылық түгіл қарапайым тұрғыда жан, рұқ қуаттарының қалай өсіп жетілуінен білімдері жоқ, сондықтан «үш тілді – ғылымды болу, мәңгілік ел, ұлт жобасы, нұры жол, бақытқа жүз қадам» деген сияқты құдайдың жол-жобасына ашық қарсылықтың пайда болуы да ібілістің ұрпағына, қызметшісіне айналып алумен байланысты екені де хақ.

Барлық адамзаттың меңгерген білімі, өнері, жер бетіндегі барлық іс-әрекеті, ой қуатын меңгерумен яғни ойлай білумен, белгілі білімдік жүйеге айналған ақылдың әрекетімен пайда болатын ойдың қандай да сипаты бастан БАР болып, ал оның метафизикалық, жарықтық қуаттық тұрғыдағы бейнелі образдарға айналған адамзатқа пайдалы өнімі; Алланың растығына, өзіндік сипатына жатады. Сонымен адам баласына жер бетіндегі өмірінде бақытты ғұмыр кешуіне керекті барлық таза сезімдердің, көбейіп –өсіп жетілуге, жаратушымыздың сүйген құлы, күрделі қанатты періштесі мен іс атқарушы кісілігін меңгеруге, барлық қуаттардың 99 сипатты көркем есімдерімен, яғни махаббатымен Адам сипаты болып жаратылып және оның «Бір» жүйесін меңгерген Алланың жүзіне айналған сүйікті құлдары періште, кісілері «Біз»  — жарық жаннат өкілдері жұлдыздар болып; аспан, жер, екі аралық мүліктері болып табылады.

Сонымен «БІР» болып жаратушымыздың Адам арқылы суреттеліп, бейнеленген көркем есімдерін және барлық қарсылық қуаттардың жарыққа, жоғарғы дәрежелі сезімге маххабатқа, сөзбен өсірілген көркем ағашына, тектердің бірлігі кісілерге, періштелерге айналған бір тұтас жүйесі-растығы, бір ақыл қуаты, бір уақыттың сипаты болмақ. Адамзатқа бірді меңгеру үшін негізінде екі түрлі сезімдік жарықтық жүйенің негізін, сандық белгісін аятта; «…Үш кісі сыбырласса, сөз жоқ (үн тұрғысында) төртіншісі, әлбетте бестің  алтыншысы Алла. Тағы бұлардан аз, я көп тіпті (бейнеленіп денеден шығып) қайда болса да әрине ОЛ (Менімен), олармен бірге болады…» (58-7) Қазақтың даналығында; «Төртеу түгел болса төбеден келеді, алтау араз болса ауыздағы кетеді» деп «бақыт, қуаныш, ләзат, махаббат т.б.» нәзік сезімдерінің меңгеру құлшылығын ескертіпті. Олай болса, мұндай қуаттарды екі түрлі бірге жүйеге айналдыру құлшылығының есебі  (58-7) аяттағы жүйеден; 58; (5+8)-13; 5;8;7;3 меңгеру керек болады. Ал Алланың өзіне мәңгілік уақытына, тағдырына бірленіп қосылуға 4;6; (10) және Ол-Мен сипатымен бірленіп отыруы да шартты болмақ.

Енді дінішілердің «шерік қосу» деп өздерінің ақылмен қабылдамаған қазақ дәстүріндегі әдет-ғұрыптарын терістеудің де себебі: Абай атамыздың; «…барлық нәрсенің өлшемін білу, керек өлшемін білмеген жағдайда боғы шығады.» деген өсиетімен Раббымыздың; «Есеп білмеген есек» деген үкімімен байланысты болмақ. Мысалға; бес күн дүниелік қарсылық қуаттармен байланысты бес жарық күнді меңгерудің құлшылығын; бес парыз деп оны 6 күн жаратылыстық қозғалысы, уақытпен қосқанда 11 санды кітаптың негіздері шығады. Құранның кітап паралық негізі де (6х5=30) әлемдік жандық, жарлық уақыттың қуатымен жалғануды меңзейді. Адамзат жанының кітабы Алланың өзі; ОЛ сипаты 6 түрлі жаратылыс негізімен байланысты деп баяндадық. Осы рұқтық жүйемен жалғанып оған жан беру көбейтудің негізінен (6+6=12; 6×6=36😉 жаратылыстың барлық басқарушы тағдырлық, уақыттық белгісінің туындауына әлемді тек адамзаттың тіршілігі үшін өсіп-өніп көбейіп, әлемге қуат қосу үшін жаратқанына ашық дәлел екені де хақ.

Олай болса, әлемдегі барлық діндердің насихаты адамзаттың рухани, жандық нәзік сезімдерін меңгерумен, бақытты өмір сүруге жол көрсетумен байланысты болып, ал бұл насихаттардың бәрін сандық тұрғыда, құран арқылы  ғылымын жүйелеп насихаттаумен, оның сандық тұрғыдағы ақиреттік барлық кітаптарына жалғанудың есігі, баспалдағы болып исламның бірлік дінінің сипатын мағрипаттық тұрғыда ғана қалыптастыруға болады. Енді қазақ дәстүрінің насихаттары мен даналарының біздерге қалдырған мирас кітаптарының насихаттары шариғаттық масһабтық тәпсір білімінен 3 есе жоғары тұруымен де ерекшелігі болмақ. Сондықтан дін дәстүрінің сипаты тек қана түркі халқында қалыптасып, ал исламның масһабтық, шариғатпен орта топтық дін ісіне негізделген өзге елдерінде дәстүрлі дін болуы мүмкін емес. Ал қазақ дәстүрі: шариғат, тарихат, мағрипаттың бірлігінен тұрып,  ақиқатты әрбір қазақтың құлшылығы, бой өрісінің, ой бақшасының, ұждандылық, саналық жағдайына қарай өзі танып, жалғанып меңгеруі тиісті.

Қазақ дәстүрі болып бекіп, мұнда діннің үш кезеңін қарапайым өмір салтымен кез келген қазақтың меңгере алуымен жетелік ақыл дәрежесін қалыптастыруға «төртеудің түгелдегін» толық меңгеруге де болады.  Және тақуалықтың, әулиелік тазалықтың жоғарғы сатысымен ғана меңгеретін, ақиқатты танумен, тылсымға аспан мүліктеріне ұждан арқылы жалғана білген ақиреттік білімі болған; ата-бабаларымыздың және жеті арыстық кітабына жалғанумен меңгеруді ғылымхал деп атаған. Ал оның халін тілмен бейнелеп, сөзбен жеткізу мүмкін емес болғандықтан, тек қана сол өмір сүрген заманда жүректен-жүрекке көңіл қуаты, ұждандық-жұлдыздығы арқылы ауысып отыруға мүмкін болған. Ол үшін де 10 санды үңгірлерден (өлімнен) өте білумен және 10 жүрекке Алла нұрын жалғай алуымен, жүрек көзін ашуымен де ерекшеленген еді.

Және ғылымхалдың кейбір жалпы жағдайы мен жан күйі, рұқ сырларын, құран мен пайғамбарымыздың өсиеттерімен сәйкесті шығармашылық тұрғысында бейнеленуін; «қал»-ғылымы деп атаймыз. Қал ғылымын сол замандағы сөз өнермен бейнелеп насихатын да қалдырған әулие-әмбилер, даналар да тарихымызда жеткілікті. Мәшһүр Жүсіп атамызға жүгінсек; «Ғылым екі түрлі болады: Ғылымқал, Ғылымхал. Пендеден пенде сабақ алып, көзбен көріп, тілмен оқылатын оқуды: «Ғылымқал»-дейді. Бір пендеден бір пенде мың жыл үйреніп (тәпсір, масһабтық білім), онымен дәнеме болмайды. Көңілден көңіл сабақ алатұғұн жол бар: оны «Ғылымхал»,-дейді. Бұл көңілдесін жүргізушінің ұстазы – Құдай тәбәрік отығұлының (әулие-дана-пірдің, сүйікті құлының) өзінің ғылым сипаттары, қалам (үйрететін, жалғанатын) сағаттары болады. Ендеше мына бір өздеріңнің үйір-шүйір болған тілдеріңмен переводтайын. Орысша мақал: «Без богу свет не стоит», «Без царя земля не правится», «Құдайсыз нұр тұрмайды, патшасыз жер түзу тұра алмайды.» Жарық-нұрдың асылы Құдайдан болатын болса, ғылым нұрынан жарық, Ғылым нұрынан күшті нұр бола ма?! Құдайдан ғылым нұры бір пендемнің көңіліне құйылса, ғылымхал сол пендеде болады.»

Қал ғылымының талай ғасырларлардан өтіп құран аяттарының құпия сырлары ашылуымен де қарсылық білімімен араласып қуатының жоғалуымен, жындылық топтың біліміне ғана айналуы да заңдылық.  Сондықтан да көптеген ғылымхалдық жан ғылымын нақылдармен, астарлы сөздермен және сандық белгілермен бейнелеп сақтай білгендер ғана өз құндылық қуатын жоғалтпаған болып саналады. Ал қазақтың әулиелерінің қалдырған насихаттарының осындай сандық бірлікті сақтаумен және мағрипат білімімен өздерінің меңгерген ғылымхалдық кітабына жалғануға дерек көзі, мирас кітабынан ғылым қалы болып саналады.

Енді мұндай ғылымхалдық дәрежеге жетуге Мұхаммед пайғамбарымыздың сүннеті, адамзаттың бәрін сүюмен, сүйіспешілік арқылы барлық жамандықты, қарсылықтарды жеңіп меңгерумен және жақсылыққа, ізгілікке шақырумен  Алланың нұрына, көңілінің жарық жұлдызы ұжданы арқылы дәнекерлікпен жалғай білу қасиеттерімен байланысты болмақ. Сондықтан да мұндай дәрежеге жеткенде ғана Алланың өзінің үкімімен тағайындалатын алды-артқы бой күзетшілері арқылы жалғанып, махаббат атты нәзік сезім жүйесінің бірлігін меңгеру міндетті болмақ. Олай болса, Мәшһүр Жүсіп атамыз; Махаббат төрт түрлі; 1.Махаббат-руханиа; Алла тағала хазіреттеріне, Мұхаммед пайғамбарымыздың шадияр, сахабаларының көз көрмеген көмес нәрселерге рұқының ыждағаттылығы (аян, уахиларды көріп, естіп, сөзбен бейнелеп түсіндіре білуі) яғни шығармашылықтың (ақын, жазушы,бақсы, елшілік) жоғарғы дәрежесі болмақ. 2. Махаббат-қылбиа; Өз заманындағы ғұламалардың насихаттарына дін көңілінің ыждағаттылығы (танымдық-жете, саналық қасиет). 3. Махаббат ғақлия; Тарихтағы араздасып, кейін татуласқан ұлттар, ұлыстар арасындағы (орыс пен қазақ, қытай, жоңғар т.б.) бірлікті сақтауға ыждағаттылық (кешіре білу, тәкаппарлықтан арылумен адамзаттың бәрін бауырым деп санау). 4. Махаббат нысани; Жұбайлар арасындағы ләзатты сезімдерді сақтау, меңгеру сипатында болады. Және соңғы екеуінің көшпелі жоғалуға, жойылуға бейім, меңгерудің де қиындығын  ескертеді.

Даналар өсиетінен; «Махаббат-әрекетке айналмаған сезім, қызметке арналмаған ғашықтық емес. Махаббат өмірдің мәні. Ол шынайы сезімнен, жауапты әрекеттен, ақылмен қабылданатын әсерден, шабытты түйсінуден, сұлулықтың белгіленген бейнесінен тұрады. Махаббаттың орны «Мен»-де болады.» деп түсіндіреді. Олай болса, біздің періштелік қасиетіміз, махаббатымыздың пайғамбарлық және елшілік қасиет болып, өзімізді танумен яғни көместегі рухани бейнелерімізбен жалғанып, тылсымның, ақирет өмірінің көмес сырларына үңіліп, Раббымыздың бізге көрсеткен, білдірген құпия бейнеленген аяттарын бейнелеп, білімін анықтап түсінумен екі өмірдің де мәнін ұғынып және оны көңіл шуағымен жан-жағымызға, аруақтық қауымға, елге де аян арқылы жалғанып қуат қоса білуміз керек.

Бұл қасиетті құранда; мал-жаныңмен Алла жолында соғысу деп атаған. Ислам дінінде «жиһадқа шығу» деген; Алла жолына қарсы болушыларға қарсы көркем түрде үлгілі, ізігілікті іс, сөз арқылы жауап беру болып түсіндіреді. Ал мұндай рухани батылдық, батырлықты, дарындылықты меңгеру үшін;  аян, уахи арқылы тылсымдық 7 арыстық және лағфуз-мағфұздық кітапқа жалғану арқылы және біздерге мирас болған тәпсірлік білімде, (фикиғ) ежелгі заманнан қал ғылымнан қалған дерек білімдерді; құранның аяттарымен, пайғамбар өсиеттерімен, даналық нақылдармен қайта таразылап, електен өткізіп,  шығармашылық тұрғысында заман біліміне сай сөз сөйлеу өнерімен, жаратылыстың барлық ішкі сыртқы қасиеттерін бейнелеп, образдар жасаумен байланысты ғана қал ғылымының жағдайы қалыптасуы керек. Әрине мұндай күрделі іспен айналысуға әрбір мемлекеттің азаматтық ғылым мектебі, ақсақалдық қауымының ойшылдық үлгісі, ұлттық жобасы қалыптасуы керек. Кез келген жастардың шариғаттың білімін меңгеріп, құранды жаттап алып, даналықты, ойшылдықты насихаттаумен айналысып кетуінің де арты жындылықпен және ібілістің ұрпағына түгелдей бейнеленіп алуымен ғана аяқталатыны да хақ.

Қазақтың ұғымында даналықты толық меңгеруді үлкендікпен байланыстырып; «Пайғамбарлық жасқа жету» деп ескерткен. Пайғамбарлық жастың құран сүресінің 63 –Мұнафиқұн-ағару (ақталу), иелік, емшілік сипатымен байланысты болып, ал оны меңгеруге 62-сүре Жұма-наным, сенімді қалыптастыру болып, яғни ислам діні бірлігімен, пайғамбарлық қасиеттерді меңгерумен байлланысты аятта; «Бұл пайғамбарлық (Төртеу түгелдігі төбеден келетін ілімділік; көңіл көзі-ұждандылық) Алланың кеңшілігі, оны қалаған құлына береді. Алла, зор кеңшілік иесі.» (62-4) Бұл пайғамбарлық қасиеттің, түс көрумен оны жорып, намазын орындаумен, амалын жасаумен құранда «Жүсіп жолы» деген атпен ескертілген. Яғни ұждандылықты меңгеруді жас кезінен бастап тәрбиелеумен, ел басқарушылық қабілетін жетілдіруде құдайдан аян алып оны жори білумен байланысты болуы керек.

Қазіргі таңда мұндай ұждандылықты меңгеруді мүлде ұмыт қалдырып, ұждансыз ақын, жазушы, ел билеушілердің жоғарғы ақылшыларға айналуынан қазақ елінде жалған хазірет, имам, теолог, философ, психолог дегендерге таяқ лақтырсаң болды, бөріксіз, жаулықсыз сасық тұман, тақыр бастарына тиюі де хақ. Бастың ағзалары тазармаған жағдайдай да ұждан түгіл жетенің де қалыптасуы мүмкін де емес. Мұндай жағдайда әрине жынды, жетесіз қауымның арасынан шыққан қасиетті, таланттылардың көріпкел болып халықты алдауына да жол ашық.

Жоғарыдағы аятта көрсетілген Алла нұрымен жалғанып хабар келтіруге, ел тағдырына құдайдан белгі алып, елшілік ісіне тұруға, яғни діншілердің көріпкелдікті исламға жат құбылыс деп қабылдауына да құранды теріске алып аяттарын жүрекпен  түсіне алмауы ғана себеп. Сондықтан да бұл аяттың ұғымдық тұрғысында да жұбы болып; «…Қалаған кісіміздің дәрежелерін көтереміз. Сондай-ақ әр ілім иесінің үстінде бір білуші бар.» (10-76) Дін ислам ғалымдары, масһаб имандары көріпкелдік, пайғамбарлық қасиетті меңгеру, яғни Алланың кеңшілігіне, кітабына жалғанып, құпия сырларды меңгеру пайғамбарымыздан кейін тоқтаған, Алла енді біздерге кеңшілік бермейді, көріпкелдікпен болашақтан хабар келтіру зұлымдық, Аллаға серік қосу деп түсіндіреді. Ал шынында өздері Аллаға, аяттарына ашық ортақ қосады. Себебі Алланың өзінен тағайындаған жұздыз-құс білуші кісілері емес, пендесіне жол-жобасын көрсететін, енді Ханафи масһабы, тәпсір білімі ғана қиямет-қайымға дейін жол көрсетуші яғни «Тәңіріміз» деп түсіндірумен ібілістің ұрпағы, дажалдарға айналып алғандарын да аңғара алар емес.

Мұндай пайғамбарлық қасиеттің жоғарғы дәрежесін, ұждандылықты меңгеруді  аятта; «Мұхаммед ал енді үгіттей бер. Өйткені сен Раббыңның нығметі арқасында бақсы да жынды да емессің. (29) Немесе олар сені: «Ол бір ақын. Сондықтан оған жаман заманның болуын тосамыз» дейді.» (52-30)  Біздер Алланың ерекше нығметіне бөленген пайғамбар емеспіз, сондықтан да жаратушымыздың көмес хикметті білімінен нәр алып, оны бейнелеп, сөз ұғымдарымен образдар жасап, паш ете білуге, кемел адамдық сипатқа жету үшін де; міндетті түрде  бақсылық, жындылық қуаттарын меңгеріп, ақталып тазарумен және ақындық қасиеттілікті, шығармашылықты меңгеру кедергілерінен өтуіміз де керек. Яғни ғылымды болумен ғана мұндай кемелдікке жетуге мүмкін болады. Ақындық тұрғысында Абай-Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп, Жүсіп Баласұғұн т.б. әулиелер ұждандылықты толық меңгерумен хал ғылымынан шығармашылық насихаттарын қалдырғанды.

Қазақ даналығында мұндай кісіліктің сипатын меңгеру үшін үш байлықты меңгеруді міндетті деп білген. Бірінші байлық – ден саулық деп ақылдың ерікті, қуатты, қалыпты болуымен, білімді, біліктілікпен байланысты екенін ескерткен. Яғни бұл біздің ет-малымызды оймен жүктеп, оны сыртқы әсерлерден сақтау әдебін, ұяттылықты меңгерумен байланысты деп түсінген. Ал енді әрбір пенденің денінің саулығы, ақылының еріктілігі ана тілімен, ділімен оны таза, қуатты сақтайтын ақ жаулық байлығымен байланысты «Малым-ден саулығым, жанымның-ақ жаулықтың садағасы» деп түсіндірген. Яғни денсаулық ақ жаулықтың күзетшісі, жаудан қорғаны болуы шарт. …(жалғасы бар Наурыз 2016 жыл)

Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;  http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *