Жер әлеміндегі барлық тұрғындардың және тіршілік өмірдің белгілі бір уақыттың жылдамдығына, жер әлемінен түсетін жарық сәулелердің қуат күшіне, жер анамыздан шығатын нұрға және бұл қуаттардың жүйесін адамзаттың қандай мақсатқа пайдалануына, рухани тұрғыдағы өнімдеріне, әлемге қосқан қуаттық үлесіне тәуелді болатынын біздер аңғара алмаймыз. Және белгілі бір кезеңдермен адамзаттың есеп беретінін Раббымыз құранда ашық ескерткен. Осындай есеп мезгілінің әлемнің елдеріне ортақ үкім болып түсіп жатқаны да хақ. Сонымен бірге жаратушы иеміздің рахымы, рахметі де қоса түсіп, осындай әлемдік дағдарыста үлгі болып, рухани тұрғыда жетілген елге айналып, әлемнің де мұндай дағдарыстан шығуына жол көрсететін елді таңдап, оған ерекше хикметті белгілерін түсіргені, ол елдің қазақ елі болып биылғы жыл 3-ші жыл қияметтік сын сағатынан өтіп жатқанымыз да хақ. Алда бұл сынақтың бес жарым жыл анық мерзімі бар.
Мейлі қандай замандарда болсын, ел билеушілердің жеке бастарының ұстанған дінінің тазалығына байланысты халықтың да бақытты, бақытсыз өмір кешуіне себеп болатыны да хақ. Дін дегеніміз әлемдік тұрғыдағы қуаттардың жүйесіне жалғанумен, сол өмір сүрген замандық қозғалысқа, білімнің, шаруашылық кәсіптердің дамуына байланысты ақылдың күшін қалыптастырумен байланысты құлшылық жүйесіне айналып отыруы керек. Қазақ халқының даналығы бойынша; діннің негізін үш түрлі кезеңмен белгіленген. Жетелік ақылдың деңгейін қалыптастырумен байланысты ел тұрғындарының ата-салт дәстүрін сақтау, қандайда бір құдайдың белгілеген шектерінен аспай, тіршілік қылатын қоғамды құрумен байланысты. Жетелік ақыл имандылықпен байланысты болып, қазақ дәстүрі бұндай ақылдың күшін қалыптастыру үшін жетілген жүйе болып табылады. Сондықтан ел билеушілерінің мұндай жалпы халықтың біртекті ақылдық жағдайын қалыптастыратын, өз ұлтының тарихын, шежіресін шала мойындап, ата салт-дәстүрін жетік білмеуінен немесе онан бас тартуынан бүкіл мемлекет тұрғындарының да қайғы-қасіреті туындайтынын да білген жөн. Қандай да бір елдің әлеуметтік тұрақтылығы, мемлекеттің саясатының беріктігі де сол елдің тарихи оқиғалармен, түрлі кезеңдермен бекіген дінінің жағдайына тәуелді болмақ. Мұндай ұлттың бірлігін, татулығын қалыптастырудың және халықтың көкірегінің ояу болуына діннің ықпалымен ғана жете алатыны да сөзсіз. Сонымен ел билеушілер жетелі ақылды толық меңгерген жағдайда ғана дін –жанының тазалығы да болып, ел басқару істеріндегі басшылық амалдары сан алуан жақсылық істерге толы болуымен және екіжүзділіктен де ада болады.
Енді екінші кезеңдік ақылдың күшін меңгеру; бұл жоғарғы ел билеушілерге тән міндетті қасиет ақылдың саналығы болуы керек. Мұндай ақылдың күшін меңгеру үшін тек қана ата-дәстүр салтты жетік меңгеру жеткіліксіз болады. Саналық деңгейдің Алланың сүйікті құлдары болған әулие-әмбилермен жалғанып тұратын және Құдайдың еркінен замандық уақиғаларға, ел билеу ісіндегі түрлі қиын сәттерде шешім қабылдауға, уахи алу қасиеттілігімен байланысты болады. Мұндай саналықты Абай атамыз екіге бөліп қарастырған. Әрбір саналы хақім-ғалым болуы керек деген. Бірақ әрбір ғалым хакім бола алмайтынын да ескерткен. Ал қазақтың бүгінгі ел билеушілерінің ғалым болмағаны жоқ десе де болады. Бірақ хакімдігі, әділеттілігі, саналығы бар хакімді таба алмайсыз. Себебі саналық ақылдың күші құдайдың жолына түсумен байланысты. Қандайда бір адам баласының мейлі ғалым, хакім, дінші, имам немесе қарапайым шаруа болсын, құдайдың жолына түсіп қана мұндай ақылдың күшін меңгере алады. Құдайдың жолы; бес уақыт намаз оқып, зекетін беріп, ораза ұстанып, қажылыққа барумен белгілі салт болған біліммен, тәпсірмен бекіген, дін істерін орындаумен көрінбейді, бұл жол дүние ісінен жалыққан, ақиретке өзін бағыштаған ішкі дүниесін жетілдіруді мақсат тұтқан текті қасиеттілерге тән ғана жол болады. Ал енді жоғарғы ел билеуші саналы болса, онда рухани тұрғыда емші сияқты әрекет ете білуші ел басшысының тарихта ізгілікті басшы тұрғысында өзінің ізін қалдырары да сөзсіз.
Ал енді үшінші ақылдың кезеңдік сипатын меңгеретін қасиеттілерді; абыздар, сұлтандар, билер, шешендер, қожалар деп атаған. Мұндай тектілердің құдайдың жолына түскендігімен бірге жоғарғы әулиелік сатысына көтеріле біліп, арнаулы кітап алып, елдің болашағын 50-100 жылдық тағдырын алдын-ала ойлап, соған қарай бағыттауға кеңес бере алатындар, Ар білімін жетік меңгергендер болып табылады. Мұндай жандар дүние ісінен мүлде қол үзген, тек құдайдың еркіне ғана бағынып тәуекелмен өмір сүретін, әрі елшілік істерді меңгерушілер болады. Енді мұндай қасиеттілер ел билеуші болып, дүние ісімен байланысты қызмет атқарудан бас тартады. Себебі мұндай жағдайда жалғанған кітабынан да ажырайды. Ал керісінше хакім ғалымдар мұндай сипатта дүниден безіп, елдің шаруашылығын жетілдіруге, сыртқы саясатты жүргізуге, елдің ішіндегі тәртіпті де қалыптастыруға түрлі қулық заңдармен байланысты елдің тұрақтылығын қалыптастыратын әрекеттерді меңгере алмайды. Сондықтан мұндай рухани тұрғыда ел басқаруда халықты қай жағынан да кем қылмай, ұлттың кемесін әлемдік өркениеттің теңізінде алып жүру үшін де қазақ дәстүр-салтында төрелік пен қожалық жүйесі қалыптасқан еді. Бұндай ел басқару жүйесінде төрелік пен қожалықтың арасында даулы мәселе өзара келіспеушілік туындамау үшін де ата заңның қазығын, яғни жеті жарғысын қалыптастыра білген. Осындай билік жүйесін Керейхан мен Жәнібек сұлтан бабаларымыздың қалыптастыра білгені, біздерге үлгі етіп көптеген мирастарды қалдырғаны да хақ.
Бірақ бұл ел басқару жүйесі біздің ұлтымыздың тарихында сақталмай, хандық жүйемен оған бағынышты уәзірлердің тек ханның саясатын ғана жүргізумен айналысудан құдайдың ісі, еркі, ескертуі тыс қалып, талай заман зұлымдықтарды, соғыстарды, өзге елдің отары да болғанымыз тарихтан мәлім жағдай. Енді егеменді ел болдық деп елдің шаруашылығын түзеп, осындай дамыған елдің қатарына қосылуда хакімдік әрі ғалымдық қасиеті болған Нұрсұлтан мырзаның басқаруымен Қазақ елінің әлемде өз орнын алуымен көрінісін де тапты. Әлемдегі болып жатқан дағдарыстың да қазақ елін айналып өтпейтіні де және осы кезге дейінгі зиялы атты қауымның ел билеуге деген көзқарастарына түрлі жағдайдағы партия құрып; қолда билік болғанда, елді біз мынадай жолмен бақытты қылатын едік деген пәтуаларына да құдайдың өзі түрлі сынақтармен, қиындықтармен, соғыстармен, ауру, азаптармен жауабын беретін мезгілі де басталып кеткені хақ. Сондықтан болашақта елдің бақытты өмірге деген бағдар жолын айқындап алу үшін, әрбір кезеңдік оқиғаларға рухани тұрғыдан және бұл сын философиялық тұрғыдағы теориялық пайымдаумен емес, яғни тәжірибелік пайымдаулармен баға беріп отыруда елдегі зиялы қауым өкілдерінің міндеті болу керек. Қазақ елі де түрлі өтпелі кезеңнен өтіп, осы кезеңдегі ел биліктің атқарған сан алуан істеріне зиялы қауым тарапынан тек логикалық тұрғыда дүниемен, меңгерген шаруашылық әдістермен, жинаған байлық өлшемімен, халықтың дүниелік әлеуметтік жағдайымен ғана бағаланбай; денсаулық, тіл, діл байлығы, ұлттың жанының өркениеті, шығармашылық, өнер, ғылым таланттарын тәрбиелеу тұрғысындағы көптеген бүгінгі таңда қайтарымсыз шығындарды да талап ететін, бірақ болашақта жеміс беретін ізгіліктердің де маңызын дәріптеумен, насихаттаумен мұндай іске себепші болған ел билеушілерге де орынды баға берумен де көрінісін табу керек. Әрбір өтпелі кезеңде арттағы тарих болып жазылып жатқан уақиағалардың тәжірібиесінен пайда зиянын ажыратып отырмасақ, мұндай сынақтардан құр мақтанмен өзіміздің білімімізге, әулиелігімізге, еңбекқорлығымызға сүйеніп өтіп кетеміз деген ақымақтық қана болады.
Себебі ел басқарудағы өндідісті меңгерудің, шаруашылық істерінің әлемдегі ең дұрыс жетілгендік үлгісін алдық дегенімізбен, оның екінші жағын ақылымыздың күшін, жетеміздің жағдайын қалыптастыратын рухани бақшамыздың көмес жағы біздердің ақпараттық және зиялы қауымдарының ойшылдығынан тыс қалуын былай қойғанда, дүние істерін, шаруашылық әдістерін меңгерудің әлеуметтікғ тұрмыстық, тіршілікке байланысты салаларын меңгеру асыра мақталып, мұндай істерді меңгеруші талантты басқарушыларды, дарынды яғни құдайдың сүйіктісі деген тұлғаларға айналдырып алдық. Және олардың әділетті заңдар шығарып, сол заңдарға табынуға мәжбүрленіп, олардың енді рухани тұрғыда да дарынды болып, ешқандай қателік жібермейтініне деген сенімді қалыптастыруға деген құлшынысынан, керісінше рухани тұрғыда елдің зұлымдықтарға ұшырауына, халықтың бұқаралық ұжымдық ақылы шайтанның, қарсы күштердің ықпалына түсуге жағдай жасап қойған ақпараттық саясатымыз, ойшылдық болжампаздық әрекетіміз бүгінде жемісін беріп те үлгіргені сөзсіз. Бұған нақты дәлел еліміздегі болып жатқан адам өлімімен және түрлі апатты тосын табиғи құбылыстармен, орасан зор шығындармен, қайғы-қасіреттердің себебімен салыстыра отыра, біздердің өздерімізді бақытты елміз деп атауға әлі қашық екенін құдайдың өзі ескертіп жатқаны да хақ.
Мұндай жағдайда елдің жалпы рухани ахулы үміттену мен белгілі бір өзгерістерден, қорқыныштан ғана тұрады. Ал бұл екі жағдайдың арасын жалғап тұратын дін ниеттілік пен ақылдың күшіне байланысты үмітіміз бен қорқынышымыздың сапасы қалыптасатынынан мүлде қаперсіз ел санатына қосылып алғанымыз да хақ. Ендігі біздің үмітіміз ел билеушілердің әділетті заң шығарып, дүние байлығын еселеп арттыра білсе ған, құдайдың қаһарынан аман қалып, өркениетті текті бақытты елге айналамыз деген ақпараттық ахуал қалыптасқан. Ал қорқыныш пен үміттің адамзаттың өткен тәжірибесіне, шежіресіне жалғанып, бүгінгі заманның қалыптасқан біліммен сөз ұғымдарымен философиялық тұрғыда сараптан өткізген көзқарасының қалыптаспауынан шынайылығы да жоғалады. Мұндай мектептен өткен ел билеушілерінің өзі жетесізге айналып, кез келген жақсылықты, үмітті дүниенің молдығымен, нәпсінің қажетімен ғана өлшейтін қауымды қалыптастырады да оған ерген бұқара халықтың мүлде ойланбайтын жануарға ұқсас әрекеттер мен қылығының қалыптасуы мен жалпы ұлттық тұрғыда әдетке, салтқа айналуымен көрінісін береді. Және мұндай тобырлық ақылға негізделген зиялы, білімді қауым өкілдері де ел тұрғындарын дүниенің жетістігімен, ойын-сауықтармен, түрлі жат жұрттан сол заматында көшіріп алатын қызықтырулармен, таңқалдырумен «жұлдыздық» саясатты қалыптастыруды жарнамалап, дәріптеп кетеді.
Себебі мұндай білімді аталған қауымның, ел басқарушыларының діннен хабары сырттай ғана болып, өзге түгіл өздерінің жанын, рұқын, ішіндегі құдайдың бекітіп қойған «Мен» атты елшісін де танудан қалғандар жетесіздер болады. Яғни иманының өзі шартты түрде ғана болғандықтан, сенімдері өздерінің білімі, атақ, дәрежесі , жинаған дәулеттерінің жағдайына да байланысты болады. Мұндай жағдайда халықтың ойы шектелумен, дүниенің шырмауынан шыға алмай, қысқарумен, түрлі қорқыныштарды (өйтіп қалады, бүйтіп қалады, дүние байлық таусылып қалады..т.б.) білімді қауымның ойлап табуымен мемлекетте тұрып жатқан өзге ұлт өкілдері түгіл, өз ұлтына деген қамқорлығы, мейірімі жоғалып, ата-баба аманаттары ескілік, адасқандық аталып, өзге елдердің кез-келген дінін, саясатын, салтын мадақтап сонан үлгі алып кетеді. Мұндай жағдайда «Құдайдан қорықпағаннан қорық» деген қағиданың жүзге асуымен, енді атақ, дәрежесі бар, заң шығаруға оны орындатуға еркі бар құдайсыз, дінсіз билеушілерден қорқу мен табыну әрекеті үрдіске айналады. Және мұндай халықтың ішінде заңмен ғана шектеліп, еркін ойлауға, ұлттық құндылықтарды меңгеруге деген шектеумен байланысты, екі жүзділіктің және жетесіздіктің қалыптасуымен ұлт ішінде өзара бақталастық топтардың, оны бір белгілі басшыларының арандатып, ұлттық намысты қорғау деп, арсыздыққа айдап салып отыруымен ақылы жетілмеген жастардың, ақымақ үлкендердің қатысуымен дау-жанжалдар пайда болып отырады.
Ұлттың ішінде рухани бірлікті қалыптастыратын дін ғылымының, сөз ұғымдарының жоғалуына себепші болатын, жалған ғалым, имансыз би, арамза молдалардың әрекетімен ата-бабадан мирас болған рухани кемелдікке, жоғарғы саналыққа жетудің үлгілерін қабылдауға, насихатын түсінуге ақылдың күші жетпегендіктен ақыл-парасаттылықтың кемелдігіне керісінше кедергі болатын, артқа тартуға себепші болатын топтарды заңмен қорғап, ел биліктің қолдауымен халықты қорқытумен, көнбегенін түрмемен шектеп, онан сайын ұйыққа батыра береді. Халық ішінде рухани тұрғыда үмітсіздік жайлап, жастардың өзіне қол салуы, әйел қауымының азғындығы, ер азаматтардың белдік әлсіздігі мен гендік азғындық еселеп арта береді. Яғни атадан балаға жалғасып келе жатақан, ақ пен қараның әрекетімен иірілген, ұлттық рухани жіпті қайтадан тарқатып, ескі «кинизмдік» орташа дамыған дін қағидаларын алумен де ерекшеленеді. Мұндай жағдайда тектердің ұқсастық қасиеттілігі қалыптасып, қандай білім, салтты алуға байланысты, сол елдердің ұқсас нәсілдермен жүктелуден, бір ұлттың ішінде әртүрлі қауымдастықтар, дін топтары, секталар, партиялармен бірге өздерінің белгілі бір адамзатты түзеу деген қағида шаралары да қалыптасады.
Жалпы кемелдікке жетудің де өзіне ұқсас кемелдердің қауымын қажет ететінін және бұл жандық тұрғыда міндетті сәйкестікті де қажет ететінін білу үшін, жан ғылымының сырын да жетік білу керек. Ол ғылым қуаты әрбір ұлттың нақылында, сөз байлығында және Алла достары бола алған әулиелердің ойпатты, киелі жерлерден шығатын жарық қуатында болады. Құранда да Раббымыз; әркім өз қауымын түзетпей, Алла оны түзетпейді деген үкімі бар. Ал қауым деген өлі мен тірі арасындағы тығыз байланысты жетелік ақылмен қабылданатын, тылсымнан келетін шындықты меңгерумен, намаздарын орындау арқылы саналық ақыл қуатын қалыптастырумен ерекшеленеді. Және мұндай жағдайда жетелі қауымның ұждандарын қалыптастыру арқылы өзара ақпараттық алмасуымен, әрбір ақылды адам баласы өз ұлтына туысқанына иман шуағын, сәулесін түсіріп, жанына тылсымнан ақпарат бере алатын рухани себепшіге айналуы керек. Ал Әл-Фараби атамыз; «Міне сондықтан да бір-біріне көмектесіп отыратын біреуі екіншісінің өмір сүруіне қажетті нәрселердің бір бөлігін тауып отыратын көптеген адамдар бірлестігі арқылы ғана адам өзінің жаратылысына сай кемелдік дәрежесіне жете алады.» Мұндай көптеген адамдардың қауымын алысқа бармай-ақ өзара рухани жалғануға құдайдың құдіретімен қазақ жерінде жүзден астам ұлттың өкілі бар. Бірақ «Сендерді өзге ұлттың нәсілінен ғана жаратамын» деген Құдайдың ашық үкімін теріске алған қазақ білімділері, өздері нәсілінен жаралған орыстарды немесе басқа ұлттың өкілдерінің кешегі өзінің ата-анасының нәсілі екенін ұмытып, бір-біріне айдап салумен ғана айналысып, ұлтты азғындыққа, жанын өсірмеуге, құдайға қарсы болуға шақырушыларды кімдерге теңеуге болады? Әрине шайтанның жамағаты, тажалдың әскерлері десек жалған емес.
Сонымен енді біздің ел басшыларымызда, үлкендік жасқа келген білімді қоғам қауымында неге ақыл-парасаттылықтың үлгісі жоқ деңіз? Жалпы ақыл-парасаттылықтың кемелдігіне адам баласы тәнінің кемелдігін қалыптастыру арқылы жетеді. Және мұны қазақтың даналығында; «Жас кезінде тасқа жазады, орта жаста құмға жазады, үлкен жаста суға жазады» деп жан ғылымынан астарлы нақыл қалдырған. Олай болса қырық жасқа дейін сүйектің қалыптасуы ақылдың толуымен, жандағы тектіліктің негізі қаланады. Ал 40 пен 60-жастың арасында ет малдың тазаруы, қуаттық жетілуімен жетелік ақылдың толысумен байланысты болады. Ал енді үлкендік жас 61 жастан бастап су өнімі болған жанның жетілуі, сананың берік жүйесінің қалыптасуымен, ар сауытын бекітудің кезеңі басталады. Мұндай ақсақалы бар ел азбайды деген Абай атамыз да. Сонымен жетелі болу үшін де бастың жындарының толық тазаруы керек. Мұны інжілмен байланысты бастағы 4 жынды меңгерудің де өз ерекшелігі бар. Қазақта; «Төртеу түгел болса, төбеден келеді» деп осы жағдайды қызыл түсті аруақты меңгеруді, өлімнен өтудің сырын айтқанды. Құранда; «Мойынға таққан белгі» (қызыл орамал, галстук) деген. Қазақ дәстүрінде мұндай құлшылық түрін мойынға бұршақ салу, ақтық байлаумен көрсеткен.
Басы тазарғанды «Жағалы» деп атаған да. Ал енді қазіргі таңда қазақтың ел билеу мен рухани ұстанымында керісінше бастың жындылығын қалыптастырумен байланысты шет елдердің барлық арсыздығын заңмен де бекітіп қолдайды. Үлкен жаста басты күтпей, терісін жұмсартып, бас өрісін жетілдірмеуден, сана өрісі қалыптаспай бүкіл ел басқарушы, білімді зиялы аталған барлық үлкендер қауымы жындылықтары бар, сондықтан санасыз әрі жетесіз. Енді бұл жағдайға құдайдан күн құрғатпай ескерту түсіп жатқанымен оны ұғатын үлкендер жоқ. Ал кейінгі жастардың, орта қауымның арасынан шыққан жетелілерге мұны айтуға да ұлықсат жоқ. Себебі мұнымен арнаулы күресетін ел билеушілердің жансыз, шерік заңгерлері мен заң жүйесін қадағалайтын құран түгіл, құдайды да мойындаудан бас тартқан білімді жындылары да жеткілікті. Бір ғана мысалмен ұрпақ тәрбилеу, білім беру саласындағы үш тілді 13 жасқа дейінгі балаларды зорлап оқытудың, қыздарға орамал тартуға тиым салудың, жатыр ауруына қарсы егуді ұлттың болашағына қатер, жанның азғындығына ұшырататынын тылсымнан аруақтардың ескертуімен қаншама жазғанмен, мұны тыңдайтын жоғарғы ел басшысынан бастап бірде-бір жетелі адам шыққан жоқ. Сондықтан құдай тағала білім министрінің бейнесін қырғыз еліндегі заң орындаушылардың қоғамға қауіпті адам өлтіруші қылмыскер ретінде ақпарат беттерінде жариялап жібергеннің өзінде, қазақ ел билеушілерінің бәріне де арналған хикметті белгі бар. Көктен жұлдыз болып, бір жапырақ иманның жерге түсуі немесе қайғы-қасірет Алланың үкімінсіз атқарылмайтын болса, онда бұл белгіде «Сендер адам өлтірушісіңдер, ұрпақтарыңды тірілей өздерің шошқа болып жеп жатсыңдар» деген белгі хабар бар.
Мұнан да сорақы, жүздеген есе қазақ еліне түсіп жатқан рухани сынақтар туралы қанша баяндалып, ата дәстүрдің қазақ дін ғылымының сырлары ашық жазылып, масһаб діннің қазақ дәстіріне қайшы жүздеген ашық қатесін құран, хадистер арқылы көрсетіп жатқанмен де ел билігі тарапынан, зиялы атты қоғамның өкілдерінен ұлттың жанын тазартуға, рухани ұйқысынан оятуға бірде-бір қозғау салатын ұлттың болашағын ойлайтын шешім шыққан жоқ. Тек екіжүзді жұртқа көрсету, халықты жұбату үшін қысқа-қысқа тапсырмалар, бір мезеттік сырты боялған қойылымдар болып жатқаны сөзсіз. Қандайда болсын қоғамды билеу саясатын қалыптастыруда, біздердің дербес мемлекет құру жолында, әрбір қоғам өтуге тиісті бес кезеңдік ел басқару сатысынан біздер де өте қысқа мерзімде өткеніміз даусыз. Енді сол кезеңдерге тағы қысқа тоқтала кетсек; ; Бірінші кезең; Кедергілерді жеңу еді. Бұл тұрғыда азып-тозып кеңес үкіметінің ақпараттық қараңғылығынан да босану үшін рухани тұрғыда да үлкен эволюциялық қадам керек еді. Міне осы тұрғыда ел басшымыз Нұрсұлтан мырзаның таңдаған саясаты; Астана қаласын салу арқылы да мемлекетіміздің рухани тұрғыда да өрлеуін, ақпараттық тылсымдық жағдайда барлық ой күшінің жеріміздің ортасына қарай ауысуымен дін тұрғысында бұл ұлттық ақыл-ойымыздың да жаңғыруына үлкен серпіліс болғаны да хақ. Екінші кезең; Ел билікті бір қолға шоғырландыру болып, бұл тұрғыда ел басшымыз өзінің саясатын артығымен де атқарып, бірақ; « асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген жағдайға да тап болдық. Бұған дәлеліміз, ел билікке тек ел басшының саясатын ақылмен, оймен бағалап, дін-жанымен, ар білімі тұрғысында орындайтындар емес, керісінше тек біліміне ғана жүгінген, қайда болса да кітабын арқасына арқалап жүретін, ал ақылын артына тастап қойған орындаушылар, заңгерлер келіп, енді мұнан түрлі надандық, жемқорлық, зұлымдықтардың өркендеуімен өздерінің жасырын арам пиғылдарын іске асыруға да биік дәрежелерді меңгеру үшін өзара сыбайластық, партияшылдық, діншілдіктерді, «оппозицияны» да қалыптастырып, бүгінгі қазақ елі осындай рухани дертті ел билеушілердің басқаруындағы бақытсыз елге айналдық.
Үшінші кезең; болып елдің бейқам тұрмыс кешу мен дәулет жинауға, оның рақатын көруге және осы тұрғыда түрлі іс-шаралар, мадақтаулар, сыйлықтар беру, орден, медальдармен марапаттау және лауазымдарды үлестірумен көрінісін беру керек. Бұл тұрғыда біздер қазақтық мінезімізбен, тойшылдығымызбен тіптен асырып та жіберіп, көп жағдайда шектен шығып, бір-бірімізді, жеткен биігімізді рухани құндылықсыз дүниелік тұрғыда асыра мақтап, өтірік айтудан әлемді де алдап жатқанымызды да білмей қалдық. Төртінші кезеңнің мойнына артылатын бұл халықтың баршылыққа жетіп бейқам тұрмыс құрып бойкүйездікке түсуінен алдын-ала сақтану, яғни қалайда діннен айналып өте алмайтын жағдай болмақ. Бұл тұрғыда жетістіктер де бар, кемістікпен керісінше зұлымдыққа түсу де бар екені даусыз. Елді түрлі ойындармен ынталандырып, біреудің басын жарып, әйтеуір жеңіске жетіп немесе тілі салақтап жүгіріп бірінші келіп тіптен қандайда бір хайуандық амалмен өзін, ел намысын яғни арын қорғады деген пендені хан көтермесек те, онан кем көрмейтін шет елдің салтын алып, Абайымыздың ар туралы өсиетін мүлде ұмытып, естен шығарып та жібердік. Және енді сарайлар мен қызық думан, демалыс орындарын ашып, қалайда бар әлемнің қыдыратын, сонымен бірге соңынан ерген шайтаны да, қаралық жүктері жақсы жайлы жерде қалдыратын, тұрғылықты халықты аздырып жындануға дейін жеткізетін амалын бірінші орынға қойып, мұнан жүздеген есе сауықтыру орындары киелі орындарды қараусыз қалдырып, тіптен жеке меншік табыс көзіне де айналып кеткенін аңғарудан қалдық.
Бесінші кезең; Орынсыз шығындар, мал шашу кезеңі. Шексіз рахат, қызыққа ұмтылу, Өз еңбегінің пайдасын көріп қалу деген саясатты туындатып, мұның арты мұндай ел билеушілердің өздеріне сенімді серіктерін жинау, өз ортасын қалыптастырумен қарамағына өзіне жағымды адамдарды іздеп, ал оның ақыл-парасаты да маңызды емес, тек айтқанды мүлтіксіз орындайтын қабілеті болса жоғарғы дәрежелі басқару орнынан үміттенуіне болады. Мұндай жағдайда ақылдың, рухани тазалықтың маңызы болмай, талантты-жындылығы бар болса болғаны, мейлі жас болсын «дарынды» деп, атақ дәрежені меңгеретін ел басқару ісіне де ақыл кеңес бере алатын болып алды. Мұндай жағдайдағы билеушілердің саясаты діннен, яғни ақыл-жаннан, денсаулықтан, иманнан бөлек деген жалған ібілістік білімге негізделіп, құдайға да қарсылықтың артуымен, өздерінің қалаған рухани үйлерін өздері қиратумен айналыса бастайды. Өйткені мұндай сенімді қызметшілердің тек берілген тапсырманы ғана орындауға қабілеті болғанымен, дін-жаны, арлылығы жетілмей, дарынсыздығының, имансыздығының, мінез-жындарының түрлі жағдайына байланысты болжамдық, ойшылдық, рухани қабілеттері де төмен болғасын, керісінше ел шаруашылғына да, рухани тұрмысына да зиянды әрекеттермен, астыртын пайда табумен, жемқорлықпен, дүние байлығын жинаумен ғана шұғылданып, жоғарғы биліктің де дәрежесін төмендетуге, отырған тағының аяғын құрт болып кемірумен ғана айналысады. Олай болса, осы жағдайды пайдаланған қарсы күштердің де түзетуімен емес, өз пайдасын көздеуімен бұқара халықтың ұжымдық ақылын дүние байлыққа негізделген саясаттың түрлі амалдарын ойлап тауып, аз да болса елдің әл-ауқатын жақсартуға қалыптасқан жүйенің құлдырауына ат салысып кетеді. Сондықтан ел басқарудың міндетті болған 6 кезеңдің сипаты болуы керек. Себебі құдайдың үкімін өзгертуші жоқ, алдағы тұрған қаншама жыл өтпелі кезеңнен әлемдік дағдарыстан тек қана құдайдың көмегімен өте алатынымыз да хақ. Ол үшін осындай ала сапыран кезіндегі ел билеушілердің, әсіресе ауысуға тиісті жоғарғы ел басшысының қаншама жіберген қателіктерін өздеріне түзетіп, кейінгі келетін рухани білімді ел билеушілердің арасында құрдым болмай көпірін өздеріне салғызу керек. Олай болса, ендігі бүгінге таңдағы ел басшысына өзге біреуді тағайындау дегеніміз өзіміздің өзіміз бүлікке, бітпейтін жанжалға, елдің қайтадан құлдырауына апарып соқтыратыны да хақ. Себебі бүгінгі сайлау жүйесінің өзі шет елге жақсы атты көріну үшін және надандық тұрғысында ұжымдық жетесіз ақылға негізделген қойылым ғана. … (жалғасы бар)
Сәлеметсізбе мақалаларыңыз өте керемет ұнайды. Ел аузында жүрген Аралдағы 11жасар емші бала туралы пікіріңіз қандай онда ерекше дарын бар ма?
Сәлем Сая. Қандайда бір құбылыстың керметің Алла тарпынан болып және бұл сынақпен де байланысыты болады. Мен Аралдағы баланы естідім оған еш күмәнім жоқ. Бірақ бір ғана жағдай қандай қасиеттің, дарындылықтың тәрбиесі, белгілі бір шегі, ұстанымы болуы керек. Мұндайда әулиелік дәржедегі жол сілтейтін ұстаз Болмаса ол уақытша ғана құбылыс, ібілс ондайларды ұзаққа жібермейді.