Әлемнің жаратылуы туралы және оның негізі жарық екені, жарықтың қозғалысынан түн мен күндіздің ауысуынан жер әлемі үшін тұрақты уақыттың туындап, осы уақыт атты қозғалыстардан ғаламның тіршілік жаратылысы басталғанын ғылымда да дінде де дәлелдермен түсіндірілген. Біздер қандайда бір жаратылыстың негізін, себебін пайымдауда олардың жұп, парлығы міндетті болатынын естен шығармау да керек. Сондықтан да уақыттың тұрақты санау жүйесі, қызметші қозғалыстағы жүйесі және дамушы, түрленуші жүйесі болатынын естен шығармаңыз. Сонымен біздердің ақылымызбен Алланы тану үшін де әлемді жаратудың басы болған нұрдан пайда болған екі түрлі жарықтың негізінен бастап тарқатамыз. Алла дегеніміз барлық жартылыстың, әлемнің қозғалысының өзі, тегі болады. Ал қозғалмаған нәрсе бар, тірі бола алмайды. Тірі болу қозғалуымен, көбейе алумен, түрленумен және ақылмен, ойланумен ғана байланысты. Олай болса, осы жарықтардың сырын тану арқылы яғни түр, түстердің пайда болуымен ақпараттық бейнелену сырын, әлемдік қозғалыс жүйелерін, құрлымын ұйымдастыру, оған ақыл, сана беріп басқару әрекетінде пайда болатын, кейінге берілетін және тіршілік қозғалыстық уақытын қалыптастырып пайдаланатын түстердің жүйесін ақпарат деп атаймыз.
Барлық жаратылыстың жарық пен түнектің өзара әрекетінен пайда болатынын және тірі болу, өсіп-өну осы бастапқы жарықтың жылу, қызу, тербеліс, ырғақ, үн, күй, ақыл, парасат, иман, сана т.б. тірі болуға керекті барлық қуаттардың, күштердің негізі нұр және онан пайда болған екі түрлі жарық екенін ұмытпаған жөн. Сонымен жаратылыс қара түнек ішіндегі жаратушымыздың екі түрлі жарықты сан алуан түсті денелермен бейнелеумен, бейнеленген денелердің өзара әрекетімен ақылдың сапасын жетілдіруге аз қанағаттандыратын тіршілік жағдайынан, көбірек қанағаттандыратын күрделі түстердің жүйесін, құрлымын қалыптастырумен үнемі қозғалыста болып, жаңадан түстердің пайда болуын, басқарылу қасиетіне ие болуымен әлемдік жаратылыстың негізі аспан денелері жаратылғаны да хақ. Сондықтан да; «Жаралыс басы қозғалыс, қозғалысқа керек қолқабыс» деген Шәкәрім атамыз. Ал жаралыстың қасиетіне алдыңғы тарауларда баяндалған Әл-Фараби атамызға қысқаша тоқталып өтсек; «Бастапқы жаратылыс негізгі нұр, ол жарық ұғымына қарағанда кеңірек ұғым. Нұр – үлкен қуат егесі. Нұр кең ұғым. Жарықтың көлеңкесі болады. Нұр жарықтың кемелденген жоғарғы сапасы, көлеңкесі жоқ, ыстық, суықтығы жоқ. Жарықтардың тегі деп атауға болады. Адам ақылы нұрға бөленеді…. Әлем нұрдан тараған жылу құбылыстардың да, үстіне сәуле шығару, от, қуат көздерін қамтитын кең мағыналы жарыққа лық толы, оның әр жерлерінде осы жарықтың қоюланатын аспан денелері нәрселері орналасқан. Бүкіл жоғарғы бөлік екі жарыққа бөлінеді де қозғалыс қасиетіне ие болады…»
Бастапқы нұрдың негізінен оның денесі болып ақ күміс түсті жұмыртқа тәрізді баураушы қабы Алла тағала періштелік сипатының пайда болағанын, оның жердің «ядросы», өзегі болып саналатынын алдыңғы тарауда баяндадық. Сонымен бұл күміс күлгін ақ түстің ішінде барлық түстердің, түрлердің сапасы болып, екі түрлі әлемдік уақыттың яғни Алланың Өзі сипаты таза ақылдың, қасиеттердің, жоғарғы сананың негіздері жаратылған еді. Олай болса, Алла тағаланың сипатында негізгі 8 түрдің болуымен Раббылық бастаудан сары түсі Ақ нұрдың ішінде болатынын де естен шығармаңыз. Енді екі жарық негізінен әлемдік жаратылыстың пайда болуы яғни қуат, күштердің негізгі сипаты Ақ пен Сары яғни күн мен ай болып саналады. Сары парасаттылықтың, ғылымның, қуат қозғалыстардың, білімінің негізі болса, Ақ барлық құдірет ғылымның, жаратылыстың құпия сырларының, ілімнің негізі болып саналады. Сонымен бұл жарықтарда ақылдың күші болып және мұндай қарсылықсыз қозғалыс негізін бір-бірімен салыстырмалы түрде әлемдік қозғалыстың негізі, уақыты деп атаған жөн. «…. Алла тағала өзін құдірет күшімен осы жарықты бүкіл әлемнің қозғалыс негізі жасады. Жарықта жылу табиғаты бар. Бұл жылу бүкіл дүниелік харакеттің қастерлі ірге тасын қалады. Мұнан соң Алла тағала жарықтың жоғары бөлігінен ғарышты, яғни аспан шырақтарынан және оларды сүйреуші періштелерді және басқа да жарық құбылыстарын бар етті» Олай болса, жарықтың жоғарғы төменгі бөлігі болып екіге бөлініп, осы екі жарықтан 4 негіздің пайда болуын білдіреді. Ал енді жарықтың төменгі бөлігінен жерді; 2 күнде жаратқаны құранда баяндалады. Және жер бетіндегі тіршілік негізі болған, сезімдік, қаракеттік қозғалыстық жүйені қалыптастыратын ақылдың да сапалары пайда болуы үшін түрлі қарсылық қуаттардың, жылуға-суықтық, жарық- қараңғылық, аққа -қара дегендей қарсылық қозғалыстың да жаратылғаны мұның негізін түнектен алып, қара түрдің Алланың тәңірлік уақыттан тыс қарсылық қуатын жаратқаны және бұл қуаттарды да уақытқа бағындыру өмірдің шындығы тағдыр болып жаратылды. Ол үшінде барлық жылудың, қозғалыстың түрленуге, өзіне өзге түстерді де қабылдауға қабілетті қызыл түстің де бейнеленуі аспан денесі болып жаратылғаны да хақ. Сонымен; Ақ, сары, қара, қызыл болып, негізгі Алланың Өзі және ішінде қарсылықсыз тәңірлік қуаттардың жүйесі пайда болды.
Аспан денелерінен бұрын жердің несібесінің 4-күн жарық негізінде жаратылуы, Ақ пен бастапқы сары нұрдың жер ананың ішінде жасырылып және екі жарықтың сипаттары көктен жерге түсіп аралық қара түрмен әрекеттесу арқылы 5-күндік жалғандық қуаттардың негізін құрайды. Бұл жарықтарды тасымалдаушы да қызыл түстің екі аралық жалғаушы дәнекер және дамушы уақытың негізін құраумен жер мен көк 6-күн жарықтық негізгі сапасында жаратылса, ал бүкіл әлемнің қозғалысы 7-күнмен тәмамдалғанын Раббымыз құранда ескертеді. Қазақ даналығында; «Ақыл алтыда, ой жетіде» деген. Яғни жер әлемімен байланысты ақылдың, даналықтың негізі 6 күн болып, бұл әрбір жаратылыстың ішкі қозғалыстық, сезімдік үндік жүйесі және жарықтық, түстік сипаты болса және сыртқы әлемнен әсердің 7-күнмен парасаттылық, имандылық, күш, қуатпен байланысты болады. Сонымен әрбір күннің өз үні яғни тілі, жарықтық, сәулелік қуаттар мен күштердің бастауы болып; жаратылыстағы барлық қозғалыс нәрселерінің тіршіліктік қимыл-әрекеттері мен сезімдердің жүйесінің басқарылу ақпараттарының негізгі ірге тасы болады. Және барлық негізгі қозғаушы ішкі, сыртқы әсермен байланысты жарықтық, үндік сапалардың 13 санды болуында да ғылымдық маңыздылық бар. Алла тағала Жерді даналықтан, парасаттылық қуаттардың әрекетімен жаратып, мұнан парасаттылық саналық қуаттарының жаратушылық, түрлену қабілетінің шындық жүйесін аспан шырақтары түрінде жаратқанды. Және бұл шырақтарды Алла тағалының 99 көркем есімдерінің адамзаттың есімдеріне айналуымен «Біздер» деп аталды. Сонымен қандайда бір жарықтық түстің ішінде ақ және сары, қызыл түстердің аз-көп мөлшерінің болуымен де адамзаттың негізгі 3 байлық несібесін өмір шындығын құрайды. Бұған дәлел Абай атамыздың «Мақсұт» атты жырында мысалмен берілген. Қабір басынан шыққан ағашта 3 түрлі жемістің; Қызыл—дамушы уақыт байлығы, әйелдермен байланысты болады. Ақ –ақылмен, даналықпен, денсаулықпен байланысты болады. Сары-күш, қуат байлықпен, парасаттылықпен, иманмен байланысты деп сипаттайды.
Енді бұл үш негізгі байлыққа да қара түстің қарсылығын қоссаңыз; 6 күнді меңгерудің даналықтың негізгі сыры пайда болады.Әл Фараби атамыз; «Даналық тіршіліктің шынайы мәнін тануда, ал философия-өзі туралы қажетті білімді жетік меңгерген жөн. Бірақ бәрін де таныдым деп мастануға сірә болмас. Сондықтан ең мінсіз философ-Алла тағала, өйткені ол өзіне-өзі тануға жетік». Олай болса Алла тағалының даналығы, танымдық қасиеттері тіршіліктің ақ бастауы болып, ақ түстің ішінде жеті жарық тұрақты түстің болатынын ескерсеңіз онда бұл түстердің құран үні болып, адамзаттың меңгеруге тиісті бойымен, саналықпен байланысты жеті күн «чакра» жарықтың негізін құрайтыны да хақ. Ал, енді бұл даналық үндік кітаптық сипаттары; 1.Өлшеусіз кеңістіктен, 2.Рухтан; 3.Судың үнінен; 4.Саяздықтан; 5.Тереңдіктен, тұңғиықтан; 6. Алланың тілсіз үнінен, 7. Жарықтың барлық түсінен хабар беріп уақыттық қозғалысқа, замандық қуаттардың ағымына қарай ілім болып бейнеленеді. Сонымен бірге бұл үндерге қарсы қара күштердің теріс бағыттағы қозғалысы мен ақпараттық жүйесі де құран үнінің құпия сырларының әшкере жария болуымен байланысты, жаңадан сапалы түстермен бейнеленуі артқан сайын, қара түсті үндердің де қарсылық қуаты жетіліп отыратыны да хақ. Барлық жанды тіршілік иелерінің жаны Ақ түспен, судың қасиетімен, үнімен байланысты болғандықтан, адамзаттың өмір шындығын іздеу барысындағы құран үнін даналық кітаптарына, сөзге айналдыру әрекетінен судың да қасиеті артып, жанның көбейуін, жетілуін қалыптастырады. Демек ақ түстің көбейіп сезімділік қасиеттіліктің қуатының артуымен, оны бояушы қарсылық қара түстің де көбейуін туындатады. Сондықтан ақ түсті адамзаттың имандылық, саналық өмірінің барысында Алланың өзіндік сипаттарын көбейтетін болса, ал өздігінен өсіп өнуге, көбеюге қабілетсіз қарсылық қара түспен байланысты заттануға тән қуаттарды Алладан басқа деп атаймыз. Жалпы барлық тіршіліктің қозғаушы күші сезім болады. Сезімнің сан алуан түстердің сапасына оның қасиеттілік күштерінің жағдайына байланысты жетіліумен, өмір сүрудің барысында ақылмен бірігу арқылы 10 түрлі дамудың сатыларынан өтіп, жоғарыдағы құранның жеті үнімен тұтастыққа айналуымен және санаға айналып, жоғарғы санаға бірігуімен Алла тағаланың бейнесі жаннатық сапалы жарық денені Ардың қабын, сана сауытын қалыптастырады.
Құранның ислам діні болып оқылудың да ішкі сыры болған; жеті үн арқылы барлық әлемнің ақпараттық жүйесін бір жүйеге айналдыруымен құнды болады. Мысалы адамзаттың бәріне ортақ тірі болуды қалыптастыратын бес сезімнің негізі; 1.Өлшеусіз кеңістіктен, 2.Рухтан; 3.Судың үнінен; 4.Саяздықтан; 5.Тереңдіктен, тұңғиықпен байланысты үндерге жалғанумен де діндегі бес парыздың намаздарының осындай қасиеттіліктерді меңгерумен бес үнге жалғанумен байланысты болады. Ал енді; 6. Алланың тілсіз үнінен, 7. Жарықтың барлық түсінен хабар алудың сыры інжілмен Ғиса пайғамбарымыздың көрсеткен, қалдырған үлгісімен байланысты екені де хақиқат. Олай болса ислам дінінде де, жалпы адамзатқа да мұндай жағдайда әлемдік жаратылыстың, қозғалыстың және оның басты қозғалысы григориандық есептегі тұрақты жүйе болып саналады. Ал хижрамен жер әлеміндегі ғана жыл, дәуірлік оқиғалармен байланысты уақыттың негізі қызмет етуші жүйе болады. Себебі тұрақты жүйеге қарағанда оның ішінде қозғалады және түн мен күннің алмасуына еш қатыссыз қозғалады да. Сонымен бірге Алланың тілсіз үнінен, жарықтың барлық түсінен хабар жеткізетін тасымалдаушы ең ұзын жарықтық өлшем қызыл түс екенін және мұның әйелдердің жаратылысымен де 11-қабырға жұлдыздармен, діл, қан қуаты, тегімен байланысты екенін білген жөн.
Мұхаммед пайғамбарымыздың құранды адамзатқа толық оқуы үшін де осы жеті үнге жалғануға себепші болған, оған жар болған аналарымыздың да үлесі барын, сондықтан да көп әйелге некеленудің және құранда еркектерге 4 әйелге дейін алуға ұлықсат берілгендегі ғылымдық сырдың барын білген де жөн. Адамзаттың қан тегі қызыл түсті қуаттардың жоғарғы сапасын қалыптастарумен және сезімдік ерекшелікпен, қасиеттілікпен байланысты болып ішкі әлеміндегі тағдырлық уақ-тардың қозғалыс жүйесінің тектілігін қалыптастырады. Тектілік негіздерден, адамзаттың қуаттық өнімдерінен; дамушы және екі бастау уақыттық қозғалысты меңгеруші, бір тұтастыққа бірлеуші, әлемдік тағдырлық уақыттың да негізгі себепшісі пайда болып отырады. Мұндай жағдайдағы әлемдік қуатқа уақытқа өзіміздің үлесімізді қосумен ғана Алла тағаланың жер бетіндегі орынбасары болып саналамыз. Сондықтан әрбір адам баласының тағдырынан елдің тағдыры, замандық, дәуірлік жағдайы, тарихы қалыптасып, жалпы адамзаттың, тұтастық қуаттық бірлігі жағдайында хижралық қозғаушы уақыт жүйесіне өз ықпалын тигізіп, жер бетіндегі әрбір нәрселердің түрленуіне, бейімделуіне, тұрақты уақыттың күн жүйесінің шығатын қуаттардың күшіне, жылдамдығына да әсерін береді. Және бұндай ішкі дамуышы уақыт жүйесінің ақиреттік өмірдегі атқарушы уәкілдері болып қозғалыс егелердің, қасиетті киелердің, тектердің бәрі бірлік тұрғысында, негізінде бір жүйемен замандық уақыттық жүйемен басқарылатын сипаттарын Алланың өзінен деп түсіну керек. Әлемнің жаратылысын түсініп, дінді меңгеру үшін де уақыттық үш жүйелі қозғалыстың белгілері, бейнелері жаратылыстық тегімізде, қасиеттілік қуаттарында яғни біздің өзімізде ақылымыздан пайда болған түрлі түсті көлеңкеміз, өрістік бақшамызда естілік, сана қуаты болып тұрғанын білуіміз керек. Сол себепті де өмірімізге керекті қандай сауалға да жауапты өзімізден, ішкі дүниемізден, жанымыздан іздеуді әдетке айналдырған жөн. Дін дегеніміз жүйеленген уақыттардың қозғалысын басқарудың намаздары болады. Олай болса барлық қозғалыс негізі уақыт, тағдыр, себепші болып, мұнан пайда болатын кеңістік пен уақыт ұғымы әлемді танудағы біздің көзілдірігіміз меңгерген дініміз, сеніміміз, имандылығымыз болады. Оң көзің сенімің болса, сол көзің иманыңмен байланысты деп ұғынған да жөн. Құлақтың сол сияқты қызметі бар. Қандай бір әлемдік жаратылыстық қуаттық, қозғалыстық бейнесінің негіздері түр, түске, сандарға айналып, біздің санамыздан орын алғанда ғана ақылмен қабылдауға, сөзбен бейнелеп түсіндіруге мүмкін болмақ. Жарықпен бейнеленбеген қандай да бір нәрсенің сезімдік даму сатысынан өтіп, саналық ақпаратқа айналуы мүмкін емес.
Алла тағаланың даналығының қасиеттілік белгілері болған; 99-көркем есімді сипаттарының бейнесі біздің сезімдік жүйемізде махаббат қуатының орындары тұрғысында белгілері болып, жаратылысымыздан сыйға беріледі. Бұл орындарды ғылымда; «нейрондар, иондар» деп адам баласына жарық сәуле шығару орындары болып оның 7 күнмен, жеті арыстық қасиеттерімен қосылып, дәрежеленіп 700 белгінің, ақпараттық көздердің орны біздің тәнімізде, ағзаларымызда пайда болады. Яғни біздің қандайда бір жаратылыстың сыртқы денесін және оның қасиеттерін бояуы арқылы сезімдік жүйемен анықтасақ, ал оның ішкі зайырлық сырына, сипатына баға беру үшін осы белгілерді тазартып, көзін ашып, үнемі қорғап, қуаттандырып отыратын құлшылық істерін де меңгеруміз керек. Олай болса, ақыл тұрғысында Алланы даналығының, кереметтілігінің, ғылымының бейнеленген хикметті мұғжизалары арқылы ғана сезіммен қабылдап, ішіміздегі жаратылыстан бар белгілермен сәйкес келгенде ғана ақыл күші қуатына айналып, имандылығымыз артып, сеніміміз де беки береді. Сондықтан жаратушымыз біздердің ақалымызбен, сезімдік жүйемізбен оңай қабылдануы үшін және сондай ақпараттарды дамыту, көбейту арқылы сатылап көтерілу арқылы тылсымдық әлемге ақиреттік өмірге жалғануға көпір қылып киелі жарықтардың бейнесін жер бетінде де хикметімен жаратып қойғаны да хақ.
Сонымен ақ түстің ішінде жеті түрдің болатыны кемпірқосақтан көрінетін болса, олар; Қызыл, қызыл сары, Сары, жасыл, көк, қою көк, қара көк болып судың буы, ақ түстің ішінде 7 түстің түрдің пайда болуымен, мұнда ақыл иелеріне үлгі бар деген аятта. Кемпірқосақ садақ болып, ал садақты-өмір шындығының таңбасы деп атаған дұрыс. Кемпір қосақтың ұғымы; Ақирет, жер жаннаты, сабырлық болып түсіндіріледі. Олай болса, тура жолдың да жұбы болып жер бетіндегі белгісін, кемпірқосақты аятта; «Рас үстеріңде жеті жол жараттық. Сондай –ақ жаратқанымыздан хабарсыз емеспіз.» (23-17) Алланың жолынан әсте бір өзгеріс таба алмайсың да Алланың жолынан бір бұрылыс көре алмайсың. (35-43) Енді біздер жер анамызбен байланысты даналыққа жалғанып, жер жаннатының тұрғындарынан Алла достарынан хабар алумен, дарындылық қасиеттерді меңгерумен ғана сабырлыққа жете аламыз. Сабырлықтың қуатын меңгермей иманды болып аталудың да жалған екені сөзсіз. Сонан кейін ғана аспан әлеміндегі негізгі жеті жолдың басқарушысы болған; Мұхаммед пайғамбарымыз көтерілген жолдардың жұлдыздарына жалғана аламыз. Және бұл жолдардың хижра жыл санауымен айдың қозғалысымен байланысты хабарлардың өлілер әлемімен, тозақтықтармен байланысумен, хабарлар алуымен де ерекшеленеді. Ол үшінде жерден 11 жұлдыздық сары түсті шырақ болатын жарық сәуленің және көктен келетін айды нұрландыруға қатысатын 11-жұлдыздық сәуле қуаттың ақ нұр болып жер әлеміндегі тоғысатын жерлері ойпаттарды аралаумен құрандағы 22-санды Хаж сүресінің маңыздылығын намаздарын орындаудың да сырына алда тоқталамыз.
Құрандағы Раббыларыңнан түсірілген немесе күнделікті түс көру деген осындай біздің жер анамыздан пайда болатын ақ нұрдың ішіндегі негізі түрлі түсті жолдарымен жалғанумен байланысты болмақ. Біздер бұндай тылсымдық ақпараттарды өз бойымыздағы 7-күнмен «чакра»мен байланысты, бізге сыртқы көмес дүниеден ақпараттарды қабылдаушы болған; бой өрісімізді жеті түрлі зейнеттік киімізді қалыптастырумен ғана ақиреттік өмірге, арттағы тарихымызға аяндарға жалғана аламыз. Ал егер тәнімізде арамдардың, ақталмаған күнәлардың және дәретсіз, жынысына дәстүріне сай, толық жабық киімді меңгермегенде, бұл жарықтың орнына қара түспен байланысты тозақтық түстермен бауралып, қара қуаттарды қабылдаумен айналысып кетеміз де ақылымыз да азып, сезіміміз жетілмей, тағдырымызда сынақтар да пайда болады. Негізінде адамзаттың қара түрмен байланысты да адамдық, жануарлық, жәндіктік тұрғыдағы түстермен, бояулармен, тозақтық қуаттардың жеті үндерімен жалғанумен өмір сүруі де сөзсіз. Аятта; «Шын Алланың көктен жаңбыр жаудырғанын көрмейсің бе? Сонда онымен түрлі-түсті жемістер шығардық. Сондай-ақ таулардан да ақ, қызыл әрі қап-қара түрлі-түсті жолақтарды көрмейсің бе?(27) Адамдардан, құрт-құмырсқа және ірі жәндіктерден түрлі-түстегілер осындай. Шын мәнінде құлдарының ғалымдары; Алладан қорқады. Рас Алла өте үстем, аса жарылқаушы.» (35-28) Демек Ақ, Қызыл, Қара түстер таумен байланысты жер әлеміндегі Алланың растығына дәлел болатын барлық тіршіліктің қозғалысын қамтамасыз етуі керек.
Бұл қуаттардың енді адамзаттың өміріндегі мәнін Абай атамыз; «Қансонарда бүркітші шығады аңға, Тастан түлкі табылар аңдығанға…Біреуі-көк, біреуі – жер тағысы, Адам үшін батысып қызыл қанға. Қар – аппақ, бүркіт-қара, түлкі-қызыл, ұқсайды қасса сұлу шомылғанға. Қара шашын көтеріп екі шынтақ, О да бүлк-бүлк етпей ме сипағанда, Аппақ ет, қып-қызыл бет, жап-жалаңаш, Қара шаш қызыл жүзді жасырғанда. Күйеуі ер, қалыңдығы сұлу болып, Және ұқсар төсекте жолғасқанға.….Ұқпассың үстірт қарап бұлғақтасаң, Суретін көре алмассың, көп бақпасаң. Көлеңкесі түседі көкейіңе, Әр сөзін бір ойланып салмақтасаң. Мұны оқыса, жігіттер, аңшы оқысын, Біле алмассың, құс салып дәм таппасаң.» (10-шы өлең) Адамазаттың өмір қуатының негізі де некемен, өзара жарасумен, алмасумен, көбеюмен байланысты көк пен жер қуатының байланысы да болады. Қазіргі кезде «Мун» мырзаның осы үш қуатты меңгермек болған, әйел мен еркектің төсектік қатынасына негізделген дін тобының әлемде өзінің санын арттырып жатқаны да осындай қазақ дәстүрінің, ислам діннінің де негізгі саласы ғана. Олай болса, өмірдің қағидасын, дін шарттарын, насихатын Раббымыздан беріліп, жарықпен бейнеленіп, түсіріліп жатқан аян, аяттармен хикметті белгілерінің бәрі Алладан яғни Алланың өзінен деп қабылдау да керек. Ал мұндай біртұтастық ақпараттық жүйеге оған қарсылық жасаған жағдайда Алладан «басқа» деп аталғанмен, уақыттық үш жүйеден тыс тұрған тәңірлік сипатында, қуаттық тұтастық жүйеде, Алладан басқа болып саналмайды. Християндық пайымдауларда; Алланы үшеу деп түсінудің қателігі де қара қуаттардың жаратылыстық себебін, әрекетін ескермеуден пайда болған. Барлық қуаттардың бәрі тәңірлік уақыттан да тыс тұрғысында Бір тәңірлік жүйе болып, яғни Алладан басқа тәңір жоқ деп аталады. Себебі барлық қуаттардың нұрдан, нұрдың әрекетінен ғана пайда болуын ұмытпаған жөн. Ал жүйелі басқарудағы барлық қозғалыстың негізі де таза ақылдан болып, уақыттың өзі ақыл, емші, рахмет деп аталады.
Сондықтан Алланың өзі болған; Алла тағала ақ нұрдан баураушы замандық уақыттың өзі айдың қозғалысымен байланысты Хижра қызметші болып табылады. Себебі Алла тағала жеті қанатты періште сипатты болып; әлемнің жанды жаратылыс денелерінің баураушысы денесі болып саналады. Жер ядросында да Алла тағалының сипаты нұрды баурап жұмыртқа болып тұрғаннан да үлгі алуға болады. Ал Раббымыздың ешқандай көлеңкесі, ыстық-суығы жоқ, біздің ақылымызбен қабылдайтын сезімдік сипатынан жоғары тұрған сары нұрдың сипатына ұқсас, әлемдік ғаршылық қуаттың жарығынан пайда болған күнмен байланысты қозғалыс есебі әлемдік тұрақты уақыттың негізі болады. Аятта; «Түн мен күндіз және күн мен ай Алланың дәлелдерінен. Күнге де айға да сәжде қылмаңдар. Оларды жаратқан Аллаға сәжде қылыңдар; егер Оған құлшылық қылатын болсаңдар.» (41-37) Демек біздер жаратылыстың қалай пайда болғанынан және Алланың өзі нұрының хикметті сырын түсіну арқылы ақыл-ойымыз тұрақтанып, көңілімізге сәулесі орнығып, Алланың ешқандай теңдессіз барлық жараталыстың егесі екенін білумен, сәждеміз бізге мәлім пайдалы қуаттарын меңгерумен ғана көрінісін тауып, иманымыз қуаттанып, сенімділік білімімізді де өркендете аламыз. Және тіршілікте, құлшылық сәждемізде қандайда бір жаратылыстың қуатын, күшін жеке-жеке жаратушы тәңір деп шоқынудан аулақ боламыз, ортақ қоса да алмаймыз. Демек онда ақылдың еркіндігі қалыптасып арамза ғалым, азғырушы тәпсіршілердің де қақпанынан босануға себепші болады. Ойлау еркіндігі де қалыптасады…(жалғасы бар) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер; http://btk.atazholy.local/