XXV- Ел биліктің дін саясаты және экстремистік пиғылдар.   Қазаққа қасірет қайдан келген?

Бөлім: Ел билігі және экстрмизм мен тероризм себептері 48

   «Адамзатқа алдымен тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деп Әл-Фараби бабамыз неге ескертті?  Шәкәрім атамыздың; «Жаралыс басы қозғалыс, қозғалысқа керек қолқабыс» деген насихатын інжіл жазбалары да растайды. Баста сөз болған, сөз құдайдың буы-нұры еді деп түсіндіреді. Демек, сөздің пайда болуы ақыл – нұрмен, яғни қозғалыс тегімен байланысты. Қандай бір жаратылыстық нәрсенің, қуаттардың белгілі бір қозғалу тәртібі бар. Сондықтан әрбір адам баласы да өзінің жартысын, жынысын, тегін, қуаттарының шамасын білуі керек. Бұл білімге жатады. Бірақ осы қуатымызды, яғни білімімізді біз қажетімізге қарай жұмсауымыз және онан пайдалы зиянсыз әрекеттер шығаруымыз үшін төменгі, жоғарғы шамаларын, шектерін яғни тәрбиесін меңгеріп, салыстыру арқылы жұмсалмаса, онда бақытсыздыққа душар боламыз. Сондықтан адамзаттың жаратылысты тану, қуаттарды өндірумен, замандық  қозғалыстың жылдамдығы артуымен байланысты біліммен бірге, ақылды да қатар дамытып отыру керек. Осындай ақылдың күшімен ғана білімнен пайда болатын түрлі әрекеттердің пайда- зиянын, артық-кемін, белгілі шектен аспауын салыстыра білумен және меңгере алудың білімі де біздің өмір сүру барысында жинаған тәрбиемізге тәуелді болмақ. Сонымен бірге бізге ата-бабаларымыздың өмір тәжірибесі, қандай жағдайда бақытқа, жетістікке жеткендігі немесе қайғы-қасіретке апаратын әрекеттермен айналысып, түрлі бақытсыздыққа ұшырағаны жайлы білімнің маңызы да зор болмақ.

Осындай ақылдылықты меңгеру барысында пайда болған білімдер арқылы ғана біздің сенімділік қуатымыз бекіп, өзімізді белгілі бір өмір сүрудің жағдайына бейімдеп, ақылымыз мұнан басқа ештемені іздемейтін, бос қиялдың да соңына түспейтін де болады. Бұндай өмірлік тәжірибеден пайда болған ақыл туралы білімді біз дін деп атаймыз. Сонымен дінімізде бізге дейінгі өмір сүрген ата-бабаларымыздың шежіресі, бақытты және бақытсыздыққа душар болған дерек көздеріне сүйене отыра, біздерге заманға қарай бейімделуге мүмкіндік туады. Енді бұл өмірдің ағысында дәуірлік намаз құлшылықтарын меңгеру тәжірибесінде үзіліс болмауы да шарт. Ал ондай тәжірибеден бас тартқан  жағдайда біздің жинаған біліміздің де көлемі артып, себебі мұның бәрін оқып біліп, тәжірибеден өткізіп ұғынуымыз қиындай бермек, ақыр соңында біздердің сенімділік тұрғысында дін ұстанымда шатасуға, адасуға да апарып соқтырары да сөзсіз. Себебі мұндай ақылдың тәрбиесі туралы сенімділік  білімнің көлемін қамтитын ақылдың қуаты да сол дәрежеде жеткілікті болуы да даму заңдылығы да үзіліссіз болуы шарт.  Сондықтан да әрбір заманның, дәуірлердің алмасуына қарай мұндай ақылдың білімін сол замандық жағдайға ұлттық, тұрмыстық, өндірістік ерекшеліктерге қарай бейімдеп, ескірген әдеттердің, сөзді түсіну ұғымдардың орнына жаңадан әдеттер мен ұғымдарды қалыптастыратын Алла тағаланың тарапынан елшілердің, ерекше дарынды адамдардың өмірге келіп отыруы да шарты болмақ. Бұндай қуатты  тектілік, нәсілдік қуаттарды түрлі жағдайдағы себепшілерге жалғану арқылы меңгерумен және дәрежелеп көбейтуге; Раббымыз тарапынан берілген, түсірілген аяттарын, аяндарын, уахиларын жорып меңгеру арқылы иман атты таза ақыл қуатын сыйға аламыз.

Енді қазіргі әлемдегі болып жатқан рухани дағдарыстың, бүлікшілдіктің де діннен туындап жатқан ең басты себебі де, біздердің иман мен сенімнің айырмасын, замандық қозғалысқа, себептерге қарай қуаттарын меңгерудің тәрбиесін алмай және меңгеру құлшылығын да шатастырып алып, бағзы замандағы ақылды меңгеру туралы тәрбие білімін ғана алып, ал заманға қарай ақылдың қуатын арттыратын барлық қозғалысты қамтитын дәрежеге жеткізетін иман, тек, жан, рұқты меңгерудің сырларын мүлде жоғалтып алдық немесе оны артымызға тастап қойдық. Біздің замандық қозғалыс біліміміз мүлде шарықтап дамып, жаратылыстың сырларының білімін терең меңгергенімізбен ақылымыздың күші, сөздерді ұғыну қабілетіміз, пайымдау, ойлану қабілетіміздің еркіндігі жоғалып, дүниелік тіршілікке, жеңіл тұрмысқа сезімдік қысқа ақылға негізделіп алып, түрлі қорқыныш сезімдерге байланып қалдық. Енді біздерге өлу, ауру, кедей болып қалу, қоғамда жақсы көріне алмау, сүйгенің тастап кету, түрмеге түсіп қалу дегендей қорқыныштардың, қараңғылықтың ықпалында өмір сүретін болдық. Мұндай жағдайдағы түнектен адамзатты  құтқаруға, жандарын жарыққа алып шығып еркін ойлау қабілетін, ішкі жан дүниеңіздің ақыл сарайларын, бөлмелерін таза ұстап жарықпен нұрландыруды қамтамасыз етуге тиісті соңғы  исламдық дініміздің өзі де керісінше ақылдың азуына қарай жөн сілтейтін болып алды.

Себебі пайғамбарымыздан кейінгі замандарда келген орта топтық белгілі  бір шектеулі құлшылық намаздары арқылы ізглікті болудың қағидасын тура жол деп атап, мұның басында тұрғандар өздерін таза ақылдың кені, көктегі парасаттың жарығы «жұлдыздар» яғни «Біз» деп атап, имандылықты меңгерудің жетілген тәсілдерін, құлшылығын қалыптастырған діннің  имандық қуаттылығын жетілдіретін, кейінгі замандардағы өркендеген тәрбиелік білімін соңдарына ерген жамағатқа мүлде мойындаудан бас тартқызғаны да хақ. Сонымен жан деген адамзаттың жаратушыдан алып және оны рұқпен жүктелу арқылы көбейтіп, өсіріп рухани егіннің жемісін ақиретке жіберетін негізгі аманат, әлемдік қозғалысқа қуаттарды қосудың, тектілік, имандылықты меңгерудің білімін замандық қозғалысқа, білімге қарай жетілдірмек түгілі  ата-бабаларымыздың мирасқа қалдырған тәрбиелік білімін, дәстүрімізді меңгеруге де тиым салып «кинизмдік», ескішілдік дін саясатын бүкіл ел билеушілер мен білімді зиялы қауымның да берік ұстанымына айналдырып алдық. Мұнан олардың жеке бастары да әлемдік қуатқа өз үлестерін қоспақ түгіл халыққа беретін, жол көрсететін ақылдары да жетілмей қалып, бүкіл тіршілігімізді дүниеге ғана негізделген арсыздық-мастыққа, бойкүйездікке, хайуанша ішіп жеммен ғана қанағаттанатын, арты семіздікке және түрлі дерттер мен азаптарға ұшырап жатқанмен, ел билеушілер тарапынан бұдан шығар жолды іздеп жүргендері мүлде аз кездеседі.

Біздердің бұрынғы замандағы өткен қандайда бір даналардың, ғалымдардың, ойшылдардың, Алланың сүйікті құлдарының қалдырған білімдерін, өсиеттерінің жаратылыстық бейнесі, белгілері біздердің ішкі жан дүниемізде туғаннан-ақ орнығып, мұны тек деп атаймыз. Енді бұл тектіліктің сипаттарын меңгеру үшін де ұлтымызға сай жол-жобамыз, қалыптасқан дәстүрімізді ұстануымыз міндетті болмақ. Егер бұл қағидадан бас тартатын болсақ, яғни шет елдің ұятсыздық, жалаңаштық, парықсыздық, жеңіл тұрмысқа бейімделген салтымен өмір сүретін болсақ, онда ішкі жан дүниеміздің мүлкін тазартып нұрландыра алмаудан біздің түсіну, ұғыну қабілетіміз де төмендеп кез келген жат елдің салтына, зұлымдыққа азғыруға оңай еріп кете береміз. Яғни біздің жан дүниемізде тегімізге қарсы мүліктердің пайда болуына жол береміз. Мұндай жағдайда адамгершілік қасиетіміз де жетілмей, ақылдың сапасы қалыптаспай, бізге беймәлім тектерге, нәсілдерге жалғанумен біртектілік қасиетіміз жоғалып, ұлттық болмысымызды да жоғалта бастаймыз. Біздің ұлттық тегіміз қасиеттердің жиынтығы емес, жоғарғы ақылға, иман қуаттарына Раббымызға жолығуға, нұрға жалғануға жеткізетін шежірелік үздіксіз жібіміз болмақ. Мұны Алланың жібі деген құранды. Сондықтан әр ұлттың, үмметтің өздерінің тарихына, шежіресіне байланысты жаратушымен арадағы жалғанатын алтыннан да қымбат даналықтың, парасаттың жібін үзбеуді, үнемі ұрпақтан ұрпаққа жалғап, аманат етіп тапсырып отыруды ұлттық тектілік дініміз, дәстүріміз деп атаған жөн.

Бұл жерде біздің біліміміз, түрлі кәсіптік, өнерлік, шығармашылық салаларды меңгеруіміз таланттылыққа яғни қасиетілікке жатады. Ал қасиеттердің өмір сүру барысында тірі болуы мен сапасын қамтамасыз етіп, жанды өсіре алмасақ, онда пайда болуға, жоғалуға немесе жаңадан өзге сапасының жаңарып алмасып тұруына тән қуаттардың сипаты пайда болады. Сондықтан таланттылықты, қасиеттілікті тұрақтатуға ұлттық тектік тәрбиенің маңызы да зор болатыны сөзсіз. Таланттылық пен дарындылық қасиеттердің де айырмашылығы болатынын білген жөн. Таланттылық тағдырмен келген және біліммен байланысты жетілсе, дарындылық құдайдың ерекше сыйы болмақ. Қазіргі біздің ел билеуші, зиялы шығармашыл қауым өкілдерінде таланттылары жеткілікті, бірақ дарындылықтың ақылмен таза ойлау қабілетімен, құдайдың ісімен байланысты болғандықтан мұны меңгере алғандар жоққа тән десек жалған емес. Ал ақылмен басқарылмаған білімнің жетегінде кеткен қасиеттілік, таланттылық зұлымдыққа да тез түсуге себепші болады. Сонымен қазақ халқы жаратылыстан талантты, қасиетті екенімізде дау жоқ. Бірақ осы қасиетті меңгеруде ел билігіміздің арсыздықты қолдау саясатымен қазір «жұлдыздық» ауруға ұшырамаған талант егесі аз десек жалған емес.

Арсыздықты дәріптегендердің  халықтың алдында  не бір сұмдық көріністерді ашық бейнелеуші шығармашылық өкілдерін «жұлдыз» атап, қол соғып мадақтап жатамыз. Талантты, білімді жазушы, ғалымдарымыз да жеткілікті, бірақ дарындылықты меңгеруден, дін дәстүрімізден бас тартып, олардың жазған шығармалары тарихымыз, әдебиетіміз, түрлі кино, театр туындылардың бәрі дерлік құр білім тұрғысындағы деректермен жалғандыққа түсіп және имансыздықты, құдайға ашық қарсылықты ғана дәріптеп жатқанымызды аңғарудан мүлде қалдық. Мұндайларды тізе берсе таусылуы да қиын, бірақ біздер рухани тұрғыда құздың жиегінде, перғауын елдері сияқты бар жинаған байлығымызбен заманның сынағы болған теңіздің толқынында жұтылудың сәл ғана алдында тұрмыз десек жалған емес.

Негізінен адамзатқа ортақ 3 түрлі тегіміз бар. 1.Малдық, тәндік қуаттық, қасиеттілік ерекшелігіміз; 2.Жандық, таланттылық, қасиеттілік ерекшелігіміз; 3.Арлылық қасиеттілік саналық, дарындылығымыз болып табалады. Ең қадірлі Арымыз болғанымен, біздің малдық, жандық қуатымыздың тазалығынан, қабілетінен ғана Арымыз жетіліп тәннің тазалығынан пайда болатын жарықтық сапа – денеге біртектілікке киім сауыт болып қалыптаса да алады. Малдық, тәндік тұрғыда тіршілік етіп өсіп-өнеміз және тән-малымыздың жағдайын жасаудан, көбейтуден немесе бүлінген ағзаларды ауыстырудан қазақ елі де әлемдік деңгейден қалыс қалған жоқпыз.  Сол сияқты тәннің қамын, малымыздың жағдайын қам жасайтын дін масһабымыз да еліміздің ұстанған саяты да түрлі спорттық, дем алыс орындарын салу, ойын-сауық, тойшылдық, саяхаттау деген сияқты амал, намаздарымыздың бәрі малдық қуатымызды сақтау, жетілдіру, ақылмен басқарылмағанда жануарлану, ұятсыздықпен жәндіктену сияқты төменгі тегіміз қалыптасып жатқаны да хақ. Сондықтан да барлық әрекетіміздің, тектілігіміздің ақ бұлағы болатын ұлттық, үмметтік ерекшелігіміз Алланың жібіне жалғанумен байланысты жанның қозғалыстық, қуаттылық сапалық қаракеттерін меңгеру де діннің имандылыққа байланысты негізгі шарты болмақ. Жанды тазартып, қуаттандырып біз малымызды басқарып, қоралап яғни бір жүйеге, біртектілікке бір ақылмен басқарылуға келтіре аламыз. Діннің бұл шартын Яссы деп атаған. Яссы қажырлық, жігерлік болып ұғымы түсіндірледі. Пайғамбарымыздың аты; Мұхаммед ұғымы; «Сүйіспеншілік» болып, сеніммен байланысты «Мұхаммед-Әмин» деп аталғанын да білеміз. Пайғамбарымыздың Арыстан баба арқылы құрманы аманаттап беріп жіберіп, тура жолдың қазығын Ясауи бабамыздың қалағаны да осындай негіздің жатқаны да хақ. Сонымен Яссы – жанмен, иманмен байланысты ақыл-ойдың сапасы қажырлық, жігерлік болып, мұнан кейін исламдық дін құлшылығын пайғамбарымыздың сүнеттерін орындау арқылы Інжіл-қайырымдылық, ақиқатқа табанды тірейміз.

Ал енді жандық қуаттың тегі, 1.Қозғалыс-тіршілік қуаты; 2.Ұйқы-Өлім-көк қуаты; 3.Аян-өткен өмір қуаты; 4.Ой-білім қуаты; 5.Жүрек-ес, ақыл, сана қуаты болып біртұтас жандық қуатты құрауы керек. Енді осы бес қуатты да біз ақиретпен жалғану арқылы тазармаған қуаттармен жүктелеміз, құлшылығымыз арқылы тазартып, оны дәрежелеп көбейтуге имандылық, парасат қуатын көктен аламыз. Сондықтан жанның қалыпты жұмыс істеп тұрғаны және иманның әсерін біз ұйқы кезіндегі жанның тәннен босанып шығып, өлім сатысының белгілі кезеңдерінен өтуімен өткен өмірден ата-баба шежіресінен аян алумен, өмір қуатына жалғанумен ерекшеленбек. Олай болса, әлемнің жоғалтқан, ұмытқан жанды жетілдірудің амалы, намазы қазақтың «Өлі риза болмай, тірі байымас» деген дәстүрінде тұрғаны да хақ. Қазақ халқының жетесіздікке түсіп, жандарын жоғалтып, түрлі жағдайда сынақтармен азапталып жатқаны да қарапайым ғана түс көріп, аян алу арқылы намаздарын, амалдарын орындап имандылықты, текті жетілдірудің құлшылық ісін меңгермеуден екені де сөзсіз. Енді біздер ұлттық, халықтық тұрғыда ұйықтап қалған жандарымызды оятып, тазартып өсіріп, өндіруге әлемдік тұрғыда ең алдыңғы орындағы мұндай бес қуаттың да ақ бұлағы бар орындардың көптігімен мақтануға болады. Бірақ мұндай орындардың қадір-қасиетін сақтау арқылы және көркем сөз ағаштарын құранмен суғару арқылы тек қазақ елі ғана емес, әлемдік тұрғыда сауықтыру мекеніне айналу үшін де ел биліктің дін саясатына шұғыл түрде  өзгеріс (реформа) жасау керек.

Неге шұғыл түрде десеңіз, қазақ еліне бұл бақтың, ерекше нығметтің аятта; «Құраннан мүміндерге, шипа және рахмет түсіреміз. Ол, залымдардың зиянын тым арттыра түседі.» (17-82) деген үкімі де сонау өткен ғасырдың 97-ші жылдары беріліп, жүректің мөрін ашу ісі жүріп, халықтың жаппай киелі орындарды зияраттап жандарын тазартумен, халықтың өз тегін табуымен, қазіргі жеткен жетістігіміз сол кезеңнің жемісінің үлесі бар екені де сөзсіз. Мұндай жер бетіндегі ойпаттармен, киелі орындармен адамзат жан, рұқ өнімдерімен байланысты болатын нұр, кісілік қуаттарды «ОЛ» деп атаған құранда. Сонымен; «Ол, залымдардың зиянын тым арттыра түседі.» деген үкім хақиқат болып, қазіргі таңда қазақ елі 10-15 жылға рухани дамуын шегеріп, әлі кезге дейін түк білмегендей болып отырған арлануды былай қойғанда, жетелік тұрғыда ұялып қымсынбаймыз да. Және қаншама тарихи оқиғалардың хақиқатқа шығуымен көптеген жағалы бабалар, пайғамбарлар зияраттарының басы көтерілмей, біздерге қалдырған мұрғаттары ашылып, жарыққа шықпай  жатқаны да хақ. Ғиса пайғамбарымыздың ағаш крестке таңылмай, орынына ұқсасы өлтірілді деген құран аятында ескермеген және пайғамбарымыздың зияраты қазақ жерінде болып Мариям анамыздың Сайрам қаласында жерленіп, көптеген інжілдік сахабалардың  қазақ жеріне келіп жатуында да тура жолдың негізін қалған ел екенімізге дәлел емес пе? Жақында Түркия елінде інжілдің теріге жазылған түп нұсқасы табылып Ғиса пайғамбар орнына Искарёт деген шәкіртінің таңылғанын баяндаған екен. Сондықтан мұның негізін дәлелдеумен бір ғана Ғиса пайғамбардың басын көтеріп, әлемге жариялаудың өзінде біз християн елдерінің бәрінің ағылып келетін зияраттайтын еліне айнала алар едік. Оның орнына табиғатымызды тас талқан қылып, спорттық кешендер салып, туризм арқылы баиймыз деп жатқан жетесіздіктен басқаны ести алмайсың да ел билік тарапынан.

Сонымен бірге Отырар кітапханасының Шыңғысхан бабамыздың жаптырып тастағанын, оның нақты қай жерде екенін, тек ел басына ғана айту керек екенін де жариялағанмен мұны еститін қатты құлақ та, қабылдайтын әзірге баста ми болмай жатқаны да растық. Есікте жатқан арыстардың тегі Алаш, Бабыралы Бақанас, Алтай Жүрсін бабаларымыздың, Ізбөрі, Ұлсай Емер аналарымыздың басына қоқыс төгетін орынға айналдарғаннан не сөз. Мұндай жұздыздардың тікелей сәулесі түсетін орындарды ашудың пайдасынан бір ғана мысал берсек; Ақтөбедегі Һұд пайғамбармыздың қасында жатқан 91 әулиемен бірге кешен салып, жолын тегістеп қана халықтың құрбандығын шалып, зияраттайтын орынға айналдырса, Ақтөбе облысында биылғы жылдың өзінде-ақ егіні бітік шығып шегіртке де жоламас еді. Мұндайда дәстүрін сыйламайтын жетесіздік тұрғыда алдыңғы орында келе жатқан Алматының әкімі мен Қызылорда облысының әкімі болар. Қызылорда қаласынан 63 шақырым жерде Нұқ пайғамбарымыздың 3 баласы жерленіп, кезінде  «Шыны қала» (хрустальный город) болған екен. Енді ол жерге халықтың ай далаға зияраттап, шырақшысының жер кепе қазып алып тұруын былай қойғанда жол жиегіне қойған белгісін әкімнің пәрменімен жолдың сәнін бұзады деп алып тастағанын қалай түсінуге болады. Ол жерде Мекке қаласындай Раббымыздың нұры шығатын орын және жер асты да қазына мұрғаттар жатқанын ескертті. Және Тереңөзек ауылына жақын жердегі қандай жараға да ем болатын құдығы бар киелі ана басының жағдайын көрсең ел билеушілердің надандығынан түңіліп кетесің де. Ең қуатты жұлдыздың тура жолдың белгісі, көкке көтерілетін күміс сатының орны, Алматы қаласының Ремизовка ауылында жатқан Қажы баба және славяндардың түп анасы Зейнеп ананың зияратына халыққа келетін қарапайым жағдай жасамақ түгіл ит қораға айналдырған, әулиесін құрмет тұтпақ түгіл менсінбейтін тарихта мұнан белгі қалатын Есімов мырза болады. Қаншама әулиелердің зияраттарының басына қазақ ұлты ғана емес, көрші мемлекеттерден де келіп шипа тауып, мұндай қазақтың жеріндегі Құдайдың кереметіне таң қалып, бас шайқап жатса, біздің ел билігіміз бен дінші, ғалымдардың көздері  соқыр, құлақтары керең болып, теріс айналып, керісінше діннің тұтастығын бөлшектеуге жол ашып жатқандарына қалай жағаңды ұстамайсың?

Бірақ, құдайдың рахымына да, кереметіне де шек жоқ екені хақ. Осыдан 5-6 жыл көлемінде ата жолының  қазақ дәстүрінің негізі екенін мойындап жолды ашсаңдар, жолдарыңнан, болмаса қолдарыңнан аламыз деген болатынбыз. Әрине қандай заң шығаырғанмен де, ол мұндай надандыққа түскен халыққа ақыл беріп, мұндай түнектен шығара алмайды да. Бірақ осындай шешімдер арқылы ел билік пен зиялы қауым өкілдері өздерін болашақ айыпталудан, халықтың қарғап, мұндай зұлымдыққа түсуді өздерінің ақымақтығынан емес ел биліктен көріп жазғыруынан сақтар да еді. Бірақ бұл жеңілдікпен де келісетін түрлері жоқ, олай болса, енді  осы қолдан алудың сынағы басталып та кетті. Себебі бұрынғы ата жолын қудалаған кезде біздерде түсіндіре алатын дұрыс білім де болмады. Ал қазір жартылай болса да ата жолының білімі бар және мұны орыс тіліне аударылған күннің өзінде орыс халқының ата жолына топ-тобымен өтуімен, інжілдік кереметтердің ашылуымен, қазақ зиялы қауымы мен ел биліктің әлем алдында да мазаққа қалары да хақ. Ең сорақысы, біздердің шәкірттеріміздің меңгеріп жатқан ақиреттік білімінің үштен бірінен де хабары жоқтардың дін басы, дін істерінің басшылары болып отырғаны, ал Абайын, Шәкәрімін түсінбеген ғалымдардың акедемик болып іс басында отыруы да осы қазақ еліне келген ақыл туралы білімнің жоғалып, кезбелік білімді ақылға айналдырған зұлымдықтың да көрінісі болмақ. Қазақ дін дәстүрімен  інжіл, зәбур, тәуратқа байланысты және пайғамбарымыздың да ерекше көрсеткен мұғжизаларының жалғасты кітабын алумен қожалық, ақ бақсылық істердің құпиясын меңгеру арқылы ғана қазақ елінде ұрлық, парақорлыққа тиым салуға, ал түрлі жазылмайтын аурулар мен асылып өлу сияқты сынақтардың тоқтауына және тарихтың, шежіреміздің әдейі қолдан бұрмаланған қателіктерін де түзеуге  болатын да еді. Қазіргі таңда қазақ әйелдер қауымын басына жаулық салдырып, етегін жаптырса әйелдердің ауруларының 50 пайызға азаюын да қалыптастыруға болар еді.

Сонымен бірге қазақ елінің әлемнің сауықтыру еліне айналуымен табиғаттың да, жер ананың да халықтың несібесін еселеп беріп, жылына миллиондаған қойлардың құрбандыққа сойылумен қаражат айналымын, оған қызмет жасайтын халықтың жағдайын былай қойғанда; экстремизм, дағдарыс деген қазақ елін мүлде айналып өтер де еді. Жастарымыздың және үлкендер қауымының да арасынан қасиеттілікті меңгеретін дарындылыққа жалғану арқылы жоғарғы ақылға жалғанатын саналықты меңгеретіндер шығып, ата жолға түсірілген түрлі дерттердің себебі мен емдік тәсілдерін зерттеу арқылы біздер ғылымда да ең озық елге айналуға талай «нобель» сыйлығына лайық ағайындарымыздың шығуына да жол ашылар еді.  Сол сияқты әлемнің теріге жазылған шежіресі мен бабалармыздың меңгерген құпия білімдері мен қазақтан тараған жеті елдің мұрағаттары сақталған Отырар кітапханасын Ел басшымыз Нұрсұлтан мырза бастап ашуы керек еді, бірақ енді оған үлгіре алмайтыны да сөзсіз. Және Раббымыздың үкімімен  мұндай нығметті несібені 7 жылға шегіртіп қойды. Бұл баға жетпес байлықты ашқаныменен, оны меңгеретін мирасқор ел қазақ халқында бірде-бір ғалым жоқ екені де сөзсіз…(жалғасы бар) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихатын, кітаптарын және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *